• Мое избранное
Міндетті экологиялық сақтандыру туралы

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца
  • 11

Мiндетті экологиялық сақтандыру туралы Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 13 желтоқсандағы N 93-III Заңы

Осы Заңға өзгеріс енгізу қарастырылады - ҚР 12.07.2022 № 138-VII Заңына сәйкес (өзгерту 12.09.2022, 01.01.2024 жылдардан бастап қолданысқа енгізіледі)
Осы Заңға өзгеріс енгізу қарастырады - ҚР 09.01.2026 жылғы № 256-VIII Заңына сәйкес (өзгерту 11.07.2026 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі) 
Осы Заңға өзгеріс енгізу қарастырады - ҚР 16.01.2026 жылғы № 259-VIII Заңына сәйкес (өзгерту 01.01.2027 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Редакция 16.12.2020 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен 
Осы Заң міндетті экологиялық сақтандыру саласында туындайтын қоғамдық қатынастарды реттейді және оны жүргізудің құқықтық, экономикалық және ұйымдық негiздерiн белгiлейдi.
1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негiзгi ұғымдар
Осы Заңда мынадай негiзгi ұғымдар пайдаланылады:
1) тармақша алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
1-тармақша алынып тасталды ҚР 02.01.2021 жылғы № 401-VI Заңы​на сәйкес (03.07.2019 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 01.07.2021 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1-1) авария – ғимараттардың, құрылысжайлардың және (немесе) техникалық құрылғылардың қирауы, бақыланбайтын жарылыс және (немесе) қауіпті (зиянды) заттардың шығарындысы;
1-бап 1-1-тармақпен толықтырылды ҚР 02.01.2021 жылғы № 401-VI Заңы​на сәйкес (өзгерту 01.07.2021 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
  • 1
2) тармақша алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
2-тармақша алынып тасталды ҚР 02.01.2021 жылғы № 401-VI Заңы​на сәйкес (03.07.2019 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 01.07.2021 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
3) міндетті экологиялық сақтандыру – авария нәтижесінде экологиялық залал келтіру салдарынан туындайтын міндеттемелер бойынша азаматтық-құқықтық жауапкершілік басталған кезде жеке және (немесе) заңды тұлғалардың (сақтандырылушылардың) заңды мүдделерін мүліктік қорғау жөніндегі қатынастар кешені;
3-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР 02.01.2021 жылғы № 401-VI Заңы​на сәйкес (03.07.2019 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 01.07.2021 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
4) міндетті экологиялық сақтандыру шарты - сақтандырушы мен сақтанушының арасында осы Заңда белгіленген талаптармен жасалатын шарт ;
5) пайда алушы - осы Заңға сәйкес сақтандыру төлемін алушы болып табылатын тұлға ;
6) сақтандыру жағдайы - басталуына орай міндетті экологиялық сақтандыру шарты сақтандыру төлемін жүзеге асыруды көздейтін оқиға;
6-1) сақтандыру омбудсманы – «Сақтандыру қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес сақтандыру нарығына қатысушылар арасындағы келіспеушіліктерді реттеудi жүзеге асыратын, өз қызметiнде тәуелсiз жеке тұлға;
1-бап 6-1-тармақшамен толықтырылды ҚР 02.07.2018 жылғы № 166-VІ Заңына сәйкес (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 04.07.2018 жылы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
7) сақтандыру сомасы - міндетті экологиялық сақтандыру объектісі сақтандырылған және сақтандыру жағдайы басталған кезде сақтандырушы жауапкершілігінің шекті көлемін білдіретін ақша сомасы;
8) сақтандыру сыйлықақысы - сақтандырушы міндетті экологиялық сақтандыру шартында белгіленген мөлшерде пайда алушыға сақтандыру төлемін жүргізуге міндеттеме қабылдағаны үшін сақтанушының сақтандырушыға төлеуге міндетті ақша сомасы;
9) сақтандыру төлемі - сақтандыру жағдайы басталған кезде сақтандырушы пайда алушыға сақтандыру сомасы шегінде төлейтін ақша сомасы;
10) сақтандырушы - сақтандыру ұйымы ретінде тіркелген және сақтандыру қызметін жүзеге асыру құқығына лицензиясы бар, сақтандыру жағдайы басталған кезде пайда алушыға шартта айқындалған сақтандыру сомасы шегінде сақтандыру төлемін жүргізуге міндетті заңды тұлға;
11) сақтандырылушы - өзіне қатысты міндетті экологиялық сақтандыру жүзеге асырылатын тұлға;
12) сақтанушы - шаруашылық және өзге де қызметтің экологиялық қауіпті түрлерін жүзеге асыратын, сақтандырушымен міндетті экологиялық сақтандыру шартын жасасқан жеке және (немесе) заңды тұлға;
13) үшінші тұлғалар – міндетті экологиялық сақтандырудан туындайтын рәсімдерге тартылған құқықтық қатынастар субъектілері;
13-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР 02.01.2021 жылғы № 401-VI Заңы​на сәйкес (03.07.2019 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 01.07.2021 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
14) уәкілетті орган - қоршаған ортаны қорғау саласындағы орталық атқарушы орган және оның аумақтық бөлімшелері;
15) шаруашылық және өзге де қызметтің экологиялық қауіпті түрлерін жүзеге асыратын жеке және (немесе) заңды тұлғалардың азаматтық-құқықтық жауапкершілігі – шаруашылық және өзге де қызметтің экологиялық қауіпті түрлерін жүзеге асыратын жеке және (немесе) заңды тұлғалардың авария салдарынан келтірілген экологиялық залалды жою жөніндегі міндеті;
15-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР 02.01.2021 жылғы № 401-VI Заңы​на сәйкес (03.07.2019 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 01.07.2021 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
16) шаруашылық және өзге де қызметтің экологиялық қауіпті түрі – жеке және (немесе) заңды тұлғалардың авария болған жағдайда салдарынан экологиялық залал келтірілуі мүмкін қызметі.
16-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР 02.01.2021 жылғы № 401-VI Заңы​на сәйкес (03.07.2019 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 01.07.2021 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
  • 1
2-бап. Қазақстан Республикасының міндетті экологиялық сақтандыру туралы заңнамасы
1. Қазақстан Республикасының міндетті экологиялық сақтандыру туралы заңнамасы Қазақстан Республикасының Конституциясына негізделеді және Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексінен, Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінен, осы Заңнан және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерінен тұрады.
1-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР 02.01.2021 жылғы № 401-VI Заңы​на сәйкес (03.07.2019 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 01.07.2021 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
2. Осы Заң "Қызметі үшінші тұлғаларға зиян келтіру қаупімен байланысты объектілер иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру туралы" Қазақстан Республикасының Заңымен реттелген құқық қатынасына қолданылмайды.
3. Егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шартта осы Заңда көзделгеннен өзгеше ережелер белгіленсе, онда халықаралық шарттың ережелері қолданылады.
4. Осы Заңның сақтандырушыға, оның ішінде сақтандыру ұйымына қатысты қолданылатын ережелері Қазақстан Республикасының аумағында ашылған Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру ұйымдарының филиалдарына қолданылады.
2-бап 4-тармақпен толықтырылды ҚР 02.01.2021 жылғы № 399- VI Заңына сәйкес (өзгерту 16.12.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
3-бап. Міндетті экологиялық сақтандыру объектісі
3-бап жаңа редакцияда жазылды ҚР 02.01.2021 жылғы № 401-VI Заңы​на сәйкес (03.07.2019 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 01.07.2021 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Шаруашылық және өзге де қызметтің экологиялық қауіпті түрлерін жүзеге асыратын тұлғаның Қазақстан Республикасының экология заңнамасында белгіленген, авария салдарынан келтірілген экологиялық залалды жою жөніндегі міндетіне байланысты мүліктік мүддесі міндетті экологиялық сақтандыру объектісі болып табылады.
