• Менің таңдаулыларым
Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Түсініктемелер жазу, айту
  • Белгі бауына қою
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца(beta)
  • 65

Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 8 тамыздағы № 345-II Заңы

Осы Заңға өзгеріс енгізу қарастырады - ҚР 30.12.2024 жылғы № 148-VIII Заңына сәйкес (өзгерту 01.07.2025 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Редакция 06.07.2025 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен 
Осы Заң баланың Қазақстан Республикасының Конституциясында кепілдiк берiлген негiзгi құқықтары мен заңды мүдделерiн iске асыруға байланысты туындайтын қатынастарды реттейдi.
Кіріспе өзгертілді ҚР 23.11.2010 жылғы № 354-IV Заңымен (19.03.2010 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 27.11.2010 жылғы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
Кіріспе өзгертілді ҚР 30.12.2024 жылғы № 148-VIII Заңымен (01.07.2024 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 11.01.2025 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1-тарау. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР
  • 17
1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негiзгi ұғымдар
1-бап өзгертілді ҚР 23.11.2010 жылғы № 354-IV Заңымен (19.03.2010 ж. редакцияны қараңыз)
Осы Заңда мынандай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) арнаулы көрсетілетін әлеуметтік қызметтерге мұқтаж бала (балалар) – Қазақстан Республикасының әлеуметтік қорғау туралы заңнамасында көзделген қалыптасқан мән-жайлардың салдарынан тыныс-тіршілігі бұзылған және осы мән-жайларды өз бетінше немесе отбасының көмегімен еңсере алмайтын бала (балалар);
1-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР 16.11.2023 № 40- VIII Заңына сәйкес (10.07.2023 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 01.01.2024 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1-1) ата-анасының қамқорлығынсыз қалған бала – ата-анасының ата-ана құқықтарының шектелуіне немесе олардан айырылуына, ата-анасының хабарсыз кетті деп танылуына, қайтыс болды деп жариялануына, әрекетке қабілетсіз (әрекет қабілеті шектеулі) деп танылуына, ата-анасының бас бостандығынан айыру орындарында жазасын өтеуіне, ата-анасының баласын тәрбиелеуден немесе оның құқықтары мен мүдделерін қорғаудан жалтаруына, оның ішінде ата-анасының өз баласын тәрбиелеу немесе емдеу мекемесінен алудан бас тартуына байланысты, сондай-ақ ата-анасы қамқорлық жасамаған өзге де жағдайларда жалғызбасты ата-анасының немесе екеуінің де қамқорлығынсыз қалған бала;
1-бап 1-1-тармақшамен толықтырылды ҚР 16.11.2023 № 40- VIII Заңына сәйкес (өзгерту 01.01.2024 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
2) бала – он сегіз жасқа (кәмелетке) толмаған адам;
3) бала құқықтарын қорғау жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын ұйымдар – бұл балаларды әлеуметтік қолдауды, әлеуметтік-тұрмыстық, медициналық-әлеуметтік, әлеуметтік-педагогикалық, психологиялық-педагогикалық, құқықтық қызметтер көрсету мен материалдық көмек көрсетуді, арнаулы әлеуметтік қызметтерге мұқтаж балаларды әлеуметтік оңалтуды, мұндай балалар еңбекке қабілетті жасқа жеткенде олардың жұмыспен қамтылуын қамтамасыз етуді жүзеге асыратын ұйымдар;
3-тармақша өзгертілді ҚР 20.04.2023 жылғы № 226-VII Заңымен (19.04.2023 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 01.07.2023 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
4) баланы әлеуметтік оңалту – бала жоғалтқан әлеуметтік байланыстар мен функцияларды қалпына келтіру, тұрмыс-тіршілікті қамтамасыз ету ортасын толықтыру, оған қамқорлық жасауды күшейту жөніндегі іс-шаралар;
4-1) баланы жәбірлеу (буллинг) – қорлау сипатындағы жүйелі (екі және одан көп) әрекеттер, қудалау және (немесе) қорқыту, оның ішінде қандай да бір әрекетті жасауға немесе жасаудан бас тартуға мәжбүрлеуге бағытталған әрекеттер, сол сияқты жария түрде немесе масс-медиа және (немесе) телекоммуникация желілері және (немесе) онлайн-платформалар пайдаланыла отырып жасалған дәл сол әрекеттер (кибербуллинг);
1-бап 4-1-тармақшамен толықтырылды ҚР 03.05.2022 жылғы № 118-VII Заңына сәйкес (өзгерту 15.05.2022 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
4-1-тармақша өзгертілді ҚР 10.07.2023 жылғы № 19-VIII Заңы​на сәйкес (20.04.2023 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 10.09.2023 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
