1) ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер;
Отправить по почте
Қазақстан Республикасының Жер кодексі Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы № 442-II Кодексі
Құжат мәтініндегі «мемлекеттік қажеттіктер» сөздер «мемлекет мұқтажы» сөздермен ауыстырылды ҚР 06.07.2007 жылғы № 279 Заңы бойынша ( 12.01.2007 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін қолданысқа енгізілуі тиіс) 14.07.2007 жылғы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды. Құжат мәтініндегі «шаруа (фермер) қожалығын», «Шаруа (фермер) қожалығын», «шаруа (фермер) қожалығы», «шаруа (фермер) қожалығының» сөздер «шаруа немесе фермер қожалығын», «Шаруа немесе фермер қожалығын», «шаруа немесе фермер қожалығы», «шаруа немесе фермер қожалығының» сөздермен ауыстырылды ҚР 06.07.2007 жылғы № 279 Заңы бойынша ( 12.01.2007 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін қолданысқа енгізілуі тиіс) 14.07.2007 жылғы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды. Құжат мәтініндегі «құқықты куәландыратын құжаттарды», «құқықты куәландыратын құжаттар», «құқықты куәландыратын құжат», «құқықты куәландыратын құжатқа», «құқықты куәландыратын құжатта», «құқықты куәландыратын құжаттағы» сөздер «сәйкестендіру құжаттарын», «сәйкестендіру құжаттары», «сәйкестендіру құжаты», «сәйкестендіру құжатына», «сәйкестендіру құжатында», «сәйкестендіру құжатындағы» сөздермен ауыстырылды ҚР 26.07.2007 жылғы № 311 Заңы бойынша ( 21.07.2007 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) 09.08.2007 жылғы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды. Құжат мәтініндегі «(республикалық маңызы бар қаланың, астананың), аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың)», «(республикалық маңызы бар қала, астана), аудандар (облыстық маңызы бар қалалар)», «(республикалық маңызы бар қаланың, астананың), ауданның (облыстық маңызы бар қаланың)», «облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың)», «облыс (республикалық маңызы бар қала, астана)», «Облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың)», «облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың)», «Облыстар (республикалық маңызы бар қала, астана)», «облыстардың (республикалық маңызы бар қала, астана)», «Облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың)», «(облыстық маңызы бар қалалардың)», «(облыстық маңызы бар қаланың)» сөздер «, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың», «, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың», «облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың», «Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың», «облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың», «Облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың», «, облыстық маңызы бар қалалардың», «, облыстық маңызы бар қаланың» сөздермен ауыстырылды ҚР 20.07.2011 жылғы № 464-IV Заңы бойынша ( 15.07.2011 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) 06.08.2011 жылғы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды. Құжат мәтініндегі «ауыл (село)», «ауылдық (селолық)», «ауылдар (селолар)», «ауылдардың (селолардың)», «ауылдың (селоның)», «ауылда (селода)», «Селодағы», «ауылдарды, селолар», «село», «селолық» сөздер «ауыл», «ауылдық», «ауылдар», «ауылдардың», «ауылдың», «ауылда», «Ауылдағы», «ауылдар», «ауыл», «ауылдық» сөздермен ауыстырылды ҚР 03.07.2013 жылғы № 121-V Заңы бойынша ( 13.06.2013 ж. редакцияны қараңыз) Құжат мәтініндегі «тауарлы ауыл шаруашылығы өндiрiсiн», «Тауарлы ауыл шаруашылығы өндiрiсiн», «тауарлы ауыл шаруашылығы өндiрiсiнің» сөздер «ауыл шаруашылығы өндiрiсiн», «Ауыл шаруашылығы өндірісін», «ауыл шаруашылығы өндiрiсiнің» сөздермен ауыстырылды ҚР 04.05.2018 жылғы № 151-VІ Заңы бойынша (27.12.2017 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 10.05.2018 жылы № 85 (28714) „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды Құжат мәтініндегі «комиссияға», «Комиссияның», «Комиссия», «комиссияның» сөздер «жер комиссиясына», «Жер комиссиясының», «Жер комиссиясының», «жер комиссиясының» деген сөздермен ауыстырылды ҚР 04.05.2018 жылғы № 151-VІ Заңы бойынша (27.12.2017 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 10.05.2018 жылы № 85 (28714) „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды Құжат мәтініндегі «оралмандарға», «Оралмандарға» және «оралмандардың» деген сөздер тиісінше «қандастарға», «Қандастарға» және «қандастардың» деген сөздермен ауыстырылды ҚР 13.05.2020 № 327-VІ Заңына сәйкес (өзгерту 02.01.2021 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі) Құжат мәтініндегі «сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды)», «сауда-саттығын (конкурстар, аукциондар)», «сауда-саттыққа (конкурстарға, аукциондарға)», «сауда-саттықта (конкурстарда, аукциондарда)», «сауда-саттықты (конкурсты, аукционды)», «сауда-саттық (конкурстар, аукциондар)», «Сауда-саттық (конкурстар, аукциондар)», «сауда-саттықтардың (конкурстардың, аукциондардың)» деген сөздер тиісінше «сауда-саттықты (аукциондарды)», «сауда-саттығын (аукциондарын)», «сауда-саттыққа (аукциондарға)», «сауда-саттықта (аукциондарда)», «сауда-саттықты (аукционды)», «сауда-саттық (аукциондар)», «Сауда-саттық (аукциондар)», «сауда-саттықтың (аукциондардың)» деген сөздермен ауыстырылды ҚР 30.06.2021 жылғы № 59-VII Заңына сәйкес (24.06.2021 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 01.01.2022 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Редакция 04.12.2024 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
І бөлiм. Негізгі ережелер
1-тарау. Жалпы ережелер
1-бап. Қазақстан Республикасының жер қоры
1. Қазақстан Республикасының жер қоры нысаналы мақсатына сәйкес мынадай санаттарға бөлiнедi:
1) ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер;
2) елдi мекендердiң (қалалардың, кенттер мен ауылдық елдi мекендердiң) жерi;
3) өнеркәсiп, көлiк, байланыс жері, ғарыш қызметі, қорғаныс, ұлттық қауіпсіздік, ядролық қауіпсіздік аймағы мұқтажына арналған жер және ауыл шаруашылығына арналмаған өзге де жер;
3-тармақша өзгертілді ҚР 06.01.2012 жылғы № 529-IV Заңымен (21.07.2011 ж. редакцияны қараңыз) (қолданысқа енгізілуі тиіс алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 21 (жиырма бір) күн өткен соң) 3-тармақша өзгертілді ҚР 13.02.2012 жылғы № 553-IV Заңымен (25.01.2012 ж. редакцияны қараңыз) 3-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР 05.07.2023 жылғы № 17-VIII Заңына сәйкес (19.04.2023 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 01.01.2024 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
4) ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың жерi, сауықтыру мақсатындағы, рекреациялық және тарихи-мәдени мақсаттағы жер;
5) орман қорының жерi;
6) су қорының жерi;
7) босалқы жер.
2. Осы баптың 1-тармағында аталған жер белгiленген нысаналы мақсатына сәйкес пайдаланылады. Жердiң құқықтық режимi оның қай санатқа тиесiлiлiгiне және жердi (аумақты) аймақтарға бөлуге сәйкес рұқсатты пайдаланылуына негiзделiп айқындалады.
3. Қазақстан Республикасының аумағында табиғи жағдайлары бойынша мынадай аймақтар ерекшеленедi:
1) орманды дала;
2) дала;
3) қуаң дала;
4) шөлейттi;
5) шөлдi;
6) тау етегi-шөлдi-далалық;
7) субтропикалық шөлдi;
8) субтропикалық-тау етегi-шөлдi;
9) орта азиялық таулы;
10) оңтүстiк-сiбiр таулы аймақтар.
2-бап. Жердi санаттарға жатқызу, оларды бiр санаттан басқасына ауыстыру
2-бап өзгертілді ҚР 10.01.2006 жылғы № 116-ІІІ Заңымен (өзгерту қолданысқа енгізіледі 01.01.2006 жылдан бастап) (04.05.2006 ж. редакцияны қараңыз) 2-бап өзгертілді ҚР 20.07.2011 жылғы № 464-ІV Заңымен (15.07.2011 ж. редакцияны қараңыз) 2-бап өзгертілді ҚР 06.07.2007 жылғы № 279-ІІІ Заңымен (12.01.2007 ж. редакцияны қараңыз)
Жердi осы Кодекстiң 1-бабында аталған санаттарға жатқызуды, сондай-ақ жердi оның нысаналы мақсатының өзгеруiне байланысты бiр санаттан басқасына ауыстыруды Қазақстан Республикасының Үкіметі, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары осы Кодексте және Қазақстан Республикасының өзге де заң актiлерiнде белгiленген, жер учаскелерін беру және алып қою, соның ішінде мемлекет мұқтажы үшін алып қою жөнiндегi өз құзыретi шегiнде жүргiзедi.
3-бап. Жерге меншік
3-бап жаңа редакцияда жазылды ҚР 05.11.2022 жылғы № 157- VII ҚРЗ Заңына сәйкес (14.07.2022 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 18.11.2022 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Қазақстан Республикасындағы жер Қазақстан халқына тиесілі. Қазақстан халқының атынан меншік құқығын мемлекет жүзеге асырады. Бұл ретте мемлекеттің меншік құқығын жүзеге асыруы Қазақстан халқының мүддесі үшін мемлекеттік меншік режимі арқылы іске асырылады. Жер учаскелері осы Кодексте белгіленген негіздерде, шарттар мен шектерде жеке меншікте де болуы мүмкін.
4-бап. Жер заңдарының принциптерi
Қазақстан Республикасының жер заңдары:
1) Қазақстан Республикасы аумағының тұтастығы, қол сұғылмаушылығы және бөлiнбейтiндiгi;
2) жердi табиғи ресурс, Қазақстан Республикасы халқының өмiрi мен қызметiнiң негiзi ретiнде сақтау;
3) жердi қорғау және ұтымды пайдалану;
4) экологиялық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету;
5) жердi нысаналы пайдалану;
6) ауыл шаруашылығы мақсатындағы жердiң басымдығы;
7) жердiң жай-күйi және оған қолжетiмдiлiк туралы ақпаратпен қамтамасыз ету;
8) жердi пайдалану мен қорғау жөнiндегi iс-шараларды мемлекеттiк қолдау;
9) жерге залал келуiн болдырмау немесе оның зардаптарын жою;
10) жердi ақылы пайдалану принциптерiне негiзделедi.
5-бап. Жер заңнамасының мiндеттерi
5-бап жаңа редакцияда жазылды ҚР 02.01.2021 жылғы № 401-VI Заңына сәйкес (30.09.2020 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 01.07.2021 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Қазақстан Республикасы жер заңнамасының мiндеттерi: жер учаскесiне меншiк құқығы мен жер пайдалану құқығы туындауының, өзгертiлуi мен тоқтатылуының негiздерiн, шарттары мен шектерiн, жер учаскелерiнiң меншiк иелерi мен жер пайдаланушылардың құқықтары мен мiндеттерiн жүзеге асыру тәртiбiн белгiлеу; жердi ұтымды пайдалану мен қорғауды, топырақ құнарлылығын ұдайы қалпына келтiрiп отыруды, табиғи ортаны сақтау мен жақсартуды, климаттың өзгеруіне бейімделуді қамтамасыз ету мақсатында жер қатынастарын реттеу; шаруашылық жүргiзудiң барлық нысандарын тең құқықпен дамыту үшiн жағдайлар жасау; жеке және заңды тұлғалар мен мемлекеттiң жерге құқықтарын қорғау; жылжымайтын мүлiк нарығын жасау мен дамыту; жер қатынастары саласында заңдылықты нығайту болып табылады.
6-бап. Жер заңдары
1. Қазақстан Республикасындағы жер заңдары Қазақстан Республикасының Конституциясына негiзделедi және осы Кодекс пен Қазақстан Республикасының осыған сәйкес қабылданатын нормативтiк құқықтық актілерінен тұрады. Қазақстан Республикасы жер қоры жерлерінің жекелеген санаттарын құқықтық реттеу ерекшеліктері Қазақстан Республикасының заңдарымен белгіленеді.
1-тармақ өзгертілді ҚР 20.02.2017 жылғы № 48-VI Заңымен (30.06.2016 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 22.02.2017 жылы № 37 (29018) „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
2. Жер қойнауын, суды, атмосфералық ауаны, орман-тоғайды және өзге де өсiмдiктердi, жануарлар дүниесiн, экологиялық, ғылыми және мәдени жағынан ерекше құндылығы бар қоршаған орта объектiлерiн, ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды пайдалану мен қорғау жөнiндегi қатынастар Қазақстан Республикасының арнаулы заңдарымен реттеледi.
3. Жер қатынастары субъектiлерiнiң өздерiне тиесiлi құқықтарды жүзеге асыруы табиғи pecуpc ретiндегi жерге және қоршаған ортаның өзге де объектiлерiне, сондай-ақ басқа тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерiне зиян келтiрмеуге тиiс.
4. Егер Қазақстан Республикасының жер, экология, орман, су заңдарында жер қойнауы, өсiмдiктер мен жануарлар дүниесi, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы заңдарында өзгеше көзделмесе, жер учаскелерiн иелену, пайдалану және оларға билiк ету, сондай-ақ олармен мәмiле жасасу бойынша мүлiктiк қатынастар Қазақстан Республикасының азаматтық заңдарымен реттеледi.
4-тармақ өзгертілді ҚР 09.01.2007 жылғы № 213-ІІІ Заңымен (07.07.2006 ж. редакцияны қараңыз)
5. Қазақстан Республикасының заңдарында тікелей көзделген жағдайлардан басқа, жеке және заңды тұлғалардың жер қатынастары саласындағы құқықтарын шектеуге болмайды.
5-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР 27.12.2017 жылғы № 126-VІ Заңына сәйкес (11.07.2017 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін 6 (алты) ай өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс)28.12.2017 жылы № 249 (28628) „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
6. Егер осы Кодексте немесе Қазақстан Республикасының басқа да заң актiлерiнде өзгеше көзделмесе, шетелдiктер, азаматтығы жоқ адамдар, сондай-ақ шетелдiк заңды тұлғалар жер құқығы қатынастарында Қазақстан Республикасының азаматтарымен және заңды тұлғаларымен тең құқықтарды пайдаланады және сондай мiндеттер атқарады.
Эта возможность доступна только для зарегистрированных пользователей. Пожалуйста, войдите или зарегистрируйтесь. |
|
Регистрация |