• Мое избранное
Сыртқы барлау туралы

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца
  • 9

Сыртқы барлау туралы Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 22 мамырдағы № 277-IV Заңы

Осы Заңға өзгеріс енгізу қарастырады - ҚР 23.02.2021 № 11-VII Заңына сәйкес
Редакция 05.01.2024 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен 
Осы Заң Қазақстан Республикасы сыртқы барлау субъектілерінің және Қазақстан Республикасының барлау қоғамдастығына қатысушылардың мәртебесін, құзыретін және қызметінің ұйымдастырылуын айқындайды.
Кіріспе өзгертілді ҚР 18.03.2019 жылғы № 237-VІ Заңымен (02.07.2018 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 10.04.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1-тарау. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР
1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар
Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) барлау ақпараты – Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін алынатын және (немесе) пайдаланылатын ақпарат;
1-1) барлау іс-шарасы – барлау міндеттерін шешу үшін сыртқы барлау субъектілері жүзеге асыратын жария және жария емес іс-қимылдар;
1-бап 1-1-тармақшамен толықтырылды ҚР 18.03.2019 жылғы № 237-VІ Заңына сәйкес (өзгерту 10.04.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1-1-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР 23.12.2023 жылғы № 51-VIII Заңына сәйкес (16.11.2020 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 05.01.2024 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1-2) Қазақстан Республикасының барлау қоғамдастығы – ел басшылығын барлау ақпаратымен және талдамалық бағалаумен қамтамасыз етуге тиіс, сондай-ақ белгіленген құзырет шегінде сыртқы барлау субъектілерінің барлау мүмкіндіктерін күшейтуге ықпал ететін іс-шараларға қатысатын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары мен ұйымдарының жиынтығы;
1-бап 1-2-тармақшамен толықтырылды ҚР 23.12.2023 жылғы № 51-VIII Заңына сәйкес (өзгерту 05.01.2024 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
2) Қазақстан Республикасының сыртқы барлауы – Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасының аумағында және одан тысқары жерлерде заңнамаға сәйкес жүзеге асырылатын жария және жария емес барлау, ұйымдастыру және басқару шараларының жүйесі;
2-1) сыртқы барлау саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі – сыртқы барлау органы) – Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті;
1-бап 2-1-тармақшамен толықтырылды ҚР 27.12.2019 жылғы № 291-VІ Заңына сәйкес (өзгерту 10.01.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
3) сыртқы барлау субъектілерінің барлау қызметі – Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету мүдделеріне орай барлау ақпаратына қол жеткізу, оны өңдеу және пайдалану, сондай - ақ мемлекет жүзеге асыратын шараларды іске асыруға жәрдемдесу жөніндегі қызмет.
2-бап. Сыртқы барлау субъектілері
2-бап өзгертілді ҚР 13.02.2012  жылғы №553-IV Заңымен (06.01.2011 ж. редакцияны қараңыз)
2-бап өзгертілді ҚР 16.02.2012  жылғы №562-IV Заңымен (13.02.2012 ж. редакцияны қараңыз)
2-бап өзгертілді ҚР 07.02.2014 жылғы № 185-V Заңымен (16.01.2013 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 08.04.2014 жылғы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
2-бап жаңа редакцияда жазылды ҚР 27.12.2019 жылғы № 291-VІ Заңына сәйкес (18.03.2019 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 10.01.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1. Сыртқы барлау субъектілеріне:
1) сыртқы барлау органы;
1-тармақша өзгертілді ҚР 23.12.2023 жылғы № 51-VIII Заңымен (16.11.2020 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 05.01.2024 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
2) осы Заңның 6-бабының 3) тармақшасында көзделген өкілеттіктер шегінде Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің әскери барлау органдары жатады.
2. Сыртқы барлау субъектілері Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген өкілеттіктер шегінде барлау қызметін жүргізу арқылы Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге тиіс.
3-бап. Қазақстан Республикасының сыртқы барлау туралы заңнамасы
1. Қазақстан Республикасының сыртқы барлау туралы заңнамасы Қазақстан Республикасының Конституциясынанегізделеді және осы Заң мен Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерінен тұрады.
2. Егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шартта осы Заңдағыдан өзгеше ережелер белгіленсе, онда халықаралық шарттың ережелері қолданылады.
3-1-бап. Сыртқы барлау субъектілерінің барлау қызметінің мақсаттары
Осы Заң 3-1-баппен толықтырылды ҚР 23.12.2023 жылғы № 51-VIII Заңына сәйкес (өзгерту 05.01.2024 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Сыртқы барлау субъектілерінің барлау қызметінің мақсаттары ел басшылығы мен мемлекеттік органдарды барлау ақпаратымен қамтамасыз ету арқылы Қазақстан Республикасының ұлттық мүдделерін сыртқы қауіптерден қорғау, сондай-ақ Қазақстан Республикасының ұлттық мүдделерін ілгерілету үшін жағдай жасау болып табылады.
4-бап. Барлау қызметінің міндеттері
Сыртқы барлау субъектілерінің барлау қызметінің міндеттері:
1) Қазақстан Республикасының Президентін, Қазақстан Республикасының Үкіметін және мемлекеттік органдарын саяси, қаржылық-экономикалық, әскери-саяси, ғылыми-техникалық, гуманитарлық, экологиялық және Қазақстан Республикасының ұлттық мүдделерін қозғайтын өзге де салаларда шешімдер қабылдау үшін қажетті барлау ақпаратымен және талдамалық бағалаумен қамтамасыз ету;
2) Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігі саласындағы мемлекеттік саясатты әзірлеуге және іске асыруға қатысу;
3) елдің экономикалық дамуына және ғылыми-техникалық прогресіне және Қазақстан Республикасының қауіпсіздігін әскери-техникалық қамтамасыз етуге жәрдемдесу;
4) барлау ақпаратына қол жеткізу және шетел мемлекеттерінің арнайы қызметтері мен ұйымдары, террористік және экстремистік ұйымдар, қылмыстық қоғамдастықтар (қылмыстық ұйымдар), сондай-ақ жекелеген адамдар тарапынан Қазақстан Республикасының ұлттық мүдделері мен қауіпсіздігіне нақты және ықтимал нұқсан келтіруді болғызбауға бағытталған шараларды іске асыру;
5) заңдарда және Қазақстан Республикасы Президентінің актілерінде айқындалған өзге де міндеттер болып табылады.
5-бап. Сыртқы барлау субъектілері қызметінің принциптері
Сыртқы барлау субъектілерінің қызметі мынадай принциптерден тұрады:
1) заңдылық;
2) адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарын сақтау;
3) дара басшылық;
4) жария және жария емес әдістер мен құралдардың үйлесімдігі.
