• Мое избранное
Халықтың көші-қоны туралы

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца
  • 94

Халықтың көші-қоны туралы Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 22 шілдедегі № 477-IV Заңы

Осы Заңға өзгеріс енгізу қарастырады - ҚР 04.07.2023 жылғы № 15-VIII Заңына сәйкес (өзгерту 01.01.2030 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Осы Заңда бүкіл мәтін бойынша «қандасдарға», «қандасдар» және «қандасдарды» деген сөздер тиісінше «қандастарға», «қандастар» және «қандастарды» деген сөздермен ауыстырылды ҚР 13.05.2020 № 327-VI Заңына сәйкес (27.12.2019 ж. редакцияны қараңыз)
Редакция 22.07.2024 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен 
Осы Заң халықтың көші-қоны саласындағы қоғамдық қатынастарды реттейді, көші-қон процестерінің құқықтық, экономикалық және әлеуметтік негіздерін айқындайды.
  • 1
1-тарау. Негізгі ережелер
  • 1
1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар
Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
  • 2
1) «Ата жолы» картасы – халықтың көші-қоны мәселелері жөніндегі уәкілетті орган белгілейтін тәртіппен бизнес-көшіп келушілерге не этникалық қазақтар қатарынан сұранысқа ие кәсіптері бар адамдарға он жылға дейінгі мерзімге, бірақ азаматтығы бар ел паспортының қолданылу мерзімінен аспайтын мерзімге берілетін белгіленген нысандағы құжат;
1-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР 20.04.2023 жылғы № 226-VII Заңына сәйкес (19.04.2023 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 01.07.2023 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1-1) бұрынғы отандас – Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасында немесе Қазақстан Республикасында туған немесе бұрын азаматтығында болған және шетелде тұрақты тұратын адам;
1-бап 1-1-тармақшамен толықтырылды ҚР 20.04.2023 жылғы № 226-VII Заңына сәйкес (өзгерту 01.07.2023 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
2) бейімдеу және ықпалдастыру қызметтерін көрсету – қандастар мен олардың отбасы мүшелеріне қоғамға бейімдеу және ықпалдастыру мақсатында көрсетілетін (ақпараттық, заңдық, әлеуметтік, медициналық және білім беру) қызметтер кешені;
3) келуге және кетуге берілетін рұқсат (бұдан әрі – виза) – осыған уәкілеттік берілген Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының көшіп-қонушының паспортындағы немесе оны ауыстыратын құжатындағы белгісі не осыған уәкілеттік берілген Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының ақпараттық жүйедегі белгісі, ол визада белгіленген уақытқа, мақсаттарда және шарттармен Қазақстан Республикасының аумағына келуге, оның аумағы арқылы жүріп-тұруға, онда болуға және Қазақстан Республикасының аумағынан кетуге құқық береді;
3-тармақша өзгертілді ҚР 25.11.2019 жылғы № 272-VІ Заңымен (26.12.2018 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 08.12.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
  • 2
4) еңбек көші-қоны – еңбек қызметін жүзеге асыру үшін жеке тұлғалардың басқа мемлекеттерден Қазақстан Республикасына және Қазақстан Республикасынан, сондай-ақ мемлекет ішінде уақытша қоныс аударуы;
4-1) еңбекші көшіп келушіге рұқсат – жұмыс беруші жеке тұлғалардың үй шаруашылығында жұмыстар орындау (қызметтер көрсету) үшін еңбекші көшіп келушіге берілетін, белгіленген нысандағы құжат;
1-бап 4-1-тармақшамен толықтырылды ҚР 10.12.2013 жылғы № 153-V Заңына сәйкес (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 14.12.2013 жылғы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
4-1-тармақша өзгертілді ҚР 16.05.2024 жылғы № 82-VIII Заңымен (11.12.2023 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 28.05.2024 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
4-2) жұмыспен қамтудың жекеше агенттігі – Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен тіркелген, еңбек делдалдығын көрсететін жеке немесе заңды тұлға;
1-бап 4-2-тармақшамен толықтырылды ҚР 20.04.2023 жылғы № 226-VII Заңына сәйкес (өзгерту 01.07.2023 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
5) заңсыз көшіп келу – шетелдіктердің немесе азаматтығы жоқ адамдардың келу және болу тәртібін реттейтін Қазақстан Республикасының заңнамасын, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағы арқылы транзитті жол жүруді бұза отырып, Қазақстан Республикасына келуі және Қазақстан Республикасында болуы;
6) заңсыз көшіп келуші – келу және болу, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағы арқылы транзиттік жол жүру тәртібін реттейтін Қазақстан Республикасының заңнамасын бұза отырып, Қазақстан Республикасына келген және Қазақстан Республикасында болатын шетелдік немесе азаматтығы жоқ адам;
6-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР 13.05.2020 жылғы № 327- VІ Заңына сәйкес (27.12.2019 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 25.05.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
6-1) корпоративішілік ауыстыру – Дүниежүзілік сауда ұйымына мүше елдің аумағында құрылған, Қазақстан Республикасының аумағынан тыс жерде орналасқан және жұмыс істейтін заңды тұлғада Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес осы заңды тұлғаның Қазақстан Республикасының аумағында құрылған филиалдарына, еншілес ұйымдарына, өкілдіктеріне басшы, менеджер немесе маман лауазымында еңбек қызметін жүзеге асыратын шетелдікті немесе азаматтығы жоқ адамды еңбек шартында айқындалған, бірақ үш жылдан аспайтын мерзімге, еңбек шартын бір жылға ұзарту құқығымен уақытша ауыстыру;
1-бап 6-1-тармақшамен толықтырылды ҚР 27.10.2015 жылғы № 365-V Заңына сәйкес (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 29.10.2015 жылы № 207 (28685) „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
6-1-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР 20.04.2023 жылғы № 226-VII Заңына сәйкес (19.04.2023 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 01.07.2023 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
  • 4
7) көшіп келу – шетелдіктердің немесе азаматтығы жоқ адамдардың Қазақстан Республикасына уақытша немесе тұрақты тұру үшін келуі;
8) көшіп келуші – Қазақстан Республикасына уақытша немесе тұрақты тұру үшін келген шетелдік немесе азаматтығы жоқ адам;
9) көші-қон – жеке тұлғалардың бір мемлекеттен екінші мемлекетке, сондай-ақ мемлекет ішінде тұрақты немесе уақытша, ерікті түрде немесе мәжбүрлі түрде қоныс аударуы;
10) көшіп-қонушы – себебі мен ұзақтығына қарамастан, Қазақстан Республикасына келген және Қазақстан Республикасынан кеткен, сондай-ақ Қазақстан Республикасының ішінде қоныс аударушы адам;
10-1) қабылдаушы тұлға – көшіп келушілерді Қазақстан Республикасына уақытша тұру үшін шақыру туралы өтінішхат беретін және (немесе) олардың тұруына орын беретін Қазақстан Республикасының азаматы, Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын шетелдік пен азаматтығы жоқ адам немесе Қазақстан Республикасында тіркелген заңды тұлға;
1-бап 10-1-тармақшамен толықтырылды ҚР 10.12.2013 жылғы № 153-V Заңына сәйкес (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 14.12.2013 жылғы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
10-1-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР 24.11.2015 жылғы № 421-V Заңына сәйкес (23.11.2015 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 26.11.2015 жылы № 227 (28705) „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
11) Қазақстан Республикасының шет елдегі мекемелері – Қазақстан Республикасының шет елде орналасқан дипломатиялық және оларға теңестірілген өкілдіктері, сондай-ақ консулдық мекемелері;
12) қоныс аударушы – Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған өңірлерге қоныс аударған ішкі көшіп-қонушы;
12-тармақша өзгертілді ҚР 27.04.2012  жылғы N15-V Заңымен (16.02.2012 ж. редакцияны қараңыз)(алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі)28.04.2012 жылғы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
12-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР 24.11.2015 жылғы № 421-V Заңына сәйкес (23.11.2015 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 26.11.2015 жылы № 227 (28705) „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
12-тармақша өзгертілді ҚР 26.12.2022 № 168-VII ҚРЗ Заңымен (14.07.2022 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту қолданысқа енгізіледі 26.02.2023 жылдан бастап)
  • 1
12-1) қоныс аударушыларды қабылдаудың өңірлік квотасы – Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған өңірлерге тұрақты тұру үшін келетін, Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексіне сәйкес жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысушыларға көзделген мемлекеттік қолдау шараларымен қамтамасыз етілетін қоныс аударушылардың немесе қоныс аударушылар мен олардың отбасы мүшелерінің шекті саны;
