Осы Заң Қазақстан Республикасының аумағында жарнама жасау, тарату, орналастыру және пайдалану процесiнде туындайтын қатынастарды реттейдi.
Отправить по почте
Жарнама туралы Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 19 желтоқсандағы N 508-II Заңы
Редакция 09.09.2024 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
Осы Заң Қазақстан Республикасының аумағында жарнама жасау, тарату, орналастыру және пайдалану процесiнде туындайтын қатынастарды реттейдi.
1-тарау. Жалпы ережелер
1-бап. Заңның мақсаттары
Осы Заңның мақсаттары жарнаманы жасау, тарату, орналастыру және пайдалану үшiн қажеттi жағдайларды қамтамасыз ету, жарнама саласындағы жосықсыз бәсекеден қорғау, жөнсiз жарнаманы болғызбау және оларға тыйым салу болып табылады.
2-бап. Заңның қолданылу аясы
1. Осы Заң Қазақстан Республикасының аумағында жарнама жасайтын, тарататын, орналастыратын және пайдаланатын жеке және заңды тұлғалардың қызметi процесiнде туындайтын қатынастарға қолданылады.
2. Осы Заң жеке тұлғалардың кәсіпкерлік қызметті жүзеге асырумен байланысты болмайтын хабарландыруларына, соның iшiнде бұқаралық ақпарат құралдарындағы хабарландыруларына, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заң актiлерiне сәйкес жүзеге асырылатын саяси үгiт пен насихатқа қолданылмайды.
3. Онлайн-жарнаманы реттеу ерекшеліктері «Онлайн-платформалар және онлайн-жарнама туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгіленеді.
2-бап 3-тармақпен толықтырылды ҚР 10.07.2023 жылғы № 19-VIII Заңына сәйкес (өзгерту 10.09.2023 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
3-бап. Негiзгi ұғымдар
3-бап өзгертілді ҚР 19.06.2007 жылғы № 264 Заңымен (07.07.2006 ж. редакцияны қараңыз)
Осы Заңда мынадай негiзгi ұғымдар пайдаланылады:
1) әлеуметтік жарнама – адамдардың беймәлім тобына арналған және қайырымдылық пен коммерциялық емес сипаттағы өзге де қоғамдық пайдалы мақсаттарға қол жеткізуге, сондай-ақ мемлекет мүдделерін қамтамасыз етуге бағытталған ақпарат;
1-тармақша өзгертілді ҚР 29.12.2014 жылғы № 269-V Заңымен (07.11.2014 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту қолданысқа енгізіледі 01.01.2015 жылдан бастап)
1-1) дараландыру құралы – тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді), азаматтық айналымға қатысушыларды айыруға арналған белгілеме (фирмалық атау, тауар белгісі, қызмет көрсету белгісі және басқа);
1-1-тармақша өзгертілді ҚР 29.12.2014 жылғы № 269-V Заңымен (07.11.2014 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту қолданысқа енгізіледі 01.01.2015 жылдан бастап) 1-1-тармақша өзгертілді ҚР 08.01.2019 жылғы № 215-VІ Заңымен (28.12.2018 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 11.04.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1-2) жарнама – кез келген құралдардың көмегiмен кез келген нысанда таратылатын және (немесе) орналастырылатын, белгілі бір адамдар тобына арналмаған және жеке немесе заңды тұлғаға, тауарларға, тауар белгiлерiне, жұмыстарға, көрсетiлетiн қызметтерге қызығушылықты қалыптастыруға немесе қолдауға арналған және оларды өткiзуге ықпал ететін ақпарат;
3-бап 1-2-тармақшамен толықтырылды ҚР 29.12.2014 жылғы № 269-V Заңына сәйкес (өзгерту қолданысқа енгізіледі 01.01.2015 жылдан бастап) 1-2-тармақша өзгертілді ҚР 08.01.2019 жылғы № 215-VІ Заңымен (28.12.2018 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 11.04.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1-3) тармақша алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
3-бап 1-3-тармақшамен толықтырылды ҚР 29.12.2014 жылғы № 269-V Заңына сәйкес (өзгерту қолданысқа енгізіледі 01.01.2015 жылдан бастап) 1-3-тармақша алынып тасталды ҚР 08.01.2019 жылғы № 215-VІ Заңына сәйкес (28.12.2018 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 11.04.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
2) жөнсiз жарнама - мазмұнына, уақытына, таратылу, орналастырылу орнына және тәсiлiне Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген талаптардың бұзылуына жол берiлген жосықсыз, дәйексiз, әдепсiз, көрiнеу жалған және жасырын жарнама;
3) жарнама берушi - жарнама жасау, тарату және орналастыру үшiн жарнамалық ақпарат көзi болып табылатын жеке немесе заңды тұлға;
4) жарнама жасаушы - жарнамалық ақпаратты тарату және орналастыру үшiн дайын нысанға келтiрудi жүзеге асыратын жеке немесе заңды тұлға;
4-1) жарнама саласындағы реттеуші мемлекеттік органдар – жарнама қызметі жүзеге асырылатын жекелеген салада басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік органдар;
3-бап 4-1-тармақшамен толықтырылды ҚР 08.01.2019 жылғы № 215-VІ Заңына сәйкес (өзгерту 11.04.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
4-2) жарнама саласындағы уәкілетті орган – жарнама саласында басшылықты және салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;
3-бап 4-2-тармақшамен толықтырылды ҚР 08.01.2019 жылғы № 215-VІ Заңына сәйкес (өзгерту 11.04.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
5) жарнама таратушы – мүлiктi, оның iшiнде телерадио хабарларын таратудың тexникалық құралдарын беру және (немесе) пайдалану жолымен және өзге де тәсiлдермен жарнамалық ақпаратты тарату мен орналастыруды жүзеге асыратын жеке немесе заңды тұлға;
5-тармақша өзгертілді ҚР 18.01.2012 жылғы № 546-IV Заңымен (05.07.2011ж. редакцияны қараңыз)
6) жарнама тұтынушылар - жарнама арналған жеке және (немесе) заңды тұлғалардың беймәлiм тобы;
7) жүгiртпе жол – сыртқы (көрнекі) жарнама объектiлерiнде орналастырылатын немесе телеарналар бойынша, кино және бейне қызмет көрсетуде берiлетiн жарнаманы тарату тәсiлi, бұл жиынтығында белгiлi бiр ақпаратты құрайтын әрiптер, цифрлар, белгiлер тiркесiнiң тiзбектесiп алмасуымен (қозғалуымен) сипатталады;
7-тармақша өзгертілді ҚР 08.01.2019 жылғы № 215-VІ Заңымен (28.12.2018 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 11.04.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
7-1) көше жиһазы (жабдығы) – елді мекендерде үй-жайлардың шегінен тыс ашық кеңістікте орнатылатын декоративтік сипаттағы және практикалық пайдаланылатын объектілер (гүл құмыралары, павильондар, отырғыштар, орындықтар, жәшіктер, қоғамдық көлік аялдамалары, ақпараттық панель, балалар ойындарына және ересек тұрғындардың демалысына арналған жабдықтар мен конструкциялар);
7-1-тармақша өзгертілді ҚР 29.12.2014 жылғы № 269-V Заңымен (07.11.2014 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту қолданысқа енгізіледі 01.01.2015 жылдан бастап) 7-1-тармақша өзгертілді ҚР 08.01.2019 жылғы № 215-VІ Заңымен (28.12.2018 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 11.04.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
7-2) маңдайша – дараландыру құралдарын қоса алғанда, жеке және заңды тұлғалардың атауы және қызметінің түрі туралы ғимаратқа кірер жолдардың саны бойынша оған кірер жолдың шегінде және (немесе) алып жатқан аумақ қоршауына кірер жолда, сондай-ақ жеке және заңды тұлғалардың нақты тұрған және тауарларды өткізетін, жұмыстарды орындайтын және қызметтерді көрсететін жерлердегі ғимараттарының, оларға жапсарлас құрылыстарының және уақытша құрылысжайларының шегіндегі шатырларда және қасбеттерде орналастырылатын ақпарат;