2-тарау. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ СЫРТҚЫ БАРЛАУ СУБЪЕКТІЛЕРІНІҢ ЖӘНЕ БАРЛАУ ҚОҒАМДАСТЫҒЫНЫҢ ҚЫЗМЕТІН ҰЙЫМДАСТЫРУ
2-тараудың тақырыбы өзгертілді ҚР 18.03.2019 жылғы № 237-VІ Заңымен (02.07.2018 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 10.04.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
6-бап. Сыртқы барлау субъектілері қызметінің салалары
Барлау қызметін өз өкілеттіктері шегінде:
1) сыртқы барлау органы:
1-тармақша өзгертілді ҚР 03.11.2014 жылғы № 244-V Заңымен (03.07.2014 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 06.11.2014 жылы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
1-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР 27.12.2019 жылғы № 291-VІ Заңына сәйкес (18.03.2019 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 10.01.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
саяси, қаржы-экономикалық, ғылыми-техникалық, гуманитарлық, әскери-саяси, экологиялық және Қазақстан Республикасының ұлттық мүдделерін қозғайтын өзге де салаларда;
Қазақстан Республикасының аумағында және оның шегінен тыс жерде шифрлік және радиотехникалық құралдар мен әдістерді пайдалана отырып шифрленген, құпияландырылған, кодталған және өзге де арнаулы байланыс түрлері саласында;
Қазақстан Республикасының шет елдердегі мекемелерінің, олардың персоналының қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласында;
шет мемлекеттердің арнаулы қызметтері мен ұйымдарының, қылмыстық қоғамдастықтардың (қылмыстық ұйымдардың) және жекелеген адамдардың Қазақстан Республикасының конституциялық құрылысын күшпен өзгертуге, қауіпсіздігіне нұқсан келтіруге бағытталған барлау және өзге де қызметіне қарсы іс-қимыл саласында;
экстремизмге және террористік әрекетке қарсы іс-қимыл саласында, сондай-ақ шекаралық саясат және Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын, Қазақстан Республикасының аумақтық сулары мен континенттік қайраңын күзетуді жедел қамтамасыз ету саласында;
1-тармақшаның алтыншы абзацы өзгертілді ҚР 16.11.2020 жылғы № 375-VI Заңымен (27.12.2019 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту қолданысқа енгізіледі 28.11.2020 жылдан бастап)
2) тармақша алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
2-тармақша өзгертілді ҚР 07.02.2014 жылғы № 185-V Заңымен (16.01.2013 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 08.04.2014 жылғы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
2-тармақша алынып тасталды ҚР 27.12.2019 жылғы № 291-VІ Заңына сәйкес (18.03.2019 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 10.01.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
3) Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің әскери барлау органдары:
3-тармақша өзгертілді ҚР 07.02.2014 жылғы № 185-V Заңымен (16.01.2013 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 08.04.2014 жылғы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
3-тармақша өзгертілді ҚР 03.11.2014 жылғы № 244-V Заңымен (03.07.2014 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 06.11.2014 жылы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
әскери, әскери-саяси, әскери-экономикалық және әскери-техникалық салаларда, террористік және экстремистік ұйымдарға қарсы іс-қимыл жасау, радиоэлектрондық құралдар мен әдістерді пайдалана отырып, шифрланған, құпияланған және арнаулы байланыстың өзге де түрлері салаларында және Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздігі әскери құрамдасының мүдделерін қозғайтын басқа да салаларда жүзеге асырады.
7-бап. Қазақстан Республикасы Президентінің сыртқы барлау саласындағы өкілеттіктері
7-бап өзгертілді ҚР 06.01.2011  жылғы № 379-IV  Заңымен (06.01.2011 ж. редакцияны қараңыз)
7-бап өзгертілді ҚР 13.02.2012  жылғы №553-IV Заңымен (06.01.2011 ж. редакцияны қараңыз)
7-бап өзгертілді ҚР 16.02.2012  жылғы №562-IV Заңымен (13.02.2012 ж. редакцияны қараңыз)
  
Қазақстан Республикасының Президенті:
1) Қазақстан Республикасы сыртқы барлау субъектілерінің барлау қызметінің негізгі бағыттарын және басымдықтарын айқындайды;
2) сыртқы барлау органын құрады, қайта ұйымдастырады және таратады;
3) Қазақстан Республикасының Президенті Әкімшілігіне және Үкіметіне сыртқы барлау субъектілерін басқа да мемлекеттік органдармен үйлестіру және өзара іс-қимыл жасау және барлау қызметін жетілдіру жөніндегі мәселелерді қарауға тапсырма береді;
4) сыртқы барлау органының басшысын қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;
5) сыртқы барлау органының ережесін, сондай-ақ оның басшысының ұсынуымен органның құрылымын және жалпы штат санын бекітеді;
6) сыртқы барлау органы басшысының орынбасарларын оның басшысының ұсынуы бойынша қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;
7) жоғары офицерлік және басқарушы құрамдағы адамдар орналасатын сыртқы барлау органы қызметтерінің тізбесін бекітеді;
7-1) арнаулы атақтар берілетін сыртқы барлау органының лауазымдары тізбесін бекітеді;
7-2) Қазақстан Республикасының барлау қоғамдастығына қатысушылардың тізбесін айқындайды;
7-бап 7-2-тармақшамен толықтырылды ҚР 18.03.2019 жылғы № 237-VІ Заңына сәйкес (өзгерту 10.04.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
8) сыртқы барлау органының қызметін бақылайды, тексеруші органдарды тағайындайды, олардың мақсаттарын, міндеттерін және өкілеттіктерін айқындайды, бақылау нысандары мен оны жүзеге асыру тәртібін белгілейді;
9) өзі айқындаған тәртіппен және мерзімдерде сыртқы барлау органы басшысының есебін тыңдайды;
10) Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
8-бап. Сыртқы барлау субъектілерінің құзыреті
8-бап өзгертілді ҚР 13.02.2012  жылғы №553-IV Заңымен (06.01.2011 ж. редакцияны қараңыз)
8-бап өзгертілді ҚР 16.02.2012  жылғы №562-IV Заңымен (13.02.2012 ж. редакцияны қараңыз)
Сыртқы барлау субъектілерінің құзыретіне мыналар жатады:
1) барлау ақпаратына қол жеткізу, оны жинақтау, талдау, жүйелеу және қорыту, оның негізінде ұсыныстар, бағалау мен болжамдар дайындау;
2) Қазақстан Республикасының аумағында, сол сияқты одан тысқары жерлерде барлау қызметін жүзеге асыру;
3) жасырын көмек көрсетуге келісім берген адамдармен ақы төленбейтін не ақылы негізде жария емес ынтымақтастық орнату;
4) сыртқы барлау субъектiлерiнiң әскери қызметшілерін, қызметкерлері мен жұмыскерлерін шифрлау, оның iшiнде осы мақсаттар үшiн өзге де ведомстволық тиесiлiлiктi пайдалана отырып, олардың қызметiн ұйымдастыру жөнiндегi шараларды iске асыру;
5) сыртқы барлау субъектілеріне жасырын көмек көрсететін адамдарды, сыртқы барлау субъектілері бөлімшелерінің, ұйымдарының, үй-жайларының және көлік құралдарының ведомстволық тиесілілігін шифрлеу жөніндегі шараларды іске асыру;
6) барлау қызметінің міндеттерін шешу үшін мемлекеттік органдардан және меншік нысанына қарамастан ұйымдардан қажетті ақпарат алу;
7) сыртқы барлау субъектілерінің қауіпсіздігін олардың өз күштерін, құралдары мен ақпараттарын заңға қайшы іс-әрекеттер мен қатерлерден қорғауы арқылы қамтамасыз ету;
8) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өз қауіпсіздігін қамтамасыз ету;
9) радиотехникалық және радиоэлектрондық барлауды жүзеге асыру;
10) өз өкілеттіктері шегінде Қазақстан Республикасының шет елдердегі мекемелерінің және олардың персоналының қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қатысу. Қазақстан Республикасының шет елдердегі мекемелерінің және олардың персоналының қауіпсіздігін қамтамасыз етуді ұйымдастыру тәртібі сыртқы барлау субъектiлерiнiң және сыртқы саясат саласындағы уәкілетті органның бірлескен нормативтік құқықтық актісімен айқындалады.
