• Менің таңдаулыларым
Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Түсініктемелер жазу, айту
  • Белгі бауына қою
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца(beta)
  • 23

Жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану туралы Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 шілдедегі № 593-II Заңы

Құжат мәтініндегі «су тоғандарындағы (учаскелерiндегi)», «су тоғандарында (учаскелерiнде)», «су тоғандарын (учаскелерiн)», «су тоғандарының (учаскелерiнiң)», «су тоғандары (учаскелерi)», «су тоғандарына (учаскелерiне)» сөздері «су айдындарындағы және (немесе) учаскелерiндегi», «су айдындарында және (немесе) учаскелерiнде», «су айдындарын және (немесе) учаскелерiн», «су айдындарының және (немесе) учаскелерiнiң», «су айдындары және (немесе) учаскелерi», «су айдындарына және (немесе) учаскелерiне» сөздерімен ауыстырылды ҚР 21.01.2010 жылғы №242-IV Заңы бойынша (17.07.2009 ж. редакцияны қараңыз)
Құжат мәтініндегі «мемлекеттік бақылауды», «мемлекеттік бақылау» сөздерінен кейін «және қадағалауды»,«және қадағалау» сөздерімен толықтырылды ҚР 25.01.2012 жылғы №548-IV  Заңы бойынша (03.12.2011 ж. редакцияны қараңыз)(алғашқы ресми жарияланғаннан кейін 10 (он) күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс)
Осы Заңға өзгеріс енгізу қарастырады - ҚР 23.02.2021 жылғы № 11-VII Заңына сәйкес (2018 жылғы 12 тамызда жасалған Каспий теңізінің құқықтық мәртебесі туралы конвенция күшіне енген күннен бастап қолданысқа енгізіледі)
Осы Заңға өзгеріс енгізу қарастырады - ҚР 12.06.2025 жылғы № 179-VIII Заңына сәйкес (өзгерту 13.08.2025 ж., 01.01.2026 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Осы Заңға өзгеріс енгізу қарастырылады - ҚР 17.07.2025 жылғы № 213-VIII Заңына сәйкес (өзгерту 01.01.2026 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Редакция 13.08.2025 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен 
Осы Заң жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану, сондай-ақ қазақы ит тұқымдарын сақтау және өсімін молайту саласындағы қоғамдық қатынастарды реттейдi және қазiргi және келешек ұрпақтың мүдделерiн ескере отырып, адамның экологиялық, экономикалық, эстетикалық және өзге де қажеттерiн қанағаттандыру мақсатында жануарлар дүниесiн, оның биологиялық сан алуандығын сақтау, жануарлар дүниесi объектiлерiн орнықты пайдалану шарттарын қамтамасыз етуге бағытталған.
Кіріспе өзгертілді ҚР 03.01.2023 жылғы № 185-VII Заңымен (05.11.2022 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 01.07.2023 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1-тарау. Жалпы ережелер
  • 1
1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негiзгi ұғымдар
1-бап өзгертілді ҚР 31.01.2006 жылғы № 125 Заңымен (09.07.2004 ж. редакцияны қараңыз)
1-бап өзгертілді ҚР 17.07.2009 жылғы № 188-IV Заңымен (10.12.2008 ж. редакцияны қараңыз)
1-бап өзгертілді ҚР 21.01.2010 жылғы № 242-IV Заңымен (17.07.2009 ж. редакцияны қараңыз)
1-бап өзгертілді ҚР 05.07.2011 жылғы № 452-IV Заңымен (10.01.2011 ж. редакцияны қараңыз)(алғашқы ресми жарияланғаннан кейін 3 (үш) ай өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс)
1-бап өзгертілді ҚР 25.01.2012 жылғы №548-IV  Заңы бойынша (03.12.2011 ж. редакцияны қараңыз)(алғашқы ресми жарияланғаннан кейін 10 (он) күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс)
Осы Заңда мынадай негiзгi ұғымдар пайдаланылады:
1) Тармақша алып тасталды (ескертуді қараңыз)
1-тармақша алынып тасталды ҚР 12.06.2025 жылғы № 194-VIII Заңына сәйкес (09.04.2025 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 13.08.2025 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
2) аншлаг – аңшылық шаруашылықтардың, өсімді молайту учаскелері мен тыныштық аймақтарының, балық шаруашылығы су айдындарының және (немесе) учаскелерінің атауы мен шекараларын, сондай-ақ аңшылыққа және балық аулауға тыйым салынған мерзімдер мен орындарды көрсететін маңдайша жазу;
3) аңшы – Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен аң аулауға құқық алған жеке тұлға;
3-1) аңшы иттер – аңшылықта пайдаланылатын қазақы және басқа да ит тұқымдары;
1-бап 3-1-тармақшамен толықтырылды ҚР 30.04.2021 жылғы № 34-VII Заңына сәйкес (өзгерту 15.05.2021 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
3-1-тармақша өзгертілді ҚР 03.01.2023 жылғы № 185-VII Заңымен (05.11.2022 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 01.07.2023 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
4) аңшы куәлiгi – жеке тұлғаның аң аулау құқығын куәландыратын белгiленген нысандағы құжат;
5) аңшылық алқаптар мен балық шаруашылығы су айдындарының және (немесе) учаскелерiнiң резервтiк қоры – жануарлар дүниесiн пайдаланушыларға бекiтiлiп берiлмеген аңшылық алқаптар мен балық шаруашылығы су айдындары және (немесе) учаскелерi;
6) аңшылыққа қойылатын ең төменгi талап (бұдан әрі - аңшылық минимумы) – оқыту бағдарламасының Қазақстан Республикасының жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы заңнамасының, аңшы куәлігін беру үшін білу міндетті шарт болып табылатын аң аулау кезіндегі қауіпсіздік техникасының мәселелерін қарастыратын арнайы қысқаша курсы;
7) Тармақша алып тасталды (ескертуді қараңыз)
7-тармақша алынып тасталды ҚР 03.01.2023 жылғы № 185-VII Заңына сәйкес (05.11.2022 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 01.07.2023 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
8) аңшылық олжа – Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен мекендеу ортасынан алынған жануар (балық ресурстары мен басқа да су жануарларлынан басқа), олардың бөліктері мен дериваттары;
9) аңшылық шаруашылығы – аңшылық алқаптарда жануарлар дүниесi объектiлерiн орнықты пайдалану, жануарлар дүниесiнiң мекендеу ортасын сақтау, оларды қорғау және өсiмiн молайту жөнiндегi шаруашылық қызметтiң түрi;
10) аңшылық шаруашылығының санаты – аңшылық шаруашылықтарына шаруашылықаралық аңшылықты ұйымдастыру негiзiнде берілетін, аңшылық алқаптары өнiмдiлiгiнiң, күзет және өсiмiн молайту iс-шаралары сипатының белгiлерi бойынша аңшылық шаруашылықтарының жіктемелік бөліну бiрлiгi;
11) аңшылық шаруашылығы субъектісі – бекiтiлiп берiлген аңшылық алқаптарда Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен аңшылық шаруашылығын жүргiзетін жеке немесе заңды тұлға;
12) аңшылық шаруашылығының ішкі регламенті – жеке тұлғаның аңшылық шаруашылығы аумағында аң аулауды жүргізу тәртібін белгілейтін, жануарларды ұстап алу нормасын, көрсетілетін қызметтердің баға прейскурантын қамтитын құжат;
13) аушы жыртқыш құс – аң аулауда пайдаланылатын қыран, сұңқар, қаршыға және жыртқыш құстардың басқа да түрлері;
13-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР 15.06.2017 жылғы № 73-VІ Заңына сәйкес (29.03.2016 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 19.06.2017 жылы № 115 (28494) „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
14) балық аулау – балық ресурстарын және басқа да су жануарларын аулау;
15) балық аулаушы – Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен әуесқойлық (спорттық) балық аулау құқығын алған жеке тұлға;
16) балық аулау олжасы – Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен мекендеу ортасынан алынған балық ресурстары мен басқа да су жануарлары объектісі, олардың бөліктері мен дериваттары;
16-1) балық қабылдау пункті – балық шаруашылығы субъектісі арнайы жабдықтаған, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен ауланған балық ресурстарын және басқа да су жануарларын қабылдауға, өлшеуге, есепке алуға, уақытша сақтауға және өткізуге арналған орын;
1-бап 16-1-тармақшамен толықтырылды ҚР 15.06.2017 жылғы № 73-VІ Заңына сәйкес (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 19.06.2017 жылы № 115 (28494) „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
16-1-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР 12.06.2025 жылғы № 194-VIII Заңына сәйкес (09.04.2025 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 13.08.2025 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
16-2) балық өсіру материалы – су айдындарына жіберілетін балық құртшабақтары (дернәсілдер, шабақтар және жасына қарай балықтардың басқа да топтары);
1-бап 16-2-тармақшамен толықтырылды ҚР 12.06.2025 жылғы № 194-VIII Заңына сәйкес (өзгерту 24.06.2025 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
16-3) балық ресурстарын және басқа да су жануарларын пайдалануға арналған рұқсат – жеке және заңды тұлғаларға балық ресурстарын және басқа да су жануарларын пайдалануға, сондай-ақ ауланған балықтар мен басқа да су жануарларын, олардың бөліктері мен дериваттарын, оның ішінде балық аулау олжаларын әкетуге және өткізуге құқық беретін, белгіленген нысандағы құжат;
1-бап 16-3-тармақшамен толықтырылды ҚР 12.06.2025 жылғы № 194-VIII Заңына сәйкес (өзгерту 24.06.2025 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
16-3) балық ресурстарын және басқа да су жануарларын пайдалануға арналған рұқсат – жеке және заңды тұлғаларға балық ресурстарын және басқа да су жануарларын пайдалануға, сондай-ақ ауланған балықтар мен басқа да су жануарларын, олардың бөліктері мен дериваттарын, оның ішінде балық аулау олжаларын әкетуге және өткізуге құқық беретін, белгіленген нысандағы құжат;
1-бап 16-3-тармақшамен толықтырылды ҚР 12.06.2025 жылғы № 194-VIII Заңына сәйкес (өзгерту 13.08.2025 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
17) балықтардың көбею кезеңі – белгілі бір балық түрінің уылдырық шашатын уақыт кезеңі;
18) балықтың қайда ауланғаны немесе балық өсіру шаруашылықтарында өсірілген туралы анықтама – балық шаруашылығы саласындағы уәкілетті орган белгілеген, балық ресурстарын және басқа да су жануарларын пайдалануға арналған рұқсат негізінде балық шаруашылығы су айдындарында және (немесе) учаскелерінде ауланған балық ресурстары мен басқа да су жануарларының шығу тегін растайтын құжат;
18-тармақша өзгертілді ҚР 28.10.2019 жылғы № 268-VІ Заңымен (02.04.2019 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 16.11.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
18-тармақша өзгертілді ҚР 12.06.2025 жылғы № 194-VIII Заңымен (09.04.2025 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 13.08.2025 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
19) балықтарды қорғау құрылғысы – балық ресурстары мен басқа да су жануарларының су тарту және ағызу құрылыстарына түсуін болғызбауға арналған құрылғы;
19-тармақша өзгертілді ҚР 15.06.2017 жылғы № 73-VІ Заңымен (29.03.2016 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 19.06.2017 жылы № 115 (28494) „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
20) балықтардың қырылуы – балық ресурстарының және басқа да су жануарларының су айдынының және (немесе) учаскесінің гидрохимиялық және өзге де режимінің бұзылуынан туындаған жаппай қырылуы;
21) балықтың қырылу қаупі бар су айдыны және (немесе) учаскесі – балық шаруашылығының балық әлсін-әлсін қырылуға ұшырайтын су айдыны және (немесе) учаскесі;
22) балықтардың өріс аударуы - балықтардың бір мекендеу ортасынан екінші ортаға жаппай ауысуы;
23) Тармақша алып тасталды (ескертуді қараңыз)
23-тармақша алынып тасталды ҚР 12.06.2025 жылғы № 194-VIII Заңына сәйкес (09.04.2025 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 13.08.2025 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
24) балық ресурстары және басқа да су жануарлары – сулы ортада мекендейтін барлық жануардың жалпы жиынтығы, оның ішінде өсімдіктерді қоспағанда, су биологиялық ресурстары;
25) балық ресурстарын және басқа да су жануарларын мемлекеттiк басқарудың бассейндiк принципi (бұдан әрi - бассейндiк принцип) – балық шаруашылығы саласындағы уәкілетті орган әкiмшiлiк-аумақтық бөлiнiсiне қарамастан қолданатын, балық ресурстарының және басқа да су жануарларының өсiмiн молайту мен өрiс аудару ерекшелiктерi ескерiлген, балық шаруашылығы су айдындарындағы және (немесе) учаскелерiндегi балық ресурстарын және басқа да су жануарларын басқарудың бiртұтас жүйесi;
25-тармақша өзгертілді ҚР 12.06.2025 жылғы № 194-VIII Заңымен (09.04.2025 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 24.06.2025 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
25-1) тармақша алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
1-бап 25-1-тармақшамен толықтырылды ҚР 31.01.2006 жылғы № 125 Заңына сәйкес 
25-1-тармақша алынып тасталды  ҚР 17.07.2009 жылғы № 188-IV Заңымен (10.12.2008 ж. редакцияны қараңыз)(алғашқы ресми жарияланғаннан кейін 10 (он) күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс)
26) балық шаруашылығы – балық ресурстарын және басқа да су жануарларын қорғаумен, өсімін молайтумен, балық аулаумен, сондай-ақ қайта өңдеумен және өткізумен байланысты шаруашылық қызмет түрі;
26-тармақша өзгертілді ҚР 12.06.2025 жылғы № 194-VIII Заңымен (09.04.2025 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 13.08.2025 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
26-1) балық шаруашылығы саласындағы уәкілетті орган – балық ресурстарын және басқа да су жануарларын қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласында басшылықты, сондай-ақ өз өкілеттіктері шегінде салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;
1-бап 26-1-тармақшамен толықтырылды ҚР 12.06.2025 жылғы № 194-VIII Заңына сәйкес (өзгерту 24.06.2025 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
27) балық шаруашылығы су айдындарына және (немесе) учаскелерін паспорттау – балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерін бекітіп бергенге дейін жүргізілетін, балық шаруашылығы су айдындарының және (немесе) учаскелерінің шекараларын, олардың алаңын, жай-күйін, балық ресурстарының және басқа да су жануарларының түрлік құрамын белгілеу жөніндегі іс-шаралар кешені;
28) балық шаруашылығы субъектісі – қызметінің негізгі бағыты балық шаруашылығын жүргізу болып табылатын жеке және заңды тұлға;
28-1) Тармақша алып тасталды (ескертуді қараңыз)
1-бап 28-1-тармақшамен толықтырылды ҚР 02.01.2021 жылғы № 399- VI Заңына сәйкес (өзгерту 16.01.2021 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
28-1-тармақша алынып тасталды ҚР 12.06.2025 жылғы № 194-VIII Заңына сәйкес (09.04.2025 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 13.08.2025 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
29) тармақша алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
29-тармақша алынып тасталды ҚР 15.06.2017 жылғы № 73-VІ Заңымен (29.03.2016 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 19.06.2017 жылы № 115 (28494) „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
30) балықшы – бекітіліп берілген балық шаруашылығы су айдындарында және (немесе) учаскелерінде өзінің еңбек міндеттемелеріне қарай балық ресурстарын және басқа да су жануарларын аулауды жүзеге асыратын балық шаруашылығы субъектісінің қызметкері;
31) балықшы куәлігі – жеке тұлғаның балықшы функцияларын жүзеге асыру құқығын куәландыратын, балық шаруашылығы субъектісі берген, белгіленген нысандағы құжат;
32) биологиялық негiздеме – жануарлар дүниесiн пайдалануға, жануарлар дүниесi объектілерінің жол берілетін аулау мөлшерін анықтауға, сондай-ақ жануарлар дүниесiнiң объектiлерi мен олардың мекендеу ортасына ықпал етуге қабілетті қызметке арналған ғылыми негiзделген қорытынды;
32-1) бірлескен су биологиялық ресурстары – басқаруды Каспий теңізінің жағалауында орналасқан мемлекеттер бірлесіп жүзеге асыратын су биологиялық ресурстары;
33) дериват – жануардың туынды түрі мен одан және оның туынды түрінен өндірілген өнім;
34) аң-құс өсіру – аң аулау объектісі болып табылатын жануарларды аңшылық шаруашылық субъектілерінің өсіруі;
35) жануарлар – құрғақта, суда, атмосферада және топырақта табиғи еркiндiк жағдайында болатын жабайы жануарлар (сүтқоректiлер, құстар, бауырымен жорғалаушылар, қосмекендiлер, балықтар, моллюскалар, жәндiктер және тағы басқалары);