• Мое избранное
Қаржы лизингі туралы

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца
  • 19

Қаржы лизингі туралы Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 5 шілдедегі N 78-II Заңы

Редакция 01.05.2023 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен 
Осы Заң қаржы лизингi процесiнде туындайтын қатынастарды реттейдi және лизинг қызметi негiзiнде инвестициялар тартуға бағытталған.
1-ТАРАУ. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР
1-бап. Қаржы лизингiн құқықтық реттеу
1. Қаржы лизингi туралы заңдар Қазақстан Республикасының Конституциясына негiзделедi және осы Заңның, Азаматтық кодекс пен Қазақстан Республикасының басқа да нормативтiк құқықтық актiлерiнiң нормаларынан тұрады.
2. Егер Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шартта Қазақстан Республикасының қаржы лизингi туралы заңдарында көзделгеннен өзгеше ережелер белгiленген болса, онда халықаралық шарттың ережелерi қолданылады.
  • 1
2-бап. Негiзгi ұғымдар
Осы Заңда мынадай негiзгi ұғымдар пайдаланылған:
қаржы лизингi (бұдан әрi - лизинг) - лизинг беруші сатушыдан өз меншiгіне сатып алған және лизинг шартымен келiсiлген лизинг нысанасын лизинг алушыға белгiлi бiр төлемақысына және белгiлi бiр талаптармен уақытша иеленуге және бір жылдан асатын мерзімге пайдалануға беруге мiндеттенетiн инвестициялық қызметтiң түрi. Бұл орайда лизинг шарты бойынша лизинг нысанасын беру мына талаптардың бiрiне немесе бiрнешеуiне сай келуге тиiс:
2-баптың 2-бөлігі өзгертілді ҚР 10.03.2004  жылғы № 532 Заңымен (10.07.2003 ж. редакцияны қараңыз)
2-баптың екінші абзацы өзгертілді ҚР 05.10.2018 жылғы № 184-VІ Заңымен (24.05.2018 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 10.10.2018 жылы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
1) лизинг нысанасын лизинг алушының меншiгіне беру және (немесе) лизинг алушыға тiркелген баға бойынша лизинг нысанасын сатып алу құқығын беру лизинг шартымен айқындалады;
2) лизинг мерзiмi лизинг нысанасының пайдалы қызмет ету мерзiмiнiң 75 процентiнен асады;
2-тармақ өзгертілді ҚР 10.03.2004  жылғы № 532 Заңымен (10.07.2003 ж. редакцияны қараңыз)
3) лизинг төлемдерiнiң лизингтің бүкiл мерзiмi ішіндегі ағымдық (дисконтталған) құны лизингтiң берiлген нысанасы құнының 90 процентiнен асады;
лизинг бepуші - тартылған ақша және (немесе) өз ақшасы есебiнен лизинг нысанасын меншiгіне сатып алатын және оны лизинг алушыға лизинг шартының талаптарымен беретiн лизинг мәмiлесiне қатысушы. Бiр лизинг мәмiлесінің шеңберiнде, лизинг берушi бiр мезгiлде оның басқа қатысушысы ретiнде iс-қимыл жасауға құқылы емес;
лизинг алушы - лизинг шартының талаптарына орай лизинг нысанасын қабылдайтын лизинг мәмiлесiне қатысушы.
2-баптың жетінші абзацы өзгертілді ҚР 05.10.2018 жылғы № 184-VІ Заңымен (24.05.2018 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 10.10.2018 жылы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
лизинг мәмiлесi - лизингке қатысушылардың азаматтық құқықтар мен мiндеттердi белгiлеуге, өзгертуге немесе тоқтатуға бағытталған келiсiлген iс-қимылының жиынтығы;
лизинг қызметi - лизинг берушiнiң лизинг шартының талаптарын орындау жөнiндегi қызметi;
тұтынылмайтын заттар - пайдаланылған кезде тозатын, бiрақ пайдалану процесiнде табиғи қасиеттерiн жоғалтпайтын жылжымалы және жылжымайтын мүлiк;
сатушы - лизинг берушi лизинг нысанасын сатып алу - сату шарты немесе лизинг шарты негiзiнде лизинг нысанасын алатын лизинг мәмiлесiне қатысушы. Сатушы бiр мезгiлде лизинг нысанасының лизинг алушысы (қайтарымды лизинг) ретiнде iс-қимыл жасай алады;
2-баптың 10-бөлігі өзгертілді ҚР 10.03.2004  жылғы № 532 Заңымен (10.07.2003 ж. редакцияны қараңыз)
лизинг мәмiлесiне қатысушылар - жеке кәсiпкерлер болып табылатын жеке тұлғалар мен лизинг беруші және лизинг алушы ретiнде iс-әрекет жасайтын заңды тұлғалар, сондай-ақ лизинг нысанасын сатушы ретiнде iс-қимыл жасайтын жеке және заңды тұлғалар;
лизинг мерзiмi - лизинг нысанасы лизинг шартына сәйкес лизинг алушыға уақытша иеленуге және пайдалануға берiлетiн мерзiм. Бұл орайда лизинг берушiде лизинг нысанасына меншiк құқығының сақталуы кезiнде лизинг шартының мерзiмiнен бұрын бұзылуы лизинг мерзiмiн өзгертуге әкеп соқпайды.
  • 2
3-бап. Лизингтiң нысандары мен түрлерi
Осы Заңмен лизингтiң мынадай негiзгi нысандары мен түрлерi реттеледi.
1. Лизингтiң нысандары:
1) iшкi лизинг. Iшкi лизингтi жүзеге асырған кезде лизинг берушi мен лизинг алушы Қазақстан Республикасының резиденттерi болып табылады.
1-тармақша өзгертілді ҚР 10.03.2004  жылғы № 532 Заңымен (10.07.2003 ж. редакцияны қараңыз)
2) халықаралық лизинг. Халықаралық лизингтi жүзеге асырған кезде лизинг берушi немесе лизинг алушы Қазақстан Республикасының резидентi болып табылмайды.
