Осы Кодексте пайдаланылатын негізгі ұғымдар:
Отправить по почте
Қазақстан Республикасының Су Кодексі Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 9 шілдедегі № 481-II Кодексі
Құжат мәтініндегі «жер қойнауын пайдалану және қорғау жөніндегі уәкілетті органның», «жер қойнауын пайдалану және қорғау жөніндегі уәкілетті органмен», «жер қойнауын пайдалану және қорғау жөніндегі уәкілетті орган», «жер қойнауын пайдалану мен қорғау жөніндегі уәкілетті орган», «жер қойнауын пайдалану мен қорғау жөніндегі уәкілетті органның», «жер қойнауын пайдалану мен қорғау жөніндегі уәкілетті органмен», «жер қойнауын пайдалану мен қорғау жөніндегі уәкілетті органға» сөздері «жер қойнауын зерделеу мен пайдалану жөніндегі уәкілетті органның», «жер қойнауын зерделеу мен пайдалану жөніндегі уәкілетті органмен», «жер қойнауын зерделеу мен пайдалану жөніндегі уәкілетті орган», «жер қойнауын зерделеу мен пайдалану жөніндегі уәкілетті органның», «жер қойнауын зерделеу мен пайдалану жөніндегі уәкілетті органмен», «жер қойнауын зерделеу мен пайдалану жөніндегі уәкілетті органға»; «Қазақстан Республикасының қоршаған ортаны қорғау саласындағы орталық атқарушы органымен», «Қазақстан Республикасының қоршаған ортаны қорғау саласындағы орталық атқарушы органының», «Қазақстан Республикасының қоршаған ортаны қорғау жөніндегі орталық атқарушы органы», «Қазақстан Республикасының қоршаған ортаны қорғау саласындағы орталық атқарушы органы», «Қазақстан Республикасының қоршаған ортаны қорғау саласындағы орталық атқарушы органына» сөздері «қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті мемлекеттік органмен», «қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті мемлекеттік органның», «қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган», «қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті мемлекеттік органға» сөздерімен ауыстырылды ҚР 09.01.2007 жылғы № 213 Заңы бойынша (07.07.2006 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 17.01.2007 жылғы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды Құжат мәтініндегі «су қорын пайдалану және қорғау саласындағы уәкілетті орган», «су қорын пайдалану және қорғау саласындағы уәкілетті органмен», «су қорын пайдалану және қорғау саласындағы уәкілетті органның», «су қорын пайдалану және қорғау саласындағы уәкілетті органға», «су қорын пайдалану және қорғау саласындағы уәкілетті органда» сөздері «уәкілетті орган», «уәкілетті органмен», «уәкілетті органның», «уәкілетті органға», «уәкілетті органда» сөздерімен ауыстырылды ҚР 12.02.2009 жылғы № 132-іV Заңы бойынша (29.12.2008 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 21.02.2009 жылғы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды Құжат мәтініндегі «жануарлар мен өсімдіктер» сөздері «өсімдіктер мен жануарлар» сөздерімен ауыстырылды ҚР 25.01.2012 жылғы № 548-іV Заңы бойынша (22.07.2011 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 11.02.2012 жылғы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды Құжат мәтініндегі «жер қойнауын зерделеу мен пайдалану жөніндегі», «жер қойнауын зерттеу мен пайдалану жөніндегі», «жер қойнауын зерделеу және пайдалану жөніндегі», «жер қойнауын зерттеу және пайдалану жөніндегі» сөздері «жер қойнауын зерттеу жөніндегі» сөздерімен ауыстырылды ҚР 27.12.2017 жылғы № 126-Vі Заңына сәйкес (11.07.2017 ж. редакцияны қараңыз) Құжат мәтініндегі «халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы уәкілетті органмен», «халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы уәкілетті орган», «халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы уәкілетті органның», «халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы уәкілетті органмен», «халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы уәкілетті органмен», «халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы уәкілетті орган», «халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы уәкілетті органның», «халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы уәкілетті органға» және «халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы уәкілетті органға» сөздері «халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік органмен», «халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік орган», «халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік органның», «халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік органмен», «халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік органмен», «халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік орган», «халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік органның», «халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік органға» және «халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік органға» сөздермен ауыстырылды ҚР 28.10.2019 жылғы № 268-Vі Заңына сәйкес (19.04.2019 ж. редакцияны қараңыз)
1-БӨЛіМ. Жалпы ережелер
1-тарау. Негізгі ережелер
1-бап. Осы Кодексте пайдаланылатын негізгі ұғымдар
1-бап өзгертілді ҚР 31.01.2006 жылғы № 125-ііі Заңымен (10.01.2006 ж. редакцияны қараңыз) 1-бап өзгертілді ҚР 09.01.2007 жылғы № 213-ііі Заңымен (07.07.2006 ж. редакцияны қараңыз) 1-бап өзгертілді ҚР 19.12.2007 жылғы № 11-іV Заңымен (12.02.2009 ж. редакцияны қараңыз) 1-бап өзгертілді ҚР 12.02.2009 жылғы № 132-іV Заңымен (29.12.2008 ж. редакцияны қараңыз)
Осы Кодексте пайдаланылатын негізгі ұғымдар:
1) ағын су - ойпаңды жер бетінде ылдиға құлай аққан судың қозғалысымен сипатталатын су объектісі;
2) акватория - табиғи, жасанды немесе шартты шекаралармен шектелген су кеңістігі;
2-1) ауызсу – сапасы бойынша белгіленген ұлттық стандарттарға және гигиеналық нормативтерге сай келетін, халықтың ауызсу және шаруашылық-ауызсу мұқтаждарына арналған табиғи күйіндегі немесе өңделгеннен кейінгі су;
1-бап 2-1-тармақшамен толықтырылды ҚР 15.06.2015 жылғы № 322-V Заңына сәйкес (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 17.06.2015 жылы № 112 (28590) „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
3) ауыз сумен жабдықтаудың баламасыз көздері - су тұтынушылар үшін ауыз сумен жабдықтаудың олардың ауыстырылуы мүмкін емес және мақсатқа сай келмейтін бірден-бір көздері;
3-1) ауызсумен және (немесе) шаруашылық-ауызсумен жабдықтау (бұдан әрі – ауызсумен жабдықтау) – ауызсуды алуды, дайындауды, сақтауды, тасымалдауды және су тұтынушыларға беруді қамтамасыз ететін технологиялық процесс;
1-бап 3-1-тармақшамен толықтырылды ҚР 15.06.2015 жылғы № 322-V Заңына сәйкес (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 17.06.2015 жылы № 112 (28590) „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
3-2) баланстық тиесілікті бөлу шекарасы – сумен жабдықтау және су бұру жүйелерінің элементтерін иеленушілер арасында меншік, шаруашылық жүргізу немесе жедел басқару белгісі бойынша бөлу орны, бұл схемаларда көрсетіледі;
1-бап 3-2-тармақшамен толықтырылды ҚР 15.06.2015 жылғы № 322-V Заңына сәйкес (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 17.06.2015 жылы № 112 (28590) „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
3-3) балық өсіру объектілері – техникалық персоналдың болуына және уылдырықты инкубациялау жабдықтарына және балық жіберу үшін балық шабақтарын өсіру жабдықтарына, балық өсіру шаруашылығын күзетуге, балық азықтарын, кәсіпшілік және кәсіпшілік емес құрал-сайман түрлерін, сондай-ақ тор қоршамаларды сақтауға арналған күрделі емес құрылысжайлар (мобильді кешен, бір шатыр астындағы немесе жеке тұрған контейнер тәріздес құрылыстар);
1-бап 3-3-тармақшамен толықтырылды ҚР 06.04.2024 жылғы № 71-VIII Заңына сәйкес (өзгерту 08.06.2024 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
4) басқарудың бассейндік принципі - өзендердің, көлдердің және басқа да су объектілерінің бассейндері шегінде су ресурстарын әкімшілік-аумақтық бірліктер арасында бөлу кезінде іске асырылатын су қорын гидрографиялық белгілер бойынша басқару;
4-1) бөгет – судың деңгейін көтеру және (немесе) су қоймасын жасау үшін ағын судағы тежеуіш гидротехникалық құрылыс;
1-бап 4-1-тармақшамен толықтырылды ҚР 11.04.2014 жылғы № 189-V Заңына сәйкес (өзгерту қолданысқа енгізіледі 01.01.2015 жылдан бастап)
4-2) бөгеттердің қауіпсіздігі саласындағы жұмыстарды жүргізу құқығына ұйымдарды аттестаттау – заңды тұлғаның бөгеттердің қауіпсіздігі саласындағы жұмыстарды орындауға құқықтылығын уәкілетті орган ведомствосының ресми тануы;
1-бап 4-2-тармақшамен толықтырылды ҚР 11.04.2014 жылғы № 189-V Заңына сәйкес (өзгерту қолданысқа енгізіледі 01.01.2015 жылдан бастап) 4-2-тармақша өзгертілді ҚР 28.10.2019 жылғы № 268-Vі Заңымен (19.04.2019 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 16.11.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
4-3) бөгеттің қауіпсіздігі – бөгеттің апаттық бұзылудан қорғалу жай-күйі;
1-бап 4-3-тармақшамен толықтырылды ҚР 11.04.2014 жылғы № 189-V Заңына сәйкес (өзгерту қолданысқа енгізіледі 01.01.2015 жылдан бастап)
5) гидромелиорациялық жүйе - жерді суаруға, суландыруға және құрғатуға арналған технологиялық жағынан өзара байланысты гидротехникалық құрылыстар, құрылғылар мен жабдықтар кешені;
6) гидромелиорациялық кондоминиумге қатысушылар - ортақ үлестік меншік құқығындағы гидромелиорациялық кондоминиумнің құрамына кіретін бір гидромелиорациялық жүйемен немесе оның элементтерімен суарылатын жеке меншік немесе уақытша өтеулі пайдалану құқығында жер учаскесі бар жеке және (немесе) заңды тұлғалар;
6-1) гидромелиорациялық іс-шаралар – гидромелиорациялық жүйелер, сондай-ақ жеке орналасқан гидротехникалық құрылыстар көмегімен топырақтың су режимін реттеу;
7) гидротехникалық құрылыстар - су ресурстарын басқару, су пайдаланушыларға су беру, сумен жабдықтау және су бұру, судың зиянды әсерінің алдын алу үшін пайдаланылатын инженерлік құрылыстар;
7-1) елді мекендердің ауызсумен жабдықтау жүйесі – су тұтынушыларды ауызсумен қамтамасыз етуге арналған су тарту құрылыстарын, су құбырын тазартқыш құрылыстарды, таза су резервуарларын, су құбырының сорғы стансалары мен желілерін біріктіретін, өзара байланысты су объектілері мен гидротехникалық құрылыстар кешені;
1-бап 7-1-тармақшамен толықтырылды ҚР 15.06.2015 жылғы № 322-V Заңына сәйкес (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 17.06.2015 жылы № 112 (28590) „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
8) жағалау белдеуі - экологиялық талаптарды сақтай отырып, навигациялық белгілер мен жабдықтарды орнатуға арналған су объектілері жағалауының бойындағы жағалау жиегінен ені жиырма метр құрлық белдеуі;
9) жағалау жиегі - су объектісі жағалауының судың барынша көтерілуі (лық толуы) нәтижесінде пайда болатын жиегі;
9-1) жерасты сулары – жер қойнауындағы су шоғырланымдары;
1-бап 9-1-тармақшамен толықтырылды ҚР 27.12.2017 жылғы № 126-Vі Заңына сәйкес (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін 6 (алты) ай өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 28.12.2017 жылы № 249 (28628) „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
10) жер асты суларының бассейні - жер қойнауында орналасқан су тұтқыш жиектер жиынтығы;
11) жер асты суларының көздері мен учаскелері - шегінде жер асты суларын шығару мен алу үшін қолайлы жағдайлары бар су тұтқыш жиектердің бөліктері;
12) жер асты шаруашылық-ауыз сулары - өзінің табиғи жай-күйіндегі немесе өңделгеннен кейінгі сапасы бойынша нормативтік талаптарға сай келетін және адамның ауыз суға және шаруашылық қажетіне, не ауыз су өнімдерін өндіруге арналған жерасты сулары;
12-тармақша өзгертілді ҚР 15.06.2015 жылғы № 322-V Заңымен (29.12.2014 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 17.06.2015 жылы № 112 (28590) „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
13) жер үсті су объектілері - шекарасы, көлемі мен су режимі бар, құрлық бетінде оның бедері нысанында сулардың тұрақты немесе уақытша жинақталуы;
13-1) зиянды заттардың жол берілетін шоғырлануы – су бұру жүйесіне ағызылатын, су тұтынушының сарқынды суларында болатын зиянды заттардың жол берілетін шамасы;
1-бап 13-1-тармағымен толықтырылды ҚР 22.07.2011 жылғы № 479-іV Заңына сәйкес (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін 10 (он) күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 13-1-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР 15.06.2015 жылғы № 322-V Заңына сәйкес (29.12.2014 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 17.06.2015 жылы № 112 (28590) „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
13-2) коммуналдық шаруашылық саласындағы уәкілетті орган – елді мекендер шегінде сумен жабдықтау және су бұру саласындағы басшылықты және салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;
1-бап 13-2-тармақшамен толықтырылды ҚР 15.06.2015 жылғы № 322-V Заңына сәйкес (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 17.06.2015 жылы № 112 (28590) „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
13-3) көпфакторлы зерттеп-қарау – судың зиянды әсерінің алдын алу мақсатында гидротехникалық құрылысжайлар мен негізгі жабдықтың техникалық жай-күйін бағалау, көзбен қарап-тексеру әдісімен және инженерлік (геодезиялық, геофизикалық, геотехникалық, гидрографиялық және басқа да) зерттеулер кешенін жүргізу арқылы олардың элементтерінің қалған ресурсын айқындау;
1-бап 13-3-тармақшамен толықтырылды ҚР 28.10.2019 жылғы № 268-Vі Заңына сәйкес (өзгерту 16.11.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
14) қайтарымды сулар - суармалы аумақтардан ағатын жер асты және жер үсті сулары немесе өнеркәсіп орындары, тұрмыстық сумен жабдықтау құрылғылары және коммуналдық кәсіпорындар ағызатын сулар;
15) құбырлы сүзгіш құдық – су тұтқыш қабаттың үстіңгі бетінің біріншісіне бекітілетін бірқатар тесіктері бар құбыр кесіндісі;
15-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР 27.12.2017 жылғы № 126-Vі Заңына сәйкес (11.07.2017 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін 6 (алты) ай өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 28.12.2017 жылы № 249 (28628) „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
16) мелиорацияланған жерлер - мелиорациялық (агроорман-мелиорациялық, агротехникалық, гидромелиорациялық, химиялық) іс-шаралар жүргізілген жерлер;
16-тармақша өзгертілді ҚР 13.06.2013 жылғы № 102-V Заңымен (24.12.2012 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) 14.06.2013 жылғы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды.
17) минералды жерасты сулары - өзінің құрамы және (немесе) кейбір ерекше компоненттерінің мөлшері бойынша оң бальнеологиялық әсер ететін жерасты сулары;
18) өзендерге теңестірілген каналдар - суды бір бассейннен екіншісіне, сондай-ақ бір өзен жүйесінен екіншісіне ауыстыруға арналған жасанды құрылыстар;
18-1) өнеркәсіптік жерасты сулары – құрамындағы пайдалы қазбаларды (сирек кездесетін элементтер, галогендер және басқалар) айырып алу үшін пайдаланылатын жерасты сулары;
1-бап 18-1-тармақшамен толықтырылды ҚР 27.12.2017 жылғы № 126-Vі Заңына сәйкес (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін 6 (алты) ай өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 28.12.2017 жылы № 249 (28628) „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
19) өндірістік-техникалық жерасты сулары - өзінің сапасы мен физикалық қасиеттері бойынша өндірістік-техникалық сумен жабдықтау үшін пайдаланылатын немесе пайдаланылуы мүмкін жерасты сулары;
19-1) пайдалану жауапкершілігін бөлу шекарасы – тараптардың келісімімен белгіленетін, сумен жабдықтау және су бұру жүйелерінің элементтерін міндеттер (оларды пайдаланғаны үшін жауапкершілік) белгісі бойынша бөлу орны. Мұндай келісім болмаған кезде, пайдалану жауапкершілігінің шекарасы баланстық тиесілікті бөлу шекарасы бойынша белгіленеді
1-бап 19-1-тармақшамен толықтырылды ҚР 15.06.2015 жылғы № 322-V Заңына сәйкес (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 17.06.2015 жылы № 112 (28590) „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
20) санитарлық қорғау аймағы - су сапасы нашарлауының алдын алу үшін сумен жабдықтау көзін (ашық және жер асты), су құбыры құрылыстарын және оларды қоршаған аумақты қорғау мақсатында белгіленген режим сақталуға тиіс сумен жабдықтау көзі мен су құбыры құрылыстарының төңірегінде арнайы бөлінетін аумақ;
21) сарқынды сулар - адамның шаруашылық қызметі нәтижесінде пайда болатын немесе табиғи немесе жасанды су объектілеріне немесе жер бедеріне ағызып жіберілетін ластанған аумақтағы сулар;
21-1) сарқынды суларды тазартқыш құрылыстар кешендері – сарқынды суларды табиғи биологиялық тазартуға арналған жасанды су объектілерін қоса алғанда, химиялық реагенттерді қолданып немесе қолданбай, елді мекендердің сарқынды суларын механикалық және биологиялық тазарту құрылыстары;
1-бап 21-1-тармақшамен толықтырылды ҚР 15.06.2015 жылғы № 322-V Заңына сәйкес (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 17.06.2015 жылы № 112 (28590) „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
21-2) сарқынды суларды табиғи биологиялық тазартуға арналған жасанды су объектілері – жинағыш тоғандар, буландырғыш тоғандар, биологиялық тоғандар, сүзгі алқаптары, суару алқаптары;
1-бап 21-2-тармақшамен толықтырылды ҚР 15.06.2015 жылғы № 322-V Заңына сәйкес (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 17.06.2015 жылы № 112 (28590) „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
22) суару каналы - суару көздерінен суаруды қажет ететін учаскелерге су тасымалдауға арналған жасанды құрылыс;
23) су бұру - сарқынды суларды жинауды, тасымалдауды, тазартуды және су бұру жүйелері арқылы су объектілеріне және (немесе) жер бедеріне бұруды қамтамасыз ететін іс-шаралардың жиынтығы;
23-1) су бұрудың оқшау тазартқыш құрылыстары – су тұтынушының өзінің сарқынды суларын тазартуға арналған құрылыстары мен құрылғыларының жиынтығы;
1-бап 23-1-тармақшамен толықтырылды ҚР 15.06.2015 жылғы № 322-V Заңына сәйкес (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 17.06.2015 жылы № 112 (28590) „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
24) су бұру жүйесі - сарқынды суларды жинауға, тасымалдауға, тазартуға және бұруға бағытталған инженерлік желілер мен құрылыстардың кешені;
25) су бөлу орны - су пайдаланушы су көзінен су алатын орын, сондай-ақ, су пайдаланушы су тұтынушыға су ресурстарын беретін орындағы гидробекет;
25-1) суды есепке алу аспабы – нормаланған метрологиялық сипаттамалары бар, белгілі бір уақыт аралығы ішінде физикалық шама бірлігін жаңғыртатын және сақтайтын, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен суды коммерциялық есепке алу үшін қолдануға рұқсат етілген, судың (ауызсу, техникалық, сарқынды және сулардың басқа да түрлерінің) көлемін өлшеуге арналған техникалық құрал;
1-бап 25-1-тармақшамен толықтырылды ҚР 15.06.2015 жылғы № 322-V Заңына сәйкес (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 17.06.2015 жылы № 112 (28590) „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
Эта возможность доступна только для зарегистрированных пользователей. Пожалуйста, войдите или зарегистрируйтесь. |
|
Регистрация |