• Мое избранное
Нотариат туралы

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца
  • 103

Нотариат туралы Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 14 шiлдедегі N 155-I Заңы

Құжат мәтініндегі "тарау" деген сөздiң алдындағы "I - VI" деген цифрлар тиiсiнше "1 - 6" деген цифрлармен ауыстырылды ҚР 20.12.2004 жылғы № 13 Заңымен (11.06.2003 ж. редакцияны қараңыз)
Құжат мәтініндегі "лицензиясы кері қайтарылып алынғандықтан", "лицензияны кері қайтарып алу", "Нотариус лицензиясын кері қайтарып алу", "нотариус лицензиясы кері қайтарылып алынады", "Лицензия кері қайтарылып алынған", "кері қайтарып алу", "нотариустардың лицензияларын кері қайтарып алу" деген сөздер "лицензиясынан айырылғандықтан", "лицензиясынан айыру", "Нотариусты лицензиясынан айыру", "нотариус лицензиясынан айырылады", "Лицензиясынан айырылған", "одан айыру", "нотариустарды лицензияларынан айыру" деген сөздермен ауыстырылды ҚР 12.01.2007 жылғы № 222 Заңымен (22.06.2006 ж. редакцияны қараңыз)
Құжат мәтініндегі  «ауылдардың (селолардың)», «ауылдық (селолық)» «ауылдың (селоның)», «ауылдар (селолар)» сөздері «ауылдардың», «ауылдық», «ауылдың», «ауылдар» сөздерімен ауыстырылды ҚР 03.07.2013  жылғы № 121-V Заңымен (08.01.2013 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін 10 (он) күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 05.07.2013 жылғы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
Редакция 17.07.2024 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен 
1 бөлiм
Нотариат қызметiнiң ұйымдық және құқықтық негiздерi
1-тарау. Жалпы ережелер
  • 10
1-бап. Қазақстан Республикасындағы нотариат
1-бап өзгертілді ҚР 20.12.2004 жылғы № 13 Заңымен (11.06.2003 ж. редакцияны қараңыз)
1. Қазақстан Республикасындағы нотариат – бұл нотариаттық iс-әрекеттер жасау арқылы жеке, заңды тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерiн қорғауды қамтамасыз ететін білікті заң көмегін көрсету жөніндегі құқықтық институт.
1-тармақ өзгертілді ҚР 26.12.2011 жылғы № 516-IV Заңымен (05.07.2011 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізіледі)
2. Осы Заңмен белгiленген жағдайлар мен шектерде нотариаттық iс-әрекеттер жасауға мыналардың құқықтары бар:
1) мемлекеттiк нотариат кеңселерiнде жұмыс iстейтiн нотариустар (мемлекеттiк нотариустар) мен жеке практикамен айналысатын нотариустар (жекеше нотариустар);
2) аудандық маңызы бар қалалардың, кенттердiң, ауылдардың, ауылдық округтердiң әкiмдерi аппараттарының нотариаттық iс-әрекеттер жасауға уәкiлеттi лауазымды адамдары;
3) Қазақстан Республикасының атынан консулдық қызмет атқаратын адамдар;
3-1) Тармақша алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
4) осы Заңмен нотариаттық iс-әрекеттер жасауға уәкiлеттi өзге де адамдар.
2-бап. Нотариат туралы заңдар
Нотариат туралы заңдар Азаматтық кодекс нормаларынан, осы Заңнан және Қазақстан Республикасының нотариаттық қызметтi реттейтiн өзге де заңдарынан тұрады.
2-1-бап. Нотариаттың негізгі мақсаты мен міндеті
1-тарау 2-1-баппен толықтырылды ҚР 05.07.2024 жылғы № 115-VIII Заңына сәйкес (өзгерту 17.07.2024 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1. Жеке және заңды тұлғалардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін қамтамасыз етуге бағытталған нотариаттық қызмет саласындағы қоғамдық қатынастарды реттеу нотариаттың мақсаты болып табылады.
