• Мое избранное

Отправить по почте

41

Қазақстан Республикасындағы туристік қызмет туралы Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 13 маусымдағы № 211-II Заңы

ҚР 30.04.2021 жылғы № 34-VII Заңына сәйкес бүкіл мәтін бойынша «(гид-аудармашы)», «(гид-аудармашылардың)», «(гид-аудармашылар)», «(аудармашы гидті)», «(аудармашы гидтердің)», «(гид-аудармашымен)» деген сөздер алынып тасталды (02.01.2021 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 04.07.2021 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Осы Заң Қазақстан Республикасы экономикасы салаларының бiрi ретiнде туристiк қызметтiң құқықтық, экономикалық, әлеуметтiк, ұйымдық негiздерiн белгiлейдi.
2
1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар
1-бап өзгертілді ҚР 05.07.2008 жылғы № 59-IV Заңымен (12.01.2007 ж. редакцияны қараңыз)
1) тармақша алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
1-тармақша өзгертілді ҚР 29.12.2014 жылғы № 269-V Заңымен (29.09.2014 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту қолданысқа енгізіледі 01.01.2015 жылдан бастап)
1-тармақша алынып тасталды ҚР 30.04.2021 жылғы № 34-VII Заңына сәйкес (02.01.2021 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 15.05.2021 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1-1) тармақша алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
1-бап 1-1-тармақшамен толықтырылды ҚР 29.12.2014 жылғы № 269-V Заңына сәйкес (өзгерту қолданысқа енгізіледі 01.01.2015 жылдан бастап)
1-1-тармақша алынып тасталды ҚР 30.04.2021 жылғы № 34-VII Заңына сәйкес (02.01.2021 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 15.05.2021 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
2) гид – Қазақстан Республикасында дара кәсіпкер немесе жалдамалы жұмыскер ретінде қызметін жүзеге асыратын, туристерге ақпараттық және (немесе) ұйымдастырушылық қызметтер көрсету үшін кәсіптік даярланған жеке тұлға;
2-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР 30.04.2021 жылғы № 34-VII Заңына сәйкес (02.01.2021 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 04.07.2021 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
2-1) тармақша алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
1-бап 2-1-тармақшамен толықтырылды ҚР 22.12.2016 жылғы № 28-VI Заңына сәйкес (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 27.12.2016 жылы № 249 (28977) „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
2-1-тармақша алынып тасталды ҚР 30.04.2021 жылғы № 34-VII Заңына сәйкес (02.01.2021 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 15.05.2021 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
2-2) тармақша алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
1-бап 2-2-тармақшамен толықтырылды ҚР 29.12.2014 жылғы № 269-V Заңына сәйкес (өзгерту қолданысқа енгізіледі 01.01.2015 жылдан бастап)
2-2-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР 16.11.2015 жылғы № 406-V Заңына сәйкес (29.10.2015 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту қолданысқа енгізіледі 01.01.2017 жылдан бастап)
2-2-тармақша алынып тасталды ҚР 30.04.2021 жылғы № 34-VII Заңына сәйкес (02.01.2021 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 15.05.2021 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
2-3) тармақша алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
1-бап 2-3-тармақшамен толықтырылды ҚР 29.12.2014 жылғы № 269-V Заңына сәйкес (өзгерту қолданысқа енгізіледі 01.01.2015 жылдан бастап)
2-3-тармақша алынып тасталды ҚР 30.04.2021 жылғы № 34-VII Заңына сәйкес (02.01.2021 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 15.05.2021 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
3) тармақша алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
3-тармақша алынып тасталды ҚР 30.04.2021 жылғы № 34-VII Заңына сәйкес (02.01.2021 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 15.05.2021 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
