• Мое избранное
Газ және газбен жабдықтау туралы

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца

Газ және газбен жабдықтау туралы Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 9 қаңтардағы № 532-IV Заңы

Құжат мәтініндегі «газ және газбен жабдықтау саласындағы мемлекеттiк-жеке меншiк әрiптестiк», «Газ және газбен жабдықтау саласындағы мемлекеттiк-жеке меншiк әрiптестiк» сөздері «газ және газбен жабдықтау саласындағы әріптестік», «газ және газбен жабдықтау саласындағы әріптестік» сөздерімен ауыстырылды ҚР 04.07.2013 жылғы № 131-V Заңымен (10.07.2012 ж. редакцияны караңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он)  күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) 11.07.2013 жылғы "Егемен Қазақстан" Республикалық газетінде жарияланды.
Осы Заңға өзгеріс енгізу қарастырады - ҚР 29.06.2023 № 13-VIII Заңына сәйкес (өзгерту 01.01.2025 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Редакция 01.07.2024 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен 
Осы Заң Қазақстан Республикасында газ және газбен жабдықтау саласындағы қоғамдық қатынастарды реттеудің құқықтық, экономикалық және ұйымдастырушылық негіздерін айқындайды және Қазақстан Республикасының газға деген ішкі қажеттіліктерін қамтамасыз ету үшін, сондай-ақ газбен жабдықтау жүйелерінің объектілерін тиімді, сенімді және қауіпсіз пайдалану үшін жағдай жасауға бағытталған.
1-тарау. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР
1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар
Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) автогаз құю станциясы – сұйытылған мұнай газын сақтауға және оны отын ретінде пайдаланатын көлік құралдары иелеріне бөлшек саудада өткізуге арналған технологиялық кешен;
2) автогаз толтыру компрессорлық станциясы – тауарлық газды сұйытуға, сақтауға және оны отын ретінде пайдаланатын көлік құралдарының иелеріне бөлшек саудада өткізуге арналған технологиялық кешен;
3) тармақша алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
3-тармақша алынып тасталды ҚР 04.07.2018 жылғы № 173-VІ Заңымен (24.05.2018 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту қолданысқа енгізіледі 01.01.2022 жылдан бастап)
4) бөлшек саудада өткізу – тауарлық және (немесе) сұйытылған мұнай газын одан әрі өткізу мақсатынсыз, өз мұқтаждықтары үшін Қазақстан Республикасының аумағында тұтынушыларға өткізу жөніндегі кәсіпкерлік қызмет;
5) бірыңғай техникалық дәліз – бір трасса бойымен қатар салынған, бірыңғай бағытта (көліктік лекте) тауарлық газды тасымалдауды қамтамасыз ететін магистральдық газ құбырларының (немесе учаскелерінің) және магистральдық газ құбырлары жүйелерінің (оның ішінде әртүрлі қысымдағы жүйелерінің) жиынтығы;
6) газ – шикі, тауарлық, сұйытылған мұнай газы және сұйытылған табиғи газ;
7) газбен жабдықтау – тауарлық, сұйытылған мұнай газын және (немесе) сұйытылған табиғи газды өндіру, тасымалдау (тасу), сақтау және өткізу саласындағы қызмет;
8) газбен жабдықтау жүйелері объектілерінің күзет аймағы – пайдаланудың қауіпсіз жағдайларын қамтамасыз ету және оларды зақымдау мүмкіндігін болдырмау мақсатында газбен жабдықтау жүйелері объектілерінің айналасына орнатылатын айрықша пайдалану жағдайындағы аумақ;
9) газбен жабдықтау жүйесі – тауарлық немесе сұйытылған мұнай газын өндіруге, тасымалдауға (тасуға), сақтауға, өткізуге және тұтынуға арналған технологиялық өзара байланысты объектілер кешені;
10) газдандыру – тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық объектілерінде, өнеркәсіптік, ауыл шаруашылығы және өзге де объектілерде тауарлық және (немесе) сұйытылған мұнай газын отын ретінде пайдалануға бағытталған іс-шаралар кешені;
11) газ жабдығы – газ құбырларының құрамдас элементтері ретінде пайдаланылатын, толықтай зауытта дайындалатын техникалық бұйымдар (компенсаторлар, конденсат жинақтары, сақтандыру-ығыстыру арматурасы, құбыржолдық бекітпе арматура), сондай-ақ газ пайдаланушы қондырғылар (газ аспаптары, пештері мен плиталары);