10-тармақша өзгертілді ҚР 16.01.2013 жылғы № 71-V Заңымен (23.04.2012 редакцияны караңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он)  күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) 22.01.2013 жылғы "Егемен Қазақстан" Республикалық газетінде жарияланды.
Қазақстан Республикасының шет елдердегі мекемелерін физикалық қорғауды ұйымдастыру және жүзеге асыру «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы туралы» Қазақстан Республикасының Заңымен регламенттеледі;
11) Қазақстан Республикасының шет елдердегі мекемелерінің мемлекеттік құпияларын қорғауды қамтамасыз ету;
12) өзінің қорғалған байланыс жүйесін пайдалану;
13) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес мемлекеттік органдардың және меншік нысанына қарамастан ұйымдардың ақпараттық жүйелерін және электрондық ақпараттық ресурстарын, сондай-ақ Қазақстан Республикасының халықаралық келісімдері негізінде шет мемлекеттер мен халықаралық ұйымдардың ақпараттық жүйелерін пайдалану;
13-тармақша өзгертілді ҚР 24.11.2015 жылғы № 419-V Заңымен (03.11.2014 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту қолданысқа енгізіледі 01.01.2016 жылдан бастап)
14) жалпы және арнайы жедел-іздестіру іс-шараларын жүзеге асыру;
15) заңдарда және Қазақстан Республикасы Президентінің актілерінде айқындалатын өзге де өкілеттіктерді орындау.
9-бап. Сыртқы барлау органының құзыреті
9-бап өзгертілді ҚР 13.02.2012  жылғы №553-IV Заңымен (06.01.2011 ж. редакцияны қараңыз)
9-бап өзгертілді ҚР 16.02.2012  жылғы №562-IV Заңымен (13.02.2012 ж. редакцияны қараңыз)
Сыртқы барлау органының құзыретіне осы Заңның 8-бабында көзделген ережелерден басқа, мыналар да жатады:
1) Қазақстан Республикасының Президентіне, Парламенті мен Үкіметіне, Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарына және мемлекеттік ұйымдарына барлау ақпаратын беру;
2) мемлекет басшылығының саяси, әскери-саяси, қаржы-экономикалық, ғылыми-техникалық, гуманитарлық, экологиялық және Қазақстан Республикасының ұлттық мүдделерін қозғайтын өзге де салалардағы саясатын іске асыруға жәрдемдесу;
3) Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметіне сыртқы барлауды жетілдіру жөнінде ұсыныстар енгізу;
4) сыртқы барлау субъектілерінің барлау қызметін үйлестіру;
4-1) осы Заңның 12-1-бабында көзделген, Қазақстан Республикасы барлау қоғамдастығы қызметінің шеңберінде Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары мен ұйымдарының өзара іс-қимылын қамтамасыз ету;
9-бап 4-1-тармақшамен толықтырылды ҚР 18.03.2019 жылғы № 237-VІ Заңына сәйкес (өзгерту 10.04.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
5) Тармақша алып тасталды (ескертуді қараңыз)
5-тармақша алынып тасталды ҚР 23.12.2023 жылғы № 51-VIII Заңына сәйкес (16.11.2020 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 05.01.2024 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
6) Тармақша алып тасталды (ескертуді қараңыз)
6-тармақша алынып тасталды ҚР 23.12.2023 жылғы № 51-VIII Заңына сәйкес (16.11.2020 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 05.01.2024 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
7) жүзеге асырылатын барлау қызметінің стратегиясын және тактикасын әзірлеу;
8) барлау қызметі мәселелері бойынша нормативтік құқықтық актілер әзірлеу және бекіту;
8-тармақша өзгертілді ҚР 23.12.2023 жылғы № 51-VIII Заңымен (16.11.2020 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 05.01.2024 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
9) Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз етудің басқа да күштерімен, сондай-ақ Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарымен және ұйымдарымен өзара іс-қимыл жасасу. Сыртқы барлау органының Қазақстан Республикасының мүдделі мемлекеттік органдарымен өзара Іс-қимыл жасасу тәртібі бірлескен нормативтік құқықтық актілермен айқындалады, ал, меншік нысанына қарамастан Қазақстан Республикасының ұйымдарымен – келісімде белгіленеді;
9-тармақша өзгертілді ҚР 07.02.2014 жылғы № 185-V Заңымен (16.01.2013 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 08.04.2014 жылғы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
9-1) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес барлау іс-шараларын жүзеге асыру;
9-бап 9-1-тармақшамен толықтырылды ҚР 28.12.2016 жылғы № 36-VI Заңына сәйкес (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін 2 (екі) ай өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 31.12.2016 жылы № 253 (28981) „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
9-1-тармақша өзгертілді ҚР 23.12.2023 жылғы № 51-VIII Заңымен (16.11.2020 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 05.01.2024 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
10) Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары негізінде шетел мемлекеттерінің арнайы қызметтерімен, құқық қорғау органдарымен, үкіметтік және арнайы байланыс органдарымен, халықаралық құқық қорғау ұйымдарымен байланыстар орнату, сақтау және дамыту, ынтымақтастық туралы келісімдер жасасу;
11) Тармақша алып тасталды (ескертуді қараңыз)
11-тармақша өзгертілді ҚР 07.02.2014 жылғы № 185-V Заңымен (16.01.2013 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 08.04.2014 жылғы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
11-тармақша өзгертілді ҚР 24.11.2015 жылғы № 419-V Заңымен (03.11.2014 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту қолданысқа енгізіледі 01.01.2016 жылдан бастап)
11-тармақша алынып тасталды ҚР 23.12.2023 жылғы № 51-VIII Заңына сәйкес (16.11.2020 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 05.01.2024 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
12) оның объектілерінде құқық бұзушылықтар жасаған адамдарды ұстау, оларды кейіннен құқық қорғау органдарына тапсыру;
13) мемлекеттік құпияларды құрайтын мәліметтерді қорғауды ұйымдастыру және қамтамасыз ету, өз объектілерінің ақпараттық қауіпсіздігін, жеке және инженерлік-техникалық қорғалуын жүзеге асыру;
13-тармақша өзгертілді ҚР 23.12.2023 жылғы № 51-VIII Заңымен (16.11.2020 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 05.01.2024 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
14) Қазақстан Республикасының шет елдердегі мекемелерін арнаулы байланыс түрлерімен жарақтандыру, инженерлік-техникалық қорғалуын, мемлекеттік құпияларды құрайтын мәліметтердің техникалық арналар арқылы таралып кетуін болғызбау жөніндегі іс-шараларды әзірлеу және жүзеге асыру;
14-тармақша өзгертілді ҚР 16.01.2013 жылғы № 71-V Заңымен (23.04.2012 редакцияны караңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он)  күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) 22.01.2013 жылғы "Егемен Қазақстан" Республикалық газетінде жарияланды.
