Toggle Dropdown
16
Атом энергиясын пайдалану туралы
Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 14 сәуiрдегі N 93 Заңы
Toggle Dropdown
Редакция 01.01.2016 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
Toggle Dropdown
Осы Заң атом энергиясын пайдалану саласындағы қоғамдық қатынастарды реттеудiң құқықтық негiзi мен принциптерiн белгiлейдi және адамдардың денсаулығы мен өмiрiн сақтауға, қоршаған ортаны қорғауға, ядролық қаруды таратпау режимiн, атом энергиясын пайдалану кезiнде ядролық және радиациялық қауiпсiздiктi қамтамасыз етуге бағытталған.
Toggle Dropdown
1-тарау. Жалпы ережелер
Toggle Dropdown
1-бап. Негiзгi ұғымдар
Toggle Dropdown
Осы Заңда мынадай негiзгi ұғымдар пайдаланылады:
Toggle Dropdown
мемлекеттiк реттеу – уәкiлеттi органның ядролық және радиациялық қауiпсiздiк жөнiндегi нормалар мен қағидаларды әзiрлеу, бекiту және қолданысқа енгiзу, атом энергиясын пайдалану саласындағы қызмет түрлерiн лицензиялау жөнiндегi және рұқсаттық бақылау жасау қызметi;
Toggle Dropdown
көму - ядролық және радиациялық қауiпсiздiктi қамтамасыз ететiн жағдайда радиоактивтi қалдықтардың оларды қайта алу ниетiнсiз орналастырылуы;
Toggle Dropdown
қадағалау - атом энергиясын пайдалану процесiн реттеу мақсатында уәкiлеттi органның өз құзыретi шегiнде Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық актiлерiнiң, лицензиялар мен халықаралық шарттар ережелерiнiң орындалуын тексеру жөнiндегi iс-әрекетi;
Toggle Dropdown
орналастыру пункттерi - радиоактивтi заттарды сақтауға немесе радиоактивтi қалдықтарды көмуге арналған арнаулы тұрақты объектiлер мен құрылыстар;
Toggle Dropdown
радиациялық қауiпсiздiк - қызметкерлерге, халыққа және қоршаған ортаға радиациялық әсердi белгiлеген нормаларға сәйкес шектейтiн шаралар кешенiмен қамтамасыз етiлген радиациялық жағдайдың жай-күйi;
Toggle Dropdown
радиоактивтi заттар - құрамында ядросы өздiгiнен ыдырауға қабiлеттi химиялық элементтер бар материалдар;
Toggle Dropdown
радиоактивтi қалдықтар - мөлшерi мен құрамы нормативтiк құқықтық актiлермен реттелген мәннен асып түсетiн радиоактивтi заттардан тұратын, шаруашылық қызмет нәтижесiнде пайда болған және одан әрi пайдалануға жатпайтын кез келген агрегаттық күйдегi материалдар мен заттар;
Toggle Dropdown
арнаулы ядролық емес материалдар - ядролық экспортты реттеудiң халықаралық-құқықтық режимiне байланысты, заңнан туындайтын нақ сондай актiлермен айқындалатын материалдар;
Toggle Dropdown
атом энергиясын пайдалану саласындағы тауарлар мен қызметтер - ядролық материалдарды өндiру үшiн пайдаланылатын ядролық қондырғылар, жабдықтар, технологиялар, радиоактивтi заттар, арнаулы ядролық емес материалдар, иондандырушы сәуле көздерi, сондай-ақ соларға байланысты қызметтер;
Toggle Dropdown
атом энергиясын пайдалану саласындағы уәкiлеттi орган (бұдан әрi - уәкiлеттi орган) - атом энергиясы саласындағы мемлекеттiк саясатты, ядролық қаруды таратпау мен Қазақстан Республикасында атом энергиясын қауiпсiз пайдалануды реттеудi iске асыруды жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;
Toggle Dropdown
алу деңгейi - белсендiлiк бөлiнiстерiнен көрiнген шамалар кешенi, бұл белсендiлiк жағдайында немесе одан төмен болғанда иондандырушы сәуле көздерi қолданылып жүрген нормаларға сәйкес бақылаудан шығып кетуi мүмкiн;
Toggle Dropdown
ядролық материалдар мен ядролық қондырғыларды физикалық жағынан қорғау - адамдардың ядролық материалдар мен қондырғыларға рұқсатсыз қол жеткiзуiне жол бермеуге бағытталған ұйымдық және техникалық шаралардың бiртұтас жүйесi;
Toggle Dropdown
сақтау - радиоактивтi заттар мен радиоактивтi қалдықтарды пайдалану, қайта өңдеу немесе көму үшiн қайтарып алу мүмкiндiгiн көздей отырып, оларды арнайы дайындалған жерлерге (соның iшiнде арнаулы контейнерлерге) уақытша орналастыру;
Toggle Dropdown
пайдаланушы ұйым - атом энергиясын пайдалану жөнiндегi қызметтi жүзеге асыруға уәкілетті органның лицензиясы бар ұйым;
Toggle Dropdown
ядролық қауiпсiздiк - ядролық авариялардың мүмкiн еместiгiн белгiлi бiр ықтималдықпен қамтамасыз ететiн ядролық объектiнiң өзiне тән ерекшелiгi;
Toggle Dropdown
ядролық материалдар - бөлiнетiн (ыдырайтын) ядролық заттардан тұратын немесе оларды жаңғырта алатын материалдар;
Toggle Dropdown
ядролық қондырғылар - ядролық реакторлар, оның iшiнде атом станцияларының, ғарыш және ұшу аппараттарының, көлiк құралдарының реакторлары; өнеркәсiптiк, эксперименттiк зерттеу реакторлары, ядролық стендiлер; ядролық материалдарды өндiруге, пайдалануға, қайта өңдеуге, тасымалдауға және орналастыруға арналған басқа да кез келген құрылыстар, кешендер, қондырғылар, жабдықтар мен техникалық құралдар.