2. Нотариаттық іс-әрекеттер жасау арқылы жеке және заңды тұлғаларды білікті заң көмегімен қамтамасыз ету нотариаттың міндеті болып табылады.
  • 6
3-бап. Нотариаттық қызмет және оның кепiлдiктерi
1. Нотариаттық қызмет – бұл нотариустың осы Заңда және Қазақстан Республикасының өзге де заңнамалық актілерінде көзделген нотариаттық iс-әрекеттердi жасауы.
1-тармақ өзгертілді ҚР 26.12.2011 жылғы № 516-IV Заңымен (05.07.2011 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізіледі)
Осы Заңда белгіленген жағдайларда және шектерде жекелеген нотариаттық iс-әрекеттерді арнайы уәкілетті лауазымды адамдар жасай алады.
Қазақстан Республикасындағы нотариаттық қызмет нотариаттық іс-әрекеттердің заңдылығы, тәуелсіздігі, бейтараптылығы, құпиялылығы қағидаттарына негізделеді.
1-тармақтың үшінші бөлігі өзгертілді ҚР 05.07.2018 жылғы № 177-VІ Заңымен (24.05.2018 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 11.07.2018 жылы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
Нотариаттық қызмет кәсіпкерлік қызмет болып табылмайды.
2. Нотариустар мен нотариаттық iс-әрекеттер жасауға уәкiлеттi басқа да адамдар нотариаттық iс-әрекеттер жасағанда тәуелсiз болады және тек қана заңға бағынады. Бұл орайда олар осы Заңды және басқа нормативтiк құқықтық актiлердi, сондай-ақ Қазақстан Республикасы бекiткен, осындай қызметтi реттейтiн халықаралық шарттарды басшылыққа алады.
3. Жеке және заңды тұлғаларға олардың жасаған нотариаттық iс-әрекеттерiнің құпиясын сақтауға кепiлдiк берiледi.
3-1. Нотариаттық әрекетті жасау немесе нотариусқа, уәкілетті лауазымды адамға өтініш білдіру кезінде алынған, оның ішінде жеке мүліктік және мүліктік емес құқықтар мен міндеттер туралы мәліметтер нотариаттық құпия болып табылады.
3-тармақ 3-1-тармақпен толықтырылды ҚР 15.02.2021 жылғы № 5-VII Заңына сәйкес (өзгерту 27.02.2021 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
4. Нотариус ретiнде қызметiн тоқтатқан адамдар нотариаттық iс-әрекеттердiң құпиясын сақтауға мiндеттi.
4-1. Нотариаттық құпияны сақтау міндеті нотариустардың тағылымдамадан өтушілеріне, көмекшілеріне, куәға, аудармашыға, азаматтың дене кемістігі, ауруы немесе сауатсыздығы салдарынан оның орнына нотариаттық құжатқа қол қойған адамға, сондай-ақ нотариаттық палаталардың жұмыскерлеріне және бірыңғай нотариаттық ақпараттық жүйені қолдап отыруды және оған жүйелік-техникалық қызмет көрсетуді жүзеге асыратын адамдарға қолданылады.
3-бап 4-1-тармақпен толықтырылды ҚР 26.12.2011 жылғы № 516-IV Заңымен (05.07.2011 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізіледі)
4-1-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР 15.02.2021 жылғы № 5-VII Заңына сәйкес (03.07.2020 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 27.02.2021 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
5. Нотариаттық iс-әрекеттер туралы мәлiметтер, нотариус берген құжаттардың көшiрмелерi немесе дубликаттары тапсырысы бойынша нотариаттық iс-әрекеттер жүргiзiлген заңды және жеке тұлғаларға, не олардың уәкiлеттi адамдарына ғана берiледi.
  • 2
6. Нотариаттық iс-әрекеттер туралы мәлiметтер мен құжаттар өздерi жүргiзiп жатқан iстер бойынша соттың, тергеу және анықтау органдарының, өздері жүргізіп жатқан атқарушылық іс жүргізу істері бойынша сот орындаушыларының жазбаша талап етуi бойынша, прокуратура органдарына, сондай-ақ әдiлет органдарына және осы Заңмен нотариустар қызметiн тексерудi жүзеге асыруға уәкiлдiк берiлген нотариат палаталарына берiледi.