15) жұмылдыру дайындығын қамтамасыз ету жөніндегі іс-шараларды әзірлеу, ұйымдастыру және жүргізу;
16) сыртқы барлау органындағы қызметке немесе жұмысқа қабылдау туралы шешiм қабылдау үшiн Қазақстан Республикасының азаматтарын iрiктеу, арнайы тексеруден өткiзу, кадрға есепке алынған қызметкерлер мен жұмыскерлерге мемлекеттiк құпияны құрайтын ақпаратқа рұқсат беруді ресiмдеу (қайта ресiмдеу), Қазақстан Республикасының оқу орындары мен ғылыми-зерттеу мекемелерiнде, сондай-ақ басқа мемлекеттердiң оқу орындарында, оның iшiнде арнаулы оқу орындарында кадрлар даярлау, қайта даярлау және олардың бiлiктiлiгiн арттыру;
17) барлау қызметі саласында ғылыми зерттеулер жүргізу;
17-тармақша өзгертілді ҚР 23.12.2023 жылғы № 51-VIII Заңымен (16.11.2020 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 05.01.2024 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
18) ғылыми-әдістемелік қамтамасыз етуді ұйымдастыру, басқа мемлекеттік органдарда, ұйымдар мен мекемелерде жұмыс істейтін ғылыми қызметкерлер мен білімнің түрлі салаларының мамандарын тарту арқылы өз қызметінің негізгі бағыттарына сәйкес сарапшылық топтарын құру;
19) Тармақша алып тасталды (ескертуді қараңыз)
19-тармақша алынып тасталды ҚР 23.12.2023 жылғы № 51-VIII Заңына сәйкес (16.11.2020 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 05.01.2024 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
20) бөлiмшелердiң, объектiлердiң, үй-жайлардың, көлiк құралдарының, қызметкерлер мен жұмыскерлердің, жасырын жәрдем көрсететiн адамдардың ведомстволық тиесiлiгiн шифрлайтын құжаттарды, өзге де әдiстер мен құралдарды пайдалану;
20-1) қызметкерлердің және сыртқы барлау органына жасырын көмек көрсететін адамдардың жеке басын, бөлімшелердің, объектілердің, үй-жайлар мен көлік құралдарының ведомстволық тиесілігін шифрлау мақсатында, оларды дайындау және (немесе) ресімдеу тәртібін сыртқы барлау органының басшысы айқындайтын басқа мемлекеттік органдардың, сондай-ақ меншік нысандарына қарамастан ұйымдардың құжаттарын Қазақстан Республикасынан тысқары жерлерде пайдалану үшін дайындау және ресімдеу.
9-бап 20-1-тармақшамен толықтырылды ҚР 07.02.2014 жылғы № 185-V Заңына сәйкес (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 08.04.2014 жылғы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
20-1-тармақша өзгертілді ҚР 23.12.2023 жылғы № 51-VIII Заңымен (16.11.2020 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 05.01.2024 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
20-2) сыртқы барлау органы басшысының немесе ол уәкілеттік берген лауазымды адамның жедел-қызметтік жұмыс материалдарына Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жария сипат берілгенге дейін оларға қолжетімділікті шектеуді қамтамасыз ететін өкімдік қызметі арқылы барлау және өзге де жедел-іздестіру қызметін жүзеге асыру кезінде, осы қызметтің нәтижелері көрсетілетін материалдарды іске асыру кезінде астыртын әрекет етуді қамтамасыз ету, сондай-ақ ақпарат көздерін құпиясыздандыруға жол бермеу жөнінде қажетті шаралар қолдану;
9-бап 20-2-тармақшамен толықтырылды ҚР 07.02.2014 жылғы № 185-V Заңына сәйкес (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 08.04.2014 жылғы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
21) Тармақша алып тасталды (ескертуді қараңыз)
21-тармақша алынып тасталды ҚР 23.12.2023 жылғы № 51-VIII Заңына сәйкес (16.11.2020 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 05.01.2024 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
22) Тармақша алып тасталды (ескертуді қараңыз)
22-тармақша алынып тасталды ҚР 23.12.2023 жылғы № 51-VIII Заңына сәйкес (16.11.2020 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 05.01.2024 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
23) жеке және заңды тұлғаларды зерделеу мен тексеруден кейін оларға өз объектілерін қорғау және қызмет көрсету жөніндегі жұмыстарға рұқсат беруді жүзеге асыру;
24) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес өзінің объектілері мен үй-жайларын қорғауды қамтамасыз ету үшін қаруды, арнаулы құралдар мен дене күшін қолдану;
25) Тармақша алып тасталды (ескертуді қараңыз)
25-тармақша алынып тасталды ҚР 23.12.2023 жылғы № 51-VIII Заңына сәйкес (16.11.2020 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 05.01.2024 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
26) Қазақстан Республикасының азаматтығына қабылдау және саяси баспана беру туралы мәселелерді шешуге қатысу;
27) Тармақша алып тасталды (ескертуді қараңыз)
27-тармақша өзгертілді ҚР 24.11.2015 жылғы № 419-V Заңымен (03.11.2014 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту қолданысқа енгізіледі 01.01.2016 жылдан бастап)
27-тармақша алынып тасталды ҚР 23.12.2023 жылғы № 51-VIII Заңына сәйкес (16.11.2020 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 05.01.2024 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
28) заңдарда және Қазақстан Республикасы Президентінің актілерінде айқындалатын өзге де өкілеттіктерді орындау.