Toggle Dropdown
2-бап. Қазақстан Республикасының атом энергиясын пайдалану саласындағы заңдары
Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасының атом энергиясын пайдалану саласындағы заңдары Қазақстан Республикасының Конституциясына негiзделедi, осы Заңнан, Қазақстан Республикасының атом энергиясын пайдалану мәселелерiн реттейтiн өзге де заңдық және нормативтiк құқықтық актiлерiнен тұрады.
Toggle Dropdown
1
3-бап. Атом энергиясын пайдалану саласындағы мемлекеттiк саясаттың негiзгi принциптерi
Toggle Dropdown
1. Атом энергиясын пайдалану саласындағы мемлекеттiк саясаттың негiзгi принциптерi:
Toggle Dropdown
атом энергиясын пайдалану кезiнде ядролық және радиациялық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету;
Toggle Dropdown
халыққа және қоршаған ортаға атом энергиясы объектiлерiнiң әсерi туралы ақпараттың алуға оңайлығы, объективтiлiгi және уақтылылығы;
Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасы аумағына басқа мемлекеттердiң радиоактивтi қалдықтарын көмуге тыйым салу;
Toggle Dropdown
атом энергиясын пайдалану кезiнде ядролық және радиациялық қауiпсiздiкке мемлекеттік бақылауды қамтамасыз ету;
Toggle Dropdown
атом энергиясын пайдаланатын объектiлер қызметкерлерiнiң, сондай-ақ олар орналасқан аудандарда тұрып, еңбек қызметiн жүзеге асыратын халықтың әлеуметтiк қорғалуын қамтамасыз ету;
Toggle Dropdown
радиациялық әсермен келтiрiлген зиянды өтеу;
Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасының атом энергиясын пайдалану саласындағы мемлекеттiк саясатын, заңдар мен өзге де нормативтiк құқықтық актiлердiң жобаларын талқылауға азаматтардың, қоғамдық бiрлестiктер мен өзге де заңды тұлғалардың қатысуы болып табылады.
Toggle Dropdown
2. Қазақстан Республикасы аумағында заңды және жеке тұлғалардың атом қаруын әзiрлеу, жасау, өндiру, сынау, сақтау және тарату мақсатында атом энергиясын пайдалану жөнiндегi кез келген қызметiне үзiлдi-кесiлдi тыйым салынады.
Toggle Dropdown
4-бап. Атом энергиясын пайдалану саласындағы объектiлер мен субъектiлер
Toggle Dropdown
Атом энергиясын пайдаланатын объектiлер:
Toggle Dropdown
ядролық қондырғылар;
Toggle Dropdown
орналастыру пункттерi;
Toggle Dropdown
алу деңгейiнен жоғары иондандырушы сәуле көздерi;
Toggle Dropdown
медициналық, оқу, зерттеу, коммерциялық, ауыл шаруашылық және өнеркәсiптiк, оның iшiнде кен қазушы, қайта өңдеушi, сондай-ақ басқа да ұйымдарды қоса алғанда, иондандырушы сәуле көздерiн пайдаланатын ұйымдар болып табылады.
Toggle Dropdown
Атом энергиясын пайдалану саласындағы субъектiлер:
Toggle Dropdown
жеке тұлғалар;
Toggle Dropdown
өкiлеттi мемлекеттiк реттеу, бақылау және басқару органдары;
Toggle Dropdown
атом энергиясын пайдалану жөнiндегi қызметпен айналысатын ұйымдар болып табылады.
Toggle Dropdown
5-бап. Атом энергиясын пайдалану саласындағы қызметтiң негiзгi түрлерi
Toggle Dropdown
1. Атом энергиясын пайдалануға байланысты қызметке мыналар жатады:
Toggle Dropdown
атом энергиясын пайдаланатын объектiлердi орналастыру, жобалау, салу, пайдалануға беру, пайдалану, тоқтатып қою және пайдаланудан шығару;
Toggle Dropdown
иондандырушы сәуле көздерін алу деңгейінен төмен пайдаланатын сынақ зертханаларын техникалық реттеу жүйесінде аккредиттелген қызметті қоспағанда, атом энергиясын пайдалануға байланысты жұмыстарды атқару мен қызметтер көрсету;
Toggle Dropdown
ядролық материалдарды, иондандырушы сәуле көздерi мен радиоактивтi заттарды қолдану, құрамында осы материалдар мен заттар бар пайдалы қазбаларды барлау және оларды өндiру, сондай-ақ ядролық материалдарды, радиоактивтi заттар мен радиоактивтi қалдықтарды өндiру, пайдалану, қайта өңдеу, тасымалдау және орналастыру;
Toggle Dropdown
ядролық қондырғыларды, иондандырушы сәуле көздерiн, ядролық материалдар мен ядролық заттарды пайдалана отырып ғылыми зерттеулердi жүзеге асыру;
Toggle Dropdown
атом энергиясын пайдалануды басқару;
Toggle Dropdown
ядролық жарылыстар өткiзiлетiн жерлердегi қызметтiң барлық түрлерi;
Toggle Dropdown
атом энергиясын пайдалану кезiнде қауiпсiздiктi қамтамасыз ету;
Toggle Dropdown
ядролық қондырғылар мен ядролық материалдарды физикалық жағынан қорғау;
Toggle Dropdown
ядролық материалдарды, иондандырушы сәуле көздерiн, радиоактивтi заттар мен радиоактивтi қалдықтарды есепке алу және бақылау;
Toggle Dropdown
ядролық материалдардың, технологиялар мен жабдықтардың, арнаулы ядролық емес материалдардың; қос мақсаттағы материалдардың, технологиялар мен жабдықтардың, иондандырушы сәуле көздерiнiң, радиоактивтi заттардың экспорты мен импорты;
Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасының аумағындағы радиациялық жағдайды бақылау;
Toggle Dropdown
ядролық материалдар мен радиоактивтi заттарды Қазақстан Республикасының аумағы арқылы транзиттi тасымалдау;
Toggle Dropdown
мамандар мен қызметкерлердi даярлау және аттестациялау.
Toggle Dropdown
2. Атом энергиясын пайдалануға байланысты қызметтiң барлық түрлерi мемлекет тарапынан үнемi бақылау арқылы жүзеге асырылады.
Toggle Dropdown
3. Атом энергиясын пайдалану саласындағы мемлекеттік бақылау тексеру нысанында және өзге де нысандарда жүзеге асырылады.
Toggle Dropdown
Тексеру Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес жүзеге асырылады. Мемлекеттік бақылаудың өзге де нысандары осы Заңға сәйкес жүзеге асырылады.
Toggle Dropdown
6-бап. Атом энергиясын пайдалану объектiлерiне меншiк
Toggle Dropdown
Меншiктiң кез келген нысанындағы заңды тұлғалар ғана атом энергиясын пайдалану объектiлерiнiң иелерi бола алады.
Toggle Dropdown
2-тарау. Қазақстан Республикасының атом энергиясын пайдалану саласындағы мемлекеттiк органдары
Toggle Dropdown
7-бап. Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң атом энергиясын пайдалану саласындағы құзыретi
Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасының Үкiметi:
Toggle Dropdown
1) атом энергиясын қауiпсiз пайдалануды мемлекеттік реттеуді, атом энергиясын пайдалану саласындағы қызмет түрлерiн бақылауды және лицензиялауды және рұқсаттық бақылауды;
Toggle Dropdown
2) тармақша алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
Toggle Dropdown
3) атом энергетикасы мен өнеркәсiбiн басқаруды және дамытуды айқындайды.
Toggle Dropdown
8-бап. Уәкілетті органның құзыреті
Toggle Dropdown
Уәкілетті органның құзыреті:
Toggle Dropdown
1) Тармақша алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
Toggle Dropdown
2) Қазақстан Республикасы заңнамасының негізінде және оны орындау үшін атом энергиясын пайдалануға байланысты қызметті регламенттейтін нормалар мен қағидаларды әзірлеу, белгілеу және қабылдау;
Toggle Dropdown
3) Қазақстан Республикасының рұқсаттар және хабарламалар туралы заңнамасына сәйкес атом энергиясын пайдалану саласында лицензиялауды және рұқсаттық бақылауды жүзеге асыру;
Toggle Dropdown
4) атом энергиясын пайдалану саласындағы нормалар мен қағидалардың сақталуын бақылауды жүзеге асыру;
Toggle Dropdown
5) өз өкілеттігін атқаруға байланысты инспекциялар жүргізу;
Toggle Dropdown
6) Қазақстан Республикасының аумағындағы радиациялық жағдайға мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру;
Toggle Dropdown
7) ядролық материалдар мен иондандырушы сәуле көздерін мемлекеттік есепке алу мен бақылауды жүзеге асыру;
Toggle Dropdown
8) жеке және заңды тұлғалардан өздеріне жүктелген міндеттерді шешу үшін қажетті мәліметтер мен құжаттарды сұратуды және алуды жүзеге асыру;
Toggle Dropdown
9) осы Заңды бұзу фактілері бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауапқа тарту туралы мәселелерді шешу үшін құқық қорғау органдарына материалдарды беру;
Toggle Dropdown
10) атом энергиясын пайдалану кезіндегі қауіпсіздік мәселелері бойынша және ядролық қаруды таратпау мен ядролық материалдарды бақылау проблемалары бойынша басқа мемлекеттердің өкілетті органдарымен және халықаралық ұйымдармен ынтымақтастықты жүзеге асыру болып табылады.
