• Мое избранное
Тауар белгілері, қызмет көрсету белгілері, географиялық нұсқамалар және тауарлар шығарылған жерлердің атаулары туралы

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца

Тауар белгілері, қызмет көрсету белгілері, географиялық нұсқамалар және тауарлар шығарылған жерлердің атаулары туралы Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 26 шілдедегі № 456-I Заңы

Құжат мәтініндегі «тауар белгісінің немесе тауар шығарылған жердің атауын», «тауар таңбасының немесе тауар шығарылатын жердің атауын», «араласып кеткен дәрежеге дейiн оларға ұқсас белгiлердi», «олар араласып кеткен дәрежеге дейiн бiрдей немесе ұқсас белгiлер», «айырғысыз дәрежеге дейін бірдей немесе ұқсас», «аумайтындай дәрежеде онымен бiрдей немесе ұқсас», «бiрдей немесе араласып кету дәрежесiне дейiн ұқсас», «араласып кеткен дәрежеге дейiн олармен ұқсас белгiлердi», «араласып кеткен дәрежеге дейiн олармен ұқсас белгiлердi», «араласып кеткен дәрежеге дейiн онымен ұқсас белгiнi», «олармен айырғысыз дәрежеге дейiн ұқсас белгiлеме», «олармен айырғысыз дәрежеге дейiн ұқсас белгiлемені», «онымен айырғысыз дәрежеге дейiн ұқсас белгiлемені» сөздері «тауар белгісінің иесі (құқық иеленуші) немесе тауар шығарылған жердің атауын», «тауар белгісінің иесі (құқық иеленуші) немесе тауар шығарылған жердің атауын», «оларға айырғысыз дәрежеге дейін ұқсас белгiлемелердi», «бiрдей немесе олар айырғысыз дәрежеге дейiн ұқсас белгiлемелер», «бірдей немесе айырғысыз дәрежеге дейiн ұқсас», «бірдей немесе айырғысыз дәрежеге дейiн ұқсас», «бірдей немесе айырғысыз дәрежеге дейiн ұқсас», «оларға айырғысыз дәрежеге дейiн ұқсас белгiлемелердi», «оған айырғысыз дәрежеге дейiн ұқсас белгiлеменi», «оларға айырғысыз дәрежеге дейiн ұқсас белгiлеменi», «оларға айырғысыз дәрежеге дейiн ұқсас белгiлеме», «оларға айырғысыз дәрежеге дейiн ұқсас белгiлеменi», «оған айырғысыз дәрежеге дейiн ұқсас белгiлеменi» сөздерімен ауыстырылды ҚР 20.06.2018 жылғы № 161-VI Заңына сәйкес (31.10.2015 ж. редакцияны қараңыз)
Осы Заңның тақырыбы жаңа редакцияда жазылды ҚР 20.06.2022 жылғы № 128-VII Заңына сәйкес (21.01.2019 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту қолданысқа енгізіледі 21.08.2022 жылдан бастап)
Редакция 25.01.2026 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен 
Осы Заң Қазақстан Республикасында тауар белгілерін, қызмет көрсету белгілерін, географиялық нұсқамаларды және тауар шығарылған жерлердің атауларын тіркеуге, құқықтық қорғауға және пайдалануға байланысты туындайтын қатынастарды реттейді.
