• Мое избранное
Магистральдық газ құбырларын пайдалану қағидаларын бекіту туралы
Внимание! Документ утратил силу с 29.08.2015 г.

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца

Магистральдық газ құбырларын пайдалану қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 11 ақпандағы № 111 қаулысы

Осы Қаулы күшін жойды 2015 жылғы 29 тамыздан бастап ҚР Үкіметінің 10.08.2015 жылғы № 628 Қаулысына сәйкес
«Магистральдық газ құбырларын пайдалану қағидаларын бекіту туралы» ҚР Әділет министрінің 22.01.2015 жылғы № 33 Бұйрығын қараңыз
«Магистральдық құбыр туралы» 2012 жылғы 22 маусымдағы Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының 4) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 
1. Қоса беріліп отырған Магистральдық газ құбырларын пайдалану қағидалары бекітілсін.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі С. Ахметов
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2013 жылғы 11 ақпандағы
№ 111 қаулысымен
бекітілген
Магистральдық газ құбырларын пайдалану қағидалары
1-бөлім. Жалпы ережелер
1. Осы Магистральдық газ құбырларын пайдаланудың қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасының «Магистральдық құбыр туралы» 2012 жылғы 22 маусымдағы, «Газ және газбен жабдықтау туралы» 2012 жылғы 9 қаңтардағы заңдарына сәйкес әзірленді және Магистральдық газ құбырын пайдалану тәртібін анықтайды, оның ішінде техникалық қызмет көрсетуді, жөндеуді, техникалық диагностикалауды және жедел-диспетчерлік басқаруды қамтиды.
2. Магистральдық газ құбырына техникалық қызмет көрсету
1. Магистральдық газ құбырының желілік бөлігі
Жалпы талаптар
2. Магистральдық газ құбырының желілік бөлігі мынадай технологиялық операцияларды орындау кезінде газдың жобалық немесе жоспарлы көлемдерін тасымалдауды қамтамасыз етеді:
1) тазарту құрылғыларын жіберу немесе қажет болған жағдайда диаметріне қарай үрлеу арқылы қуысты қатты және жұмсақ қоспалардан тазарту;
2) кристалгидраттардың түзілуін немесе қажет болған жағдайда олардың бұзылуын болдырмау мақсатында құбыр қуысына метанол енгізу;
3) ішкі жағында тоттануды болдырмау мақсатында газ құбырының қуысына тоттану ингибиторын енгізу;
4) көптармақты жүйелерде немесе қиылысушы газ құбырларында жекелеген құбырлар арасына газ жіберу;
5) қажет болған жағдайда газ құбырларының жекелеген учаскелерін ажырату немесе қосу;
6) әртүрлі жұмыс қысымымен газды жүйеден жүйеге жіберу.
3. Магистральдық газ құбырының желілік бөлігін пайдаланудың тиімділігі мен сенімділігі мына шаралармен қамтамасыз етіледі:
1) Магистральдық газ құбырының желілік бөлігіне кезеңдік бақылау жасау, көзбен шолу және техникалық құралдарды пайдаланып тексеру;
2) жөндеу-алдын алу жұмыстарын уақытылы орындау есебінен оны ақаусыз жағдайда ұстау;
3) құбырішілік диагностиканы және магистральдық газ құбырының желілік бөлігін диагностикалаудың басқа әдістерін жүргізу;
4) барынша мүмкін болатын гидравликалық тиімділікті ұстау;
5) моральды ескірген немесе тозған жабдықты уақытылы жаңғырту және қайта жаңарту;
6) елді мекендерге, өнеркәсіптік және ауыл шаруашылығы кәсіпорындарына, ғимараттар мен құрылыстарға дейінгі күзет аймағына және ең аз қашықтықтағы аймаққа қойылатын талаптарды сақтау;
7) авариялардың уақытылы алдын алу, істен шығулар мен өндірістік ақауларды жою.
4. Магистральдық газ құбырлардың желілік бөлігінің объектілерін пайдалануға қабылдау осы Қағидалардың талаптарын ескере отырып жүргізіледі.
5. Күзетілетін аймақтағы, оның ішінде бөгде ұйым жүргізетін жұмыс осы Қағидалардың талаптарын сақтай отырып жүргізіледі.
6. Әр объектіде (кран алаңы, учаске) күзетілетін аймақты, өндірістік инфрақұрылымды, күзетілетін аймақта орналасқан және шектесетін аумақтың (объектінің) заттарын (меншігін) көрсетумен объектінің (крандардың) және құбыр трассасының орналасу схемасы жасалады және ілінеді.
7. Схеманы кәсіпорын басшысы бекітеді, оған объектінің басшысы қол қояды.
8. Басты құрылыстарды пайдалану осы Қағидалардың нұсқаулықтарын сақтай отырып жүзеге асырылады.
