• Мое избранное
Адамдарды қоғамнан уақытша оқшаулауды қамтамасыз ететін арнаулы мекемелерде, арнаулы үй-жайларда ұстау тәртібі мен шарттары туралы

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца
  • 28

Адамдарды қоғамнан уақытша оқшаулауды қамтамасыз ететін арнаулы мекемелерде, арнаулы үй-жайларда ұстау тәртібі мен шарттары туралы Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 30 наурыздағы № 353-І Заңы

Заңның тақырыбы өзгертілді ҚР 29.12.2010 жылғы № 375-IV Заңымен (11.12.2009 ж. редакцияны қараңыз)(алғашқы ресми жарияланғаннан кейін 10 (он) күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс)
Редакция 16.09.2025 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен 
  • 1
Осы Заң қоғамнан уақытша оқшаулауды заңды негіздерде қамтамасыз ететін арнаулы мекемелер, арнаулы үй-жайлар қызметінің құқықтық негіздерін айқындайды, сондай-ақ оларда ұсталатын адамдардың құқықтары мен міндеттерін белгілейді.
Заң кіріспемен толықтырылды ҚР 29.12.2010 жылғы № 375-IV Заңымен (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін 10 (он) күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс)
Осы Заңның тақырыбы және кіріспесі жаңа редакцияда жазылды ҚР 12.07.2018 жылғы № 180-VІ Заңына сәйкес (05.07.2018 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 20.07.2018 жылы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
1-тарау. Жалпы ережелер
1-бап. Бап алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
1-бап алынып тасталды ҚР 29.12.2010 жылғы № 375-IV Заңымен (11.12.2009 ж. редакцияны қараңыз)(алғашқы ресми жарияланғаннан кейін 10 (он) күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс)
1-1-бап. Осы Заңның негізгі мақсаттары, міндеттері мен қағидаттары
1-тарау 1-1-баппен толықтырылды ҚР 30.06.2025 жылғы № 203-VIII Заңымен (өзгерту 12.07.2025 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1. Қоғамнан уақытша оқшаулауды қамтамасыз ететін арнаулы мекемелерде және арнаулы үй-жайларда ұсталатын адамдар құқықтарының, бостандықтары мен заңды мүдделерінің қорғалуын қамтамасыз ету және мұндай адамдардың соларда ұсталуының заңдылығын қамтамасыз ету осы Заңның негізгі мақсаттары болып табылады.
Адамдарды арнаулы мекемелерде және арнаулы үй-жайларда ұстау қылмыстық жазаларды, қылмыстық-процестік мәжбүрлеу шараларын, әкімшілік жазаны орындау, әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша іс жүргізуді қамтамасыз ету және азаматтардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін, қоғам мен мемлекет мүдделерін қорғау мақсатында жүзеге асырылады және арнаулы мекемелерде ұсталатын адамдарға тән азабын немесе рухани азап шектіру мақсатындағы әрекеттермен ұштаспауға тиіс.
2. Адамдарды арнаулы мекемелерде және арнаулы үй-жайларда ұстау тәртібі мен шарттарын айқындау, олардың құқықтарының, бостандықтары мен заңды мүдделерінің сақталуын қамтамасыз ету осы Заңның негізгі міндеттері болып табылады.
3. Осы Заң мынадай негізгі қағидаттарға негізделеді:
1) заңдылық;
2) азаматтардың заң мен сот алдындағы теңдігі;
3) ізгілік;
4) жеке адамның абыройы мен қадір-қасиетін құрметтеу.
