• Мое избранное
Внимание! Документ утратил силу с 10.10.2015 г

Отправить по почте

"Автомобиль көлiгiмен қауiптi жүктерді тасымалдау жөнiндегi кейбір мәселелер туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2004 жылғы 12 наурыздағы № 316 қаулысына өзгерістер енгізу және "Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің автомобиль көлігі саласындағы мемлекеттік қызмет стандарттарын бекіту және "Жеке және заңды тұлғаларға көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің тізілімін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 20 шілдедегі № 745 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 27 шілдедегі № 979 қаулысының күші жойылды деп тану туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 19 наурыздағы № 259 қаулысы

Осы Қаулы күшін жойды 2015 жылғы 10 қазаннан бастап ҚР Үкіметінің 25.09.2015 жылғы № 783 Қаулысына сәйкес
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ :
1. «Автомобиль көлiгiмен қауiптi жүктерді тасымалдау жөнiндегi кейбір мәселелер туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2004 жылғы 12 наурыздағы № 316 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., № 14, 176-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Қоса беріліп отырған Автомобиль көлігімен қауіпті жүктерді тасымалдау қағидалары бекiтiлсiн.»;
көрсетілген қаулымен бекітілген Автокөлік құралдарымен қауiптi жүктерді тасымалдау, олардың Қазақстан Республикасының аумағы бойынша жүріп өту ережесі және қауiптi жүктерді тасымалдайтын жүргiзушiлер мен автокөлік құралдарына қойылатын бiлiктiлiк талаптары осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. «Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің автомобиль көлігі саласындағы мемлекеттік қызмет стандарттарын бекіту және «Жеке және заңды тұлғаларға көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің тізілімін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 20 шілдедегі № 745 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 27 шілдедегі № 979 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2012 ж., № 64, 891-құжат) күші жойылды деп танылсын.
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі С. Ахметов
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2013 жылғы 19 наурыздағы
№ 259 қаулысына
қосымша
Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң
2004 жылғы 12 наурыздағы
№ 316 қаулысымен
бекiтiлген
Автомобиль көлігімен қауіпті жүктерді тасымалдау қағидалары
1. Жалпы ережелер
1. Осы Автомобиль көлігімен қауіпті жүктерді тасымалдау қағидалары (бұдан әрi – Қағидалар) « Автомобиль көлiгi туралы » 2003 жылғы 4 шiлдедегi, « Автомобиль жолдары туралы » 2001 жылғы 17 шiлдедегi Қазақстан Республикасының Заңдарына және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес әзірленді.
2. Қағидалар қауiптi жүктердi Қазақстан Республикасының аумағы арқылы тасымалдауға байланысты заңды және жеке тұлғаларға қолданылады.
Қауiптi жүктердi автокөлiк құралдарымен халықаралық тасымалдау Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарының талаптарына сәйкес жүзеге асырылады.
3. Тасымалдау, тиеу-түсiру жұмыстарын жүргiзу және сақтау кезiнде оларға тән ерекшеліктерге байланысты техникалық құралдардың, құрылғылардың, ғимараттар мен құрылыстардың жарылуына, өртенуіне немесе бүлiнуiне, сондай-ақ адамдардың, жануарлардың өлiм-жiтiмiне, жарақат алуына және ауруына себеп болуы, қоршаған табиғи ортаға зиян келтiруi мүмкiн кез келген заттар, материалдар, бұйымдар, өндiрiстік және өзге де қызмет қалдықтары қауiптi жүктер деп танылады.
4. Қауiптi жүктердi тасымалдау кезiнде «Қауіпті жүктер. Сыныптау және таңбалау» 19433-88 МемСТ және Қауіпті жүктерді халықаралық жолдарда тасымалдау туралы еуропалық келісімнің (ҚЖХЖТ) қолданыстағы стандарттарына сәйкес қауiптi жүктердiң сыныптамасы қолданылады.
2. Қауiптi жүктерді автокөлiк құралдарымен тасымалдауды
ұйымдастыру
5. Қауiптi жүктердi Қазақстан Республикасының аумағы арқылы тасымалдауды жүзеге асыратын көлiк құралдарының жүргiзушiлерi және қауiптi жүктердi тасымалдау үшiн пайдаланылатын автокөлiк құралдары осы Қағидалардың 4 және 5-тарауларында жазылған белгілі бір талаптарға сәйкес келеді.