12) газ және газбен жабдықтау саласындағы әріптестік – Қазақстан Республикасына тиесілі ілеспе газды тереңдетіп өңдеуді және өзара тиімді жағдайларда қосылған құны жоғары өнім өндіруді қамтамасыз ету жөніндегі стратегиялық және әлеуметтік міндеттерді шешу үшін мемлекет пен инвестордың өзара іс-қимыл жасау нысаны;
13) тармақша алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
13-тармақша өзгертілді ҚР 16.05.2014 жылғы № 203-V Заңымен (11.04.2014 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін 6 (алты) ай өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 20.05.2014 жылы № 97 (28321) „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
13-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР 04.07.2018 жылғы № 173-VІ Заңына сәйкес (24.05.2018 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 01.01.2022 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі) 
13-тармақша алынып тасталды ҚР 30.12.2021 жылғы № 96-VII Заңымен (27.12.2021 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 02.03.2022 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
14) газ құбыры – бекітпе арматурасы бар, бір-бірімен қосылған құбырлардан тұратын және газ тәріздес немесе екі фазалық күйдегі газды тасымалдауға арналған құрылыс;
15) газ тарату жүйесі – газ құбырларынан (желілік бөліктен) және олармен ұштасып жатқан объектілерден тұратын, тауарлық газды магистральдық газ құбырынан газ тұтыну жүйелеріне дейін тасымалдауға арналған технологиялық өзара байланысты құрылыстар кешені;
16) газ тарату ұйымы – тауарлық газды газ тарату жүйесі арқылы тасымалдауды, газ тарату жүйесін техникалық пайдалануды, сондай-ақ осы Заңда белгіленген шарттарда тауарлық газды көтерме және бөлшек саудада өткізуді жүзеге асыратын заңды тұлға;
17) газ тасымалдау ұйымы – осы Заңда белгіленген шарттарда тауарлық газды жалғастырушы, магистральдық газ құбырлары арқылы тасымалдау және (немесе) тауарлық газды тауарлық газ қоймаларында сақтау жөніндегі қызметтерді көрсететін заңды тұлға;
18) газ толтыру пункті – сұйытылған мұнай газын сақтауға, тұрмыстық баллондарға қотару мен құюға, сондай-ақ тұрмыстық баллондарды жөндеуге және кәдеге жаратуға арналған инженерлік құрылысжай;
18-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР 29.06.2023 жылғы № 13-VIII Заңына сәйкес (19.04.2023 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 11.07.2023 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
19) газ толтыру станциясы – сұйытылған мұнай газын сақтауға, теміржол цистерналарына, автогаз тасымалдағыштарға, тұрмыстық баллондарға қотаруға және құюға, сондай-ақ тұрмыстық баллондарды жөндеуге және кәдеге жаратуға арналған технологиялық өзара байланысты өндірістік және өзге де объектілер кешені;
20) газ тұтыну жүйесі – газ тарату жүйесінен тауарлық газды немесе топтық резервуарлық қондырғыдан сұйытылған мұнай газын қабылдауға, сондай-ақ оларды отын және (немесе) шикізат ретінде пайдалануға арналған газ құбырлары (желілік бөлік) мен газ жабдығы кешені;
21) есепке алу аспаптары – мынадай функцияларды: газды өлшеуді, жинауды, сақтауды, оның шығысы, көлемі, температурасы, қысымы және аспаптардың жұмыс уақыты туралы ақпарат көрсетуді орындайтын өлшеу құралдары мен басқа да техникалық құралдар;
22) жалғастырушы газ құбыры – шикі газды келісімшарттық аумақтан газ өңдеу зауытына немесе шикі газды өнеркәсіптік тұтынушыға дейін тасымалдауға не тауарлық газды газ өңдеу зауытынан магистральдық газ құбырына дейін тасымалдауға арналған газ құбыры;
23) кәсіпшілік газ құбыры – газды келісімшарттық аумақ шегінде тасымалдауға арналған газ құбыры;
24) коммуналдық-тұрмыстық тұтынушы – тауарлық және (немесе) сұйытылған мұнай газын одан әрі өткізу мақсатынсыз, кәсіпкерлік, коммерциялық емес немесе өзге қызметті жүзеге асыру кезінде коммуналдық-тұрмыстық мұқтаждар үшін сатып алатын жеке немесе заңды тұлға;
25) тармақша алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
25-тармақша алынып тасталды ҚР 30.12.2019 жылғы № 297-VІ Заңына сәйкес (26.12.2019 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 11.01.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
26) көтерме саудада өткізу – тауарлық, сұйытылған мұнай газын және (немесе) сұйытылған табиғи газды одан әрi өткiзу мақсатында iшкi нарықта не Қазақстан Республикасы аумағының шегінен тыс жерлерде өткiзу жөнiндегi, сондай-ақ газ тарату ұйымының газын нормативтік техникалық ысыраптарға және электр станцияларының тізбесіне енгізілген тұтынушыларға өткізген жағдайлардағы кәсiпкерлiк қызмет;
26-тармақша өзгертілді ҚР 29.12.2014 жылғы № 269-V Заңымен (29.09.2014 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту қолданысқа енгізіледі 01.01.2015 жылдан бастап)
26-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР 30.12.2019 жылғы № 297-VІ Заңына сәйкес (26.12.2019 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 11.01.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
27) Қазақстан Республикасының ішкі қажеттіліктері – Қазақстан Республикасының аумағында тұтынуға қажетті тауарлық және (немесе) сұйытылған мұнай газының көлемі;
28) магистральдық газ құбыры – тасымалданатын газдың қысымын арттыруды және төмендетуді қамтамасыз ететін бір немесе бірнеше газ құбырынан (желілік бөліктен) және олармен ұштасып жатқан объектілерден, телебасқару, байланыс құралдарынан және өзге де коммуникациялардан тұратын, тауарлық газды тасымалдауға арналған инженерлік құрылыс. Магистральдық газ құбыры объектілерінің құрамы жобалық құжаттамада және техникалық регламенттер талаптарында айқындалады;
28-1) мұнай-газ-химия өнімдері – химиялық процестерді жүзеге асыру арқылы көмірсутек шикізатынан алынатын және дайын өнім немесе кейіннен химиялық түрлендіру үшін шикізат ретінде пайдаланылатын өнім;
1-бап 28-1-тармақшамен толықтырылды ҚР 30.12.2019 жылғы № 297-VІ Заңына сәйкес (өзгерту 11.01.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
28-1-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР 29.06.2023 жылғы № 13-VIII Заңына сәйкес (19.04.2023 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 11.07.2023 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
29) өндіруші – тауарлық, сұйытылған мұнай газын және (немесе) сұйытылған табиғи газды өндіруді жүзеге асыратын заңды тұлға;
30) өнеркәсіптік тұтынушы – өнеркәсіп өндірісінде отын және (немесе) шикізат ретінде пайдалану үшін газ сатып алатын заңды тұлға;
30-1) өнеркәсіптік тұтынушы-инвестор – мұнай-газ-химия өнімдерін өндіру жөніндегі инвестициялық жобаларды іске асыру мақсатында өнеркәсіптік өндірісте отын және (немесе) шикізат ретінде пайдалану үшін тауарлық газды сатып алатын және уәкілетті орган бекітетін тізбеге енгізілген заңды тұлға, сондай-ақ тұтынушыларға одан әрі өткізу мақсатында сығымдалған және (немесе) сұйытылған табиғи газ өндіру үшін тауарлық газды сатып алатын заңды тұлға;
1-бап 30-1-тармақшамен толықтырылды ҚР 30.12.2019 жылғы № 297-VІ Заңына сәйкес (өзгерту 11.01.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
31) сұйытылған мұнай газы – жеңіл көмірсутегілердің (пропан-бутан фракциясының, пропанның, бутанның) тасымалдау және сақтау мақсатында сұйық күйге ауыстырылған, құрамдастарының сапалық және сандық құрамы бойынша техникалық регламенттер мен ұлттық стандарттардың талаптарына сай келетін қоспасы;
31-тармақша өзгертілді ҚР 10.07.2012 жылғы N 31-V Заңымен (22.06.2012ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі)
31-1) сұйытылған мұнай газын өндірушінің өндірістік объектісі – көмірсутек шикізатын қабылдауға, Қазақстан Республикасының техникалық реттеу саласындағы заңнамасының талаптарына сәйкес келетін сұйытылған мұнай газын өндіруге, сақтауға, қотаруға, құюға, айдауға, тасымалдауға, тиеп-жөнелтуге және өткізуге арналған технологиялық жабдықты, резервуарлық паркті, сұйытылған мұнай газын автомобиль, сондай-ақ теміржол (бар болған кезде) арқылы құю эстакадаларын, техникалық құрылғылар мен коммуникацияларды қамтитын ғимараттар мен құрылысжайлар кешені;
1-бап 31-1-тармақшамен толықтырылды ҚР 29.06.2023 жылғы № 13-VIII Заңына сәйкес (өзгерту 01.07.2024 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
32) сұйытылған табиғи газ – құрамында метаны басым көмірсутегілердің тасымалдау және сақтау мақсатында сұйық күйге ауыстырылған, шикі газды өңдеу өнімі болып табылатын және құрамдастарының сапалық және сандық құрамы бойынша техникалық регламенттер мен ұлттық стандарттардың талаптарына сай келетін көпқұрамдас қоспасы;
32-тармақша өзгертілді ҚР 10.07.2012 жылғы N 31-V Заңымен (22.06.2012ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі)
33) тасымалдау – газ құбырлары арқылы шикі немесе тауарлықгазды айдаудың технологиялық процесі;
34) тауарлық газ – құрамында метаны басым көмірсутегілердің газ тәріздес күйде болатын, шикі газды өңдеу өнімі болып табылатын және құрамдастарының сапалық және сандық құрамы бойынша техникалық регламенттер мен ұлттық стандарттардың талаптарына сай келетін көпқұрамдас қоспасы;
34-тармақша өзгертілді ҚР 10.07.2012 жылғы N 31-V Заңымен (22.06.2012ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі)
34-1) тауарлық газды, сұйытылған мұнай газын және (немесе) сұйытылған табиғи газды өндіру – тауарлық газды, сұйытылған мұнай газын және (немесе) сұйытылған табиғи газды алуды қамтамасыз ететін, көмірсутек шикізатын және (немесе) оны қайта өңдеу өнімдерін қайта өңдеу жөніндегі жұмыстар кешені;
1-бап 34-1-тармақшамен толықтырылды ҚР 29.06.2023 жылғы № 13-VIII Заңына сәйкес (өзгерту 11.07.2023 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
35) тауарлық газ қоймасы – тауарлық газды сақтауға арналған, технологиялық өзара байланысты өндірістік және өзге де объектілер кешені;
36) топтық резервуарлық қондырғы – ыдыстар тобынан, сақтандыру-бекіту және реттеу арматурасынан, газ құбыржолдарынан тұратын және сұйытылған мұнай газын сақтауға және газ тұтыну жүйелеріне беруге арналған инженерлік құрылысжай;
36-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР 30.12.2021 жылғы № 96-VII Заңына сәйкес (27.12.2021 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 02.03.2022 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
36-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР 29.06.2023 жылғы № 13-VIII Заңына сәйкес (19.04.2023 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 11.07.2023 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
36-1) тұрмыстық баллондарды есепке алу жүйесі – тұрмыстық баллондардың айналымы және тұрмыстық баллондарда өткізілетін сұйытылған мұнай газының көлемі туралы ақпаратты автоматты түрде жинауға, өңдеуге, сақтауға және беруге арналған техникалық құрылғылар мен бағдарламалық қамтылым кешені;
1-бап 36-1-тармақшамен толықтырылды ҚР 30.12.2021 жылғы № 96-VII Заңына сәйкес (өзгерту 02.03.2022 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
37) тұрмыстық тұтынушы – тауарлық және (немесе) сұйытылған мұнай газын кәсіпкерлік қызметте пайдалану және оларды одан әрі өткізу мақсатынсыз, тұрмыстық мұқтаждар үшін сатып алатын жеке тұлға;
38) тұтыну нормасы – есепке алу аспаптары жоқ тұрмыстық тұтынушылар үшін өздері тұтынған тауарлық немесе сұйытылған мұнай газының орташа айлық көлемін көрсететін есептік шама;
39) тұтынушы – тұрмыстық, коммуналдық-тұрмыстық, өнеркәсіптік тұтынушы, өнеркәсіптік тұтынушы-инвестор немесе электр станцияларының тізбесіне енгізілген тұтынушы, ірі коммерциялық тұтынушы, цифрлық майнингті жүзеге асыратын тұлға;
39-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР 30.12.2019 жылғы № 297-VІ Заңына сәйкес (26.12.2019 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 11.01.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
39-тармақша өзгертілді ҚР 30.12.2022 № 177-VII ҚРЗ Заңымен (30.12.2021 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту қолданысқа енгізіледі 12.01.2023 жылдан бастап)