• Мое избранное
Телерадио хабарларын тарату туралы
Внимание! Документ утратил силу с 20.08.2024 г.

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца
  • 22

Телерадио хабарларын тарату туралы Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 18 қаңтардағы № 545-IV Заңы

Осы Заң 2024 жылғы 20 тамыздан бастап күшін жойды ҚР 19.06.2024 жылғы № 93-VIII Заңына сәйкес 
Редакция 08.06.2024 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен 
  • 1
Осы Заң телерадио хабарларын тарату саласындағы қоғамдық қатынастарды, телерадио хабарларын тарату субъектілерінің құқықтары мен міндеттерін реттейді.
1-тарау. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР
1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар
Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) абонент – телерадио хабарларын тарату қызметтерін алуға телерадио хабарларын тарату операторымен шарт жасасқан жеке немесе заңды тұлға;
1-1) балалар телебағдарламасы – 12 жасқа дейінгі балаларға арналған, осы жастағы топқа тән сюжеті бар телебағдарлама;
1-бап 1-1-тармақшамен толықтырылды ҚР 28.12.2017 жылғы № 128-VІ Заңына сәйкес (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 29.12.2017 жылы № 250 (28629) „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
1-2) білім беру телебағдарламасы – мазмұны телекөрерменді ғылымның, мәдениеттің, өндірістің, өнердің және әлеуметтік өмірдің қандай да бір саласында нақты білім жүйесінде оқытуға бағытталған, адамдардың көпшілік тобына арналған телебағдарлама;
1-бап 1-2-тармақшамен толықтырылды ҚР 28.12.2017 жылғы № 128-VІ Заңына сәйкес (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 29.12.2017 жылы № 250 (28629) „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
1-3) дара спутниктік және эфирлік қабылдау құрылғыларын таратушы – телерадио хабарларын тарату саласында лицензиясы бар және Қазақстан Республикасының аумағында өзінің спутниктік хабар тарату жүйелеріне ие, телерадио хабарларын тарату операторларының көрсетілетін қызметтеріне шартты қолжетімді карталарды, телерадио хабарларын тарату операторларының теле-, радиосигналын жеке-дара қабылдауға арналған жабдықты тарататын жеке немесе заңды тұлға;
1-бап 1-3-тармақшамен толықтырылды ҚР 28.12.2017 жылғы № 128-VІ Заңына сәйкес (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 29.12.2017 жылы № 250 (28629) „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
2) дара спутниктік және эфирлік қабылдау құрылғысы – теле-, радиосигналды дара қабылдауға арналған жабдық (телевизиялық байланысты қабылдау аппаратурасы);
3) дыбыстық сүйемелдеудің көпарналы берілуі – абонентке көру кезінде тілдерді таңдауға мүмкіндік беретін, телебағдарламада екі және одан да көп дыбыстық сүйемелдеудің берілуі;
3-1) діни телебағдарлама – дін саласы мәселелері бойынша халықты ақпараттандыруға және олардың сауаттылығын арттыруға бағытталған телебағдарлама;
1-бап 3-1-тармақшамен толықтырылды ҚР 28.12.2017 жылғы № 128-VІ Заңына сәйкес (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 29.12.2017 жылы № 250 (28629) „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
4) еркін қолжетімді теле-, радиоарна – көру құқығы үшін ақы алынбай адамдардың шектеусіз тобы үшін цифрлық эфирлік және спутниктік телерадио хабарларын тарату арқылы таратылатын теле-, радиоарна;
5) көпарналы хабар тарату – теле-, радиоарналар топтамаларын таратуға арналған телекоммуникациялық жүйе;
5-1) мемлекеттік радиожиілік қызмет – Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылған, шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорын;
1-бап 5-1-тармақшамен толықтырылды ҚР 24.11.2015 жылғы № 419-V Заңына сәйкес (өзгерту қолданысқа енгізіледі 01.01.2016 жылдан бастап)
5-1-тармақша өзгертілді ҚР 25.06.2020 жылғы № 347-VI Заңымен (08.01.2019 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 07.07.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
6) міндетті теле-, радиоарна – уәкілетті орган бекіткен тиісті тізбеге кіретін, Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында көпарналы хабар тарату арқылы таратылуға міндетті теле-, радиоарна;