6-тармақ өзгертілді ҚР 22.06.2006 жылғы № 147 Заңымен (20.12.2004 ж. редакцияны қараңыз)
6-тармақ өзгертілді ҚР 29.09.2014 жылғы № 239-V Заңымен (03.07.2014 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 02.10.2014 жылы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
6-тармақтың бірінші бөлігі өзгертілді ҚР 26.06.2020 жылғы № 349-VI Заңымен (25.06.2020 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 10.07.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
6-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР 20.04.2023 жылғы № 226-VII Заңына сәйкес (15.03.2023 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 01.07.2023 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Адвокаттық қызметті жүзеге асыру үшін қажетті нотариаттық іс-әрекеттер туралы мәліметтер де оған заң көмегіне жүгінген сенім білдірушінің қорғаушысы немесе өкілі ретінде қатысатын адвокаттың жазбаша сұрау салуы бойынша беріледі.
6-тармақ өзгертілді ҚР 27.04.2012 жылғы № 15-V Заңымен (26.12.2011 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізіледі)
Заң көмегін көрсету үшін қажетті нотариаттық әрекеттер туралы мәліметтерді бірыңғай нотариаттық ақпараттық жүйеден алуды адвокаттар заң көмегінің бірыңғай ақпараттық жүйесі арқылы электрондық цифрлық қолтаңба арқылы куәландырылған электрондық құжат нысанында адвокаттық сұрау салуды жіберу жолымен жүзеге асырады.
6-тармақ үшінші бөлікпен толықтырылды ҚР 09.06.2021 жылғы № 49-VII Заңына сәйкес (өзгерту 21.06.2021 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Салықтық берешегі болған, қайтыс болған адамның мұрагерлері туралы мәліметтер мемлекеттік кіріс органдарының жазбаша сұрау салуы бойынша беріледі.
6-тармақ үшінші бөлікпен толықтырылды ҚР 25.12.2017 жылғы № 122-VІ Заңына сәйкес (өзгерту қолданысқа енгізіледі 01.01.2018 жылдан бастап)
Әлеуметтік төлемдер және одан ұсталған міндетті зейнетақы жарналарының сомасы артық есептелген (төленген) қайтыс болған адамның мұрагерлікті қабылдаған адам туралы мәліметтер Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорының жазбаша сұрау салуы бойынша беріледі.
7. Нотариаттық құпияны жария ететін адамдар Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауаптылықта болады.
7-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР 15.02.2021 жылғы № 5-VII Заңына сәйкес (03.07.2020 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 27.02.2021 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
8. Заңды тұлғалар және лауазымды адамдар нотариаттық iс-әрекеттер жасауға қажеттi мәлiметтер мен құжаттарды нотариус талап еткен кезден бастап күнтізбелік он күн мерзiмнен кешiктiрмей оларды нотариусқа ұсынуға мiндеттi.
8-тармақ өзгертілді  ҚР 03.07.2013  жылғы № 121-V Заңымен (08.01.2013 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін 10 (он) күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 05.07.2013 жылғы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
9. Өсиеттер туралы мәлiметтер, өсиеттердiң дубликаттары мен көшiрмелерi мүдделi адамдарға, егер заңдарда өзгеше белгiленбесе, өсиет берушi өлгеннен кейiн ғана берiледi.
10. Мыналар нотариаттық құпияны жария ету болып табылмайды:
3-бап 10-тармақпен толықтырылды ҚР 15.02.2021 жылғы № 5-VII Заңына сәйкес (өзгерту 27.02.2021 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1) Республикалық нотариаттық палатаның немесе бірыңғай нотариаттық ақпараттық жүйенің интернет-ресурсында мынадай:
сенімхаттар (сенімхатты куәландырған тұлға, сенімхаттың куәландырылған күні, оның бірыңғай нотариаттық ақпараттық жүйенің нотариаттық әрекеттер электрондық тізіліміндегі тіркеу нөмірі, егер сенімхаттың күші жойылған жағдайда, сенімхаттың күші жойылғаны туралы мәліметтерді осы тізілімге енгізу күні мен уақыты туралы мәліметтер);
ашылған мұрагерлік істер (мұра қалдырушы, оның қайтыс болған күні туралы мәліметтер, мұрагерлік істі жүргізетін нотариус туралы мәліметтер);
нотариус жасаған атқарушылық жазбалар (атқарушылық жазбаны жасау күні, атқарушылық жазбаны жасаған нотариус туралы мәліметтер) бойынша мәліметтерді орналастыру;
2) осы Заңда көзделген мәліметтерді бірыңғай нотариаттық ақпараттық жүйеге енгізу;
3) «Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген мақсаттарда және тәртіппен, қаржы мониторингін жүзеге асыратын және кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) қарсы іс-қимыл жөніндегі өзге де шараларды қабылдайтын мемлекеттік органға нотариаттық әрекеттер туралы мәліметтерді ұсыну, сондай-ақ нотариустың электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған құқық белгілейтін құжаттың электрондық көшірмесін «Жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген тәртіппен бірыңғай нотариаттық ақпараттық жүйе арқылы құқықтық кадастрдың ақпараттық жүйесіне жіберу;
4) салықтардың және бюджетке төленетін төлемдердің түсуін қамтамасыз ету саласында басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік органға нотариаттық әрекеттер туралы мәліметтерді «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексінде (Салық кодексі) көзделген нысан бойынша, тәртіппен және мерзімдерде ұсыну;
5) зейнетақы төлемдерін жүзеге асыру мақсатында Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына, әлеуметтік төлемдердің және олардан ұсталған міндетті зейнетақы жарналарының артық есептелген (төленген) сомаларын қайтаруды жүзеге асыру мақсатында Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына нотариаттық әрекеттер туралы мәліметтерді ұсыну;
5-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР 20.04.2023 жылғы № 226-VII Заңына сәйкес (15.03.2023 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 01.07.2023 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
5-1) бағалы қағаздарды ұстаушылар тізілімдерінің жүйесін жүргізу жөніндегі қызметті және депозитарлық қызметті жүзеге асыратын бағалы қағаздар нарығының кәсіби қатысушысына, нотариустың электрондық цифрлық қолтаңбасы арқылы куәландырылған құқық белгілейтін құжаттың электрондық көшірмесін бірыңғай нотариаттық ақпараттық жүйе арқылы жіберуді қоса алғанда, осындай бағалы қағаздар нарығының кәсіби қатысушысына нотариаттық әрекеттер туралы мәліметтерді ұсыну.
10-тармақ 5-1-тармақшамен толықтырылды ҚР 12.07.2022 № 138-VII Заңына сәйкес (өзгерту 12.09.2022 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Осы тармақшада көрсетілген мәліметтер бағалы қағаздар нарығының кәсіби қатысушысына «Бағалы қағаздар рыногы туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген қызметті жүзеге асыру мақсатында ғана, осындай бағалы қағаздар нарығының кәсіби қатысушысында өзіне қатысты осы мәліметтер берілетін тұлғаның «Дербес деректер және оларды қорғау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес дербес деректерін жинауға және өңдеуге келісімі болған кезде беріледі.
6) мұраның ашылғаны туралы мәліметтерді мұрагерлерге хабарлау.
  • 1
4-бап. Нотариаттық iс жүргiзу
1. Нотариаттық iс жүргiзу Қазақстан Республикасының архивтер мен құжаттаманы басқару жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттік органымен келiсу арқылы Республикалық нотариаттық палатаның қатысуымен Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгi бекiтетiн Нотариаттық iс жүргiзу жөнiндегi қағидаға (бұдан әрi - Қағида) сәйкес жүзеге асырылады.
1-тармақ өзгертілді ҚР 05.05.2003 жылғы № 408-ІІ Заңымен (24.12.2001 ж. редакцияны қараңыз)
1-тармақ өзгертілді ҚР 26.12.2011 жылғы № 516-IV Заңымен (05.07.2011 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізіледі)