Уважаемые пользователи, процесс скачивания данного документа займет несколько минут.
Внимание! Документ утратил силу с 29.06.2018 г.
Документ на казахском языке
Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы
Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 24 маусымдағы № 291-IV Заңы
Осы Заң күшін жойды 2018 жылдың 29 маусымнан бастап ҚР 27.12.2017 жылғы № 125-VI Кодексіне сәйкес, Кодекстiң 277-бабында белгiленген ережелерді қоспағанда
Осы Заң жер қойнауын пайдалану саласындағы қоғамдық қатынастарды реттейді және Қазақстан Республикасының мүдделерін қорғауға, жер қойнауын ұтымды әрі кешенді зерттеу мен пайдалануға бағытталған.
1-тарау. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР
1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар
Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) авторлық қадағалау - жер қойнауын пайдаланушының жобалау құжаттарының ережелерін сақтауына жобалау жұмыстарына арналған мердігерлік шартқа сәйкес жобалау құжатын жасаған жобалаушы ұйым жүзеге асыратын мониторинг;
1-1) аз зерттелген жер қойнауы учаскелері – болжамды ресурстарының перспективалары алдын ала бағаланған жер қойнауы учаскелері;
1-бап 1-1-тармақшамен толықтырылды ҚР 29.12.2014 жылғы № 271-V Заңына сәйкес (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 31.12.2014 жылы № 255 (28478) „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
2) айналыстан шыққан қорлар – өндiру процесiнде түзiлетiн іс жүзіндегі ысыраптарды қоса алғанда, өндiрiлген және мемлекеттік баланстан шығарылатын пайдалы қазбалар қорларының көлемі;
2-тармақша өзгертілді ҚР 29.12.2014 жылғы № 271-V Заңымен (07.11.2014 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 31.12.2014 жылы № 255 (28478) „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
2-1) аукцион – аукционға қатысуға өтінім берген конкурсқа қатысушылар арасынан жеңімпазды айқындаудың оңайлатылған рәсімі;
1-бап 2-1-тармақшамен толықтырылды ҚР 29.12.2014 жылғы № 271-V Заңына сәйкес (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 31.12.2014 жылы № 255 (28478) „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
3) бағалау жұмыстары – табылған кен орнын бағалау, қорларды өнеркәсіптік санаттар бойынша есептеу және оны өнеркәсіптік игеруге тартудың орындылығын техникалық-экономикалық негiздеу мақсатында жүргiзiлетiн геологиялық-барлау жұмыстарының сатысы;
3-тармақша өзгертілді ҚР 29.12.2014 жылғы № 271-V Заңымен (07.11.2014 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 31.12.2014 жылы № 255 (28478) „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
4) бағалау жұмыстарының жобасы – пайдалы қазбалардың перспективті учаскелері мен көрініс-белгілері табылған жағдайда барлау жүргізу кезінде жасалатын, анықталған кен орнының өнеркәсiптiк маңызын геологиялық-экономикалық бағалау, қорларды есептеу және оны өнеркәсiптiк игеруге тартудың орындылығын техникалық-экономикалық негiздеу үшiн қажетті және жеткілікті ақпарат алуға бағытталған геологиялық-барлау жұмыстарының әдiстемесiн, түрлері мен көлемiн белгiлейтiн жобалау құжаты;
4-тармақша өзгертілді ҚР 29.12.2014 жылғы № 271-V Заңымен (07.11.2014 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 31.12.2014 жылы № 255 (28478) „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
5) барлау – пайдалы қазбалар кен орындарының өнеркәсіптік маңызын бағалай отырып, оларды іздеумен және геологиялық зерттеумен байланысты жұмыстар (операциялар);
5-тармақша өзгертілді ҚР 29.12.2014 жылғы № 271-V Заңымен (07.11.2014 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 31.12.2014 жылы № 255 (28478) „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
5-1) барлауға арналған үлгілік келісімшарт – барлау құқығы осы Заңға сәйкес оңайлатылған тәртіппен берілетін тұлғамен құзыретті орган бекітетін нысан бойынша жасалатын келісімшарт;
1-бап 5-1-тармақшамен толықтырылды ҚР 29.12.2014 жылғы № 271-V Заңына сәйкес (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 31.12.2014 жылы № 255 (28478) „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
5-2) барлаумен және (немесе) өндірумен байланысты жерасты құрылыстарын салу және (немесе) пайдалану – барлау және (немесе) өндіру жөніндегі жұмыстардың нәтижесінде түзілетін, барлауға және (немесе) өндіруге арналып бекітілген жобалау құжатына сәйкес өндірістік қалдықтарды көмуге және жиып қоюға арналған жерасты құрылыстарын салу және (немесе) пайдалану жөніндегі жұмыстар;
1-бап 5-2-тармақшамен толықтырылды ҚР 29.12.2014 жылғы № 271-V Заңына сәйкес (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 31.12.2014 жылы № 255 (28478) „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
6) барлаумен және (немесе) өндірумен байланысты емес жерасты құрылыстарын салу және (немесе) пайдалану - мұнай мен газды сақтау үшін жерасты немесе топырақ қабатынан төмен тереңдіктегі құрылыстар, тоннельдер, метрополитендер, қорларды жасанды толтыру үшін жер қойнауына жерасты суларын айдауға арналған құрылыстар, қатты, сұйық және радиоактивті қалдықтарды, зиянды улы заттарды көму мен жиып қою және сарқынды әрі өнеркәсіптік суларды жер қойнауына ағызу үшін өңделген қазба қалдықтарының қоймаларын, шөгінді қоймаларын салу және (немесе) пайдалану жөніндегі жұмыстар;
7) газды технологиялық тұрғыдан еріксіз жағу – технологиялық жабдықты қосу-жөнге келтіру, пайдалану, техникалық қызмет көрсету мен жөндеу кезінде, сондай-ақ технологиялық жабдықтың жұмысындағы технологиялық іркілістер, істен шығу мен ауытқулар кезінде оны қайта өңдеудің және (немесе) кәдеге жаратудың техникалық мүмкіндігінің болмауына байланысты газды қайта өңдеудің технологиялық процестері кезінде ілеспе және (немесе) табиғи газды жағу;
7-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР 25.04.2016 жылғы № 505-V Заңына сәйкес (08.04.2016 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 27.04.2016 жылы № 79 (28807) „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
8) геологиялық ақпарат – жер қойнауы мен олардың учаскелерінің, кен орындары мен пайдалы қазбалар денелерінің заттай құрамы, геологиялық құрылысы және тарихы, геологиялық, геохимиялық, геофизикалық, гидрогеологиялық, геоморфологиялық және тектоникалық ерекшеліктері туралы табиғи және жасанды (қағаз, электрондық) және басқа да жеткізгіштердегі ақпаратты қамтитын материалдардың жиынтығы, келісімшарттық аумақтағы геологиялық барлау жұмыстарының нәтижелері туралы мәтіндік, картографиялық және техникалық құжаттама түріндегі мәлiметтер;
8-тармақша өзгертілді ҚР 29.12.2014 жылғы № 271-V Заңымен (07.11.2014 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 31.12.2014 жылы № 255 (28478) „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
9) геологиялық бөлу – барлауға, өндіруге, бiрлескен барлау мен өндiруге арналған келiсiмшарттың ажырамас бөлiгi болып табылатын, жер қойнауын пайдаланушы барлау жүргiзуге құқылы жер қойнауы учаскесiн схемалық және сипаттамалық тұрғыдан айқындайтын қосымша;
9-тармақша өзгертілді ҚР 29.12.2014 жылғы № 271-V Заңымен (07.11.2014 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 31.12.2014 жылы № 255 (28478) „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
9-1) есепке алудың бақылау аспаптары – мұнайды өндіру, шығару, дайындау, өңдеу, тасымалдау, сақтау, өткізу, тиеп-жөнелту, оның ысырабы, оны Қазақстан Республикасының аумағына әкелу және Қазақстан Республикасының аумағынан әкету көлемдерін өлшеуді, сондай-ақ мұнайды есепке алу ақпараттық жүйесінің операторына ақпаратты нақты уақыт режимінде беруді қамтамасыз ететін, Қазақстан Республикасының өлшем бірлігін қамтамасыз ету саласындағы заңнамасына сәйкес қолдануға рұқсат етілген техникалық құрылғылар кешені;
1-бап 9-1-тармақшамен толықтырылды ҚР 29.12.2014 жылғы № 271-V Заңына сәйкес (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 31.12.2014 жылы № 255 (28478) „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
10) жағалау жиегі – судың барынша көтерілуі (судың толуы) салдарынан пайда болатын су объектісі жағалауының жиегі;
11) жерасты сулары – жер қойнауында болатын және осы Заң мен Қазақстан Республикасының су заңнамасына сәйкес пайдаланылатын сулар жиналымы;
12) жер қойнауы – топырақ қабатынан төмен орналасқан, ал топырақ қабаты жоқ кезде – жер бетінен және теңіздердің, көлдердің, өзендердің және басқа да су айдындарының түбінен төмен орналасқан, ғылыми-техникалық прогресті ескере отырып, жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізуге болатын тереңдікке дейін созылып жатқан жер қыртысының бөлігі;
12-тармақша өзгертілді ҚР 29.12.2014 жылғы № 271-V Заңымен (07.11.2014 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 31.12.2014 жылы № 255 (28478) „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
13) пайдалы қазбалардың нормаланған ысыраптары - деңгейі техникалық-экономикалық есептеулермен негізделген пайдалы қазбалардыөндіру кезінде игерудің қабылданған тәсілдерімен және жүйелерімен технологиялық жағынан байланысты ысыраптар;
13-тармақша өзгертілді ҚР 29.12.2014 жылғы № 271-V Заңымен (07.11.2014 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 31.12.2014 жылы № 255 (28478) „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
14) жер қойнауын зерттеу мен пайдалану жөніндегі уәкілетті орган - жер қойнауын геологиялық зерттеу, ұтымды әрі кешенді пайдалану саласында мемлекеттік саясатты іске асыру және бақылау жөніндегі функцияларды, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген жер қойнауын пайдалану саласындағы өзге де функцияларды жүзеге асыратын мемлекеттік орган;
15) жер қойнауын қауіпсіз пайдалану - жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізген кезде экологиялық, санитариялық-эпидемиологиялық және өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету;
16) жер қойнауын қорғау – Қазақстан Республикасының экологиялық заңнамасында көзделген, жер қойнауын ұтымды және кешенді пайдалануға, жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргiзу кезiнде олардың ластануын болғызбауға, осы операциялардың қоршаған ортаға зиянды әсерiн азайтуға, сондай-ақ жер қойнауын заңсыз пайдалануды анықтауға және оның жолын кесуге бағытталған іс-шаралар, оның ішінде бақылау iс-шаралары жүйесi;
16-тармақша өзгертілді ҚР 29.12.2014 жылғы № 271-V Заңымен (07.11.2014 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 31.12.2014 жылы № 255 (28478) „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
17) жер қойнауын мемлекеттiк геологиялық зерттеу – кешенді геологиялық ақпарат алу және жер қойнауын пайдаланудың ақпараттық негізін құрайтын мемлекеттік геологиялық карталар жасау мақсатында жүйелі өңірлік геологиялық зерттеулер, геологиялық-түсіру жұмыстары; iздеу, iздеу-бағалау және іздеу-барлау жұмыстары; жер қойнауын зерттеу мен пайдалану саласындағы қолданбалы ғылыми зерттеулер; жер қойнауы жай-күйiнiң мониторингi; өздігінен ағып жататын гидрогеологиялық және мұнай ұңғымаларын жою мен консервациялау;
17-тармақша өзгертілді ҚР 29.12.2014 жылғы № 271-V Заңымен (07.11.2014 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 31.12.2014 жылы № 255 (28478) „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
18) жер қойнауын пайдалану жөніндегі операциялар - жер қойнауын мемлекеттік геологиялық зерттеуге, пайдалы қазбаларды барлауға және (немесе) өндіруге қатысты, оның ішінде жерасты суларын, емдік балшықты барлаумен және өндірумен, жер қойнауын сарқынды суларды ағызу үшін барлаумен байланысты, сондай-ақ барлаумен және (немесе) өндірумен байланысты емес, жерасты құрылыстарын салу және (немесе) пайдалану жөніндегі жұмыстар;
19) жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізуге құқықтарды шоғырландыру - Қазақстан Республикасының экономикалық мүдделеріне қауіп төндіруі мүмкін немесе қауіп төндіретін, бір тұлғаның немесе бір елден шыққан тұлғалар тобының Қазақстан Республикасының аумағындағы келісімшарттарда осындай үлестерді немесе Қазақстан Республикасындағы жер қойнауын пайдаланушылар болып табылатын ұйымдардың жарғылық капиталдарында (акциялар санымен) осындай қатысу үлестерін иеленуі;
20) жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде пайдаланылатын тауарлардың, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің және оларды өндірушілердің тізілімі – жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде пайдаланылатын тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алуды және оларды өндірушілерді бақылауға және оның мониторингіне, сондай-ақ жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде пайдаланылатын тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді электрондық сатып алуды өткізуге және олардың тізбесін түзуге арналған мемлекеттік ақпараттық жүйе;
21) жер қойнауын пайдалану жөніндегі ұлттық компания (бұдан әрі – ұлттық компания) – Қазақстан Республикасы Үкіметінің немесе облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергiлiктi атқарушы органдарының шешiмi бойынша құрылған, акцияларының бақылау пакеті мемлекетке немесе ұлттық басқарушы холдингке тиесілі, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген шарттарда жер қойнауын пайдаланудың белгілі бір салаларындағы қызметті жүзеге асыратын акционерлік қоғам;
21-тармақша өзгертілді ҚР 05.07.2011 жылғы № 452-IV Заңымен (06.01.2011 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін 3 (үш) ай өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс)
21-тармақша өзгертілді ҚР 12.01.2012 жылғы № 538-IV Заңымен (09.01.2012 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін 10 (он) күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс)
22) жер қойнауын пайдалану құқығы – жер қойнауын пайдаланушының осы Заңға сәйкес сатып алған жер қойнауын иелену және пайдалану құқығы;
23) жер қойнауын пайдалану құқығымен байланысты объектілер – жер қойнауын пайдалану құқығына ие заңды тұлғадағы, сондай-ақ егер осы заңды тұлғаның негізгі қызметі Қазақстан Республикасындағы жер қойнауын пайдаланумен байланысты болса, осындай жер қойнауын пайдаланушы қабылдайтын шешімдерді тікелей және (немесе) жанама түрде айқындау және (немесе) шешімдерге ықпал ету мүмкіндігі бар заңды тұлғадағы қатысу үлестері (акциялар пакеттері).
Жер қойнауынпайдалану құқығымен байланысты объектілерге сондай-ақ акцияларға меншік құқығын растайтын не жер қойнауын пайдалану құқығына ие заңды тұлғаның, сондай-ақ егер осы заңды тұлғаның негізгі қызметі Қазақстан Республикасындағы жер қойнауын пайдаланумен байланысты болса, осындай жер қойнауын пайдаланушы қабылдайтын шешімдерді тікелей және (немесе) жанама түрде айқындау және (немесе) шешімдерге ықпал ету мүмкіндігі бар заңды тұлғаның акцияларына айырбасталатын бағалы қағаздар да жатады;
24) Жер қойнауын пайдалану құқығын беруге арналған конкурстарды өткізу жөніндегі комиссия – конкурс өткізу және оның жеңімпазын айқындау мақсатында құзыретті орган құратын, тұрақты жұмыс істейтін алқалы орган;
24-тармақша өзгертілді ҚР 29.12.2014 жылғы № 271-V Заңымен (07.11.2014 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 31.12.2014 жылы № 255 (28478) „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
25) жер қойнауын пайдалану мәселелері жөніндегі сарапшылық комиссия - құзыретті орган құратын, осы Заңның 24–бабында айқындалған мәселелер бойынша құзыретті органға ұсыныстар әзірлеуді жүзеге асыратын консультативтік-кеңесші орган;
26) жер қойнауын пайдалану саласындағы техникалық-экономикалық негіздеме – тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді қазақстандық өндірушілердің мүмкіндіктері мен ұсыныстары міндетті түрде ескеріле отырып, кен орнын игеру жобасының геологиялық, техникалық және экономикалық параметрлерін және оны іске асырудың экономикалық тұрғыдан орындылығын бағалауды қамтитын құжат;
26-тармақша өзгертілді ҚР 29.12.2014 жылғы № 271-V Заңымен (07.11.2014 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 31.12.2014 жылы № 255 (28478) „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
27) жер қойнауын пайдаланушы - осы Заңға сәйкес жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу құқығына ие жеке немесе заңды тұлға;
28) жер қойнауын ұтымды және кешенді пайдалану - кен орындарын игерудің озық технологияларын пайдалану мен оң іс-тәжірибесі негізінде жер қойнауы ресурстарының барлық түрлерін экономикалық тұрғыдан тиімді игеру;
29) жер қойнауының мемлекеттік сараптамасы – пайдалы қазбалардың қорлары туралы, сондай-ақ жер қойнауының басқа да қасиеттері туралы ақпаратқа оларды жер қойнауын пайдалану және пайдалы қазбалар қорларының мемлекеттік балансына қою кезінде қолдану мүмкіндігіне арналған кешенді сараптама;
29-тармақша өзгертілді ҚР 29.12.2014 жылғы № 271-V Заңымен (07.11.2014 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 31.12.2014 жылы № 255 (28478) „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
30) жер қойнауы учаскесі - жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу үшін тұйықталған шекараларда бөліп көрсетілетін жер қойнауының геометрияланған бөлігі;
31) жобалау құжаттары – экологиялық, санитариялық-эпидемиологиялық талаптар және өнеркәсiптiк қауiпсiздiк талаптары ескерiле отырып, геологиялық-барлау жұмыстарының, пайдалы қазбалар кен орындарын бағалаудың және игерудiң әдістемесін, техникалық жағдайлары мен технологиялық көрсеткiштерiн қамтитын құжаттар;
31-тармақша өзгертілді ҚР 29.12.2014 жылғы № 271-V Заңымен (07.11.2014 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 31.12.2014 жылы № 255 (28478) „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
32) жоғары технологиялар - Қазақстан Республикасының аумағында өндірілген өнімді әлемдік нарыққа интеграциялау мақсатында қолданылатын жаңа және жетілдірілген өнім мен барынша экологиялық таза технология түрінде өткізуге шығарылған техника мен технологиялық процестердегі жалпы жұрт мойындаған жаңа жетістіктер;
33) жұмыс бағдарламасы – жер қойнауын пайдаланушының келiсiмшарттың қолданылу мерзiмi шегінде инвестициялық жобалау көрсеткіштерін орындау жөніндегі міндеттемелерін қамтитын құжат;
33-тармақша өзгертілді ҚР 29.12.2014 жылғы № 271-V Заңымен (07.11.2014 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 31.12.2014 жылы № 255 (28478) „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
34) жұмыстағы (көрсетілетін қызметтегі) жергілікті қамту – жұмыстар (көрсетілетін қызметтер) бойынша қазақстандық өндірушілер болып табылмайтын ұйымдарға кез келген деңгейде қосалқы мердігерлік шарт негізінде жұмысты орындағаны (қызмет көрсеткені) үшін төленген кез келген соманы шегере отырып, жұмыстар (көрсетілетін қызметтер) бойынша қазақстандық өндірушілерге жұмыстарды орындағаны (қызметтерді көрсеткені) үшін төленген, жұмыстарды (көрсетілетін қызметтерді) сатып алу шарттарының барлығы бойынша төлемдердің (шығындардың) жалпы жылдық сомасының үлесі;
34-тармақша өзгертілді ҚР 09.01.2012 жылғы № 535-IV Заңымен (15.07.2011 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін 10 (он) күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс)
34-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР 27.10.2015 жылғы № 365-V Заңына сәйкес (15.06.2015 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 29.10.2015 жылы № 207 (28685) „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
35) жұмыстар - тауарларды шығару (өндіру), жабдықтарды монтаждау, құрылыстарды және жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде тікелей пайдалану үшін де, келісімшартта ілеспе ретінде көзделген қызмет үшін де өзге қажетті объектілерді салу жөніндегі қызметті ақылы негізде жүзеге асыру;
35-1) инвестициялық қаржыландыру – ұлттық компания немесе акциялары (жарғылық капиталдағы қатысу үлестері) тікелей немесе жанама түрде жер қойнауын пайдалану жөніндегі осындай ұлттық компанияға тиесілі заңды тұлға және стратегиялық әріптес осы Заңда белгіленген тәртіппен және шарттарда барлауға арналған келісімшарт, бірлескен барлау мен өндіруге арналған келісімшарт шеңберінде жасасқан бірлескен қызмет туралы шарт (келісім) және (немесе) қаржыландыру туралы келісім бойынша барлауды қаржыландыру;
1-бап 35-1-тармақшамен толықтырылды ҚР 30.11.2016 жылғы № 26-VІ Заңына сәйкес (өзгерту қолданысқа енгізіледі 01.01.2017 жылдан бастап)
36) тармақша алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
36-тармақша алынып тасталды ҚР 27.10.2015 жылғы № 365-V Заңымен (15.06.2015 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 29.10.2015 жылы № 207 (28685) „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
37) кадрлардағы жергілікті қамту – жұмысшылар мен қызметшілерді әрбір санаты бойынша бөле отырып, келісімшартты орындау кезінде жұмысқа тартылған персоналдың жалпы санына пайызбен алғандағы қазақстандық кадрлардың саны;
37-тармақша өзгертілді ҚР 09.01.2012 жылғы № 535-IV Заңымен (15.07.2011 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін 10 (он) күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс)
Комментарий успешно добавлен