6-тармақша өзгертілді ҚР 24.11.2015 жылғы № 419-V Заңымен (29.10.2015 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту қолданысқа енгізіледі 01.01.2016 жылдан бастап)
7) отандық теле-, радиоарна – Қазақстан Республикасының теле-, радиокомпаниялары кейіннен трансляциялау және (немесе) ретрансляциялау үшін хабар тарату кестесіне сәйкес қалыптастырған теле-, радиобағдарламалардың және дыбыс-бейне туындыларының, сюжеттер мен материалдардың жиынтығын білдіретін бұқаралық ақпарат құралы;
8) отандық теле-, радиобағдарламалар – Қазақстан Республикасының аумағында тіркелген және өз қызметін Қазақстан Республикасының аумағында және одан тысқары жерлерде жүзеге асыратын теле-, радиокомпаниялар немесе жеке және заңды тұлғалар жасаған теле-, радиобағдарламалар;
9) ретрансляция – телекоммуникациялардың техникалық құралдарын пайдалана отырып және телекоммуникация желілерінде теле-, радиобағдарламаларды, теле-, радиоарналарды қабылдау және сонымен бір мезгілде не жазып алып тарату;
9-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР 28.12.2017 жылғы № 128-VІ Заңына сәйкес (24.11.2015 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 29.12.2017 жылы № 250 (28629) „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
10) субтитрлер – телебағдарламада қамтылған ақпаратты телебағдарлама түпнұсқасының дыбыстық сүйемелденуін мәтінмен қайталау арқылы тарату тәсілі;
11) телевизиялық абоненттік жалғама – абоненттің цифрлық телевизиялық сигналды қабылдауына арналған жеке техникалық құрал;
11-1) телегазет – телерадио хабарларын тарату операторлары тұтынушы үшін телекоммуникация желілерінде тарататын, мерзімді баспасөз басылымының электрондық толық нұсқасы;
1-бап 11-1-тармақшамен толықтырылды ҚР 28.12.2017 жылғы № 128-VІ Заңына сәйкес (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 29.12.2017 жылы № 250 (28629) „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
12) теле-, радиоарна – кейіннен трансляциялау және (немесе) ретрансляциялау үшін хабар тарату кестесіне сәйкес қалыптастырылған теле-, радиобағдарламалар мен дыбыс-бейне туындыларының, сюжеттер мен материалдардың жиынтығын білдіретін бұқаралық ақпарат құралы;
13) теле-, радиоарналар топтамасы – телекоммуникация желілерінде көпарналы хабар тарату арқылы тарату үшін телерадио хабарларын тарату операторы қалыптастырған теле-, радиоарналардың жиынтығы;
13-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР 28.12.2017 жылғы № 128-VІ Заңына сәйкес (24.11.2015 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 29.12.2017 жылы № 250 (28629) „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
14) теле-, радиоарналарды тарату – телекоммуникациялардың техникалық құралдарын пайдалана отырып, пайдалана отырып және телекоммуникация желілерінде тұтынушыға теле-, радиобағдарламаларды жеткізу;
14-тармақша өзгертілді ҚР 30.12.2020 жылғы № 394-VI Заңымен (03.07.2020 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 11.01.2021 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
15) теле-, радиоарнаны есепке қою туралы куәлік – уәкілетті органның теле-, радиокомпанияға беретін және теле-, радиоарнаның Қазақстан Республикасының аумағында таралуына рұқсат беретін белгіленген нысандағы құжат;
16) теле-, радиобағдарлама – тиісті атауы, хабар тарату көлемі бар және теле-, радиоарнаның басқа бөліктеріне қарамастан пайдаланылуы мүмкін теле-, радиоарнаның мазмұны жағынан аяқталған бөлігі;
17) теле-, радиокомпания – теле-, радиоарнаны есепке қою туралы куәлік алған, теле-, радиоарнаның меншік иесі болып табылатын жеке немесе заңды тұлға немесе оның филиалы (өкілдігі);
17-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР 30.12.2020 жылғы № 394-VI Заңына сәйкес (03.07.2020 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 11.01.2021 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
18) телерадио хабарларын тарату – телекоммуникациялардың техникалық құралдарын пайдалана отырып және телекоммуникациялар желілерінде теле-, радиоарналарды ашық немесе кодталған түрде тұтынушының жария қабылдауы үшін қалыптастыру және (немесе) тарату;
