• Мое избранное
Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца
  • 89

Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі № 66-III Заңы

2015 жылғы 1 қаңтардан бастап құжат мәтініндегі «ставкаларды», «ставкаларымен», «ставкалар», «проценттік», «процентінен» сөздері «мөлшерлемелерді», «мөлшерлемелерімен», «мөлшерлемелер», «пайыздық», «пайызынан» сөздерімен ауыстырылды ҚР 28.11.2014 жылғы № 257-V Заңы бойынша
Осы Заңға өзгеріс енгізу қарастырылады - ҚР 06.04.2024 жылғы № 71-VIII Заңына сәйкес (өзгерту 31.12.2025 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Осы Заңға өзгеріс енгізу қарастырылады - ҚР 10.06.2024 жылғы № 90-VІIІ Заңына сәйкес (өзгерту 12.12.2024 ж., 01.01.2025 ж., 01.01.2028 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Редакция 08.06.2024 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен 
1-тарау. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР
  • 4
1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар
1-бап өзгертілді ҚР 27.03.2007 жылғы № 242 Заңымен (08.07.2005 ж. редакцияны қараңыз)
1-бап өзгертілді ҚР 26.07.2007 жылғы № 313 Заңымен (27.03.2007 ж. редакцияны қараңыз)
1-бап өзгертілді ҚР 11.12.2009 жылғы № 229-IV Заңымен (16.07.2009 ж. редакцияны қараңыз)
Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) аграрлық азық-түлік нарығы - ауыл шаруашылығы өнімі мен оның тереңдете қайта өңделген өнімдерін сатып алумен, өткізумен және олардың айналымының өзге де элементтерімен байланысты қатынастардың жиынтығы;
2) агрометеорологиялық мониторинг - жер бетіндегі агрометеорологиялық желі арқылы байқау жүргізуге бағытталған іс-шаралар жиынтығы; агротехникалық жұмыстарды жоспарлау жөніндегі ақпаратты жинау, беру, талдау мен өңдеу жүйесі және ауыл шаруашылығы мүддесіне орай агрометеорологиялық болжамдар жасау;
3) агроөнеркәсіптік кешен - ауыл шаруашылығы, балық шаруашылығы өнімдерін өндіруді, дайындауды, сақтауды, тасымалдауды, қайта өңдеуді және өткізуді, сондай-ақ тамақ өнеркәсібін, оларды қазіргі заманғы техникамен, технологиялық жабдықпен, ақшамен, ақпараттық және басқа да ресурстармен қамтамасыз ететін ілеспе өндірістер мен қызмет салаларын, ветеринариялық-санитариялық және фитосанитариялық қауіпсіздікті, ғылыми қамтамасыз ету мен кадрлар даярлауды қамтитын экономика салаларының жиынтығы;
3-1) агроөнеркәсіптік кешендегі сақтандырудың ақпараттық жүйесі (бұдан әрі – сақтандырудың ақпараттық жүйесі) – агроөнеркәсіптік кешендегі сақтандырудың электрондық шарттарын жасасуды, тараптарды белгілі бір уақыт кезіне сәйкестендіруді және агроөнеркәсіптік кешендегі сақтандырудың жасалған электрондық шарттары мен олардың тараптары туралы дерекқорды (мәліметтер жиынтығы) жүргізуді қамтамасыз ететін автоматтандырылған жүйе;
1-бап 3-1-тармақшамен толықтырылды ҚР 28.10.2019 жылғы № 268-VІ Заңына сәйкес (өзгерту 06.01.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
3-2) агроөнеркәсіптік кешендегі сақтандыру саласындағы оператор – Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімімен құрылған, жалғыз акционері мемлекет болып табылатын агроөнеркәсіптік кешен саласындағы ұлттық басқарушы холдинг құрамына кіретін акционерлік қоғам;
1-бап 3-2-тармақшамен толықтырылды ҚР 28.10.2019 жылғы № 268-VІ Заңына сәйкес (өзгерту 06.01.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
  • 1
4) агроөнеркәсіптік кешен субъектілері - агроөнеркәсіптік кешенде қызметін жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалар;
5) агроөнеркәсіптік кешенді дамыту саласындағы уәкілетті орган – агроөнеркәсіптік кешенді дамыту саласындағы мемлекеттік реттеуді жүзеге асыратын мемлекеттік орган;
5-тармақша өзгертілді ҚР 13.06.2013  жылғы №102-V Заңы бойынша (10.07.2012  ж. редакцияны қараңыз)(алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 14.06.2013 жылғы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