Toggle Dropdown
11) тармақша алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
Toggle Dropdown
9-бап. Уәкілетті органның лауазымды адамдарының құқықтары
Toggle Dropdown
Уәкiлеттi органның лауазымды адамдары тiкелей өз мiндеттерiн атқару кезiнде:
Toggle Dropdown
белгiленген тәртiп бойынша атом энергиясын пайдалану объектiлерiне кедергiсiз кiрiп, олардың қызметiн сипаттайтын құжаттарды алуға;
Toggle Dropdown
халықтың немесе қоршаған ортаның қауiпсiздiгiне қатер төндiрген жағдайда заңды тұлғалардың атом энергиясын пайдалануға байланысты қызметiн тоқтата тұруға немесе тоқтату туралы мәселе қоюға құқылы.
Toggle Dropdown
10-бап. Уәкiлеттi органның тәуелсiздiгi
Toggle Dropdown
Уәкiлеттi орган атом энергиясын дамыту мен пайдалануға байланысты қызмет атқаратын өзге де атқарушы органдарға, ұйымдарға әкiмшiлiк және қаржы жағынан тәуелсiз.
Toggle Dropdown
Уәкiлеттi органның лауазымды адамдардың қызметiне олардың қызметтiк мiндеттерiн атқаруы кезiнде кедергi жасауға жол берiлмейдi.
Toggle Dropdown
3-тарау. Атом энергиясын пайдалану пайдалануға байланысты қызметтiң мiндеттi шарттары
Toggle Dropdown
11-бап. Атом энергиясын пайдалануға байланысты қызметтілицензиялау
Toggle Dropdown
Атом энергиясын пайдалануға байланысты қызмет Қазақстан Республикасының рұқсаттар және хабарламалар туралы заңнамасында белгіленген тәртіппен міндетті түрде лицензиялануға жатады.
Toggle Dropdown
Уәкілетті органның атом энергиясын пайдалану саласындағы қызмет түрлеріне лицензиялардың қолданысын мынадай жағдайларда:
Toggle Dropdown
1) радиациялық авариялар және (немесе) авариялық жағдайлар кезінде;
Toggle Dropdown
2) тексерулер нәтижесінде анықталған, ядролық материалдармен, радиоактивті қалдықтармен, иондандырушы сәуле көздерімен айналысу, оларды сақтау, тасымалдау, есепке алу және бақылаукезінде ядролық және (немесе) радиациялық қауіпсіздік талаптары бұзылған кезде;
Toggle Dropdown
3) анық емес мәліметтер табылған кезде;
Toggle Dropdown
4) уәкілетті органның нұсқамалары белгіленген мерзімдерде орындалмаған кезде алты айдан аспайтын мерзімге тоқтата тұруға құқығы бар.
Toggle Dropdown
Лицензияның қолданысын тоқтата тұрған кезде уәкілетті орган лицензиатқа қолданысын тоқтата тұрудың себептері мен бұзушылықтарды жою мерзімдерін көрсете отырып, лицензияны тоқтата тұру туралы шешімді жібереді.
Toggle Dropdown
12-бап. Ядролық және радиациялық қауiпсiздiк
Toggle Dropdown
1. Атом энергиясын пайдалануға байланысты қызмет халық денсаулығын сақтау және қоршаған ортаны қорғау, иондандырушы сәуленің зиянды әсерінен жеке және заңды тұлғалар мүлкінің қорғалуы қамтамасыз етілген жағдайда жүзеге асырылады.
Toggle Dropdown
2. Пайдаланушы ұйым уәкілетті органға Қазақстан Республикасының азаматтық қорғау туралы заңнамасында белгіленген мерзімдерде атом энергиясын пайдалану саласындағы қызметке байланысты кез келген авария және (немесе) авариялық жағдай туралы хабарлауға міндетті.
Toggle Dropdown
3. Ядролық және радиациялық қауiпсiздiкті ядролық қондырғылармен, ядролық материалдармен, радиоактивтiк қалдықтармен, радиоактивтiк қалдықтар және (немесе) пайдаланылған ядролық отын сақтау қоймаларымен, алу деңгейiнен жоғары радиоактивтік заттармен, құрамында алу деңгейiнен жоғары радиоактивтік заттар бар немесе иондандырушы сәуле шығаратын (шығаруға қабілетті) аспаптармен және қондырғылармен жұмыс істеуді немесе қандай да бір іс-қимылдарды, операцияларды орындауды қоса алғанда, атом энергиясын пайдалануға байланысты қызмет қауіпсіздігі саласындағы белгіленген нормалар мен қағидаларға сәйкес пайдаланушы ұйым қамтамасыз етеді, атап айтқанда:
Toggle Dropdown
ядролық қондырғылар:
Toggle Dropdown
жалпы мақсаттағы ядролық қондырғылар;
Toggle Dropdown
ядролық отынды дайындау және өндіру жөніндегі қондырғылар;
Toggle Dropdown
реактордың түрі көрсетілген атомдық энергетикалық қондырғылар;
Toggle Dropdown
реактордың түрі көрсетілген зерттеу атом реакторлары.
Toggle Dropdown
Орналастыру пункттері:
Toggle Dropdown
жалпы мақсаттағы радиоактивтік қалдықтарды орналастыру пункттері (сақтау қоймалары);
Toggle Dropdown
белсенділігі жоғары радиоактивтік қалдықтарды сақтау қоймалары;
Toggle Dropdown
белсенділігі орташа радиоактивтік қалдықтарды сақтау қоймалары;
Toggle Dropdown
белсенділігі төмен радиоактивтік қалдықтарды сақтау қоймалары;
Toggle Dropdown
пайдаланылған ядролық отын қоймалары.