2. Лизингтiң түрлерi:
1) қайтару лизингi - лизингтiң бiр түрi, ол бойынша сатушы лизинг нысанасын лизинг берушiге осы лизинг нысанасын лизинг алушы ретiнде лизингке алу талабымен сатады;
1-тармақша өзгертілді ҚР 10.03.2004  жылғы № 532 Заңымен (10.07.2003 ж. редакцияны қараңыз)
1-1) қайталама лизинг - лизинг берушiнiң өз меншiгiнде қалған лизинг нысанасы, лизинг шарты тоқтатылған немесе бұзылған жағдайда, осы Заңның 2-бабына сәйкес басқа лизинг алушыға лизингке берiлетiн лизингтiң бiр түрi;
1-1-тармақшамен толықтырылды  ҚР 10.03.2004  жылғы № 532 Заңына сәйкес
2) банк лизингi - лизингтiң бiр түрi, мұнда лизинг берушi банк болып табылады;
3) толық лизинг - лизингтiң бiр түрi, ол бойынша лизинг нысанасына техникалық қызмет көрсетудi және оның ағымдағы жөндеуiн лизинг берушi жүзеге асырады;
3-1) сублизинг - лизинг алушы (сублизинг берушi) осы Заңның 2-бабына сәйкес, бұрын лизинг шарты бойынша лизинг берушiден алынған және лизинг нысанасын құрайтын мүлiктi төлемақысына және сублизинг шартының талаптарына сәйкес мерзiмге уақытша иеленуге және үшiншi тұлғаларға (сублизинг берушiлерге) пайдалануға беретiн лизингтiң бiр түрi;
3-1-тармақшамен толықтырылды ҚР 10.03.2004  жылғы № 532 Заңына сәйкес
3-1-тармақша өзгертілді ҚР 05.10.2018 жылғы № 184-VІ Заңымен (24.05.2018 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 10.10.2018 жылы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
4) таза лизинг - лизингтiң бiр түрi, ол бойынша лизинг нысанасына техникалық қызмет көрсетудi және оның ағымдағы жөндеуiн лизинг алушы жүзеге асырады.
5) ислам лизингі – осы Заңның 2-1-тарауында белгіленген ерекшеліктер ескеріле отырып, ислам банктері қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның лицензиясы  негізінде, сондай-ақ акционерлік қоғамның  ұйымдық-құқықтық нысанында құрылған және банктер болып табылмайтын өзге де заңды тұлғалар жүзеге асыратын лизингтің бір түрі.
2-тармақ 5-тармақшамен толықтырылды ҚР 27.04.2015 жылғы № 311-V Заңына сәйкес (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 29.04.2015 жылы № 79 (28557) „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
5-тармақша өзгертілді ҚР 03.07.2019 жылғы № 262-VІ Заңымен (05.10.2018 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 01.01.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
4-бап. Лизинг нысанасы
1. Үйлер, ғимараттар, машиналар, жабдықтар, құрал-саймандар, көлiк құралдары, жер учаскелерi және кез келген басқа да тұтынылмайтын заттар - лизинг нысанасы бола алады.
2. Бағалы қағаздар мен табиғи ресурстар лизинг нысанасы бола алмайды.
3. Заң актiлерiнде заттар мен жер учаскелерiнiң жекелеген санаттарын лизинг нысанасы ретiнде пайдалануға өзге де шектеулер белгiленуi мүмкiн.
4. Лизинг берушiнiң меншiгiнде қалған лизинг нысанасы, лизинг шарты тоқтатылған немесе бұзылған жағдайда оны лизинг беруші басқа лизинг алушының лизингіне одан әрi беру үшiн пайдалануы мүмкiн.
4-тармақпен толықтырылды  ҚР 10.03.2004  жылғы № 532 Заңына сәйкес
Мұндай лизинг нысанасын лизингке одан әрi берген кезде сатушыны және лизинг нысанасын таңдауды лизинг берушi жүзеге асырды деп есептеледi.
5-бап. Лизинг нысанасына меншiк құқығы
1. Лизинг алушыға уақытша иеленуге және пайдалануға берiлген лизинг нысанасына меншiк құқығы, лизинг алушы лизинг шарты бойынша өзiнiң барлық ақшалай мiндеттемелерiн орындаған жағдайда жүзеге асыратын, лизинг шартының қолданылу мерзiмi өткенге дейiн (егер лизинг шартында мұндай өту көзделген болса) лизинг алушының меншiгiне лизинг нысанасы ауысқан жағдайларды қоспағанда, лизинг шарты қолданылатын бүкiл мерзiм iшiнде лизинг берушiде сақталады.
1-тарақ өзгертілді ҚР 10.03.2004  жылғы № 532 Заңымен (10.07.2003 ж. редакцияны қараңыз)
2. Қазақстан Республикасының оңалту және банкроттық туралы заңнамасында көзделген жағдайларды қоспағанда, лизинг алушы таратылған немесе банкрот болған кезде, егер лизинг бағасы төленбесе, лизинг нысанасы лизинг берушіге қайтарылуға жатады.
2-тармақ өзгертілді  ҚР 10.03.2004  жылғы № 532 Заңымен (10.07.2003 ж. редакцияны қараңыз)
2-тармақ өзгертілді ҚР 07.03.2014 жылғы № 177-V Заңымен (05.07.2012 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 15.03.2014 жылғы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
2-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР 24.05.2018 жылғы № 156-VІ Заңына сәйкес (26.12.2017 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 28.05.2018 жылы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
Лизинг нысанасына тыйым салуға және оны тәркілеуге жол берiлмейдi.
3. Егер лизинг шартында өзгеше көзделмеген болса лизинг нысанасын пайдалану нәтижесiнде алынған өнiм және өзге де табыстар, сондай-ақ лизинг алушы ажыратып алатындай дәрежеде жақсартқан лизинг нысанасы лизинг алушының меншiгi болып табылады.
4. Лизинг алушы өз қаражаты есебiнен және лизинг берушiнiң жазбаша келісімімен лизинг нысанасына зиян келтірмей ажыратуға болмайтындай дәрежеде жақсарту жүргiзген жағдайда, егер лизинг шартында өзгеше көзделмеген болса, оның шарт тоқтатылғаннан кейiн осы жақсарту құнының өтемiн алуға құқығы бар.
4-тармақ өзгертілді ҚР 10.03.2004  жылғы № 532 Заңымен (10.07.2003 ж. редакцияны қараңыз)
5. Лизинг алушы лизинг берушiнiң келiсiмiнсiз жүргiзген ажыратуға болмайтындай дәрежедегi жақсарту құны, егер заң актiлерiнде немесе лизинг шартында өзгеше көзделмеген болса, өтелуге жатпайды.
6. Лизингке тапсырылған мүлiктiң меншiк, шаруашылық жүргiзу және оралымды басқару құқығының басқа тұлғаға көшуi лизинг шартын өзгертуге немесе бұзуға негiз болып табылмайды. Бұл орайда лизинг шартында айқындалған лизинг берушiнiң құқықтары мен мiндеттерi жаңа меншiк иесiне көшедi.