Кіріспе өзгертілді ҚР 20.06.2022 жылғы № 128-VII Заңымен (21.01.2019 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту қолданысқа енгізіледі 21.08.2022 жылдан бастап)
1-тарау. Жалпы ережелер
1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар
1-бап өзгертілді ҚР 12.01.2012 жылғы № 537-IV  Заңымен (05.07.2011 ж. редакцияны қараңыз)
Осы Заңда мынадай ұғымдар пайдаланылады:
1) айрықша құқық – тауар таңбасын немесе тауар шығарылған жердiң атауын өз қалауы бойынша кез келген тәсiлмен пайдалануға оның иесінің мүліктік құқығы;
1-тармақша өзгертілді ҚР 09.07.2004  жылғы № 586 Заңымен (26.07.1999 ж. редакцияны қараңыз)
1-1) айырғысыз дәрежеге дейін ұқсас белгілер – жекелеген элементтерінің айырмашылығы бар және тұтынушы ұқсастық тұрғысында бірдей деп қабылдайтын ұқсас белгілер немесе белгілемелер;
1-бап 1-1-тармақшамен толықтырылды ҚР 07.04.2015 жылғы № 300-V Заңына сәйкес (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 10.04.2015 жылы № 65 (28543) „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
1-2) бірдей тауар белгілері – барлық элементтері сәйкес келетін белгілер немесе белгілемелер;
1-бап 1-2-тармақшамен толықтырылды ҚР 07.04.2015 жылғы № 300-V Заңына сәйкес (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 10.04.2015 жылы № 65 (28543) „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
1-3) бiртектес тауарлар немесе көрсетілетін қызметтер – бір функцияны орындайтын, бір тектеске (түрге) жататын, тауарларда бiрдей немесе ұқсас белгілерді қолданған кезде тұтынушыда олардың бір өндірушіге тиесілі екені туралы пікір тудыруы мүмкін тауарлар немесе көрсетілетін қызметтер;
1-бап 1-3-тармақшамен толықтырылды ҚР 07.04.2015 жылғы № 300-V Заңына сәйкес (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 10.04.2015 жылы № 65 (28543) „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
2) бюллетень – тауар таңбалары мен тауар шығарылған жерлердің атауларын қорғау мәселелері жөніндегі ресми мерзімдік басылым;
3) географиялық нұсқама – географиялық объектінің аумағынан шығарылатын, белгілі бір сапасы, репутациясы немесе басқа да сипаттамалары едәуір дәрежеде оның географиялық шығу тегімен байланысты тауарды сәйкестендіретін белгілеме. Осы географиялық объектінің аумағында тауардың сипаттамаларының қалыптасуына елеулі әсер ететін, оны өндірудің кем дегенде бір сатысы жүзеге асырылуға тиіс;
3-тармақша өзгертілді ҚР 07.04.2015 жылғы № 300-V Заңымен (10.07.2012 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 10.04.2015 жылы № 65 (28543) „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
3-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР 20.06.2022 жылғы № 128-VII Заңына сәйкес (21.01.2019 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту қолданысқа енгізіледі 21.08.2022 жылдан бастап)
4) жалпыға бiрдей белгiлi тауар белгісі – уәкілетті органның мүдделi тұлғалар дәлелдемелеріне негiзделген шешiмiмен жалпыға бірдей белгілі деп танылған, тауар белгісі ретiнде пайдаланылып жүрген белгiлеме немесе тауар белгісі;
4-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР 20.06.2018 жылғы № 161-VI Заңына сәйкес (31.10.2015 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 22.06.2018 жылы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
4-1) Мадрид келісімі – 1891 жылғы 14 сәуірдегі Таңбаларды халықаралық тіркеу туралы Мадрид келісімі;
1-бап 4-1-тармақшамен толықтырылды ҚР 10.07.2012 жылғы № 34-V Заңына сәйкес (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін қолданысқа енгізіледі) 17.07.2012 жылғы "Егемен Қазақстан" Республикалық газетінде жарияланды.
4-2) Мадрид келісіміне хаттама – 1989 жылғы 28 маусымдағы Таңбаларды халықаралық тіркеу туралы Мадрид келісіміне хаттама;
1-бап 4-2-тармақшамен толықтырылды ҚР 20.06.2018 жылғы № 161-VI Заңына сәйкес (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 22.06.2018 жылы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
5) өтініш беруші – тауар белгісін тіркеуге немесе географиялық нұсқаманы және тауар шығарылған жердің атауын пайдалану құқығын тіркеуге және беруге арналған өтінімді берген заңды немесе жеке тұлға;»
5-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР 20.06.2022 жылғы № 128-VII Заңына сәйкес (21.01.2019 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту қолданысқа енгізіледі 21.08.2022 жылдан бастап)
6) патенттiк сенiм білдірілген өкiлдер – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес уәкiлеттi орган мен сараптама жасау ұйымы алдында жеке және заңды тұлғалардың өкiлi болу құқығы берiлген Қазақстан Республикасының азаматтары;
