Toggle Dropdown
Мемлекеттік қызметшілер лауазымдарының тізілімін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 7 наурыздағы № 523 Жарлығы
Редакция 29.12.2015 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметі
актілерінің жинағында жариялануға тиіс
«Мемлекеттік қызмет туралы» 1999 жылғы 23 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабы 2-тармағына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1. Қоса беріліп отырған Мемлекеттік қызметшілер лауазымдарының тізілімі бекітілсін.
2. Мемлекеттік органдарға Мемлекеттік қызметшілер лауазымдарының тізілімінде көрсетілген лауазымдар атауларына олардың қызметінің ерекшелігін сипаттайтын арнайы қосымша атауларды қолдану құқығы берілсін.
3. Қазақстан Республикасының Үкіметі, мемлекеттік органдар Қазақстан Республикасының заңнамасымен бекітілген тәртіпте осы Жарлықтан туындайтын шаралар қабылдасын.
4. Қазақстан Республикасы Президентінің мынадай жарлықтарына өзгерістер енгізілсін:
1) тармақша күшін жойды (ескертуді қараңыз)
2) «Мемлекеттік қызметшілердің лауазымдарын оңтайландыру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 28 желтоқсандағы № 501 Жарлығында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., № 49, 599-құжат; 2008 ж., № 9, 89-құжат; 2009 ж., № 12, 69-құжат; 2010 ж., № 51, 466-құжат; 2011 ж., № 37, 438-құжат; № 52, 710-құжат; 2012 ж., № 42, 551-құжат; № 58, 793-құжат):
5. Осы Жарлықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы
Президентінің Әкімшілігіне жүктелсін.
6. Осы Жарлық 2013 жылғы 26 наурыздан бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаев
Қазақстан Республикасы
Президентінің
2013 жылғы 7 наурыздағы
№ 523 Жарлығымен
БЕКІТІЛГЕН
Мемлекеттік қызметшілер лауазымдарының тізілімі
Мемлекеттік саяси лауазымдар
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі, оның бірінші орынбасары мен орынбасарлары
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы
Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Басшысы, оның бірінші орынбасары мен орынбасарлары
Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің Төрағасы және мүшелері
Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының төрағасы, төрағаның орынбасары, хатшысы мен мүшелері
Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі - Қауіпсіздік Кеңесінің хатшысы, оның бірінші орынбасары және орынбасарлары
Қазақстан Республикасы Жоғары Сот Кеңесінің Төрағасы
Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің төрағасы мен мүшелері
Қазақстан Республикасы Президенті Кеңсесінің бастығы, оның орынбасарлары
Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшілері
Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшілері
Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдардың басшылары, олардың бірінші орынбасарлары мен орынбасарлары
Қазақстан Республикасының министрлері, олардың бірінші орынбасарлары мен орынбасарлары
Облыстардың, астананың және республикалық маңызы бар қаланың әкімдері олардың бірінші орынбасарлары мен орынбасарлары
Қазақстан Республикасының Төтенше және Өкілетті елшілері
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кеңсесінің Басшысы, оның орынбасарлары
Адам құқықтары жөніндегі уәкіл
Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің бөлім меңгерушілері және өзге де құрылымдық бөлімшелерінің басшылары, олардың бірінші орынбасарлары мен орынбасарлары
Қазақстан Республикасы Үкіметінің құрамына кірмейтін орталық атқарушы органдардың басшылары, олардың бірінші орынбасарлары мен орынбасарлары
Қазақстан Республикасы Президентінің арнаулы өкілдері
Қазақстан Республикасы Президенті мұрағатының директоры, оның орынбасарлары
Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті мұражайының директоры, оның орынбасарлары
«Орталық коммуникациялар қызметінің» директоры, оның орынбасарлары
«Қоғамдық келісім» республикалық мемлекеттік мекемесінің директоры
Қазақстан Республикасы Парламентінің Сенаты және Мәжілісі аппараттарының басшылары және олардың орынбасарлары
Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі құрылымдық бөлімшесінің мемлекеттік инспекторлары
Облыстардың әкімшілік орталығы болып табылатын қалалардың әкімдері
Қазақстан Республикасы Президентінің Іс басқармасы Медицина орталығының басшысы және оның орынбасарлары
Мемлекеттік әкімшілік лауазымдар
Орталық атқарушы органдардың жауапты хатшылары
Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесі, Президентінің Іс басқармасы, Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы, Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті аппараттарының басшылары, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаментінің (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты аппаратының) басшысы
Облыстардың, астананың және республикалық маңызы бар қаланың әкімдері аппараттарының басшылары
Жауапты хатшы лауазымы енгізілмеген орталық атқарушы органдар аппараттарының басшылары, Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталықтың басшысы
Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаменті (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты аппараты) басшысының орынбасарлары
Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің сектор меңгерушілері
Қазақстан Республикасы Парламенті палаталары, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кеңсесі, Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесі, Қазақстан Республикасы Президентінің Іс басқармасы, Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы, Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі аппараттарының (құқық қорғау қызметін жүзеге асыратын бөлімшелерді қоспағанда), Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаментінің (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты аппаратының) құрылымдық бөлімшелерінің басшылары
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің құрылымдық бөлімшелері басшыларының орынбасарлары (құқық қорғау қызметін жүзеге асыратын бөлімшелерді қоспағанда)
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің аумақтық органдары басшыларының орынбасарлары - Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің облыстардағы, астанадағы және республикалық маңызы бар қаладағы тәртіптік кеңестерінің төрағалары
Орталық атқарушы органдар комитеттерінің төрағалары
Қазақстан Республикасы Парламенті Шаруашылық басқармасының басшысы және оның орынбасарлары
Облыстық маңызы бар қалалардың (облыстардың әкімшілік орталығы болып табылатын қалалардың әкімдерін қоспағанда), облыстар аудандарының және қалалардағы аудандардың әкімдері
Облыстардың, астананың, республикалық маңызы бар қаланың тексеру комиссияларының төрағалары және мүшелері
А санаттарының тобы
Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі
Қазақстан Республикасы Парламенті палаталарының аппараттары
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесі
Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаменті (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының аппараты)
Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің аппараты
Қазақстан Республикасы Президентінің Іс басқармасы
Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының аппараты
Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі
палаталарының аппараттары
Құрылымдық бөлімше басшысының орынбасары
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің көмекшісі, кеңесшісі
Қазақстан Республикасының Парламенті Палатасы Төрағасының көмекшісі, кеңесшісі
Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты Төрағасының көмекшісі, кеңесшісі
Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесі Төрағасының көмекшісі, кеңесшісі
Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы төрағасының көмекшісі, кеңесшісі
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кеңсесінің, Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасының бас инспекторы
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің басқарма басшысы, бас инспекторы
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі орынбасарының көмекшісі, кеңесшісі
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кеңсесі Басшысының көмекшісі, кеңесшісі
Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқарушысының, Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағаларының көмекшісі, кеңесшісі
Қазақстан Республикасының Парламенті Палатасы Төрағасы орынбасарының көмекшісі
Қазақстан Республикасының Парламенті Палатасы аппараты басшысының көмекшісі
Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты аппараты басшысының көмекшісі
Қазақстан Республикасының Парламенті депутатының көмекшісі
Қазақстан Республикасының Президентіне
тікелей бағынатын және есеп беретін органдар