5-тармақша өзгертілді ҚР 28.10.2019 жылғы № 268-VІ Заңымен (02.04.2019 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 16.11.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
6) агроөнеркәсіптік кешеннің ақпараттық-маркетингтік жүйесі - орталық және жергілікті атқарушы органдардың, сондай-ақ мамандандырылған ұйымдардың агроөнеркәсіптік кешен субъектілерін ақпараттық-маркетингтік және консультациялық қамтамасыз етуге бағытталған ақпараттық, техникалық, электрондық ақпараттық ресурстарының бірыңғай жүйесі;
6-1) агротехникалық (дақылдық-техникалық) мелиорациялық іс-шаралар – өзіне:
1-бап 6-1-тармақшамен толықтырылды ҚР 13.06.2013  жылғы №102-V Заңы бойынша (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 14.06.2013 жылғы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
мелиорацияланатын жерлерді ағашты және шөптесін өсімдіктерден, тастардан және өзге де заттардан тазартуды;
терең қопсытуды, құмдауыттандыруды, топырақтандыруды, плантаждауды, сазбалшықтандыруды;
топырақты қорғау іс-шараларын қамтитын, жерді түбегейлі жақсарту жөніндегі техникалық іс-шаралар кешені;
6-2) тармақша алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
1-бап 6-2-тармақшамен толықтырылды ҚР 17.01.2014 жылғы № 165-V Заңына сәйкес (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 21.01.2014 жылғы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
6-2-тармақша алынып тасталды ҚР 28.10.2019 жылғы № 268-VІ Заңына сәйкес (02.04.2019 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 16.11.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
6-3) тармақша алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
1-бап 6-3-тармақшамен толықтырылды ҚР 17.01.2014 жылғы № 165-V Заңына сәйкес (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 21.01.2014 жылғы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
6-3-тармақша алынып тасталды ҚР 28.10.2019 жылғы № 268-VІ Заңына сәйкес (02.04.2019 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 16.11.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
7) азық-түлік тауарлары - адамның тағамына пайдалануға арналған ауыл шаруашылығы, балық өнімі және олардың тереңдете қайта өңделген өнімдері, сондай-ақ ауыз су мен тұз;
8) азық-түлік тауарларына нақты қолжетімділік - республиканың барлық аумағында азық-түлік тауарларының кез келген уақытта және халықтың қажеттілігін қанағаттандыру үшін жеткілікті көлемде болуы;
9) азық-түлік тауарларына экономикалық қолжетімділік - азық-түлік тауарларын тұтынудың қолда бар құрылымы, бағалар жүйесі, табыстар деңгейі, әлеуметтік жәрдемақылар мен жеңілдіктер кезінде халықтың азық-түлік тауарларын тұтынудың физиологиялық нормаларына сәйкес сатып алу мүмкіндігі;
10) азық-түлiк тауарларының өңірлік тұрақтандыру қоры – облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың аумағында аграрлық азық-түлік нарығына реттеушілік әсер ету және азық-түлiк қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету үшiн құрылған, азық-түлiк тауарларының жедел қоры;
10-тармақша өзгертілді ҚР 10.07.2012 жылғы № 33-V Заңымен (12.01.2012 ж. редакцияны қараңыз)(алғашқы ресми жарияланғаннан кейін 10 (он) күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс)
10-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР 04.12.2015 жылғы № 435-V Заңына сәйкес (27.11.2015 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту қолданысқа енгізіледі 01.01.2016 жылдан бастап)
10-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР 02.04.2019 жылғы № 241-VІ Заңына сәйкес (02.07.2018 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 14.04.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
10-1) тармақша алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