6-бап. Сублизинг
1. Егер Қазақстан Республикасының заң актiлерiнде немесе лизинг шартында өзгеше белгiленбесе, лизинг алушы лизинг берушінің жазбаша келiсiмiмен лизинг нысанасын сублизингке өткiзуге құқылы. Бұл орайда сублизинг беруші мен сублизинг алушы лизинг берушi мен лизинг алушы ретiнде әрекет етедi және лизинг мәмiлесiне осы қатысушылар үшiн осы Заңда айқындалатын құқығы бар және жауаптылықта болады.
1-тарамақ өзгертілді ҚР 10.03.2004  жылғы № 532 Заңымен (10.07.2003 ж. редакцияны қараңыз)
Бұл орайда лизинг алушының лизинг шарты бойынша лизинг төлемдерiн төлеу жөнiндегi өз мiндеттемелерiн сублизинг алушыға аударуына лизинг берушінің жазбаша келiсiмiмен ғана жол берiледi.
2. Сублизинг шартын лизинг шартының мерзiмiнен асып кететiн уақытқа жасауға болмайды.
3. Егер заң актiлерiнде немесе лизинг шартында өзгеше көзделмеген болса, сублизинг шартына лизинг шарты туралы ережелер қолданылады.
4. Егер лизинг шартында өзгеше көзделмеген болса лизинг шартын мерзiмiнен бұрын тоқтату соған сәйкес жасалған сублизинг шартын тоқтатуға әкеп соғады. Бұл орайда сублизинг алушы сублизинг шартына сәйкес өзiнiң пайдалануындағы лизинг нысанасына тоқтатылған лизинг шартының талаптарына сәйкес келетiн талаптармен сублизингтің қалған мерзiмi шегінде лизинг берушiмен лизинг шартын жасасуға құқылы.
5. Егер лизинг шарты осы Заңда, Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінде немесе басқа да заңнамалық актiлерiнде көзделген негiздер бойынша жарамсыз деп танылса, онда соған сәйкес жасалған қосалқы лизинг шарты маңызсыз болып саналады.
5-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР 27.02.2017 жылғы № 49-VI Заңына сәйкес (29.10.2015 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 01.03.2017 жылы № 42 (29023) „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
7-бап. Лизинг алушының құқықтарын қорғау
Лизинг алушыға оның лизинг нысанасына құқығын қорғау меншiк құқығын қорғаумен тең дәрежеде қамтамасыз етiледi.
Лизинг алушының лизинг шартының қолданылу кезеңiнде талап-арыз беруге және өзiне тиесiлi құқықтарды өз атынан өзге де жолмен қорғауға құқығы бар.
8-бап. Лизинг нысанасының лизинг алушының меншiгiне өтуі
8-бап өзгертілді ҚР 27.04.2015 жылғы № 311-V Заңымен (07.03.2014 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 29.04.2015 жылы № 79 (28557) „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
Ислам лизингі шартын қоспағанда, лизинг шартында лизинг алушының күні бұрын айқындалған баға бойынша лизинг нысанасын меншікке сатып алу құқығы не міндеттемесі көзделуі мүмкін.
9-бап. Бап алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
9-бап алынып тасталды ҚР 10.03.2004  жылғы № 532 Заңымен (10.07.2003 ж. редакцияны қараңыз)
  • 1
10-бап. Лизинг қызметiн лицензиялау
Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде көзделген жағдайларда лизинг беруші ретінде банктердің лизинг қызметiн лицензиялауды қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті орган жүргiзедi.
10-баптың бірінші бөлігі өзгертілді ҚР 03.07.2019 жылғы № 262-VІ Заңымен (05.10.2018 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 01.01.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Өзге заңды тұлғалар және дара кәсiпкерлер болып табылатын жеке тұлғалар «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген тәртіппен қаржы мониторингі жөніндегі уәкілетті органға қызметінің басталғандығы туралы хабарлама жібергеннен кейін лизинг берушi ретiнде лизинг қызметiн лицензиясыз жүзеге асырады.
10-баптың екінші бөлігі жаңа редакцияда жазылды ҚР 02.08.2015 жылғы № 343-V Заңына сәйкес (27.04.2015 ж. редакцияны қараңыз) (ҚР 08.04.2016 жылғы № 489-V Заңының өзгерістерімен) (өзгерту қолданысқа енгізіледі 01.04.2016 жылдан бастап)
2-ТАРАУ. ЛИЗИНГТIК ҚАТЫНАСТАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ НЕГIЗДЕРI
  • 4
11-бап. Лизинг берушiнiң құқықтары мен мiндеттерi
1. Лизинг берушi:
1) өзiне тиесiлi төленбеген лизинг төлемдерiн, сондай-ақ шығынның орнын толтыруды талап етуге;
2) лизинг шартына сәйкес лизинг алушының лизинг шартының талаптарын орындауына бақылау жасауға;
3) лизинг алушы лизинг нысанасын қайтару жөнiндегi мiндеттемелерiн бұзған жағдайда мерзiмi кешiктiрiлген уақытқа төлем жасауды және шығынның орнын толтыруды талап етуге;
4) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларда лизинг алушыдан лизинг нысанасын талап етуге құқылы.
4-тармақша  өзгертілді ҚР 10.03.2004  жылғы № 532 Заңымен (10.07.2003 ж. редакцияны қараңыз)
  • 1
2. Лизинг берушi:
1) лизинг алушымен келiсiлген лизинг нысанасын лизинг шартының талаптарымен лизинг алушыға беру үшiн оны сатушыдан өз меншiгiне сатып алуға;
2) сатып алу-сату шартын жасаған кезде лизинг нысанасы белгiлi бiр лизинг алушыға (сублизинг алушыға) лизингке беруге арналғаны туралы сатушыға жазбаша хабарлауға;
2-тарамақша өзгертілді ҚР 10.03.2004  жылғы № 532 Заңымен (10.07.2003 ж. редакцияны қараңыз)
2-тармақша өзгертілді ҚР 10.03.2004  жылғы № 532 Заңымен (10.07.2003 ж. редакцияны қараңыз)
2-1) лизинг нысанасы жаңа лизинг алушының иеленуi мен пайдалануына берiлгенi (қайталама лизинг, сублизинг, мiндеттемедегi тұлғалардың өзгеруi) туралы осындай берiлу кезiнен бастап бiр ай мерзiмде Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген негiздер бойынша сатушыны жазбаша хабардар етуге;
2-1-тармақшамен толықтырылды  ҚР 10.03.2004  жылғы № 532 Заңына сәйкес2-1-тармақша өзгертілді ҚР 10.03.2004  жылғы № 532 Заңымен (10.07.2003 ж. редакцияны қараңыз)
3) лизинг нысанасын лизинг алушыға лизинг шартында келiсiлген талаптармен беруге;
3-тармақша өзгертілді ҚР 02.08.2015 жылғы № 343-V Заңымен (27.04.2015 ж. редакцияны қараңыз) (ҚР 08.04.2016 жылғы № 489-V Заңының өзгерістерімен) (өзгерту қолданысқа енгізіледі 01.04.2016 жылдан бастап)
4) қаржы мониторингі жөніндегі уәкілетті органға «Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес мәліметтер мен ақпаратты хабарлауға міндетті.
2-тармақ 4-тармақшамен толықтырылды ҚР 02.08.2015 жылғы № 343-V Заңына сәйкес (ҚР 08.04.2016 жылғы № 489-V Заңының өзгерістерімен) (өзгерту қолданысқа енгізіледі 01.04.2016 жылдан бастап)
3. Лизинг шартында лизинг берушінiң Қазақстан Республикасының заң актiлерiне қайшы келмейтiн басқа да құқықтары мен мiндеттерi көзделуi мүмкiн.
3-тармақ өзгертілді ҚР 10.03.2004  жылғы № 532 Заңымен (10.07.2003 ж. редакцияны қараңыз)
  • 1
12-бап. Лизинг алушының құқықтары мен мiндеттерi
1. Лизинг алушы:
1) лизинг нысанасын лизинг шартының талаптарымен иеленуге және пайдалануға;
2) лизинг нысанасының сапасына және жиынтықтылығына, оны жеткiзу мерзiмiне қатысты және сатушы мен лизинг берушi арасында жасалған шарт тиісті дәрежеде орындалмаған басқа да жағдайларда сатушыға талап қоюға;
3) егер лизинг шартында өзгеше белгiленбесе, лизинг беруші лизинг шартының талаптарын елеулi түрде бұзған жағдайда лизинг берушi лизинг шарты бойынша лизинг алушы алдындағы өз мiндеттемелерiн орындағанға дейiн төленуге тиiстi лизинг төлемдерiн тоқтата тұруға;
3-тармақша өзгертілді ҚР 10.03.2004  жылғы № 532 Заңымен (10.07.2003 ж. редакцияны қараңыз)
4) егер лизинг шартында өзгеше белгiленбесе, лизинг берушi лизинг шартын бiржақты тоқтатқан жағдайда, ол аванс ретiнде төлеген лизинг төлемдерiн керi қайтаруды талап етуге;
5) егер лизинг шартында өзгеше белгiленбесе, лизинг нысанасы жеткiзiп берiлмеген, мерзiмi едәуiр өткiзiлiп жеткiзiлiп берiлген немесе лизинг нысанасы мақсаты бойынша пайдалануға кедергі келтiретiн кемшiлiктерi жойылмай жеткiзiп берiлген жағдайларда, лизинг алушының сатушыны және лизинг нысанасын таңдау жағдайын қоспағанда, лизинг нысанасынан бас тартуға не лизинг нысанасын ауыстыруды талап етуге, лизинг шартын бұзуға;
5-тармақша өзгертілді ҚР 10.03.2004  жылғы № 532 Заңымен (10.07.2003 ж. редакцияны қараңыз)
6) лизинг берушi лизинг шартының талаптарын орындамаса не тиiстi дәрежеде орындамаса, залалдың орнын толтыруды талап етуге;
7) егер лизинг шартында өзгеше белгiленбесе, егер лизинг алушы жауап бермейтiн жағдаяттарға байланысты лизинг шартында көзделген пайдалану талаптары елеулi түрде нашарлап кетсе, лизинг сомалары мен лизинг төлемдерiн тиiсiнше азайтуды талап етуге құқылы.
7-тармақша өзгертілді ҚР 10.03.2004  жылғы № 532 Заңымен (10.07.2003 ж. редакцияны қараңыз)
2. Лизинг алушы:
1) лизинг нысанасын лизинг шартында көзделген тәртiппен қабылдауға;
2) лизинг төлемдерiн дер кезiнде төлеп тұруға;
3) лизинг нысанасын лизинг шартына сәйкес оның мақсатына сәйкес пайдалануға;
4) лизинг нысанасындағы қалыпты тозуды және тараптар келiсiп алған өзгерiстердi ескере отырып, лизинг берушi лизинг нысанасын оған қандай күйде берсе, сондай күйiнде күтiп ұстауға;
5) егер лизинг шартында немесе заң актiлерiнде өзгеше көзделмеген болса, лизинг нысанасын өз есебiнен күтiп ұстауға (оның iшiнде лизинг нысанасына байланысты қажетті коммуналдық төлемдерді жасауға) және оған техникалық қызмет көрсетуге, оның ағымдағы жөндеуiн жүзеге асыруға;
6) егер шартта және Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмеген болса, лизинг берушiнiң лизинг нысанасына қол жеткiзуiн қамтамасыз етуге мiндеттi.
3. Лизинг шартында лизинг алушының Қазақстан Республикасының заң актiлерiне қайшы келмейтiн басқа да құқықтары мен мiндеттерi көзделуi мүмкiн.
3-тармақ өзгертілді ҚР 10.03.2004  жылғы № 532 Заңымен (10.07.2003 ж. редакцияны қараңыз)
13-бап. Сатушының құқықтары мен мiндеттерi
Сатушының құқықтары мен мiндеттерi Қазақстан Республикасының заңдарына және сатып алу-сату шартына сәйкес белгіленеді.
13-баптың 1-бөлігі өзгертілді ҚР 10.03.2004  жылғы № 532 Заңымен (10.07.2003 ж. редакцияны қараңыз)
Лизинг шарты лизинг берушiнiң, лизинг алушының және сатушының қатысуымен жасалған жағдайда сатушының құқықтары мен мiндеттерi лизинг шартына сәйкес белгiленедi.
14-бап. Лизингке қатысушылардың жауапкершiлiгi
1. Лизинг берушiнiң, лизинг алушының және сатушының жауапкершiлiгi лизинг шартында, сатып алу-сату шартында және Қазақстан Республикасының заң актiлерiнде белгiленедi.
2. Лизинг нысанасын сатушы, сатушы мен лизинг берушiнiң арасында жасалған сатып алу-сату шартын орындау жөнiнде, атап айтқанда, лизинг нысанасының сапасы мен жиынтықтылығына, оны беру мерзiмiне қатысты және сатушы шартты тиiстi дәрежеде орындамаған басқа да жағдайларда тiкелей лизинг алушының алдында жауапты болады. Бұл орайда лизинг алушы өзi аталған лизинг нысанасын сатып алу-сату тарабы болғандағыдай, сатып алынған лизинг нысанасына ақы төлеу мiндетiн қоспағанда, сатып алушы үшiн Азаматтық кодексте көзделген құқықтарға ие болады және мiндеттеменi мойнына алады. Егер сатушы лизинг алушы қоятын талаптармен келiсетiн болса, онда лизинг алушыға лизинг нысанасын беру шарттарының кез келген өзгерiстерi (жиынтықтамалығы, жеткiзiлу мерзiмi және т.б.) мiндеттi түрде лизинг берушiмен келiсiлуге тиiс.
Сатушымен арадағы қатынастарда лизинг алушы мен лизинг берушi ынтымақтас кредит берушiлер болады.
3. Егер лизинг шартында өзгеше көзделмеген болса, сатушыны таңдау құқығы лизинг берушiде болатын жағдайларды қоспағанда, лизинг берушi сатушының сатып алу-сату шартынан туындайтын талаптарды орындауы үшiн лизинг алушының алдында жауап бермейдi. Мұндай жағдайда лизинг алушы өз қалауы бойынша ортақ жауапкершiлiкте болатын тiкелей мүлiк сатушыға да, лизинг берушiге де сатып алу-сату шартынан туындайтын талаптарды қоюға құқылы.
4. Лизинг берушi сы Заңның 11-бабы 2-тармағының 2) және 2-1) тармақшаларына сәйкес сатушыға хабарлау жөнiндегi мiндетiн бұзған жағдайда лизинг берушi сатып алу-сату шартынан туындайтын талаптарды сатушының орындауы үшiн лизинг алушының алдында толық жауапты болады.
4-тармақ өзгертілді ҚР 10.03.2004  жылғы № 532 Заңымен (10.07.2003 ж. редакцияны қараңыз)
  • 2
15-бап. Лизинг шарты
1. Лизинг берушi лизинг шарты бойынша сатушыдан өз меншiгiне сатып алған және лизинг алушымен келiсiлген лизинг нысанасын төлемақысына лизинг алушының уақытша иеленуiне және пайдалануына беруге мiндеттенедi.
1-тармақ өзгертілді ҚР 10.03.2004  жылғы № 532 Заңымен (10.07.2003 ж. редакцияны қараңыз)
1-тармақ өзгертілді ҚР 05.10.2018 жылғы № 184-VІ Заңымен (24.05.2018 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 10.10.2018 жылы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
2. Лизинг шартының мынадай елеулi талаптары болуы тиiс:
1) шарттың нысанасы;
2) сатушыны және лизинг нысанасын кiмнiң таңдап алғаны көрсетiлген лизинг нысанасын сатушының атауы;
2-тармақша өзгертілді ҚР 10.03.2004  жылғы № 532 Заңымен (10.07.2003 ж. редакцияны қараңыз)
3) лизинг нысанасын лизинг алушыға берудiң шарттары мен мерзiмi;
4) лизинг төлемдерiнiң мөлшерi мен кезеңдiлiгi;
5) лизинг нысанасының құны;
6) шарттың қолданылу мерзiмi;
7) егер лизинг нысанасының лизинг алушының меншiгiне ауысуы шартта көзделген болса мұндай ауысудың шарттары;
8) лизинг нысанасының сипаттамасы;
9)-13)
9-13-тармақшалары алынып тасталды ҚР 10.03.2004  жылғы № 532 Заңымен (10.07.2003 ж. редакцияны қараңыз)
Осы талаптар болмаған жағдайда лизинг шарты жасалмаған болып саналады.
3. Тараптардың келiсiмi бойынша лизинг шартына өзге де ережелер енгiзiлуi мүмкiн.
4. Лизинг шарты жазбаша нысанда жасалуға тиiс. Лизинг шартының жазбаша нысанын сақтамау оның маңызсыздығына алып келеді.
4-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР 27.02.2017 жылғы № 49-VI Заңына сәйкес (29.10.2015 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 01.03.2017 жылы № 42 (29023) „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
16-бап. Лизинг шартының қолданылуы
1. Лизинг шартының мерзiмiн осы Заңның 2-бабында белгiленген ережелердi ескере отырып, тараптар айқындайды.
1-тармақ өзгертілді ҚР 10.03.2004  жылғы № 532 Заңымен (10.07.2003 ж. редакцияны қараңыз)
2. Егер заңдарда немесе лизинг шартында өзгеше көзделмеген болса, лизинг шарты оған қол қойылған кезден бастап күшiне енедi және тараптар үшiн мiндеттi болып табылады.
3. Лизинг шарты тараптар өздерiнiң барлық мiндеттемелерiн орындап болған кезден бастап, сондай-ақ заң актiлерiнде көзделген өзге де жағдайларда өзiнiң күшiн жояды.
17-бап. Лизинг шартын өзгерту және бұзу
17-бап өзгертілді ҚР 10.03.2004  жылғы № 532 Заңымен (10.07.2003 ж. редакцияны қараңыз)
Лизинг шартын өзгерту және бұзу Қазақстан Республикасының азаматтық заңдарында немесе лизинг шартында айқындалатын тәртiппен және жағдайларда жүзеге асырылады.
18-бап. Лизинг берушiнi немесе лизинг алушыны ауыстыру
Егер осы Заңда, лизинг шартында немесе Қазақстан Республикасының заң актiлерiнде өзгеше көзделмеген болса, лизинг берушi және лизинг алушы лизинг шарты бойынша өздерiне тиесiлi құқықтың бәрiн тараптардың екiжақты келiсiм бойынша үшiншi бiр тұлғаларға беруге құқылы.
19-бап. Лизинг нысанасын лизинг алушыға беру
1. Егер лизинг шартында немесе сатып алу-сату шартында өзгеше көзделмеген болса, сатушы лизинг нысанасын тiкелей лизинг алушыға оның жүрген жерiнде бередi.
2. Егер лизинг шартында өзгеше көзделмесе, лизинг нысанасы лизинг алушыға оның барлық керек-жарағымен және оған қатысты құжаттармен (жинақталымын, қауiпсiздігін, сапасын, монтаждалуын, жөнге келтiрiлуiн, пайдаланылуын және басқаларын куәландыратын құжаттарымен) бiрге берiледi.
2-тармақ өзгертілді ҚР 10.03.2004  жылғы № 532 Заңымен (10.07.2003 ж. редакцияны қараңыз)
3. Сатушы лизинг нысанасын сатып алу-сату шарты бойынша мiндеттемелердi бұзған жағдайда, егер лизинг шартында өзгеше көзделмесе, осыған байланысты залалдарды лизинг шартының сатушыны таңдаған тарабы көтередi.
4. Лизинг нысанасы лизинг шарты бойынша оны пайдалану мақсаттарына сәйкес келмеген жағдайда, егер лизинг шартында өзгеше көзделмесе, осыған байланысты залалдарды лизинг шартының лизинг нысанасын таңдаған тарабы мойнына алады.
4-тарамақ өзгертілді ҚР 10.03.2004  жылғы № 532 Заңымен (10.07.2003 ж. редакцияны қараңыз)
20-бап. Лизинг нысанасына байланысты мүлiктiк тәуекелдер
20-баптың тақырыбы өзгертілді ҚР 10.03.2004  жылғы № 532 Заңымен (10.07.2003 ж. редакцияны қараңыз)
1. Лизинг нысанасының сақталуы үшiн, сондай-ақ оны техникалық құжаттамада көзделген көлемде пайдалануға болмайтын жағдайға әкеп соқтырған оның жойылуына, жоғалуына, бүлiнуiне, мерзiмiнен бұрын қирауына, ұрлануына және лизинг нысанасын монтаждау, жинау немесе пайдалану кезiнде жiберiлген ағаттықтарға байланысты тәуекелдер және лизинг нысанасын нақты қабылдау кезiндегi басқа да мүлiктiк тәуекелдер үшiн жауапкершiлiктi, егер шартта өзгеше көзделмесе, лизинг алушы мойнына алады.
1-тармақ өзгертілді ҚР 10.03.2004  жылғы № 532 Заңымен (10.07.2003 ж. редакцияны қараңыз)
2. Лизинг шартында лизинг берушiнiң немесе лизинг алушының лизинг нысанасын сақтандыру жөнiндегi мiндетi көзделуi мүмкiн.
3. Егер лизинг нысанасын сақтандыруға мiндеттi тарап лизинг шартының талаптарына сәйкес сақтандыруды жүзеге асырмаған болса басқа тарап лизинг нысанасын сақтандырып, мiндеттi тараптан сақтандыру төлемi түрiндегi шығындарды өтеудi талап етуге құқылы.
4. Лизинг нысанасының жойылуы, жоғалуы, бүлiнуi, ұрлануы немесе лизинг нысанасының өз функцияларын жоғалтуы немесе егер лизинг алушы жауап бермейтiн жағдаяттарға байланысты мүлiк пайдалануға жарамсыз күйде болса, лизинг алушыны лизинг шарты бойынша мiндеттемелерден босатпайды және, егер лизинг шартында өзгеше белгiленбесе, лизинг алушының талабы бойынша лизинг шартын мерзiмiнен бұрын бұзуға негiз болып табылмайды.
21-бап. Лизинг төлемдерi
Лизинг төлемдерi - лизинг шартын жасаған кездегi баға бойынша лизинг нысанасы құнының барлық немесе елеулi бөлiгiнiң өтелуiн ескере отырып есептелуге тиiс және лизинг шартының қолданылу мерзiмi бойына жүзеге асырылатын, лизинг шарты қолданылуының бүкiл мерзiмi iшiнде лизинг шарты бойынша төлемдердiң жалпы сомасын бiлдiретiн мерзiмдiк төлемдер, оған мыналар енедi:
21-баптың 1-бөлігі өзгертілді ҚР 10.03.2004  жылғы № 532 Заңымен (10.07.2003 ж. редакцияны қараңыз)
1) лизинг шартына сәйкес лизинг берушiге лизинг нысанасын сатып алуға жұмсалған шығындарды және лизинг нысанасын сатып алуға, жеткiзiп беруге және нысаналы түрде пайдаланылуы үшiн оны жұмыс iстейтiн күйге келтiруге тiкелей байланысты кез келген басқа шығындарды өтеу;
2) лизинг бойынша сыйақы.
22-бап. Лизинг есебi
Лизинг есебi бухгалтерлiк есеп жөнiндегi заңдардың талаптарына сәйкес жүргiзiледi.
23-бап. Лизинг нысанасын қайтару
1. Лизинг алушы лизинг нысанасын, егер лизинг шартында лизинг алушының лизинг нысанасын өз меншiгiне сатып алу құқықтары мен мiндеттерi көзделмесе не ол лизинг нысанасын сатып алудың көзделген құқығын пайдаланбаса не лизинг шарты сот тәртiбiмен мерзiмiнен бұрын тоқтатылса, сондай-ақ лизинг шартында және Қазақстан Республикасының заң актiлерiнде көзделген өзге де жағдайларда қайтаруға тиiс.
1-тармақ өзгертілді ҚР 10.03.2004  жылғы № 532 Заңымен (10.07.2003 ж. редакцияны қараңыз)
2. Лизинг нысанасы қалыпты тозуды ескере отырып, лизинг алушы оны қандай күйде алса, сондай күйiнде немесе лизинг шартында ескертiлген күйiнде қайтарылуға тиiс.
3. Қайтарылатын лизинг нысанасының жай-күйi осы баптың 2-тармағында көзделген талаптарға сәйкес келмейтiн болса, егер лизинг шартында өзгеше көзделмеген болса, лизинг алушы лизинг берушiге келтiрiлген залалды өтейдi.
4. Егер лизинг нысанасы лизинг алушының дұрыс пайдаланбауы салдарынан оның техникалық сипаттамаларында ескертiлген мерзiмнен бұрын қалыпты жұмыс жағдайынан шығып қалып, лизинг берушiге қайтарып берiлсе, онда, егер лизинг шартында өзгеше көзделмеген болса, лизинг алушы лизинг берушiге залалды өтеуге мiндеттi.
5. Егер лизинг алушы лизинг нысанасын қайтаруға мiндеттi болғанымен, оны қайтармаса не дер кезiнде қайтармаса, лизинг берушiнiң бүкiл кешiктiрiлген кезең үшiн лизинг төлемдерiн төлеудi талап етуге құқығы бар. Егер лизинг төлемдерi лизинг берушiге келтiрiлген залалдың орнын толтырмайтын болса, оның осы залалды өтеудi талап етуге құқығы бар.
24-бап. Лизинг нысанасын талап ету
24-бап өзгертілді ҚР 10.03.2004  жылғы № 532 Заңымен (10.07.2003 ж. редакцияны қараңыз)
1. Лизинг берушiнiң, егер лизинг шартында өзгеше көзделмесе, лизинг нысанасын, шартта немесе Қазақстан Республикасының заң актiлерiнде айқындалатын жағдайларда, Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен талап етуге құқығы бар.
2. Лизинг берушiнiң лизинг нысанасын мына жағдайларда:
1) егер лизинг алушының лизинг нысанасын пайдалануы лизинг шартының талаптарына немесе лизинг нысанасының арналған мақсатына сәйкес келмесе;
2) егер лизинг алушы лизинг берушiнiң лизинг нысанасына қол жеткiзуiн шектесе;
3) егер лизинг алушы белгiленген көлемдегi лизинг шарты бойынша лизинг төлемдерiн шартта көзделген мерзiмде қатарынан екi немесе одан көп рет төлемесе даусыз талап етуге құқығы бар.
3. Лизинг нысанасын даусыз талап ету Қазақстан Республикасының Азаматтық iс жүргiзу кодексiне сәйкес бұйрық iсiн жүргiзу тәртiбiмен жүзеге асырылады.
4. Сот бұйрығын шығару үшiн лизинг берушi:
1) өтiнiш;
2) лизинг шартын;
3) өтiнiш берерден кемiнде бiр ай бұрын лизинг алушыға жiберiлген лизинг нысанасын ықтимал талап ету туралы жазбаша Ескертудi;
4) лизинг алушының лизинг төлемдерiн нақты төлегенiн растайтын құжаттарды тапсырады.
5. Лизинг алушы сот бұйрығының көшiрмесiн алған күннен бастап он күн мерзiм iшiнде лизинг нысанасын талап ету туралы мәлiмделген талапқа бiлдiрген қарсылығын кез келген байланыс құралдарын пайдалана отырып, бұйрық шығарған сотқа жiберуге құқылы.
  • 3
2-1-тарау.  Ислам лизингін  жүзеге асырудың ерекшеліктері
Осы Заң 2-1-тараумен толықтырылды ҚР 27.04.2015 жылғы № 311-V Заңына сәйкес (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 29.04.2015 жылы № 79 (28557) „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
24-1-бап.  Ислам лизингін жүзеге асыруға қойылатын талаптар
1.  Ислам лизингі бойынша  қызметті жүзеге асыру кезінде  заңды тұлғалар исламдық қаржыландыру қағидаттарын, сондай-ақ  осы бапта белгіленген өзге де талаптарды сақтауға міндетті.
2.  Исламдық қаржыландыру қағидаттары:
1) лизинг берушінің темекі, алкоголь өнімінің өндірілуіне және (немесе) саудасына, қару-жарақ пен оқ-дәрілерге, ойын бизнесіне байланысты қызметті, сондай-ақ исламдық қаржыландыру қағидаттары жөніндегі кеңес қаржыландыруға тыйым салған  кәсіпкерлік қызметтің өзге де түрлерін қаржыландыруына тыйым салу;
2) лизинг берушінің ислам лизингіне жататын ақшаны инвестициялаудан түскен пайыздар түрінде  сыйақы алуына тыйым салу болып табылады.
Исламдық қаржыландыру қағидаттары жөніндегі кеңес немесе исламдық қаржыландыру қағидаттары жөніндегі сыртқы тәуелсіз сарапшы  (бұдан әрі – сыртқы тәуелсіз сарапшылар) лизинг беруші мен лизинг алушының  қызметіне қойылатын, сақталуы міндетті өзге де талаптарды қосымша айқындауға құқылы.
3. Лизинг алушының осы баптың 2-тармағы бірінші бөлігінің 1) тармақшасында көрсетілген қызметті жүзеге асыру үшін лизинг нысанасын пайдалануына немесе оны қосалқы лизингке беруіне жол берілмейді.
4. Лизинг нысанасына меншік құқығы лизинг алушыға ислам лизингі шарты бойынша лизинг берушінің алдындағы міндеттемелерді ол орындағаннан кейін жеке келісім негізінде өтеді.
5. Лизинг нысанасы лизинг алушыға берілгеннен кейін лизинг алушы лизинг төлемдерін  төлеуді жүргізеді.
6. Лизинг алушының  міндеттемелерді ішінара немесе толық көлемде орындамағаны және (немесе) тиісінше орындамағаны үшін айыппұлдар мен өсімпұлдар сомасын лизинг беруші исламдық қаржыландыру қағидаттары жөніндегі кеңестің немесе сыртқы тәуелсіз сарапшылардың шешімі бойынша  қайырымдылық көмекке жіберуі мүмкін.
7. Ислам банкі болып табылмайтын лизинг беруші өзге де қызмет бойынша кірістер мен шығыстардан ислам лизингі бойынша кірістер мен шығыстардың  бөлек есебін жүргізеді.
  • 1
24-2-бап. Исламдық қаржыландыру қағидаттары жөніндегі кеңестің қызметі
1.  Ислам лизингі мәмілелерінің сәйкестігін айқындау үшін лизинг беруші міндетті түрде исламдық қаржыландыру қағидаттары жөніндегі кеңесті құрады. қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның нормативтік  құқықтық актісінде көзделген жағдайларда, лизинг беруші исламдық қаржыландыру қағидаттары жөніндегі кеңесті құрмай, ислам лизингі мәмілелерінің исламдық қаржыландыру қағидаттарына сәйкестігі туралы  қорытынды алу үшін сыртқы тәуелсіз сарапшыларды тартуға құқылы.
1-тармақ өзгертілді ҚР 03.07.2019 жылғы № 262-VІ Заңымен (05.10.2018 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 01.01.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Сыртқы тәуелсіз сарапшыларға қойылатын талаптар қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленед
2. Исламдық қаржыландыру қағидаттары жөніндегі кеңес директорлар кеңесінің ұсынымы бойынша лизинг беруші акционерлерінің жалпы жиналысы тағайындайтын тәуелсіз орган болып табылады. Сыртқы тәуелсіз сарапшыларды лизинг берушінің директорлар кеңесі айқындайды.
3. Лизинг берушінің ислам лизингін реттейтін ішкі нормативтік құжаттары исламдық қаржыландыру қағидаттары жөніндегі кеңестің немесе сыртқы тәуелсіз сарапшылардың оң қорытындысы болған кезде лизинг берушінің директорлар кеңесінің бекітуіне жатады.
4. Исламдық қаржыландыру қағидаттары жөніндегі кеңестің міндеттері, функциялары мен өкілеттіктері, сондай-ақ оны құру тәртібі және оның мүшелеріне қойылатын талаптар лизинг беруші акционерлерінің жалпы жиналысы бекіткен ережеде айқындалады.
5. Сыртқы тәуелсіз сарапшылардың міндеттері, функциялары, өкілеттіктері және оларға қойылатын талаптар лизинг берушінің директорлар кеңесі бекіткен ережеде айқындалады.
24-3-бап. Ислам лизингі шарты
1. Ислам лизингі шартында мынадай елеулі талаптар қамтылуға тиіс:
1) шарт нысанасы;
2) лизинг нысанасын пайдалану мақсатын және исламдық қаржыландыру қағидаттарына сәйкес лизинг нысанасын лизинг алушының нысаналы пайдалануын сақтау міндеттемесін көрсету;
3) лизинг нысанасын лизинг алушыға беру шарттары мен мерзімі;
4) лизинг төлемдерінің тіркелген мөлшері мен мерзімділігі;
5) лизинг нысанасының тіркелген құны;
6) лизинг нысанасының берілуіне байланысты лизинг алушы өтеуге жататын лизинг беруші шығыстарының толық тізбесі мен мөлшері;
7) шарттың қолданылу мерзімі.
2. Ислам лизингі шартында лизинг нысанасының лизинг алушының меншігіне өтуі көзделмейді. Лизинг нысанасына меншік құқығы жеке келісім негізінде лизинг алушыға өтуі мүмкін.
3. Лизинг берушінің меншігінде емес лизинг нысанасына ислам лизингі шарты жасалған жағдайда, ислам лизингі шартында сол уақыт ішінде лизинг берушіге лизинг нысанасын құру немесе оны меншігіне сатып алу құқығы берілетін мерзім көзделеді.
4. Лизинг беруші ислам лизингі шартының талаптарына сәйкес келмейтін мүлікті берген жағдайда, лизинг алушының ислам лизингі шартын орындаудан бас тартуға немесе ислам лизингі шартының талаптарына сәйкес келетін мүлікті лизингке беруді талап етуге құқығы бар.
5. Ислам лизингі шарты бойынша лизинг төлемдеріне тараптардың өзара келісуі бойынша лизинг берушінің сақтандыруға, күрделі жөндеу жүргізуге  арналған шығыстары және өзге де шығыстар қосылуы мүмкін.
6. Осы баптың 7-тармағында көзделген жағдайларды, сондай-ақ ислам лизингі нысанасын монтаждау және жинау кезінде жол берілген жаңсақтықтарға байланысты мерзімінен бұрын қирау жағдайын қоспағанда, ислам лизингі шарты бойынша лизинг алушы осы Заңның 20-бабының 1-тармағында көрсетілген мүліктер мен тәуекелдердің сақталуына жауапты болады.
7. Лизинг нысанасы жойылған, жоғалған, бүлінген, ұрланған немесе лизинг алушы жауап бермейтін мән-жайларға орай лизинг нысанасы өзінің функцияларын жоғалтқан жағдайда, ислам лизингі шарты бойынша лизинг алушы міндеттемелерден босатылады және оның ислам лизингі шартын бұзуға құқығы бар.
24-4-бап. Ислам лизингі операцияларын исламдық қаржыландыру қағидаттарына сәйкес келмейді деп тану салдарлары
1. Исламдық қаржыландыру қағидаттары жөніндегі кеңес немесе сыртқы тәуелсіз сарапшылар жасалу сатысындағы мәмілені осы Заңның 24-1-бабының 1-тармағында көрсетілген талаптарға сәйкес келмейді деп таныған жағдайда, мұндай мәміле жасалмайды және орындалмайды.
2. Исламдық қаржыландыру қағидаттары жөніндегі кеңес немесе сыртқы тәуелсіз сарапшылар жасалған, бірақ орындалмаған немесе ішінара орындалған мәмілені осы Заңның 24-1-бабының 1-тармағында көрсетілген талаптарға сәйкес келмейді деп таныған жағдайда, мұндай мәміле Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасында белгіленген тәртіппен мерзімінен бұрын бұзылады.
3. Исламдық қаржыландыру қағидаттары жөніндегі кеңес немесе сыртқы тәуелсіз сарапшылар орындалған немесе ішінара орындалған мәмілені осы Заңның 24-1-бабының 1-тармағында көрсетілген талаптарға  сәйкес келмейді деп таныған жағдайда, мұндай мәміле бойынша кіріс қайырымдылыққа жіберілуге тиіс.
3-ТАРАУ. ҚОРЫТЫНДЫ ЕРЕЖЕЛЕР
25-бап. Лизинг қызметiн жүзеге асыру режимi
1. Осы Заңға сәйкес жүзеге асырылатын лизинг қызметiне Қазақстан Республикасының инвестициялар саласындағы заңнамасында көзделген инвестициялық қызметтi жүзеге асырудың құқықтық және экономикалық режимі қолданылады.
1-тармақ өзгертілді ҚР 10.03.2004  жылғы № 532 Заңымен (10.07.2003 ж. редакцияны қараңыз)
1-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР 29.10.2015 жылғы № 376-V Заңына сәйкес (02.08.2015 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту қолданысқа енгізіледі 01.01.2016 жылдан бастап)
  • 1
2. Еуразиялық экономикалық одақтың және (немесе) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасында белгіленген тауарларды уақытша әкелудің және уақытша әкетудің кедендік рәсімі қолданылатын лизинг заттарының тізбесін кеден ісі саласындағы уәкілетті орган айқындайды.
2-тармақ өзгертілді ҚР 30.06.2010 жылғы № 297-IV Заңымен (23.12.2005 ж. редакцияны қараңыз)
2-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР 26.12.2017 жылғы № 124-VІ Заңына сәйкес (27.02.2017 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту қолданысқа енгізіледі 01.01.2018 жылдан бастап)
2-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР 19.04.2023 жылғы № 223-VII Заңына сәйкес (03.07.2019 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 01.05.2023 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
25-1-бап. Осы Заңды бұзғаны үшін жауапкершiлiк
Осы Заң 25-1-баппен толықтырылды  ҚР 10.03.2004  жылғы № 532 Заңына сәйкес
Осы Заңды бұзу Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген жауаптылыққа әкеп соғады.
26-бап. Осы Заңның қолданысқа енуi
Осы Заң жарияланған күннен бастап қолданысқа енедi.
Қазақстан Республикасының 
Президенті