• Мое избранное
Қазақстан Республикасының арнаулы мемлекеттік органдары туралы

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца

Қазақстан Республикасының арнаулы мемлекеттік органдары туралы Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 13 ақпандағы № 552-IV Заңы

Құжат мәтініндегі «курсанттарын», «Курсанттың», «курсанттары», «курсант», «курсанттарды» сөздері «курсанттарын, тыңдаушыларын», «Курсанттың, тыңдаушының», «курсанттары, тыңдаушылары», «курсант, тыңдаушы», «курсанттарды, тыңдаушыларды» сөздерімен ауыстырылды ҚР 13.11.2015 жылғы № 398-V Заңы бойынша (02.08.2015 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 18.11.2015 жылы № 221 (28699) „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
Құжат мәтініндегі «әскери, арнаулы», «әскери, арнаулы» деген сөздер тиісінше «әскери, арнаулы», «Әскери, арнаулы», «Әскери-медициналық бөлімшелер», «әскери-медициналық бөлімшелерінде және мекемелерінде», «әскери-медициналық бөлімшелер», «әскери-медициналық бөлімшелерде», «әскери-медициналық бөлімшелердің», Әскери-медициналық (медициналық) бөлімшелер», «әскери-медициналық (медициналық) бөлімшелерінде», «әскери-медициналық (медициналық) бөлімшелер», «әскери-медициналық (медициналық) бөлімшелерде», «әскери-медициналық (медициналық) бөлімшелердің» деген сөздермен ауыстырылды ҚР 15.04.2022 жылғы № 114- VII Заңына сәйкес (06.10.2020 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту қолданысқа енгізіледі 29.04.2022 жылдан бастап)
Редакция 09.09.2024 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен 
Осы Заң Қазақстан Республикасы арнаулы мемлекеттік органдарының (бұдан әрі – арнаулы мемлекеттік органдар) мәртебесiн айқындайды, арнаулы мемлекеттік органдарға қызметке тұруға, оны өткеруге және тоқтатуға байланысты қоғамдық қатынастарды реттейді, сондай-ақ арнаулы мемлекеттік органдар қызметкерлерінің құқықтық жағдайын, материалдық қамтамасыз етілуі мен әлеуметтік қорғалуын айқындайды.
1-тарау. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР
1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар
Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) тармақша алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
1-тармақша алынып тасталды ҚР 13.11.2015 жылғы № 398-V Заңымен (02.08.2015 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 18.11.2015 жылы № 221 (28699) „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
1-1) адъюнкт – жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын шет мемлекеттің білім беру ұйымына халықаралық шарттарға сəйкес оқуға жіберілген қызметкер;
1-бап 1-1-тармақшамен толықтырылды ҚР 13.06.2017 жылғы № 69-VІ Заңына сәйкес (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 15.06.2017 жылы № 113 (28492) „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
2) арнайы жиындар – арнаулы мемлекеттік органдар қызметкерлерінің қызметтік-жауынгерлік даярлығы жөніндегі іс-шаралар;
3) арнаулы атақ – қызметкерге берілетін арнайы айырым белгісі;
3-1) әскери, арнаулы оқу орындары – арнаулы мемлекеттік органдардың жоғары, жоғары оқу орнынан кейінгі және қосымша білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдары;
1-бап 3-1-тармақшамен толықтырылды ҚР 13.11.2015 жылғы № 398-V Заңына сәйкес (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 18.11.2015 жылы № 221 (28699) „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
4) арнаулы киім нысаны – қызметкерлердің Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдарына, сыртқы барлау саласындағы уәкілетті органына, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметіне тиесілігін айқындайтын, Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген нысанды киім (киім-кешек) және айырым белгілері;
4-тармақша өзгертілді ҚР 04.07.2014 жылғы № 233-V Заңымен (03.07.2014 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 10.07.2014 жылы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
5) арнаулы мемлекеттік органның қызметкерлері (бұдан әрі – қызметкерлер) – ұлттық қауіпсіздік органдарында, сыртқы барлау саласындағы уәкілетті органда, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметінде қызмет атқарып жүрген, арнаулы атақ берiлген Қазақстан Республикасының азаматтары;
5-тармақша өзгертілді ҚР 04.07.2014 жылғы № 233-V Заңымен (03.07.2014 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 10.07.2014 жылы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
6) арнаулы мемлекеттік органдардағы қызмет – ұлттық қауіпсіздік органдарындағы, сыртқы барлау саласындағы уәкілетті органдағы, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметіндегі лауазымдардағы мемлекеттiк қызметтiң ерекше түрi;
6-тармақша өзгертілді ҚР 04.07.2014 жылғы № 233-V Заңымен (03.07.2014 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 10.07.2014 жылы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
7) арнаулы мемлекеттік органдардың арнайы есебі – кадр қызметкерлерін есепке алу және талдау жүйесі;
8) арнаулы мемлекеттік органдардың запастағы офицерлерін есепке алу – арнаулы мемлекеттік органдардың әскери міндеттілері (офицерлік құрам) мен басқа да жұмылдыру ресурстарының сандық және сапалық деректерін есепке алу мен талдау жүйесі;
9) арнаулы мемлекеттік органдардың запасы (бұдан әрі – запас) – қызметтен шығарылған (теріс себептер бойынша шығарылғандарды қоспағанда) және аумақтық ұлттық қауіпсіздік органдарында және сыртқы барлау саласындағы уәкілетті органда арнаулы мемлекеттік органдар запастағы офицерлерінің есебінде тұратын, арнаулы мемлекеттік органдарды толықтырып жасақтауға, жұмылдырушылық өрiстетуге және олардың шығынының орнын толтыруға арналған қызметкерлер;
9-1) еңбек сіңірген жылдары – қызметкердің күнтізбелікпен де, жеңілдікпен де есептеп шығарылатын, əскери қызметте, арнаулы мемлекеттік жəне құқық қорғау органдарында, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген өзге де жағдайларда болу ұзақтығы;
1-бап 9-1-тармақшамен толықтырылды ҚР 13.06.2017 жылғы № 69-VІ Заңына сәйкес (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 15.06.2017 жылы № 113 (28492) „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
10) Жоғары аттестаттау комиссиясы – арнаулы мемлекеттік органдардың бірінші басшылары айқындайтын тізбеге сәйкес басшы құрамның лауазымды адамдарын олардың атқарып отырған лауазымдарына сәйкестігі және оларды одан әрі неғұрлым орынды қызметтік пайдалану перспективалары туралы аттестаттау қорытындылары мен ұсынымдарын, аттестаттау комиссиясының қорытындыларымен және ұсынымдарымен келіспейтін қызметкерлер шағым жасау тәртібімен ұсынған аттестаттауларды, сондай-ақ арнаулы мемлекеттік орган бірінші басшысының нұсқауы бойынша Жоғары аттестаттау комиссиясының қарауына шығарылған аттестаттауларды қарайтын, тұрақты түрде жұмыс істейтін жоғары консультативтік-кеңесші орган;
11) курсант – жоғары білімнің білім беру бағдарламалары бойынша әскери, арнаулы оқу орнында білім алып жатқан немесе халықаралық шарттарға сəйкес шет мемлекеттің білім беру ұйымына оқуға жіберілген қызметкер;
11-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР 13.11.2015 жылғы № 398-V Заңына сәйкес (07.11.2014 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 18.11.2015 жылы № 221 (28699) „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
11-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР 13.06.2017 жылғы № 69-VІ Заңына сәйкес (28.12.2016 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 15.06.2017 жылы № 113 (28492) „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
12) қолданыстағы резерв – арнайы жедел тапсырмаларды орындау үшін ерекше тәртіппен қызмет өткеру;
13) қызмет өткеру туралы келісімшарт (бұдан әрі – келісімшарт) – тараптардың құқықтарын, міндеттері мен жауапкершілігін белгілейтін шарт;
13-1) магистранттар және докторанттар – әскери, арнаулы оқу орындарында жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламалары бойынша білім алып жатқан қызметкерлер;
1-бап 13-1-тармақшамен толықтырылды ҚР 13.11.2015 жылғы № 398-V Заңына сәйкес (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 18.11.2015 жылы № 221 (28699) „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
