Toggle Dropdown
202
Мемлекеттік мүлік туралы
Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы № 413-IV Заңы
Toggle Dropdown
Редакция 09.09.2024 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
Toggle Dropdown
Осы Заң мемлекеттік мүліктің құқықтық режимін, мемлекеттік мүлікті, оның ішінде мемлекеттік заңды тұлғаларға бекітіліп берілген мүлікті және заңды тұлғалардың жарғылық капиталындағы мемлекетке тиесілі акциялар мен қатысу үлестерін басқарудың құқықтық негіздерін, мемлекеттік мүлікке құқықтарға ие болудың және оларды тоқтатудың құқықтық негіздерін айқындайды және мемлекеттің мемлекеттік мүлікке меншік иесінің құқықтарын және өзге де құқықтарды иеленушінің тиімді жүзеге асыруын қамтамасыз етуге бағытталған.
Toggle Dropdown
1
1-Бөлім. Мемлекеттік мүлік туралы негізгі ережелер
Toggle Dropdown
1-тарау. Мемлекеттік мүлікті басқару туралы жалпы ережелер
Toggle Dropdown
11
1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар
Toggle Dropdown
Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
Toggle Dropdown
1) аудандық коммуналдық заңды тұлғалар – аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары құрған аудандық мемлекеттік кәсіпорындар мен аудандық мемлекеттік мекемелер;
Toggle Dropdown
2) аудандық коммуналдық мүлік – ауданның, облыстық маңызы бар қаланың мүлкі, оның ішінде ауданның, облыстық маңызы бар қаланың бюджеті және аудандық коммуналдық заңды тұлғаларға бекітіліп берілмеген өзге де мүлік, сондай-ақ аудандық коммуналдық заңды тұлғаларға бекітіліп берілген мүлік;
Toggle Dropdown
2-1-тармақша халық саны екі мың адамнан көп аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер үшін – 2018 жылғы 1 қаңтардан бастап және халық саны екі мың адам және одан аз аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер үшін 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі ҚР 11.07.2017 жылғы № 90-VІ Заңының 2-бабының 1-тармақшасына сәйкес
2-1) аудандық маңызы бар қаланың, ауылдың, кенттің, ауылдық округтің коммуналдық мүлкі (бұдан әрі – жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық мүлкі) – аудандық маңызы бар қаланың, ауылдың, кенттің, ауылдық округтің мүлкі, оның ішінде аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ бюджетінің қаражаты, сондай-ақ жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық заңды тұлғаларына бекітіп берілген және (немесе) бекітіп берілмеген мүлік;
Toggle Dropdown
1
2-2) тармақша алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
Toggle Dropdown
2-3) әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорация – облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдарының шешімімен құрылған, акцияларының бақылау топтамасы мемлекетке тиесілі, өңірдің экономикасын дамытуға жәрдемдесуді жүзеге асыратын, акционерлік қоғам нысанындағы өңірлік даму институты;
Toggle Dropdown
2-4) байқау кеңесінің тәуелсіз мүшесі – осы шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорынның үлестес тұлғасы болып табылмайтын және өзі байқау кеңесіне сайланар алдындағы үш жыл ішінде ондай тұлға болмаған, осы мемлекеттік кәсіпорынның үлестес тұлғаларына қатысты үлестес тұлға болып табылмайтын; осы шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорынның немесе осы мемлекеттік кәсіпорынның үлестес тұлғаларының – ұйымдарының лауазымды адамдарына бағынышты болумен байланысты емес және өзі байқау кеңесіне сайланар алдындағы үш жыл ішінде сол тұлғаларға бағынышты болумен байланысты болмаған; мемлекеттік қызметші болып табылмайтын; аудиторлық ұйым құрамында жұмыс істейтін аудитор ретінде осы мемлекеттік кәсіпорынның аудитіне қатыспайтын және өзі байқау кеңесіне сайланар алдындағы үш жыл ішінде мұндай аудитке қатыспаған байқау кеңесінің мүшесі;