3-бап 7-2-тармақшамен толықтырылды ҚР 29.12.2014 жылғы № 269-V Заңына сәйкес (өзгерту қолданысқа енгізіледі 01.01.2015 жылдан бастап) 7-2-тармақша өзгертілді ҚР 08.01.2019 жылғы № 215-VІ Заңымен (28.12.2018 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 11.04.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
7-3) нұсқағыш – жерде немесе байланыс желісі мен жарық беру тіреулерінде орналастырылған, ұйымның, сауда немесе өзге де объектінің тұрған жерін көрсететін және оларға тікелей жақын жерде орналасқан, тек қана олардың атауы, дараландыру құралы (болған кезде) және навигация туралы ақпаратты қамтитын, екі шаршы метрді қоса алғанға дейінгі көлемдегі конструкция;
3-бап 7-3-тармақшамен толықтырылды ҚР 28.12.2017 жылғы № 128-VІ Заңына сәйкес (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 29.12.2017 жылы № 250 (28629) „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды 7-3-тармақша өзгертілді ҚР 08.01.2019 жылғы № 215-VІ Заңымен (28.12.2018 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 11.04.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
8) тармақша алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
8-тармақша алынып тасталды ҚР 29.12.2014 жылғы № 269-V Заңымен (07.11.2014 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту қолданысқа енгізіледі 01.01.2015 жылдан бастап)
9) сыртқы (көрнекі) жарнама – сыртқы (көрнекі) жарнама объектілерінде орналастырылған және елді мекендердегі үй-жайлардың шегінен тыс ашық кеңістікте, жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының бөлінген белдеуінде, елді мекендерден тыс жердегі үй-жайлардың шегінен тыс ашық кеңістікте және жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының бөлінген белдеуінен тыс жерде көзбен көруге қол жетімді жарнама;
3-бап 9-тармақшамен толықтырылды ҚР 08.01.2019 жылғы № 215-VІ Заңына сәйкес (өзгерту 11.04.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
10) сыртқы (көрнекі) жарнама объектісі – жарнаманы тарату және (немесе) орналастыру үшін пайдаланылатын құрылысжайлар, әртүрлі көлемдегі немесе жалпақ конструкциялар, оның ішінде экрандар мен электронды таблолар, жарықты конструкциялар және өзге де құралдар;
3-бап 10-тармақшамен толықтырылды ҚР 08.01.2019 жылғы № 215-VІ Заңына сәйкес (өзгерту 11.04.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
11) телесауда – тауарларды өткізу немесе қызметтерді көрсету мақсатында телеарнадағы жария ұсыныс.
3-бап 11-тармақшамен толықтырылды ҚР 08.01.2019 жылғы № 215-VІ Заңына сәйкес (өзгерту 11.04.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
4-бап. Қазақстан Республикасының жарнама туралы заңдары
1. Қазақстан Республикасының жарнама туралы заңдары Қазақстан Республикасының Конституциясынанегiзделедi, осы Заңнан және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк құқықтық актiлерiнен тұрады.
2. Егер Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шартта осы Заңдағыдан өзгеше ережелер белгiленсе, онда халықаралық шарттың ережелерi қолданылады.
5-бап. Жарнамаға авторлық құқық және сабақтас құқықтар
Жарнама авторлық құқықтың және сабақтас құқықтардың толық немесе iшiнара объeктici бола алады. Авторлық құқық және сабақтас құқықтар Қазақстан Республикасының заңдарына, сондай-ақ халықаралық шарттарға сәйкес қорғалуға тиiс.
2-тарау. Жарнамаға қойылатын жалпы және арнайы талаптар
6-бап. Жарнамаға қойылатын жалпы талаптар
6-бап өзгертілді ҚР 19.06.2007 жылғы № 264 Заңымен (07.07.2006 ж. редакцияны қараңыз)
1. Жарнама, электрондық коммерция саласын қоса алғанда, таратудың, орналастырудың нысанына немесе пайдаланылатын құралына қарамастан, анық, тікелей ұсынылу кезінде танылатын болуға тиіс.