4-бап. Міндетті экологиялық сақтандырудың мақсаты және негізгі принциптері
1. Міндетті экологиялық сақтандырудың мақсаты шаруашылық және өзге де қызметтің экологиялық қауіпті түрлерін жүзеге асыру кезінде авария салдарынан табиғи ортаның құрамдастарына келтірілген экологиялық залалды жоюды қамтамасыз ету болып табылады.
1-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР 02.01.2021 жылғы № 401-VI Заңы​на сәйкес (03.07.2019 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 01.07.2021 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
2. Міндетті экологиялық сақтандырудың негізгі принциптері:
2-тармақ өзгертілді ҚР 02.01.2021 жылғы № 401-VI Заңымен (03.07.2019 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 01.07.2021 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
2-тармақ өзгертілді ҚР 12.07.2022 № 138-VII Заңымен (02.01.2021 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 12.09.2022 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
осы Заңда белгіленген көлемде және тәртіппен экологиялық залалды өтеу;
тараптардың міндетті экологиялық сақтандыру шарты бойынша өз міндеттемелерін атқаруын қамтамасыз етуі;
экологиялық залал келтіруді болғызбауды экономикалық ынталандыру болып табылады.
4-1-бап. Мiндетті экологиялық сақтандыруды жүзеге асырудың ерекшеліктері
4-1-бап толықтырылды ҚР 30.12.2009  жылғы №234-IV Заңымен (26.05.2008 ж. редакцияны қараңыз)
1. Тармақ алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
1-тармақ алынып тасталды ҚР 27.04.2015 жылғы № 311-V Заңымен (03.07.2014 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 29.04.2015 жылы № 79 (28557) „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
2. Бәсекелестікті шектеуге немесе жоюға, аудиторлық ұйымдардың жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шарттарын жасасу бойынша бір сақтандырушыларға басқаларының алдында негізсіз артықшылықтар беруге немесе алуға, сақтанушылардың құқықтары мен заңды мүдделеріне нұқсан келтіруге бағытталған қызметке жол берілмейді.
  • 1
5-бап. Азаматтық-құқықтық жауапкершілігі міндетті экологиялық сақтандыруға жататын тұлғалар
Шаруашылық және өзге де қызметтің экологиялық қауіпті түрлерін жүзеге асыратын жеке және (немесе) заңды тұлғалардың азаматтық-құқықтық жауапкершілігі міндетті экологиялық сақтандыруға жатады.
Шаруашылық және өзге де қызметтің экологиялық қауіпті түрлерінің тізбесін уәкілетті орган айқындайды.
5-баптың екінші бөлігі жаңа редакцияда жазылды ҚР 24.05.2018 жылғы № 156-VІ Заңына сәйкес (27.04.2015 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 28.05.2018 жылы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
6-бап. Міндетті экологиялық сақтандыру саласындағы мемлекеттік бақылау мен қадағалау
6-бап өзгертілді ҚР 05.07.2012 жылғы №30-V Заңымен (30.12.2009 ж. редакцияны қараңыз)
1. Шаруашылық және өзге де қызметтің экологиялық қауіпті түрлерін жүзеге асыратын жеке және (немесе) заңды тұлғалардың осы Заңда белгіленген міндетті экологиялық сақтандыру шартын жасасу жөніндегі міндеттерді орындауына мемлекеттік бақылауды уәкілетті орган жүзеге асырады.
2. Сақтандыру ұйымдарының қызметін мемлекеттік бақылау мен қадағалауды Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті орган жүзеге асырады.
2-тармақ өзгертілді ҚР 03.07.2019 жылғы № 262-VІ Заңымен (02.07.2018 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 01.01.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
6-1 бап. Ақпараттық өзара іс-қимыл жасау
Осы Заң 6-1-баппен толықтырылды ҚР 02.07.2018 жылғы № 166-VІ Заңына сәйкес (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 04.07.2018 жылы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
6-1-бап жаңа редакцияда жазылды ҚР 02.01.2021 жылғы № 401-VI Заңы​на сәйкес (03.07.2019 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 01.07.2021 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Авария салдарынан экологиялық залал келтірілген жағдайлар мен оның салдары туралы ақпаратқа ие уәкілетті орган және оның аумақтық бөлімшелері, прокуратура органдары, өзге де мемлекеттік органдар мен ұйымдар осы ақпаратты сақтандырушыға, сақтанушыға (пайда алушыға), сақтандыру омбудсманына олар өтініш жасаған кезде беруге міндетті.
7-бап. Міндетті экологиялық сақтандыру шарты және оны жасасу тәртібі
  • 1
1. Міндетті экологиялық сақтандыру сақтандырушы мен сақтанушы арасында осы Заңға, Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне және Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексіне сәйкес жасалатын шарт негізінде жүзеге асырылады.
1-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР 02.01.2021 жылғы № 401-VI Заңы​на сәйкес (03.07.2019 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 01.07.2021 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Шаруашылық және өзге де қызметтің экологиялық қауіпті түрлерін жүзеге асыратын жеке және (немесе) заңды тұлғалар өз қызметін міндетті экологиялық сақтандыру шартын жасаспай жүзеге асыруға құқылы емес.
Шаруашылық және өзге де қызметтің экологиялық қауіпті түрін сол бір объектінің екі және одан көп иесі жүзеге асырған кезде міндетті экологиялық сақтандыру шарты сақтандыру полисінде объектінің барлық иелерін сақтандырылушылар ретінде көрсете отырып, олардың кез келгенімен жасалады.
2. Міндетті экологиялық сақтандыру шартында сақтандырылушы шаруашылық және өзге де қызметтің экологиялық қауіпті түрлерін жүзеге асырған кезде авария нәтижесінде келтірілген экологиялық залал салдарынан туындаған міндеттемелер бойынша сақтандыру төлемін жүзеге асыру көзделеді.
2-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР 02.01.2021 жылғы № 401-VI Заңы​на сәйкес (03.07.2019 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 01.07.2021 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
3. Міндетті экологиялық сақтандыру шарты міндетті сақтандырудың осы түрі (сыныбы) бойынша қызметті жүзеге асыру құқығына лицензиясы бар сақтандырушымен ғана жасалуға тиіс.
3-тармақ өзгертілді ҚР 12.07.2022 № 138-VII Заңымен (02.01.2021 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 12.09.2022 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Сақтанушы сақтандырушыны таңдауға ерікті.

Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларды қоспағанда, сақтандырушы сақтанушыға міндетті экологиялық сақтандыру шартын жасасудан бас тартуға құқылы емес.
4. Міндетті экологиялық сақтандыру шарты сақтандырушының сақтандыру полисін электрондық нысанда ресімдеуі арқылы жасалады.
4-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР 02.07.2018 жылғы № 166-VІ Заңына сәйкес (24.05.2018 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 01.01.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Сақтанушының өтініші міндетті экологиялық сақтандыру шартын жасасу үшін негіз болып табылады.
Міндетті экологиялық сақтандыру шартында көрсетуге жататын талаптардың толық болмағаны үшін сақтандырушы жауапты болады.
Міндетті экологиялық сақтандыру шарты бойынша оның жекелеген талаптарының толық болмауы салдарынан дау туындаған жағдайда, дау сақтанушының пайдасына шешіледі.
4-1. Сақтанушының қалауы бойынша міндетті экологиялық сақтандыру шарты сақтандырушыға жазбаша жүгіну не сақтанушы мен сақтандырушы арасында электрондық ақпараттық ресурстар алмасу арқылы жасалуы мүмкін.
7-бап 4-1-тармақпен толықтырылды ҚР 02.07.2018 жылғы № 166-VІ Заңына сәйкес (өзгерту 01.01.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
4-1-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР 12.07.2022 № 138-VII Заңына сәйкес (02.01.2021 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 12.09.2022 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
5. Сақтандыру полисі, Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 826-бабында тізбелеп көрсетілген талаптардан басқа, сақтандырушының бір сақтандыру жағдайы бойынша жауапкершілігінің шекті көлемінің мөлшерін қамтуға тиіс.
5-тармақ өзгертілді ҚР 02.07.2018 жылғы № 166-VІ Заңымен (24.05.2018 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 01.01.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Міндетті экологиялық сақтандыру бойынша сақтандыру полисінің мазмұны мен оны ресімдеу жөніндегі талаптар Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленеді.
6. Тармақ алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
6-тармақ алынып тасталды ҚР 02.01.2021 жылғы № 401-VI Заңы​на сәйкес (03.07.2019 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 01.07.2021 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
7-1-бап 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап келесі редакцияда қолданылады ҚР 12.07.2022 № 138-VII Заңына сәйкес: Мәтінді көрсету
7-1-бап. Мiндеттi экологиялық сақтандыру шартын электрондық нысанда жасасу кезінде сақтандырушы мен интернет-ресурстарға қойылатын талаптар
Осы Заң 7-1-баппен толықтырылды ҚР 02.07.2018 жылғы № 166-VІ Заңына сәйкес (өзгерту 01.01.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1. Мiндеттi экологиялық сақтандыру шартын электрондық нысанда жасасу кезінде сақтандырушының интернет-ресурсы сақтанушы (сақтандырылушы, пайда алушы) мен сақтандырушы арасында электрондық ақпараттық ресурстар алмасу үшін пайдаланылады.
Мiндеттi экологиялық сақтандыру шартын электрондық нысанда жасасу үшін өтініш беру кезінде сақтанушыдан мамандандырылған бағдарламалық қамтылымды пайдалану талап етілмейді.  
Міндетті экологиялық сақтандыру шарттарын электрондық нысанда жасасу үшін пайдаланылатын сақтандыру ұйымдары интернет-ресурстарының тізбесі дерекқорды қалыптастыру және жүргізу жөніндегі ұйымның интернет-ресурсында орналастырылады.
2. Сақтанушы (сақтандырылушы, пайда алушы) мен сақтандырушы арасында электрондық ақпараттық ресурстар алмасу тәртібі қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленеді.
2-тармақ өзгертілді ҚР 03.07.2019 жылғы № 262-VІ Заңымен (02.07.2018 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 01.01.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
3. Мiндетті экологиялық сақтандыру шартын сақтандырушының интернет-ресурсын пайдалана отырып жасасқан кезде сақтандырушы:
1) сақтанушыға мiндеттi экологиялық сақтандыру шартын жасасу не оны жасасудан бас тарту (бас тарту себептерін көрсете отырып) туралы хабарламаның электрондық хабар түрінде дереу жөнелтілуін;
2) сақтанушының мiндеттi экологиялық сақтандыру шарты бойынша ақпаратты дерекқорды қалыптастыру және жүргізу жөніндегі ұйымның ақпараттық жүйесі арқылы тексеру мүмкіндігін;
3) сақтанушы үшін сақтандырушының интернет-ресурсына тәулік бойы қол жеткізуді қамтамасыз ете отырып, мiндеттi экологиялық сақтандыру шартының электрондық нысанда сақталуын;  
4) сақтанушыға (сақтандырылушыға, пайда алушыға):
4-тармақша өзгертілді ҚР 02.01.2021 жылғы № 401-VI Заңымен (03.07.2019 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 01.07.2021 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
мәліметтерді өзгерту, мiндеттi экологиялық сақтандыру шартын қайта ресімдеу;
мiндеттi экологиялық сақтандыру шартын мерзімінен бұрын тоқтату;
сақтандыру жағдайының басталғаны туралы хабардар ету;
авария салдарынан келтірілген экологиялық залалдың мөлшеріне бағалау жүргізу;
сақтандыру төлемін алу үшін қажетті ақпаратты (өтінішті, хабарламаны және (немесе) өзге құжаттарды, мәліметтерді) электрондық нысанда жасау және сақтандырушыға жөнелту мүмкіндігін қамтамасыз етуге міндетті.
Мiндеттi экологиялық сақтандыру шартын жасасу туралы хабарлама сақтандыру бойынша бірыңғай дерекқорды қалыптастыру және жүргiзу жөніндегі ұйымнан жіберіледі.
Мiндеттi экологиялық сақтандыру шартын жасасу туралы хабардар ету тәртібіне және хабарламаның мазмұнына қойылатын талаптарды қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті орган айқындайды.
3-тармақтың үшінші бөлігі өзгертілді ҚР 03.07.2019 жылғы № 262-VІ Заңымен (02.07.2018 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 01.01.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
4. Мiндеттi экологиялық сақтандыру шартын сақтандырушының интернет-ресурсын пайдалана отырып жасасу кезінде, егер міндетті экологиялық сақтандыру шартында өзгеше көзделмесе, сақтанушы осы сақтандыру шартын сақтанушы сақтандыру сыйлықақысын (сақтандыру сыйлықақысы бөліп төленген жағдайда, бірінші сақтандыру жарнасын) төлеген күннен бастап сақтандырушы ұсынған талаптарда жасасты деп есептеледі.  
5. Мiндеттi экологиялық сақтандыру шартын сақтандырушының интернет-ресурсын пайдалана отырып жасасу кезінде сақтанушы осы Заңда көзделген сақтандыру талаптарымен танысқаннан кейін сақтандыру сыйлықақысын (бірінші сақтандыру жарнасын) төлейді, сол арқылы ол өзіне ұсынылған талаптармен осы қосылу шартын жасасуға келісетінін растайды.  
6. Сақтандырушы мiндеттi экологиялық сақтандыру шартын сақтандырушының интернет-ресурсын пайдалана отырып жасасу мүмкіндігін тәулік бойы қамтамасыз етеді.  
7. Сақтандыру агенттерінің сақтанушы мен сақтандырушы арасындағы ақпараттық өзара іс-қимыл арқылы сақтандыру шарттарын электрондық нысанда жасасуға арналған сақтандыру ұйымдарының ақпараттық жүйелерін пайдалана отырып, мiндеттi экологиялық сақтандыру шарттарын жасасу жөніндегі қызметіне жол берілмейді.
8-бап. Міндетті экологиялық сақтандыру шартының қолданылуы
1. Міндетті экологиялық сақтандыру шарты осы Заңға және Қазақстан Республикасының экология заңнамасына сәйкес экологиялық залалды жоюға міндетті тұлғаларға қатысты қолданылады.
8-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР 02.01.2021 жылғы № 401-VI Заңы​на сәйкес (03.07.2019 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 01.07.2021 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
2. Тармақ алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
2-тармақ алынып тасталды ҚР 02.01.2021 жылғы № 401-VI Заңы​на сәйкес (03.07.2019 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 01.07.2021 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
3. Міндетті экологиялық сақтандыру шарты міндетті экологиялық сақтандыру шартында белгіленген күннен бастап күшіне енеді және тараптар үшін міндетті болады.
4. Міндетті экологиялық сақтандыру шарты күшіне енген күнінен бастап кемінде он екі ай қолданылады.
5. Егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шартта өзгеше көзделмесе, міндетті экологиялық сақтандыру шартының қолданылуы Қазақстан Республикасының аумағымен шектеледі.
9-бап. Міндетті экологиялық сақтандыру шартының қолданылуын тоқтату
Міндетті экологиялық сақтандыру шарты:
1) шарттың қолданылу мерзімі аяқталған;
2) шарт мерзімінен бұрын тоқтатылған;
3) сақтандырушы міндетті экологиялық сақтандыру шарты бойынша сақтандыру сомасының мөлшерінде сақтандыру төлемін (сақтандыру төлемдерін) жүзеге асырған жағдайларда тоқтатылды деп саналады.
10-бап. Міндетті экологиялық сақтандыру шартын мерзімінен бұрын тоқтату
1. Міндетті экологиялық сақтандыру шарты Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасында көзделген тәртіппен және жағдайларда мерзімінен бұрын тоқтатылады.
2. Міндетті экологиялық сақтандыру шарты мерзімінен бұрын тоқтатылған кезде сақтанушының сақтандыру сыйлықақысының бір бөлігін мынадай мөлшерлерде қайтарып алуға құқығы бар:
Рет
N
Міндетті экологиялық сақтандыру шарты күшіне енген кезден бастап ол мерзімінен бұрын тоқтатылған кезге дейін өткен мерзім Сақтандырушы ұстап қалатын сақтандыру сыйлықақысының мөлшері (жылдық сақтандыру сыйлықақысының проценті есебімен)
1 2 3
1. 1-айға дейін қоса алғанда 20
2. 1-айдан 2-айға дейін қоса алғанда 30
3. 2-айдан 3-айға дейін қоса алғанда 40
4. 3-айдан 4-айға дейін қоса алғанда 50
5. 4-айдан 5-айғадейін қоса алғанда 60
6. 5-айдан 6-айға дейін қоса алғанда 70
7. 6-айдан 7-айға дейін қоса алғанда 75
8. 7-айдан 8-айға дейін қоса алғанда 80
9. 8-айдан 9-айға дейін қоса алғанда 85
10. 9-айдан 10-айға дейін қоса алғанда 90
11. 10-айдан 11-айға дейін қоса алғанда 95
12. 11-айдан жоғары 100
11-бап. Сақтанушының (сақтандырылушының) құқықтары мен міндеттері
11-бап өзгертілді ҚР 26.05.2008  жылғы №34-IV  Заңымен (13.12.2005 ж. редакцияны қараңыз)
11-бап тақырыбы жаңа редакцияда жазылды ҚР 12.07.2022 № 138-VII Заңына сәйкес (02.01.2021 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 12.09.2022 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1. Сақтанушы (сақтандырылушы) :
1-тармақ өзгертілді ҚР 12.07.2022 № 138-VII Заңымен (02.01.2021 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 12.09.2022 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1) сақтандырушыдан міндетті экологиялық сақтандыру шарты бойынша міндетті экологиялық сақтандыру талаптарын, өзінің құқықтары мен міндеттерін түсіндіруді талап етуге;
2) тармақша алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
2-тармақша алынып тасталды ҚР 02.07.2018 жылғы № 166-VІ Заңына сәйкес (24.05.2018 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 04.07.2018 жылы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
3) авария салдарынан келтірілген экологиялық залалды жою (ремедиациялау) құнын бағалау үшін тәуелсіз сарапшы тартуға;
3-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР 02.01.2021 жылғы № 401-VI Заңы​на сәйкес (03.07.2019 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 01.07.2021 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
4) сақтандырушы (оның ішінде сақтандырушының интернет-ресурсы арқылы) немесе тәуелсіз сарапшы жүргізген, авария салдарынан келтірілген экологиялық залалды жою (ремедиациялау) құнын бағалау нәтижелерімен және сақтандыру төлемі мөлшерінің есеп-қисаптарымен танысуға;
4-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР 02.01.2021 жылғы № 401-VI Заңы​на сәйкес (03.07.2019 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 01.07.2021 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
4-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР 12.07.2022 № 138-VII Заңына сәйкес (02.01.2021 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 12.09.2022 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
5) міндетті экологиялық сақтандыру шартын мерзімінен бұрын тоқтатуға (бұл құқық сақтанушыға ғана қолданылады);
5-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР 12.07.2022 № 138-VII Заңына сәйкес (02.01.2021 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 12.09.2022 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
5-1) міндетті экологиялық сақтандыру шартынан туындайтын мәселелерді реттеу үшін осы Заңның 22-1-бабында көзделген ерекшеліктерді ескере отырып сақтандырушыға не сақтандыру омбудсманына немесе сотқа жүгінуге;
1-тармақ 5-1-тармақшамен толықтырылды ҚР 02.07.2018 жылғы № 166-VІ Заңына сәйкес (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 04.07.2018 жылы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
6) «Сақтандыру қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген ерекшеліктерді ескере отырып, өтінішті және қоса берілетін құжаттарды сақтандыру омбудсманына (тікелей сақтандыру омбудсманына, оның ішінде оның интернет-ресурсы арқылы не сақтандырушы, оның ішінде оның филиалы, өкілдігі, өзге де оқшауланған құрылымдық бөлімшесі, интернет-ресурсы арқылы) жіберуге;
6-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР 02.07.2018 жылғы № 166-VІ Заңына сәйкес (24.05.2018 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 04.07.2018 жылы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
6-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР 12.07.2022 № 138-VII Заңына сәйкес (02.01.2021 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 12.09.2022 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
7) осы Заңда көзделген жағдайларда сақтандыру төлемін алуға құқылы.
Міндетті экологиялық сақтандыру шартында сақтанушының (сақтандырылушының) Қазақстан Республикасының заңдарына қайшы келмейтін басқа құқықтары да көзделуі мүмкін.
2. Сақтанушы:
1) сақтандыру сыйақыларын міндетті экологиялық сақтандыру шартында белгіленген мөлшерде, тәртіппен және мерзімдерде төлеуге;
2) сақтандырушыға сақтандыру тәуекелінің жай-күйі туралы хабарлауға;
3) сақтандырушыны сақтандыру жағдайының басталғаны туралы хабардар етуге;
4) авария кезінде ықтимал экологиялық залалды болғызбау немесе азайту үшін қалыптасқан мән-жайларға ақылға қонымды және қолжетімді шаралар қолдануға;
4-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР 02.01.2021 жылғы № 401-VI Заңы​на сәйкес (03.07.2019 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 01.07.2021 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
5) экологиялық залал келтіруге әкеп соққан авария жөнінде және зардап шеккен адамдар туралы тиісті органдарға олардың құзыретін ескере отырып (мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарына, медициналық жедел жәрдем қызметіне, авариялық қызметтерге, уәкілетті органға) хабарлауға;
5-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР 02.01.2021 жылғы № 401-VI Заңы​на сәйкес (03.07.2019 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 01.07.2021 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
6) сақтандыру жағдайының басталуына жауапты тұлғаға кері талап қою құқығының сақтандырушыға ауысуын қамтамасыз етуге міндетті.
Міндетті экологиялық сақтандыру шартында сақтанушының Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне қайшы келмейтін басқа да міндеттері көзделуі мүмкін.
