1) мазмұнында:
Отправить по почте
Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 17 ақпандағы № 566-IV Заңы Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
1-бап. 2007 жылғы 15 мамырдағы Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2007 ж., № 9, 65-құжат; № 19, 147-құжат; № 20, 152-құжат; № 24, 178-құжат; 2008 ж., № 21, 97-құжат; № 23, 114-құжат; 2009 ж., № 8, 44-құжат; № 9-10, 50-құжат; № 17, 82-құжат; № 18, 84-құжат; № 24, 122, 134-құжаттар; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 10, 48-құжат; № 24, 146, 148-құжаттар; 2011 ж., № 1, 2, 3-құжаттар; № 11, 102-құжат; № 16, 128-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1) мазмұнында:
58, 59 және 61-баптардың тақырыптарындағы тоқтату» деген сөз тоқтату негіздері» деген сөздермен ауыстырылсын;
101-баптың тақырыбында Жыл сайынғы» деген сөздерден кейін негізгі» деген сөзбен толықтырылсын;
108-баптың тақырыбындағы немесе ұзартудың» деген сөздер алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы жүз елу үшінші, жүз елу төртінші, жүз елу бесінші, жүз елу алтыншы, жүз елу жетінші, жүз елу сегізінші және жүз елу тоғызыншы абзацтармен толықтырылсын:
10-1-тарау. Ұлттық біліктілік жүйесі
138-1-бап. Осы тарауда пайдаланылатын ұғымдар
138-2-бап. Ұлттық біліктілік жүйесінің құрылымы
138-3-бап. Ұлттық біліктілік шеңбері
138-4-бап. Салалық біліктілік шеңберлері
138-5-бап. Кәсіби стандарттар
138-6-бап. Мамандардың кәсіби даярлығын бағалау және біліктілік сәйкестігін растау
185-баптың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
185-бап. Еңбек шартын тоқтатуды шектеу мынадай мазмұндағы екі жүз елуінші, екі жүз елу бірінші, екі жүз елу екінші және екі жүз елу үшінші абзацтармен толықтырылсын:
23-1-тарау. Қашықтықтан жұмыс істейтін қызметкерлердің еңбегін реттеудің ерекшеліктері
221-1-бап. Қашықтықтан жұмыс істеу
221-2-бап. Қашықтықтан жұмыс істейтін қызметкерлердің еңбек жағдайлары
221-3-бап. Жұмыс уақытын және демалыс уақытын есептеу, еңбек қауіпсіздігін және еңбекті қорғауды қамтамасыз ету жағдайлары
27-тараудың тақырыбы мүшелерінің» деген сөзден кейін және мүліктің меншік иесі немесе ол уәкілеттік берген тұлға (орган) не заңды тұлғаның уәкілетті органы тағайындайтын (сайлайтын) қызметкерлердің» деген сөздермен толықтырылсын;
254-баптың тақырыбы мүшелерінің» деген сөзден кейін және мүліктің меншік иесі немесе ол уәкілеттік берген тұлға (орган) не заңды тұлғаның уәкілетті органы тағайындайтын (сайлайтын) қызметкерлердің» деген сөздермен толықтырылсын;
мынадай мазмұндағы үш жүз алпыс алтыншы абзацпен толықтырылсын:
320-1-бап. Өндірістік объектілерді еңбек жағдайлары бойынша аттестаттау мынадай мазмұндағы үш жүз сексен тоғызыншы абзацпен толықтырылсын:
339-1-бап. Ұйымдардағы еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі комитет (комиссия)
2) 1-баптың 1-тармағында:
5) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
5) ауыр жұмыстар – қызметкердің ауыр заттарды (он килограмм және одан жоғары) қолмен тұрақты түрде орнынан қозғалтуына, орнын ауыстыруына және тасымалдауына байланысты әрі көп күш-қуатты талап ететін (250 ккал/сағаттан астам күш-қуат жұмсалатын) қызмет түрлері;
14) тармақшадағы үзіліссіз» деген сөз алып тасталсын;
31) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
31) еңбек стажы – қызметкер еңбек міндеттерін орындауға жұмсаған, күнтізбемен есептелген уақыт, сондай-ақ осы Кодекске сәйкес еңбек стажына қосылатын өзге де кезеңдер;
60) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
60) қызметкерлердің өкілдері – кәсіптік одақтардың, олардың бірлестіктерінің органдары және (немесе) Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген тәртіппен қызметкерлер уәкілеттік берген (сайлаған) өзге де жеке және (немесе) заңды тұлғалар;
мынадай мазмұндағы 60-1) тармақшамен толықтырылсын:
60-1) өндірістік объектілерді аттестаттауды жүргізу жөніндегі мамандандырылған ұйымдар – білікті кадрлары бар және өзінің құрамында өндірістік орта мен еңбек жағдайларының факторларын зертханалық және аспаптық зерттеулер жөніндегі зертханасы бар немесе осындай зертханалары бар ұйымдармен шарттары бар өндірістік объектілерді еңбек жағдайлары бойынша аттестаттауды жүргізу жөніндегіқызметті жүзеге асыратын ұйымдар;
67) тармақшадағы , цехтарды, учаскелерді, жұмыс орындарын» деген сөздер (өндірістік қызметті жүзеге асыратын цехтарды, учаскелерді, жұмыс орындарын, сондай-ақ жұмыс берушілердің бөлек тұрған өзге де бөлімшелерін)» деген сөздермен ауыстырылсын;
78) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
78) ұжымдық шарт – әзірлеу мен жасасу тәртібі осы Кодекстің 282-бабында белгіленген, ұйымдағы әлеуметтік-еңбек қатынастарын реттейтін, қызметкерлердің уәкілеттік берілген өкілдері арқылы олардың ұжымы мен жұмыс берушінің арасындағы жазбаша келісім нысанындағы құқықтық акт;
3) 10-баптың 2-тармағы танылады» деген сөзден кейін және қолданылмауға тиіс» деген сөздермен толықтырылсын;
4) 11-баптың 3-тармағы табылады» деген сөзден кейін және қолданылмауға тиіс» деген сөздермен толықтырылсын;
5) 12-бапта:
2-тармақтағы осы Кодекстің 266-бабына сәйкес құрылған комиссияға» деген сөздер қызметкерлердің өкілдеріне» деген сөздермен ауыстырылсын;
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
3. Жұмыс беруші актісінің жобасын табыс етілген күннен бастап үш жұмыс күнінен асырмай қызметкерлердің өкілдері талқылайды.
4-тармақтағы Комиссияның» деген сөз Қызметкерлер өкілдерінің» деген сөздермен ауыстырылсын;
5-тармақтың 2) тармақшасындағы не олар ұсынған редакциядағы актіні шығаруға» деген сөздер алып тасталсын;
6-тармақтағы нормативтік актіні» деген сөздер акт» деген сөзбен ауыстырылсын;
6) 15-баптың 19) тармақшасы алып тасталсын;
7) 16-баптың 21) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
21) оларда жұмыс істеу жұмыс уақытының қысқартылған ұзақтығына, жыл сайынғы ақылы қосымша еңбек демалысына және еңбекақының жоғарылатылған мөлшеріне құқық беретін өндірістердің, цехтардың, кәсіптер мен лауазымдардың тізімін, ауыр жұмыстардың, еңбек жағдайлары зиянды (ерекше зиянды) және (немесе) қауіпті жұмыстардың тізбесін, сондай-ақ оларды беру тәртібін айқындайды;
Эта возможность доступна только для зарегистрированных пользователей. Пожалуйста, войдите или зарегистрируйтесь. |
|
Регистрация |