9. Басты құрылыстардан магистральдық газ құбырына берілетін газдың сапасы ҚР СТ 1666-2007 Қазақстан Республикасының мемлекеттік стандартының талаптарына сәйкес келеді.
Магистральдық газ құбырының желілік бөлігін ресімдеу
10. Күзетілетін аймақтарда жұмыстың орындалуын бақылауды және ең аз қашықтықтағы аймақтарда жұмыс жүргізуді келісуді газ тасымалдау ұйымы (оператор) осы Қағидалардың талаптарына сәйкес жүзеге асырады.
11. Жұмыс жүргізуге рұқсат беру жұмыс жүргізушіде қолданыстағы құбырлар енгізілген жобалық және орындау құжаттамасы болған жағдайда жүргізіледі.
12. Магистральдық газ құбырының желілік бөлігі тікелей учаскелерде биіктігі 1,5-2 м айырғыш белгілермен (қалқан-белгілермен) белгіленеді, олар көріну шектерінде, бірақ 500 м-ден сирек емес және газ құбырының километражы мен құбырлардың салынуының нақты тереңдігі көрсетіле отырып, газ құбыры қиылысының бұрышында қойылады.
13. Егер газ құбырының бойында әуе байланыс желілері өтетін болса, газ құбырының трассасын белгілеу үшін байланыс тіректері пайдаланылады, оларда километраж, газ құбырының салыну тереңдігі мен байланыс тірегі осінен газ құбырының осіне дейінгі қашықтық көрсетіледі. Магистральдық газ құбырының көптармақты жүйелерінде магистральдық газ құбырының әр тармағы белгіленеді. Газ құбырының трассасын бекіту орындарын белгілеу үшін темірбетон бағаналарының орнына бақылау-өлшеу бағаналары мен катодтық қорғау пункттері пайдаланылады. Километрлік бағаналар қызғылт сары түске боялады. Ауыл шаруашылығына арналған жерлерде өңделетін жерлерге, ағаш егілетін шекараларға бағаналар орнатылады.
14. Магистральдық газ құбырының белгілерін орнату жер пайдаланушылармен бөлімшелердің бірлескен актілерімен ресімделеді.
15. Газ құбырының басқа жерүсті және жерасты коммуникацияларымен қиылысу орындары «Жоғары қысымды газ құбыры» белгілерімен белгіленеді (осы Қағидаларға 1-қосымша ).
16. Кеме жүретін өзендер арқылы өтетін газ құбырларының суасты өтпелері бассейндік басқармалармен келісу бойынша белгілермен жабдықталады және тәуліктің қараңғы уақытында автоматты түрде қосылатын дабылдық жарық белгілері болады. Газ құбырының кеме жүрмейтін бөгеттер мен жыралар арқылы суасты өтпелері трассаның белгісімен белгіленеді (осы қағидалардың 2-қосымшасы ). Белгілер мыналарды қамтамасыз етеді:
1) күзету кезінде газ құбырын кез келген әдіспен көзбен шолып табу;
2) газ құбырының күзетілетін аймағында кез келген жұмысты енгізу кезінде газ құбырының орналасқан жерін анықтау.
17. Әр бағана екі плакатпен жабдықталады: біріншісі – күзетілетін аймақ, орналасқан жері мен газ құбырының жабдықтары туралы ақпаратпен тігінен орнатылады; екіншісі – газ құбырының ұзындығы (км) көрсетілген плакат (ауадан қажетті учаскелерді көзбен шолып іздеу үшін) осы қағидалардың 2 қосымшасына сәйкес көлденеңінен (30о-тан көп емес) орнатылады.
18. Арқалық түріндегі жерүсті өтпелерінің барлығы қоршаумен жабдықталады, онда газ құбыры бойынша бөгде тұлғалардың кіруіне тыйым салынады, алюминий бояумен боялады, осы қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес орнатылады.
19. Туннельдерде магистральдық газ құбырын төсеу кезінде компенсаторлар туннельге кіре берісте газ құбырының желілік бөлігін тастардың түсуінен қорғау үшін темірбетон төсемдерімен жабылады.
20. Туннельдерге газ құбырының кірулері металл шарбақтармен немесе торлармен қоршалады, бұл туннельге бөгде тұлғалардың кіруін болдырмайды.
21. Қоршауларда осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес «Кіруге болмайды», «Шылым шегуге болмайды» деген белгілер орнатылады. Оған қосымша объектінің атауы, пайдаланушы ұйымның мүлкі, магистральдық газ құбырының бірыңғай технологиялық схемасына сәйкес қабылданған нөмірлері мен пикеттері көрсетіледі.
22. Қажет болған жағдайда, қоршау шегінде желілік-өндірістік басқарманың бас инженері бекіткен объектінің технологиялық схемасы ілінеді.
23. Магистральдық газ құбырының барлық учаскелерінде алдын алу, жөндеу және авариялық жұмыстарын орындау үшін газ құбырының кез келген нүктесіне кіру мүмкіндігі қамтамасыз етіледі.