Орталық атқарушы органдар
Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталық
Орталық атқарушы органдардың ведомстволары
Қазақстан Республикасының шетелдегі мекемелері
Орталық атқарушы орган комитеті төрағасының орынбасары
Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Ерекше тапсырмалар жөніндегі елшісі
Халықаралық ұйым жанындағы тұрақты өкілдің орынбасары
Шетелдегі мекеменің кеңесшісі - уәкілі
Департамент директорының орынбасары
Шетелдегі мекеменің кеңесшісі
Орталық органның бірінші басшысының көмекшісі, кеңесшісі, баспасөз хатшысы
Шетелдегі мекеменің бірінші хатшысы
Консул - консулдықтың басшысы
Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің кеңесшісі
Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің бірінші хатшысы
Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің және шетелдегі мекеменің екінші хатшысы
Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің және шетелдегі мекеменің үшінші хатшысы
Бас консулдықтың вице-консулы
Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің және шетелдегі мекеменің атташесі
Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің және шетелдегі мекеменің референті
1Орталық атқарушы органдардың, Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталықтың ведомстволарын қоспағанда
Орталық мемлекеттік органдардың өңіраралық және облыстық бөлімшелері мен олардың ведомстволары, орталық мемлекеттік органдардың астанадағы, республикалық маңызы бар қаладағы бөлімшелері
Облыстық және оларға теңестірілген соттардың кеңселері
Облыстық және оған теңестірілген соттың кеңсе меңгерушісі
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Тәртіптік кеңесі хатшылығының меңгерушісі
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі аумақтық органының құрылымдық бөлімшесінің басшысы (құқық қорғау қызметін жүзеге асыратын бөлімшелерді қоспағанда)
Аумақтық бөлімнің басшысы - аға сот орындаушысы
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің аумақтық органының консультанты
Облыстық және оған теңестірілген сот кеңсесінің аға сот приставы
Облыстық және оған теңестірілген сот кеңсесінің сот приставы
2Орталық мемлекеттік органдардың өңіраралық, облыстық бөлімшелерінің кем дегенде 100 бірлік штат саны кезінде енгізіледі (аудандық аумақтық органдарды есептемегенде)
Орталық мемлекеттік органдардың және олардың ведомстволарының аудандардағы, қаладағы аудандардағы және облыстық маңызы бар қалалардағы бөлімшелері
Аудандық және оған теңестірілген соттардың кеңселері
Аудандық аумақтық басқарманың басшысы
Аудандық және оған теңестірілген сот кеңсесінің меңгерушісі
Аудандық аумақтық басқарма басшысының орынбасары
Аудандық аумақтық басқарманың бөлім басшысы
Аудандық және оған теңестірілген сот кеңсесінің аға сот приставы
Аудандық және оған теңестірілген сот кеңсесінің сот приставы
Облыстар, Астана, республикалық маңызы бар қала әкімдерінің аппараттары
Облыстар Астана, республикалық маңызы бар қала мәслихаттарының аппараттары
Облыстардың, астананың, республикалық маңызы бар қала тексеру комиссияларының аппараттары
Облыстар, астана, республикалық маңызы бар қаланың Қазақстан халқы Ассамблеясының аппараттары (хатшылықтары)
Мәслихат аппаратының басшысы
Әкім аппараты басшысының орынбасары
Мәслихат аппараты басшысының орынбасары
Қазақстан халқы Ассамблеясы аппаратының (хатшылығының) меңгерушісі
Құрылымдық бөлімшенің басшысы
Облыс, астана, республикалық маңызы бар қала әкімінің көмекшісі, кеңесшісі
Жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын облыстық атқарушы органдар, астананың, республикалық маңызы бар қаланың атқарушы органдары
Аудандар, қаладағы аудандар және облыстық маңызы бар қалалар әкімдерінің аппараттары
Аудандар мәслихаттарының аппараттары
Аудандар, қаладағы аудандар және облыстық маңызы бар қалалар әкімдерінің орынбасарлары
Құрылымдық бөлімшенің басшысы
Аудан әкімінің көмекшісі, кеңесшісі, бас инспекторы
Жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын аудандық атқарушы органдар
Аудандық маңызы бар қалалардың, селолардың, кенттердің, селолық округтердің әкімдері
Аудандық маңызы бар қалалардың, селолардың, кенттердің, селолық
Бөлім басшысының орынбасары
Аудандық маңызы бар қалалар, селолар, кенттер, селолық округтер әкімдерінің аппараттары
Құрылымдық бөлімшенің басшысы
Әкімнің көмекшісі, кеңесшісі