1-бап 10-1-тармақшамен толықтырылды ҚР 10.07.2012 жылғы № 33-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін 10 (он) күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс)
10-1-тармақша алынып тасталды ҚР 02.04.2019 жылғы № 241-VІ Заңына сәйкес (02.07.2018 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 14.04.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
10-2) тармақша алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
1-бап 10-2-тармақшамен толықтырылды ҚР 10.07.2012 жылғы № 33-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін 10 (он) күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс)
10-2-тармақша алынып тасталды ҚР 02.04.2019 жылғы № 241-VІ Заңына сәйкес (02.07.2018 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 14.04.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
10-3) тармақша алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
1-бап 10-3-тармақшамен толықтырылды ҚР 10.07.2012 жылғы № 33-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін 10 (он) күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс)
10-3-тармақша алынып тасталды ҚР 02.04.2019 жылғы № 241-VІ Заңына сәйкес (02.07.2018 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 14.04.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
10-4) тармақша алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
1-бап 10-4-тармақшамен толықтырылды ҚР 10.07.2012 жылғы № 33-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін 10 (он) күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс)
10-4-тармақша алынып тасталды ҚР 02.04.2019 жылғы № 241-VІ Заңына сәйкес (02.07.2018 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 14.04.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
11) азық-түлік тәуелсіздігі - азық-түлік тауарларын басқа мемлекеттерден жеткізу тоқтатылған жағдайда мемлекет отандық өндіріс есебінен оларға нақты қол жеткізуді қамтамасыз етуге қабілетті болатын экономиканың жай-күйі;
12) Тармақша алынып тасталды (ескертуді қараныз)
12-тармақша алынып тасталды ҚР 26.01.2011 жылғы № 400-IV Заңымен (10.01.2011 ж. редакцияны қараңыз)
12-1) ауылшаруашылық өндірісіне агрохимиялық қызмет көрсету – Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын мемлекеттік мекеме осы Заңға сәйкес жүзеге асыратын қызмет;
1-бап 12-1-тармақшамен толықтырылды ҚР 17.01.2014 жылғы № 165-V Заңына сәйкес (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 21.01.2014 жылғы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
13) ауыл шаруашылығы өнiмi – бал ара шаруашылығын, аквашаруашылықты қоса алғанда, өсiмдiк шаруашылығы мен мал шаруашылығының, оның ішінде органикалық өндіру арқылы алынған шикiзаты және өнiмi, сондай-ақ оларды бастапқы қайта өңдеу арқылы алынған өнiмдер;
13-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР 27.11.2015 жылғы № 424-V Заңына сәйкес (24.11.2015 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 6 (алты) ай өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 01.12.2015 жылы № 231 (28709) „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
13-тармақша өзгертілді ҚР 06.04.2024 жылғы № 71-VIII Заңымен (19.04.2023 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 08.06.2024 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
14) ауыл шаруашылығы өнімін тереңдете қайта өңдеу - ауыл шаруашылығы өнімін оның физикалық-механикалық қасиеттерін өзгерте отырып, қайта өңдеудің технологиялық процесі;
15) ауыл шаруашылығы санағы - белгілі бір күндегі ауыл шаруашылығының құрылымы мен жай-күйі туралы ақпарат жинау мақсатында жүргізілетін ұлттық санақ;
15-тармақша өзгертілді ҚР 19.03.2010 жылғы № 258-IV Заңымен (21.01.2010 ж. редакцияны қараңыз)