14) отставка – қызметкерлерді арнаулы мемлекеттік органдардағы қызметтен шығару немесе запаста болудың шектi жасына жеткендерді арнаулы мемлекеттік органдардың запастағы офицерлері есебінен алып тастау не арнаулы мемлекеттік органдардағы қызметке жарамсыз деп танылған адамдарды арнаулы мемлекеттік органдардың запастағы офицерлері есебінен алыптастай отырып, қызметтен шығару;
15) полиграфологиялық зерттеу – адамның жекелеген физиологиялық реакцияларын (тыныс алу, жүрек соғуы, терінің тітіркенуі және тағы басқалары) арнайы датчиктердің көмегімен тіркеуден тұратын жауап алу рәсімі;
16) психофизиологиялық куәландыру – арнаулы мемлекеттік органдардағы қызметке кандидаттардың, олардың қызметкерлері мен әскери қызметшілерінің жеке психологиялық және психофизиологиялық қасиеттерін жан-жақты бағалауға бағытталған іс-шаралар жиынтығы;
16-1) тыңдаушы – қосымша білімнің білім беру бағдарламалары бойынша әскери, арнаулы оқу орнында білім алып жатқан немесе халықаралық шарттарға сəйкес шет мемлекеттің білім беру ұйымына оқуға жіберілген қызметкер;
1-бап 16-1-тармақшамен толықтырылды ҚР 13.11.2015 жылғы № 398-V Заңына сәйкес (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 18.11.2015 жылы № 221 (28699) „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
16-1-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР 13.06.2017 жылғы № 69-VІ Заңына сәйкес (28.12.2016 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 15.06.2017 жылы № 113 (28492) „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
17) уәкілетті басшы – осы Заңда белгіленген тәртіппен қызметкерлермен келісімшарт жасасу, оларды лауазымға тағайындау, ауыстыру, қызметтен босату, шығару, оларға арнаулы атақ беру (жеке құрам бойынша бұйрықтар), сондай-ақ қызметтік тергеп-тексеруді тағайындау, тоқтата тұру және ұзарту туралы бұйрықтар шығару құқығы берілген лауазымды адам;
17-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР 23.12.2023 жылғы № 51-VIII Заңына сәйкес (16.11.2023 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 05.01.2024 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)1-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР 23.12.2023 жылғы № 51-VIII Заңына сәйкес (16.11.2023 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 05.01.2024 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
18) ұйымдастырушылық-штаттық іс-шаралар – арнаулы мемлекеттік органдарда штаттарды құру, тарату, орын ауыстыру, қайта жасақтау, бағыныстылығын өзгерту, ұлғайту және қысқарту бойынша жүргізілетін іс-шаралар.
2-бап. Арнаулы мемлекеттік органдар қызметінің құқықтық негізі
1. Арнаулы мемлекеттік органдар қызметінің құқықтық негізін Қазақстан Республикасының Конституциясы, осы Заң, арнаулы мемлекеттік органдардың қызметін реттейтін Қазақстан Республикасының заңдары, сондай-ақ осы Заңға қайшы келмейтін бөлігінде Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілері құрайды.
1-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР 23.11.2015 жылғы № 417-V Заңына сәйкес (18.11.2015 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 25.11.2015 жылы № 226 (28704)„Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
2. Егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шартта осы Заңда көзделгеннен өзгеше қағидалар белгіленсе, онда халықаралық шарттың қағидалары қолданылады.
3-бап. Арнаулы мемлекеттік органдар
1. Арнаулы мемлекеттік органдар – Қазақстан Республикасының Президентiне тiкелей бағынатын және есеп беретiн, Қазақстан Республикасының ұлттық қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету күштерiнiң құрамдас бөлiгi болып табылатын, Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігіне қатер төнуіне жол бермеу мақсатында барлау және қарсы барлау қызметін, сондай-ақ күзетілетін адамдар мен объектілердің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған құқықтық, ұйымдастырушылық, жедел іздестіру және техникалық шаралар кешенін жүзеге асыратын мемлекеттiк органдар.
2. Арнаулы мемлекеттік органдарға ұлттық қауіпсіздік органдары, сыртқы барлау саласындағы уәкілетті орган, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметі жатады.
2-тармақ өзгертілді ҚР 04.07.2014 жылғы № 233-V Заңымен (03.07.2014 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 10.07.2014 жылы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
Арнаулы мемлекеттік органдардың жанынан консультативтік-кеңесші органдар құрылуы мүмкін, олардың ережесі мен құрамын арнаулы мемлекеттік органдардың бірінші басшылары бекітеді.
2-тармақ екінші бөлікпен толықтырылды ҚР 13.06.2017 жылғы № 69-VІ Заңына сәйкес (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 15.06.2017 жылы № 113 (28492) „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
4-бап. Арнаулы мемлекеттік органдардың негізгі міндеттері
Арнаулы мемлекеттік органдарға негізгі міндеттер заңмен және Қазақстан Республикасы Президентінің актілерімен жүктеледі.
5-бап. Арнаулы мемлекеттік органдар қызметінің қағидаттары
1. Арнаулы мемлекеттік органдардың қызметi Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік қызмет қағидаттары негізінде, сондай-ақ:
1) адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарын, қоғам мен мемлекеттің мүдделерін құқыққа қарсы қол сұғушылықтан қорғау мiндеттiлiгi;
2) арнаулы мемлекеттік органдарда қызметтi ұйымдастыруға көзқарастардың бiртұтастығы;
3) дара басшылық пен субординация (бағыныстылық);
4) қызметтің жария және жария емес әдістері мен құралдарының ұштасуы;
5) саяси партиялардың және өзге де қоғамдық бiрлестiктердiң қызметiнен тәуелсiз болу;
6) құпиялық және жасырындылық негізінде жүзеге асырылады.
6-бап. Осы Заңның қолданылу аясы
6-бап өзгертілді ҚР 16.01.2013 жылғы № 71-V Заңымен (13.02.2012 ж. редакцияны қараңыз) (01.01.2013 ж. бастап қолданысқа енгізіледі)22.01.2013 жылғы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
6-бап өзгертілді ҚР 10.01.2015 жылғы № 275-V Заңымен (29.09.2014 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 14.01.2015 жылы № 5(28483) „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
6-бап өзгертілді ҚР 13.11.2015 жылғы № 398-V Заңымен (02.08.2015 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 18.11.2015 жылы № 221 (28699) „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
6-бап өзгертілді ҚР 28.12.2016 жылғы № 36-VI Заңына сәйкес (06.04.2016 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін 2 (екі) ай өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 31.12.2016 жылы № 253 (28981) „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
6-бап өзгертілді ҚР 13.06.2017 жылғы № 69-VІ Заңына сәйкес (28.12.2016 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 15.06.2017 жылы № 113 (28492) „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
6-бап өзгертілді ҚР 27.12.2019 жылғы № 291-VІ Заңымен (02.07.2018 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 10.01.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
6-бап өзгертілді ҚР 23.12.2023 жылғы № 51-VIII Заңымен (16.11.2023 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 05.01.2024 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Осы Заңның күшi барлық қызметкерлерге қолданылады.
Ұлттық қауіпсіздік органдарының əскери қызметшілері осы Заңның 7, 10 (11-тармағын қоспағанда), 12, 14, 15, 16, 17, 18, 19, 22, 24, 30 (8-тармағының 1) тармақшасын қоспағанда), 31, 32, 33, 34, 35, 36, 37, 40, 50, 75, 77 (4-тармағының 2) тармақшасын қоспағанда) жəне 85 (4-2-тармағын қоспағанда)-баптарында көзделген ерекшеліктерді ескере отырып, Қазақстан Республикасының əскери қызмет жəне əскери қызметшілердің мəртебесі туралы заңнамасына сəйкес қызмет өткереді.
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік күзет қызметінде әскерге шақыру бойынша әскери қызмет өткеріп жүрген әскери қызметшілер осы Заңның 7, 15, 16, 17, 18, 19, 24, 34 және 75-баптарында көзделген ерекшеліктер ескеріле отырып, Қазақстан Республикасының әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы заңнамасына сәйкес қызмет өткереді.