Toggle Dropdown
81
Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы
Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 16 ақпандағы № 561-IV Заңы
Toggle Dropdown
Редакция 08.03.2026 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
Toggle Dropdown
Осы Заң Қазақстан Республикасы азаматтарының әскери қызметті өткеруі саласындағы қоғамдық қатынастарды реттейді және әскери қызметшілерді әлеуметтік қамсыздандыру жөніндегі мемлекеттік саясат негіздерін айқындайды.
Toggle Dropdown
1-тарау . ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР
Toggle Dropdown
1
1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар
Toggle Dropdown
Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
Toggle Dropdown
1) адъюнкт – жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын шетелдік əскери оқу орнында білім алып жатқан офицерлік және сержанттық құрамдардың əскери қызметшісі;
Toggle Dropdown
1-1) азаматтық персонал адамдары (жұмыскерлер) – Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде, басқа да әскерлер мен әскери құралымдарда (бұдан әрі – Қарулы Күштер, басқа да әскерлер мен әскери құралымдар) мемлекеттік қызметтегі немесе еңбек қатынастарында тұрған Қазақстан Республикасының азаматтары;
Toggle Dropdown
2) ауыспалы құрам – Қарулы Күштердің, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың штат санына кірмейтін әскери, арнаулы оқу орындарында білім алып жатқан Қарулы Күштер, басқа да әскерлер мен әскери құралымдар әскери қызметшілерінің санаты;
Toggle Dropdown
3) әскерге шақыру бойынша әскери қызмет өткеретін әскери қызметшілер – осы Заңда көзделген мерзімге Қарулы Күштерге, басқа да әскерлер мен әскери құралымдарға әскери қызметке шақырылған Қазақстан Республикасының азаматтары;
Toggle Dropdown
4) əскерге шақыруды кейінге қалдыру – осы Заңда көзделген негіздер бойынша азаматтарды əскери қызметке шақыру мерзімін ауыстыру;
Toggle Dropdown
5) əскерге шақыру жасына дейінгілер – әскерге шақыру жасына толғанға дейін əскери қызметке даярлықтан өтетін Қазақстан Республикасының ер азаматтары;
Toggle Dropdown
1
6) əскерге шақырылушылар – жергілікті əскери басқару органдарында әскери есепте тұратын жəне мерзімді əскери қызметке шақырылуға жататын Қазақстан Республикасының ер азаматтары;
Toggle Dropdown
7) əскери атақ – əскери қызметшіге жəне əскери міндеттіге берілетін əскери айырым белгісі;
Toggle Dropdown
8) əскери билет – азаматтың əскери қызметке тиесілігін жəне əскери міндеттілікке қатыстылығын айқындайтын бірыңғай мерзімсіз жеке есептік-əскери құжаты;
Toggle Dropdown
9) әскери бөлімнің (мекеменің) штаты – құрамды, ұйымдық-штаттық құрылымды, жеке құрамның санын және Қарулы Күштердің, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың қару-жарақ пен әскери техникасы кадастрына сәйкес бекітіп берілген негізгі қару-жарақ пен әскери техниканың санын айқындайтын құжат;
Toggle Dropdown
10) əскери есепке алу – əскерге шақырылушылар, əскери қызметшілер мен жұмылдыру ресурстары туралы сандық жəне сапалық деректерді есепке алу жəне талдау жүйесі;
Toggle Dropdown
11) əскери жиындар – əскери міндеттілер мен азаматтардың əскери білім алуы жəне оны жетілдіруі мақсатында, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген өзге де жағдайларда əскери басқару органдары, уəкілетті мемлекеттік органдар əскери даярлық бойынша өткізетін іс-шаралар.
Toggle Dropdown
Əскери жиындар:
Toggle Dropdown
оқу-жаттығу жиындары – əскери міндеттілерді даярлау жəне қайта даярлау мақсатында өткізілетін əскери жиындар түрі;
Toggle Dropdown
тексеру жиындары – соғыс уақытының ұйымдастырушылық-штаттық құрылымында міндеттерді орындауға арналған, əскери бөлімдердің əзірлігін тексеру мақсатында өткізілетін əскери жиындар түрі;
Toggle Dropdown
арнайы жиындар – төтенше жағдай режимін енгізу жəне қамтамасыз ету, төтенше жағдайлар мен олардың салдарын жою жөніндегі іс-шараларды орындау мақсатында жəне Қазақстан Республикасының Президенті айқындайтын өзге де жағдайларда өткізілетін əскери жиындар түрі болып бөлінеді;
Toggle Dropdown
12) əскери интерн – əскери интернатурада білім алып жатқан əскери қызметші;
Toggle Dropdown
13) əскери интернатура – жоғары əскери оқу орнының құрылымдық бөлімшесі жүзеге асыратын, клиникалық практикаға рұқсат алу үшін əскери қызметшілерді базалық жоғары медициналық білім беру шеңберінде клиникалық мамандықтар бойынша даярлау нысаны;
Toggle Dropdown
14) әскери кафедра (әскери факультет) – запастағы офицерлер және (немесе) запастағы сержанттар бағдарламалары бойынша студенттерді әскери даярлауды және әскери-патриоттық тәрбиелеуді жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымының құрылымдық бөлімшесі;
Toggle Dropdown
15) əскери киім нысаны – Қазақстан Республикасының Президенті бекіткен, əскери қызметшілердің Қарулы Күштерге, басқа да əскерлер мен əскери құралымдарға тиесілігін айқындайтын, ерекшелік жəне айырым белгілері бар нысанды киім (киім-кешек) жəне жабдық;
Toggle Dropdown
1
16) əскери қызмет – егемендікті, аумақтық тұтастықты жəне Қазақстан Республикасы Мемлекеттік шекарасының қол сұғылмаушылығын қарулы қорғаумен байланысты əскери қауіпсіздікті тікелей қамтамасыз етуге бағытталған Қарулы Күштер, басқа да əскерлер мен əскери құралымдар əскери қызметшілерінің мемлекеттік қызметінің ерекше түрі;
Toggle Dropdown
17) əскери қызмет мерзімі – Қарулы Күштерде, басқа да əскерлер мен əскери құралымдарда əскери қызметші мəртебесінде əскери қызмет өткерудің бүкіл кезеңі;
Toggle Dropdown
18) әскери қызмет өткеру туралы келісімшарт – уəкілетті орган мен Қазақстан Республикасының азаматы арасындағы азаматтың əскери қызметті өткеру кезеңіне тараптардың құқықтарын, міндеттерін жəне жауапкершілігін белгілейтін ерікті түрде əскери қызмет өткеру туралы шарт;
Toggle Dropdown
19) əскери қызметтен шығару – əскери қызметшіні осы Заңда көзделген негіздер бойынша запасқа қойып немесе отставкаға шығара отырып, əскери бөлімнің (мекеменің) тізімдерінен алып тастау;
Toggle Dropdown
20) əскери қызметшілер – Қарулы Күштерде, басқа да əскерлер мен əскери құралымдарда əскери қызметте болатын Қазақстан Республикасының азаматтары;
Toggle Dropdown
21) әскери лауазым – әскери қызмет функцияларын орындау үшін лауазымдық өкілеттіктер, лауазымдық және арнайы міндеттер жүктелген Қарулы Күштердің, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың штаттық бірлігі;
Toggle Dropdown
22) əскери міндеттілер – əскери есепте тұратын жəне əскери есепте тұрудың шекті жасына дейін запаста болатын Қазақстан Республикасының азаматтары;
Toggle Dropdown
23) әскери міндеттілер запасы (бұдан әрі – запас) – аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті әскери басқару органдарында әскери есепте тұратын, жұмылдыру, соғыс жағдайы кезеңінде және соғыс уақытында Қарулы Күштерді, басқа да әскерлер мен әскери құралымдарды толық жасақтау, жұмылдыра өрістету және шығынының орнын толтыру мақсатында пайдаланылатын, осы Заңда белгіленген жастағы әскери міндеттілер;
Toggle Dropdown
24) əскери міндеттілік – Қазақстан Республикасы азаматтарының Қазақстан Республикасын қорғау жөніндегі конституциялық міндеті;
Toggle Dropdown
25) əскери оқу орны – Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігіне, Ұлттық қауіпсіздік комитетіне және Ұлттық ұланына ведомстволық бағынысты жəне əртүрлі деңгейдегі білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымы;
Toggle Dropdown
25-1) әскери оқу орындарының профессор-оқытушылар құрамы – Қарулы Күштердің білім беру, ғылыми, әдістемелік қызметпен айналысатын әскери қызметшілері мен азаматтық персонал адамдары;
Toggle Dropdown
25-2) әскери-оқу практикасы – әскери даярлықтың тиісті бағдарламасы бойынша теориялық білімді, машықтарды бекітуге, практикалық дағдыларды меңгеру мен дамытуға бағытталған оқу қызметінің түрі;
Toggle Dropdown
25-3) әскери резидент-дәрігер – медициналық ұйым тәлімгерінің қадағалауымен резидентураның білім беру бағдарламасы шеңберінде білім алатын әскери қызметші;
Toggle Dropdown
26-тармақша 2026 жылдың 1 қыркүйекке дейін тоқтатылды ҚР 16.07.2025 жылғы № 211-VIII Заңына сәйкес тоқтатыла тұру кезеңінде осы тармақша келесі редакциясында әрекет етеді: Болашақ басылымның мәтінін көрсету
Toggle Dropdown
26) бастапқы əскери жəне технологиялық даярлық – орта, техникалық жəне кəсіптік білім беру ұйымдарында білім беру саласындағы уəкілетті орган айқындайтын əскери іс негіздері, робот техникасы жəне ІТ-технологиялар бойынша міндетті оқыту пəні (оқу пəні);
Toggle Dropdown
26-1) дағдарыстық ахуал кезіндегі жиындар – дағдарыстық ахуалды оқшаулауға және жоюға қатысу үшін, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген өзге де жағдайларда резервтегі әскери қызметті өткеріп жүрген әскери қызметшілермен өткізілетін іс-шаралар;
Toggle Dropdown
26-2) далалық төлемдер – әскери қызметшілерге (мерзімді әскери қызметтің әскери қызметшілерін, әскери оқу орындарының курсанттары мен кадеттерін, әскери жиындарға шақырылған әскери міндеттілерді, резервтегі әскери қызметті өткеріп жүрген әскери қызметшілерді қоспағанда) бір тәуліктен астам далалық шығу, теңізге шығу, оқу-жаттығуларға немесе кемелердің жорықтарына қатысу кезеңінде бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылатын төлемдер;
Toggle Dropdown
27) далалық шығу – далалық жағдайларда жауынгерлік, жұмылдыру жəне жедел дайындық бағдарламалары бойынша сабақтар, сондай-ақ Қарулы Күштердің, басқа да əскерлер мен əскери құралымдардың мүддесінде арнайы далалық жұмыстарды орындау;
Toggle Dropdown
28) докторант – докторантурада білім алып жатқан əскери қызметші;
Toggle Dropdown
29) еңбек сіңірген жылдары – азаматтың əскери қызметте, арнаулы мемлекеттік жəне құқық қорғау органдарындағы, азаматтық қорғау органдарындағы қызметте, фельдъегерлік қызметте, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген өзге де жағдайларда қызметте болуының күнтізбелікпен де, жеңілдікпен де есептеп шығарылатын ұзақтығы;
Toggle Dropdown
30) жалпыға бірдей әскери оқыту – Қазақстан Республикасының азаматтарын соғыс жағдайы енгізілген кезеңде əскери даярлыққа міндетті оқыту;
Toggle Dropdown
30-1) жас айбын – әскерге шақыруға дейінгі даярлық бойынша қосымша білімнің білім беру бағдарламалары бойынша білім алатын адам;
Toggle Dropdown
30-2) жас сарбаз – әскерге шақыруға дейінгі тереңдетілген даярлықты мамандандырылған жалпы білім беретін оқу бағдарламалары бойынша тәрбиеленетін және білім алатын адам;
Toggle Dropdown
30-3) жауынгерлік даярлық бойынша жиындар – резервтегі әскери қызметті өткеріп жүрген әскери қызметшілермен жауынгерлік даярлық бағдарламалары бойынша өткізілетін іс-шаралар;