6-тармақша өзгертілді ҚР 09.07.2004  жылғы № 586 Заңымен (26.07.1999 ж. редакцияны қараңыз)
6-1) Сингапур шарты – 2006 жылғы 27 наурыздағы Тауар таңбалары жөніндегі заңдар туралы Сингапур шарты;
1-бап 6-1-тармақшамен толықтырылды ҚР 07.04.2015 жылғы № 300-V Заңына сәйкес (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 10.04.2015 жылы № 65 (28543) „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
7) Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің халықаралық сыныптамасы – 1957 жылғы 15 маусымда Ницце келiсiмiмен қабылданған, кейiннен өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлген сыныптама;
8) тауар таңбасы, қызмет көрсету таңбасы (бұдан әрi – тауар таңбасы) – осы Заңға сәйкес тiркелген немесе Қазақстан Республикасы қатысатын халықаралық шарттарға орай тiркеусiз қорғалатын, бiр заңды немесе жеке тұлғаның тауарларын (көрсететін қызметтерiн) басқа заңды немесе жеке тұлғаның бiртектес тауарларынан (көрсететін қызметтерiнен) ажырату үшiн қызмет ететiн белгi;
9) тауар белгісін, географиялық нұсқаманы және тауар шығарылған жердің атауын пайдалану – тауар белгісін, географиялық нұсқаманы және тауар шығарылған жердің атауын олар қорғалатын тауарларда және қызметтер көрсету кезінде олардың қаптамаларында орналастыру, тауар белгісінің, географиялық нұсқаманың және тауар шығарылған жердің атауының белгiлемесi бар тауарды жасау, қолдану, әкелу, сақтау, сатуға ұсыну, сату, маңдайшажазуларда, жарнамада, баспа өнiмiнде немесе өзге де iскерлiк құжаттамада қолдану, сондай-ақ оларды айналымға өзгеше енгiзу;
9-тармақша өзгертілді ҚР 07.04.2015 жылғы № 300-V Заңымен (10.07.2012 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 10.04.2015 жылы № 65 (28543) „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
9-тармақша өзгертілді ҚР 20.06.2018 жылғы № 161-VI Заңымен (31.10.2015 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 22.06.2018 жылы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
9-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР 20.06.2022 жылғы № 128-VII Заңына сәйкес (21.01.2019 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту қолданысқа енгізіледі 21.08.2022 жылдан бастап)
10) тауар белгісінің иесі (құқық иеленуші) немесе географиялық нұсқаманы және тауар шығарылған жердің атауын пайдалану құқығының иесі – осы Заңға сәйкес тауар белгісіне айрықша құқыққа немесе географиялық нұсқаманы және тауар шығарылған жердің атауын пайдалануға айрықша құқыққа ие жеке немесе заңды тұлға;
10-тармақша өзгертілді ҚР 09.07.2004  жылғы № 586 Заңымен (26.07.1999 ж. редакцияны қараңыз)
10-тармақша өзгертілді ҚР 07.04.2015 жылғы № 300-V Заңымен (10.07.2012 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 10.04.2015 жылы № 65 (28543) „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
10-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР 20.06.2022 жылғы № 128-VII Заңына сәйкес (21.01.2019 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту қолданысқа енгізіледі 21.08.2022 жылдан бастап)
11) тауар шығарылған жердің атауы – елдің, елді мекеннің, жергілікті жердің немесе басқа да географиялық объектінің қазіргі немесе тарихи, ресми немесе бейресми, толық немесе қысқартылған атауын білдіретін не атауы бар, осындай атауды қамтитын немесе осындай атаудан шыққан және ерекше қасиеттері тек қана немесе негізінен осы географиялық объектіге тән табиғи жағдайлармен және (немесе) адами факторлармен айқындалатын тауарға қатысты оны пайдалану нәтижесінде белгілі болған белгілеме. Осы географиялық объектінің аумағында тауар өндірудің тауардың ерекше қасиеттерінің қалыптасуына елеулі әсер ететін барлық сатысы жүзеге асырылуға тиіс;
11-тармақша өзгертілді ҚР 09.07.2004  жылғы № 586 Заңымен (26.07.1999 ж. редакцияны қараңыз)
11-тармақша өзгертілді ҚР 07.04.2015 жылғы № 300-V Заңымен (10.07.2012 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 10.04.2015 жылы № 65 (28543) „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
11-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР 20.06.2022 жылғы № 128-VII Заңына сәйкес (21.01.2019 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту қолданысқа енгізіледі 21.08.2022 жылдан бастап)
12) ұжымдық тауар таңбасы – бұл заңды тұлғалардың және (немесе) дара кәсiпкерлердiң (бұдан әрi – бiрлестiк) қауымдастығының (одағының) немесе өзге де бiрлестiгiнiң немесе бiрыңғай сапалық немесе басқа да сипаттамалары бар олар шығаратын немесе сататын тауарларды (көрсетілетін қызметтердi) белгiлеу үшiн қызмет ететiн тауар таңбасы.