18-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР 28.12.2017 жылғы № 128-VІ Заңына сәйкес (24.11.2015 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 29.12.2017 жылы № 250 (28629) „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
19) телерадио хабарларын тарату қызметі – бұл теле-, радиобағдарламаларды қабылдау, өңдеу, сақтау, беру, абонентке дейін жеткізу;
20) телерадио хабарларын тарату операторы – теле-, радиоарналарды тарату жөніндегі қызметпен айналысуға лицензия алған жеке немесе заңды тұлға;
21) телерадио хабарларын таратудың техникалық құралдары – теле-, радиоарналар мен теле-, радиобағдарламалар жасауды, қалыптастыруды, таратуды және (немесе) қабылдауды қамтамасыз ететін радиоэлектрондық құралдар мен қабылдайтын-беретін техникалық құрылғылардың жиынтығы;
22) телекоммуникациялардың техникалық құралдары – теле-, радиосигналдарды қалыптастыруға, қабылдауға, өңдеуге және беруге мүмкіндік жасайтын техникалық құрылғылар;
23) телерадио хабарларын тарату саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі – уәкілетті орган) – телерадио хабарларын тарату саласындағы мемлекеттік реттеуді жүзеге асыратын мемлекеттік орган;
23-1) телерадио хабарларын таратуды техникалық сүйемелдеу саласындағы уәкілетті орган – телерадио хабарларын таратуды техникалық сүйемелдеу саласындағы мемлекеттік реттеуді жүзеге асыратын мемлекеттік орган;
1-бап 23-1-тармақшамен толықтырылды ҚР 03.07.2013  жылғы № 121-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін 10 (он) күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 05.07.2013 жылғы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
24) трансляция – телекоммуникациялардың техникалық құралдарын пайдалана отырып және телекоммуникация желілерінде теле-, радиоарналардың сигналын бастапқы тарату;
24-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР 28.12.2017 жылғы № 128-VІ Заңына сәйкес (24.11.2015 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 29.12.2017 жылы № 250 (28629) „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
25) телерадио хабарларын таратудың ұлттық желісі – мемлекет меншігіндегі, Қазақстан Республикасының аумағында телерадиосигналдарын таратуды қамтамасыз ететін техникалық құралдар мен байланыс арналарының жүйесі;
26) хабар тарату кестесі – хабар таратудың бағдарламалық тұжырымдамасының нақты кезеңдегі негізгі бағыттарын көрсететін, теле-, радиобағдарламалардың тізбесі, реттілігі, атауы, эфирге шығу уақыты;
26-1) шартты қолжетімді карта – дара спутниктік және эфирлік қабылдау құрылғыларының сәйкестендіргішін қамтитын, абоненттің телерадио хабарларын тарату операторының көрсетілетін қызметтеріне қол жеткізуін қамтамасыз ететін құрылғы;
1-бап 26-1-тармақшамен толықтырылды ҚР 28.12.2017 жылғы № 128-VІ Заңына сәйкес (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 29.12.2017 жылы № 250 (28629) „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
27) шартты қолжетімді теле-, радиоарна – көру құқығы өтеулі шарт негізінде қамтамасыз етілетін, Қазақстан Республикасының аумағында телерадио хабарларын тарату операторлары адамдардың шексіз тобына тарататын теле-, радиоарна.
2-бап. Осы Заңның қолданылу аясы
1. Осы Заңның күші Қазақстан Республикасының аумағында телерадио хабарларын тарату саласында өз қызметін жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғаларға қолданылады.
2. Осы Заңның ережелері Қазақстан Республикасының аумағында телерадио хабарларын тарату саласында өз қызметін жүзеге асыратын шетелдік жеке және заңды тұлғаларға да қолданылады.
3-бап. Қазақстан Республикасының телерадио хабарларын тарату туралы заңнамасы
1. Қазақстан Республикасының телерадио хабарларын тарату туралы заңнамасы Қазақстан Республикасының Конституциясына негізделеді, осы Заңнан және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерінен тұрады.
2. Егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шартта осы Заңдағыдан өзгеше қағидалар белгіленсе, онда халықаралық шарттың қағидалары қолданылады.
2-тарау. ТЕЛЕРАДИО ХАБАРЛАРЫН ТАРАТУ САЛАСЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК РЕТТЕУ
4-бап. Телерадио хабарларын тарату саласындағы мемлекеттік реттеудің негізгі қағидаттары
Телерадио хабарларын тарату саласындағы қызметті мемлекеттік реттеудің негізгі қағидаттары: