Toggle Dropdown
51
Өсімдіктер карантині туралы
Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 11 ақпандағы № 344-I Заңы
Toggle Dropdown
Редакция 01.01.2025 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
Toggle Dropdown
Осы Заң Қазақстан Республикасының аумағында ұлттық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету жүйесiнiң құрамдас бөлiгi болып табылатын өсiмдiктер карантинi жөнiндегi іс-шараларды жүзеге асырудың құқықтық негізін, мақсаттарын, міндеттері мен принциптерiн белгiлейдi.
Toggle Dropdown
1-тарау. Жалпы ережелер
Toggle Dropdown
1
1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негiзгi ұғымдар
Toggle Dropdown
Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
Toggle Dropdown
1) тармақша алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
Toggle Dropdown
1-1) бөтен текті түр Қазақстан Республикасының флорасы мен фаунасында жоқ, пайда бола қалған жағдайда елеулі экономикалық және экологиялық залал келтіруі мүмкін жәндіктің, өсімдік ауруларын қоздырушының және арамшөптің түрі;
Toggle Dropdown
2) тармақша алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
Toggle Dropdown
2-1) зертханалық сараптама – карантинге жатқызылған өнімнің, өсімдіктер зиянкестерінің, өсімдік ауруларын қоздырғыштардың және арамшөптердің түрлік құрамын және олардың карантинді объектілер мен бөтен текті түрлерге жататынын айқындау мақсатында олардың үлгілерін зерттеу;
Toggle Dropdown
3) тармақша алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
Toggle Dropdown
4) карантинге жатқызылған өнiм (карантинге жатқызылған жүктер, карантинге жатқызылған материалдар, карантинге жатқызылған тауарлар) (бұдан әрі - карантинге жатқызылған өнiм) - карантиндi объектiлердi тасығыштар болуы және (немесе) олардың таралуына әсер етуі мүмкін, карантинге жатқызылған өнiм тізбесіне енгізілген және оларға қатысты карантиндік фитосанитариялық шаралар қабылдау қажет болатын өсімдіктер, өсімдіктен алынатын өнім, ыдыс, орам, жүктер, топырақ, организмдер немесе материалдар;
Toggle Dropdown
4-1) карантинге жатқызылған өнiмнің тізбесі - мемлекеттік карантиндік фитосанитариялық бақылау мен қадағалауға жататын карантинге жатқызылған өнiмнің тізбесі;
Toggle Dropdown
5) карантинді аймақ - карантинді объектінің анықталуына байланысты белгіленген тәртіппен карантинге жатқызылған деп жарияланған аумақ;
Toggle Dropdown
6) карантинді объект – өсімдіктерге және өсімдік өніміне айтарлықтай зиян келтіруі мүмкін, Қазақстан Республикасының аумағында жоқ немесе шектеулі таралған, Еуразиялық экономикалық одақтың карантинді объектілердің бірыңғай тізбесіне және (немесе) өсімдіктер карантині жөніндегі іс-шаралар белгіленетін және жүзеге асырылатын карантинді объектілер мен бөтен текті түрлердің тізбесіне енгізілген өсімдіктер зиянкесі, ауруын қоздырғыш немесе арамшөп;
Toggle Dropdown
6-1) карантиндік режим – карантинді объектінің таралу ошағын жоюға, карантинді объектінің таралуына жол бермеу мақсатында шаруашылық байланыстарды шектеуге немесе тоқтатуға және карантинді аймақ аумағынан карантинге жатқызылған өнімді тасымалдауды (өткізуді) тоқтата тұруға бағытталған өсімдіктер карантині жөніндегі іс-шараларды міндетті түрде жүргізуді көздейтін құқықтық режим;
Toggle Dropdown
7) карантинді объектінің таралу ошағы - карантинді объект анықталған және өсімдік карантині жөнінде іс-шаралар жүзеге асырылуға тиіс немесе жүзеге асырылып жатқан аумақ;
Toggle Dropdown
8) Тармақша алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
Toggle Dropdown
9) тармақша алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
Toggle Dropdown
9-1) қарап-тексеру карантинге жатқызылған өнімді, көлік құралдарын және тасымалдауға арналған бейімдемелерді (оның ішінде көлік құралдарының кабиналарын, салондарын, багаж және жүк бөлімшелерін, контейнерлерді), жеке тұлғалардың қол жүгі мен багажын көріп зерттеп-қарау;
