• Мое избранное
Ғарыш қызметі туралы

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца

Ғарыш қызметі туралы Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 6 қаңтардағы № 528-IV Заңы

Редакция 22.07.2024 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен 
Осы Заң Қазақстан Республикасында ғарыш қызметін жүзеге асыру жөніндегі қоғамдық қатынастарды реттейді.
1-тарау. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР
1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар
Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) әскери мақсаттағы ғарыш қызметі саласындағы жоба – қорғаныс пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында ғана іске асырылатын, ғарыш қызметі саласындағы жоба;
1-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР 18.03.2019 жылғы № 237-VІ Заңына сәйкес (05.10.2018 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 10.04.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1-1) ғарыш айлағы – ғарыш объектілерін дайындауды қамтамасыз етуге және ұшыруды жүзеге асыруға арналған техникалық құралдар, құрылғылар, ғимараттар, құрылысжайлар мен жер учаскелері кешені;
1-бап 1-1-тармақшамен толықтырылды ҚР 18.03.2019 жылғы № 237-VІ Заңына сәйкес (өзгерту 10.04.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
2) ғарыш аппараты – ғарыш кеңістігін зерттеу және (немесе) пайдалану мақсатында ғарыш кеңістігіне шығаруға арналған техникалық құрылғы;
3) ғарыш жүйелерінің ұлттық операторлары – ғарыш жүйелерін құруды, пайдалануды және дамытуды жүзеге асыратын заңды тұлғалар;
3-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР 08.04.2016 жылғы № 490-V Заңына сәйкес (29.10.2015 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 12.04.2016 жылы № 68 (28796) „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
4) ғарыш жүйесі – ғарыш кеңістігіндегі міндеттерді шешуге арналған функционалдық-өзара байланысты орбиталық және жерүсті техникалық құралдарының жиынтығы;
4-1) ғарыш жүйесін техникалық пайдалану – конструкторлық-технологиялық және пайдалану құжаттамасына сәйкес ғарыш жүйесінің құрамдас бөліктерін, оларды сақтандыруды қоса алғанда, жұмыс күйінде ұстап тұру мақсатында техникалық операцияларды орындау процесі;
1-бап 4-1-тармақшамен толықтырылды ҚР 08.04.2016 жылғы № 490-V Заңына сәйкес (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 12.04.2016 жылы № 68 (28796) „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
5) ғарыш зымыран кешені – ғарыш аппараты бар тасымалдағыш зымыранды қабылдауды, сақтауды, ұшыруға дайындауды және ұшыруды қамтамасыз ететін тасымалдағыш зымыран мен техникалық құралдардың, құрылыстардың, технологиялық жабдықтың және коммуникациялардың жиынтығы;
6) ғарыш кеңістігі — әуе кеңістігінен тыс жайылған кеңістік;
6-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР 08.04.2016 жылғы № 490-V Заңына сәйкес (29.10.2015 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 12.04.2016 жылы № 68 (28796) „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
7) ғарыш қызметi – ғылыми, экономикалық, экологиялық, қорғаныс, ақпараттық және коммерциялық мақсаттарға қол жеткізу үшін ғарыш кеңістігін зерттеуге және пайдалануға бағытталған қызмет;
8) ғарыш қызметіне қатысушылар – осы Заңға сәйкес Қазақстан Республикасының аумағында, сондай-ақ ғарыш кеңістігінде ғарыш қызметін жүзеге асыратын жеке және (немесе) заңды тұлғалар;
9) ғарыш қызметі саласындағы жоба – ғарыш қызметін жүзеге асыруға бағытталған ғарыш техникасы мен технологияларын жасау, пайдалану және кәдеге жарату жөніндегі іс-шаралар жиынтығы;
9-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР 08.04.2016 жылғы № 490-V Заңына сәйкес (29.10.2015 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 12.04.2016 жылы № 68 (28796) „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
10) ғарыш қызметі саласындағы қосарлы мақсаттағы жоба – әлеуметтік-экономикалық міндеттерді шешу үшін, сондай-ақ қорғаныс пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсаттары үшін іске асырылатын ғарыш қызметі саласындағы жоба;
11) ғарыш қызметі саласындағы уәкілетті орган – ғарыш қызметі саласындағы басшылықты, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген шекте салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;
12) ғарыш объектісi – ғарыш аппараты және (немесе) оны ғарыш кеңістігіне шығару құралы және олардың құрамдас бөліктері;
13) ғарыш саласының объектілері – ғарыш қызметіне қатысушылардың ғарыш қызметін жүзеге асыру кезінде пайдаланатын өндірістік объектілері, ғимараттары, құрылыстары және басқа да жылжымайтын мүлкі;
14) ғарыштық қызметтер – ғарыш техникасы мен технологияларын пайдалана отырып көрсетілетін қызметтер;
15) дәлдігі жоғары спутниктік навигация жүйесі – жаһандық навигациялық спутниктік жүйе пайдаланушыларын координаттық-уақыттық параметрлерді, оның ішінде географиялық координаттар мен биіктіктерді, қозғалыс жылдамдығы мен бағытын, уақытты айқындау дәлдігін арттыруға мүмкіндік беретін қосымша ақпаратпен қамтамасыз етуге арналған техникалық және бағдарламалық құралдар кешені;
15-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР 08.04.2016 жылғы № 490-V Заңына сәйкес (29.10.2015 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 12.04.2016 жылы № 68 (28796) „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
16) жаһандық навигациялық спутниктік жүйе – жерүсті, су және әуе объектілерінің координаттық-уақыттық (географиялық координаттары мен биіктіктерінің, қозғалыс жылдамдығы мен бағытының, уақыттың) параметрлерін айқындауға арналған ғарыш жүйесі;
17) Жерді ғарыштан қашықтықтан зондтау – ғарыш кеңістігінен құрлық, мұхит және атмосфера элементтерінің өзіндік және шағылысқан сәулеленуін байқау мен өлшеу арқылы Жер беті мен қойнауы туралы ақпарат алу процесі;
17-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР 08.04.2016 жылғы № 490-V Заңына сәйкес (29.10.2015 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 12.04.2016 жылы № 68 (28796) „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
17-1) Жерді ғарыштан қашықтықтан зондтау деректері – Жерді қашықтықтан зондтау ғарыш аппаратынан тікелей алынған бастапқы деректер, сондай-ақ оларды алдын ала өңдеу (радиометриялық және геометриялық түзетулер) нәтижесінде алынған материалдар;
1-бап 17-1-тармақшамен толықтырылды ҚР 08.04.2016 жылғы № 490-V Заңына сәйкес (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 12.04.2016 жылы № 68 (28796) „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
17-2) кеңістіктік деректер – орналасқан жері мен өзіне неғұрлым тән қасиеттерінің сипаттамасын қамтитын объектілер туралы деректер жиынтығы;
1-бап 17-2-тармақшамен толықтырылды ҚР 08.04.2016 жылғы № 490-V Заңына сәйкес (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 12.04.2016 жылы № 68 (28796) „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
17-3) кеңістіктік деректер инфрақұрылымы – заңды және жеке тұлғалардың оларға қолжетімдігін қамтамасыз ету негізінде кеңістіктік деректерді жинау, өңдеу, сақтау, тарату және пайдалану үшін қажетті ақпараттық ресурстар мен аппараттық-бағдарламалық құралдар жүйесі;