3-1) келу туризмі саласындағы туристік операторлық қызмет – қызметтің осы түріне лицензиясы бар жеке немесе заңды тұлғалардың туристік өнімді қалыптастыру, оны Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұрмайтын туристерге, оның ішінде туристік агенттер арқылы ұсыну және өткізу жөніндегі кәсіпкерлік қызметі;
1-тармақ 3-1-тармақшамен толықтырылды ҚР 02.07.2018 жылғы № 166-VІ Заңына сәйкес (өзгерту 01.01.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
3-1-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР 30.04.2021 жылғы № 34-VII Заңына сәйкес (02.01.2021 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 04.07.2021 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
3-2) сақтандыру сертификаты – сақтандырылушыға қатысты қолданыстағы сақтандыру арқылы қорғаудың бар екенін куәландыратын және сақтандыруға қабылданатын сақтандыру тәуекелдері бойынша сақтандыру өтемінің талаптары туралы ақпаратты қамтитын, жасалған сақтандыру шартын (сақтандыру полисін) растау үшін сақтандырушы ресімдеген құжат;
1-бап 3-2-тармақшамен толықтырылды ҚР 30.04.2021 жылғы № 34-VII Заңына сәйкес (өзгерту 15.05.2021 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
4) тур - белгіленген мерзімдер шеңберінде белгілі бір маршрут бойынша жасалатын саяхатты қамтитын туристік қызмет көрсетулер кешені;
5) туризм – туристің тұрақты тұрғылықты жерін ауыстыруға байланысты емес саяхатта уақытша болуы;
5-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР 30.04.2021 жылғы № 34-VII Заңына сәйкес (02.01.2021 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 15.05.2021 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
5-1) туризм инфрақұрылымы – туризм саласының жұмыс істеуіне және туристің қажеттіліктерін қанағаттандыруға арналған ұйымдар жиынтығы, өндірістік, әлеуметтік және рекреациялық мақсаттағы құрылысжайлар мен желілер кешені;
1-бап 5-1-тармақшамен толықтырылды ҚР 30.04.2021 жылғы № 34-VII Заңына сәйкес (өзгерту 15.05.2021 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
6) туризм нұсқаушысы – тиісті біліктілігі және туристік маршруттармен жүріп өту тәжірибесі бар, Қазақстан Республикасында дара кәсіпкер немесе жалдамалы жұмыскер ретінде қызметін жүзеге асыратын, кәсіптік даярланған жеке тұлға;
6-тармақша өзгертілді ҚР 15.07.2008 жылғы №  461-IV Заңымен (05.07.2008 ж. редакцияны қараңыз)
6-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР 30.04.2021 жылғы № 34-VII Заңына сәйкес (02.01.2021 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 04.07.2021 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
7) турист - уақытша болатын елге (жерге) жиырма төрт сағаттан бір жылға дейінгі кезеңге келетін және ақылы қызметпен айналыспай, сол елде (жерде) сауықтыру, танымдық, кәсіби-іскерлік, спорттық, діни және өзге де мақсаттарда кемінде бір рет түнейтін жеке тұлға;
7-1) туристендіру картасы – туристер қызығушылық танытатын, республикалық және өңірлік деңгейлердегі аумақтар;
1-бап 7-1-тармақшамен толықтырылды ҚР 30.04.2021 жылғы № 34-VII Заңына сәйкес (өзгерту 15.05.2021 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
8) туристерді орналастыру орындары - мейманханалар, мотельдер, кемпингтер, туристік базалар, қонақжайлар, демалыс үйлері, пансионаттар және туристердің тұруы мен оларға қызмет көрсету үшін пайдаланылатын басқа да үй-жайлар мен ғимараттар;
8-1) туристік агент (бұдан әрі – турагент) – турагенттік қызметті жүзеге асыратын жеке немесе заңды тұлға;
1-бап 8-1-тармақшамен толықтырылды ҚР 30.04.2021 жылғы № 34-VII Заңына сәйкес (өзгерту 04.07.2021 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
9) туристік агенттік қызмет (бұдан әрі – турагенттік қызмет) – жеке немесе заңды тұлғалардың қосымша көрсетілетін қызметтерді қосу құқығынсыз туристік өнімді өткізуге арналған агенттік шарт негізінде Қазақстан Республикасының туристік операторы қалыптастырған туристік өнімді ұсыну және өткізу жөніндегі кәсіпкерлік қызметі, сондай-ақ туристерге туристік өнім болып табылмайтын қызметтер көрсету жөніндегі қызмет;
9-тармақша өзгертілді ҚР 15.07.2008 жылғы №  461-IV Заңымен (05.07.2008 ж. редакцияны қараңыз)
9-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР 30.04.2021 жылғы № 34-VII Заңына сәйкес (02.01.2021 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 04.07.2021 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
10) туристік ваучер - турдың құрамына кіретін қызметтерге туристің құқығын және олардың ақысы төленгенінің фактісін растайтын құжат;
11) тармақша алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
11-тармақша алынып тасталды ҚР 30.04.2021 жылғы № 34-VII Заңына сәйкес (02.01.2021 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 15.05.2021 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
11-1) туристік код – шығу туризмі саласындағы туроператор туриске беретін, ұйымдастырылған шығу туризмі шеңберінде туроператордың міндеттемелеріне кепілдік беретін бірегей нөмір;
1-бап 11-1-тармақшамен толықтырылады ҚР 30.04.2021 жылғы № 34-VII Заңына сәйкес (өзгерту 15.05.2021 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
12) туристік қызмет - жеке немесе заңды тұлғалардың туристік қызмет көрсету жөніндегі кәсіпкерлік қызметі;
13) туристік көрсетілетін қызметтер – туристің саяхаты кезеңінде және осы саяхатқа байланысты ұсынылатын, оның қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін қажетті көрсетілетін қызметтер (орналастыру, тасымалдау, тамақтандыру, экскурсиялар, туризм нұсқаушыларының, гидтердің көрсететін қызметтері) және сапар мақсатына қарай көрсетілетін, туристік қызмет көрсету шартында көзделген басқа да көрсетілетін қызметтер);
13-тармақша өзгертілді ҚР 29.12.2014 жылғы № 269-V Заңымен (29.09.2014 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту қолданысқа енгізіледі 01.01.2015 жылдан бастап)
13-1) туристік көрсетілетін қызметтерді өтеу – жұмыскердің Қазақстан Республикасының аумағында көрсетілген туристік қызметтерге жұмсаған шығындарын жұмыс берушінің өтеуі;
14) туристік қызмет көрсетуге арналған шарт - өтемді туристік қызмет көрсету бойынша туристік қызметті жүзеге асыратын тұлға мен туристің арасындағы келісім;
15) туристік қызметті жүзеге асыратын тұлғалар - турагенттер, туроператорлар, туризм нұсқаушылары, сондай-ақ өз бетінше туристік қызмет көрсететін гидтер, экскурсоводтар;
16) тармақша алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
16-тармақша алынып тасталды ҚР 29.12.2014 жылғы № 269-V Заңымен (29.09.2014 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту қолданысқа енгізіледі 01.01.2015 жылдан бастап)
17) туристік маршрут – туристің қажеттіліктерін қанағаттандыруы үшін жүру жолы, оны туристік оператор әзірлейді және ол туристік қызмет объектілеріне баруы егжей-тегжейлі регламенттелген (пайдаланылатын көлік, тоқтайтын орындар, бару объектілері, түнейтін жерлер, шұғыл жағдайлардағы медициналық көмек және басқа да жағдайлар) осындай баруды қамтиды;
17-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР 30.04.2021 жылғы № 34-VII Заңына сәйкес (02.01.2021 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 15.05.2021 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
19) туристiк операторлық қызмет (бұдан әрі – туроператорлық қызмет) – қызметтiң осы түрiне лицензиясы бар жеке немесе заңды тұлғалардың шығу туризмі саласындағы туристiк өнiмдi қалыптастыру, турагенттер арқылы ұсыну және өткiзу және келу туризмі мен ішкі туризм саласындағы туристік өнімді қалыптастыру, туристерге, оның ішінде турагенттер арқылы ұсыну және өткiзу жөнiндегi кәсiпкерлiк қызметi;
19-тармақша өзгертілді ҚР 15.07.2008 жылғы №  461-IV Заңымен (05.07.2008 ж. редакцияны қараңыз)
19-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР 30.04.2021 жылғы № 34-VII Заңына сәйкес (02.01.2021 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 04.07.2021 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
19-1) туристік оператор (бұдан әрі – туроператор) – туристік операторлық қызметті, ішкі туризм, келу немесе шығу туризмі саласындағы туристік операторлық қызметті жүзеге асыратын жеке немесе заңды тұлға;