12-бап. Сақтандырушының құқықтары мен міндеттері
1. Сақтандырушы:
1) міндетті экологиялық сақтандыру шартын жасасқан кезде сақтанушыдан Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінде және Қазақстан Республикасының экология заңнамасында көзделген мәліметтерден басқа, осы Заңға сәйкес міндетті экологиялық сақтандыру шартын жасасу үшін қажетті мәліметтерді, оның ішінде бұрынғы міндетті экологиялық сақтандыру шарттары, сақтандыру жағдайлары және сақтандыру төлемдері туралы ақпаратты ұсынуды талап етуге;
1-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР 02.01.2021 жылғы № 401-VI Заңы​на сәйкес (03.07.2019 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 01.07.2021 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
2) тиісті мемлекеттік органдар мен ұйымдардан олардың құзыретін ескере отырып, сақтандыру жағдайының басталу фактісін, экологиялық залалдың сипаты мен ауқымын растайтын құжаттарды сұратуға;
2-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР 02.01.2021 жылғы № 401-VI Заңы​на сәйкес (03.07.2019 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 01.07.2021 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
3) сақтанушы мен сақтандырылушыдан экологиялық залал келтіру тәуекелін бағалау үшін қажетті, болған сақтандыру жағдайының себептері, мөлшері және салдары туралы толық және анық ақпарат алуға;
3-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР 02.01.2021 жылғы № 401-VI Заңы​на сәйкес (03.07.2019 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 01.07.2021 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
4) сақтандыру жағдайының басталу себептері мен өзге де мән-жайларын анықтау үшін экологиялық залалды жою (ремедиациялау) құнына бағалау жүргізуге;
4-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР 02.01.2021 жылғы № 401-VI Заңы​на сәйкес (03.07.2019 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 01.07.2021 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
5) авария салдарынан келтірілген экологиялық залалдың ауқымын бағалау және сақтандыру жағдайы басталған кезде сақтандыру төлемінің мөлшерін айқындау үшін тәуелсіз сарапшы тартуға;
5-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР 02.01.2021 жылғы № 401-VI Заңы​на сәйкес (03.07.2019 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 01.07.2021 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
6) қоршаған ортаның сақтандыру жағдайы басталғанға дейінгі және одан кейінгі жай-күйіне және сақтанушы жүзеге асыратын шаруашылық және өзге де қызметтің экологиялық қауіпті түрлеріне өз зерттеулерін жүргізуге;
7) осы Заңның 21-бабында көзделген жағдайларда экологиялық залал келтіргені үшін жауапты тұлғаға кері талап құқығын қоюға;
7-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР 02.01.2021 жылғы № 401-VI Заңы​на сәйкес (03.07.2019 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 01.07.2021 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
8) осы Заңның 22-бабында көзделген негіздер бойынша сақтандыру төлемдерін толық немесе ішінара жүзеге асырудан бас тартуға құқылы.
Міндетті экологиялық сақтандыру шартында сақтанушының Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне қайшы келмейтін басқа де құқықтары көзделуі мүмкін.
2. Сақтандырушы:
1) сақтанушыны мiндеттi экологиялық сақтандыру талаптарымен, оның ішінде мiндеттi экологиялық сақтандыру шартынан туындайтын құқықтармен және мiндеттермен таныстыруға;
1-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР 02.07.2018 жылғы № 166-VІ Заңына сәйкес (24.05.2018 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 04.07.2018 жылы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
2) табыс етілген құжаттардың толық тізбесін және олар қабылданған күнді көрсете отырып, өтініш берушіге анықтама беруге;
3) міндетті экологиялық сақтандыру шартын жасасқаннан кейін сақтанушыға сақтандыру полисін беруге;
4) міндетті экологиялық сақтандыру шарты бойынша сақтандырып қорғаудың қолданылу кезеңінде басталған сақтандыру жағдайы (сақтандыру жағдайы ретінде қаралатын оқиға) туралы хабардар етілген кезде оны қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісіне сәйкес дереу тіркеуге және осы сақтандыру жағдайы (сақтандыру жағдайы ретінде қаралатын оқиға) жөніндегі мәліметті дерекқорды қалыптастыру және жүргізу жөніндегі ұйымға ұсынуға;
4-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР 12.07.2022 № 138-VII Заңына сәйкес (02.01.2021 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 12.09.2022 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
5) сақтанушының немесе оның өкілінің жазбаша нысандағы өтініші бойынша авария салдарынан болған экологиялық залалды жою (ремедиациялау) құнын бағалауды жүргізуге, сақтандыру төлемі мөлшерінің есеп-қисабын көрсете отырып, сақтандыру актісін жасауға және оны танысу үшін пайда алушыға ұсынуға;
5-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР 02.01.2021 жылғы № 401-VI Заңы​на сәйкес (03.07.2019 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 01.07.2021 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
5-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР 12.07.2022 № 138-VII Заңына сәйкес (02.01.2021 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 12.09.2022 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
6) сақтандыру жағдайы басталған кезде осы Заңда белгіленген тәртіппен және мерзімдерде сақтандыру төлемін жүргізуге;
6-1) сақтандыру жағдайының басталу фактісін және сақтанушының (пайда алушының) экологиялық залалды жоюы мақсатында сақтандырушы өтеуге тиісті төлемнің мөлшерін растайтын құжаттар жеткіліксіз болған кезде оларды алған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде өтініш берушіге жетіспейтін және (немесе) дұрыс ресімделмеген құжаттардың толық тізбесін көрсете отырып, бұл жөнінде хабарлауға;
2-тармақ 6-1-тармақшамен толықтырылды ҚР 02.07.2018 жылғы № 166-VІ Заңына сәйкес (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 04.07.2018 жылы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
6-1-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР 02.01.2021 жылғы № 401-VI Заңы​на сәйкес (03.07.2019 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 01.07.2021 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
7) сақтанушыға (пайда алушыға) сақтандыру жағдайы кезінде авария салдарынан келтірілген экологиялық залалды болғызбау немесе азайту мақсатында шеккен шығыстарын өтеуге;
7-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР 02.01.2021 жылғы № 401-VI Заңы​на сәйкес (03.07.2019 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 01.07.2021 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
8) сақтандыру құпиясын қамтамасыз етуге;
9) тармақша алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
9-тармақша алынып тасталды ҚР 02.07.2018 жылғы № 166-VІ Заңына сәйкес (24.05.2018 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 01.01.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
10) сақтандыру төлемінен бас тарту туралы шешім қабылданған жағдайда осындай шешім қабылданған күннен бастап он күн ішінде сақтанушыға бас тарту себептерінің жазбаша негіздемесін және сақтанушының (сақтандырылушының, пайда алушының) Қазақстан Республикасы заңнамасының ерекшеліктерін ескере отырып, келіспеушіліктерді реттеу үшін сақтандыру омбудсманына жүгіну құқығы туралы хабарламаны жіберуге;
10-тармақша өзгертілді ҚР 02.07.2018 жылғы № 166-VІ Заңымен (24.05.2018 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 04.07.2018 жылы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
10-тармақша өзгертілді ҚР 12.07.2022 № 138-VII Заңымен (02.01.2021 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 12.09.2022 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
11) сақтанушыдан (пайда алушыдан) өтінішті алған кезде бес жұмыс күні ішінде сақтанушының (жәбірленушінің, пайда алушының) талаптарын қарауға және дауды одан әрі реттеу тәртібін көрсете отырып, жазбаша жауап беруге;
2-тармақ 11-тармақшамен толықтырылды ҚР 02.07.2018 жылғы № 166-VІ Заңына сәйкес (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 04.07.2018 жылы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
11-тармақша өзгертілді ҚР 02.01.2021 жылғы № 401-VI Заңымен (03.07.2019 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 01.07.2021 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
12) сақтанушыдан (пайда алушыдан) сақтандыру омбудсманына жіберілетін өтінішті алған кезде осы өтінішті, сондай-ақ оған қоса берілетін құжаттарды сақтандыру омбудсманына алған күнінен бастап үш жұмыс күні ішінде қайта жіберуге міндетті.
2-тармақ 12-тармақшамен толықтырылды ҚР 02.07.2018 жылғы № 166-VІ Заңына сәйкес (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 04.07.2018 жылы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
12-тармақша өзгертілді ҚР 02.01.2021 жылғы № 401-VI Заңымен (03.07.2019 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 01.07.2021 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Міндетті экологиялық сақтандыру шартында сақтандырушының Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне қайшы келмейтін басқа да міндеттері көзделуі мүмкін.
13-бап. Пайда алушының құқықтары
13-баптың тақырыбы жаңа редакцияда жазылды ҚР 02.01.2021 жылғы № 401-VI Заңы​на сәйкес (03.07.2019 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 01.07.2021 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Пайда алушы:
1-тармақтың бірінші абзацы жаңа редакцияда жазылды ҚР 02.01.2021 жылғы № 401-VI Заңы​на сәйкес (03.07.2019 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 01.07.2021 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1) сақтанушының (сақтандырылушының) шаруашылық немесе өзге де қызметтің экологиялық қауіпті түрлерін жүзеге асыруы нәтижесінде болған сақтандыру жағдайының басталуы туралы сақтандырушыға хабарлауға;
2) сақтандыру төлемін жүзеге асыру үшін қажетті құжаттарды жинауға және оларды сақтандырушыға ұсынуға;
2-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР 02.01.2021 жылғы № 401-VI Заңы​на сәйкес (03.07.2019 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 01.07.2021 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
3) авария салдарынан келтірілген экологиялық залалдың сипаты мен ауқымын анықтау үшін тәуелсіз сарапшы тартуға;
3-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР 02.01.2021 жылғы № 401-VI Заңы​на сәйкес (03.07.2019 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 01.07.2021 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
4) сақтандырушы (оның ішінде сақтандырушының интернет-ресурсы арқылы) немесе тәуелсіз сарапшы жүргізген, авария салдарынан келтірілген экологиялық залалды жою (ремедиациялау) құнын бағалау нәтижелерімен және сақтандыру төлемі мөлшерінің есеп-қисаптарымен танысуға;
4-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР 02.01.2021 жылғы № 401-VI Заңы​на сәйкес (03.07.2019 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 01.07.2021 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
4-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР 12.07.2022 № 138-VII Заңына сәйкес (02.01.2021 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 12.09.2022 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
5) осы Заңда белгіленген тәртіппен және мерзімдерде сақтандыру төлемін алуға;
5-1) міндетті экологиялық сақтандыру шартынан туындайтын мәселелерді реттеу үшін осы Заңның 22-1-бабында көзделген ерекшеліктерді ескере отырып сақтандырушыға не сақтандыру омбудсманына немесе сотқа жүгінуге;
1-тармақ 5-1-тармақшамен толықтырылды ҚР 02.07.2018 жылғы № 166-VІ Заңына сәйкес (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 04.07.2018 жылы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
6) «Сақтандыру қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген ерекшеліктерді ескере отырып, өтінішті және қоса берілетін құжаттарды сақтандыру омбудсманына (тікелей сақтандыру омбудсманына, оның ішінде оның интернет-ресурсы арқылы не сақтандырушы, оның ішінде оның филиалы, өкілдігі, өзге де оқшауланған құрылымдық бөлімшесі, интернет-ресурсы арқылы) жіберуге құқылы.
6-тармақша өзгертілді ҚР 02.07.2018 жылғы № 166-VІ Заңымен (24.05.2018 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 04.07.2018 жылы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
6-тармақша өзгертілді ҚР 02.01.2021 жылғы № 401-VI Заңымен (03.07.2019 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 01.07.2021 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
6-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР 12.07.2022 № 138-VII Заңына сәйкес (02.01.2021 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 12.09.2022 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
7) тармақша алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
7-тармақша алынып тасталды ҚР 02.01.2021 жылғы № 401-VI Заңы​на сәйкес (03.07.2019 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 01.07.2021 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
2. Тармақ алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
2-тармақ алынып тасталды ҚР 02.01.2021 жылғы № 401-VI Заңы​на сәйкес (03.07.2019 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 01.07.2021 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
14-бап. Сақтандыру сомасының мөлшері
Сақтандыру сомасының мөлшері тараптардың келісімі бойынша міндетті экологиялық сақтандыру шартында белгіленеді, бірақ бұл орайда сақтандыру сомасының мөлшері:
1) жеке кәсіпкер болып табылатын жеке тұлғамен міндетті экологиялық сақтандыру шарты жасалған күнгі тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген 5000 еселенген айлық есептік көрсеткіштен;
2) заңды тұлғамен міндетті экологиялық сақтандыру шарты жасалған күнгі тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген 65000 еселенген айлық есептік көрсеткіштен кем болмауға тиіс.
2-тармақша өзгертілді ҚР 02.01.2021 жылғы № 401-VI Заңымен (03.07.2019 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 01.07.2021 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
3) тармақша алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
3-тармақша алынып тасталды ҚР 02.01.2021 жылғы № 401-VI Заңы​на сәйкес (03.07.2019 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 01.07.2021 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
15-бап. Сақтандыру сыйлықақысының мөлшері
15-бап жаңа редакцияда жазылды ҚР 02.01.2021 жылғы № 401-VI Заңы​на сәйкес (03.07.2019 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 01.07.2021 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Міндетті экологиялық сақтандыру шартында сақтандыру сыйлықақысының мөлшері тараптардың келісімі бойынша белгіленеді, бірақ бұл ретте сақтандыру сыйлықақысының мөлшері осы Заңның 14-бабының 1) және 2) тармақшаларында көзделген жағдайларда міндетті экологиялық сақтандыру шартында белгіленген сақтандыру сомасының 0,76-дан 2,65-ке дейінгі пайызынан аспауға тиіс.
16-бап. Сақтандыру сыйлықақысын төлеу тәртібі мен мерзімдері
1. Сақтандыру сыйлықақысын төлеу тәртібі мен мерзімдері міндетті экологиялық сақтандыру шартымен белгіленеді.
2. Егер міндетті экологиялық сақтандыру шартында өзгеше көзделмесе, онда сақтанушы кезекті сақтандыру жарнасын уақтылы төлемегені үшін сақтандырушыға Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінде белгіленген тәртіппен және мөлшерде тұрақсыздық айыбын төлеуге міндетті.
3. Сақтандырушы сақтандыру сыйлықақысын сақтандырушының интернет-ресурсы арқылы қолма-қол ақшасыз тәсілмен төлеу мүмкіндігін береді.
16-бап 3-тармақпен толықтырылды ҚР 02.07.2018 жылғы № 166-VІ Заңына сәйкес (өзгерту 01.01.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
17-бап. Сақтандыру жағдайы
1. Сақтанушының авария салдарынан келтірілген экологиялық залалды жою (ремедиациялау) жөніндегі азаматтық-құқықтық жауапкершілігінің басталу фактісі міндетті экологиялық сақтандыру шарты бойынша сақтандыру жағдайы деп танылады.
1-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР 02.01.2021 жылғы № 401-VI Заңы​на сәйкес (03.07.2019 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 01.07.2021 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
2. Сақтандыру жағдайының басталғанын, сондай-ақ өзіне келтірілген шығындарды дәлелдеу сақтанушыға (пайда алушыға) тиесілі.
2-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР 02.01.2021 жылғы № 401-VI Заңы​на сәйкес (03.07.2019 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 01.07.2021 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
3. Сақтандырушы сақтандыру төлемін жүргізуден бас тартқан жағдайда, сақтандыру жағдайы сақтанушы келтірген экологиялық залалды жою туралы сот шешімі заңды күшіне енген күннен бастап басталды деп есептеледі.
3-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР 02.01.2021 жылғы № 401-VI Заңы​на сәйкес (03.07.2019 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 01.07.2021 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
4. Сақтандырушы сақтандыру төлемінің мөлшерін осы Заңның 7-бабы 2-тармағының ережелерін ескеріп, экологиялық залалды жою (ремедиациялау) құнын негізге ала отырып айқындайды.
4-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР 02.01.2021 жылғы № 401-VI Заңы​на сәйкес (03.07.2019 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 01.07.2021 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
18-бап. Алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
18-бап алынып тасталд ҚР 02.01.2021 жылғы № 401-VI Заңы​на сәйкес (03.07.2019 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 01.07.2021 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
19-бап. Сақтандыру төлемін жүзеге асырудың жалпы талаптары
1. Сақтанушы немесе пайда алушы сақтандырушыға сақтандыру төлемі туралы талапты сақтандыру төлемін жүзеге асыру үшін қажетті құжаттарды қоса бере отырып, жазбаша нысанда, оның ішінде қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісіне сәйкес сақтандырушының интернет-ресурсы арқылы қояды.
1-тармақ өзгертілді ҚР 02.07.2018 жылғы № 166-VІ Заңымен (өзгерту 01.01.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1-тармақтың өзгертілді ҚР 02.01.2021 жылғы № 401-VI Заңы​мен (03.07.2019 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 01.07.2021 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР 12.07.2022 № 138-VII Заңына сәйкес (02.01.2021 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 12.09.2022 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Сақтандырушының талап етуі бойынша өтініш беруші сақтандырушы қол жеткізе алатын мемлекеттік органдардың дерекқорларында және (немесе) ақпараттық жүйелерінде электрондық нысанда бар құжаттарды қоспағанда, сақтандыру төлемін жүзеге асыру үшін қажетті құжаттардың түпнұсқаларын сақтандырушыға ұсынуға міндетті.
2. Сақтандыру төлемі туралы өтінішке мынадай құжаттар қоса тіркеледі:
1) тармақша алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
1-тармақша алынып тасталды ҚР 02.07.2018 жылғы № 166-VІ Заңына сәйкес (24.05.2018 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 04.07.2018 жылы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
2) Қазақстан Республикасының экология заңнамасына сәйкес бекітілген ремедиациялау бағдарламасының көшірмесі;
2-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР 02.01.2021 жылғы № 401-VI Заңы​на сәйкес (03.07.2019 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 01.07.2021 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
3) тармақша алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
3-тармақша алынып тасталды ҚР 02.01.2021 жылғы № 401-VI Заңы​на сәйкес (03.07.2019 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 01.07.2021 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
4) тармақша алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
4-тармақша алынып тасталды ҚР 02.01.2021 жылғы № 401-VI Заңы​на сәйкес (03.07.2019 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 01.07.2021 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
5) сақтандыру жағдайы басталған кезде экологиялық залалды болғызбау немесе азайту мақсатында сақтанушы шеккен шығыстарды растайтын құжаттар – олар болған кезде;
5-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР 02.01.2021 жылғы № 401-VI Заңы​на сәйкес (03.07.2019 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 01.07.2021 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
6) жекелеген жағдайларда – сақтанушыны сақтандыру жағдайының басталуына жауапты деп таныған сот шешімі.
6-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР 02.01.2021 жылғы № 401-VI Заңы​на сәйкес (03.07.2019 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 01.07.2021 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
2-2. Құжаттарды қабылдаған сақтандырушы өтініш берушіге ұсынылған құжаттардың толық тізбесін және оларды қабылдау күнін көрсете отырып, анықтама беруге міндетті.
19-бап 2-2-тармақпен толықтырылды ҚР 02.07.2018 жылғы № 166-VІ Заңына сәйкес (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 04.07.2018 жылы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
Сақтанушы (сақтандырылушы, пайда алушы) сақтандыру төлемі туралы талапты электрондық нысанда жөнелткен жағдайда, сақтандырушы оған осы анықтаманы электрондық нысанда ұсына алады.
2-2-тармақтың екінші абзацы 2019 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді ҚР 02.07.2018 жылғы № 166-VІ Заңына сәйкес
3. Экологиялық залалды жоюға, оның ішінде сақтандыру төлемі есебінен жоюға міндетті сақтанушы немесе өзге тұлға пайда алушы болып табылады.
3-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР 02.01.2021 жылғы № 401-VI Заңы​на сәйкес (03.07.2019 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 01.07.2021 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
4. Сақтандыру төлемі авария салдарынан келтірілген экологиялық залалды жою (ремедиациялау) құнынан аспауға тиіс.
4-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР 02.01.2021 жылғы № 401-VI Заңы​на сәйкес (03.07.2019 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 01.07.2021 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
5. Тармақ алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
5-тармақ алынып тасталды ҚР 02.01.2021 жылғы № 401-VI Заңы​на сәйкес (03.07.2019 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 01.07.2021 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
6. Сақтанушының (пайда алушының) жазбаша өтініші немесе нотариат куәландырған сенімхат бойынша сақтандыру төлемі авария салдарынан келтірілген экологиялық залалды жою жөніндегі жұмыстарды орындаған (орындайтын) және қызметтерді көрсеткен (көрсететін) тұлғаға тікелей жүзеге асырылуы мүмкін.
6-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР 02.01.2021 жылғы № 401-VI Заңы​на сәйкес (03.07.2019 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 01.07.2021 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
7. Сақтандырушы сақтандыру төлемін жүзеге асыру кезінде пайда алушыдан оның сақтандырушыға талап қою құқығын шектейтін шарттар қабылдауын талап етуге құқылы емес.
20-бап. Сақтандыру төлемін жүзеге асыру тәртібі
1. Сақтандырушы сақтандыру төлемін осы Заңның 19-бабында көзделген құжаттарды өзі алған күннен бастап отыз күн ішінде жүргізеді.
2. Пайда алушы сақтандыру төлемінің мөлшеріне дау айтқан жағдайларда сақтандырушы сақтандыру төлемін аталған тұлғалардың бірде-бірі дау айтпаған бөлігінде осы баптың 1-тармағында белгіленген мерзім ішінде дереу жүзеге асыруға міндетті.
Сақтандыру төлемінің дау туғызған бөлігін сақтандырушы бітім келісімі жасалған және оны сот бекіткен күннен бастап үш жұмыс күні ішінде не, егер сот шешімнің дереу орындалуын ұйғармаса, осы дау бойынша соттың шешімі заңды күшіне енген күннен бастап төлеуге тиіс.
3. Тармақ алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
3-тармақ алынып тасталды ҚР 02.01.2021 жылғы № 401-VI Заңы​на сәйкес (03.07.2019 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 01.07.2021 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
4. Сақтандыру төлемі уақтылы жүзеге асырылмаған кезде сақтандырушы пайда алушыға Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінде белгіленген тәртіппен және мөлшерде тұрақсыздық айыбын төлеуге міндетті.
4-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР 02.01.2021 жылғы № 401-VI Заңы​на сәйкес (03.07.2019 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 01.07.2021 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
21-бап. Залал келтірген тұлғаға кері талап қою құқығы
21-баптың тақырыбы өзгертілді ҚР 02.01.2021 жылғы № 401-VI Заңымен (03.07.2019 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 01.07.2021 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1. Сақтандыру төлемін жүзеге асырған сақтандырушының сақтанушыға (сақтандырылушыға) мынадай жағдайларда:
1) сақтанушы (сақтандырылушы) Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген тәртіппен сақтандыру жағдайымен себептік байланыстағы қасақана қылмыстық не әкімшілік құқық бұзушылықтар деп танылған әрекеттер (әрекетсіздіктер) жасаған;
1-тармақша өзгертілді ҚР 03.07.2014 жылғы № 227-V Заңымен (05.07.2012 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту қолданысқа енгізіледі 01.01.2015 жылдан бастап)
2) сақтанушы сақтандыру объектісі, сақтандыру тәуекелі, сақтандыру жағдайы және оның салдарлары туралы сақтандырушыға көрінеу жалған мәліметтер хабарлаған;
3) сақтанушы (сақтандырылушы) сақтандыру жағдайының басталуына жауапты тұлғаға өзінің талап қою құқығынан бас тартқан, сондай-ақ сақтандырушыға талап қою құқығының ауысуы үшін қажетті құжаттарды беруден бас тартқан жағдайларда жүзеге асырылған сақтандыру төлемі шегінде қарсы талап қою құқығы бар.
2. Сақтанушының экологиялық залал үшін жауапты тұлғаға кері талап қою құқығы сақтандыру төлемін жүзеге асырған сақтандырушыға ол төлеген сома шегінде ауысады, залалды жою құнын міндетті экологиялық сақтандыру шартына сәйкес сақтандырушы төлейді.
2-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР 02.01.2021 жылғы № 401-VI Заңы​на сәйкес (03.07.2019 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 01.07.2021 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
22-бап. Сақтандырушыны сақтандыру төлемін жүзеге асырудан босатудың негіздемесі
1. Сақтандырушы, егер сақтандыру жағдайы:
1) қажетті қорғану және аса қажеттілік жағдайында жасалған іс-әрекеттерді қоспағанда, пайда алушының сақтандыру жағдайының туындауына бағытталған не оның басталуына септігін тигізетін қасақана іс-әрекеттері;
2) пайда алушының Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген тәртіппен сақтандыру жағдайымен себептік байланыстағы қасақана қылмыстық немесе әкімшілік құқық бұзушылықтар деп танылған әрекеттері салдарынан болса, сақтандыру төлемін толық немесе ішінара төлеуден бас тартуға құқылы.
2-тармақша өзгертілді ҚР 03.07.2014 жылғы № 227-V Заңымен (05.07.2012 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту қолданысқа енгізіледі 01.01.2015 жылдан бастап)
2. Сақтандырушының сақтандыру төлемін жүзеге асырудан бас тартуы үшін сондай-ақ:
1) сақтанушының экологиялық залал келтіруге кінәлі тұлғадан шығыстардың тиісті өтемін алуы;
1-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР 02.01.2021 жылғы № 401-VI Заңы​на сәйкес (03.07.2019 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 01.07.2021 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
2) осы Заңда көзделген жағдайларды қоспағанда, сақтандырушыны сақтандыру жағдайының басталғаны туралы хабардар етпеу немесе уақтылы хабардар етпеу;
3) сақтанушының сақтандырушыға сақтандыру объектісі, сақтандыру тәуекелі, сақтандыру жағдайы және оның салдарлары туралы көрінеу жалған мәліметтер хабарлауы;
4) сақтанушының сақтандыру жағдайы бойынша шығыстарды азайту жөнінде шараларды қасақана қолданбауы;
4-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР 02.01.2021 жылғы № 401-VI Заңы​на сәйкес (03.07.2019 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 01.07.2021 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
5) сақтандырушының сақтандыру жағдайының басталу мән-жайларын тергеп-тексеруіне және келтірілген экологиялық залалдың сипаты мен ауқымын, сондай-ақ оны жою құнын анықтауына сақтанушының кедергі келтіруі;
5-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР 02.01.2021 жылғы № 401-VI Заңы​на сәйкес (03.07.2019 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 01.07.2021 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
6) сақтанушының сақтандыру жағдайының басталуына жауапты тұлғаға өзінің талап қою құқығынан бас тартуы, сондай-ақ сақтандырушыға кері талап қою құқығының ауысуы үшін қажетті құжаттарды сақтандырушыға беруден бас тартуы негіз болуы мүмкін. Егер сақтандыру төлемі жүргізіліп қойылған болса, сақтандырушы оның толық немесе ішінара қайтарылуын талап етуге құқылы.
6-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР 02.01.2021 жылғы № 401-VI Заңы​на сәйкес (03.07.2019 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 01.07.2021 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
3. Сақтандырушыны сақтандыру жағдайының басталғаны туралы хабардар етпеу немесе уақтылы хабардар етпеу, егер бұл сақтанушының еркінен тыс себептерге байланысты болса және осы фактіні растайтын тиісті құжаттар ұсынылса, сақтандыру төлемінен бас тартуға негіз бола алмайды.
4. Сақтандыру төлемінен бас тарту үшін негіздер болған кезде сақтандырушы талап қойылған күннен бастап он жұмыс күні ішінде сақтандыру төлемі туралы талапты мәлімдеген тұлғаға бас тарту себептерінің уәжді негіздемесімен және сақтанушының (сақтандырылушының, пайда алушының) Қазақстан Республикасы заңнамасының ерекшеліктерін ескере отырып, келіспеушіліктерді реттеу үшін сақтандыру омбудсманына жүгіну құқығы туралы хабарламамен сақтандыру төлемінен толық немесе ішінара бас тарту туралы тиісті шешімді жазбаша нысанда жіберуге міндетті.
4-тармақ өзгертілді ҚР 12.07.2022 № 138-VII Заңымен (02.01.2021 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 12.09.2022 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
5. Сақтандырушы, егер сақтандыру жағдайы:
1) соғыс қимылдарының, азамат соғысының, кез келген түрдегі халық толқуларының, жаппай тәртіпсіздіктердің немесе ереуілдердің;
2) табиғи сипаттағы төтенше жағдайлардың салдарынан болса, сақтандыру төлемін жүзеге асырудан босатылады.
6. Сақтандырушы сақтандыру төлемінен осы бапта көзделмеген негіздер бойынша бас тартуға құқылы емес.
22-1-бап. Міндетті экологиялық сақтандыру жөніндегі дауларды реттеу ерекшеліктері
Осы Заң 22-1-баппен толықтырылды ҚР 02.07.2018 жылғы № 166-VІ Заңына сәйкес (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 04.07.2018 жылы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
1. Міндетті экологиялық сақтандыру шартынан туындайтын дау болған кезде сақтанушы (пайда алушы):
1-тармақ өзгертілді ҚР 02.01.2021 жылғы № 401-VI Заңымен (03.07.2019 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 01.07.2021 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР 12.07.2022 № 138-VII Заңына сәйкес (02.01.2021 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 12.09.2022 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
талаптарын көрсетіп және өзінің талабын растайтын құжаттарды қоса бере отырып, жазбаша өтінішін сақтандырушыға (оның ішінде сақтандырушының филиалы, өкілдігі, интернет-ресурстары арқылы)жіберуге не «Сақтандыру қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген ерекшеліктерді ескере отырып, міндетті экологиялық сақтандыру шартынан туындайтын дауларды реттеу үшін өтінішті сақтандыру омбудсманына (тікелей сақтандыру омбудсманына, оның ішінде оның интернет-ресурсы арқылы  не сақтандырушы  арқылы, оның ішінде оның филиалы, өкілдігі, өзге де оқшауланған құрылымдық бөлімшесі, интернет-ресурсы арқылы) немесе сотқа жіберуге құқылы.
2. Сақтандырушы сақтанушыдан (пайда алушыдан) өтінішті алған кезде оны бес жұмыс күні ішінде қарайды және дауды одан әрі реттеу тәртібін көрсете отырып, жазбаша жауап береді.
2-тармақ өзгертілді ҚР 02.01.2021 жылғы № 401-VI Заңымен (03.07.2019 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 01.07.2021 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
3. Сақтанушы (пайда алушы) сақтандыру омбудсманына өтініш жасаған жағдайда, сақтандырушы сақтанушының (пайда алушының), сақтандыру омбудсманының сұрау салуы бойынша дауды қарауға және шешуге қатысты құжаттарды сұрау салу алынған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде ұсынуға міндетті.
3-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР 02.01.2021 жылғы № 401-VI Заңы​на сәйкес (03.07.2019 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 01.07.2021 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
23-бап. Дауларды қарау тәртібі
Тараптардың міндетті экологиялық сақтандыру жөніндегі қатынастарынан туындайтын даулар Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен қаралады.
24-бап. Қазақстан Республикасының міндетті экологиялық сақтандыру туралы заңнамасын бұзғаны үшін жауаптылық
Қазақстан Республикасының міндетті экологиялық сақтандыру туралы заңнамасын бұзу Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауаптылыққа әкеп соғады.
25-бап. Осы Заңды қолданысқа енгiзу тәртiбi
Осы Заң 2006 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енедi.
Қазақстан Республикасының Президентi