Toggle Dropdown
3) даму жоспары – мемлекеттік кәсіпорынның, акцияларының бақылау пакеті (жарғылық капиталға қатысу үлесі) мемлекетке тиесілі акционерлік қоғам мен жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің бесжылдық кезеңге арналған негізгі қызмет бағыттарын және қаржы-шаруашылық қызметінің көрсеткіштерін айқындайтын құжат;
Toggle Dropdown
4) тармақша алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
Toggle Dropdown
5) есепке алу объектісі – мемлекеттік мүлік тізілімінде есепке алынатын мемлекеттік мүлік;
Toggle Dropdown
6) жекешелендіру – мемлекеттік мүлікті мемлекеттік ислам арнайы қаржы компаниясына сатуды қоспағанда, мемлекеттің осы Заңда белгіленген арнайы рәсімдер шеңберінде мемлекеттік мүлікті жеке тұлғаларға, мемлекеттік емес заңды тұлғаларға сатуы;
Toggle Dropdown
6-1-тармақша халық саны екі мың адамнан көп аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер үшін – 2018 жылғы 1 қаңтардан бастап және халық саны екі мың адам және одан аз аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер үшін 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі ҚР 11.07.2017 жылғы № 90-VІ Заңының 2-бабының 1-тармақшасына сәйкес
6-1) жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық заңды тұлғалары – мүлкі аудандық маңызы бар қаланың, ауылдың, кенттің, ауылдық округтің коммуналдық меншігіндегі (жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық меншігіндегі) коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындар мен коммуналдық мемлекеттік мекемелер;
Toggle Dropdown
7) коммуналдық заңды тұлғалар – мүлкі коммуналдық меншікте тұрған коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындар мен коммуналдық мемлекеттік мекемелер;
Toggle Dropdown
8) коммуналдық мүлік – әкімшілік-аумақтық бөліністердің мүлкі;
Toggle Dropdown
8-1) корпоративтік басқару – мемлекеттік кәсіпорындардың және мемлекет қатысатын заңды тұлғалардың қызметін басқаруды қамтамасыз ететін және меншік иесі (акционер), байқау кеңесі (директорлар кеңесі), атқарушы орган (басқарма), мемлекеттік кәсіпорындардың және мемлекет қатысатын заңды тұлғалардың өзге де органдары мен меншік иесінің (акционердің) мүддесі үшін мүдделі тұлғалар арасындағы қатынастарды қамтитын процестердің жиынтығы;
Toggle Dropdown
9) Қазақстан Республикасының стратегиялық объектiге ие болуының басым құқығы - стратегиялық объект тиесiлi жеке тұлғадан немесе мемлекеттiк емес заңды тұлғадан, осындай тұлға стратегиялық объектiнi иелiктен шығару жөнiнде мәмiле жасасуды ниет етiп отырған жағдайда, сондай-ақ стратегиялық объектiге өндiрiп алу қолданылған не оңалтуды немесе банкроттықты басқарушы мүліктік (тарату) массасының құрамында стратегиялық объектiнi иелiктен шығарған не кепiл ұстаушы кепiлге салынған мүлiктi (стратегиялық объектiнi) соттың қарауынан тыс тәртiппен өткiзген не стратегиялық объектiге сот актiсiнiң негiзiнде өндiрiп алу қолданылған жағдайда, Қазақстан Республикасының стратегиялық объектiлердi нарықтық құны бойынша сатып алуға үшiншi тұлғалар алдындағы басым құқығы;
Toggle Dropdown
10) қазыналық кәсіпорын – мемлекет жедел басқару құқығында бөліп берген мүлкі бар коммерциялық ұйым;
Toggle Dropdown
11) мемлекет мұқтажы – мемлекеттің функцияларынан туындайтын және қоғамдық маңызы бар мақсаттарды көздейтін мемлекет мүддесін қанағаттандыру үшін жеке меншіктегі мүліктің мемлекеттік меншікке өту қажеттігінің болуы;
Toggle Dropdown
12) мемлекет меншігіне алу – Қазақстан Республикасының мемлекет меншігіне алу туралы заңының негізінде жүзеге асырылатын, жеке тұлғаларға және мемлекеттік емес заңды тұлғаларға тиесілі мүлікті Қазақстан Республикасы мүлкінің құрамына мәжбүрлеп өтеулі түрде иеліктен шығару;
Toggle Dropdown
1
13) мемлекеттік басқарудың тиісті саласын (аясын) басқару жөніндегі уәкілетті орган (бұдан әрі – тиісті саланың уәкілетті органы) – мемлекеттік басқарудың тиісті саласын (аясын) басқаруды жүзеге асыратын және осы Заң мен Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында көзделген шарттарда республикалық мүлікке қатысты құқықтарды иеленетін, Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған орталық атқарушы орган немесе орталық атқарушы органның ведомствосы. Қазақстан Республикасының Үкіметі республикалық мүлікке қатысты құқықтарды өзге мемлекеттік органдарға берген жағдайларда, осы Заңның тиісті саланың уәкілетті органы туралы қағидалары осындай мемлекеттік органға қолданылады;
Toggle Dropdown
2
14) мемлекеттік заңды тұлғалар – мемлекеттік кәсіпорындар мен мемлекеттік мекемелер;
Toggle Dropdown
15) мемлекеттік мекеме – басқарушылық, әлеуметтік-мәдени немесе коммерциялық емес сипаттағы өзге де функцияларды жүзеге асыру үшін мемлекет құрған және қаржыландырудың қосымша көздері Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленбесе, тек қана бюджет немесе Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің бюджеті (шығыстар сметасы) есебінен қамтылатын коммерциялық емес ұйым;
Toggle Dropdown
16) мемлекеттік мекемені немесе қазыналық кәсіпорынды жедел басқару құқығы (бұдан әрі – жедел басқару құқығы) – мемлекеттен меншік иесі ретінде мүлік алған және өз қызметінің жарғылық мақсаттарына, уәкілетті мемлекеттік органдардың тапсырмаларына және мүліктің мақсатына сәйкес осы мүлікті иелену, пайдалану және оған билік ету құқығын Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінде, осы Заңда және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында белгіленген шекте жүзеге асыратын мемлекеттік мекеменің немесе қазыналық кәсіпорынның заттық құқығы;
Toggle Dropdown
16-1) мемлекеттік меншік объектілерін жекешелендіру мәселелері жөніндегі комиссия – мемлекеттік мүлікті басқару жөніндегі уәкілетті орган не жергілікті атқарушы орган осы Заңда көзделген жекешелендіру бойынша сауда-саттықты дайындау және өткізу үшін құратын алқалы орган;
Toggle Dropdown
17) мемлекеттік мүлік – республикалық және коммуналдық мүлік;
Toggle Dropdown
18) мемлекеттік мүлікті басқару – мемлекеттің (Қазақстан Республикасының немесе әкімшілік-аумақтық бөліністің) мемлекеттік меншік құқығын және өзге де мүліктік құқықтарды жүзеге асыруы;
Toggle Dropdown
19) мемлекеттік мүлікті басқару жөніндегі уәкілетті орган (бұдан әрі – мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті орган) – Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне және қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органға бекітіліп берілген мүлікті қоспағанда, өз құзыреті шегінде республикалық мүлікті басқару, мемлекеттің республикалық мүлікке құқықтарын іске асыру, экономиканың стратегиялық маңызы бар салаларында меншікті және стратегиялық объектілерді жекешелендіру мен мемлекеттік мониторинг жүргізу саласындағы басшылықты өз құзыреті шегінде жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;
Toggle Dropdown
20) мемлекеттік мүлікті есепке алу – осы Заңның 15-тарауында көзделген қағидаларға сәйкес мемлекеттік мүлік тізілімін қалыптастыру үшін есепке алу объектілері туралы ақпаратты жинау мен қорытудың ретке келтірілген жүйесі;
Toggle Dropdown
21) мемлекеттік мүлікті есепке алу саласындағы бірыңғай оператор – Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша айқындалған, өзіне мемлекеттік мүлікті ұйымдастыру және есепке алу саласында бірыңғай техникалық саясатты іске асыру жөніндегі міндеттер, сондай-ақ мемлекеттiк мүлік жөніндегі уәкiлеттi орган бекiткен тiзбеге сәйкес мемлекеттiк мүлік жөніндегі уәкiлеттi органның аумақтық бөлiмшелерiнiң активтерін басқару мен пайдалану жөніндегі функциялар жүктелген, жарғылық капиталына мемлекет қатысатын заңды тұлға;
Toggle Dropdown
22) мемлекеттік мүлік тізілімі – Қазақстан Республикасы арнаулы мемлекеттік органдарының, Қарулы Күштерінің, басқа да əскерлері мен əскери құралымдарының жедел басқаруындағы мүлікті жəне мемлекеттік материалдық резервті қоспағанда, мемлекеттік мүлікті есепке алудың бірыңғай ақпараттық автоматтандырылған жүйесі;
Toggle Dropdown
23) мемлекеттің мүліктік құқықтары – мемлекеттің мыналарды:
Toggle Dropdown
мемлекеттік меншік құқығын;
Toggle Dropdown
мемлекеттің өзге де заттық құқықтарын (сервитутты, жалға алуды, мүлікті өтеусіз пайдалануды және басқаларын);
Toggle Dropdown
мемлекеттің міндетті құқықтарын (талап ету құқықтарын);
Toggle Dropdown
мемлекетке тиесілі зияткерлік меншік объектілеріне ерекше құқықтарды;
Toggle Dropdown
мұрагерлік құқықтарды;
Toggle Dropdown
мемлекеттің Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген өзге де мүліктік құқықтарын қамтитын мүлікке құқықтары;
Toggle Dropdown
24) мүдделер қайшылығы – байқау кеңесі мүшесінің жеке мүдделілігі мен оның өз лауазымдық өкілеттіктерін тиісінше орындауы немесе жеке және заңды тұлғалардың, мемлекеттің заңды мүдделері арасындағы осы заңды мүдделерге зиян келтіре алатын қарама-қайшылық туындайтын кездегі жағдай;
Toggle Dropdown
1
25) мүлікті мемлекет мұқтажы үшін мәжбүрлеп иеліктен шығару – жер учаскесін мемлекеттік мүлік құрамына алып қоюға байланысты жеке тұлғаларға немесе мемлекеттік емес заңды тұлғаларға тиесілі жер учаскесін немесе өзге де жылжымайтын мүлікті алып қою, Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген ерекше жағдайларда және құны тең бағамен өтелген жағдайда мемлекет мұқтажы үшін жүргізілетін реквизициялау, мемлекет меншігіне алу;
Toggle Dropdown
26) облыстық коммуналдық заңды тұлғалар – облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдары құрған облыстық мемлекеттік кәсіпорындар мен облыстық мемлекеттік мекемелер;
Toggle Dropdown
27) облыстық коммуналдық мүлік – облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың мүлкі, оның ішінде облыстық бюджет және облыстық коммуналдық заңды тұлғаларға бекітіліп берілмеген өзге де мүлік, сондай-ақ аудандық коммуналдық мүлікті қоспағанда, облыстық коммуналдық заңды тұлғаларға бекітіліп берілген мүлік;
Toggle Dropdown
28) реквизициялау – дүлей зілзала, авариялар, эпидемия, эпизоотия жағдайында, соғыс жағдайындағы іс-қимыл кезеңінде немесе соғыс уақытында және төтенше сипаттағы өзге де мән-жайлар кезінде мүліктің құнын меншік иесіне төлей отырып, мүлікті мемлекеттік органдардың шешімі бойынша меншік иесінен қоғам мүддесі үшін алып қою;
Toggle Dropdown
29) республикалық заңды тұлғалар – мүлкі республикалық меншікте тұрған республикалық мемлекеттік кәсіпорындар мен республикалық мемлекеттік мекемелер;
Toggle Dropdown
30) республикалық мүлік – коммуналдық мүлікті қоспағанда, Қазақстан Республикасының мүлкі;