6. Қауiптi жүктер мамандандырылған автокөлiк құралдарымен немесе осы мақсатқа бейiмделген басқа көлiк құралдарымен тасымалданады.
7. Осы қаулымен бекітілген қауіпті жүктер тізбесіне (бұдан әрі – қауіпті жүктер тізбесі) сәйкес 1, 6 және 7-сыныпты қауіпті жүктерді тасымалдау кезінде қауіпті жүктерді тасымалдауды жүзеге асыратын көлік құралының автомобиль жолдарымен жүруіне арнайы рұқсаттың болуы талап етіледі.
8. Жүк жөнелтушi (жүк алушы) мен тасымалдаушы арасында Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қауiптi жүк тасымалын жүзеге асыруға шарт жасалады.
Қауiптi жүктердi тасымалдауға арналған шарт өзiндiк ерекшелiктерiне байланысты, сондай-ақ мынадай:
1) автокөлiк құралдарын арнайы өңдеу жөнiндегi iс-шаралар туралы;
2) iлесiп жүрудi ұйымдастыру (қажет болған жағдайда) туралы;
3) жүргiзушiлердi жеке қорғану құралдарымен қамтамасыз ету тәртiбi туралы;
4) қауiп және қауiптi жүктi бейтараптандыру туралы ақпарат жүйесiнiң элементтерiмен қамтамасыз ету тәртiбi туралы мәлiметтердi қамтуы тиiс.
9. Қауiптi жүктi тасымалдау шартын жасасу тауар-көлiк жүкқұжатын жасаумен расталады.
Қауiптi жүктi тасымалдау кезiнде тасымалдаушының үш данада жасалатын және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүк жөнелтушi мен тасымалдаушы қол қоятын тауар-көлiк жүкқұжаты болуы тиiс.
10. Тауар-көлiк жүкқұжатының нысаны және оны қолдану тәртiбi уәкiлеттi орган бекiткен автомобиль көлiгiмен жүктерді тасымалдау қағидаларымен айқындалады.
11. Жүк жөнелтушi тасымалдаушыға қауiптi жүктердi тасымалдауға жасалған шартпен бiрге мыналарды:
1) әрбiр автокөлiк құралына ақпараттық кестелерді;
2) қауiптi жүктiң әрбiр түрiне жүргiзушiге арналған нұсқаулықты ұсынады.
Көрсетiлген құжаттар тасымалдау бағдарын жол полициясы органдарымен келiсу мақсатында, тасымалдау шарты жасалғаннан кейiн, бiрақ тасымал басталғанға дейiн 5 күннен кешiктiрiлмей ұсынылуы мүмкiн.
12. Қауiптi жүктердің тізбесіне сәйкес Қазақстан Республикасының аумағында автокөлiк құралдарымен тасымалдауға рұқсат берілетін 1, 6 және 7-сыныпты қауiптi жүктi тасымалдауға тасымалдаушы қауiптi жүктi тасымалдау бағдарын әзiрлейдi.
Тасымалдау бағдарын әзiрлеген кезде тасымалдаушы мынадай негiзгi талаптарды басшылыққа алады:
1) бағдар маңында iрi өнеркәсiп объектілері болмауы тиiс;
2) бағдар iрi елдi мекендер арқылы өтпеуi тиiс. Қауiптi жүктердi iрi елдi мекендердің iшiмен тасымалдау қажет болған жағдайда бағдар ойын-сауық, мәдени-ағарту, оқу, мектепке дейiнгi және емдеу мекемелерiнiң қасынан өтпеуi тиiс;
3) тасымалдау бағдарында көлiк құралдарының тұрақ орындары көзделуі тиiс.
13. Бағдар бір облыстың шегінде өткен кезде тасымалдау бағдары осы облыста орналасқан жол полициясы бөлімшелерімен үш жұмыс күні ішінде келісіледі.
Бағдар бірнеше облыстың аумағы арқылы өткен жағдайларда, жол қозғалысының қауіпсіздігі жөніндегі орталық атқарушы орган бес жұмыс күні ішінде тасымалдау бағытын келісуді жүргізеді.
Кеден одағы комиссиясының 2011 жылғы 16 тамыздағы № 770 шешімімен бекітілген Кеден одағының «Пиротехникалық бұйымдардың қауіпсіздігі туралы» техникалық регламентінің Пиротехникалық бұйымдары бар қауіпті жүктердің сыныптамасына сәйкес 1.4-төменгі сыныбы бар пиротехникалық бұйымдарды тасымалдау кезінде тасымалдау маршрутын келісу және тасымалдауға рұқсатты ресімдеу талап етілмейді.
14. Қауiптi жүктi тасымалдаудың келiсiлген бағдары 12 айға жарамды болады.
Адамдардың өмiрi мен денсаулығы үшiн қауiппен, қоршаған ортаға және мәдени құндылықтарға келтiрiлетiн залалмен, сондай-ақ тасымалданатын жүктiң қауiпсiздiгiне байланысты күтпеген мән-жайлар болған кезде қауiптi жүктi тасымалдаудың келiсiлген бағдарын тасымалдаушы жол полициясы органымен келiсiм бойынша өзгертуi мүмкiн.
15. Көрiнуi 300 метрге дейiн шектелген болса (тұман, жаңбыр, қар және т.б.) қауiптi жүктердiң жекелеген түрлерiн тасымалдауға тыйым салынуы мүмкiн, ол нақты қауiптi заттар мен бұйымдарды қауiпсiз тасымалдау шарттарында көрсетiледi.
3. 1, 6 және 7-сыныпты қауіпті жүкті тасымалдауға арнайы рұқсат
алуға өтініш беру, оны қарау және келісу тәртібі