Toggle Dropdown
25
Терроризмге қарсы іс-қимыл туралы
Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 13 шілдедегі № 416-I Заңы
Toggle Dropdown
Редакция 06.07.2025 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
Toggle Dropdown
Осы Заң терроризмге қарсы іс-қимылдың қағидаттарын, мақсатын, құқықтық және ұйымдастырушылық негіздерін белгілейді.
Toggle Dropdown
1-тарау. Жалпы ережелер
Toggle Dropdown
1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар
Toggle Dropdown
Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
Toggle Dropdown
1) адамдар көп жиналатын объектілер – қоғамдық тамақтану, көліктік инфрақұрылым (автомобильдік және қалалық рельсті көлік саласындағы) объектілері, сондай-ақ сауда, спорт, ойын-сауық объектілері, концерт залдары және өзге де көпшілікке арналған құрылысжайлар, білім беру және денсаулық сақтау ұйымдары, туристерді орналастыру орындары;
Toggle Dropdown
2) арнаулы мақсаттағы бөлімше – терроризм актілерінің жолын кесу үшін құрылған бөлімше;
Toggle Dropdown
3) кепілге алынған адам – кепілге алынған және (немесе) ұсталған адамды босату шарты ретінде мемлекеттік органды, жергілікті өзін-өзі басқару органын немесе халықаралық ұйымды қандай да бір іс-қимыл жасауға немесе қандай да бір іс-қимыл жасаудан тартынуға мәжбүрлеу мақсатында кепілге алынған және (немесе) ұсталған жеке адам;
Toggle Dropdown
3-1) күзетілетін объектілер – күзетілетін адамдардың болуына арналған ғимараттар, құрылыстар мен құрылысжайлар, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік күзет қызметі күзететін өзге де ғимараттар, құрылыстар мен құрылысжайлар, сондай-ақ оларға іргелес жатқан аумақ пен акватория;
Toggle Dropdown
4) күш қолдану идеологиясы – күш қолдануды, оның ішінде саяси, діни, идеологиялық және өзге де мақсаттарға қол жеткізу үшін террористік әдістер мен құралдарды пайдалана отырып күш қолдануды жақтайтын қоғамдық теориялар, көзқарастар мен идеялар жүйесі;
Toggle Dropdown
1
5) терроризм – күш қолдану идеологиясы және халықты үрейлендіруге байланысты және жеке адамға, қоғам мен мемлекетке залал келтіруге бағытталған күш қолдану және (немесе) өзге де қылмыстық әрекеттерді жасау не жасаймын деп қорқыту жолымен мемлекеттік органдардың, жергілікті өзін-өзі басқару органдарының немесе халықаралық ұйымдардың шешім қабылдауына әсер ету практикасы;
Toggle Dropdown
1
6) терроризм актісі – адамдардың қаза табу қаупін төндіру, едәуір мүліктік залал келтіру не қоғамға қауіпті өзге де салдарлардың туындау қаупін төндіретін жарылыс жасау, өрт қою немесе өзге де іс-әрекеттер жасау немесе жасаймын деп қорқыту, егер бұл іс-әрекеттер қоғамдық қауіпсіздікті бұзу, халықты үрейлендіру не Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының, шет мемлекеттердің немесе халықаралық ұйымдардың шешімдер қабылдауына әсер ету мақсатында жасалса, сондай-ақ нақ сол мақсаттарда адам өміріне қастандық жасау, сол сияқты мемлекет немесе қоғам қайраткерінің мемлекеттік немесе өзге де саяси қызметін тоқтату не осындай қызметі үшін кек алу мақсатында оның өміріне қастандық жасау;
Toggle Dropdown
6-1) терроризм актісін жасауға шақыру – жария түрде айтылған немесе таратылатын ақпараттық материалда көрініс тапқан, жеке тұлғаны терроризм актісін жасауға итермелеу мақсатында оның санасына, еркіне және мінез-құлқына әсер ететін үндеу;
Toggle Dropdown
7) терроризмге қарсы операция – адам күшін, қызметтік иттерді, жауынгерлік және өзге де техниканы, қару мен арнайы құралдарды пайдалана отырып, терроризм актісінің алдын алу, жолын кесу, террористерді, жарылғыш құрылғыларды зиянсыздандыру, жеке тұлғалар мен ұйымдардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі, сондай-ақ терроризм актісінің салдарларын барынша азайту және (немесе) жою жөніндегі арнайы іс-шаралар кешені.
Toggle Dropdown
Күзетілетін адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі күзет іс-шаралары Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметі бастығының шешімі бойынша осы Заңға сәйкес терроризмге қарсы операциялар шеңберінде өткізіледі;
Toggle Dropdown
8) терроризмге қарсы операцияның құқықтық режимі – терроризмге қарсы іс-қимылды жүзеге асыратын мемлекеттік органдардың жұмыс істеуінің айрықша режимі, бұл кезде терроризмге қарсы операция өткізілетін аймақта терроризмге қарсы операцияны өткізу кезеңіне жекелеген шаралар, азаматтардың, шетелдіктердің және азаматтығы жоқ адамдардың құқықтары мен бостандықтарына, сондай-ақ заңды тұлғалардың құқықтарына уақытша шектеулер белгілеуге жол беріледі;
Toggle Dropdown
9) терроризмге қарсы операцияны өткізу аймағы – терроризмге қарсы операцияның басшысы айқындаған, шегінде аталған операция өткізілетін жердің немесе акваторияның жекелеген учаскелері, әуе кеңістігі, көлік құралы, үй, құрылыс, ғимарат, үй-жай және оларға іргелес аумақтар;
Toggle Dropdown
10) терроризмге қарсы іс-қимыл – мемлекеттік органдардың және жергілікті өзін-өзі басқару органдарының:
Toggle Dropdown
терроризм профилактикасы;
Toggle Dropdown
террористік іс-әрекетті анықтау, оның жолын кесу, террористік қылмыстарды ашу және тергеу;
Toggle Dropdown
шұғыл медициналық көмек көрсету, медициналық-психологиялық сүйемелдеу, авариялық-құтқару және өртке қарсы іс-шаралар өткізу, террористік әсер етуге ұшыраған объектілердің қалыпты жұмыс істеуін және экологиялық қауіпсіздігін қалпына келтіру, терроризм актісінің салдарынан жәбірленуші адамдарды және оның жолын кесуге қатысқан адамдарды әлеуметтік оңалту, терроризм актісінің салдарынан жәбірленуші адамдарға моральдық және материалдық зиянды өтеу жолымен терроризм салдарларын барынша азайту және (немесе) жою жөніндегі қызметі;
Toggle Dropdown
11) терроризмге қарсы іс-қимыл саласындағы қызметті үйлестіру жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган – терроризмге қарсы іс-қимыл саласындағы қызметті ведомствоаралық үйлестіруді өз өкілеттігі шегінде жүзеге асыратын мемлекеттік орган;
Toggle Dropdown
12) терроризмді қаржыландыру – жеке тұлғаның не адамдар тобының не заңды тұлғаның іс-әрекетінің террористік сипатын не берілген мүліктің, көрсетілген ақпараттық, қаржылық және өзге де қызмет түрлерінің террористік іс-әрекетті жүзеге асыру не террористік топты, террористік ұйымды, заңсыз әскерилендірілген құралымды қамтамасыз ету үшін пайдаланылатынын көрінеу ұғынып жасаған адамның оларға ақшаны және (немесе) өзге де мүлікті, мүлікке құқықты немесе мүліктік сипаттағы пайданы беруі немесе жинауы, сондай-ақ сыйға тартуы, айырбастауы, қайырмалдық жасауы, қайырымдылық көмегі, ақпараттық және өзге де қызмет түрлерін көрсетуі не қаржылық қызметтер көрсетуі;
Toggle Dropdown
13) терроризм профилактикасы – мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдар жүзеге асыратын, терроризмнің пайда болуы мен таралуына ықпал ететін себептер мен жағдайларды анықтау, зерделеу, жою жөніндегі құқықтық, экономикалық, әлеуметтік, ұйымдастырушылық, тәрбиелік, насихаттық және өзге де шаралар кешені;
Toggle Dropdown
1
14) террорист – террористік іс-әрекетті жүзеге асыруға қатысушы адам;
Toggle Dropdown
1
14-1) террористік материалдар – терроризм актісін жасау тәсілдері мен құралдары туралы ақпаратты, сондай-ақ террористiк iс-әрекет белгілерін және (немесе) оны жүзеге асыруға шақыруды қамтитын не осындай iс-әрекеттi жүзеге асыру қажеттiлігiн негiздейтiн немесе ақтайтын кез келген ақпараттық материалдар;
Toggle Dropdown
1
15) террористік топ – бір немесе бірнеше террористік қылмыс жасау мақсатын көздейтін ұйымдасқан топ;
Toggle Dropdown
16) террористік тұрғыдан осал объектілер – терроризмге қарсы қорғалуын міндетті ұйымдастыру талап етілетін аса маңызды мемлекеттік, стратегиялық, қауіпті өндірістік объектілер, сондай-ақ экономика салаларының стратегиялық маңызы бар объектілері, адамдар көп жиналатын объектілер, күзетілетін объектілер;
Toggle Dropdown
16-1) террористік тұрғыдан осал объектілердің терроризмге қарсы қорғалуы – терроризм актісін жасауға кедергі келтіретін, сондай-ақ ол жасалған жағдайда салдарларын барынша азайтуды және жоюды қамтамасыз ететін жағдайлардың болуын сипаттайтын террористік тұрғыдан осал объектінің жай-күйі;
Toggle Dropdown
16-2) террористік тұрғыдан осал объектілерді терроризмге қарсы қорғау – объектілердің терроризмге қарсы қорғалуын қамтамасыз етуге бағытталған құқықтық, ұйымдастырушылық шаралар мен техникалық құралдар кешені;
Toggle Dropdown
17) террористік ұйым – террористік іс-әрекетті жүзеге асыратын не өзінің іс-әрекетінде терроризмді пайдалану мүмкіндігін мойындайтын, оған қатысты террористік ұйым деп тану туралы сот шешімі қабылданған және заңды күшіне енген ұйым;
Toggle Dropdown
18) террористiк iс-әрекет – төмендегі әрекеттердің кез келгенін жасау:
Toggle Dropdown
терроризм актiсiн ұйымдастыру, жоспарлау, дайындау, қаржыландыру және iске асыру;
Toggle Dropdown
терроризм актiсiн жасауға айдап салу;
Toggle Dropdown
терроризм актiсiн жасау мақсатында заңсыз әскерилендiрiлген құралымды, қылмыстық қоғамдастықты (қылмыстық ұйымды), ұйымдасқан топты ұйымдастыру, сол сияқты осындай құрылымдарға қатысу;
Toggle Dropdown
террористiк әрекетті ұйымдастыру мақсатында адамдарды азғырып көндіру немесе даярлау не қаруландыру;
Toggle Dropdown
терроризм актiсiн ұйымдастыруға, жоспарлауға, дайындауға және жасауға ақпараттық тұрғыдан немесе өзгедей жәрдемдесу;
Toggle Dropdown
терроризм идеяларын насихаттау, террористiк материалдарды тарату, оның ішінде бұқаралық ақпарат құралдарын немесе телекоммуникация желілерін пайдалана отырып тарату, сондай-ақ терроризм актісін жасауға жария түрде шақыру;
Toggle Dropdown
көрсетілген әрекеттер террористік іс-әрекетті жүзеге асыру не террористік ұйымды қамтамасыз ету үшін пайдаланатынын ұғына отырып, террористерге, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес іс-әрекеті террористік деп танылған ұйымдарға қаржылық, құқықтық көмек көрсету немесе өзге де жәрдемдесу.
Toggle Dropdown
жалдамалылық;
Toggle Dropdown
жалдамалыларды даярлайтын базалар (лагерьлер) құру;
Toggle Dropdown
халықаралық қорғауды пайдаланатын адамдарға немесе ұйымдарға шабуыл жасау;
Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасы Президентiнің өмiрiне қолсұғушылық;
Toggle Dropdown
диверсия;
Toggle Dropdown
террористік әрекетке қатысу үшін террористік даярлықтан өту, оның ішінде үйрету орнына бару;
Toggle Dropdown
адамды кепілге алу;
Toggle Dropdown
ғимараттарға, құрылысжайларға, қатынас және байланыс құралдарына шабуыл жасау немесе оларды басып алу;
Toggle Dropdown
әуе немесе су кемесін не жылжымалы темiржол құрамын айдап әкету, сол сияқты басып алу.
Toggle Dropdown
2-бап. Қазақстан Республикасының терроризмге қарсы іс-қимыл туралы заңнамасы