1-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР 02.04.2019 жылғы № 241-VІ Заңына сәйкес (18.03.2019 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 14.04.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі) 1-тармақ өзгертілді ҚР 06.04.2024 жылғы № 71-VIII Заңымен (10.07.2023 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 08.06.2024 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
2. Қазақстан Республикасының аумағындағы жарнама (мерзімді баспасөз басылымдарын, интернет-ресурстарды, ақпараттық агенттіктерді қоспағанда) қазақ тілінде, ал жарнама берушінің қалауы бойынша орыс тілінде және (немесе) басқа тілдерде де таратылады.
2-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР 28.12.2017 жылғы № 128-VІ Заңына сәйкес (24.11.2015 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 29.12.2017 жылы № 250 (28629) „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды 2-тармақ өзгертілді ҚР 08.01.2019 жылғы № 215-VІ Заңымен (28.12.2018 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 11.04.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі) 2-тармақ өзгертілді ҚР 29.12.2021 № 94-VII Заңымен (30.12.2020 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 10.01.2022 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Жарнама мазмұнының аудармасы оның негiзгi мағынасын бұрмаламауға тиiс.
Жарнама мәтіні «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» Қазақстан Республикасы Заңының талаптарына сәйкес келуге тиіс.
2-1. Тармақ алынып тасталды (ескретуді қараңыз)
2-1-тармақ алынып тасталды ҚР 08.01.2019 жылғы № 215-VІ Заңына сәйкес (28.12.2018 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 11.04.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
3. Тармақ алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
4. Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жасалуына және сатылуына тыйым салынған тауарларды (жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi) жарнамалауға жол берiлмейдi.
Егер жарнама берушi жүзеге асыратын қызмет лицензиялануға тиiс болса, онда тиiстi тауарды (жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi) жарнамалау кезiнде, сондай-ақ жарнама берушiнiң өзiн жарнамалау кезiнде, радиодағы жарнаманы қоспағанда, лицензияның нөмiрiн және лицензия берген органның атауын көрсету қажет.
4-1. Қазақстан Республикасының аумағында өткізілетін тауардың (жұмыстың, көрсетілетін қызметтің) жарнамасында бағаны (тарифтерді, бағалауларды, мөлшерлемелерді) көрсету теңгемен жүзеге асырылады.
6-бап 4-1-тармақпен толықтырылды ҚР 08.01.2019 жылғы № 215-VІ Заңына сәйкес (өзгерту 21.01.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
5. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тiркелмеген дiни бірлестіктер мен рухани (діни) білім беру ұйымдарын жарнамалауға тыйым салынады.
5-тармақ өзгертілді ҚР 08.01.2019 жылғы № 215-VІ Заңымен (28.12.2018 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 11.04.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
5-1. Электрондық казиноны және интернет-казиноны жарнамалауға тыйым салынады.
6-бап 5-1-тармақпен толықтырылды ҚР 24.04.2015 жылғы № 310-V Заңына сәйкес (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 21 (жиырма бір) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 28.04.2015 жылы № 78 (28556) „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
6. Жарнама Қазақстан Республикасының конституциялық құрылысын күштеп өзгертудi, тұтастығын бұзуды, мемлекет қауiпсiздiгiне нұқсан келтiрудi, соғысты, әлеуметтiк, нәсiлдiк, ұлттық, діни, тектік-топтық және рулық астамшылықты, қатыгездiк пен зорлық-зомбылықтың дәріптелуін, порнографияны насихаттау немесе үгiттеу, сондай-ақ Қазақстан Республикасының мемлекеттiк құпияларын және заңмен қорғалатын өзге де құпияларды құрайтын мәлiметтердi тарату үшiн пайдаланылмауға тиiс.
6-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР 08.01.2019 жылғы № 215-VІ Заңына сәйкес (28.12.2018 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 11.04.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Эта возможность доступна только для зарегистрированных пользователей. Пожалуйста, войдите или зарегистрируйтесь. |
|
Регистрация |