Toggle Dropdown
9-2) құжаттамалық мемлекеттік карантиндік фитосанитариялық бақылау — карантинге жатқызылған өнімнің фитосанитариялық қауіпсіздігінің Қазақстан Республикасының өсімдіктер карантині саласындағы заңнамасының талаптарына сәйкестігін, сондай-ақ ғылыми-зерттеу мақсаттарында карантинді объектілерді әкелуге, әкетуге немесе олардың транзитіне рұқсат беруге өсімдіктер карантині жөніндегі уәкілетті орган келісімінің болуын растайтын карантиндік құжаттарды тексеру;
Toggle Dropdown
9-3) құқық шектеу шарасы – өсімдіктер карантині жөніндегі уәкілетті орган жеке және заңды тұлғаларға қатысты қолданатын карантиндік фитосанитариялық шара;
Toggle Dropdown
9-4) мемлекеттік карантиндік фитосанитариялық бақылау – өсімдіктер карантині жөніндегі уәкілетті органның Қазақстан Республикасының өсімдіктер карантині саласындағы заңнамасының талаптарын тексерілетін субъектілердің сақтауын тексеру және байқау жөніндегі қызметі, оның нәтижелері бойынша жедел ден қоюсыз құқық шектеу сипатындағы шаралар қолданылуы мүмкін;
Toggle Dropdown
9-5) мемлекеттік карантиндік фитосанитариялық қадағалау өсімдіктер карантині жөніндегі уәкілетті органның Қазақстан Республикасының өсімдіктер карантині саласындағы заңнамасының талаптарын тексерілетін субъектілердің сақтауын тексеру және байқау жөніндегі қызметі, оның нәтижелері бойынша құқық шектеу сипатындағы, оның ішінде жедел ден қою шаралары қолданылуы мүмкін;
Toggle Dropdown
10) өсiмдiктер карантинi жөнiндегi уәкiлеттi орган (бұдан әрi – уәкiлеттi орган) – өсiмдiктер карантинi саласындағы басшылықты және салааралық үйлестiрудi жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;
Toggle Dropdown
10-1) өсімдіктер карантині жөніндегі уәкілетті ұйым (бұдан әрі – уәкілетті ұйым) – Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімімен құрылған, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес функцияларды жүзеге асыратын ұйым;
Toggle Dropdown
11) өсімдіктер карантині жөніндегі іс-шаралар – карантинді объектілердің таралу ошақтарын анықтау, оқшаулау және жою, залалданған карантинге жатқызылған өнімді зарарсыздандыру, техникалық қайта өңдеу, тазарту және жою, үй-жайлар мен көлік құралдарын зарарсыздандыру және тазарту, карантинге жатқызылған өнiмді қайтару жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыруға және жүргізуге бағытталған іс-шаралар жүйесі;
Toggle Dropdown
12) өсімдіктер карантинін қамтамасыз ету жөніндегі республикалық мемлекеттік кәсіпорын - Қазақстан Республикасының Үкіметі құратын, шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорын;
Toggle Dropdown
13) Тармақша алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
Toggle Dropdown
14) өсімдіктер карантині (фитосанитариялық қорғау) - Қазақстан Республикасының өсімдік ресурстары мен өсімдіктен алынатын өнімін карантинді объектілерден қорғауға бағытталған, өсімдіктер карантині жөніндегі іс-шаралар жүйесін көздейтін құқықтық режим;
Toggle Dropdown
14-1) уақытша карантиндік фитосанитариялық шаралар – Қазақстан Республикасының аумағын карантинді объектілердің әкелінуінен және (немесе) одан әрі таралуынан қорғауды қамтамасыз ету не олар келтіретін зиянды төмендету мақсатында қолданылатын, басқа мемлекеттерден Қазақстан Республикасының аумағына карантинге жатқызылған өнімді әкелуге және (немесе) Қазақстан Республикасының аумағы арқылы карантинге жатқызылған өнімнің транзитіне тыйым салу немесе оларды шектеу;
Toggle Dropdown
15) фитосанитариялық бақылау бекеті – уәкілетті орган ведомствосының шекара және кеден пункттері (Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасымен тұспа-тұс келетін Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы өткізу пункттері) аумағында, сондай-ақ автомобиль қатынасы шегінде Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасы арқылы карантинге жатқызылған өнімді өткізудің өзге де орындарында және уәкілетті орган айқындаған өзге де орындарда орналасқан, қажетті жабдықпен және аспаптармен жарақтандырылған, мемлекеттік карантиндік фитосанитариялық қадағалауды және (немесе) карантинге жатқызылған өнімнің әкелінуі, транзиті туралы алдын ала ақпаратты қабылдауды жүзеге асыратын бөлімшесі;
Toggle Dropdown
16) фитосанитариялық сертификат - карантинге жатқызылған экспорттық өнімнің карантиндік жай-күйін куәландыратын құжат;
Toggle Dropdown
17) фитосанитариялық тәуекелді бағалау - қолданылуы мүмкін карантиндік фитосанитариялық шараларды ескере отырып, ғылыми-зерттеу ұйымдары мен уәкілетті орган жүргізетін, карантинді объектілердің ену, орнығу немесе таралу ықтималдығын және осыған байланысты болатын әлеуетті биологиялық және экономикалық зардаптарды ғылыми негізделген бағалау;
Toggle Dropdown
17-1) фитосанитариялық тәуекелді талдау – карантинді объектілер мен бөтен текті түрлерді айқындау және олар бойынша тиісті карантиндік фитосанитариялық шараларды және өсімдіктер карантині жөнінде іс-шараларды қолдану мақсатында биологиялық, ғылыми және экономикалық деректерді зерделеу, зерттеу және бағалау процесі;
Toggle Dropdown
17-2) шұғыл шаралар – Қазақстан Республикасының аумағында алғаш рет немесе жаңадан анықталған карантинді объектілердің таралу ошақтарын дереу оқшаулау және жою жөніндегі іс-шаралар.
Toggle Dropdown
18) тармақша алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
Toggle Dropdown
2-бап. Қазақстан Республикасының өсімдіктер карантині саласындағы заңнамасы
Toggle Dropdown
1. Қазақстан Республикасының өсімдіктер карантині саласындағы заңнамасы Қазақстан Республикасының Конституциясына негізделеді, осы Заңнан және өзге де нормативтік құқықтық актілерден тұрады.
Toggle Dropdown
2. Егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шартта осы Заңда көзделгендегіден өзгеше ережелер белгіленсе, онда халықаралық шарттың ережелері қолданылады.
Toggle Dropdown
3-бап. Өсiмдiктер карантинiнiң негiзгi мiндеттерi
Toggle Dropdown
Өсiмдiктер карантинiнiң негiзгi мiндеттерi мыналар болып табылады:
Toggle Dropdown
1) Қазақстан Республикасының аумағын басқа мемлекеттерден немесе карантиндi аймақтан карантиндi объектiлердiң әкелiнуiнен немесе өз бетiмен енуiнен қорғау;
Toggle Dropdown
2) карантиндi объектiлердi анықтау, оқшаулау және жою, сондай-ақ Қазақстан Республикасының олар жоқ аймақтарына олардың енуiнiң алдын алу;
Toggle Dropdown
3) Қазақстан Республикасының өсімдіктер карантині саласындағы заңнамасының сақталуына мемлекеттік карантиндік фитосанитариялық бақылау және қадағалау жүргізу.
Toggle Dropdown
4-бап. Өсiмдiктер карантинi жөнiндегi іс-шараларды жүзеге асыру принциптерi
Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасының аумағында өсiмдiктер карантинi жөнiндегi іс-шараларды жүзеге асырудың принциптерi мыналар болып табылады:
Toggle Dropdown
1) Қазақстан Республикасының азық-түлiк және шикiзат қауiпсiздiгiн сақтап тұру және мүлiктi сақтау мақсатында өсiмдiк ресурстары мен өсiмдiк тектi өнiмдердi карантиндi объектiлердiң бүлдiруiнен және жоюынан қорғауды қамтамасыз ету;
Toggle Dropdown
2) өсімдіктер карантині саласындағы мемлекеттік реттеу, мемлекеттік карантиндік фитосанитариялық бақылау және қадағалау, Қазақстан Республикасының өсімдіктер карантині саласындағы заңнамасын бұзғаны үшін жауаптылық;
Toggle Dropdown
3) өсiмдiк ресурстары мен өсiмдiк тектi өнiмге карантиндi объектiлердiң ықтимал әсерiн объективтi, ғылыми негiздеп бағалау және олардың ықтимал зиянын болғызбау;