Toggle Dropdown
65
Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк-аумақтық құрылысы туралы
Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы N 2572-XII Заңы
Toggle Dropdown
Редакция 17.07.2024 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
Toggle Dropdown
1 бөлiм. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР
Toggle Dropdown
1-бап. Қазақстан Республикасы әкiмшiлiк-аумақтық құрылысының жүйесi
Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасы әкiмшiлiк-аумақтық құрылысының жүйесiне мынадай әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктер кiредi: ауыл, кент, ауылдық округ, қаладағы аудан, қала, аудан, облыс.
Toggle Dropdown
1
2-бап. Әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктердiң санаттары
Toggle Dropdown
1. Қазақстан Республикасының аумағы республикалық және жергiлiктi мүдделерді оңтайлы ұштастыру негiзiнде мемлекеттiк басқаруды жүзеге асыру үшін негiзгi екi санатқа – өңірлерге және елдi мекендерге бөлiнедi.
Toggle Dropdown
2. Өңір – Қазақстан Республикасының мүддесi үшiн құрылатын және басқарылатын, бiрнеше елдi мекен кіретін Қазақстан Республикасы аумағының бiр бөлiгi.
Toggle Dropdown
Республикалық әкімшілік-аумақтық құрылыстың негізгі буындары ретінде облыс, аудан және ауылдық округ өңірлер болып табылады.
Toggle Dropdown
Облыс облыстық маңызы бар қалалар мен аудандардан тұрады.
Toggle Dropdown
Аудан халқының жалпы саны 300 мың адамнан аспайтын аудандық маңызы бар қалалардан, ауылдардан, кенттерден, ауылдық округтерден тұрады.
Toggle Dropdown
Ауылдық округ халқының жалпы саны кемінде 500 адам болатын екі және одан көп ауылдық елді мекендерден тұрады.
Toggle Dropdown
3. Елдi мекен – Қазақстан Республикасы аумағының халық жинақы орналасқан, халық саны кемiнде 50 адам болатын, азаматтардың шаруашылық және басқа қоғамдық қызметi нәтижесiнде қалыптасқан, Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен есепке алынған және тiркелген әрі жергiлiктi өкiлдi және атқарушы органдар басқаратын бiр бөлiгi.
Toggle Dropdown
Халқының саны 50 адамнан аз шаруа қоныстары мен өзге де қоныстар ең жақын маңдағы елді мекеннің құрамына енгiзiледi.
Toggle Dropdown
4. Қазақстан Республикасы аумағындағы елдi мекендер қалалық және ауылдық елдi мекендерге бөлiнедi:
Toggle Dropdown
1) республикалық, облыстық және аудандық маңызы бар қалалар, сондай-ақ олардың әкімшілік бағыныстылығындағы кенттер қалалық елдi мекендерге жатады;
Toggle Dropdown
2) өздерінің әкiмшiлiк бағыныстылығына қарамастан, барлық басқа елдi мекендер ауылдық елді мекендерге жатады.
Toggle Dropdown
5. Елдi мекендердің құрамдас бөліктері болады.
Toggle Dropdown
Шағын аудандар, қаладағы аудандар, алаңдар, даңғылдар, бульварлар, көшелер, тұйық көшелер, саябақтар, скверлер, көпірлер және басқа да бөліктер елді мекендердің құрамдас бөліктері болып табылады.
Toggle Dropdown
Облыстық маңызы бар қаладағы, республикалық маңызы бар қаладағы, астанадағы аудан қаладағы аудан болып табылады. Облыстық маңызы бар қаладағы, республикалық маңызы бар қаладағы, астанадағы аудан олардағы халық саны 400 мың адамнан асқан кезде құрылады. Қаладағы аудан халқының саны 200 мың адамнан кем болмауға тиіс.
Toggle Dropdown
1
3-бап. Елдi мекендердiң санаттары
Toggle Dropdown
Елдi мекендер мыналарға бөлінеді:
Toggle Dropdown
1
1) республикалық маңызы бар қалалар, оларға ерекше мемлекеттiк маңызы бар немесе халқының саны бiр миллион адамнан асатын елдi мекендер жатады;
Toggle Dropdown
1
2) облыстық маңызы бар қалалар, оларға iрi экономикалық және мәдени орталықтар болып табылатын, дамыған өндiрiстiк және әлеуметтiк инфрақұрылымы бар және халқының саны 50 мың адамнан асатын елдi мекендер жатады;
Toggle Dropdown
1
3) аудандық маңызы бар қалалар, оларға аумағында өнеркәсiптік кәсіпорындар, коммуналдық шаруашылық, мемлекеттiк тұрғын үй қоры, білім беру және денсаулық сақтау ұйымдарының, мәдени-ағарту және сауда объектілерінің дамыған желісi бар, халқының саны кемiнде 10 мың адам болатын елдi мекендер жатады;
Toggle Dropdown
1
4) кенттер, оларға халқының саны кемiнде 3 мың адам болатын елдi мекендер жатады.
Toggle Dropdown
Халық саны кемінде 2 мың болатын, жыл сайын емделу және демалу үшiн келетiндердің саны кемiнде олардың жартысын құрайтын, емдiк маңызы бар жерлерде орналасқан елдi мекендер де кенттерге теңестiрiледi. Оларға азаматтардың жазғы демалыс орындары болып табылатын, ересек халықтың кемiнде 25 пайызы ауыл шаруашылығымен тұрақты түрде айналысатын саяжай кенттері де жатады;
Toggle Dropdown
1
5) ауылдар – халқының саны кемінде 50 адам болатын елді мекендер.»;
Toggle Dropdown
4-бап. Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылыс туралы заңнамасы
Toggle Dropdown
1. Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылыс туралы заңнамасы Қазақстан Республикасының Конституциясына негізделеді және осы Заң мен Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерінен тұрады.
Toggle Dropdown
2. Егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шартта осы Заңда көзделгендерден өзгеше ережелер белгіленсе, онда халықаралық шарттың ережелері қолданылады.
Toggle Dropdown
2
5-бап. Әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктердi құру, тарату, олардың шекараларын белгiлеу және өзгерту, оларға ат қою және олардың атын өзгерту туралы шешiмдер қабылдайтын органдар
Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасының Президентi мен Үкiметi, жергiлiктi өкiлдi және атқарушы органдар өз өкiлеттiктерi шегiнде әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктердi құру және тарату, олардың шекараларын белгiлеу және өзгерту, оларға ат қою мен олардың атын өзгерту туралы шешiмдер қабылдайды.
Toggle Dropdown
Орталық және жергілікті атқарушы органдар өз өкілеттіктері шегінде Республикалық ономастика комиссиясының қорытындысы негізінде мемлекеттік заңды тұлғаларға, мемлекет қатысатын заңды тұлғаларға атаулар беру, оларды қайта атау, олардың атауларының транскрипциясын нақтылау және өзгерту және жеке адамдардың есімдерін беру туралы шешім қабылдайды.
Toggle Dropdown
6-бап. Облыстар мен аудандарға, қалаларға ат қою мен олардың аттарын өзгертуге байланысты шығындар
Toggle Dropdown
Облыстарға, аудандарға, қалаларға ат қою мен олардың аттарын өзгертуге байланысты шығындар бюджет қаражаты есебiнен жұмсалады.
Toggle Dropdown
7-бап. Ономастика комиссиялары
Toggle Dropdown
Ономастика комиссиялары Қазақстан Республикасының аумағындағы әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктерге, елді мекендердің құрамдас бөлiктерiне, әуежайларға, порттарға, теміржол вокзалдарына, теміржол стансаларына, метрополитен стансаларына, автовокзалдарға, автостансаларға, физикалық-географиялық және мемлекет меншігіндегі басқа да объектілерге атау беру және оларды қайта атау, олардың атауларының транскрипциясын нақтылау мен өзгерту және мемлекеттік заңды тұлғаларға, мемлекет қатысатын заңды тұлғаларға жеке адамдардың есімдерін беру, сондай-ақ Қазақстан Республикасының тарихи-мәдени мұрасының құрамдас бөлiгi ретiнде тарихи атауларды қалпына келтiру, сақтау жөніндегі жұмысты ретке келтіру мақсатында құрылады.
Toggle Dropdown
Уәкілетті органның жанынан Республикалық ономастика комиссиясы, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдарының жанынан тиісінше облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың ономастика комиссиялары құрылады.
Toggle Dropdown
8-бап. Әкiмшiлiк-аумақтық бірлiктердi есепке алу мен тiркеу, оларды есептi деректерден шығару
Toggle Dropdown
Тұрақты халқының саны елу адамнан асатын және дербес елдi мекендер деп саналатын қоныстар есепке алынады және тiркелуге жатады.
Toggle Dropdown
Қызметтiк мақсаттағы объектiлер болып табылатын жалғыз үйлер, фермалар, қоныстар (орманшылардың, жол қараушылардың, жол шеберлерiнiң үйлерi, зайымкелер, қыстаулар, дала қостары, метеостансалар және т.б.) әкiмшiлiк немесе аумақтық тұрғыдан байланысты елдi мекендер құрамында есепке алынады.
Toggle Dropdown
Қалалардың, кенттердiң немесе ауылдардың құрамына енгiзiлген және олардың бiр бөлiгіне айналған елдi мекендер, сондай-ақ тұрғындарының бәрi кетiп қалған немесе қоныс аударған қоныстар дербес әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктер мәртебесiнен айырылады және есептi деректерден шығарылады.
Toggle Dropdown
2 бөлiм. ӘКIМШIЛIК-АУМАҚТЫҚ ҚҰРЫЛЫС МӘСЕЛЕЛЕРIН ШЕШУ ЖӨНIНДЕГI РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ОРГАНДАРДЫҢ ӨКIЛЕТТIКТЕРI
Toggle Dropdown
29
9-бап. Қазақстан Республикасы Президентiнiң өкiлеттiктерi
Toggle Dropdown
1) облыстар мен аудандарды құрады және таратады, олардың әкiмшiлiк орталықтарын белгiлейдi және көшiредi;
Toggle Dropdown
2) тармақша алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
Toggle Dropdown
3) елдi мекендердi республикалық, облыстық және аудандық маңызы бар қалалардың санаттарына жатқызады, олардың бағыныстылығын белгiлейдi және өзгертедi;
Toggle Dropdown
4) облыстарға, аудандар мен қалаларға ат қою және олардың атын өзгерту, сондай-ақ олардың атауларының транскрипциясын нақтылау мен өзгерту мәселелерiн шешедi;
Toggle Dropdown
4-1) республикалық, облыстық және аудандық маңызы бар қалаларды өзге елді мекендер етіп қайта құру жөнінде шешім қабылдайды;
Toggle Dropdown
5) Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына сәйкес басқа да өкiлеттiктердi жүзеге асырады.
