• Мое избранное
Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца

Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148-ІІ Заңы

Құжат мәтіндегі "орталық атқарушы органдарының барлық аумақтық бөлімшелерінің", "орталық атқарушы органның аумақтық бөлімшесі", "орталық атқарушы органдардың жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын аумақтық бөлімшелерінің", "орталық атқарушы органдар аумақтық бөлімшелерінің", "орталық атқарушы органдардың аумақтық бөлімшелерінің", "орталық атқарушы органның аумақтық бөлімшесінің" сөздері "орталық мемлекеттік органдардың барлық аумақтық бөлімшелерінің", "орталық мемлекеттік органның аумақтық бөлімшесі", "орталық мемлекеттік органдардың жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын аумақтық бөлімшелерінің", "орталық мемлекеттік органдар аумақтық бөлімшелерінің", "орталық мемлекеттік органдардың аумақтық бөлімшелерінің", "орталық мемлекеттік органның аумақтық бөлімшесінің" сөздерімен ауыстырылды ҚР 10.01.2006 жылғы № 116 Заңымен (15.04.2005 ж. редакцияны қараңыз)
Құжат мәтіндегі «облыстың (республикалық маңызы бар қаланың және астананың)», «облыс (республикалық маңызы бар қала және астана)», «Облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың)», «облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың)», «Облыс (республикалық маңызы бар қала, астана)», «Облыс (республикалық маңызы бар қаланың, астананың)», «облысты (республикалық маңызы бар қаланы, астананы)», «облыстық (республикалық маңызы бар қалалық, астаналық)», «Облыстық (республикалық маңызы бар қаланың және астананың)», «облыс (республикалық маңызы бар қала, астана)», «Облыстық (республикалық маңызы бар қалалық және астаналық)», «Облыстық (республикалық маңызы бар қала және астана)», «Облыстық (республикалық маңызы бар қалалық, астаналық)», «облыстық (республикалық маңызы бар қала және астана)», «облыстық (республикалық маңызы бар қаланың және астананың)» сөздері «астананың, облыстың және республикалық маңызы бар қаланың», «астана, облыс және республикалық маңызы бар қала», «астананың, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың», «астананың, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың», «астана, облыс, республикалық маңызы бар қала», «Облыс, республикалық маңызы бар қаланың, астананың», «астананы, облысты, республикалық маңызы бар қаланы», «облыстық, республикалық маңызы бар қалалық, астаналық», «Облыстық, республикалық маңызы бар қаланың және астананың», «астана, облыс, республикалық маңызы бар қала», «Облыстық, республикалық маңызы бар қалалық және астаналық», «Облыстық, республикалық маңызы бар қала және астана», «Облыстық, республикалық маңызы бар қалалық, астаналық», «облыстық, республикалық маңызы бар қала және астана», «облыстық, республикалық маңызы бар қаланың және астананың» сөздерімен ауыстырылды ҚР 22.07.2011 жылғы № 479-IV Заңымен (21.07.2011 ж. редакцияны қараңыз)
Құжат мәтініндегі «ауылдық (селолық)», «ауыл (село)», «ауылдың (селоның)», «ауылдарда (селоларда)»,  сөздері  «ауылдық», «ауыл», «ауылдың», «ауылдарда» сөздерімен ауыстырылды ҚР 03.07.2013  жылғы № 121-V Заңымен (13.06.2013 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін 10 (он) күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 05.07.2013 жылғы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
Құжат мәтініндегі «ставкаларын», «проценті», «проценттен» сөздері «мөлшерлемелерін», «пайызы», «пайыздан» сөздерімен ауыстырылады ҚР 28.11.2014 жылғы № 257-V Заңы бойынша (07.11.2014 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту қолданысқа енгізіледі 01.04.2015 жылдан бастап)
Осы Заңда бүкіл мәтін бойынша «шетелдіктер», «Шетелдіктер» деген сөздер тиісінше «шетел азаматтары», «Шетел азаматтары» деген сөздермен; «заңнамалық актілеріне», «заңнамалық актілерінде», «заңнамалық актiсiне», «заң актілеріне», «Қазақстан Республикасының заң актілеріне», «заң актiлерiмен» деген сөздер тиісінше «заңдарына», «заңдарында», «заңына», «заңдарға», «Қазақстан Республикасының заңдарына», «заңдармен» деген сөздермен; «облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың», «облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың», «облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың», «облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың», «Облыстар, республикалық маңызы бар қалалар, астана», «Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың», «Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың», «Облыс, республикалық маңызы бар қала және астана», «облыс, республикалық маңызы бар қала және астана», «Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың», «Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың», «Облыс, республикалық маңызы бар қаланың, астананың», «облысты, республикалық маңызы бар қаланы, астананы», «облыстардағы, республикалық маңызы бар қалалардағы және астанадағы», «облыстық, республикалық маңызы бар қалалық, астаналық мәслихаттың», «облыс, республикалық маңызы бар қала, астана», «тиісті облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың» деген сөздер тиісінше «астананың, облыстың және республикалық маңызы бар қаланың», «астананың, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың», «астананың, облыстардың және республикалық маңызы бар қалалардың», «астананың, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың», «Астана, облыстар, республикалық маңызы бар қалалар», «Астананың, облыстардың және республикалық маңызы бар қалалардың», «Астананың, облыстың және республикалық маңызы бар қаланың», «Астана, облыс және республикалық маңызы бар қала», «астана, облыс және республикалық маңызы бар қала», «Астананың, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың», «Астананың, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың», «Астана, облыс, республикалық маңызы бар қала», «астананы, облысты, республикалық маңызы бар қаланы», «астанадағы, облыстардағы және республикалық маңызы бар қалалардағы», «астана, облыс, республикалық маңызы бар қала мәслихатының», «астана, облыс, республикалық маңызы бар қала», «астананың, тиісті облыстың, республикалық маңызы бар қаланың» деген сөздермен ауыстырылды ҚР 11.06.2026 жылғы № 306-VIII Заңына сәйкес (03.06.2026 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 01.07.2026 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Осы Заңға өзгеріс енгізу қарастырылады - ҚР 13.05.2020 жылғы № 327-VІ Заңына сәйкес (өзгеріс «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне тиісті өзгерістер мен толықтырулар күшіне енген күннен бастап күшіне енеді)
Осы Заңға өзгеріс енгізу қарастырылады - ҚР 03.06.2026 жылғы № 295-VIII Заңына сәйкес (өзгерту 04.08.2026 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Осы Заңға өзгеріс енгізу қарастырылады - ҚР 12.06.2026 жылғы № 311-VIII Заңына сәйкес (өзгерту 13.08.2026 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Осы Заңға өзгеріс енгізу қарастырылады - ҚР 19.06.2026 жылғы № 320-VIII Заңына сәйкес (өзгерту 24.08.2026 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Осы Заңға өзгеріс енгізу қарастырылады - ҚР 24.06.2026 жылғы № 324-VIII Заңына сәйкес (өзгерту 25.08.2026 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Осы Заңға өзгеріс енгізу қарастырылады - ҚР 14.07.2026 жылғы № 350-VIII Заңына сәйкес (өзгерту 14.09.2026 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Редакция 26.07.2026 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен  
Осы Заң Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзін-өзі басқару саласындағы қоғамдық қатынастарды реттейдi, жергiлiктi өкiлдi және атқарушы органдардың құзыретiн, қызметiнiң ұйымдастырылуын, тәртiбiн, сондай-ақ мәслихаттар депутаттарының құқықтық жағдайын белгiлейдi.
Кіріспе өзгертілді ҚР 09.02.2009 жылғы № 126-IV Заңымен (24.12.2008 ж. редакцияны қараңыз)
1-тарау. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР
1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар
1-бап өзгертілді ҚР 09.02.2009 жылғы № 126-IV Заңымен (24.12.2008 ж. редакцияны қараңыз)
Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) әкім - жергілікті атқарушы органды (ол құрылған жағдайда) басқаратын және тиісті аумақта мемлекеттік саясаттың жүргізілуін, Қазақстан Республикасы орталық мемлекеттік органдарының барлық аумақтық бөлімшелерінің үйлесімді қызмет істеуін, тиісті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдарға басшылықты қамтамасыз ететін, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жергілікті мемлекеттік басқару өкілеттігі және өзін-өзі басқару функциялары берілген, тиісті аумақтың әлеуметтік-экономикалық дамуының жай-күйіне жауапты Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің өкілі;
2) әкім аппараты – әкімнің және жергілікті атқарушы органның (ол құрылған жағдайда) қызметін қамтамасыз ететін, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де функцияларды орындайтын мемлекеттік мекеме;
2-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР 11.07.2017 жылғы № 90-VІ Заңына сәйкес (30.06.2017 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 13.07.2017 жылы № 132 (28511) „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
2-тармақша жаңа редакцияда жазылды  ҚР 14.07.2026 жылғы № 350-VIII Заңына сәйкес (24.06.2026 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 26.07.2026 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
3) әкімшілік-аумақтық бөліністі басқару схемасы - тиісті аумақта орналасқан, тиісті әкімшілік-аумақтық бөліністің бюджетінен қаржыландырылатын атқарушы органдар жүйесі;
3-1) әлеуметтік инфрақұрылым – елді мекеннің қалыпты тыныс-тіршілігін функционалдық қамтамасыз ететін заңды тұлғалардың жиынтығы, оларға: әлеуметтік-мәдени мақсаттағы объектілер, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, денсаулық сақтау, білім беру, мектепке дейінгі тәрбиелеу жүйелерінің ұйымдары; демалуға және бос уақытты өткізуге байланысты ұйымдар; бөлшек сауда, қоғамдық тамақтану, қызметтер көрсету саласы, спорттық-сауықтыру мекемелері; халыққа коммуналдық қызметтерді өндіретін және ұсынатын ұйымдар, сондай-ақ этномәдени бірлестіктермен өзара іс-қимылды жүзеге асыратын достық үйлері жатады;
1-бап 3-1-тармақшамен толықтырылды ҚР 03.07.2013  жылғы № 121-V Заңымен  (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін 10 (он) күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 05.07.2013 жылғы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
3-1-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР 26.12.2019 жылғы № 284-VІ Заңына сәйкес (26.11.2019 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 07.01.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
3-1-тармақша өзгертілді ҚР 11.06.2026 жылғы № 306-VIII Заңымен (03.06.2026 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 01.07.2026 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Астанада, облыстарда, республикалық маңызы бар қалаларда коммуналдық мемлекеттік мекеменің ұйымдық-құқықтық нысанындағы өңірлік достық үйлері жұмыс істейді.
Республикалық Достық үйінің құқықтық мәртебесі және оны қаржыландыру тәртібі Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалады;
3-2) әлеуметтік сипаттағы төтенше жағдайлардың профилактикасы – өз құзыреті шегінде орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдар жүзеге асыратын, әлеуметтік сипаттағы төтенше жағдайлардың туындауына ықпал ететін себептер мен жағдайларды анықтауға, талдауға және жоюға бағытталған құқықтық, экономикалық, әлеуметтік, ұйымдастырушылық, ақпараттық-түсіндіру және өзге де шаралар кешені;
1-бап 3-2-тармақшамен толықтырылды ҚР 26.12.2019 жылғы № 284-VІ Заңына сәйкес (өзгерту 07.01.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
3-2-тармақша жаңа редакцияда жазылды  ҚР 14.07.2026 жылғы № 350-VIII Заңына сәйкес (24.06.2026 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 26.07.2026 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
4) жергілікті атқарушы орган (әкімдік) - астананың, облыстың және республикалық маңызы бар қаланың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) әкімі басқаратын, өз құзыреті шегінде тиісті аумақта жергілікті мемлекеттік басқаруды және өзін-өзі басқаруды жүзеге асыратын алқалы атқарушы орган;
5) жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы орган - жергілікті мемлекеттік басқарудың және өзін-өзі басқарудың жекелеген функцияларын жүзеге асыруға әкімдік уәкілеттік берген, тиісті жергілікті бюджеттерден қаржыландырылатын мемлекеттік мекеме;
6) жергілікті қоғамдастық - шекараларында жергілікті өзін-өзі басқару жүзеге асырылатын, оның органдары құрылатын және жұмыс істейтін тиісті әкімшілік-аумақтық бөлініс аумағында тұратын тұрғындардың (жергілікті қоғамдастық мүшелерінің) жиынтығы;
6-1) жергілікті қоғамдастық жиналысы – осы Заңда айқындалған шектерде және тәртіппен жергілікті маңызы бар мәселелерді шешу үшін жергілікті қоғамдастық жиыны өкілдік берген жергілікті өзін-өзі басқару органы;
1-бап 6-1 тармақшамен толықтырылды ҚР 13.06.2013 жылғы № 101-V Заңына сәйкес (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он)  күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) 14.06.2013 жылғы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды.
