Осы Заңда мынадай негiзгi ұғымдар пайдаланылады:
Отправить по почте
Астық туралы Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 19 қаңтардағы № 143-II Заңы
Құжат мәтініндегі «беру арқылы», «берілген» сөздері «шығару арқылы», «шығарылған» сөздерімен ауыстырылды ҚР 09.04.2016 жылғы № 502-V Заңы бойынша (08.04.2016 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін 3 (үш) ай өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 22.04.2016 жылы № 76 (28804) „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды Құжат мәтініндегі «сәйкестікті растау», «Сәйкестiктi растау» және «сәйкестiгiн растау» деген сөздер тиісінше «сәйкестікті бағалау», «Сәйкестiктi бағалау» және «сәйкестiгiн бағалау» деген сөздермен ауыстырылды ҚР 30.12.2020 жылғы № 397-VI Заңына сәйкес (21.12.2020 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 01.07.2021 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Редакция 08.06.2024 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
1-тарау. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР
1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негiзгi ұғымдар
1-бап өзгертілді ҚР 13.10.2003 жылғы № 488-ІІ Заңымен (11.07.2001 ж. редакцияны қараңыз) 1-бап өзгертілді ҚР 29.12.2006 жылғы № 209 Заңымен (10.01.2006 ж. редакцияны қараңыз)
Осы Заңда мынадай негiзгi ұғымдар пайдаланылады:
1) тармақша алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
1-тармақша алынып тасталды ҚР 04.12.2015 жылғы № 435-V Заңымен (29.10.2015 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту қолданысқа енгізіледі 02.01.2016 жылдан бастап)
2) азық-түлiктiк астық - тағамдық мақсаттарға пайдаланылатын астық;
2-1) тармақша алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
1-бап 2-1-тармақшамен толықтырылды ҚР 09.04.2016 жылғы № 502-V Заңына сәйкес (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін 3 (үш) ай өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 22.04.2016 жылы № 76 (28804) „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды 2-1-тармақша алынып тасталды ҚР 28.10.2019 жылғы № 268-VІ Заңына сәйкес (05.10.2018 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 16.11.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
3) тармақша алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
3-тармақша алынып тасталды ҚР 11.12.2009 жылғы № 229-IV Заңымен (17.07.2009 ж. редакцияны қараңыз)
3-1) тармақша алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
3-1-тармақшамен толықтырылды ҚР 11.12.2009 жылғы № 229-IV Заңына сәйкес 3-1-тармақша алынып тасталды ҚР 04.12.2015 жылғы № 435-V Заңымен (29.10.2015 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту қолданысқа енгізіледі 02.01.2016 жылдан бастап)
4) астық - тағамдық, тұқымдық, мал азығы және техникалық мақсаттар үшiн пайдаланылатын дәндi, дәндi-бұршақ және майлы дақылдардың өнiмдерi;
5) астық иесi - астық қабылдау кәсiпорнына сақтауға астық берген жеке немесе заңды тұлға;
6) астық қабылдау кәсiпорны - астық сақтау жүзеге асырылатын меншiк құқығындағы астық қоймасы (элеватор, астық қабылдау пунктi) бар заңды тұлға;
7) астық қоймасы (элеватор, астық қабылдау пункті) – экспорт кедендік рәсімімен орналастырылған астықты бір көлік түрінен екіншісіне қайта тиеуге арналған техникалық құрылысжайларды қоспағанда, астық сақтауға арнап мамандандырылған техникалық құрылысжай
7-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР 28.10.2019 жылғы № 268-VІ Заңына сәйкес (05.10.2018 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 16.11.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
7-1) астық қолхаттарын шығару арқылы қойма қызметі бойынша қызметтер көрсету жөніндегі қызмет – астық қабылдау кәсіпорындары астық сақтау бойынша жүзеге асыратын қызмет;
7-1-тармақшамен толықтырылды ҚР 15.07.2011 жылғы № 461-IV Заңына сәйкес
7-2) тармақша алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
1-бап 7-2-тармақшамен толықтырылды ҚР 09.04.2016 жылғы № 502-V Заңына сәйкес (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін 3 (үш) ай өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 22.04.2016 жылы № 76 (28804) „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды 7-2-тармақша алынып тасталды ҚР 28.10.2019 жылғы № 268-VІ Заңына сәйкес (05.10.2018 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 16.11.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
7-3) астық қолхаттарын ұстаушылардың мемлекеттік электрондық тізілімі (бұдан әрі – тізілім) – белгілі бір уақыт сәтінде астық қолхаттарын ұстаушыларды сәйкестендіруді, астық қолхаттарымен мәмілелерді тіркеуді қамтамасыз ететін астық қолхаттары мен оларды ұстаушылар туралы мәліметтер жиынтығы, сондай-ақ олардың айналымына немесе олар бойынша құқықтарды жүзеге асыруға тіркелген шектеулердің сипаты және тіркеуші ақпараттық жүйеде көрініс тапқан өзге де мәліметтер;
1-бап 7-3-тармақшамен толықтырылды ҚР 09.04.2016 жылғы № 502-V Заңына сәйкес (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін 3 (үш) ай өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 22.04.2016 жылы № 76 (28804) „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды 7-3-тармақша өзгертілді ҚР 28.10.2019 жылғы № 268-VІ Заңымен (05.10.2018 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 16.11.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
7-4) тармақша алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
1-бап 7-4-тармақшамен толықтырылды ҚР 09.04.2016 жылғы № 502-V Заңына сәйкес (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін 3 (үш) ай өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 22.04.2016 жылы № 76 (28804) „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды 7-4-тармақша алынып тасталды ҚР 28.10.2019 жылғы № 268-VІ Заңына сәйкес (05.10.2018 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 16.11.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
9) астық қолхаттары бойынша мiндеттемелердi орындауға кепiлдiк беру жүйесi - астық қабылдау кәсiпорындарының өздерi берген астық қолхаттары бойынша мiндеттемелерiн орындамауынан астық қолхаттарын ұстаушылардың құқықтары мен заңды мүдделерiн қорғауға бағытталған ұйымдық-құқықтық шаралар кешенi;
10) астық қолхаттары бойынша мiндеттемелердi орындауға кепiлдiк беру қоры - астық қабылдау кәсiпорындарының өздерi берген астық қолхаттары бойынша мiндеттемелерiн орындамауынан астық қолхаттарын ұстаушылардың мүдделерiн қорғауды қамтамасыз ету мақсатында құрылатын заңды тұлға;
10-1) астық қолхаты – шығару кезінде айқындалған көлемде және сапада астық қабылдау кәсіпорнынан астық алуға оны ұстаушының құқықтарын куәландыратын, құжатсыз борыштық эмиссиялық емес бағалы қағаз түріндегі қоймалық куәлік;
10-1-тармақшамен толықтырылды ҚР 17.07.2009 жылғы № 188-IV Заңына сәйкес 10-1-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР 09.04.2016 жылғы № 502-V Заңына сәйкес (08.04.2016 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін 3 (үш) ай өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 22.04.2016 жылы № 76 (28804) „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды 10-1-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР 28.10.2019 жылғы № 268-VІ Заңына сәйкес (05.10.2018 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 16.11.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
11) астық қолхатын ұстаушы – тізілімде тіркелген, астық қолхаты бойынша құқықтарға ие тұлға;
11-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР 09.04.2016 жылғы № 502-V Заңына сәйкес (08.04.2016 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін 3 (үш) ай өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 22.04.2016 жылы № 76 (28804) „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
11-1) астық нарығы жөніндегі оператор – астық нарығында тұрақтандыру функциясын және астықтың резервтік қорын басқару жөніндегі өкілеттіктерді жүзеге асыру арқылы азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қатысатын агроөнеркәсіптік кешен саласындағы ұлттық компания;
1-тармақ 11-1-тармақшамен толықтырылды ҚР 21.12.2020 жылғы № 390-VI Заңына сәйкес (өзгерту 03.01.2021 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
12) астық өндiру - астық өсiруге бағытталған агротехникалық iс-шаралар кешенi;
13) астық рыногына қатысушылар - астықты өндiруге, сақтауға, тасымалдауға, қайта өңдеуге және өткізуге қатысушы жеке және заңды тұлғалар;
13-тармақша өзгертілді ҚР 26.07.2007 жылғы № 313 Заңымен (15.05.2007 ж. редакцияны қараңыз)
13-1) астық рыногының мониторингi - астықты өндiрудi, сақтауды, қайта өңдеудi және сатуды қоса алғанда, астық рыногына қатысушылар жүзеге асыратын астықпен жасалатын операциялар туралы деректердi жинауға, өңдеуге және талдауға бағытталған тұрақты iс-шаралар жиынтығы;
13-1-тармақшамен толықтырылды ҚР 26.07.2007 жылғы № 313 Заңына сәйкес13-1-тармақшамен толықтырылды ҚР 17.07.2009 жылғы № 188-IV Заңына сәйкес
13-2) астық сапасының паспорты – астық сапасының нақты көрсеткiштерiн және олардың стандарттау жөнiндегi құжаттардың талаптарына және (немесе) келiсiмшарт талаптарына сәйкестiгiн куәландыратын құжат;
13-2-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР 05.10.2018 жылғы № 184-VІ Заңына сәйкес (24.05.2018 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 11.04.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
13-3) тармақша алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
13-1-тармақшамен толықтырылды ҚР 17.07.2009 жылғы № 188-IV Заңына сәйкес13-1-тармақша өзгертілді ҚР 15.07.2011 жылғы № 461-IV Заңымен (05.07.2011 ж. редакцияны қараңыз) 13-3-тармақша алынып тасталды ҚР 28.10.2019 жылғы № 268-VІ Заңына сәйкес (05.10.2018 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 16.11.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
13-4) тармақша алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
13-4-тармақшамен толықтырылды ҚР 11.12.2009 жылғы № 229-IV Заңына сәйкес 13-4-тармақша алынып тасталды ҚР 04.12.2015 жылғы № 435-V Заңымен (29.10.2015 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту қолданысқа енгізіледі 02.01.2016 жылдан бастап)
13-5) астықты сақтау - астық қоймасында (элеваторда, астық қабылдау пунктiнде) жүзеге асырылатын, астық қабылдауды, өлшеудi, кептiрудi, тазартуды, сақтауды және тиеп жөнелтудi қамтитын қызмет көрсетулердiң технологиялық кешенi;
14) астықтың өмiрлiк циклi - астықты өндiру, сақтау, тасымалдау, өткiзу, жою және кәдеге жарату процестерi;
14-1) астықтың резервтік қоры – табиғи, техногендік және әлеуметтік сипаттағы төтенше жағдайлар туындаған, төтенше жағдай енгізілген кезде елді азық-түліктік астықпен кепілдендірілген түрде қамтамасыз ету мақсатында, сондай-ақ қажет болған кезде ішкі нарыққа реттеушілік әсер ету мақсатында пайдаланылатын азық-түліктік астық қоры;
1-тармақ 14-1-тармақшамен толықтырылды ҚР 21.12.2020 жылғы № 390-VI Заңына сәйкес (өзгерту 03.01.2021 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
14-2) астықтың резервтік қорын басқару – астық нарығы жөніндегі оператордың бюджет қаражаты есебінен астық қабылдау кәсіпорындарында астықтың резервтік қорын сақтауды қамтамасыз етуге, сондай-ақ астықтың резервтік қорын сатып алуға және өткізуге бағытталған қызметі;
1-тармақ 14-2-тармақшамен толықтырылды ҚР 21.12.2020 жылғы № 390-VI Заңына сәйкес (өзгерту 03.01.2021 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
17) астықтың сапасы – астықтың стандарттау жөнiндегi құжаттардың, санитариялық, ветеринариялық және фитосанитариялық қағидалар мен нормалардың, гигиеналық нормативтердiң талаптарына сәйкестігін анықтайтын тұтыну қасиеттерiнiң жиынтығы;
17-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР 05.10.2018 жылғы № 184-VІ Заңына сәйкес (24.05.2018 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 11.04.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
18) астықтың сапасына сараптама жасау - көлiк құралын (қойманы) зерттеудi, сынаманы iрiктеу мен сынақтан өткiзудi, сапа паспортын ресiмдеудi қамтитын астық сапасының нақты көрсеткiштерiн белгiлеу мен растауға бағытталған шаралар кешенi;
18-1) бұйрық – астық қолхатын ұстаушыға тиесілі астыққа қатысты белгілі бір іс-қимылдың жүзеге асырылғанын көрсете отырып, астық қабылдау кәсіпорны немесе астық қолхатын ұстаушы тізілімде қалыптастыратын, ұлттық куәландырушы орталық берген электрондық цифрлық қолтаңбамен қол қойылатын электрондық құжат;
1-бап 18-1-тармақшамен толықтырылды ҚР 09.04.2016 жылғы № 502-V Заңына сәйкес (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін 3 (үш) ай өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 22.04.2016 жылы № 76 (28804) „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
18-2) жеке шот – тізілімде қамтылған, астық қолхаты бойынша мәмілелерді тіркеу және құқықтарды есепке алу мақсатында тіркелген тұлғаны сәйкестендіруге мүмкіндік беретін жазбалар жиынтығы;
1-бап 18-2-тармақшамен толықтырылды ҚР 09.04.2016 жылғы № 502-V Заңына сәйкес (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін 3 (үш) ай өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 22.04.2016 жылы № 76 (28804) „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
18-3) жеке шоттан үзінді – бағалы қағаз болып табылмайтын, тіркеуші тіркеуші ақпараттық жүйеде қалыптастыратын және тіркелген тұлғаның белгілі бір уақыт сәтіне астық қолхаты бойынша құқығын растайтын электрондық құжат;
1-бап 18-3-тармақшамен толықтырылды ҚР 09.04.2016 жылғы № 502-V Заңына сәйкес (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін 3 (үш) ай өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 22.04.2016 жылы № 76 (28804) „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды 18-3-тармақша өзгертілді ҚР 28.10.2019 жылғы № 268-VІ Заңымен (05.10.2018 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 16.11.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
20) жемдiк астық - жануарлар мен құс азығына арналған астық;
21) тармақша алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
21-тармақша алынып тасталды ҚР 04.12.2015 жылғы № 435-V Заңымен (29.10.2015 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту қолданысқа енгізіледі 02.01.2016 жылдан бастап)
21-1) клиент – тіркеушінің қызметтерін пайдаланатын немесе пайдалануға ниетті тұлға;
1-бап 21-1-тармақшамен толықтырылды ҚР 09.04.2016 жылғы № 502-V Заңына сәйкес (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін 3 (үш) ай өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 22.04.2016 жылы № 76 (28804) „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
22) тармақша алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
22-тармақша алынып тасталды ҚР 09.04.2016 жылғы № 502-V Заңымен (08.04.2016 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін 3 (үш) ай өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 22.04.2016 жылы № 76 (28804) „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
23) тармақша алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
23-тармақша алынып тасталды ҚР 09.04.2016 жылғы № 502-V Заңымен (08.04.2016 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін 3 (үш) ай өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 22.04.2016 жылы № 76 (28804) „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
24) тармақша алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
24-тармақша алынып тасталды ҚР 04.12.2015 жылғы № 435-V Заңымен (29.10.2015 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту қолданысқа енгізіледі 02.01.2016 жылдан бастап)
25) тармақша алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
25-тармақша алынып тасталды ҚР 04.12.2015 жылғы № 435-V Заңымен (29.10.2015 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту қолданысқа енгізіледі 02.01.2016 жылдан бастап)
26) тармақша алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
26-тармақша алынып тасталды ҚР 04.12.2015 жылғы № 435-V Заңымен (29.10.2015 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту қолданысқа енгізіледі 02.01.2016 жылдан бастап)
26-1) отандық астық өндірушілер - Қазақстан Республикасының резиденттері болып табылатын және астық өндірумен айналысатын дара кәсіпкерлер және заңды тұлғалар;
26-1-тармақшамен толықтырылды ҚР 11.12.2009 жылғы № 229-IV Заңына сәйкес
27) тармақша алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
27-тармақша алынып тасталды ҚР 28.10.2019 жылғы № 268-VІ Заңына сәйкес (05.10.2018 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 16.11.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
27-1) тармақша алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
27-1-тармақшамен толықтырылды ҚР 11.12.2009 жылғы № 229-IV Заңына сәйкес 27-1-тармақша өзгертілді ҚР 05.07.2011 жылғы № 452-IV Заңымен (06.01.2011 ж. редакцияны қараңыз) 27-1-тармақша өзгертілді ҚР 29.10.2015 жылғы № 376-V Заңымен (08.06.2015 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту қолданысқа енгізіледі 01.01.2016 жылдан бастап) 27-1-тармақша алынып тасталды ҚР 04.12.2015 жылғы № 435-V Заңымен (29.10.2015 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту қолданысқа енгізіледі 02.01.2016 жылдан бастап)
28) тұқымдық астық (тұқым) - себу мақсаттарына пайдаланылатын әрi сорттылық және себу сапаларына қарай бөлiнетiн астық;
Эта возможность доступна только для зарегистрированных пользователей. Пожалуйста, войдите или зарегистрируйтесь. |
|
Регистрация |