Toggle Dropdown
65
Қазақстан Республикасындағы кеден ісі туралы
Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 30 маусымдағы № 296-IV Кодексі
Toggle Dropdown
Редакция 25.12.2017 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
Toggle Dropdown
Осы Кодекс Қазақстан Республикасындағы кеден ісінің құқықтық, экономикалық және ұйымдық негіздерін айқындайды және Қазақстан Республикасының егемендігі мен экономикалық қауіпсіздігін қорғауға, Қазақстан экономикасының дүниежүзілік экономикалық қатынастар жүйесіндегі байланыстарын жандандыруға және сыртқы экономикалық қызметті ырықтандыруға бағытталған.
Toggle Dropdown
ЖАЛПЫ БӨЛІМ
Toggle Dropdown
1-бөлім. НЕГІЗГІ ЕРЕЖЕЛЕР
Toggle Dropdown
1-тарау. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР
Toggle Dropdown
3
1-бап. Қазақстан Республикасындағы кеден ісі (кедендік реттеу)
Toggle Dropdown
1. Қазақстан Республикасындағы кеден ісі (кедендік реттеу) деп Қазақстан Республикасы айрықша юрисдикцияға ие Кеден одағының кедендік аумағының бөлігінде (Қазақстан Республикасының аумағында) тауарларды Кеден одағының кедендік шекарасы арқылы өткізумен, оларды Кеден одағының бірыңғай кедендік аумағында кедендік бақылауда тасымалдаумен, уақытша сақтаумен, кедендік декларациялаумен, кедендік рәсімдерге сәйкес шығарумен және пайдаланумен, кедендік бақылау жүргізумен, кедендік төлемдерді және салықтарды төлеумен байланысты қатынастарды, сондай-ақ кеден органдары мен көрсетілген тауарларды иелену, пайдалану және оларға билік ету құқығын іске асыратын тұлғалар арасындағы билік қатынастарын реттеу танылады.
Toggle Dropdown
2. Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу Кеден одағының кеден заңнамасына, ал ондай заңнамамен реттелмеген бөлiгiнде Қазақстан Республикасының кеден заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
Toggle Dropdown
3. Кеден ісін іске асыру кезіндегі мемлекеттік басқару саласы кеден ісінің аясы болып табылады.
Toggle Dropdown
2-бап. Уәкілетті мемлекеттік органдардың құзыреті
Toggle Dropdown
1. Кеден саясаты саласындағы уәкілетті орган Кеден одағының кеден заңнамасына және (немесе) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес:
Toggle Dropdown
1) Қазақстан Республикасындағы кеден саясатын қалыптастыру жөнінде ұсыныстар әзірлеуді жүзеге асырады;
Toggle Dropdown
2) өз құзыреті шегінде осы Кодексте көзделген нормативтік құқықтық актілерді әзірлейді және бекітеді;
Toggle Dropdown
3) осы Кодексте, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасының Президенті мен Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
Toggle Dropdown
2. Кеден ісі саласындағы уәкілетті орган Кеден одағының кеден заңнамасына және (немесе) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес:
Toggle Dropdown
1) өз құзыреті шегінде осы Кодексте көзделген нормативтік құқықтық актілерді әзірлейді және бекітеді;
Toggle Dropdown
2) кеден органдарына басшылықты жүзеге асырады;
Toggle Dropdown
3) өзінің құрамына кіретін ведомствоның өкілеттіктерін айқындайды;
Toggle Dropdown
1
3-1) Кеден одағының кеден заңнамасымен реттелмеген бөлікте кедендерді, кеден бекеттерін және бақылау-өткізу пункттерін құру, санатқа бөлу, сыныптау қағидаларын, сондай-ақ оларды жайластыру мен материалдық-техникалық жарақтандырудың тиесілік нормаларын және оларға қойылатын үлгілік талаптарды әзірлейді және бекітеді;
Toggle Dropdown
4) ақпараттық жүйелерді, байланыс жүйелерін және деректер беру, кедендік бақылаудың техникалық құралдарының, сондай-ақ ақпаратты қорғау құралдарының жүйелерін әзірлейді және құрады;
Toggle Dropdown
5) кеден ісі саласындағы қызметті жүзеге асыруға арналған тізілімге енгізу туралы шешім қабылдайды;
Toggle Dropdown
6) кедендік әкімшілік етуді жүзеге асырады;
Toggle Dropdown
7) тауарлар мен көлік құралдарының Кеден одағының кедендік шекарасы арқылы өткізілуіне кедендік бақылауды жүзеге асырады;
Toggle Dropdown
8) сыртқы экономикалық және кеден ісі саласындағы өзге де қызметке қатысушыларды уақтылы хабардар етуді, оның ішінде Кеден одағының және (немесе) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасындағы өзгерістер мен толықтырулар туралы уақтылы хабардар етуді тұрақты негізде қамтамасыз етеді;
Toggle Dropdown
9) кедендік статистиканы жүргізеді;
Toggle Dropdown
10) осы Кодексте, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасының Президенті мен Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
Toggle Dropdown
3-бап. Қазақстан Республикасының кеден заңнамасы
Toggle Dropdown
1. Қазақстан Республикасының кеден заңнамасы Қазақстан Республикасының Конституциясына негізделеді және мыналардан:
Toggle Dropdown
1) осы Кодекстен;
Toggle Dropdown
2) қабылдануы осы Кодексте көзделген нормативтік құқықтық актілерден тұрады.
Toggle Dropdown
Егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шартта осы Кодекстегіден өзгеше ережелер белгіленсе, онда халықаралық шарттың ережелері қолданылады.
Toggle Dropdown
2. Егер осы Кодексте өзгеше белгіленбесе, кедендік декларацияны немесе өзге де кедендік құжаттарды тіркеу күні қолданылатын кеден ісі саласындағы кедендік-тарифтік реттеу шаралары, тыйым салулар мен шектеулер, Қазақстан Республикасының кеден және салық заңнамалары қолданылады.
Toggle Dropdown
3. Қазақстан Республикасының кеден заңнамасында белгіленген талаптарды бұза отырып, Кеден одағының кедендік шекарасы арқылы тауарлар өткізілген кезде, егер осы Кодексте өзгеше белгіленбесе, тауарлар Кеден одағының кедендік шекарасын іс жүзінде кесіп өткен күні қолданылатын Қазақстан Республикасының кеден және салық заңнамасы, кедендік-тарифтік реттеу шаралары, тыйым салулар мен шектеулер қолданылады.
Toggle Dropdown
Егер Кеден одағының кедендік шекарасын тауарлар іс жүзінде кесіп өткен күн белгіленбесе, белгіленген талаптарды бұзушылықтар анықталған күні қолданылатын Қазақстан Республикасының кеден және салық заңнамалары, кедендік-тарифтік реттеу шаралары, тыйым салулар мен шектеулер қолданылады.
Toggle Dropdown
35
4-бап. Осы Кодексте пайдаланылатын негізгі ұғымдар
Toggle Dropdown
1. Осы Кодексте пайдаланылатын негізгі ұғымдар:
Toggle Dropdown
1) авария – тасымалдаудың, сақтаудың және пайдаланудың (қолданудың) әдеттегі жағдайлары кезіндегі табиғи өзгерістерді, сондай-ақ осындай жағдайлардағы төтенше және болдырмау мүмкін болмайтын жағдайларды (еңсерілмейтін күшті) қоспағанда, кедендік бақылаудағы көлік құралдары және (немесе) өзге де тауарлар ұшыраған, Кеден одағының және (немесе) Қазақстан Республикасының кеден заңнамаларында көзделмеген сандық және (немесе) сапалық өзгерістеріне әкеп соқтырған, меншік иесінің және (немесе) мұндай өзгерістер кезінде иелігінде тауарлар болған тұлғаның қасақана іс-қимылынан болмаған, салдары бойынша техникалық, технологиялық немесе өзге де сипаттағы зиянды оқиға;
Toggle Dropdown
2) декларант – тауарларды декларациялайтын не оның атынан тауарлар декларацияланатын тұлға;
Toggle Dropdown
2-1) Еуразиялық экономикалық комиссия (бұдан әрі – Комиссия) – Кеден одағының және Бірыңғай экономикалық кеңістіктің тұрақты жұмыс істейтін бірыңғай реттеуші органы;
Toggle Dropdown
3) жеке пайдалануға арналған тауарлар – кедендік шекара арқылы алып жүрілетін немесе алып жүрілмейтін багажда, халықаралық почта жөнелтімдерінде немесе өзге де тәсілмен өткізілетін жеке адамдардың жеке, отбасылық, үй және кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруға байланысты емес өзге мұқтаждықтарына арналған тауарлары;
Toggle Dropdown
4) жөнелтуші кеден органы – тауарларды кедендік транзит кедендік рәсімімен орналастыруға байланысты кедендік операцияларды жасайтын кеден органы және (немесе) Кеден одағына мүше мемлекеттің өзге кеден органы;
Toggle Dropdown
5) кедендік баж – кеден органдары тауарларды Кеден одағының кедендік шекарасы арқылы өткізуге байланысты өндіріп алатын міндетті төлем;
Toggle Dropdown
6) кедендік баждардың, салықтардың төленуін бас қамтамасыз ету – осы Кодексте айқындалатын уақыт кезеңі ішінде қолданыста болатын және Қазақстан Республикасының аумағында кедендік операцияларды жүргізуге байланысты тәуекелдерді өтейтін кедендік баждардың, салықтардың төленуін қамтамасыз ету;
Toggle Dropdown
7) кедендік баждардың, салықтардың төленуін қамтамасыз ету – Кеден одағының кеден заңнамасында және осы Кодексте көзделген кедендік баждарды, салықтарды төлеу жөніндегі міндеттерді кеден органдарының алдында орындау кепілдігінің тәсілі;
Toggle Dropdown
8) кедендік бақылау – Кеден одағының кеден заңнамасын және Қазақстан Республикасының заңнамасын сақтауды қамтамасыз ету мақсатында, оның ішінде тәуекелдерді басқару жүйесін пайдалана отырып, кеден органдары жүзеге асыратын шаралардың жиынтығы;
Toggle Dropdown
9) кедендік декларация – белгіленген нысан бойынша жасалған, тауарлар туралы, таңдалған кедендік рәсім туралы мәліметтерді және тауарларды шығару үшін қажетті өзге де мәліметтерді қамтитын құжат;
Toggle Dropdown
10) кедендік инфрақұрылым - өткізу пунктінің кедендік инфрақұрылым объектілерінің жиынтығы, сондай-ақ өткізу пунктін материалдық-техникалық жарақтандыру;
Toggle Dropdown
10-1) кедендік төлемдер мен салықтар бойынша берешек – Кеден одағының кеден заңнамасында және (немесе) осы Кодексте белгіленген мерзімдерде төленбеген кедендік төлемдер мен салықтардың сомасы;
Toggle Dropdown
11) Кеден одағының кедендік аумағына тауарларды әкелу – тауарларды халықаралық почта жөнелтімдерімен жіберуді, кеден органдары шығарғанға дейін құбыржол көлігін және электр беру желілерін пайдалануды қоса алғанда, нәтижесінде олар кез келген тәсілмен Кеден одағының кедендік аумағына келген, Кеден одағының кедендік шекарасынан өткізуге байланысты іс-әрекеттерді жасау;