16) ауылды оңтайлы қоныстандыру - ауылдық елді мекендердің ауыл тұрғындары тұрмысының қажетті деңгейін тіршілікті қамтамасыз ету қызметін көрсетудің нормативтік деңгейіне сәйкес қамтамасыз етуге негізделіп, орналастырылуы;
17) ауылдық аумақтар - ауылдық елді мекендер мен оларға іргелес жатқан жерлердің жиынтығы;
18) ауылдық аумақтарды дамыту саласындағы уәкілеттік орган - ауылдық аумақтарды дамыту саласында мемлекеттік реттеуді жүзеге асыратын мемлекеттік орган;
19) ауылдық аумақтардың әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылымы - денсаулық сақтау, білім беру, мәдениет, спорт, телекоммуникация, байланыс, жолдар, почта-жинақтау жүйесі, газбен, электрмен, жылумен, сумен қамтамасыз ету және су бұру, өндіріс пен тұтыну қалдықтарын жинау мен кәдеге жарату объектілерін қоса алғанда, тіршілікті қамтамасыз ету объектілерінің жүйесі;
19-1) ауыл шаруашылығы тауарын өндіруші – ауыл шаруашылығы өнімін өндірумен айналысатын жеке немесе заңды тұлға;
1-бап 19-1-тармақшамен толықтырылды ҚР 28.10.2019 жылғы № 268-VІ Заңымен (өзгерту 16.11.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
20) әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары – тізбесін Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітетін, адамның физиологиялық қажеттіліктері қанағаттандырылатын азық-түлік тауарлары;
20-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР 02.04.2019 жылғы № 241-VІ Заңына сәйкес (02.07.2018 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 14.04.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
20-1) әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаларды тұрақтандыру тетігі – мынадай: тұрақтандыру қорларының қызметі; кәсіпкерлік субъектілеріне қарыз беру тетіктерін іске асыру;
1-бап 20-1-тармақшамен толықтырылды ҚР 02.04.2019 жылғы № 241-VІ Заңына сәйкес (өзгерту 14.04.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
21)Тармақша алынып тасталды (ескертуді қараныз)
21-тармақша алынып тасталды ҚР 10.07.2012 жылғы № 33-V Заңымен (12.01.2012 ж. редакцияны қараңыз)(алғашқы ресми жарияланғаннан кейін 10 (он) күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс)
22) ғарыштық мониторинг - жердің пайдаланылуына байқау жүргізуге бағытталған іс-шаралар жиынтығы; Жерді қашықтықтан зондтау деректері негізінде ғарыштан ақпарат беру, оны ауыл шаруашылығы дақылдары егістерінің жай-күйі мен өнімділігін бағалау және болжау үшін өңдеу;
22-1) жеке қосалқы шаруашылықпен айналысатын тұлға – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес шаруашылық бойынша есепке алу кітабында есепке алынған жеке қосалқы шаруашылығы бар жеке тұлға немесе осындай жеке тұлғаның шаруашылық бойынша есепке алу кітабында жеке қосалқы шаруашылықтың мүшесі ретінде есепке алынған отбасы мүшесі;
1-бап 22-1-тармақшамен толықтырылды ҚР 17.01.2014 жылғы № 165-V Заңына сәйкес (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 21.01.2014 жылғы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
22-1-тармақша өзгертілді ҚР 28.11.2014 жылғы № 257-V Заңымен (29.09.2014 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту қолданысқа енгізіледі 01.01.2015 жылдан бастап)
22-2) инвестициялық салымдар – жаңа өндiрiстiк қуаттарды құруға немесе жұмыс iстеп тұрғандарын кеңейтуге бағытталған шығындар;
1-бап 22-2-тармақшамен толықтырылды ҚР 17.01.2014 жылғы № 165-V Заңына сәйкес (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 21.01.2014 жылғы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
22-2-тармақша өзгертілді ҚР 28.11.2014 жылғы № 257-V Заңымен (29.09.2014 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту қолданысқа енгізіледі 01.01.2015 жылдан бастап)
22-3) кепiлдендiрiлген сатып алу бағасы – өзiндiк құны мен рентабельдiлiгі ескерiле отырып белгiленетiн, ауылшаруашылық тауарын өндiрушiлерден ауылшаруашылық өнiмiн сатып алу жүзеге асырылатын баға;