9-1-бап. Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің әскери барлау органдарының құзыреті
9-1-бап өзгертілді ҚР 07.02.2014 жылғы № 185-V Заңымен (16.01.2013 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 08.04.2014 жылғы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
9-1-бап жаңа редакцияда жазылды ҚР 28.12.2016 жылғы № 36-VI Заңына сәйкес (24.11.2015 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін 2 (екі) ай өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 31.12.2016 жылы № 253 (28981) „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің әскери барлау органдарының құзыретіне, осы Заңның 9-бабының 2) – 4), 7), 9-1), 10), 14), 16), 20-1), 20-2) және 26) тармақшаларын қоспағанда, осы Заңның 8-бабында көзделген ережелерден басқа, 9-бабының ережелері жатады.
10-бап. Барлау қызметін жүзеге асырудың жалпы шарттары
1. Барлау қызметі процесінде сыртқы барлау субъектілері Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес жария және жария емес әдістер мен құралдарды пайдаланады.
2. Барлау қызметінің әдістері мен құралдары адам өмірі мен денсаулығына зиянын тигізбеуге және қоршаған ортаға нұқсан келтірмеуге тиіс.
3. Барлау қызметін жүзеге асыру процесінде сыртқы барлау субъектілеріне белгілі болған жеке өмір, жеке және отбасылық құпия туралы немесе заңмен қорғалатын коммерциялық, банктік немесе өзге де құпияға қатысы бар ақпарат, Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларды қоспағанда, жария етуге жатпайды.
11-бап. Барлау қызметі туралы мәліметтерді сақтау
Ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында сыртқы барлау органының барлау қызметі саласындағы мәліметтері тек қана сыртқы барлау органының арнайы мемлекеттік мұрағатында сақталады.
12-бап. Сыртқы барлау субъектілерінің өзара іс-қимылы
1. Сыртқы барлау субъектілері өздеріне жүктелген міндеттерді шешу кезінде бір-бірімен, ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету күштерімен және мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл жасайды.
2. Мемлекеттік органдардың, меншік нысанына қарамастан ұйымдардың лауазымды адамдары өз құзыреті шегінде сыртқы барлау субъектілеріне барлау қызметін жүзеге асыруға жәрдемдесуге міндетті.
1-тармақ өзгертілді ҚР 23.12.2023 жылғы № 51-VIII Заңымен (16.11.2020 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 05.01.2024 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Мемлекеттік ақпараттық жүйелердегі сыртқы барлау органының қызметкерлері туралы мәліметтерді шифрлау қажет болған жағдайда олардың иелері болып табылатын мемлекеттік органдар тиісті электрондық ақпараттық ресурстарды өңдеу жөніндегі қажетті шараларды Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен қабылдайды.
3. Сыртқы барлау субъектілерінің бір-бірімен өзара іс-қимыл жасау тәртібі Қазақстан Республикасының заңнамасы негізінде әзірленген олардың бірлескен нормативтік құқықтық актілерімен белгіленеді.
12-1-бап. Қазақстан Республикасы барлау қоғамдастығының қызметін ұйымдастырудың жалпы шарттары
2-тарау 12-1-баппен толықтырылды ҚР 18.03.2019 жылғы № 237-VІ Заңына сәйкес (өзгерту 10.04.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1. Қазақстан Республикасы барлау қоғамдастығы қызметінің шеңберінде Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары мен ұйымдары іс-қимылдарының келісілуін қамтамасыз етуді Қазақстан Республикасының Қауіпсіздік Кеңесі жүзеге асырады.
2. Сыртқы барлау субъектілері болып табылмайтын Қазақстан Республикасының барлау қоғамдастығына қатысушыларға ұлттық қауіпсіздіктің сыртқы қауіп-қатерлерін мониторингтеуді, талдауды, бағалауды және болжауды жүзеге асыру, оларды бейтараптандыру жөніндегі шараларды әзірлеуге қатысу, сыртқы барлау субъектілеріне жәрдем көрсету жөніндегі өкілеттіктер беріледі.
3. Қазақстан Республикасының барлау қоғамдастығына қатысушылардың өзара іс-қимылы:
ұйымдастырушылық;
жедел;
талдамалық;
әдістемелік;
техникалық;
бағдарламалық-аппараттық және өзге де бағыттар бойынша, сондай-ақ ортақ міндеттер мен мақсаттарды іске асыру үшін өзара ақпарат алмасу және келісілген іс-қимылдар арқылы жүзеге асырылады.
4. Қазақстан Республикасының барлау қоғамдастығы қызметінің шеңберінде Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары мен ұйымдарының тиімді өзара іс-қимылын қамтамасыз ету үшін олардың уәкілетті өкілдері сыртқы барлау органына іссапарға жіберіледі және (немесе) жіберіледі.
Қазақстан Республикасы мемлекеттік органының немесе ұйымының уәкілетті өкілдерін сыртқы барлау органына іссапарға жіберу және (немесе) жіберу, сондай-ақ олардың қызметін жүзеге асыру тәртібін сыртқы барлау органының бірінші басшысы және Қазақстан Республикасының барлау қоғамдастығына басқа қатысушының бірінші басшысы бірлескен нормативтік құқықтық актіде айқындайды.
5. Қазақстан Республикасының барлау қоғамдастығына қатысушылардың бірінші басшылары Қазақстан Республикасының барлау қоғамдастығы қызметінің шеңберінде қабылданған шешімдерді іске асыру үшін тиісті құқықтық актілер шығара алады.
13-бап. Сыртқы барлау субъектілерінің кадрлары
13-бап өзгертілді ҚР 13.02.2012  жылғы №553-IV Заңымен (06.01.2011 ж. редакцияны қараңыз)
13-бап өзгертілді ҚР16.02.2012 жылғы №562-IV  Заңымен (13.02.3012 ж. редакцияны қараңыз)
1. Сыртқы барлау органының кадрларын қызметкерлер мен жұмыскерлер құрайды.
2. Сыртқы барлау органының қызметкерлері мемлекеттiк билiк өкiлдерi болып табылады және мемлекеттiң қорғауында болады.
