• Мое избранное
Қазақстан Республикасының Азаматтық іс жүргізу кодексі
Внимание! Документ утратил силу с 01.01.2016 г.

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца
  • 230208

Қазақстан Республикасының Азаматтық іс жүргізу кодексі Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 13 шілдедегі N 411 кодексі

Құжат мәтініндегі "өтінім", "өтінімдері", "өтінімімен", "өтінімі", "өтінімде", "өтінімін", "өтінімді", "өтінімдерін", "өтінімімен", "өтінімнің", "өтінімдерді", "Өтінім", "өтініммен", "өтініміне", "өтінімге", "өтінімдер" сөздері "өтініш", "өтініштері", "өтінішімен", "өтініші", "өтінішінде", "өтінішін", "өтінішті", "өтініштерін", "өтінішімен", "өтініштің", "өтініштерді", "Өтініш", "өтінішпен", "өтінішіне", "өтінішке", "өтініштер" сөздерімен ауыстырылды ҚР 10.12.2009 жылғы № 227-IV Заңымен (11.07.2009 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту қолданысқа енгізіледі  01.01.2010 жылдан бастап)
Құжат мәтініндегі «дауды медиация тәртібімен реттеу туралы келісім», «дауды медиация тәртібімен реттеу туралы келісіммен», «дауды медиация тәртібімен реттеу туралы келісімін», «дауды медиация тәртібімен реттеу туралы келісімді», «дауды медиация тәртібімен реттеу туралы келісімнің», «медиация тәртібімен дауды реттеу туралы келісім» сөздері «дауды (жанжалды) медиация тәртібімен реттеу туралы келісім», «дауды (жанжалды) медиация тәртібімен реттеу туралы келісіммен», «дауды (жанжалды) медиация тәртібімен реттеу туралы келісімін», «дауды (жанжалды) медиация тәртібімен реттеу туралы келісімді», «дауды (жанжалды) медиация тәртібімен реттеу туралы келісімнің», «дауды (жанжалды) медиация тәртібімен реттеу туралы келісім» сөздерімен ауыстырылды ҚР 03.07.2013  жылғы № 121-V Заңымен (02.07.2013  ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін 10 (он) күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 05.07.2013 жылғы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
Осы Кодекс күшін жойды 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап ҚР 31.10.2015 жылғы № 377-V Кодексіне сәйкес
Редакция 13.11.2015 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен 
1-бөлім. Жалпы ережелер
1-тарау. Қазақстан Республикасының Азаматтық іс жүргізу заңдары
  • 883
1-бап. Азаматтық іс жүргізу заңдарымен реттелетін қатынастар
Қазақстан Республикасының азаматтық іс жүргізу заңдары соттардың осы Кодекспен және басқа заңдармен өз құзыретіне жатқызылған талап қою және өзге істерді қарау мен шешу барысында сот төрелігін атқаруы кезінде туындайтын қоғамдық қатынастарды реттейді.
  • 573
2-бап. Қазақстан Республикасының азаматтық сот ісін жүргізу туралы заңдары
  • 4
1. Қазақстан Республикасының аумағында азаматтық істер бойынша сот ісін жүргізу тәртібі конституциялық заңдармен, Қазақстан Республикасының Конституциясына және халықаралық құқықтың жалпы жұрт таныған принциптері мен нормаларына негізделген Қазақстан Республикасының Азаматтық іс жүргізу кодексімен айқындалады. Азаматтық сот ісін жүргізу тәртібін реттейтін өзге заңдардың ережелері осы Кодекске енгізілуге тиіс.
  • 4
2. Қазақстан Республикасының халықаралық шарттық және өзге де міндеттемелері, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесі мен Жоғарғы Сотының нормативтік қаулылары азаматтық іс жүргізу құқығының құрамдас бөлігі болып табылады.
  • 1
3. Азаматтық сот ісін жүргізу туралы заңнама азаматтық, отбасылық, еңбек, тұрғын үй, мемлекеттік басқару және жергілікті өзін-өзі басқару саласындағы, қаржы, шаруашылық, жер құқықтық қатынастарынан, табиғи  ресурстарды  пайдалану  және қоршаған  ортаны қорғау жөніндегі қатынастардан  және басқа да құқықтық қатынастардан туындайтын даулар бойынша істерді, сондай-ақ ерекше іс жүргізу істерін қарау тәртібін белгілейді.
3-бөлік өзгертілді ҚР 05.07.2014 жылғы № 236-V Заңымен (04.07.2014 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту қолданысқа енгізіледі 01.01.2015 жылдан бастап)
4. Бөлік алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
4-бөлік алынып тасталды ҚР 05.07.2014 жылғы № 236-V Заңымен (04.07.2014 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту қолданысқа енгізіледі 01.01.2015 жылдан бастап)
  • 272
3-бап. Азаматтық сот ісін жүргізуде басым күші бар құқықтық нормаларды қолдану
1. Қазақстан Республикасы Конституциясының жоғары заң күші бар және ол Республиканың бүкіл аумағында тікелей қолданылады. Осы Кодекс пен Қазақстан Республикасы Конституциясы нормаларының арасында қайшылық болған жағдайда Конституцияның ережелері қолданылады.
2. Осы Кодекстің нормалары мен Қазақстан Республикасы конституциялық заңының арасында қайшылық болған жағдайда конституциялық заңның ережелері қолданылады. Осы Кодекс нормалары мен өзге заңдардың арасында қайшылық болған жағдайда осы Кодекстің ережелері қолданылады.
3. Қазақстан Республикасы бекіткен халықаралық шарттар осы Кодекстен басым болады және халықаралық шартта оның қолданылуы үшін заң шығарылуы талап етіледі деп көрсетілген жағдайларды қоспағанда, олар тікелей қолданылады.
  • 143
4-бап. Азаматтық іс жүргізу заңының уақыт жағынан қолданылуы
1. Азаматтық сот ісін жүргізу іс жүргізу әрекетін орындау, іс жүргізу шешімін қабылдау кезіне қарай күшіне енген азаматтық іс жүргізу заңдарына сәйкес жүзеге асырылады.
  • 3
2. Жаңа міндеттер жүктейтін, процеске қатысушыларда бар құқықтардың күшін жоятын немесе оларды кемітетін, олардың пайдаланылуын қосымша шарттармен шектейтін азаматтық іс жүргізу заңының кері күші болмайды.
  • 1
3. Дәлелдемелердің жарамдылығы оларды алған кезде қолданылып жүрген заңға сәйкес белгіленеді.
2-тарау. Азаматтық сот ісін жүргізудің міндеттері мен принциптері
  • 129
5-бап. Азаматтық сот ісін жүргізудің міндеттері
Азаматтық сот ісін жүргізудің міндеттері азаматтардың, мемлекеттің және ұйымдардың бұзылған немесе даулы құқықтарын, бостандықтарын және заңмен қорғалатын мүдделерін қорғау, заңдылық пен құқық тәртібін нығайту, құқық бұзушылықтың алдын алу болып табылады.
  • 163
6-бап. Заңдылық
1. Сот істерді азаматтық сот ісін жүргізу тәртібімен шешу кезінде Қазақстан Республикасы Конституциясының, осы Кодекстің, басқа да нормативтік құқықтық актілердің талаптарын дәлме-дәл сақтауға міндетті.
2. Соттардың Конституциямен баянды етілген адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарына нұқсан келтiретiн заңдар мен өзге де нормативтiк құқықтық актiлердi қолдануға құқығы жоқ. Егер сот қолданылуға тиісті заң немесе өзге де нормативтiк құқықтық акт Конституциямен баянды етілген адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарына нұқсан келтiредi деп тапса, ол iс бойынша iс жүргiзудi тоқтата тұруға және осы актiнi конституциялық емес деп тану туралы ұсыныспен Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесіне жүгiнуге мiндеттi. Сот Конституциялық Кеңестiң қорытынды шешiмiн алған соң iс бойынша iс жүргiзу қайта басталады.
2-тармақ өзгертілді  ҚР 10.07.2012 жылғы № 32-V  Заңымен (05.07.2012  ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік (10) он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) 14.07.2012 жылғы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
3. Істерді шешу кезінде соттың заңды бұзуына болмайды және ол заңсыз сот актілерінің күшін жоюға әкеп соғады.
3-бөлік өзгертілді ҚР 17.11.2014 жылғы № 254-V Заңымен (07.11.2014 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 19.11.2014 жылғы № 226 (28449) „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
4. Сот істі шешу кезінде мемлекеттік немесе өзге органның актісі заңға сәйкес келмейді немесе ол өкілеттікті асыра пайдаланып шығарылған деп тапқан жағдайда одан артық заң күші бар құқықтық актілерді қолданады.
  • 1
5. Даулы құқықтық қатынастарды реттейтін құқық нормалары болмаған жағдайда сот ұқсас қатынастарды реттейтін құқық нормаларын қолданады, ал мұндай нормалар болмаған жағдайда дауды заңдардың жалпы негіздері мен мағынасын негізге ала отырып шешеді.
  • 2
6. Егер заң актілерінде немесе дауласушы тараптардың келісімінде тиісті мәселелерді соттың шешуі көзделсе, сот бұл мәселелерді әділдік пен парасаттылық өлшемдерін негізге ала отырып шешуге міндетті.
  • 55
7-бап. Сот төрелігін тек қана соттың жүзеге асыруы
1. Азаматтық істер бойынша сот төрелігін азаматтық іс жүргізу заңдарында белгіленген ережелер бойынша тек қана сот жүзеге асырады. Соттың биліктік өкілеттілігін кімнің де болса иеленуі заңда көзделген жауаптылыққа әкеліп соғады.
  • 1
2. Төтенше, сондай-ақ өзге де заңсыз құрылған соттар шешімінің заң күші болмайды және орындалуға тиісті емес.
3. Өз қарауына жатпайтын іс бойынша азаматтық сот ісін жүргізуді жүзеге асырған, өз өкілеттігін асыра пайдаланған немесе осы Кодексте көзделген азаматтық сот ісін жүргізу принциптерін өзгеше түрде елеулі бұзған соттың шешімдері заңсыз болады және олардың күші жойылуға тиіс.
4. Азаматтық іс бойынша сот шешімдерін осы Кодексте көзделген тәртіппен тек тиісті соттар ғана тексеріп, қайта қарай алады.
  • 314
8-бап. Адамның құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін сотта қорғау
  • 3
1. Әрбір адам бұзылған немесе даулы конституциялық құқықтарын, бостандықтарын немесе заңмен қорғалатын мүдделерін қорғау үшін осы Кодексте белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқылы. Мемлекеттік органдар, заңды тұлғалар немесе азаматтар заңда көзделген жағдайларда өзге адамдардың немесе адамдардың белгісіз бір тобының құқықтарын және заңмен қорғалатын мүдделерін қорғау туралы сотқа арыз беріп жүгінуге құқылы.
2. Прокурор өзіне жүктелген міндеттерді жүзеге асыру мақсатында және азаматтардың, заңды тұлғалардың құқықтарын, қоғамдық және мемлекеттік мүдделерді қорғау үшін талап қойып (арыз беріп) сотқа жүгінуге құқылы.
3. Ешкімге өзінің келісімінсіз ол үшін заңда белгіленген соттылығын өзгертуге болмайды. Жоғары тұрған соттың өзінен төменгі соттың жүргізетін ісін тараптардың келісімінсіз алып қоюға және оны өзінің іс жүргізуіне қабылдауға құқығы жоқ.
4. Егер заңға қайшы келсе немесе әлдекімнің құқығын және заңмен қорғалатын мүдделерін бұзса, сотқа жүгіну құқығынан бас тарту жарамсыз болады.
  • 136
9-бап. Жеке адамның ар-намысы мен қадір-қасиетін құрметтеу
1. Азаматтық іс бойынша іс жүргізу кезінде азаматтық процеске қатысушы адамның ар-ожданын қорлайтын немесе қадір-қасиетін кемсітетін шешімдер мен іс-әрекеттерге тыйым салынады.
2. Азаматтық сот ісін жүргізу барысында мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдардың заңсыз әрекеттерінен адамға келтірілген моральдық зиян заңда белгіленген тәртіппен өтелуге тиіс.
  • 479
10-бап. Жеке өмірге қол сұғылмаушылық. Хат жазысудың, телефон арқылы сөйлесудің, почта, телеграф және өзге де хабарлардың құпиясы
Азаматтардың жеке өмірі, жеке және отбасылық құпиясы заңның қорғауында болады. Әркімнің жеке салымдар мен жинақтар, хат жазысу, телефон арқылы сөйлесу, почта, телеграф және өзге де хабарлар құпиясына құқығы бар. Азаматтық процесс барысында бұл құқықтарды шектеуге заңда тікелей белгіленген жағдайлар мен тәртіп бойынша ғана жол беріледі.
  • 25
11-бап. Меншікке қол сұғылмаушылық
  • 1
1. Меншікке заңмен кепілдік беріледі. Соттың шешімінсіз ешкімді өз мүлкінен айыруға болмайды.
  • 1
2. Азаматтық сот ісін жүргізу барысында адамдардың банктегі салымдарын және басқа мүлікті пайдалануға тыйым салу, сондай-ақ оны алып қою осы Кодексте көзделген жағдайлар мен тәртіп бойынша жүргізілуі мүмкін.
  • 4
12-бап. Судьялардың тәуелсіздігі
1. Судья сот төрелігін атқару кезінде тәуелсіз болады және Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңға ғана бағынады.
2. Судьялар мен соттар азаматтық істерді өздеріне сырттан ықпал ету болмайтын жағдайларда шешеді. Соттың сот төрелігін атқару жөніндегі қызметіне қандай да болсын араласуға жол берілмейді және ол заң бойынша жауаптылыққа әкеп соғады. Нақты істер бойынша судьялар есеп бермейді.