Toggle Dropdown
271
Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу туралы
Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 17 сәуiрдегі № 2198 Заңы
Toggle Dropdown
Редакция 30.11.2025 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
Toggle Dropdown
2
1-бап. Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу ұғымы
Toggle Dropdown
Заңды тұлғаларды мемлекеттiк тiркеу мемлекеттік тіркеуге ұсынылған құжаттардың Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкестiгiн тексерудi, Бизнес-сәйкестендіру нөмiрi беріле отырып, оларға мемлекеттiк тiркеу туралы анықтама беруді, заңды тұлғалар туралы мәлiметтердi Бизнес-сәйкестендiру нөмiрлерiнiң ұлттық тiзiлiмiнеенгiзудi қамтиды.
Toggle Dropdown
Филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу есептік тіркеуге ұсынылған құжаттардың Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкестігін тексеруді, Бизнес-сәйкестендіру нөмiрi беріле отырып, оларға есептік тіркеу туралы анықтама беруді, филиалдар мен өкілдіктер туралы мәліметтерді Бизнес-сәйкестендiру нөмiрлерiнiң ұлттық тiзiлiмiне енгізуді қамтиды.
Toggle Dropdown
1
2-бап Заңды тұлғаларды тіркеу саласын реттеудің негізгі мақсаттары, міндеттері, қағидаттары
Toggle Dropdown
1. Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу мынадай негізгі мақсаттарды іске асыру үшін жүзеге асырылады:
Toggle Dropdown
заңды тұлғаның құрылу, қайта тіркелу, құрылтай құжаттарына енгізілген өзгерістер мен толықтырулардың тіркелу, қайта ұйымдастырылу және қызметінің тоқтатылу, сондай-ақ филиалдар мен өкiлдiктердiң құрылу, есептік қайта тіркелу, құжаттарына енгізілген өзгерістер мен толықтырулардың тіркелу және қызметiнің тоқтатылу фактiсiн куәландыру;
Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасының аумағында құрылған, қайта тіркелген, қайта ұйымдастырылған және өз қызметiн тоқтатқан заңды тұлғаларды, сондай-ақ құрылған, есептік қайта тіркеуден өткен және өз қызметін тоқтатқан филиалдар мен өкiлдiктердi есепке алу;
Toggle Dropdown
Бизнес-сәйкестендiру нөмiрлерiнiң ұлттық тiзiлiмiн жүргізу;
Toggle Dropdown
заңды тұлғалар, олардың филиалдары мен өкiлдiктерi туралы жалпыға бірдей қолжетімді ақпаратты (қызметтiк немесе коммерциялық құпияны құрайтын ақпаратты қоспағанда) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен өткізу.
Toggle Dropdown
2. Коммерциялық және коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеуді, олардың филиалдары мен өкілдіктерін есептік тіркеуді жүзеге асыру осы Заңның негізгі міндеттері болып табылады.
Toggle Dropdown
3. Осы Заңның негізгі қағидаттары:
Toggle Dropdown
1) заңдылық;
Toggle Dropdown
2) баршаның заң алдындағы теңдігі;
Toggle Dropdown
3) жариялылық.
Toggle Dropdown
5
3-бап. Тiркеуге жататын заңды тұлғалар, филиалдар мен өкілдіктер
Toggle Dropdown
Өздерiнiң құрылу мақсатында, өз қызметiнiң түрi мен сипатына, қатысушылар (мүшелер) құрамына қарамастан, Қазақстан Республикасының аумағында құрылатын барлық заңды тұлғалар мемлекеттiк тiркеуге жатады.
Toggle Dropdown
Заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан филиалдары мен өкiлдiктерi, оларға заңды тұлға құқығы берiлмей-ақ есептiк тiркеуге жатады.
Toggle Dropdown
3
4-бап. Мемлекеттік тіркеуді жүзеге асыратын органдар
Toggle Dropdown
Коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеуді және олардың филиалдары мен өкілдіктерін есептік тіркеуді әділет органдары жүзеге асырады.
Toggle Dropdown
Коммерциялық ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеуді және олардың филиалдары мен өкілдіктерін есептік тіркеуді «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы (тіркеуші органдар) жүзеге асырады.
Toggle Dropdown
1
5-бап. Заңды тұлғаларды мемлекеттiк тiркеудi және филиалдар мен өкiлдiктердi есептік тiркеудi жүзеге асыру кезiндегi Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнiң құзыры
Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгi:
Toggle Dropdown
осы Заңға сәйкес коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларды мемлекеттiк тiркеудi және олардың филиалдары мен өкілдіктерін есептiк тiркеудi;
Toggle Dropdown
Бизнес-сәйкестендiру нөмiрлерiнiң ұлттық тiзiлiмiн жүргізуді;
Toggle Dropdown
заңды тұлғаларды мемлекеттiк тiркеу және филиалдар мен өкiлдiктердi есептiк тiркеу жөнiндегi қызметке әдiстемелiк басшылық жасауды;
Toggle Dropdown
Әдiлет министрлiгi аумақтық органдарының осы Заң талаптарының орындалуын бақылауды;
Toggle Dropdown
заңды тұлғаларды мемлекеттiк тiркеу және филиалдар мен өкiлдiктердi есептiк тiркеу мәселелерi жөнiндегi өзiнiң аумақтық органдарының iс-қимылына шағымдарды қарауды жүзеге асырады;
Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасының заң актілерінде көзделген жағдайларда, бақылау және қадағалау міндеттері жүктелген мемлекеттік органдарға олардың сұратуы бойынша ақпарат беруді жүзеге асырады.
Toggle Dropdown
осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
Toggle Dropdown
5-1-бап. Коммерциялық ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеуді (қайта тіркеуді), олардың қызметінің тоқтатылуын мемлекеттік тіркеуді, олардың филиалдары мен өкілдіктерін есептік тіркеуді (қайта тіркеуді) және есептік тіркеуден шығаруды жүзеге асыру кезінде «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының құзыреті
Toggle Dropdown
«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы:
Toggle Dropdown
осы Заңға сәйкес коммерциялық ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеуді (қайта тіркеуді), олардың қызметінің тоқтатылуын мемлекеттік тіркеуді, олардың филиалдары мен өкілдіктерін есептік тіркеуді (қайта тіркеуді) және есептік тіркеуден шығаруды;
Toggle Dropdown
Бизнес-сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімін жүргізуді;
Toggle Dropdown
«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы филиалдарының осы Заң талаптарын сақтауын бақылауды;
Toggle Dropdown
коммерциялық ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу), олардың қызметінің тоқтатылуын мемлекеттік тіркеу, олардың филиалдары мен өкілдіктерін есептік тіркеу (қайта тіркеу) және есептік тіркеуден шығару мәселелері бойынша «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік қорпорациясының лауазымды адамдарының әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдарды қарауды;
Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларда бақылау және қадағалау функциялары берілген мемлекеттік органдарға олардың сұрау салуы бойынша ақпарат беруді жүзеге асырады.
Toggle Dropdown
5-2-бап. «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының коммерциялық ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және олардың филиалдары мен өкілдіктерін есептік тіркеу саласындағы қызметін мемлекеттік бақылау
Toggle Dropdown
1. «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік қорпорациясының коммерциялық ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және олардың филиалдары мен өкілдіктерін есептік тіркеу саласындағы қызметін мемлекеттік бақылауды әділет органдары Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес жоспардан тыс тексеру және бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау нысанында жүзеге асырады.
Toggle Dropdown
2. Тармақ алып тасталды (ескертуді қараңыз)
Toggle Dropdown
3. Тармақ алып тасталды (ескертуді қараңыз)
Toggle Dropdown
10
6-бап. Заңды тұлғаларды мемлекеттiк тiркеу тәртiбi
Toggle Dropdown
Заңды тұлғаны мемлекеттiк тiркеу үшiн тіркеуші органға осы Заңның 7-бабында көрсетiлген, қазақ және орыс тiлдерiнде электрондық нұсқада ұсынылатын құрылтай құжаттары қоса беріле отырып, Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгi белгiлеген нысан бойынша өтiнiш берiледi.
Toggle Dropdown
Акционерлiк қоғамдар мен мемлекеттік кәсіпорындардың құрылтай құжаттарын қоспағанда, коммерциялық ұйымдарға жататын заңды тұлғалардың құрылтай құжаттары мемлекеттік тiркеу кезінде ұсынылмайды. Акционерлік қоғамдарды мемлекеттік тіркеу үшін қазақ және орыс тілдерінде жасалған, нотариат куәландырған жарғы қоса беріле отырып, Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі белгілеген нысан бойынша өтініш беріледі.
Toggle Dropdown
Шағын кәсіпкерлік субъектісіне жататын заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу осы Заңның 6-1-бабында көзделген тәртіппен жүзеге асырылады.
Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда қызмет нысанасы қаржылық қызметтер көрсету болып табылатын заңды тұлғаны мемлекеттік тiркеу кезінде Бизнес-сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімі қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның рұқсатының бар-жоғы туралы мәліметтерді электрондық хабарлама арқылы алады.
Toggle Dropdown
Өз қызметін Қазақстан Республикасының аумағында жүзеге асыратын мемлекеттік кәсіпорындарды, акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу пайыздан астамы мемлекетке тиесілі заңды тұлғаларды және олармен үлестес тұлғаларды мемлекеттік тіркеуді тіркеуші орган монополияға қарсы органның келісімімен жүзеге асырады.
Toggle Dropdown
Орта және ірі кәсiпкерлiк субъектiсіне жататын заңды тұлғаны мемлекеттiк тіркеу кезiнде өтiнiшке құрылтайшы немесе құрылтайшылардың бiреуi қол қояды не шетелдiк немесе шетелдік заңды тұлға, Қазақстан Республикасының Үкiметi немесе мемлекеттiк органдар не Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі жалғыз құрылтайшы не құрылтайшылардың бірі болып табылатын жағдайларда, құрылтайшының уәкiлеттiк берген адамы қол қояды және оны Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларда, нотариаттық тәртiппен куәландырылған құрылтай құжаттарын қоса бере отырып, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясына бередi.
Toggle Dropdown
Жеке кәсіпкерлік субъектісіне жатпайтын заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу кезінде өтінішке құрылтайшы (құрылтайшылар) не осыған уәкілеттік берілген адам қол қояды және Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде көзделген жағдайларда нотариаттық тәртiппен куәландырылған құрылтай құжаттарын қоса отырып, оны тіркеуші органға береді.