1-бап 12-1-тармақшамен толықтырылды ҚР 24.11.2015 жылғы № 421-V Заңына сәйкес (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 26.11.2015 жылы № 227 (28705) „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
12-1-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР 16.04.2018 жылғы № 147-VІ ҚРЗ Заңына сәйкес (25.12.2017 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 18.04.2018 жылы № 73 (28702) „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
12-1-тармақша өзгертілді ҚР 20.04.2023 жылғы № 226-VII Заңымен (19.04.2023 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 01.07.2023 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
13) қандас – бұрын Қазақстан Республикасының азаматтығында болмаған, халықтың көші-қоны мәселелері жөніндегі уәкілетті орган белгілеген тәртіппен тиісті мәртебе алған этникалық қазақ және (немесе) оның ұлты қазақ отбасы мүшелері;
13-тармақша өзгертілді ҚР 10.12.2013 жылғы № 153-V Заңымен (03.12.2013 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 14.12.2013 жылғы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
13-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР 24.11.2015 жылғы № 421-V Заңына сәйкес (23.11.2015 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 26.11.2015 жылы № 227 (28705) „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
13-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР 13.05.2020 жылғы № 327- VІ Заңына сәйкес (27.12.2019 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 25.05.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
13-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР 19.04.2023 жылғы № 223-VII Заңына сәйкес (30.12.2022 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 01.05.2023 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
13-1) қандастарды бейімдеу және интеграциялау орталығы – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органы құратын және қандастарға, олардың отбасы мүшелеріне бейімдеу және интеграциялау қызметтерін көрсетуге және уақытша тұруға арналған заңды тұлға;
1-бап 13-1-тармақшамен толықтырылды ҚР 24.11.2015 жылғы № 421-V Заңына сәйкес (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 26.11.2015 жылы № 227 (28705) „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
  • 1
13-2) қандастарды қабылдаудың өңірлік квотасы – Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған өңірлерге тұрақты тұру үшін келетін, Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексіне сәйкес жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысушыларға көзделген мемлекеттік қолдау шараларымен қамтамасыз етілетін қандастардың немесе қандастар мен олардың отбасы мүшелерінің шекті саны;
1-бап 13-2-тармақшамен толықтырылды ҚР 24.11.2015 жылғы № 421-V Заңына сәйкес (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 26.11.2015 жылы № 227 (28705) „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
13-2-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР 16.04.2018 жылғы № 147-VІ ҚРЗ Заңына сәйкес (25.12.2017 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 18.04.2018 жылы № 73 (28702) „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
13-2-тармақша өзгертілді ҚР 20.04.2023 жылғы № 226-VII Заңымен (19.04.2023 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 01.07.2023 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
13-3) қандастар, этникалық қазақтар туралы ақпараттық дерекқор – этникалық қазақтар, қандастар және олардың отбасы мүшелері, олардың Қазақстан Республикасының аумағы бойынша орналасуы, сондай-ақ оларға көрсетілген мемлекеттік қолдау шаралары туралы деректер жиынтығы;
1-бап 13-3-тармақшамен толықтырылды ҚР 24.11.2015 жылғы № 421-V Заңына сәйкес (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 26.11.2015 жылы № 227 (28705) „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
13-4) өз бетінше жұмысқа орналасу үшін біліктілік сәйкестігі туралы анықтама – экономиканың басым салаларында (экономикалық қызмет түрлерінде) сұранысқа ие кәсіптер бойынша Қазақстан Республикасында өз бетінше жұмысқа орналасу үшін біліктілік талаптарына және білім деңгейіне сай келетін шетелдік жұмыскерге халықтың көші-қоны мәселелері жөніндегі уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен берілетін белгіленген нысандағы құжат;