Toggle Dropdown
3
10-бап. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң құзыреті
Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасының Үкiметi:
Toggle Dropdown
2
1) Қазақстан Республикасының Президентiне облыстар мен аудандарды құру және тарату, олардың әкiмшiлiк орталықтарын белгiлеу және өзгерту туралы ұсынулар енгiзедi;
Toggle Dropdown
8
1-1) облыстардың және республикалық маңызы бар қалалардың шекарасын белгiлейді және өзгертеді;
Toggle Dropdown
2) Қазақстан Республикасының Президентiне елдi мекендердi республикалық, облыстық және аудандық маңызы бар қалалардың категорияларына жатқызу, олардың бағыныстылығын белгiлеу және өзгерту туралы ұсыныстар енгiзедi;
Toggle Dropdown
2-1) Қазақстан Республикасының Президентіне республикалық, облыстық және аудандық маңызы бар қалаларды өзге елді мекендер етіп қайта құру туралы ұсыну енгізеді;
Toggle Dropdown
1
3) Қазақстан Республикасының аумағындағы әуежайларға, порттарға, теміржол вокзалдарына, теміржол стансаларына, метрополитен стансаларына, автовокзалдарға, автостансаларға, физикалық-географиялық және мемлекет меншігіндегі басқа да объектілерге атау беру, сондай-ақ оларды қайта атау, олардың атауларының транскрипциясын нақтылау мен өзгерту және мемлекеттік заңды тұлғаларға, мемлекет қатысатын заңды тұлғаларға жеке адамдардың есімдерін беру қағидаларын бекітеді;
Toggle Dropdown
1
4) Республикалық ономастика комиссиясының қорытындысы негізінде және тиісті аумақ халқының, оның жергілікті өкілді және атқарушы органдарының пікірін ескере отырып, Қазақстан Республикасының Президентіне облыстарға, аудандарға, қалаларға атау беру және оларды қайта атау, сондай-ақ олардың атауларының транскрипциясын нақтылау мен өзгерту туралы ұсыныстар енгізеді;
Toggle Dropdown
111
4-1) Қазақстан Республикасының аумағындағы әуежайларға, порттарға, теміржол вокзалдарына, теміржол станцияларына, метрополитен станцияларына, автовокзалдарға, автостанцияларға, физикалық-географиялық және мемлекеттік меншіктің басқа да объектілеріне атау беру туралы шешім қабылдайды;
Toggle Dropdown
5) Тармақша алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
Toggle Dropdown
6) өзiне Конституцияда, осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында және Қазақстан Республикасы Президентiнiң актiлерiнде жүктелген өзге де функцияларды орындайды.
Toggle Dropdown
3 бөлiм. ЖЕРГIЛIКТI ӨКIЛДI ЖӘНЕ АТҚАРУШЫ ОРГАНДАРДЫҢ ӘКIМШIЛIК-АУМАҚТЫҚ ҚҰРЫЛЫС МӘСЕЛЕЛЕРIН ШЕШУ ЖӨНIНДЕГI ӨКIЛЕТТIКТЕРI
Toggle Dropdown
3
11-бап. Облыстық өкiлдi және атқарушы органдардың өкiлеттiктерi
Toggle Dropdown
Облыстық өкiлдi және атқарушы органдар бiрлескен шешiмiмен:
Toggle Dropdown
1) Қазақстан Республикасының Үкiметiне облыстың шекарасын өзгерту туралы, облыс аудандарын құру және тарату, олардың әкiмшiлiк орталықтарын белгiлеу және көшiру туралы, елдi мекендердi республикалық, облыстық және аудандық маңызы бар қалалардың категорияларына жатқызу туралы ұсыныстар енгiзедi;
Toggle Dropdown
17
2) Қазақстан Республикасының Үкiметiмен келiсу бойынша облыстық маңызы бар қалалардың шекараларын белгiлейдi және өзгертедi; облыс аудандарының, аудандық маңызы бар қалалардың, ауылдық округтердiң шекараларын белгiлейдi және өзгертедi, кенттердi, ауылдарды бiр ауданнан екiншi ауданға немесе қалалық билік органдарының әкiмшiлiк бағынысына беру туралы мәселелердi шешедi;
Toggle Dropdown
3
3) аудандық (облыстық маңызы бар қаланың) өкiлдi және атқарушы органдарының пiкiрiн ескере отырып, қала емес елдi мекендердi осы Заңмен белгiленген басқа елдi мекендердiң категорияларына жатқызады; кенттердi, ауылдарды, ауылдық округтердi құрады, таратады және қайта құрады, сондай-ақ олардың бағыныстылығын өзгертедi;
Toggle Dropdown
3-1) Қазақстан Республикасының Үкіметіне облыстық және аудандық маңызы бар қалаларды өзге елді мекендер етіп қайта құру туралы ұсыныстар енгізеді;
Toggle Dropdown
1
4) тиісті аумақ халқының пікірін ескере отырып, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті өкілді және атқарушы органдарының ұсынуы бойынша Республикалық ономастика комиссиясымен келісілген облыстық ономастика комиссиясының қорытындысы негізінде ауылдарға, кенттерге, ауылдық округтерге атау беру, оларды қайта атау, сондай-ақ олардың атауларының транскрипциясын нақтылау мен өзгерту жөніндегі мәселелерді шешеді;
Toggle Dropdown
4-1) тиісті аумақ халқының пікірін ескере отырып, Республикалық ономастика комиссиясының қорытындысы негізінде облыстық маңызы бар қалалардың қаладағы аудандарына, құрамдас бөліктеріне атау беру, оларды қайта атау, сондай-ақ олардың атауларының транскрипциясын нақтылау мен өзгерту жөніндегі мәселелерді шешеді;
Toggle Dropdown
4-2) Республикалық ономастика комиссиясының қарауына әуежайларға, порттарға, теміржол вокзалдарына, теміржол стансаларына, автовокзалдарға, автостансаларға, метрополитен стансаларына, физикалық-географиялық және мемлекет меншігіндегі басқа да объектілерге атау беру, сондай-ақ оларды қайта атау, олардың атауларының транскрипциясын нақтылау мен өзгерту және мемлекеттік заңды тұлғаларға, мемлекет қатысатын заңды тұлғаларға жеке адамдардың есімдерін беру жөнінде ұсыныстар енгізеді;
Toggle Dropdown
5) Қазақстан Республикасының заңнамасымен жергілікті өкілді және атқарушы органдарға жүктелетін өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
Toggle Dropdown
Облыстық атқарушы органдар аудандық (облыстық маңызы бар қаланың) атқарушы органдарының ұсынуы бойынша облыстардың шекараларындағы қазiргi және жаңадан құрылатын әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктер мен жекелеген елдi мекендердi есепке алады және тiркейдi, сондай-ақ оларды есептi деректерден шығарады.
Toggle Dropdown
12-бап. Аудандық өкiлдi және атқарушы органдардың өкiлеттiктерi
Toggle Dropdown
Аудандық өкiлдi және атқарушы органдар бiрлескен шешiмiмен:
Toggle Dropdown
1) облыстық өкiлдi және атқарушы органдарына елдi мекендердi аудандық маңызы бар қалалардың категорияларына жатқызу туралы ұсыныстар енгiзедi;
Toggle Dropdown
2) облыстық өкiлдi және атқарушы органдарға елдi мекендердi кенттер немесе ауылдар категорияларына жатқызу туралы; кенттердi немесе ауылдарды құру немесе қайта құру, олардың бағыныстылығын өзгерту, оларды есепке алу және тiркеу туралы ұсыныстар енгiзедi;
Toggle Dropdown
3) кенттер мен ауылдардың басқару органдарының пiкiрiн ескере отырып, осы елдi мекендердiң шекараларын белгiлейдi және өзгертедi;
Toggle Dropdown
4) облыстық өкiлдi және атқарушы органдарға аудандардың ауылдық округтердiң шекараларын өзгерту туралы ұсыныстар енгiзедi;
Toggle Dropdown
5) тиiстi аумақ халқының пiкiрiн ескере отырып, облыстық өкiлдi және атқарушы органдарға кенттерге, ауылдық округтерге, ауылдарға атау беру және оларды қайта атау, сондай-ақ олардың атауларының транскрипциясын нақтылау мен өзгерту туралы ұсыныстар енгiзедi;
Toggle Dropdown
5-1) тиісті аумақ халқының пікірін ескере отырып, Республикалық ономастика комиссиясымен келісілген облыстық ономастика комиссиясының қорытындысы негізінде аудандық маңызы бар қаланың құрамдас бөлiктерiне атау беру, оларды қайта атау, сондай-ақ олардың атауларының транскрипциясын нақтылау мен өзгерту жөніндегі мәселелерді шешеді;
Toggle Dropdown
6) Тармақша алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
Toggle Dropdown
7) Қазақстан Республикасының заңнамасымен жергілікті өкілді және атқарушы органдарға жүктелетін өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
Toggle Dropdown
Аудандық атқарушы органдар аудан шекараларындағы қазiргi және жаңадан құрылатын елді мекендердi есепке алуды және тіркеуді жүзеге асырады, сондай-ақ оларды есептi деректерден шығарады.
Toggle Dropdown
5
13-бап. Қалалық өкiлдi және атқарушы органдардың өкiлеттiктерi
Toggle Dropdown
Қалалық өкiлдi және атқарушы органдар бiрлескен шешiмiмен:
Toggle Dropdown
1) облыстық өкiлдi және атқарушы органдарға қалаларды республикалық, облыстық және аудандық маңызы бар категорияларға жатқызу туралы ұсыныстар енгiзедi;
Toggle Dropdown
2) облыстық өкiлдi және атқарушы органдарына, ал республикалық маңызы бар қалалардың, астананың өкiлдi және атқарушы органдары Қазақстан Республикасының Үкiметiне қалалар шекараларын өзгерту жөнiнде, соның iшiнде олардың құрамына жеке елдi мекендердi енгiзу туралы ұсыныстар енгiзедi;
Toggle Dropdown
3) қаладағы аудандарды құрады және таратады, олардың шекараларын белгiлейдi және өзгертедi;
Toggle Dropdown
1
4) республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті өкілді және атқарушы органдары:
Toggle Dropdown
тиісті аумақ халқының пікірін ескере отырып, Республикалық ономастика комиссиясымен келісілген республикалық маңызы бар қалалардың, астананың ономастика комиссиясының қорытындысы негізінде республикалық маңызы бар қалалардың, астананың қаладағы аудандарына, құрамдас бөлiктерiне атау беру, оларды қайта атау, сондай-ақ олардың атауларының транскрипциясын нақтылау мен өзгерту жөніндегі мәселелерді шешеді;
Toggle Dropdown
Республикалық ономастика комиссиясының қарауына әуежайларға, порттарға, теміржол вокзалдарына, теміржол стансаларына, автовокзалдарға, автостансаларға, метрополитен стансаларына, физикалық-географиялық және мемлекет меншігіндегі басқа да объектілерге атау беру, оларды қайта атау, сондай-ақ олардың атауларының транскрипциясын нақтылау мен өзгерту және мемлекеттік заңды тұлғаларға, мемлекет қатысатын заңды тұлғаларға жеке адамдардың есімдерін беру жөнінде ұсыныстар енгізеді;
Toggle Dropdown
4-1) облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті өкілді және атқарушы органдары:
Toggle Dropdown
кенттер мен ауылдардың басқару органдарының пікірін ескере отырып, осы елді мекендердің шекараларын белгілейді және өзгертеді;
Toggle Dropdown
облыстық өкілді және атқарушы органдарға ауылдық округтердің шекараларын өзгерту туралы ұсыныстар енгізеді;
Toggle Dropdown
тиісті аумақ халқының пікірін ескере отырып, облыстық өкілді және атқарушы органдарға ауылдарға, кенттерге, ауылдық округтерге атау беру және оларды қайта атау, сондай-ақ олардың атауларының транскрипциясын нақтылау мен өзгерту туралы ұсыныстар енгізеді;
Toggle Dropdown
5) қаладағы аудандардың, алаңдардың, даңғылдардың, бульварлардың, көшелердiң, тұйық көшелердiң, саябақтардың, скверлердiң, көпiрлердiң және қаланың басқа да құрамды бөлiктерiнiң атауы және оларды қайта атау, олардың атауларының транскрипциясын өзгерту жөнiндегi жұмыстардың орындалуын қамтамасыз етедi;
Toggle Dropdown
6) Қазақстан Республикасының заңнамасымен жергілікті өкілді және атқарушы органдарға жүктелетін өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
Toggle Dropdown
36
14-бап. Аудандық маңызы бар қала, кент, ауыл, ауылдық округ әкімінің өкілеттіктері
Toggle Dropdown
Аудандық маңызы бар қала әкімі аудандық өкілді және атқарушы органдарға аудандық маңызы бар қаланы кент, ауыл санатына жатқызу туралы ұсыныс енгізеді.
Toggle Dropdown
Кент, ауыл, ауылдық округ әкімі:
Toggle Dropdown
1) аудандық (облыстық маңызы бар қала) өкілді және атқарушы органдарға осы елдi мекендердi аудандық маңызы бар қалалар, кенттер, ауылдар санаттарына жатқызу туралы, оларды тарату және қайта құру туралы ұсыныстар енгiзедi;
Toggle Dropdown
2) тиiстi елдi мекен халқының пiкiрiн ескере отырып, аудандық (облыстық маңызы бар қала) өкiлдi және атқарушы органдарға кенттерге, ауылдық округтерге, ауылдарға атау беру және оларды қайта атау, сондай-ақ олардың атауларының транскрипциясын нақтылау мен өзгерту туралы ұсыныстар енгiзедi;
Toggle Dropdown
3) аудандық (облыстық маңызы бар қала) өкiлдi және атқарушы органдарға кенттердiң, ауылдық округтердiң, ауылдардың шекараларын белгiлеу және өзгерту туралы ұсыныстар енгiзедi;
Toggle Dropdown
16
4) тиiстi аумақ халқының пiкiрiн ескере отырып, Республикалық ономастика комиссиясымен келісілген облыстық ономастика комиссиясының қорытындысы негізінде осы елдi мекендердің құрамдас бөлiктеріне атау беру, оларды қайта атау, сондай-ақ олардың атауларының транскрипциясын нақтылау мен өзгерту жөніндегі мәселелерді шешеді.
Toggle Dropdown
1
14-1-бап. Әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктерге, елді мекендердің құрамдас бөлiктерiне атау беру және оларды қайта атау, сондай-ақ олардың атауларының транскрипциясын нақтылау мен өзгерту кезінде тиісті аумақ халқының пікірін ескеру
Toggle Dropdown
1
1. Әкімшілік-аумақтық бірліктерге, елді мекендердің құрамдас бөліктеріне атау беру, оларды қайта атау, сондай-ақ олардың атауларының транскрипциясын нақтылау және өзгерту кезінде тиісті аумақ халқының пікірін ескеруді жергілікті атқарушы органдар ономастика саласындағы уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен жүргізеді.
Toggle Dropdown
1
2. Тиісті аумақ халқының пікірін ескеру қорытындылары бойынша жергілікті өкілді және атқарушы органдар бірлескен шешіммен әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктерге, елді мекендердің құрамдас бөлiктерiне атау беру, оларды қайта атау, сондай-ақ олардың атауларының транскрипциясын нақтылау мен өзгерту жөніндегі ұсыныстарды тиісті ономастика комиссияларының қарауына енгізеді.
Toggle Dropdown
14-2-бап. Елді мекендердің санаттарын өзгерту тәртібі
Toggle Dropdown
1. Қала мәртебесін өзгерту бес жыл ішінде осы Заңның 3-бабының 1), 2) және 3) тармақшаларында белгіленген талаптарға сәйкес келмеген жағдайда жүзеге асырылады.
Toggle Dropdown
2. Ауыл, кент мәртебесін өзгерту үш жыл ішінде осы Заңның 3-бабының 4) және 5) тармақшаларында белгіленген талаптарға сәйкес келмеген жағдайда жүзеге асырылады.
Toggle Dropdown
3. Егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше белгіленбесе, үш жыл ішінде осы Заңның 2-бабының 2-тармағы бесінші бөлігінің талаптарына сәйкес келмеген жағдайда ауылдық округ таратылады, ал оның ауылдық елді мекендері жақын маңдағы ауылдық округтерге немесе өзге де елді мекендерге қосылады.
Toggle Dropdown
4. Елді мекеннің санатын өзгерту рәсімі осы Заңда белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.
Toggle Dropdown
4 бөлiм. ӘКIМШIЛIК-АУМАҚТЫҚ ҚҰРЫЛЫС МӘСЕЛЕЛЕРIН ҚАРАУ ҮШIН ҚАЖЕТТI ҚҰЖАТТАР МЕН МАТЕРИАЛДАР
Toggle Dropdown
15-бап. Аймақтық деңгейде әкiмшiлiк-аумақтық құрылыс мәселелерiн шешу үшiн қажеттi құжаттар мен материалдардың тiзбегi
Toggle Dropdown
Аймақтық деңгейде әкiмшiлiк-аумақтық құрылыс мәселелерiн шешу үшiн:
Toggle Dropdown
1) Қазақстан Республикасы Президентiнiң шешiмi немесе облыстық өкiлдi және атқарушы органдардың мәселенi өз мәнiсiнде шешетiн (бiрлескен) ұсынымы;
Toggle Dropdown
2) Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң енгiзiлетiн ұсыныс жөнiндегi тиiстi өтiнiшi және оның тиiмдi екендiгiнiң негiздемесi, өзгертiлетiн аумақтың көлемi, онда тұратын халықтың саны туралы мәлiметтер, негiзгi заңды тұлғалардың тiзбесi, олардың өндiрiстiк көрсеткiштерi, бұлардың әрқайсысында iстейтiн жұмысшылардың саны, жергiлiктi өкiлдi және атқарушы органдардың құрылымы мен штаттары туралы, қайта ұйымдастыруға байланысты олардың өзгеруi туралы мәселенi өз мәнiсiнде шешу үшiн қажеттi барлық басқа мәлiметтерi бар ұсынымы;
Toggle Dropdown
3) жергiлiктi (облыстық, аудандық, қалалық) өкiлдi және атқарушы органдардың, кенттер, ауылдар , ауылдық округтер әкiмдерiнiң қаралатын мәселе жөнiндегi ұсыныстары;
Toggle Dropdown
4) әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктердiң жаңа шекаралары, мәселенi өз мәнiсiнде шешу үшiн маңызы бар өзге де жағырапиялық деректер көрсетiлген схемалық карта қажет. Картаға Үкiметiнiң өкiлi, сондай-ақ аумақтық қабылдайтын және беретiн өкiлдi және атқарушы органдардың басшылары қол қояды, қойылған қолдар мөрмен куәландырылады;
Toggle Dropdown
5) жүргiзiлетiн қайта құрулар мен аттарын өзгерту жөнiндегi ғылыми сараптаманың актiсi және экономикалық есеп-қисап қажет.
Toggle Dropdown
16-бап. Аумақтар шегiнде әкiмшiлiк-аумақтық құрылыс мәселелерiн шешу үшiн қажеттi құжаттар мен материалдардың тiзбесi
Toggle Dropdown
Өңір шегінде әкімшілік-аумақтық құрылыс мәселелерін шешу үшін мыналар қажет:
Toggle Dropdown
1) мәселенi өз мәнiсiнде шешетiн өкiлдi және атқарушы органның бiрлескен қаулысы;
Toggle Dropdown
2) жергілікті қоғамдастық жиынының шешілетін мәселенің мәніне қатысты хаттамалары;
Toggle Dropdown
3) енгiзiлетiн ұсыныс тиiмдiлiгiнiң негiздемесi, өзгертiлетiн аумақ, оның халқының саны туралы мәлiметтер, елдi мекендердiң өнеркәсiптiк және басқа да объектiлердiң тiзбесi, сондай-ақ мәселенi өз мәнiсiнде шешу үшiн қажеттi барлық басқа мәлiметтерi бар түсiндiрме жазбаша хат;
Toggle Dropdown
4) елдi мекендердiң жаңа шекаралары және мәселенi өз мәнiсiнде шешу үшiн маңызы бар өзге де жағырапиялық деректерi көрсетiлген схемалық карта. Картаға өзгертiлетiн аумақтың өкiлдi және атқарушы органдарының басшылары қол қояды;
Toggle Dropdown
5) жүргiзiлетiн қайта құрулар мен аттарын өзгерту жөнiндегi ғылыми сараптаманың актiсi және экономикалық есеп-қисап.
Toggle Dropdown
Осы Заңның 3-бабының 4) және 5) тармақшаларында белгіленген талаптарға сәйкес келмейтін елді мекендер таратылған кезде ғылыми сараптама актісін ұсыну талап етілмейді.
Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасының
Президентi