Осы Заңда мынадай негiзгi ұғымдар пайдаланылады:










Отправить по почте

Қазақстан Республикасының Патент Заңы Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 16 шілдедегі № 427-I Заңы
Редакция 25.01.2026 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
1-тарау. Жалпы ережелер
1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар
1-бап өзгертілді ҚР 02.03.2007 жылғы №237 Заңымен (22.11.2005 ж. редакцияны қараңыз)(алғашқы ресми жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.)
Осы Заңда мынадай негiзгi ұғымдар пайдаланылады:
1) айрықша құқық - өнеркәсiптiк меншiк объектiсiн өз қалауы бойынша кез келген әдiспен пайдалануға патент иеленушiнiң мүлiктiк құқығы;
1-тармақша өзгертілді ҚР 09.07.2004 жылғы №586 Заңымен (16.07.1999 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізіледі)
2) бюллетень - өнеркәсiптiк меншiк объектiлерiн қорғау мәселелерi жөнiндегi ресми мерзiмдiк басылым;
2-1) еуразиялық өтінім – 1994 жылғы 9 қыркүйектегі Еуразиялық патент конвенциясына немесе 1994 жылғы 9 қыркүйектегі Еуразиялық патент конвенциясына Өнеркәсіптік үлгілерді қорғау туралы хаттамаға сәйкес берілген өтінім;
1-бап 2-1-тармақшамен толықтырылды ҚР 10.07.2012 жылғы №34-V Заңына сәйкес (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) 2-1-тармақша өзгертілді ҚР 20.06.2022 жылғы № 128-VII Заңымен (25.06.2020 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту қолданысқа енгізіледі 21.08.2022 жылдан бастап)
2-2) еуразиялық патент – 1994 жылғы 9 қыркүйектегі Еуразиялық патент конвенциясына немесе 1994 жылғы 9 қыркүйектегі Еуразиялық патент конвенциясына Өнеркәсіптік үлгілерді қорғау туралы хаттамаға сәйкес берілген патент;
1-бап 2-2-тармақшамен толықтырылды ҚР 07.04.2015 жылғы № 300-V Заңына сәйкес (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 10.04.2015 жылы № 65 (28543) „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды 2-2-тармақша өзгертілді ҚР 20.06.2022 жылғы № 128-VII Заңымен (25.06.2020 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту қолданысқа енгізіледі 21.08.2022 жылдан бастап)
3) зияткерлiк меншiк объектiлерi - зияткерлік шығармашылық қызмет нәтижелерi және азаматтық айналымға қатысушыларды, тауарларды, жұмыстарды және қызмет көрсетулердi дараландыру құралдары;
3-тармақша өзгертілді ҚР 20.06.2022 жылғы № 128-VII Заңымен (25.06.2020 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту қолданысқа енгізіледі 21.08.2022 жылдан бастап)
4) қорғау құжаттары – өнертабыстарға, өнеркәсiптiк үлгiлерге және пайдалы модельдерге осы Заңға сәйкес берiлген патенттер;
4-тармақша өзгертілді ҚР 07.04.2015 жылғы № 300-V Заңымен (29.09.2014 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 10.04.2015 жылы № 65 (28543) „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
5) тармақша алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
5-тармақша алынып тасталды ҚР 07.04.2015 жылғы № 300-V Заңымен (29.09.2014 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 10.04.2015 жылы № 65 (28543) „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
6) лицензиялық шарт - патент иеленушi (лицензиар) басқа тарапқа (лицензиатқа) өнеркәсiптiк меншiк объектiсiн белгiлi бiр түрде уақытша пайдалану құқығын беру шарты;
7) өнеркәсiптiк меншiк oбъектiлерi - өнертабыстар, пайдалы модельдер және өнеркәсiптiк үлгiлер;
7-1) өнеркәсіптік меншіктің қызметтік объектілері – қызметкер өзінің қызметтiк мiндеттерiн немесе жұмыс берушiнiң нақты тапсырмасын орындау кезiнде жасаған өнертабыстар, пайдалы модельдер, өнеркәсіптік үлгілер;
1-бап 7-1-тармақшамен толықтырылды ҚР 07.04.2015 жылғы № 300-V Заңына сәйкес (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 10.04.2015 жылы № 65 (28543) „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
8) Париж конвенциясы - кейiнгi өзгерiстерiмен және толықтыруларымен бiрге 1883 жылғы 20 наурыздағы өнеркәсiптiк меншiктi қорғау жөнiндегi Париж конвенциясы;
9) патент иеленушi - қорғау құжатының иесi;
9-тармақша өзгертілді ҚР 09.07.2004 жылғы №586 Заңымен (16.07.1999 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізіледі)
10) патентке қабiлеттiлiк шарттары - өнеркәсiптiк меншiк объектiлерiне құқықтық қорғауды берудiң осы Заңда көзделген шарттары;
11) патенттелген өнеркәсiптiк меншiк oбъектiлерi - қорғау құжаттары берiлген өнеркәсiптiк меншiк oбъектiлерi;
12) патенттiк сенiм бiлдiрiлген өкiлдер - жеке және заңды тұлғалардың уәкiлеттi орган мен сараптама жасау ұйымы алдындағы өкiлдiгiне Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес құқық берiлген Қазақстан Республикасының азаматтары;
13) халықаралық өтінім – 1970 жылғы 19 маусымдағы Патенттік кооперация туралы шартқа сәйкес берілген өтінім.
1-бап 13-тармақшамен толықтырылды ҚР 10.07.2012 жылғы №34-V Заңына сәйкес (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі)
2-бап. Патент заңы реттейтiн қатынастар
1. Осы Заңмен өнеркәсiптiк меншiк объектiлерiн жасауға, құқықтық қорғау мен пайдалануға байланысты мүлiктiк, сондай-ақ оларға байланысты жеке мүлiктiк емес қатынастар реттеледi.
2. Интеллектуалдық меншiктiң өзге объектiлерiн (селекциялық жетiстiктер, интегралдық микротәсiм топологиялары, тауар таңбалары, қызмет көрсету таңбалары, тауар шығарылатын жерлердiң атаулары және басқалар) қорғау өзге заң актiлерiмен реттеледi.
3-бап. Осы Заңның қолданылу аясы
1. Осы Заңның ережелерi қорғау құжаттарын сараптама ұйымы берген өнеркәсiптiк меншiк объектiлерiне, сондай-ақ Қазақстан Республикасы қатысатын халықаралық шарттар негiзiнде патенттер берiлген өнеркәсiптiк меншiк объектiлерiне қолданылады.
1-тармақ өзгертілді ҚР 09.07.2004 жылғы №586 Заңымен (16.07.1999 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) 1-тармақ өзгертілді ҚР 20.06.2022 жылғы № 128-VII Заңымен (25.06.2020 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту қолданысқа енгізіледі 21.08.2022 жылдан бастап)
2. Егер Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шартта осы Заңдағыдан өзгеше ережелер белгіленсе, халықаралық шарттың ережелерi қолданылады.
4-бап. Өнертабыстарды, пайдалы модельдердi және өнеркәсiптiк үлгiлердi қорғау саласындағы уәкiлеттi мемлекеттiк орган
4-бап өзгертілді ҚР 09.07.2004 жылғы №586 Заңымен (16.07.1999 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізіледі)
1. Өнертабыстарды, пайдалы модельдердi және өнеркәсiптiк үлгiлердi қорғау саласындағы уәкiлеттi мемлекеттiк орган (бұдан әрi - уәкiлеттi орган) - Қазақстан Республикасының Yкiметi айқындайтын және өнертабыстарды, пайдалы модельдердi, өнеркәсiптiк үлгілердi қopғay саласындағы мемлекеттiк реттеудi жүзеге асыратын мемлекеттiк орган.
2. Уәкілетті органның құзыретіне мыналар жатады
2-тармақ өзгертілді ҚР 05.07.2011 жылғы №452-IV Заңымен (10.07.2009ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту қолданысқа енгізіледі 13.10.2011 жылдан бастап) 2-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР 20.06.2018 жылғы № 161-VI Заңына сәйкес (31.10.2015 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 22.06.2018 жылы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
1) өнеркәсіптік меншік объектілерін құқықтық қорғау саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруға қатысу;
2) мыналарды:
2-тармақша өзгертілді ҚР 24.11.2025 жылғы № 233-VIII Заңымен (20.06.2022 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 25.01.2026 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
өнеркәсіптік меншік объектілеріне арналған өтінімдерге сараптама жүргізу қағидаларын;
өнеркәсіптік меншік объектілерін Өнертабыстардың мемлекеттік тізілімінде, Пайдалы модельдердің мемлекеттік тізілімінде, Өнеркәсіптік үлгілердің мемлекеттік тізілімінде тіркеу және қорғау құжаттары мен олардың телнұсқаларын беру, патенттерді жарамсыз деп тану және олардың қолданысын мерзімінен бұрын тоқтату қағидаларын;
өнеркәсіптік меншік объектісіне айрықша құқық беруді, оны пайдалануға, ашық немесе мәжбүрлі лицензияға құқықты табыстауды тиісті мемлекеттік тізілімдерде тіркеу қағидаларын;
тиісті мемлекеттік тізілімдерден үзінді көшірмелер беру қағидаларын;
апелляциялық кеңестің қарсылықтарды қарау қағидаларын;
Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарға сәйкес өнеркәсіптік меншік объектілеріне арналған өтінімдерді қарау қағидаларын;
патенттік сенім білдірілген өкілдер қызметінің мәселелері жөніндегі комиссия туралы ережені;
апелляциялық кеңес туралы ережені;
апелляциялық комиссия туралы ережені әзірлеу және бекіту;
3) өнеркәсіптік меншік объектілерін тіркеуге жататын мәліметтерді бюллетеньде жариялау тәртібін айқындау;
4) патенттік сенім білдірілген өкіл қызметімен айналысуға үміткер адамдарды аттестаттау, оларды патенттік сенім білдірілген өкілдердің тізілімінде (тізілімдерінде) тіркеу, патенттік сенім білдірілген өкілдердің тізілімінен (тізілімдерінен) шығару, патенттік сенім білдірілген өкілдің куәлігін жарамсыз деп тану және патенттік сенім білдірілген өкілдердің тізіліміндегі (тізілімдеріндегі) мәліметтердің күшін жою;
4-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР 20.06.2022 жылғы № 128-VII Заңына сәйкес (25.06.2020 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту қолданысқа енгізіледі 21.08.2022 жылдан бастап) 4-тармақша өзгертілді ҚР 24.11.2025 жылғы № 233-VIII Заңымен (20.06.2022 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 25.01.2026 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
5) тармақша алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
5-тармақша алынып тасталды ҚР 24.11.2025 жылғы № 233-VIII Заңына сәйкес (20.06.2022 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 25.01.2026 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
6) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру.
4-1-бап. Сараптама ұйымы
Заң 4-1 баппен толықтырылды ҚР 09.07.2004 жылғы №586 Заңына сәйкес (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) 4-1-бап өзгертілді ҚР 10.07.2012 жылғы №34-V Заңымен (05.07.2011 ж. редакцияны қараңыз)(алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) 4-1-бап өзгертілді ҚР 29.09.2014 жылғы № 239-V Заңымен (10.07.2012 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 02.10.2014 жылы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды 4-1-бап өзгертілді ҚР 07.04.2015 жылғы № 300-V Заңымен (29.09.2014 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 10.04.2015 жылы № 65 (28543) „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды 4-1-бап жаңа редакцияда жазылды ҚР 20.06.2018 жылғы № 161-VI Заңына сәйкес (31.10.2015 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 22.06.2018 жылы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорынның ұйымдық-құқықтық нысанында құрылған, өз қызметінде уәкілетті органға ведомстволық бағынысты сараптама ұйымы:
1) өнеркәсіптік меншік объектілеріне арналған өтінімдерге сараптама жүргізеді;
2) өнеркәсіптік меншік объектілерін тиісті мемлекеттiк тiзiлiмдерде тіркейді және қорғау құжаттары мен олардың телнұсқаларын береді, патенттерді жарамсыз деп таниды және олардың қолданысын мерзімінен бұрын тоқтатады;
3) өнеркәсіптік меншік объектісіне айрықша құқық беруді, оны пайдалануға, ашық немесе мәжбүрлі лицензияға құқықты табыстауды тиісті мемлекеттiк тiзiлiмдерде тіркейді;

Эта возможность доступна только для зарегистрированных пользователей. Пожалуйста, войдите или зарегистрируйтесь. |
|
| Регистрация | |