1-бап 22-3-тармақшамен толықтырылды ҚР 17.01.2014 жылғы № 165-V Заңына сәйкес (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 21.01.2014 жылғы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
22-3-тармақша өзгертілді ҚР 28.11.2014 жылғы № 257-V Заңымен (29.09.2014 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту қолданысқа енгізіледі 01.01.2015 жылдан бастап)
22-4) қайта өңдеушi кәсiпорындар – ауылшаруашылық өнiмiн бастапқы және (немесе) тереңдете қайта өңдеудi жүзеге асыратын агроөнеркәсiптiк кешеннiң субъектiлерi;
1-бап 22-4-тармақшамен толықтырылды ҚР 28.11.2014 жылғы № 257-V Заңына сәйкес (өзгерту қолданысқа енгізіледі 01.01.2015 жылдан бастап)
23) мамандандырылған ұйым – агроөнеркәсіптік кешен салаларын тұрақты дамыту, агроөнеркәсіптік кешен субъектілерін бәсекелестік нарықта жоқ немесе мардымсыз көрсетілетін жекелеген қызмет түрлерімен қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасы Үкіметінің, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органының немесе агроөнеркәсіптік кешен саласындағы ұлттық басқарушы холдингтің шешімі бойынша құрылған немесе өңірлердің экономикасын дамытуға жәрдемдесу үшін құрылған (әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялар) ұйым;
23-тармақша өзгертілді ҚР 10.07.2012 жылғы № 33-V Заңымен (12.01.2012 ж. редакцияны қараңыз)(алғашқы ресми жарияланғаннан кейін 10 (он) күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс)
23-1) мелиорацияланған жерлер – мелиорациялық іс-шаралар жүргізілген жерлер;
1-бап 23-1-тармақшамен толықтырылды ҚР 13.06.2013  жылғы №102-V Заңы бойынша (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 14.06.2013 жылғы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
  • 1
24) мемлекеттік техникалық инспекция – Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен жүзеге асырылатын, тракторларды және олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдерді, монтаждалған арнайы жабдығы бар тіркемелерді қоса алғанда, олардың тіркемелерін, өздігінен жүретін ауылшаруашылық, мелиорациялық және жол-құрылыс машиналары мен механизмдерін, сондай-ақ жүріп өту мүмкіндігі жоғары арнайы машиналарды тиісті құжаттар мен мемлекеттік тіркеу нөмірі белгілерін бере отырып, мемлекеттік тіркеу , мемлекеттік техникалық қарап-тексеру , оларды басқару құқығына емтихан қабылдау және куәліктер беру , оларды пайдалану қағидаларының сақталуын қадағалау;
24-тармақша өзгертілді ҚР 29.12.2014 жылғы № 269-V Заңымен (28.11.2014 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту қолданысқа енгізіледі 01.01.2015 жылдан бастап)
24-1) сарапшылық кеңес – агроөнеркәсіптік кешендегі сақтандыру саласындағы оператордың жанынан құрылатын, құрылуының және қызметінің мақсаты сақтандыру өнімдерін қарау болып табылатын және сақтандыру ұйымдарының, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру ұйымдары филиалдарының, агроөнеркәсіптік кешенді дамыту саласындағы уәкілетті органның, агроөнеркәсіптік кешендегі сақтандыру саласындағы оператордың, тәуелсіз сарапшылар мен өзге де тұлғалардың өкілдерінен тұратын алқалы орган;
1-бап 24-1-тармақшамен толықтырылды ҚР 17.01.2014 жылғы № 165-V Заңына сәйкес (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 21.01.2014 жылғы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
24-1-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР 28.10.2019 жылғы № 268-VІ Заңына сәйкес (02.04.2019 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 06.01.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
24-1-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР 02.01.2021 жылғы № 399- VI Заңына сәйкес (03.07.2020 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 16.12.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)