Toggle Dropdown
Заттар мен материалдар:
Toggle Dropdown
изотоптық құрамы көрсетілген ядролық материалдар;
Toggle Dropdown
радиоактивтік элементтер құрамы, белсендiлiктің шекті деңгейі және радиоактивтік заттардың агрегаттық жай-күйі көрсетілген алу деңгейiнен жоғары радиоактивтік заттар.
Toggle Dropdown
Радиоактивтік қалдықтар:
Toggle Dropdown
белсендiлiктің шекті деңгейі, қалдықтардың түрі және агрегаттық жай-күйі көрсетілген белсенділігі жоғары радиоактивтік қалдықтар;
Toggle Dropdown
белсендiлiктің шекті деңгейі, қалдықтардың түрі және агрегаттық жай-күйі көрсетілген белсенділігі орташа радиоактивтік қалдықтар;
Toggle Dropdown
белсендiлiктің шекті деңгейі, қалдықтардың түрі және агрегаттық жай-күйі көрсетілген белсенділігі төмен радиоактивтік қалдықтар.
Toggle Dropdown
Өнеркәсіптік жабдық:
Toggle Dropdown
жалпы мақсаттағы өнеркәсіптік рентген жабдығы;
Toggle Dropdown
жалпы мақсаттағы өнеркәсіптік радиоизотоптық жабдық;
Toggle Dropdown
радиоизотоптық датчиктер мен өлшеуіштер;
Toggle Dropdown
рентгендік дефектоскоптар;
Toggle Dropdown
радиоизотоптық дефектоскоптар;
Toggle Dropdown
рентгендік анализаторлар;
Toggle Dropdown
рентгендік тексеріп қарау жабдығы;
Toggle Dropdown
радиоизотоптық тексеріп қарау жабдығы;
Toggle Dropdown
зарядталған бөлшектердің үдеткіштері негізіндегі тексеріп-қарау жабдығы;
Toggle Dropdown
зарядталған бөлшектердің өнеркәсіптік үдеткіштері.
Toggle Dropdown
Медициналық диагностикалық жабдық:
Toggle Dropdown
жалпы мақсаттағы медициналық рентген жабдығы;
Toggle Dropdown
медициналық рентгендік дентальдық жабдық;
Toggle Dropdown
медициналық рентгендік маммографиялық жабдық;
Toggle Dropdown
медициналық рентгендік ангиографиялық жабдық;
Toggle Dropdown
медициналық компьютерлік рентгендік томографтар;
Toggle Dropdown
медициналық радиоизотоптық диагностикалық жабдық;
Toggle Dropdown
зарядталған бөлшектердің медициналық үдеткіштері.
Toggle Dropdown
Медициналық терапиялық жабдық:
Toggle Dropdown
медициналық терапиялық рентген жабдығы;
Toggle Dropdown
медициналық рентгендік симуляторлар;
Toggle Dropdown
зарядталған бөлшектердің медициналық үдеткіштері;
Toggle Dropdown
медициналық гамма-терапиялық қондырғылар.
Toggle Dropdown
13-бап. Радиоактивтi қалдықтармен айналысу
Toggle Dropdown
1. Қазақстан Республикасының аумағында жасалатын радиоактивтi қалдықтардың бәрi олар потенциалды қауiп туғызуы мүмкiн уақыт iшiндегi бүкiл кезеңде халық пен қоршаған ортаны радиациялық қорғауды қамтамасыз ететiндей түрде көмiлуге тиiс.
Toggle Dropdown
2. Радиоактивтi қалдықтарды орналастыру радиоактивтi қалдықтардың пайда болуына алып келетiн кез келген қызмет түрiнiң мiндеттi кезеңi ретiнде жобалық және техникалық құжаттамада көзделуге тиiс. Радиоактивтi қалдықтарды жинау мен көмудi ұйымдастыру тәртiбiн, сондай-ақ бұл қызметтi жүзеге асыратын органдар мен ұйымдарды Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес уәкілетті орган айқындайды.
Toggle Dropdown
3. Радиоактивтi материалдар мен қалдықтарды пайдалану кезiнде Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексiнде белгiленген экологиялық талаптар сақталуға тиiс.
Toggle Dropdown
14-бап. Ядролық материалдар мен ядролық қондырғыларды физикалық жағынан қорғау
Toggle Dropdown
1. Ядролық материалдар мен ядролық қондырғыларды физикалық жағынан қорғау ядролық материалдармен операциялар жүргiзiлетiн объектiлердiң құрылысын салудың, пайдаланудың және пайдаланудан шығарудың барлық кезеңдерiнде, сондай-ақ сол материалдарды тасымалдау кезiнде жүзеге асырылады.
Toggle Dropdown
2. Егер физикалық жағынан қорғау талаптарын орындауды қамтамасыз ететiн шаралар қолданылмаса, ядролық қондырғылардың пайдаланылуына және кез келген дайындау, пайдалану, қайта өңдеу немесе сақтау сатысындағы ядролық материалдарға байланысты кез келген жұмыстың жүргiзiлуiне тыйым салынады.
Toggle Dropdown
3. Пайдаланушы ұйымдар ядролық материалдар мен ядролық қондырғылардың физикалық қорғалуын қамтамасыз етедi. Уәкiлеттi орган ядролық қондырғылар мен ядролық материалдардың физикалық қорғалуының қамтамасыз етілуін бақылауды жүзеге асырады.
Toggle Dropdown
15-бап. Ядролық материалдар мен иондандырушы сәуле көздерiн есепке алу және бақылау
Toggle Dropdown
1. Ядролық материалдар мен иондандырушы сәуле көздерi мемлекеттiк есепке алынып, бақылануға тиiс. Осы мақсат үшiн уәкiлеттi орган ядролық материалдарды және иондандырушы сәуле көздерiн есепке алу мен бақылаудың мемлекеттiк жүйелерiн құрады.
Toggle Dropdown
2. Ядролық материалдар мен иондандырушы сәуле көздерiн есепке алу мен бақылаудың мемлекеттiк жүйелерi ядролық материалдар мен иондандырушы сәуле көздерiнiң қолда бар мөлшерiн, олардың орналасқан жерлерiн анықтауды, жоғалуына, рұқсатсыз пайдаланылуына және ұрлануына жол бермеудi, Қазақстан Республикасының уәкiлеттi органына, ал халықаралық шарттарда көзделген жағдайларда халықаралық ұйымдар мен басқа да мемлекеттерге ядролық материалдар мен иондандырушы сәуле көздерiнiң болуы мен орын ауыстыруы туралы жедел ақпарат, сондай-ақ көздердiң есептен шығарылуы мен көмiлуi туралы, көздер мен ядролық материалдардың экспорты және импорты туралы мәлiметтер берiп отыруды қамтамасыз етедi.
Toggle Dropdown
3. Ядролық материалдар мен иондандырушы сәуле көздерi пайдаланылатын қызметтi жүзеге асыратын пайдаланушы ұйым олардың есепке алынуын және уәкiлеттi органға айқын деректер берiлуiн қамтамасыз етедi.
Toggle Dropdown
4. Ядролық материалдар мен иондаушы сәулелену көздерiн есепке алу мен бақылаудың мемлекеттiк жүйелерiн ұйымдастыру тәртiбiн уәкілетті орган белгiлейдi.
Toggle Dropdown
16-бап. Ядролық қондырғылар мен орналастыру пункттерi алаңдарын таңдау және оларды салу кезiнде қауiпсiздiкке қойылатын негiзгi талаптар
Toggle Dropdown
Ядролық қондырғылар мен орналастыру пункттерi алаңдарын таңдау және оларды салу атом энергиясын пайдалану саласындағы және қоршаған ортаны қорғау саласындағы нормалар мен ережелер негiзiнде жүзеге асырылуы тиiс.
Toggle Dropdown
Ядролық қондырғы мен орналастыру пунктiн салу туралы шешiмдi тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктiң жергiлiктi өкiлдi органдарының келiсiмiмен Қазақстан Республикасының Үкiметi:
Toggle Dropdown
елдiң және оның жекелеген аймақтарының шаруашылық мiндеттерiн шешу үшiн оларға деген қажеттiлiктердi;
Toggle Dropdown
аталған объектiлердi орналастыру үшiн атом энергиясын пайдалану саласындағы нормалар мен ережелерге сай келетiн қажеттi жағдайлардың болуын;
Toggle Dropdown
таяу орналасқан азаматтық және әскери объектiлер тарапынан аталған объектiлер қауiпсiздiгiне қатер төнбеуiн;
Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасының экологиялық заңнамасында белгiленген экологиялық талаптарды;
Toggle Dropdown
аталған объектiлердi орналастырудың аймақтың өнеркәсiптiк, ауыл шаруашылық, әлеуметтiк және мәдени-тұрмыстық дамуы үшiн ықтимал әлеуметтiк және экономикалық зардаптарын ескере отырып қабылдайды.
Toggle Dropdown
Аталған объектiлердiң жобалық құжаттары мiндеттi түрде экологиялық, санитарлық және техникалық сараптамадан өтедi.
Toggle Dropdown
17-бап. Ядролық материалдар мен иондандырушы сәуле көздерiн тасымалдау жөнiндегi талаптар
Toggle Dropdown
1. Ядролық материалдар мен иондандырушы сәуле көздерiн тасымалдау Қазақстан Республикасының заңдарына және Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық келiсiмдерге сәйкес жүзеге асырылады.
Toggle Dropdown
2. Ядролық материалдар мен иондандырушы сәуле көздерiн тасымалдау ережелерi жүк жөнелтушiлердiң, тасымалдаушының және жүк алушының құқықтарын, мiндеттерi мен жауапкершiлiгiн, қауiпсiздiк, физикалық қорғау шараларын, көлiк оқиғалары мен аварияларға жол бермеу жөнiндегi келiсiлген шаралар жүйесiн, буып-түюге, таңбалауға және көлiк құралдарына қойылатын талаптарды, ықтимал авариялардың зардаптарын шектеу және жою жөнiндегi шараларды көздеуге тиiс.
Toggle Dropdown
18-бап. Пайдаланушы ұйымға қойылатын негiзгi талаптар
Toggle Dropdown
1. Пайдаланушы ұйым ядролық қондырғының, иондандырушы сәуле көзiнiң, орналастыру пунктiнiң қауiпсiздiгi үшiн, сондай-ақ ядролық материалдар мен радиоактивтi заттарды тиiстi дәрежеде пайдаланбағаны үшiн толығымен жауап бередi. Ядролық қондырғының, иондандырушы сәуле көздерiнiң, орналастыру пунктiнiң қауiпсiздiгi үшiн жауапкершiлiк аталған объектiлер басқа пайдаланушы ұйымға берiлгенге немесе жаңа лицензия алынғанға дейiн лицензияның қолданылуы тоқтатылған жағдайдың өзiнде сақталады.
Toggle Dropdown
2. Пайдаланушы ұйым:
Toggle Dropdown
атом энергиясының объектiлерiн пайдалану кезiндегi қызметтiң барлық кезеңдерiнде қауiпсiздiктi қамтамасыз етуге жететiндей қажеттi қаржыға, материалдық-техникалық және адам ресурстарына ие болуға;
Toggle Dropdown
атом энергиясын пайдаланатын объектiлердi пайдаланудан шығаруға, аумақты жаңғыртуға, радиоактивтi қалдықтарды көмуге, авариялық ахуалдың зардаптарын жоюға, адамдардың денсаулығы мен өмiрiне және қоршаған ортаға, сондай-ақ азаматтар мен ұйымдардың мүлкiне келтiрiлген зиянды өтеуге байланысты жұмыстарды атқаруға арналған шараларды қарастырып, оларды қаражатпен қамтамасыз етуге мiндеттi.
Toggle Dropdown
3. Пайдаланушы ұйым:
Toggle Dropdown
ядролық қондырғыны, иондандырушы сәуле көзiн және орналастыру пунктiн тек олар арналған мақсаттарға ғана пайдаланылуын;
Toggle Dropdown
ядролық қондырғыны, иондандырушы сәуле көзiн және орналастыру пунктiн пайдалануға берудiң, пайдаланудың және пайдаланудан шығарудың барлық кезеңдерiнде сапаны қамтамасыз ету бағдарламаларын әзiрлеу мен орындауды ұйымдастыруды және үйлестiрудi;
Toggle Dropdown
ядролық қондырғыда, иондандырушы сәуле көздерiнде және орналастыру пунктiнде авариялық дайындық шараларын және аварияға қарсы шараларды, сондай-ақ аталған объектiлер қызметкерлерi, халық және қоршаған орта үшiн авариялардың терiс салдарын азайту жөнiндегi шараларды әзiрлеу мен iске асыруды;
Toggle Dropdown
атом энергиясын пайдаланатын объектiлер қызметкерлерiнiң жеке дозаларын есепке алу және олардың өтемге құқықтарын iске асыруды қамтамасыз етеді.
Toggle Dropdown
4. Пайдаланушы ұйымның персоналы уәкілетті орган белгiлеген тәртiппен аттестаттаудан өтедi.
Toggle Dropdown
4-тарау. Атом энергиясын пайдалану саласындағы тауарлар мен қызметтiң экспорты мен импорты
Toggle Dropdown
19-бап. Атом энергиясын пайдалану саласындағы тауарлар мен қызметтiң экспорты мен импортын жүзеге асыру
Toggle Dropdown
Атом энергиясын пайдалану саласындағы тауарлар мен қызметтiң коммерциялық мақсатта берiлуiн, сатылуын немесе сатып алынуын немесе коммерциялық емес сипатта берiлуiн қамтитын экспорты мен импортына уәкiлеттi орган бақылау жасайды және олар Қазақстан Республикасының заңдарына, сондай-ақ Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық келiсiмдерге сәйкес жүзеге асырылады.
Toggle Dropdown
20-бап. Атом энергиясын пайдалану саласындағы тауарлар мен қызметтiң экспорты мен импортын жүзеге асыру тәртiбi
Toggle Dropdown
Ядролық материалдардың, технологиялардың, жабдықтар мен ядролық қондырғылардың, арнаулы ядролық емес материалдардың, иондандырушы сәуле көздерiнiң, радиоактивтi заттар мен радиоактивтi қалдықтардың экспорты мен импортын жүзеге асыру тәртiбi Қазақстан Республикасының заңдарымен белгiленедi.
Toggle Dropdown
5-тарау. Азаматтардың, қоғамдық бiрлестiктер мен ұйымдардың құқықтары мен мiндеттерi
Toggle Dropdown
21-бап. Азаматтардың, қоғамдық бiрлестiктер мен ұйымдардың атом энергиясын пайдалану саласындағы құқықтары
Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасының азаматтары, қоғамдық бiрлестiктер мен ұйымдар:
Toggle Dropdown
салынғалы отырған, жобаланып, салынып, пайдаланылып отырған және пайдаланудан шығарылатын атом энергиясын пайдалану объектiлерiнiң қауiпсiздiгi туралы, өздерiнiң тұратын немесе еңбек қызметiн жүзеге асыратын жерлерiндегi радиациялық жағдайға бақылау жасау туралы, сондай-ақ алынған сәуле дозасы туралы атом энергиясын пайдалану жөнiндегi уәкiлеттi орган мен бұқаралық ақпарат құралдары арқылы ақпарат алуға;
Toggle Dropdown
атом энергиясын пайдалану саласындағы саясатты, заң актiлерiнiң жобаларын және бағдарламаларды талқылауға қатысуға;
Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жобалық құжаттарға қоғамдық экологиялық сараптама жүргiзуге және қоршаған ортаның радиациялық жағдайына бақылау жасауға;
Toggle Dropdown
ядролық қондырғыларды сақтау және көму пункттерiн белгiленген тәртiппен танысу мақсатында барып көруге;
Toggle Dropdown
ядролық немесе радиациялық авария нәтижесiнде келтiрiлген залал мен зиянды осы аварияға жол берген пайдаланушы ұйым есебiнен өтеттiруге;
Toggle Dropdown
сәуле алудың нормативтiк шектiк мөлшерi артық болған жағдайда адам денсаулығына иондандырушы сәуленiң терiс әсерi үшiн және қосымша қатер факторлары үшiн заңдармен белгiленген тәртiппен пайдаланушы ұйым есебiнен өтем алуға құқылы.
Toggle Dropdown
22-бап. Азаматтардың, қоғамдық бiрлестiктер мен ұйымдардың атом энергиясын пайдалану саласындағы мiндеттерi
Toggle Dropdown
Азаматтар, қоғамдық бiрлестiктер мен ұйымдар атом энергиясын пайдалануды реттейтiн заңдарды сақтауға, атом энергиясын пайдалану саласындағы қауiпсiздiк нормалары мен ережелерiнiң талаптарын орындауға, сондай-ақ атом энергиясын пайдалану жөнiндегi ұйымдардың лауазымды адамдарының талаптарын орындауға мiндеттi.
Toggle Dropdown
6-тарау. Атом энергиясын пайдалану саласындағы заңдарды бұзғаны үшiн жауапкершiлiк
Toggle Dropdown
23-бап. Атом энергиясын пайдалану саласындағы нормативтiк құқықтық актiлердi бұзғаны үшiн жауапкершiлiк және дауларды шешу
Toggle Dropdown
1. Атом энергиясын пайдалану саласындағы белгiленген нормативтердiң, стандарттар мен ережелердiң бұзылуына, авариялардың пайда болуына жағдайлар мен алғышарттар жасалуына кiнәлi азаматтар, лауазымды адамдар Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауап бередi.
Toggle Dropdown
2. Ақпарат беруден негiзсiз бас тартқаны үшiн, ақпаратты қасақана бұрмалағаны үшiн немесе жасырғаны үшiн, сондай-ақ атом энергиясын пайдалану мәселелерi жөнiнде жалған ақпарат таратқаны үшiн ұйымдардың, соның iшiнде қоғамдық ұйымдардың (бiрлестiктердiң) және бұқаралық ақпарат құралдарының басшылары Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауап бередi.
Toggle Dropdown
3. Атом энергиясын пайдалану туралы заңдарды қолдану мәселелерi жөнiндегi даулар сот тәртiбiмен қаралады.
Toggle Dropdown
4. Уәкiлеттi органның шешiмiне Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен шағым берiлуi мүмкiн. Шағым беру уәкілетті орган қабылдаған шешiмнiң қолданылуын тоқтатпайды.
Toggle Dropdown
24-бап. Атом энергиясының объектiлерiн тиiстi дәрежеде пайдаланбау салдарынан келтiрiлген зиянды өтеу
Toggle Dropdown
1. Атом энергиясының объектiлерiн тиiстi дәрежеде пайдаланбау салдарынан азаматтардың денсаулығына, сондай-ақ олардың қайтыс болуына байланысты келтiрiлген зиян зардап шегушiнiң еңбек қабiлетiн жоғалту дәрежесi, оны емдеуге, денсаулығын қалпына келтiруге, науқасқа күтiм жасауға жұмсалатын шығындар, Қазақстан Республикасының Заңдарына сәйкес тағайындалған жәрдемақылар ескерiле отырып, зиян келтiрушiнiң есебiнен толық көлемiнде өтелуге тиiс.
Toggle Dropdown
2. Заңды және жеке тұлғалар ұйымдар мен азаматтардың атом энергиясын тиiстi дәрежеде пайдаланбауына байланысты, мүлiктiк шығындарды және меншiк нысанына қарамастан ұйымдарға, авариялық-құтқару мен атом энергиясы объектiлерiн тиiстi дәрежеде пайдаланбау зардаптарын жоюға қатысушы жеке адамдарға жұмсалған шығындарды зиян келтiрушiлерден заңдарда белгiленген тәртiп бойынша толық өтеудi талап етуге құқылы.
Toggle Dropdown
3. Атом энергиясы объектiлерiнiң тиiстi дәрежеде пайдаланылмауына кiнәлі заңды және жеке тұлғалар жердi жаңғырту мен жердiң табиғи құнарлылығын қалпына келтiруге жұмсалатын шығындарды қоса алғанда, жерге, суға, өсiмдiктер мен жануарлар дүниесiне келтiрiлген зиянды заңдарда белгiленген тәртiп бойынша өтеуге мiндеттi.
Toggle Dropdown
7-тарау. Халықаралық шарттар
Toggle Dropdown
25-бап. Атом энергиясын пайдалану саласындағы халықаралық шарттар
Toggle Dropdown
Егер Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шартта атом энергиясын пайдалану туралы Қазақстан Республикасының заңдарындағыдан өзгеше ережелер белгiленсе, халықаралық шарттың ережелерi қолданылады.
Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасының Президентi