12-тармақша өзгертілді ҚР 09.07.2004  жылғы № 586 Заңымен (26.07.1999 ж. редакцияны қараңыз)
2-бап. Қазақстан Республикасының тауар белгілері, қызмет көрсету белгілері, географиялық нұсқамалар және тауарлар шығарылған жерлердің атаулары туралы заңнамасы
2-баптың тақырыбы өзгертілді ҚР 07.04.2015 жылғы № 300-V Заңымен (10.07.2012 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 10.04.2015 жылы № 65 (28543) „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
2-баптың тақырыбы жаңа редакцияда жазылды ҚР 20.06.2022 жылғы № 128-VII Заңына сәйкес (21.01.2019 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту қолданысқа енгізіледі 21.08.2022 жылдан бастап)
1. Қазақстан Республикасының тауар белгілері, қызмет көрсету белгілері, географиялық нұсқамалар және тауарлар шығарылған жерлердің атаулары туралы заңнамасы Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінен, осы Заңнан және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерінен тұрады.
1-тармақ өзгертілді ҚР 07.04.2015 жылғы № 300-V Заңымен (10.07.2012 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 10.04.2015 жылы № 65 (28543) „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
1-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР 20.06.2022 жылғы № 128-VII Заңына сәйкес (21.01.2019 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту қолданысқа енгізіледі 21.08.2022 жылдан бастап)
2. Егер Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шартта осы Заңдағыдан өзге ережелер белгiленсе, халықаралық шарттың ережелерi қолданылады.
3-бап. Тауар белгілерін, қызмет көрсету белгілерін, географиялық нұсқамаларды және тауарлар шығарылған жерлердiң атауларын қорғау саласындағы уәкiлеттi мемлекеттiк орган
3-баптың тақырыбы жаңа редакцияда жазылды ҚР 20.06.2022 жылғы № 128-VII Заңына сәйкес (21.01.2019 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту қолданысқа енгізіледі 21.08.2022 жылдан бастап)
1. Уәкiлеттi мемлекеттiк орган (бұдан әрi – уәкiлеттi орган) –Қазақстан Республикасының Үкiметi айқындайтын және тауар белгілерін, қызмет көрсету белгілерін, географиялық нұсқамаларды және тауарлар шығарылған жерлердiң атауларын қорғау саласында мемлекеттiк реттеудi жүзеге асыратын мемлекеттiк орган.
1-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР 20.06.2022 жылғы № 128-VII Заңына сәйкес (21.01.2019 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту қолданысқа енгізіледі 21.08.2022 жылдан бастап)
2. Уәкiлеттi органның құзыретiне мыналар жатады:
2-тармақ өзгертілді ҚР 02.03.2007 жылғы № 237 Заңымен
2-тармақ өзгертілді ҚР 05.07.2011 жылғы № 452-IV Заңымен (02.03.2007 ж. редакцияны қараңыз)
2-тармақ өзгертілді ҚР 12.01.2012 жылғы № 537-IV  Заңымен
2-тармақ өзгертілді ҚР 07.04.2015 жылғы № 300-V Заңымен (10.07.2012 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 10.04.2015 жылы № 65 (28543) „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
2-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР 20.06.2018 жылғы № 161-VI Заңына сәйкес (31.10.2015 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 22.06.2018 жылы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
1) тауар белгілерін, географиялық нұсқамаларды және тауарлар шығарылған жерлердiң атауларын құқықтық қорғау саласындағы мемлекеттiк саясатты iске асыруға қатысу;
1-тармақша өзгертілді ҚР 20.06.2022 жылғы № 128-VII Заңымен (21.01.2019 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту қолданысқа енгізіледі 21.08.2022 жылдан бастап)
2) мыналарды:
2-тармақша өзгертілді ҚР 20.06.2022 жылғы № 128-VII Заңымен (21.01.2019 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту қолданысқа енгізіледі 21.08.2022 жылдан бастап)
2-тармақша өзгертілді ҚР 24.11.2025 жылғы № 233-VIII Заңымен (06.04.2024 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 25.01.2026 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