2-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар
2-бап өзгертілді ҚР 16.07.2001  жылғы № 244-ІІ Заңымен (16.07.2001 ж. редакцияны қараңыз)
2-бап өзгертілді ҚР 29.12.2010 жылғы № 375-IV Заңымен (11.12.2009 ж. редакцияны қараңыз)(алғашқы ресми жарияланғаннан кейін 10 (он) күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс)
Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады :
  • 1
1) арнаулы қабылдау орны - ішкі істер органдарының әкімшілік қамаққа алынған және қамаққа алуға сотталған адамдарды, мәжбүрлеу тәртібімен шығарып жіберілуге жататын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарды қабылдауға және ұстауға арналған арнаулы мекемесі ;
1-тармақша өзгертілді ҚР 19.12.2020 жылғы № 385-VI Заңымен (16.11.2020 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 31.12.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1-тармақша өзгертілді ҚР 16.07.2025 жылғы № 210-VIII Заңымен (30.06.2025 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 16.09.2025 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
2) арнаулы мекемелер - тергеу изоляторы , уақытша ұстау изоляторы , қабылдау - бөлу орны , арнаулы қабылдау орны ;
2-1) арнаулы үй-жай – әкімшілік құқық бұзушылықтың жолын кесу немесе әкімшілік іс жүргізуді қамтамасыз ету мақсатында заңда белгіленген мерзімге жеке тұлғаның, заңды тұлға өкілінің, лауазымды адамның жеке бас бостандығын қысқа мерзімге шектеуге арналған үй-жай;
2-бап 2-1-тармақшамен толықтырылды ҚР 12.07.2018 жылғы № 180-VІ Заңына сәйкес (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 20.07.2018 жылы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
3) әкімшілік қамауға алынған адам - өзіне қатысты сот әкімшілік қамауға алуды қолдану туралы қаулы шығарған адам ;
4) белгілі бір тұрғылықты жері жоқ адам - Қазақстан Республикасының аумағында тұрғылықты жері бойынша тіркелмеген немесе тұрғын үйі жоқ адам ;
5) бір адамдық камера - күзетке алынған бір адамды барынша толық және қатаң оқшаулау мақсатында ұстауға арналған арнаулы үй - жай ;
5-1) гауптвахта – əскери полиция органдарының жанынан жабдықталған, мынадай: əкімшілік қамаққа алынған;
2-бап 5-1-тармақшамен толықтырылды ҚР 14.03.2023 жылғы № 206-VІI ҚРЗ Заңына сәйкес (өзгерту 26.03.2023 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
қылмыстық құқық бұзушылық жасады деген күдік бойынша ұсталған, сондай-ақ өздеріне қатысты бұл тартпау шарасы ретінде күзетпен ұстау таңдалған, қыл мыс жасады деп күдік келтірілген, айыпталған, сотталушы; қамаққа алуға сотталған;
бас бостандығынан айыруға сотталған əскери қызметшілерді – соттың айыптау үкімі заңды күшіне енгенге дейін жəне оларды жазаны орындау органдарына жібергенге дейін қоғамнан заңды негізде уақытша оқшаулауды қамтамасыз ететін арнайы үй-жай;
6) жүріп-тұру еркіндігін алдын ала шектеу – ішкі істер органдарының арнаулы мекемесінде:
6-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР 19.12.2020 жылғы № 385-VI Заңына сәйкес (16.11.2020 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 31.12.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
белгілі бір тұрғылықты жері және (немесе) жеке басты куәландыратын құжаттары жоқ адамдардың әрекеттерінде қылмыстық және әкімшілік құқық бұзушылық белгілері болмаған кезде және мұндай адамдардың жеке басын өзге де тәсілдермен анықтау мүмкін болмаған кезде оларды;
заңды күшіне енген сот үкімінің, шешімінің, қаулысының негізінде мәжбүрлеу тәртібімен шығарып жіберілуге жататын, сол сияқты шығарып жіберу туралы сот актісінде көрсетілген мерзімде Қазақстан Республикасының аумағынан кетпеген шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарды уақытша оқшаулауды білдіретін, құқық бұзушылықтардың жеке профилактика шарасы;
7) тармақша алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
7-тармақша алынып тасталды ҚР 18.04.2017 жылғы № 58-VI Заңымен (28.12.2016 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 20.04.2017 жылы № 76 (28455) „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