3. Сыртқы барлау субъектiлерiнiң Қазақстан Республикасынан тысқары жерлерде мiндеттерiн атқару кезiнде қамауға немесе кепiлге алынған, сондай-ақ бейтарап елдерге тұруға ерiксiз жiберiлген қызметкерлері мен әскери қызметшiлерi қызметкерлер мен әскери қызметшiлер мәртебесiн сақтайды. Сыртқы барлау субъектiлерiнiң және басқа да уәкiлеттi мемлекеттiк органдардың басшылары халықаралық құқық нормаларына сәйкес аталған қызметкерлер мен әскери қызметшiлердiң құқықтарын қорғау жөнiнде шаралар қолдануға мiндеттi.
4. Сыртқы барлау субъектiлерiнiң қызметкерлері мен әскери қызметшiлерi барлау қызметiнiң мақсаттарына қол жеткiзу үшiн өздерінің ведомстволық тиесiлiлiгiн ашпай әрi әскери қызметте, арнаулы мемлекеттік органдарда қызметте қалдырыла отырып, мемлекеттiк органдарға және меншiк нысанына қарамастан ұйымдарға лауазымдық қызметке тұруы және iссапарға жiберiлуi мүмкiн.
Аталған органдар мен ұйымдардың лауазымды тұлғалары қызметкерлер мен әскери қызметшiлердiң сыртқы барлау субъектiлерiне тиесiлiлiгi туралы өздерiне белгiлi болған мәлiметтердi жария еткенi үшiн Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жауаптылықта болады.
5. Сыртқы барлау субъектілерінің қызметкерлері мен әскери қызметшілері кадрлар есебінде, қолданыстағы резервте және запаста тұрады. Сыртқы барлау субъектілерінің қызметкерлері мен әскери қызметшілерінің Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес қару мен арнайы құралдарды алып жүруге, сақтауға құқығы бар.
5-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР 02.07.2018 жылғы № 165-VІ Заңына сәйкес (11.07.2017 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 03.07.2018 жылы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
Сыртқы барлау органының басшысы қызметкерлердің жекелеген санаттарының сыртқы барлау органындағы қызметке алынғанға дейінгі еңбек қызметі өтілін олардың еңбек сіңірген жылдарына есептейді.
Сыртқы барлау органы қызметкерлерінің шет мемлекеттердің арнаулы қызметтерінде және өзге де шетелдік ұйымдарда, қылмыстық топтарда тапсырмаларды орындаған уақыты Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен зейнетақы төлемдерін тағайындау, арнаулы атақ беру және лауазымдық айлықақы есептеу үшін жеңілдікпен есептеле отырып, еңбек сіңірген жылдарына есепке жатқызылуға тиіс.
14-бап. Сыртқы барлау органы қызметкерлерінің құқықтық жағдайы
14-бап өзгертілді ҚР 13.02.2012  жылғы №553-IV Заңымен (06.01.2011 ж. редакцияны қараңыз)
Сыртқы барлау органдары қызметкерлерінің заңды талаптары азаматтардың, лауазымды адамдардың және ұйымдардың орындауы үшiн мiндеттi. Сыртқы барлау органы қызметкерлерінің заңды талаптарын орындамау, оларды қорлау, қарсылық көрсету, күш көрсетумен қорқыту немесе олардың өмiрiне, денсаулығына, ар-намысы мен абыройына, мүлкiне қол сұғу, оларға жүктелген мiндеттердi орындауға кедергi келтiретiн басқа да iс-әрекеттер, сондай-ақ сыртқы барлау органы қызметкерлерінің қызметтiк мiндеттерi мен қызметтiк борышын орындауына байланысты олардың отбасы мүшелерiнiң, жақын туыстарының (ата-аналарының, балаларының, асырап алушыларының, асырап алынған балаларының, ата-анасы бiр және ата-анасы бөлек аға-iнiлерiнің және апа-сiңлiлерiнің, қарындастарының, аталарының, әжелерiнің, немерелерiнің) өмiрiне, денсаулығына, ар-намысына, абыройына және мүлкiне қол сұғу Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген жауаптылыққа әкеп соғады.
Сыртқы барлау органы қызметкерлерінің қызметтік міндеттерін орындауларына байланысты олардың мүлкіне келтірілген залал, сондай-ақ сыртқы барлау органы қызметкерлерінің отбасы мүшелері мен жақын туыстарының (ата-аналарының, балаларының, асырап алушыларының, асырап алынған балаларының, ата-анасы бiр және ата-анасы бөлек аға-iнiлерiнің және апа-сiңлiлерiнің, қарындастарының, аталарының, әжелерiнің, немерелерiнің) денсаулығына және мүлкіне келтірілген залал бюджет қаражаты есебінен толық көлемде өтеледі. Залалды өтеу тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды.
15-бап. Сыртқы барлау органы қызметкерлерінің құқығы
15-бап өзгертілді ҚР 13.02.2012  жылғы №553-IV Заңымен (06.01.2011 ж. редакцияны қараңыз)
Сыртқы барлау органының қызметкерлеріне қару мен арнайы құралдарды алып жүру, сақтау және қолдану құқығы берiледi. Олар дене күшiн, оның iшiнде күрестiң жауынгерлiк тәсiлдерiн қолдануға да құқылы. Қаруды, арнайы құралдарды және дене күшiн қолдану тәртiбi осы Заңда айқындалады.
16- бап. Дене күшін, арнайы құралдарды, қару мен жауынгерлік техниканы қолдану шарттары мен шектері
16-бап өзгертілді ҚР 13.02.2012  жылғы №553-IV Заңымен (06.01.2011 ж. редакцияны қараңыз)
1. Сыртқы барлау органының қызметкерлері арнайы дайындықтан өтуге, дене күшін, арнайы құралдар мен қаруды қолдануға байланысты жағдайлардағы іс-қимылдарға жарамдылығын кезең-кезеңмен тексеруден өтуге міндетті.
2. Қажеттi қорғаныс және аса қажеттілік жағдайларында немесе қылмыс жасаған адамды ұстау кезінде сыртқы барлау органының қызметкері өзінде арнайы құралдар немесе қару болмаған жағдайда қолына түскен кез келген құралдарды, сондай-ақ осы Заңда белгіленген негіздер бойынша және тәртіппен қарулануға алынбаған басқа қаруды қолдануға құқылы.
3. Егер қорғау күзетілетін адамдарға, басқа азаматтарға, күзетілетін объектілерге немесе сыртқы барлау органы қызметкерінің өзіне қол сұғудың сипаты мен қауіптілігіне сәйкес келетін болса, сыртқы барлау органының қызметкері заңдарда көзделген жағдайларда дене күшін, арнайы құралдарды, қару мен жауынгерлік техниканы қолдануға байланысты келтірілген моральдық, материалдық зиян және дене зақымы үшін жауаптылықта болмайды.
4. Сыртқы барлау органы қызметкерлерінің дене күшін, арнайы құралдарды, қару мен жауынгерлік техниканы өкілеттігін асыра қолдануы заңда белгіленген жауаптылыққа әкеп соғады.
5. Терроризмге қарсы операциялар жүргізу аймағында терроризмге қарсы операцияға қатысушы сыртқы барлау органы қызметкерлерінің террористерге қатысты дене күшін, жауынгерлік және өзге да техниканы, қару мен арнайы құралдарды, оның ішінде қызметтік жануарларды осы Заңда және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында көзделген ескертусіз және шектеусіз қолдануға құқығы бар.
16-1-бап. Сыртқы барлау органы қызметкерлерінің дене күшін қолдануы
Заң 16-1-баппен толықтырылды ҚР 13.02.2012  жылғы № 553-IV Заңымен (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он)  күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) 14.02.2012 жылғы "Егемен Қазақстан" Республикалық газетінде жарияланды.
1. Сыртқы барлау органы қызметкерлерінің азаматтардың өміріне, денсаулығына, құқықтарына, бостандығына, жеке басының қадір-қасиетіне, олардың және мемлекеттің меншігіне және қорғалатын мүдделеріне қол сұғатын қылмыстық және әкімшілік құқық бұзушылықтардың жолын кесу, құқық бұзушылықтардың сипаты мен нақты жағдайларды ескере отырып, қоғамға қауіпті іс-әрекеттер жасаған адамдарды ұстап алу, заңды талаптарға қарсы іс-қимылды еңсеру үшін, егер күш қолданбау тәсілдері сыртқы барлау органына жүктелген міндеттердің орындалуын қамтамасыз етпесе, дене күшiн, оның iшiнде жауынгерлiк күрес тәсiлдерiн қолдануға құқығы бар.
1-тармақ өзгертілді ҚР 03.07.2014 жылғы № 227-V Заңымен (07.04.2014 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту қолданысқа енгізіледі 01.01.2015 жылдан бастап)
2. Сыртқы барлау органы қызметкерінің осы Заңда арнайы құралдарды немесе қаруды қолдану рұқсат етілген барлық жағдайларда дене күшiн қолдануға құқығы бар.
16-2-бап. Сыртқы барлау органы қызметкерлерінің арнайы құралдарды қолдануы
Заң 16-2-баппен толықтырылды ҚР 13.02.2012  жылғы № 553-IV Заңымен (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он)  күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) 14.02.2012 жылғы "Егемен Қазақстан" Республикалық газетінде жарияланды.
1. Сыртқы барлау органының қызметкерлері қарулануға алынған арнайы құралдарды мынадай жағдайларда:
1) азаматтарға және күзетілетін адамдарға жасалған шабуылды тойтару үшін;
2) сыртқы барлау органы күзететін ғимараттарға, құрылыстарға, үй-жайларға, басқа да объектілер мен көлiк құралдарына жасалған шабуылды тойтару үшін, сол сияқты оларды басып алған жағдайда осы объектілер мен құралдарды босату үшін;
3) қылмыстарды анықтау және олардың жолын кесу үшін;
4) қару, оқ-дәрі, жарылғыш, улы және радиоактивті заттарды заңсыз ұстаушы адамдарды қарусыздандыру үшін;
5) сыртқы барлау органының қызметкерлеріне, олардың отбасы мүшелерiне не күзет іс-шараларын қамтамасыз етуге тартылған басқа адамдарға жасалған шабуылды тойтару үшін;
6) құқық бұзушыларды, сыртқы барлау органының немесе құқық қорғау органдарының қызметкерлеріне өздерiне жүктелген қызметтік мiндеттердi атқаруға қарсылық көрсететін немесе қасақана кедергі келтіретін адамдарды ұстау үшін;
7) егер ұсталған, қамауға алынған адамдар, сондай-ақ сотталған, күдiктi және айыпталушы адамдардың қашып кетуi немесе айналасындағыларға немесе өзiнің денсаулығына зиян келтіруі мүмкін деп пайымдауға жеткілікті негіздер болса, оларды күзетпен апару және күзету кезінде, сондай-ақ сыртқы барлау органы қызметкерлерінiң өздерiне заңмен жүктелген мiндеттердi жүзеге асыруына кедергі келтіретін адамдарға қатысты;
8) кепілге алынған адамдарды босату, азаматтардың, күзетілетін адамдар мен объектілердің өміріне, денсаулығына, құқықтарына, бостандығына, жеке басының абыройы мен меншігіне қол сұғатын жаппай тәртіпсіздіктің, топтық іс-әрекеттердің жолын кесу үшін;
9) егер басқа тәсілдермен күзетілетін адамдар үшін нақты қауіпті тойтару мүмкін болмаса, жүргізушісі сыртқы барлау органы қызметкерінің тоқтау туралы талабын орындамаған көлік құралын тоқтату үшін;
10) қажеттi қорғаныс және аса қажеттілік жағдайларында қолдануға құқылы.
2. Сыртқы барлау органы қызметкерлерінің, азаматтар мен күзетілетін адамдардың өмiрi мен денсаулығына қауiп төндiретiн шабуыл, топтық шабуыл жасаған не қарулы қарсылық көрсеткен жағдайларды қоспағанда, күзетілетін адамға бағыттап, сондай-ақ жүктілік белгілері анық білінетін әйелдерге, мүгедектiк белгiлерi анық бiлiнетін адамдарға және жас балаларға қатысты арнайы құралдар мен жауынгерлiк күрес тәсiлдерiн қолдануға тыйым салынады.
3. Сыртқы барлау органы қолданатын арнайы құралдардың тізбесін Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді.
16-3-бап. Сыртқы барлау органы қызметкерлерінің қару қолдануы және жауынгерлік техниканы пайдалануы
Заң 16-3-баппен толықтырылды ҚР 13.02.2012  жылғы № 553-IV Заңымен (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он)  күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) 14.02.2012 жылғы "Егемен Қазақстан" Республикалық газетінде жарияланды.
1. Сыртқы барлау органы қызметкерлерінің қару мен жауынгерлiк техниканы соңғы шара ретiнде мынадай:
1) азаматтарға, күзетiлетiн адамдарға, сондай-ақ күзету сыртқы барлау органының қызметкерлеріне тапсырылған басқа да адамдарға жасалған шабуылды тойтару үшiн;
2) сыртқы барлау органы күзететiн ғимараттарға, құрылыстарға, үй-жайлар мен басқа да объектiлерге және көлiк құралдарына жасалған шабуылды тойтару үшін;
3) сыртқы барлау органының қызметкерлеріне, олардың отбасы мүшелерiне, осы орган күзет іс-шараларын қамтамасыз етуге тартқан басқа да адамдарға жасалған шабуылды тойтару үшiн, сондай-ақ сыртқы барлау органының қаруын, көлік құралын, арнайы және жауынгерлік техникасын тартып алу әрекеттерінің жолын кесу үшін;
4) азаматтарды қылмыстық қол сұғудан қорғау, сондай-ақ кепiлге алынған адамдарды, басып алынған күзетiлетiн объектiлердi, ғимараттарды және арнаулы жүктердi босату үшiн;
5) қылмыс жасау кезiнде не тiкелей қылмыс жасағаннан кейiн үстiнен түскен, қарулы қарсылық көрсеткен адамдарды, сондай-ақ өзіндегі қаруды, оқ-дәріні, жарылғыш, улы және радиоактивті заттарды тапсыру туралы заңды талапты орындаудан бас тартқан қарулы адамды ұстау үшiн;
6) сыртқы белгілері мен іс-әрекеттерінің жиынтығы басқа азаматтардың, күзетілетін адамдардың және сыртқы барлау органы қызметкерлерінің өмірі мен денсаулығына төндіретін нақты қауіптің болуын куәландыратын адамдарды оқшаулау және ұстау үшін;
7) қылмыс жасады деп күдік туғызатын және айыпталатын адамдардың қамауда отырған жерден қашуының немесе қылмыс жасады деген күдікпен ұсталған адамдардың, оларға қатысты қамауға алу түріндегі жаза қолданылған, бас бостандығынан айыруға сотталған адамдардың күзетуден қашуының, сондай-ақ аталған адамдарды күшпен босатуға ұмтылудың жолын кесу үшін;
8) егер жүргiзушiсi күзетiлетiн адамдардың өмiрi мен денсаулығына нақты қауіп тудырса және сыртқы барлау органы қызметкерінің тоқтау бойынша тоқтаудан бас тартса, көлiк құралын тоқтату үшiн;
9) жануарлардың шабуылынан қорғану үшiн;
10) дабыл белгісін беру немесе көмекке шақыру үшін;
11) қажетті қорғаныс және аса қажеттілік жағдайларында қолдануға құқығы бар.
2. Азаматтардың, сыртқы барлау органы қызметкерлері мен күзетілетін адамдардың өмiрi мен денсаулығына нақты қауiп төндiретiн, сондай-ақ олар қарулы шабуыл жасаған, қарулы қарсылық көрсеткен, топтық шабуыл жасаған, кепілге адамдарды, объектілерді, көлік құралдарын, оның ішінде әуе кемелерін алған жағдайларды қоспағанда, күзетілетін адамға бағыттап, сондай-ақ әйелдерге, мүгедектiк белгiлерi анық бiлiнетін адамдарға және кәмелеттік жасқа толмағандарға қатысты қару қолдануға тыйым салынады.
3. Сыртқы барлау органының қызметкерлері қару қолданған барлық жағдайларда айналадағы азаматтардың қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету және зардап шеккендерге кезек күттірмейтін медициналық көмек көрсету үшiн қажеттi шараларды қолдануға, қару қолданғаны туралы тікелей бастығына баяндауға мiндеттi.
4. Адамдардың өліміне немесе өзге де ауыр салдарларға әкеп соққан қару, арнайы құралдар, дене күшін қолданудың әрбір жағдайы туралы жиырма төрт сағат ішінде прокурорға хабарланады.
5. Сыртқы барлау органының қарулануында тұрған қарудың, жауынгерлік техниканың түрлері мен ұрыс оқ-дәрiлері жиынтығының тiзбесiн Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiтедi.
17-бап. Сыртқы барлау органы қызметкерлерiнiң жауаптылығы
17-бап өзгертілді ҚР 13.02.2012  жылғы №553-IV Заңымен (06.01.2011 ж. редакцияны қараңыз)
Сыртқы барлау органының қызметкерлерi өз қызметтiк мiндеттерiн орындамағаны немесе тиiсiнше орындамағаны үшiн және заңсыз iс-әрекеттерi үшiн Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауаптылықта болады.
18-бап. Сыртқы барлау субъектілеріне жасырын көмек көрсететін адамдар
1. Барлау қызметінің мақсаттарына қол жеткізу үшін сыртқы барлау субъектілері ақы төленбейтін не ақылы негізде оларға жасырын көмек көрсетуге келісімін берген, кәмелеттік жасқа толған әрекетке қабілетті адамдармен жария емес ынтымақтастық қатынастарын орнатады. Аталған адамдармен өзара қарым-қатынастар тәртібі сыртқы барлау субъектілерінің нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес белгіленеді.
2. Сыртқы барлау субъектілеріне жасырын көмек көрсететін (көрсеткен) адамдардың және олардың отбасы мүшелерінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында сыртқы барлау субъектілері Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес оларды қорғау жөніндегі іс-шараларды іске асырады.
Сыртқы барлау субъектілеріне жасырын көмек көрсететін (көрсеткен) адамдарды қорғауды өзге мемлекеттік органдар сыртқы барлау субъектілерімен өзара іс-қимыл тәртібі арқылы жүзеге асыруы мүмкін.
3-тарау. ҚОРЫТЫНДЫ ЖӘНЕ ӨТПЕЛІ ЕРЕЖЕЛЕР
19-бап. Сыртқы барлау органын қаржыландыру, материалдық-техникалық қамтамасыз ету
Сыртқы барлау органының қызметін қаржыландыру, материалдық-техникалық қамтамасыз ету бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылады.
20-бап. Сыртқы барлау субъектілерінің қызметін ведомстволық бақылау
Сыртқы барлау субъектілерінің қызметін ведомостволық бақылауды ұйымдастыру және жүзеге асыру тиісті мемлекеттік органдардың басшыларына жүктеледі.
21-бап. Сыртқы барлау субъектілерінің қызметін прокурорлық қадағалау
21-бап өзгертілді ҚР 11.07.2017 жылғы № 91-VI Заңымен (28.12.2016 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 14.07.2017 жылы № 133 (28512) „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
21-бап өзгертілді ҚР 23.12.2023 жылғы № 51-VIII Заңымен (16.11.2020 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 05.01.2024 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Қазақстан Республикасының аумағында сыртқы барлау саласындағы заңдылықтың сақталуына жоғары қадағалауды Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры және ол уәкілеттік берген прокурорлар жүзеге асырады.
Уәкілетті прокурорлардың тізбесі сыртқы барлау субъектісінің бірінші басшысымен келісу бойынша Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының бұйрығымен белгіленеді.
Қазақстан Республикасының сыртқы барлау субъектілеріне жасырын жәрдем көрсететін (көрсеткен) адамдар туралы мәліметтер прокурорлық қадағалау нысанына кірмейді.
22-бап. Осы Заңды қолданысқа енгізу тәртібі
Осы Заң алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Президенті Н. Назарбаев