1-бап 13-4-тармақшамен толықтырылды ҚР 24.11.2015 жылғы № 421-V Заңына сәйкес (өзгерту қолданысқа енгізіледі 01.01.2017 жылдан бастап)
13-5) реадмиссия – шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың келу, кету, болу немесе тұру мәселелері бойынша заңнаманы бұза отырып, бір мемлекеттің аумағына келген немесе онда жүрген адамдарды Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шартқа сәйкес бір мемлекеттің құзыретті органдарының беруі (қайтаруы) және екінші мемлекеттің құзыретті органдарының қабылдауы;
1-бап 13-5-тармақшамен толықтырылды ҚР 13.05.2020 жылғы № 327- VІ Заңына сәйкес (өзгерту 25.05.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
14) тармақша алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
14-тармақша алынып тасталды ҚР 24.11.2015 жылғы № 421-V Заңымен (23.11.2015 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 26.11.2015 жылы № 227 (28705) „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
15) тармақша алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
15-тармақша алынып тасталды ҚР 24.11.2015 жылғы № 421-V Заңымен (23.11.2015 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 26.11.2015 жылы № 227 (28705) „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
16) Тармақша алынып тасталды (ескертуді қараңыз);
16-тармақша алынып тасталды ҚР 10.12.2013 жылғы № 153-V Заңымен (03.12.2013 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 14.12.2013 жылғы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
17) тұрақты тұруға арналған рұқсат – Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген талаптарды сақтаған кезде шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарға ішкі істер органдары беретін және оларға Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұру құқығын беретін құжат;
17-тармақша өзгертілді ҚР 10.12.2013 жылғы № 153-V Заңымен (03.12.2013 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 14.12.2013 жылғы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
17-тармақша өзгертілді ҚР 13.05.2020 жылғы № 327- VІ Заңымен (27.12.2019 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 25.05.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
17-1) уақытша болатын (тұратын) жер – тұрғылықты жер болып табылмайтын және адам уақытша болатын (тұратын), мекенжайы бар ғимарат, үй-жай не тұрғынжай;
1-бап 17-1-тармақшамен толықтырылды ҚР 22.12.2016 жылғы № 28-VI Заңына сәйкес (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 27.12.2016 жылы № 249 (28977) „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
18) уақытша орналастыру орталығы – этникалық қазақтар мен қоныс аударушылардың, сондай-ақ олардың отбасы мүшелерінің уақытша тұруына арналған тұрғынжай;
18-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР 13.05.2020 жылғы № 327- VІ Заңына сәйкес (27.12.2019 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 25.05.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
19) уақытша тұруға арналған рұқсат – Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген талаптарды сақтаған кезде көшіп келушілерге ішкі істер органдары беретін және болу мақсатына қарай оларға Қазақстан Республикасының аумағында белгілі бір мерзімге тұру құқығын беретін құжат;
19-тармақша өзгертілді ҚР 10.12.2013 жылғы № 153-V Заңымен (03.12.2013 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 14.12.2013 жылғы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
19-тармақша өзгертілді ҚР 27.12.2019 № 292-VІ Заңына сәйкес (25.11.2019 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 11.01.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
19-1) тармақша алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
1-бап 19-1-тармақшамен толықтырылды ҚР 24.11.2015 жылғы № 421-V Заңына сәйкес (өзгерту қолданысқа енгізіледі 01.03.2016 жылдан бастап)
19-1-тармақша алынып тасталды ҚР 14.07.2022 жылғы № 141-VII Заңымен (27.06.2022 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 26.07.2022 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
20) халықтың көші-қоны мәселелері жөніндегі уәкілетті орган – өз құзыреті шегінде халықтың көші-қоны саласындағы басшылықты, көші-қон процестерін реттеуді, халықтың көші-қоны саласындағы жұмысты үйлестіруді және мемлекеттік саясатты іске асыруды жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;
20-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР 16.04.2018 жылғы № 147-VІ ҚРЗ Заңына сәйкес (25.12.2017 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 18.04.2018 жылы № 73 (28702) „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
20-1) тармақша алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
1-бап 20-1-тармақшамен толықтырылды  ҚР 13.06.2013  жылғы № 102-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін 10 (он) күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 14.06.2013 жылғы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
20-1-тармақша алынып тасталды ҚР 16.04.2018 жылғы № 147-VІ ҚРЗ Заңына сәйкес (25.12.2017 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 18.04.2018 жылы № 73 (28702) „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
21) шақырушы адам – Қазақстан Республикасында тұратын және осы Заңға сәйкес отбасын біріктіру мақсатында өз отбасы мүшелерінің Қазақстан Республикасына келуіне жәрдемдесетін адам;
22) шетелдік жұмыс күшін тартуға арналған квота – Қазақстан Республикасының аумағында еңбек қызметін жүзеге асыру үшін жұмыс берушіге тартуға рұқсат етілген шетелдік жұмыс күшінің рұқсат етілетін шекті саны;
22-тармақша өзгертілді ҚР 12.06.2014 жылғы № 209-V Заңымен (10.12.2013 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 13.06.2014 жылы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
22-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР 24.11.2015 жылғы № 421-V Заңына сәйкес (23.11.2015 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 26.11.2015 жылы № 227 (28705) „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
23) шетелдік жұмыс күшін тартуға арналған рұқсат – Қазақстан Республикасына шетелдік жұмыс күшін тарту үшін жұмыс берушіге жергілікті атқарушы орган беретін белгіленген нысандағы құжат;
23-тармақша өзгертілді  ҚР 13.06.2013  жылғы № 102-V Заңымен (10.07.2012 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін 10 (он) күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 14.06.2013 жылғы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
23-тармақша өзгертілді ҚР 06.04.2016 жылғы № 483-V Заңымен (24.11.2015 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 08.04.2016 жылы № 66 (28794) „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
24) тармақша алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
24-тармақша өзгертілді  ҚР 13.06.2013  жылғы № 102-V Заңымен (10.07.2012 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін 10 (он) күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 14.06.2013 жылғы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
24-тармақша алынып тасталды ҚР 24.11.2015 жылғы № 421-V Заңымен (23.11.2015 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту қолданысқа енгізіледі 01.01.2017 жылдан бастап)
25) ішкі көші-қон – жеке тұлғалардың Қазақстан Республикасының ішінде тұрақты немесе уақытша тұру мақсатында қоныс аударуы;
26) ішкі көшіп-қонушы – тұрақты немесе уақытша тұру мақсатында Қазақстан Республикасының ішінде өз бетінше қоныс аударушы адам;
26-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР 24.11.2015 жылғы № 421-V Заңына сәйкес (23.11.2015 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 26.11.2015 жылы № 227 (28705) „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
27) тармақша алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
27-тармақша алынып тасталды ҚР 24.11.2015 жылғы № 421-V Заңымен (23.11.2015 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 26.11.2015 жылы № 227 (28705) „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
  • 1
28) этникалық қазақ – ұлты қазақ шетелдік немесе азаматтығы жоқ адам.
28-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР 13.05.2020 жылғы № 327- VІ Заңына сәйкес (27.12.2019 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 25.05.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
2-бап. Қазақстан Республикасының халықтың көші-қоны саласындағы заңнамасы
1. Қазақстан Республикасының халықтың көші-қоны саласындағы заңнамасы Қазақстан Республикасының Конституциясына негізделеді және осы Заңнан, өзге де нормативтік құқықтық актілерден тұрады.