1-бап 17-3-тармақшамен толықтырылды ҚР 08.04.2016 жылғы № 490-V Заңына сәйкес (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 12.04.2016 жылы № 68 (28796) „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
18) Қазақстан Республикасының ғарышкерлігіне кандидат (бұдан әрi – ғарышкерлікке кандидат) – алдын ала iрiктеуден өткен және ғарышкер бiлiктiлiгiн алу үшiн даярлыққа жiберiлген Қазақстан Республикасының азаматы;
19) Қазақстан Республикасының ғарышкерi (бұдан әрi – ғарышкер) – даярлықтан өткен, ғарышкер (сынаушы ғарышкер, зерттеушi ғарышкер, нұсқаушы ғарышкер) бiлiктiлiгiнің және ғарышкер мәртебесiнің берілгені туралы құжаттар алған Қазақстан Республикасының азаматы;
20) спутниктік навигация – объектiлердiң координаттық-уақыттық параметрлерiн айқындау үшін жаһандық навигациялық спутниктiк жүйенi пайдалана отырып, навигация міндеттерін шешу процесі;
21) спутниктік навигациялық қызметтер – объектілердің координаттық-уақыттық параметрлерін айқындау жөніндегіқосымша (жаһандық навигациялық спутниктік жүйелер стандартты түрде ұсынатын қызметтерге қатысты) қызметтерге қажеттілікті қанағаттандыруға бағытталған қызмет;
22) тасымалдағыш зымыран – ғарыш аппараттарын ғарыш кеңістігіне шығаруға арналған техникалық құрылғы;
23) тасымалдағыш зымырандардан бөлінетін бөліктердің құлау ауданы – ұшу барысында тасымалдағыш зымырандардың істен шыққан және бөлінген элементтері және (немесе) фрагменттері құлайтын (қонатын) жер учаскесі;
24) ғарыш аппараты транспондері – ғарыш аппаратында орнатылған және Жер – ғарыш – Жер сигналдарын қайта таратуға арналған радиохабар тарататын құрылғылар жиынтығы;
25) ұшыру қызметтері – ғарыш аппараттарын ғарыш кеңістігіне шығару мақсатында тасымалдағыш зымырандар ұшыруды ұйымдастыру және жүзеге асыру жөніндегі іс-шаралар жиынтығы;
26) шығару құралы – ғарыш аппараттарын ғарыш кеңістігіне шығаруға арналған тасымалдағыш зымыран, екпіндеткіш блок, авиациялық зымыран-ғарыш жүйесі.
2-бап. Қазақстан Республикасының ғарыш қызметі саласындағы  заңнамасы
1. Қазақстан Республикасының ғарыш қызметі саласындағы заңнамасы Қазақстан Республикасының Конституциясына негізделеді және осы Заң мен Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерінен тұрады.
2. Егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шартта осы Заңдағыдан өзгеше қағидалар белгіленсе, онда халықаралық шарттың қағидалары қолданылады.
3-бап. Ғарыш қызметін жүзеге асыру қағидаттары
Ғарыш қызметін жүзеге асыру қағидаттары мыналар болып табылады:
1) ғарыш қызметін жүзеге асыру кезінде Қазақстан Республикасының ұлттық мүдделерін сақтау, қорғанысы мен ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету;
2) ғарыш қызметін дамытудың басым бағыттарын қолдау;
3) ғарыш қызметін экономикалық ынталандыру;
4) ғарыш қызметін жүзеге асыру салдарынан туындаған жеке тұлғалардың денсаулығына келтірілген зиянды, қоршаған ортаға, жеке және заңды тұлғалардың, мемлекеттің мүлкіне келтірілген залалды өтеу;
5) экологиялық талаптарды, техникалық реттеу және халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығын қамтамасыз ету саласындағы талаптарды сақтау;
6) ғарыш қызметі саласындағы халықаралық құқық нормаларын сақтау;
7) ғарыш кеңістігін және Қазақстан Республикасының ғарыш инфрақұрылымын тиімді және ұтымды пайдалану;
8) Қазақстан Республикасының мемлекеттiк мүдделерi сақталатын жағдайда ғарыш қызметін дамытуға инвестициялар тартуды ынталандыру.