6-1-тармақша жаңа редакцияда жазылды  ҚР 14.07.2026 жылғы № 350-VIII Заңына сәйкес (24.06.2026 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 26.07.2026 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
6-2) жергілікті қоғамдастық жиыны – осы Заңда айқындалған тәртіппен жергілікті маңызы бар мәселелерді шешуге елді мекен тұрғындарының (жергілікті қоғамдастық мүшелерінің) тікелей қатысуы;
1-бап 6-2 тармақшамен толықтырылды ҚР 13.06.2013 жылғы № 101-V Заңына сәйкес (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он)  күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) 14.06.2013 жылғы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды.
6-2-тармақша жаңа редакцияда жазылды  ҚР 14.07.2026 жылғы № 350-VIII Заңына сәйкес (24.06.2026 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 26.07.2026 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
7) жергілікті маңызы бар мәселелер – тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік халқының тыныс-тіршілігін тікелей қамтамасыз ету мәселелері, оларды әкім және (немесе) жергілікті өзін-өзі басқару органдары шешеді;
7-тармақша жаңа редакцияда жазылды  ҚР 14.07.2026 жылғы № 350-VIII Заңына сәйкес (24.06.2026 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 26.07.2026 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
8) жергілікті мемлекеттік басқару - осы Заңда және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында белгіленген құзыреті шегінде тиісті аумақта мемлекеттік саясатты жүргізу, оны дамыту мақсатында жергілікті өкілді және атқарушы органдар жүзеге асыратын, сондай-ақ олардың тиісті аумақтағы істің жай-күйіне жауапты болып табылатын қызметі;
9) жергілікті өзін-өзі басқару - халық тікелей жүзеге асыратын, сондай-ақ мәслихаттар және басқа да жергілікті өзін-өзі басқару органдары арқылы жүзеге асырылатын осы Заңда, өзге де нормативтік құқықтық актілерде айқындалған тәртіппен жергілікті маңызы бар мәселелерді өзінің жауапкершілігімен дербес шешуге бағытталған қызмет;
9-1) жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту мәселелері жөніндегі уәкілетті орган – жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту саласында басшылықты, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген шектерде салааралық үйлестiрудi жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;
1-бап 9-1-тармақшамен толықтырылды ҚР 02.11.2015 жылғы № 387-V Заңына сәйкес (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 13.11.2015 жылы № 218 (28696) „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
9-2) жергілікті өзін-өзі басқарудың аумақтық кеңесі – қалалық мәслихат депутаттарын сайлау бойынша бір немесе бірнеше сайлау округінің шегінде құрылатын, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, облыстық маңызы бар қаланың әкімдігі жанындағы қала әкімінің халықпен өзара іс-қимыл жасау мәселелері жөніндегі консультациялық-кеңесші орган;
1-бап 9-2-тармақшамен толықтырылды ҚР 02.11.2015 жылғы № 387-V Заңына сәйкес (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 13.11.2015 жылы № 218 (28696) „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
10) жергілікті өзін-өзі басқару органдары — осы Заңға сәйкес жергілікті маңызы бар мәселелерді шешу жөніндегі функциялар жүктелген органдар;
11) жергілікті өкілді орган (мәслихат) - астананың, облыстың және республикалық маңызы бар қаланың немесе ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) халқы сайлайтын, халықтың еркін білдіретін және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес оны іске асыру үшін қажетті шараларды айқындайтын және олардың жүзеге асырылуын бақылайтын сайланбалы орган;
12) мәслихат аппараты - тиісті мәслихаттың, оның органдары мен депутаттарының қызметін қамтамасыз ететін мемлекеттік мекеме;
13) мәслихат сессиясы - мәслихат қызметінің негізгі нысаны;
14) тармақша алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
14-тармақша алынып тасталды ҚР 30.06.2021 жылғы № 60-VII Заңы​​на сәйкес (24.06.2021 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 12.07.2021 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
15) орталық мемлекеттік органның аумақтық бөлімшесі - тиісті әкімшілік-аумақтық бөлініс шегінде орталық атқарушы органның функцияларын жүзеге асыратын орталық атқарушы органның құрылымдық бөлімшесі.
16) стационарлық емес объект – егер «Сауда қызметін реттеу туралы» Қазақстан Республикасының Заңында өзгеше көзделмесе, қызметтер көрсету үшін және (немесе) өзге де мақсаттар үшін пайдаланылатын, инженерлік-техникалық қамтамасыз ету желілеріне қосылуының (технологиялық қосылуының) болуына немесе болмауына қарамастан, жерге берік орнатылмаған уақытша құрылысжай немесе уақытша конструкция, оның ішінде автоматтандырылған құрылғы немесе көлік құралы;
1-бап 16-тармақшамен толықтырылды ҚР 17.07.2025 жылғы № 213-VIII Заңына сәйкес (өзгерту 29.07.2025 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
2-бап. Жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзін-өзі басқару туралы Қазақстан Республикасының заңнамасы
2-баптың тақырыбы өзгертілді ҚР 09.02.2009 жылғы № 126-IV Заңымен (24.12.2008 ж. редакцияны қараңыз)
1. Жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзін-өзі басқару туралы Қазақстан Республикасының заңнамасы Қазақстан Республикасының Конституциясына негiзделедi және осы Заң мен Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк құқықтық актiлерiнен тұрады.
1-тармақ өзгертілді ҚР 09.02.2009 жылғы № 126-IV Заңымен (24.12.2008 ж. редакцияны қараңыз)
2. Осы Заң Алматы қаласының айрықша мәртебесi және астана мәртебесi туралы заңдарға қайшы келмейтiн бөлiгiнде Алматы қаласы мен астананың аумағында қолданылады.
2-1-бап. Жергілікті өзін-өзі басқаруды ұйымдастыру негіздері
Осы Заң 2-1-баппен толықтырылды ҚР 09.02.2009 жылғы № 126-IV Заңына сәйкес
1. Жергілікті өзін-өзі басқару облыс, аудан, қала, қаладағы аудан, ауылдық округ, ауылдық округтің құрамына кірмейтін кент пен ауыл шегінде жеке жүзеге асырылады.
2. Жергілікті өзін-өзі басқаруды жергілікті қоғамдастық мүшелері тікелей, сондай-ақ мәслихаттар мен басқа да жергілікті өзін-өзі басқару органдары арқылы жүзеге асырады.
Облыстың, ауданның, қаланың, қаладағы ауданның, ауылдық округтің, ауылдық округтің құрамына кірмейтін кент пен ауылдың әкімі мемлекеттік басқару функцияларымен қатар жергілікті өзін-өзі басқару органдарының функцияларын да жүзеге асырады.
3. Жергілікті қоғамдастық жиыны және жергілікті қоғамдастық жиналысы жергілікті қоғамдастық қызметінің нысаны болып табылады.
2-1-бап 3 тармақшамен толықтырылды ҚР 13.06.2013 жылғы № 101-V Заңына сәйкес (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он)  күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) 14.06.2013 жылғы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды.
3-бап. Жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзін-өзі басқару қызметiнiң экономикалық және қаржылық негiзi
3-баптың тақырыбы өзгертілді ҚР 09.02.2009 жылғы № 126-IV Заңымен (24.12.2008 ж. редакцияны қараңыз)
3-бап өзгертілді ҚР 13.06.2013 жылғы № 101-V Заңымен ( 08.01.2013 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он)  күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) 14.06.2013 жылғы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды.
1. Жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзін-өзі басқару қызметiнiң экономикалық және қаржылық негiзiн:
1) жергiлiктi бюджет;
2) коммуналдық заңды тұлғаларға бекiтiліп берілген мүлiк;
3) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес коммуналдық меншiктегi өзге де мүлiк құрайды.
2. Тармақ алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
2-тармақ алынып тасталды ҚР 11.07.2017 жылғы № 90-VІ Заңымен (30.06.2017 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 01.01.2018 жылдан бастап халық саны екі мың адамнан көп аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер үшін және 01.01.2020 жылдан бастап халық саны екі мың адам және одан аз аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер үшін қолданысқа енгізілді)
3. Тармақ алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
3-тармақ өзгертілді ҚР 05.12.2013 жылғы № 152-V Заңымен (03.12.2013 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту қолданысқа енгізіледі 01.01.2014 жылдан бастап)
3-тармақ өзгертілді ҚР 05.07.2014 жылғы № 236-V Заңымен (03.07.2014 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту қолданысқа енгізіледі 01.01.2015 жылдан бастап)
3-тармақ өзгертілді ҚР 29.09.2014 жылғы № 239-V Заңымен (05.07.2014 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 02.10.2014 жылы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
3-тармақ өзгертілді ҚР 28.11.2014 жылғы № 257-V Заңымен (07.11.2014 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту қолданысқа енгізіледі 01.04.2015 жылдан бастап)
3-тармақ өзгертілді ҚР 02.11.2015 жылғы № 387-V Заңымен (28.10.2015 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 13.11.2015 жылы № 218 (28696) „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
3-тармақ өзгертілді ҚР 29.03.2016 жылғы № 479-V Заңымен (24.11.2015 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 21 (жиырма бір) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 31.03.2016 жылы № 60 (28788) „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
3-тармақ өзгертілді ҚР 08.01.2019 жылғы № 215-VІ Заңымен (28.12.2018 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 11.04.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
3-тармақ алынып тасталды ҚР 11.07.2017 жылғы № 90-VІ Заңымен (30.06.2017 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 01.01.2018 жылдан бастап халық саны екі мың адамнан көп аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер үшін және 01.01.2020 жылдан бастап халық саны екі мың адам және одан аз аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер үшін қолданысқа енгізілді)
4-бап. Мәслихаттар, әкімдер мен әкiмдіктер үшiн белгiленетiн негiзгi талаптар мен шектеулер
4-баптың тақырыбы өзгертілді ҚР 05.11.2022 № 157- VII ҚРЗ Заңымен (14.07.2022 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту қолданысқа енгізіледі 01.01.2023 жылдан бастап)
1. Мәслихаттар мен әкiмдіктер өз қызметiнде:
1) ішкі және сыртқы саясаттың негізгі бағыттарына сәйкес келмейтін шешiмдердiң қабылдануына жол бермеуге;
1-тармақша өзгертілді ҚР 09.01.2012 жылғы № 535-IV Заңымен (22.07.2011 ж. редакцияны қараңыз)
2) ұлттық қауiпсiздiктi қамтамасыз етуде Қазақстан Республикасының мүдделерiн сақтауға;
3) қызметтiң қоғамдық маңызы бар салаларында белгiленген жалпы мемлекеттiк стандарттарды ұстануға;