Осы Заңда мынадай негiзгi ұғымдар пайдаланылады:
Отправить по почте
Өсімдіктерді қорғау туралы Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 3 шілдедегі № 331-II Заңы
Құжат мәтініндегі «(улы химикаттарды)», «(улы химикаттар)», «(улы химикаттардың)» және «(улы химикаттың)» деген сөздер алынып тасталды ҚР 28.10.2019 жылғы № 268-VІ Заңына сәйкес (28.12.2018 ж. редакцияны қараңыз)
Редакция 08.06.2024 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
1-тарау. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР
1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негiзгi ұғымдар
1-бап өзгертілді ҚР 09.07.2004 жылғы №584 Заңымен (03.06.2002ж. редакцияны қараңыз)(алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) 1-бап өзгертілді ҚР 29.12.2006 жылғы №209 Заңымен (31.12.2006ж. редакцияны қараңыз)(алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі)
Осы Заңда мынадай негiзгi ұғымдар пайдаланылады:
1) арнаулы сақтау орындары (көмiндiлер) - тыйым салынған немесе жарамсыз болып қалған пестицидтердi, сондай-ақ олардың ыдыстарын кейіннен кәдеге жарату немесе жою арқылы қауіпсіз сақтауға арналған сақтау орындары;
1-тармақша өзгертілді ҚР 10.01.2011 жылғы №383-IV Заңымен (06.01.2011 ж. редакцияны қараңыз)(алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік 10(он) күн өткен соң қолданысқа енгізіледі)
2) арнаулы техника - пестицидтердi қолдануға арналған құрылғы және (немесе) жабдық;
3) ауыл шаруашылық мақсатындағы объектiлер - ауыл шаруашылық және өзге де жерлер, өсiмдiк шаруашылығы өнiмiн өндiруге, сақтауға және қайта өңдеуге арналған астық сақтау орындары, көкөнiс сақтау орындары, қоймалар, ашық алаңдар, өндiрiстiк және өзге де үй-жайлар;
4) аса қауiптi зиянды организмдер – оқтын-оқтын жаппай көбеюге және таралуға бейiм, экономикалық, экологиялық залал келтiретiн және уәкілетті орган бекiтетiн аса қауiптi зиянды организмдер тiзбесiне енгiзiлген зиянкестер мен өсiмдiктер аурулары;
4-тармақша өзгертілді ҚР 29.09.2014 жылғы № 239-V Заңымен (05.07.2014 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 02.10.2014 жылы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
4-1) биоагенттер – табиғи жағдайларда көбейетін, зиянды, аса қауіпті зиянды организмдердің, сондай-ақ карантинді объектілердің тіршілік әрекетін жоятын және (немесе) басатын, өсімдіктерді қорғау мақсатында қолданылатын организмдер;
1-бап 4-1-тармақшамен толықтырылды ҚР 28.10.2019 жылғы № 268-VІ Заңына сәйкес (өзгерту 16.11.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
5) зиянды организмдер - топыраққа, өсiмдiкке және ауыл шаруашылық өнiмiне терiс әсер ететiн зиянкестер, арамшөптер және өсiмдiктердiң аурулары;
6) зиян тигiзудiң экономикалық шегi - зиянды және ерекше қауiптi зиянды организмдердiң өсiмдiк шаруашылығы өнiмiнiң ысырабын туғызатын, фитосанитариялық iс-шараларды жүргiзудi қажет ететiн саны;
7) өсімдіктерді қорғау саласындағы мемлекеттік бақылау (бұдан әрі – мемлекеттік фитосанитариялық бақылау) – уәкілетті орган ведомствосының және оның аумақтық бөлімшелерінің жеке және заңды тұлғалар, сондай-ақ лауазымды адамдар қызметін Қазақстан Республикасының өсімдіктерді қорғау туралы заңнамасының талаптарына сәйкестігі тұрғысынан тексеру және байқау жөніндегі қызметі;
7-тармақша өзгертілді ҚР 05.07.2011 жылғы №452-IV Заңымен (10.01.2011 ж. редакцияны қараңыз)(алғашқы ресми жарияланғаннан кейін 3 (үш) ай өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 7-тармақша өзгертілді ҚР 29.09.2014 жылғы № 239-V Заңымен (05.07.2014 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 02.10.2014 жылы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды 7-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР 28.10.2019 жылғы № 268-VІ Заңына сәйкес (28.12.2018 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 16.11.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі) 7-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР 06.04.2024 жылғы № 71-VIII Заңына сәйкес (19.04.2023 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 08.06.2024 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
8) өсiмдiктердi қорғау - өсiмдiк шаруашылығы өнiмiнiң зиянды және ерекше қауiптi зиянды организмдерден ысырабын болғызбау мақсатымен фитосанитариялық мониторинг әдiстерiн, фитосанитариялық iс-шараларды әзiрлеуге және практикада қолдануға бағытталған қызмет саласы;
8-1) өсімдіктерді қорғау құралдары – өсімдіктерді қорғау мақсатында қолданылатын пестицидтер, биоагенттер, сондай-ақ техникалық және басқа да құралдар;
1-бап 8-1-тармақшамен толықтырылды ҚР 28.10.2019 жылғы № 268-VІ Заңына сәйкес (өзгерту 16.11.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
9) өсiмдiк шаруашылығы өнiмi - халықтың - тамақ өнiмдерiне, мал шаруашылығының - жемшөпке және өнеркәсiптiң шикiзатқа деген қажеттерiн қанағаттандыруға арналған өнiм;
10) пестицидтер – зиянды және аса қауіпті зиянды организмдерге, карантинді объектілер мен бөтен текті түрлерге, сақталатын ауыл шаруашылығы өнімінің зиянкестеріне қарсы күрес үшін, сондай-ақ тұқымдарды дәрілеу, егінді жинау алдында құрғатып алу, жапырақтарды түсіру және өсімдіктердің өсуін реттеу үшін пайдаланылатын химиялық және (немесе) биологиялық препараттар (инсектицидтер, родентицидтер, фунгицидтер, гербицидтер, өнуге қарсы құралдар және өсімдіктердің өсуін реттеушілер, дефиолианттар, десиканттар);
10-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР 28.10.2019 жылғы № 268-VІ Заңына сәйкес (28.12.2018 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 16.11.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
11) пестицидтердi залалсыздандыру - тыйым салынған немесе жарамсыз болып қалған пестицидтердi және олардың ыдыстарын, сондай-ақ пайдаланылған пестицидтердің ыдыстарын Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес кәдеге жаратуға, жоюға бағытталған iс-шаралар;
11-тармақша өзгертілді ҚР 10.01.2011 жылғы №383-IV Заңымен (06.01.2011 ж. редакцияны қараңыз)(алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) 11-тармақша өзгертілді ҚР 28.10.2019 жылғы № 268-VІ Заңымен (28.12.2018 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 16.11.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
12) пестицидті мемлекеттік тіркеу – нәтижесі бойынша тіркелушіге (өтініш берушіге) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес пестицидке арналған тіркеу куәлігі берілетін рәсім;
12-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР 28.10.2019 жылғы № 268-VІ Заңына сәйкес (28.12.2018 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 16.11.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
13) пестицидтердiң бастапқы компоненттерi - пестицидтердi өндiруге арналған химиялық және басқа да заттар;
14) пестицидтердiң қалдық мөлшерi - өсiмдiк шаруашылығы өнiмi мен қоршаған орта объектiлерiндегi пестицидтер құрамының мөлшерлiк көрсеткiшi, олардың адам мен жануарларға қауiпсiздiгi осы көрсеткiш арқылы бағаланады;
14-тармақша өзгертілді ҚР 17.07.2009 жылғы №189-IV Заңымен (12.01.20007ж. редакцияны қараңыз)(алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік 21(жиырма бір) күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.)
15) пестицидтердi өндiру (формуляциялау) - бастапқы компоненттердiң негiзiнде пестицидтер дайындаудың технологиялық процесi;
15-1) пестицидтерді уақытша тіркеу – пестицидтерді уақытша мемлекеттік тіркеу;
1-бап 15-1-тармақшамен толықтырылды ҚР 15.06.2017 жылғы № 73-VІ Заңына сәйкес (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 19.06.2017 жылы № 115 (28494) „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
16) пестицидтер тізімі – Қазақстан Республикасының аумағында өндіруге (формуляциялауға), әкелуге, сақтауға, тасымалдауға, өткізуге және қолдануға рұқсат етілген тіркелген пестицидтер тізбесі;
16-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР 28.10.2019 жылғы № 268-VІ Заңына сәйкес (28.12.2018 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 16.11.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
16-1) пестицидтерді тіркеу (ұсақмөлдекті және өндірістік) сынақтары – ұсақмөлдекті тәжірибелерде және өндірістік жағдайларда жүзеге асырылатын, пестицидтерді биологиялық, шаруашылық, уыттылық, гигиеналық және экологиялық бағалауды қамтитын, пестицидтерді тіркеу (ұсақмөлдекті және өндірістік) сынақтарынан өткізу және мемлекеттік тіркеу қағидаларына сәйкес пестицидтерді пайдалану тиімділігі мен қауіпсіздігін растау рәсімі;
1-бап 16-1-тармақшамен толықтырылды ҚР 05.07.2011жылғы №452-IV Заңымен (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін 3 (үш) ай өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 16-1-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР 28.10.2019 жылғы № 268-VІ Заңына сәйкес (28.12.2018 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 16.11.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
17) өсімдіктерді қорғау саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі - уәкілетті орган) - өсімдіктерді қорғау саласындағы басшылықты, сондай-ақ өз өкілеттігі шегінде салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;
17-тармақша өзгертілді ҚР 17.07.2009 жылғы №189-IV Заңымен (12.01.20007 ж. редакцияны қараңыз)(алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік 21(жиырма бір) күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.) 17-тармақша өзгертілді ҚР 13.06.2013 жылғы № 102-V Заңымен ( 10.07.2012 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) 14.06.2013 жылғы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды.
17-1) тіркелуші (өтініш беруші) – пестицидтерді тіркеу (ұсақмөлдекті және өндірістік) сынақтарынан өткізуге, сондай-ақ тіркеу куәлігін алу үшін пестицидтерді мемлекеттік тіркеуге өтініш берген жеке немесе заңды тұлға;
1-бап 17-1-тармақшамен толықтырылды ҚР 28.10.2019 жылғы № 268-VІ Заңына сәйкес (өзгерту 16.11.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
18) фитосанитариялық ахуал - ауылшаруашылық мақсатындағы объектiлердiң зиянды және ерекше қауiптi зиянды организмдердiң санымен және зиян тигiзуiмен анықталатын қалыптасқан жай-күйi;
19) фитосанитариялық болжам - фитосанитариялық iс-шараларды жүргiзудiң мерзiмдерi мен көлемдерiн жоспарлау мақсатында зиянды және ерекше қауiптi зиянды организмдердiң ықтимал таралуы мен дамуы дәрежесiн алдын ала айқындау;
20) фитосанитариялық мониторинг - зиянды және ерекше қауiптi зиянды организмдердi зерттеудi, байқауды, олардың дамуы мен таралуын есепке алуды, сондай-ақ осылардың негiзiнде фитосанитариялық болжам әзiрлеудi қамтитын iс-шаралар жүйесi;
21) фитосанитариялық нормативтер - фитосанитариялық iс-шаралар көлемiн анықтау үшiн пайдаланылатын белгiленген шамалар параметрлерi;
22) фитосанитариялық іс-шаралар – зиянды және аса қауіпті зиянды организмдерді жоюды және (немесе) олардың саны мен зиян тигізуін зиян тигізудің экономикалық шегінен төмен етіп азайтуды қамтамасыз ететін шаралар кешені.
22-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР 28.10.2019 жылғы № 268-VІ Заңына сәйкес (28.12.2018 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 16.11.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
2-бап. Қазақстан Республикасының өсiмдiктердi қорғау туралы заңдары
1. Қазақстан Республикасының өсiмдiктердi қорғау туралы заңдары Қазақстан Республикасының Конституциясына негiзделедi және осы Заң мен Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк құқықтық актерлерiнен тұрады.
2. Егер Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шартта осы Заңдағыдан өзгеше ережелер белгiленсе, халықаралық шарттың ережелерi қолданылады.
3-бап. Өсiмдiктердi қорғау саласындағы мемлекеттiк саясаттың негiзгi мiндеттерi
Өсiмдiктердi қорғау саласындағы мемлекеттiк саясаттың негiзгi мiндеттерi:
1) мемлекеттің азық-түлiк қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету;
1-тармақша өзгертілді ҚР 17.07.2009 жылғы №189-IV Заңымен (12.01.20007 ж. редакцияны қараңыз)(алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік 21(жиырма бір) күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.)
2) қолайлы фитосанитариялық ахуалды қамтамасыз ету;
3) фитосанитариялық iс-шараларды жүргiзу кезiнде пестицидтердiң адамдардың денсаулығына зиянды әсерiнiң, ауыл шаруашылық өнiмi, қоршаған орта ластануының алдын алу және оларды болдырмау болып табылады.
2-тарау. ӨСIМДIКТЕРДI ҚОРҒАУ САЛАСЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТIК РЕТТЕУ
4-бап. Қазақстан Республикасының мемлекеттiк өсiмдiктер қорғау жүйесi
Қазақстан Республикасының мемлекеттiк өсiмдiктер қорғау жүйесiне:
1) Қазақстан Республикасының Үкiметii;
2) уәкілетті орган, уәкілетті органның ведомствосы және оның аумақтық бөлімшелері;
2-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР 28.10.2019 жылғы № 268-VІ Заңына сәйкес (28.12.2018 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 16.11.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
3) облыстардың (республикалық маңызы бар қалалардың, астананың) жергілікті атқарушы органдары;
3-тармақша өзгертілді ҚР 20.12.2004 жылғы №13 Заңымен (03.06.2002ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту қолданысқа енгізіледі 01.01.2005 жылдан бастап) 3-тармақша өзгертілді ҚР 17.07.2009 жылғы №189-IV Заңымен (12.01.20007 ж. редакцияны қараңыз)(алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік 21(жиырма бір) күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.) 3-тармақша өзгертілді ҚР 28.12.2018 жылғы № 210-VІ Заңымен (05.10.2018 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 15.01.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
4) өсiмдiктердi қорғау саласындағы қызметтi жүзеге асыратын мемлекеттiк ұйымдар;
5) мемлекеттiк фитосанитариялық бақылауға жататын объектiлердi пайдаланатын жеке және заңды тұлғалар енедi.
5-бап. Алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
5-бап өзгертілді ҚР 20.12.2004 жылғы №13 Заңымен (03.06.2002ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту қолданысқа енгізіледі 01.01.2005 жылдан бастап) 5-бап өзгертілді ҚР 29.12.2006 жылғы №209 Заңымен (31.12.2006ж. редакцияны қараңыз)(алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) 5-бап өзгертілді ҚР 05.07.2011 жылғы №452-IV Заңымен (10.01.2011 ж. редакцияны қараңыз)(алғашқы ресми жарияланғаннан кейін 3 (үш) ай өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 5-бап өзгертілді ҚР 03.07.2013 жылғы № 124-V Заңымен (13.06.2013 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 05.07.2013 жылғы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды 5-бап өзгертілді ҚР 29.09.2014 жылғы № 239-V Заңымен (05.07.2014 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 02.10.2014 жылы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды 5-бап алынып тасталды ҚР 19.04.2023 жылғы № 223-VII Заңымен (21.05.2022 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 01.05.2023 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
6-бап. Уәкілетті органның құзыреті
6-бап өзгертілді ҚР 17.07.2009жылғы №189-IV Заңымен (12.01.2007 ж. редакцияны қараңыз)(алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік 21(жиырма бір) күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) 6-бап өзгертілді ҚР 09.07.2004 жылғы №584 Заңына сәйкес (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) 6-бап өзгертілді ҚР 05.07.2011 жылғы №452-IV Заңымен (10.01.2011 ж. редакцияны қараңыз)(алғашқы ресми жарияланғаннан кейін 3 (үш) ай өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 6-бап өзгертілді ҚР 19.03.2010 жылғы №258-IV Заңымен (17.07.2009 ж. редакцияны қараңыз)(алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.) 6-бап өзгертілді ҚР 03.07.2013 жылғы № 124-V Заңымен (13.06.2013 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 05.07.2013 жылғы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды 6-бап өзгертілді ҚР 29.09.2014 жылғы № 239-V Заңымен (05.07.2014 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 02.10.2014 жылы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
Эта возможность доступна только для зарегистрированных пользователей. Пожалуйста, войдите или зарегистрируйтесь. |
|
Регистрация |