тауар белгілеріне, географиялық нұсқамаларға және тауарлар шығарылған жерлердің атауларына арналған өтінімдерге сараптама жүргізу қағидаларын;
тауар белгілерін, географиялық нұсқамаларды және тауарлар шығарылған жерлердің атауларын Тауар белгілерінің мемлекеттік тізілімінде, Географиялық нұсқамалардың мемлекеттік тізілімінде және Тауарлар шығарылған жерлер атауларының мемлекеттік тізілімінде тіркеу және қорғау құжаттары мен олардың телнұсқаларын беру, тіркеудің қолданысын тоқтату және оны жарамсыз деп тану қағидаларын;
тауар белгісіне айрықша құқық беруді, оны пайдалануға құқықты табыстауды Тауар белгілерінің мемлекеттік тізілімінде тіркеу қағидаларын;
Тауар белгілерінің мемлекеттік тізілімінен, Географиялық нұсқамалардың мемлекеттік тізілімінен және Тауарлар шығарылған жерлер атауларының мемлекеттік тізілімінен үзінді көшірмелер беру қағидаларын;
апелляциялық кеңестің қарсылықтарды қарау қағидаларын;
Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарға сәйкес тауар белгілеріне арналған өтінімдерді қарау қағидаларын;
патенттік сенім білдірілген өкілдер қызметінің мәселелері жөніндегі комиссия туралы ережені;
апелляциялық кеңес туралы ережені;
апелляциялық комиссия туралы ережені;
тауар белгісін Қазақстан Республикасында жалпыға бірдей белгілі деп тану жөніндегі комиссия туралы ережені;
тауар белгісін немесе тауар белгісі ретінде пайдаланылатын белгілемені Қазақстан Республикасында жалпыға бiрдей белгiлi тауар белгісі ретінде тану қағидаларын әзірлеу және бекіту;
3) тауар белгілерін, географиялық нұсқамаларды және тауарлар шығарылған жерлердің атауларын тіркеуге қатысты мәліметтерді бюллетеньде жариялау тәртібін айқындау;
3-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР 20.06.2022 жылғы № 128-VII Заңына сәйкес (21.01.2019 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту қолданысқа енгізіледі 21.08.2022 жылдан бастап)
4) патенттік сенім білдірілген өкіл қызметімен айналысуға үміткер адамдарды аттестаттау, оларды патенттік сенім білдірілген өкілдердің тізілімінде (тізілімдерінде) тіркеу, патенттік сенім білдірілген өкілдердің тізілімінен (тізілімдерінен) шығару, патенттік сенім білдірілген өкілдің куәлігін жарамсыз деп тану және патенттік сенім білдірілген өкілдердің тізіліміндегі (тізілімдеріндегі) мәліметтердің күшін жою;
4-тармақша өзгертілді ҚР 24.11.2025 жылғы № 233-VIII Заңымен (06.04.2024 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 25.01.2026 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
5) тармақша алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
5-тармақша алынып тасталды ҚР 24.11.2025 жылғы № 233-VIII Заңына сәйкес (06.04.2024 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 25.01.2026 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
6) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру.
3-1-бап. Сараптама ұйымы
Заң 3-1-баппен толықтырылды ҚР 09.07.2004  жылғы № 586 Заңына сәйкес
3-1-бап өзгертілді ҚР 10.07.2012 жылғы № 34-V Заңымен (12.01.2012 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін қолданысқа енгізіледі) 17.07.2012 жылғы "Егемен Қазақстан" Республикалық газетінде жарияланды.
3-1-бап өзгертілді ҚР 07.04.2015 жылғы № 300-V Заңымен (10.07.2012 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 10.04.2015 жылы № 65 (28543) „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
3-1-бап жаңа редакцияда жазылды ҚР 20.06.2018 жылғы № 161-VI Заңына сәйкес (31.10.2015 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 22.06.2018 жылы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорынның ұйымдық-құқықтық нысанында құрылған, өз қызметінде уәкілетті органға ведомстволық бағынысты сараптама ұйымы:
1) тауар белгілеріне, географиялық нұсқамаларға және тауар шығарылған жерлердiң атауларына арналған өтінімдерге сараптама жүргізеді;
1-тармақша өзгертілді ҚР 24.11.2025 жылғы № 233-VIII Заңымен (06.04.2024 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 25.01.2026 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)