8) қабылдау-бөлу орны – ішкі істер органдарының белгілі бір тұрғылықты жері және (немесе) жеке басын куәландыратын құжаттары жоқ адамдарды, олардың әрекеттерінде қылмыстық және әкімшілік құқықтық бұзушылықтар белгілері болмаған және олардың жеке басын өзге тәсілдермен анықтау мүмкін болмаған кезде, сондай-ақ осы Заңның 46-6-бабының 5-тармағында көзделген жағдайларда әкімшілік қамауға алынған адамдарды қабылдауға және ұстауға арналған арнаулы мекемесі;
8-тармақша өзгертілді ҚР 03.07.2014 жылғы № 227-V Заңымен (03.07.2013 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту қолданысқа енгізіледі 01.01.2015 жылдан бастап)
8-тармақша өзгертілді ҚР 30.06.2025 жылғы № 203-VIII Заңымен (24.06.2025 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 12.07.2025 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
9) камера - қабылдау - бөлу орнына , арнаулы қабылдау орнына , уақытша ұстау изоляторына , тергеу изоляторына орналастырылған адамдарды ұстауға арналған үй - жай ;
10) күзетпен ұстау – сот санкциясымен адамдарды уақытша ұстау изоляторында, тергеу изоляторында немесе гауптвахтада Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген уақытша оқшаулау;
10-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР 30.06.2025 жылғы № 203-VIII Заңына сәйкес (24.06.2025 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 12.07.2025 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
10-1) тәртіптік изолятор - күзетпен ұстаудың белгіленген тәртібін қаскөйлікпен бұзған бір адамды ұстауға арналған камера;
2-бап 10-1-тармақшамен толықтырылды ҚР 18.04.2017 жылғы № 58-VI Заңына сәйкес (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 20.04.2017 жылы № 76 (28455) „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
  • 1
11) тергеу изоляторы - мыналарды:
11-тармақша өзгертілді ҚР 09.11.2011 жылғы №  490-IV Заңымен (29.12.2010 ж. редакцияны қараңыз)(алғашқы ресми жарияланғаннан кейін 10 (он) күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс)
11-тармақша өзгертілді ҚР 04.07.2014 жылғы № 233-V Заңымен (03.07.2014 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту қолданысқа енгізіледі 01.01.2015 жылдан бастап)
11-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР 18.04.2017 жылғы № 58-VI Заңына сәйкес (28.12.2016 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 20.04.2017 жылы № 76 (28455) „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
өздеріне қатысты бұлтартпау шарасы ретінде күзетпен ұстау таңдалған, қылмыс жасады деп күдік келтірілгендер мен айыпталушыларды;
қамауға алуға сотталғандарды;
бас бостандығынан айыруға сотталғандарды;
бас бостандығынан айыруға сотталғандарды, шаруашылық қызмет көрсету бойынша жұмыстарды орындау үшін қалдырылғандарды не жіберілгендерді;
мекемелерден Қазақстан Республикасы Қылмыстық-атқару кодексінің 88-бабына сәйкес келген сотталғандарды ұстауға арналған арнаулы мекеме;
11-1) уақытша оқшаулау үй-жайы - күзетпен ұстаудың белгіленген тәртібін бұзған кәмелетке толмағандарды ұстауға арналған камера;
2-бап 11-1-тармақшамен толықтырылды ҚР 18.04.2017 жылғы № 58-VI Заңына сәйкес (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 20.04.2017 жылы № 76 (28455) „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
11-2) уақытша ұсталғандарға арналған үй-жай – əкімшілік құқық бұзушылықтың жолын кесу немесе əкімшілік іс жүргізуді қамтамасыз ету мақсатында əскери қызметшілерді заңда белгіленген мерзімге мəжбүрлеп ұстауға арналған арнайы бейімделген үйжай;
2-бап 11-2-тармақшамен толықтырылды ҚР 14.03.2023 жылғы № 206-VІI ҚРЗ Заңына сәйкес (өзгерту 26.03.2023 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
12) уақытша ұстау изоляторы – қылмыстық құқық бұзушылықтар жасады деген күдік бойынша ұсталған адамдарды, сондай-ақ осы Заңның 46-6-бабының 5-тармағында көзделген жағдайларда әкімшілік қамауға алынған адамдарды күзетпен ұстауға арналған арнаулы мекеме.
12-тармақша өзгертілді ҚР 03.07.2014 жылғы № 227-V Заңымен (03.07.2013 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту қолданысқа енгізіледі 01.01.2015 жылдан бастап)
12-тармақша өзгертілді ҚР 18.04.2017 жылғы № 58-VI Заңымен (28.12.2016 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 20.04.2017 жылы № 76 (28455) „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
2-1-бап. Қазақстан Республикасының адамдарды қоғамнан уақытша оқшаулауды қамтамасыз ететін арнаулы мекемелерде, арнаулы үй-жайларда ұстау тәртібі мен шарттары туралы заңнамасы
1-тарау 2-1-баппен толықтырылды ҚР 30.06.2025 жылғы № 203-VIII Заңымен (өзгерту 12.07.2025 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1. Қазақстан Республикасының адамдарды қоғамнан уақытша оқшаулауды қамтамасыз ететін арнаулы мекемелерде, арнаулы үй-жайларда ұстау тәртібі мен шарттары туралы заңнамасы Қазақстан Республикасының Конституциясына негізделеді, осы Заңнан және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерінен тұрады.
2. Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттар осы Заңнан басым болады. Қазақстан Республикасы қатысушысы болып табылатын халықаралық шарттардың Қазақстан Республикасының аумағында қолданылу тәртібі мен талаптары Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалады.
3-бап. Бап алып тасталды (ескертуді қараңыз)
3-бап өзгертілді ҚР 29.12.2010 жылғы № 375-IV Заңымен (11.12.2009 ж. редакцияны қараңыз)(алғашқы ресми жарияланғаннан кейін 10 (он) күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс)
3-бап жаңа редакцияда жазылды ҚР 12.07.2018 жылғы № 180-VІ Заңына сәйкес (05.07.2018 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 20.07.2018 жылы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
3-баптың тақырыбы өзгертілді ҚР 14.03.2023 жылғы № 206-VІI ҚРЗ Заңымен (05.11.2022 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 26.03.2023 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
3-бап алынып тасталды ҚР 30.06.2025 жылғы № 203-VIII Заңына сәйкес (24.06.2025 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 01.07.2025 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
  • 1
4-бап. Бап алып тасталды (ескертуді қараңыз)
4-бап өзгертілді ҚР 29.12.2010 жылғы № 375-IV Заңымен (11.12.2009 ж. редакцияны қараңыз)(алғашқы ресми жарияланғаннан кейін 10 (он) күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс)
4-бап жаңа редакцияда жазылды ҚР 12.07.2018 жылғы № 180-VІ Заңына сәйкес (05.07.2018 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 20.07.2018 жылы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
4-бап өзгертілді ҚР 14.03.2023 жылғы № 206-VІI ҚРЗ Заңымен (05.11.2022 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 26.03.2023 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
4-бап алынып тасталды ҚР 30.06.2025 жылғы № 203-VIII Заңына сәйкес (24.06.2025 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 01.07.2025 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
  • 1
5-бап. Адамдарды арнаулы мекемелерге орналастыру негіздері
5-бап өзгертілді ҚР 05.07.2008 жылғы №  65-IV Заңымен (15.05.2007 ж. редакцияны қараңыз)(алғашқы ресми жарияланғаннан кейін 30 (отыз) күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс)
5-бап өзгертілді ҚР 29.12.2010 жылғы № 375-IV Заңымен (11.12.2009 ж. редакцияны қараңыз)(алғашқы ресми жарияланғаннан кейін 10 (он) күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс)
Адамдарды арнаулы мекемелерге орналастыру негіздері:
1) өздеріне қатысты бұлтартпау шарасы ретінде күзетпен ұстау таңдалған, қылмыс жасады деп күдік келтірілгендер мен айыпталушыларды тергеу изоляторына орналастыру судьяның қаулысы бойынша жүзеге асырылады;
1-тармақша өзгертілді ҚР 04.07.2014 жылғы № 233-V Заңымен (03.07.2014 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту қолданысқа енгізіледі 01.01.2015 жылдан бастап)