Осы Заң Алматы қаласы өңірлік қаржы орталығының жұмыс істеуінің ерекше құқықтық режимін айқындайтын құқықтық негіздерді белгілейді.
Отправить по почте
Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығы туралы Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 5 маусымдағы N 145 Заңы
Осы Заң күшін жойды 2015 жылғы 20 желтоқсаннан бастап ҚР 07.12.2015 жылғы № 438-V Конституциялық Заңына сәйкес
Редакция 27.04.2015 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
Осы Заң Алматы қаласы өңірлік қаржы орталығының жұмыс істеуінің ерекше құқықтық режимін айқындайтын құқықтық негіздерді белгілейді.
1-бап. Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығы және оның мәртебесі
1-бап өзгертілді ҚР 24.12.2012 жылғы № 60-V Заңымен ( 05.07.2012 ж. редакцияны қараңыз)(алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi)
Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығы (бұдан әрі - қаржы орталығы) қаржы орталығының қатысушылары мен мүдделі тұлғалардың өзара қатынасын реттейтін, Қазақстан Республикасының қаржы нарығын дамытуға бағытталған ерекше құқықтық режимді білдіреді.
Құрылтай және басқа да құжаттарының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкестігін тексеру, бизнес-сәйкестендіру нөмірі беріле отырып, мемлекеттік тіркеу туралы анықтама беру және Бизнес-сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізіліміне мәліметтер беру рәсімі қаржы орталығына қатысушыларды мемлекеттік тіркеу деп түсініледі.
2-бап. Қазақстан Республикасының қаржы орталығы туралы заңнамасы
1. Қазақстан Республикасының қаржы орталығы туралы заңнамасы Қазақстан Республикасының Конституциясына негізделеді, осы Заңнан және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерінен тұрады.
2. Егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шартта осы Заңдағыдан өзгеше ережелер белгіленсе, онда халықаралық шарттың ережелері қолданылады.
3-бап. Қаржы орталығын құру мақсаттары және оның жұмыс істеу принциптері
Қаржы орталығын құрудың мақсаттары бағалы қағаздар нарығын дамыту, оның капиталдың халықаралық нарықтарымен ықпалдасуын қамтамасыз ету, бағалы қағаздар нарығы арқылы Қазақстан Республикасының экономикасына инвестициялар тарту және қаржы орталығының арнайы сауда алаңына шетелдік эмитенттердің қол жеткізуін қамтамасыз ету болып табылады.
Қаржы орталығы:
1) барлық қатысушылардың теңдігі;
2) капиталдың Қазақстан Республикасының валюталық заңнамасына сәйкес қозғалуы принциптерімен жұмыс істейді.
4-бап. Қаржы орталығының қызметін реттеу жөніндегі уәкілетті орган
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі (бұдан әрі – уәкілетті орган) қаржы орталығының қызметін реттеу жөніндегі уәкілетті орган болып табылады.
5-бап. Уәкілетті органның міндеттері мен функциялары
1. Уәкілетті органның негізгі міндеттері:
1) осы Заңда айқындалған мемлекеттік өкілеттіктерді жүзеге асыру;
2) қаржы орталығын одан әрі дамыту;
3) халықтың инвестициялық мәдениет және қаржылық сауаттылық деңгейін көтеру болып табылады.
2. Уәкілетті органның функциялары:
1) заңды тұлғаларды - қаржы орталығының қатысушыларын мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу);
1-1) Тармақша алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
2) қаржы орталығында қызметін жүзеге асыру үшін Қазақстан Республикасының аумағына келетін шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарға Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен визалар беру туралы өтініш жасау;
3) Тармақша алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
4) қаржы орталығының қатысушыларына олардың құқықтары мен міндеттерін түсіндіру;
5) тармақша алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
5-тармақша алынып тасталды ҚР 29.12.2014 жылғы № 269-V Заңымен (17.11.2014 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту қолданысқа енгізіледі 01.01.2015 жылдан бастап)
6) қаржы орталығының атынан мемлекеттік органдар мен өзге де ұйымдарда өкілдік ету;
7) қаржы орталығы қатысушыларының мемлекеттік тізілімін жүргізу;
8) қаржы орталығында еңбек қызметін жүзеге асыратын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарды есепке алу және шетелдік жұмыс күшін тарту туралы халықты жұмыспен қамту саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруды үйлестіретін орталық атқарушы орган белгілеген нысан бойынша Алматы қаласының жергілікті атқарушы органына тоқсан сайын ақпарат ұсыну;
9) Тармақша алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
10) қаржы орталығын дамыту жөніндегі іс-шараларды әзірлеу және іске асыру;
11) бағалы қағаздар нарығының инфрақұрылымын жақсартуға жәрдемдесу;
12) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында және Қазақстан Республикасы Президентінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктер болып табылады.
6-бап. Уәкілетті органның құзыреті
Өз міндеттері мен функцияларын іске асыру мақсатында уәкілетті органның мынадай:
1) қаржы орталығына қатысушы заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтаманы беру;
6-бап 1-тармағы өзгертілді ҚР 24.12.2012 жылғы № 60-V Заңымен ( 05.07.2012 ж. редакцияны қараңыз)(алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi)
2) қаржы орталығының қатысушылары – заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) қағидаларын бекіту;
3) бағалы қағаздары қаржы орталығының арнайы сауда алаңының тізіміне енгізу болжанған немесе енгізілген эмитенттерге, сондай-ақ осындай бағалы қағаздарға қойылатын талаптарды белгілеу;
4) рейтингтік бағаларын уәкілетті орган танитын рейтингтік агенттіктерге қойылатын талаптарды белгілеу және олардың тізбесін бекіту;
5) қаржы орталығының арнайы сауда алаңына жіберу үшін бағалы қағаздар мен олардың эмитенттерінің рейтингтік бағаларына қойылатын талаптарды белгілеу;
6) қаржы орталығының арнайы сауда алаңына жіберілген бағалы қағаздар эмитенттерінің қаржылық есептілік аудитіне шығындарды өтеу тәртібін белгілеу;
7) қаржы орталығының арнайы сауда алаңына жіберілген бағалы қағаздар эмитенттерінің қаржылық есептілік аудитіне арналған шығындарды өтеу;
8) қаржы құралдарын қаржы орталығының арнайы сауда алаңына жіберу үшін аудиторлық қызмет саласындағы реттеу және аудиторлық және кәсіби ұйымдардың қызметін бақылау жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органмен келісім бойынша аудиторлық ұйымдарға қойылатын біліктілік талаптарын бекіту;
9) уәкілетті орган танитын қор биржаларына қойылатын талаптарды белгілеу және олардың тізбесін бекіту;
10) тармақша алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
10-тармақша алынып тасталды ҚР 29.12.2014 жылғы № 269-V Заңымен (17.11.2014 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту қолданысқа енгізіледі 01.01.2015 жылдан бастап)
11) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында және Қазақстан Республикасы Президентінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктері болады.
7-бап. Бап алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
8-бап. Қаржы орталығын дамыту жөніндегі кеңес
1. Қаржы орталығын дамыту жөніндегі кеңес (бұдан әрі – Кеңес) тұрақты жұмыс істейтін консультативтік-кеңесші орган болып табылады және уәкілетті органның жанынан құрылады.
2. Кеңестің негізгі міндеттері қаржы орталығының қызметіне қатысты мәселелерде жәрдемдесу және қаржы орталығын дамыту бағыттарын айқындау болып табылады.
3. Кеңестің функциялары:
1) қаржы орталығын және бағалы қағаздар нарығын дамыту үшін қолайлы экономикалық және құқықтық жағдайлар жасау жөнінде ұсынымдарды тұжырымдау;
2) қаржы орталығын дамытудың негізгі бағыттарын әзірлеу;
3) қаржы орталығының қызметін ұйымдастыру және жұмыс істеу мәселелері бойынша ұсыныстар дайындау.
4. Кеңес туралы ереже және оның құрамы уәкілетті органның құқықтық актісімен бекітіледі.
9-бап. Дауларды шешу
9-бап өзгертілді ҚР 17.11.2014 жылғы № 254-V Заңымен (21.06.2013 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 19.11.2014 жылғы № 226 (28449) „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
Қаржы орталығына қатысушылардың даулары және қаржы ұйымдарын немесе бас ұйым ретінде банк конгломератына кіретін және қаржы ұйымдары болып табылмайтын ұйымдарды қайта құрылымдау туралы істер олардың қызметін реттейтін Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларда сот тәртібімен шешіледі.
10-бап. Уәкілетті органның мемлекеттік органдармен өзара қатынасы
1. Қаржы орталығының қатысушыларына қатысты функциялары осы Заңмен уәкілетті органға берілетін Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары бірлескен бұйрықтар негізінде уәкілетті органмен өзара іс-қимыл жасауды жүзеге асырады.
2. Уәкілетті орган өз функцияларын жүзеге асыру үшін мемлекеттік органдардан қажетті ақпарат сұратуға құқылы.
3. Уәкілетті орган Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарына Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртіппен қаржы орталығының қызметі туралы ақпарат береді.
4. Мемлекеттік органдардың уәкілетті органмен қатынастардағы өзге де өкілеттіктері Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес жүзеге асырылады.
11-бап. Қаржы орталығының қатысушылары
1. Мыналар:
1-тармақ өзгертілді ҚР 24.12.2012 жылғы № 60-V Заңымен (05.07.2012 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) 1-тармақ өзгертілді ҚР 27.04.2015 жылғы № 311-V Заңымен (29.12.2014 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 29.04.2015 жылы № 79 (28557) „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
1) уәкiлеттi орган берген, қаржы орталығына қатысушы заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтамасы бар бағалы қағаздар нарығына кәсіби қатысушылар;
2) уәкілетті орган берген, брокерлік және (немесе) дилерлік қызметті жүзеге асыруға лицензиясы бар бағалы қағаздар нарығына кәсіби қатысушылар;
3) Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің алтын-валюта активтері және (немесе) Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының активтері сенімгерлік басқаруға берілген акционерлік қоғам қаржы орталығына қатысушылар болып табылады.
2. Банктер қаржы орталығының қатысушылары болып табылмайды.
3. Уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерінде белгіленетін бағалы қағаздар нарығындағы кәсіби қызметтің түрлерін қоса атқарудың шарттары мен тәртібін ескере отырып, қаржы орталығының қатысушылары қызметтің өзге де түрлерін жүзеге асыруға құқылы.
4. Қаржы орталығының қатысушылары:
1) қаржы орталығының арнайы сауда алаңында;
2) қор биржаларында, оның ішінде шетелдік қор биржаларында;
3) ұйымдастырылмаған бағалы қағаздар нарығында қаржы құралдарымен мәмілелер жасасуға құқылы.
5. Қаржы орталығының қатысушысы – заңды тұлғаның атқарушы органының Алматы қаласының аумағында орналасуы оны уәкілетті органның мемлекеттік тіркеуінің міндетті шарты болып табылады.
12-бап. Қаржы орталығының арнайы сауда алаңы
1. Алматы қаласының аумағында жұмыс істейтін және уәкілетті орган айқындайтын, онда қаржы орталығының қатысушылары қаржы құралдарымен сауда-саттықты жүзеге асыратын қор биржасының сауда алаңы қаржы орталығының арнайы сауда алаңы болып табылады.
Осы Заңның 11-бабының 2-тармағында аталған, уәкілетті орган берген брокерлік және (немесе) дилерлік қызметті жүзеге асыру лицензиясына ие болған тұлғалар қаржы орталығының арнайы сауда алаңында қаржы құралдарымен сауда-саттықты жүзеге асыра алады.
2. Сауда-саттықты ұйымдастырушының қаржы орталығының арнайы сауда алаңына қатысты қабылданатын қағидалары уәкілетті органмен келісуге жатады.
13-бап. Шетелдіктердің және азаматтығы жоқ адамдардың визалық режимі
1. Қаржы орталығында қызметін жүзеге асыру үшін Қазақстан Республикасының аумағына келген шетелдіктер және азаматтығы жоқ адамдар Алматы қаласының халықаралық әуежайына келген кезде кіру визасын алады.
2. Осы баптың 1-тармағында көрсетілген тұлғаларға визалардың қолданылу мерзімін ұзарту, сондай-ақ визалардың санатын өзгерту уәкілетті органның өтініш жасауы бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасынасәйкес Қазақстан Республикасының шегінен шықпай жүзеге асырылуы мүмкін.
14-бап. Қаржы орталығының қатысушыларын салықтық бақылау
Қаржы орталығының қатысушыларын салықтық бақылау Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
15-бап. Құжаттама мен мәмілелерді жүргізу тілдері
Қаржы орталығының қатысушылары құжаттама жүргізуді және мәмілелер жасауды мемлекеттік тілде және (немесе) орыс және (немесе) ағылшын тілдерінде жүзеге асыруға құқылы.
Қаржы орталығының қатысушылары құжаттаманы мемлекеттік органдарға беруі қажет болған кезде ағылшын тілінен қазақ және орыс тілдеріне аударуды уәкілетті орган жүзеге асырады.
16-бап. Қаржы орталығы қатысушыларының ақшалай міндеттемелері
Қаржы орталығы қатысушыларының ақшалай міндеттемелері теңгемен және шетелдік валютамен көрсетілуі мүмкін.
17-бап. Қаржы орталығы туралы заңнаманы бұзғаны үшін жауаптылық
Қазақстан Республикасының қаржы орталығы туралы заңнамасын бұзу Қазақстан Республикасының заңдарынасәйкес жауаптылыққа әкеп соғады.
18-бап. Қолданысқа енгізу
Осы Заң ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Президенті
Эта возможность доступна только для зарегистрированных пользователей. Пожалуйста, войдите или зарегистрируйтесь. |
|
Регистрация |