1-бап 19-1-тармақшамен толықтырылды ҚР 30.04.2021 жылғы № 34-VII Заңына сәйкес (өзгерту 04.07.2021 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
20) туристік өнім – саяхат кезінде туристің қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін жеткілікті барлық қажетті туристік көрсетілетін қызметтер кешені;
20-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР 30.04.2021 жылғы № 34-VII Заңына сәйкес (02.01.2021 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 15.05.2021 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
21) туристік өнімді ұсыну - туристік қызмет көрсетуге бағытталған шаралар (жарнама, мамандандырылған көрмелер мен жәрмеңкелерге қатысу, туристік өнімді өткізу жөніндегі туристік ақпарат орталықтарын ұйымдастыру, каталогтар, буклеттер шығару және тарату) кешені;
22) туристік ресурстар - туристік көрсету объектілерін қамтитын табиғи-климаттық, тарихи, әлеуметтік-мәдени, сауықтыру объектілері, сондай-ақ туристердің рухани қажеттіліктерін қанағаттандыра алатын, олардың дене күшін қалпына келтіріп, дамытуға жәрдемдесетін өзге де объектілер;
23) туристік нарық - туристік қызмет саласындағы тауарлар (жұмыстар, қызмет көрсетулер) мен ақша айналысы;
24) туристік сала - негізгі қызмет саласы туристік қызмет көрсету, туристік өнім жасау, оларды ішкі және халықаралық нарықтарда ұсыну мен өткізу болып табылатын экономика саласы;
25) туристің төтенше жағдайға ұшырауы - туристің саяхаттан оралмауы, сондай-ақ туристің қаза болуына немесе оның денсаулығына зиян келтіруге әкеп соққан немесе әкеп соғуы мүмкін авария, зілзала немесе апат нәтижесінде туындаған, саяхат кезінде белгілі бір аумақта болған оқиға;
25-1) туроператор-әуе кемесімен жалданушы – Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жолаушыларды және багажды тасымалдау үшін бір немесе бірнеше рейстерге бір әуе кемесінің (немесе бірнеше әуе кемелерінің) бүкіл сыйымдылығын немесе сыйымдылығының бір бөлігін экипажымен қоса оның пайдалануына беру туралы әуемен тасымалдаушымен (әуе кемесін жалдаушымен) әуе кемесін жалдау (чартер) шартын жасасқан туроператор;
1-бап 25-1-тармақшамен толықтырылды ҚР 17.11.2015 жылғы № 407-V Заңына сәйкес (өзгерту қолданысқа енгізіледі 01.01.2016 жылдан бастап)
25-1-тармақша өзгертілді ҚР 29.12.2022 жылғы № 174-VII Заңымен (27.06.2022 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту қолданысқа енгізіледі 01.03.2023 жылдан бастап)
26) уәкілетті орган - туристік қызмет саласындағы мемлекеттік басқару функцияларын жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;
26-1) шығу туризмі саласындағы туроператорлық қызмет – қызметтің осы түріне лицензиясы бар жеке немесе заңды тұлғалардың туристік өнімді қалыптастыру, оны турагенттер арқылы туристерге ұсыну және өткізу, сондай-ақ Қазақстан Республикасының бейрезиденті қалыптастырған туристік өнімді турагенттер арқылы туристерге ұсыну және өткізу жөніндегі кәсіпкерлік қызметі;
1-бап 26-1-тармақшамен толықтырылды ҚР 30.04.2021 жылғы № 34-VII Заңына сәйкес (өзгерту 04.07.2021 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
26-2) ішкі туризм саласындағы туроператорлық қызмет – қызметтің осы түріне лицензиясы бар жеке немесе заңды тұлғалардың туристік өнімді қалыптастыру, оны Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын туристерге, оның ішінде турагенттер арқылы ұсыну және өткізу жөніндегі кәсіпкерлік қызметі;
1-бап 26-2-тармақшамен толықтырылды ҚР 30.04.2021 жылғы № 34-VII Заңына сәйкес (өзгерту 04.07.2021 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
27) экскурсант - уақытша болатын елдегі (жердегі) туристік ресурстарды танымдық мақсатта жиырма төрт сағаттан аспайтын уақытқа барып көретін жеке тұлға;
28) экскурсия - жеке тұлғаның уақытша болатын елдегі (жердегі) туристік ресурстарды танымдық мақсатта жиырма төрт сағаттан аспайтын уақытқа барып, көруі;
29) экскурсиялық қызмет - уақытша болатын елдегі (жердегі) туристік ресурстарға танымдық мақсатта келуді ұйымдастыру жөніндегі кәсіпкерлік қызмет, ол туристерді орналастыру (түнету) жөніндегі қызметті көздемейді және жиырма төрт сағаттан аспайтын мерзімді қамтиды;