Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Отправить по почте
"Салықтық әкімшілендірудің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 31 қазандағы № 1247 қаулысына өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 27 наурыздағы № 280 қаулысы
Осы Қаулы күшін жойды ҚР Үкіметінің 17.06.2015 жылғы № 449 Қаулысына сәйкес
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Салықтық әкімшілендірудің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 31 қазандағы № 1247 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2011 ж., № 59, 846-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:
кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 569-бабының 2-тармағына , 571-бабының 4-тармағына , 576-бабының 4-тармағына , 646-бабының 9-тармағына, 650-бабының 5-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДI :»;
1-тармақтың 1) тармақшасы алынып тасталсын.
2. Осы қаулы 2013 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі С. Ахметов
Эта возможность доступна только для зарегистрированных пользователей. Пожалуйста, войдите или зарегистрируйтесь. |
|
Регистрация |