4-1-тармақша өзгертілді ҚР 19.06.2024 жылғы № 94-VIII Заңымен (15.04.2024 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту қолданысқа енгізіледі 20.08.2024 жылдан бастап)
5) баланың әлеуметтік бейімделуі – арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтерге мұқтаж баланың қоғамдағы құндылықтарды, мінез-құлық қағидалары мен нормаларын игеру және қабылдау арқылы әлеуметтік ортаның жағдайларына белсенді түрде бейімделу процесі, сондай-ақ басынан кешірген психологиялық және (немесе) моральдық зардаптарды еңсеру процесі;
5-тармақша өзгертілді ҚР 13.04.2005 жылғы № 40 Заңымен (20.12.2004 ж. редакцияны қараңыз)
5-тармақ өзгертілді ҚР 30.12.2024 жылғы № 148-VIII Заңымен (01.07.2024 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 11.01.2025 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
2025 жылдың 1 шілдеден бастап ҚР 30.12.2024 жылғы № 148-VIII Заңына сәйкес 6-тармақша келесі редакциясында әрекет етеді: Болашақ басылымның мәтінін көрсету 
6) баланың заңды өкілдері – ата-ана, бала асырап алушылар, қорғаншы, қамқоршы, патронат тәрбиелеуші, баланы қабылдайтын ата-аналар Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес балаға қамқорлық жасауды, білім, тәрбие беруді, оның құқықтары мен мүдделерін қорғауды жүзеге асыратын олардың орнындағы басқа да адамдар;
6-тармақша өзгертілді ҚР 09.04.2016 жылғы № 501-V Заңымен (04.12.2015 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту қолданысқа енгізіледі 01.01.2017 жылдан бастап)
7) баланы экономикалық жағынан қанау – бұл бала еңбегінің ең нашар нысандары, оның ішінде кәмелетке толмағандармен сауда жасау, оларды қылмыстық әрекетке немесе қоғамға жат іс-әрекеттер жасауға, жезөкшелікпен айналысуға, порнографиялық суреттер шығаруға немесе кәмелетке толмағандарды порнографиялық сипаттағы ойын-сауық іс-шараларына қатысуға тарту, сондай-ақ жұмысқа қабылдау үшін Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген ең төменгі жастан кіші балалардың еңбегі;
8) жетім бала – ата-анасының екеуі де немесе жалғыз басты ата-анасы қайтыс болған бала;
8-1) жетім балаларға, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға тәлімгерлік (бұдан әрі – тәлімгерлік) – жетім балаларға және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдарындағы он жасқа толған жетім балаларды, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды өз бетінше өмір сүруге дайындауға жеке қолдау мен көмек көрсетуге бағытталған қызмет;
1-бап 8-1-тармақшамен толықтырылды ҚР 23.02.2024 жылғы № 64-VIII Заңына сәйкес (өзгерту 27.04.2024 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
8-2) жетім балалар, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар тәлімгері (бұдан әрі – тәлімгер) – тәлімгерлік туралы үлгілік шарт негізінде тәлімгерлікті жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының кәмелетке толған азаматы;
1-бап 8-2-тармақшамен толықтырылды ҚР 23.02.2024 жылғы № 64-VIII Заңына сәйкес (өзгерту 27.04.2024 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
8-3) Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары жөніндегі уәкіл – Қазақстан Республикасының Президенті тағайындайтын, өзіне балалардың құқықтары мен заңды мүдделерінің негізгі кепілдіктерін қамтамасыз ету, сондай-ақ мемлекеттік және қоғамдық институттармен өзара іс-қимыл жасай отырып, балалардың бұзылған құқықтары мен бостандықтарын қалпына келтіру жөніндегі функциялар жүктелетін адам;
1-бап 8-3-тармақшамен толықтырылды ҚР 30.12.2024 жылғы № 148-VIII Заңына сәйкес (өзгерту 11.01.2025 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
8-4) Қазақстан Республикасының балалардың құқықтарын қорғау саласындағы уәкілетті органы – Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын, балалардың құқықтарын қорғау саласында басшылықты және салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;
1-бап 8-4-тармақшамен толықтырылды ҚР 30.12.2024 жылғы № 148-VIII Заңына сәйкес (өзгерту 11.01.2025 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
9) қамқоршылық – он төрт жастан он сегіз жасқа дейінгі балалардың құқығы мен заңды мүдделерін қорғаудың құқықтық нысаны;
10) қорғаншылық – он төрт жасқа толмаған балалардың құқығы мен заңды мүдделерін қорғаудың құқықтық нысаны;
11) мемлекеттік ең төменгі әлеуметтік стандарттар – мемлекет белгілеген әлеуметтік қызметтер көрсетудің, нормалар мен нормативтердің ең төменгі көлемін қамтитын, балалар өмірінің сапасын қамтамасыз ететін негізгі көрсеткіштер;
12) мүгедектігі бар бала – тіршілік етуінің шектелуіне және оны әлеуметтік қорғау қажеттігіне әкеп соқтыратын аурулардан, жарақаттардан, олардың салдарынан, кемістіктерден организмінің функциялары тұрақты бұзылып, денсаулығына зақым келген он сегіз жасқа дейінгі адам;
12-тармақша өзгертілді ҚР 27.06.2022 жылғы № 129-VII ҚРЗ Заңымен (03.05.2022 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 09.07.2022 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
12-1) нысаналы активтер – нысаналы жинақтарды төлеуді қамтамасыз етуге және жүзеге асыруға, сондай-ақ осы Заңда көзделген өзге де мақсаттарға арналған ақша;
1-бап 12-1-тармақшамен толықтырылды ҚР 01.04.2019 жылғы № 240-VІ Заңына сәйкес (өзгерту 14.04.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
12-1-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР 20.04.2023 жылғы № 226-VII Заңына сәйкес (19.04.2023 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 01.07.2023 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
12-1-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР 16.11.2023 № 40- VIII Заңына сәйкес (10.07.2023 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 01.01.2024 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
12-2) нысаналы жинақтарды алушы – Қазақстан Республикасының он сегіз жасқа толған, нысаналы жинақтарды алуға құқығы бар азаматы;
1-бап 12-2-тармақшамен толықтырылды ҚР 16.11.2023 № 40- VIII Заңына сәйкес (өзгерту 01.01.2024 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
12-3) нысаналы жинақтау шоты – нысаналы жинақтарды алушының осы Заңға және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорында ашылған, нысаналы жинақтар есепке алынатын және нысаналы жинақтарды төлеу жүргізілетін жеке атаулы шоты;
1-бап 12-3-тармақшамен толықтырылды ҚР 16.11.2023 № 40- VIII Заңына сәйкес (өзгерту 01.01.2024 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
12-4) нысаналы жинақ төлемдері – нысаналы жинақтарды алушыға, сондай-ақ мұрагерлерге Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен нысаналы жинақтау шотынан төленетін нысаналы жинақтар сомасы;
1-бап 12-4-тармақшамен толықтырылды ҚР 16.11.2023 № 40- VIII Заңына сәйкес (өзгерту 01.01.2024 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
12-5) нысаналы талаптарға қатысушы – Қазақстан Республикасының он сегіз жасқа толмаған, нысаналы талаптарға құқығы бар азаматы;
1-бап 12-5-тармақшамен толықтырылды ҚР 16.11.2023 № 40- VIII Заңына сәйкес (өзгерту 01.01.2024 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
12-6) облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бала құқықтары жөніндегі өңірлік уәкілі – Қазақстан Республикасындағы Бала құқықтары жөніндегі уәкілдің өз қызметін қоғамдық негізде жүзеге асыратын өкілі, оған тиісті әкімшілік-аумақтық бірлікте мемлекеттік және қоғамдық институттармен өзара іс-қимыл жасай отырып, балалардың құқықтары мен заңды мүдделерінің негізгі кепілдіктерін қамтамасыз ету, сондай-ақ олардың бұзылған құқықтары мен бостандықтарын қалпына келтіру жөніндегі функциялар жүктеледі;
1-бап 12-6-тармақшамен толықтырылды ҚР 15.04.2024 жылғы № 72-VIII Заңына сәйкес (өзгерту 16.06.2024 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
13) патронат – жетім балаларды, ата-аналарының (ата-анасының) қамқорлығынсыз қалған балаларды қорғаншылық немесе қамқоршылық жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын орган мен баланы (балаларды) тәрбиелеуге алуға ниет білдірген адам жасасатын шарт бойынша отбасына патронаттық тәрбиелеуге берген кездегі тәрбие нысаны;
13-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР 30.12.2024 жылғы № 148-VIII Заңына сәйкес (01.07.2024 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 11.01.2025 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
14) тармақша алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
14-тармақша өзгертілді ҚР 05.07.2014 жылғы № 236-V Заңымен (03.07.2014 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту қолданысқа енгізіледі 01.01.2015 жылдан бастап)
14-тармақша алынып тасталды ҚР 01.04.2019 жылғы № 240-VІ Заңына сәйкес (02.07.2018 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 14.04.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
15) тармақша алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
1-бап 15-тармақшамен толықтырылды ҚР 09.04.2016 жылғы № 501-V Заңына сәйкес (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 22.04.2016 жылы № 76 (28804) „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
15-тармақша алынып тасталды ҚР 30.12.2024 жылғы № 148-VIII Заңына сәйкес (01.07.2024 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 11.01.2025 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
15-1) тәлімгерлік жөніндегі ұйым – жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдарындағы, он жасқа толған жетім балаларға, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға тәлімгерлікті ұйымдастыру жөніндегі қызметті Қазақстан Республикасының аумағында өтеусіз негізде жүзеге асыратын коммерциялық емес ұйым;
1-бап 15-1-тармақшамен толықтырылды ҚР 10.02.2025 жылғы № 163-VIII Заңымен (өзгерту 13.04.2025 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
16) тұрғын үй жағдайларын жақсарту және (немесе) білім беру ақысын төлеу мақсатында бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан төленетін нысаналы жинақтар (бұдан әрі – нысаналы жинақтар) – нысаналы жинақтарды алушының нысаналы жинақтау шотында Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының есепті жылдың алдындағы он сегіз жылдағы орташаланған инвестициялық кірісінің және жыл сайын осы сомаға есепке жазылатын, есепті жылдың алдындағы он сегіз жылдағы орташаланған инвестициялық кірістің елу пайызы есебінен жинақталған ақша;
1-бап 16-тармақшамен толықтырылды ҚР 16.11.2023 № 40- VIII Заңына сәйкес (өзгерту 01.01.2024 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
17) уәкілетті операторлар – тұрғын үй жағдайларын жақсарту және (немесе) білім беру ақысын төлеу мақсатында бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры аударатын нысаналы жинақ төлемдерін есепке жатқызуға арналған банктік шоттарды ашуды және жүргізуді жүзеге асыратын екінші деңгейдегі банктер, Ұлттық пошта операторы;
1-бап 17-тармақшамен толықтырылды ҚР 16.11.2023 № 40- VIII Заңына сәйкес (өзгерту 01.01.2024 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
2-бап. Осы Заңның қолданылуы
2-бап өзгертілді ҚР 23.11.2010 жылғы № 354-IV Заңымен (19.03.2010 ж. редакцияны қараңыз)
1. Осы Заңның күші Қазақстан Республикасының азаматтарына қолданылады. Қазақстан Республикасының азаматы болып табылмайтын бала, егер Қазақстан Республикасының Конституциясында, Қазақстан Республикасының заңдарында және Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарда өзгеше көзделмесе, Республикада азаматтар үшін белгіленген құқықтар мен бостандықтарды пайдаланады, сондай-ақ міндеттерді атқарады.
2. Осы Заңның баланың құқықтары мен міндеттерін белгілейтін нормаларының күші кәмелетке толғанға дейін Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес азаматтық әрекетке қабілеттілігін толық көлемінде алған балаларға қолданылады.
  • 1
3-бап. Қазақстан Республикасының баланың құқықтары туралы заңдары
1. Қазақстан Республикасының баланың құқықтары туралы заңдары Қазақстан Республикасының Конституциясына негiзделедi және осы Заң мен Қазақстан Республикасының бала құқықтарын қорғау саласындағы өзге де нормативтiк құқықтық актілерiнен тұрады.
2. Егер Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шартта осы Заңдағыдан өзгеше ережелер белгiленсе, халықаралық шарттағы оны қолдану үшiн Қазақстан Республикасының заңын шығару талап етiлетiн жағдайларды қоспағанда, халықаралық шарттың ережелерi қолданылады.
3-1-бап. Осы Заңның негізгі мақсаттары, қағидаттары мен міндеттері
1-тарау 3-1-баппен толықтырылды ҚР 30.12.2024 жылғы № 148-VIII Заңына сәйкес (өзгерту 11.01.2025 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1. Осы Заңның негізгі мақсаттары балалардың құқықтары мен заңды мүдделерін қамтамасыз ету, баланың құқықтарының негізгі кепілдіктерін нығайту және құқықтары бұзылған жағдайларда оларды қалпына келтіру болып табылады.
2. Осы Заңның негізгі қағидаттары мыналар болып танылады:
1) балаларды қоғамдағы толымды өмірге даярлау басымдығы;
2) балалардың қоғамдық мәні бар және шығармашылық белсенділігін дамыту;
3) әлемдік өркениеттің жалпы адамзатқа тән құндылықтары негізінде жоғары адамгершілік қасиеттерді, патриотизм мен азаматтық қасиеттерін дамыту, ұлттық сана-сезімді қалыптастыру.
3. Осы Заңның негізгі міндеттері мыналар болып табылады: