Toggle Dropdown
331
Ақпараттандыру туралы
Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 11 қаңтардағы N 217 Заңы
Toggle Dropdown
Редакция 31.10.2015 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
Toggle Dropdown
Осы Заң ақпараттандырудың құқықтық негіздерін белгілейді, электрондық ақпараттық ресурстар мен ақпараттық жүйелерді құру, пайдалану және қорғау кезінде туындайтын қоғамдық қатынастарды реттейді.
Toggle Dropdown
1-тарау. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР
Toggle Dropdown
26
1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар
Toggle Dropdown
Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
Toggle Dropdown
1) автоматтандыру – адам еңбегін жеңілдету және оның нысандарын ығыстыру, үдерістердің өнімділігі мен ашықтығын арттыру мақсатында ақпаратты өңдеу, жүйелендіру, сақтау және беру үшін ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдану;
Toggle Dropdown
1-1) ақпараттандыру – ақпараттық технологияларды пайдалану негізінде электрондық ақпараттық ресурстарды, ақпараттық жүйелерді қалыптастыруға және дамытуға бағытталған ұйымдастыру, әлеуметтік-экономикалық және ғылыми-техникалық үдеріс;
Toggle Dropdown
2) ақпараттандыру саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі – уәкілетті орган) – ақпараттандыру және «электрондық үкімет» саласындағы басшылықты жүзеге асыратынорталық мемлекеттік орган;
Toggle Dropdown
3) Тармақша алынып тасталды (ескертуді қараңыз).
Toggle Dropdown
4) ақпараттандыру саласындағы оператор – Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімімен құрылған, мемлекеттік ақпараттық жүйелер мен мемлекеттік электрондық ақпараттық ресурстарды интеграциялау жөніндегі, ақпараттандыру саласындағы бірыңғай техникалық саясатты іске асыруға қатысу жөніндегі міндеттер, «электрондық үкіметтің» инфрақұрылымы жобалық интеграторының функциялары жүктелген заңды тұлға;
Toggle Dropdown
5) ақпараттық жұмыстар – электрондық ақпараттық ресурстар мен ақпараттық жүйелерді құру жөніндегі қызмет;
Toggle Dropdown
6) ақпараттық жүйе – аппараттық-бағдарламалық кешенді қолдана отырып, ақпаратты сақтауға, өңдеуге, іздестіруге, таратуға, беруге және ұсынуға арналған жүйе;
Toggle Dropdown
7) ақпараттық жүйелерді, бағдарламалық өнімдерді, бағдарламалық кодтар мен нормативтік-техникалық құжаттаманы депозитке беру (бұдан әрі – депозитке беру) – бағдарламалық өнімдердің, бағдарламалық кодтар мен нормативтік-техникалық құжаттаманың даналарын депозитарийге сақтауға беру;
Toggle Dropdown
8) ақпараттық жүйелердің аудиті – ақпараттық жүйенің ағымдағы жай-күйінің, онда болып жатқан іс-әрекеттердің және оқиғалардың белгілі бір критерийлерге, техникалық регламенттерге, стандарттарға, нормативтік-техникалық құжаттамаға және (немесе) тапсырыс берушінің талаптарына сәйкестік деңгейін белгілейтін, оларды бағалаудың жүйелі процесі;
Toggle Dropdown
9) ақпараттық жүйелердің, бағдарламалық өнімдердің, бағдарламалық кодтар мен нормативтік-техникалық құжаттаманың депозитарийі (бұдан әрі – депозитарий) – бағдарламалық өнімдердің, бағдарламалық кодтардың даналарын оларға ілеспе нормативтік-техникалық құжаттамасымен бірге жинақтауды, сипаттауды, сақтауды және жүйелеуді қамтамасыз етуге арналған арнаулы сақтау орны;
Toggle Dropdown
10) ақпараттық-коммуникациялық желі – ақпараттық жүйелер арасындағы немесе олардың құрамдастары арасындағы өзара іс-қимылды, сондай-ақ ақпараттық ресурстарды беруді қамтамасыз ететін техникалық және аппараттық-техникалық құралдардың жиынтығы;
Toggle Dropdown
10-1) ақпараттық-коммуникациялық желілер мониторингі жүйесі – компьютерлік оқиғаларға ден қоюды қоса алғанда, ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қауіпсіз пайдалану мәселелері бойынша ақпараттық жүйелердің, ақпараттық-коммуникациялық желілер мен электрондық ақпараттық ресурстардың меншік иелеріне, иеленушілеріне және оларды пайдаланушыларға жәрдем көрсетуге бағытталған ұйымдастырушылық және техникалық іс-шаралар кешені;
Toggle Dropdown
11) ақпараттық қызмет көрсету – пайдаланушыларға ақпараттық ресурстарды ұсыну жөнінде қызмет көрсету;
Toggle Dropdown
12) ақпараттық процестер – ақпаратты құру, жинау, өңдеу, жинақтау, сақтау, іздеу, тарату және тұтыну процестері;
Toggle Dropdown
13) ақпараттық технологиялар – әдістердің, өндірістік процестердің және ақпаратты жинауды, құруды, сақтауды, жинақтауды, өңдеуді, іздестіруді, шығаруды, көшірмесін түсіруді, беру мен таратуды қамтамасыз ететін технологиялық кешенге біріктірілген бағдарламалық-техникалық құралдардың жиынтығы;
Toggle Dropdown
14) аппараттық-бағдарламалық кешен – ақпараттық процестерді қамтамасыз ететін бағдарламалық және техникалық құралдардың жиынтығы;
Toggle Dropdown
15) ашық кілттер инфрақұрылымы – Қазақстан Республикасының электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы заңнамасына сәйкес тіркеу куәліктерін басқаруға бағытталған ақпараттық жүйелер, ұйымдастырушылық және техникалық іс-шаралар кешені;
Toggle Dropdown
16) бағдарламалық өнім – ақпаратты өңдеу жүйесінің компьютерлік бағдарламаларының, рәсімдерінің, әдістерінің, қағидалары мен ілеспе құжаттамасының жиынтығы;
Toggle Dropdown
17) Тармақша алынып тасталды (ескертүді қараңыз)
Toggle Dropdown
18) домендік атау – Интернет желісіндегі адрестеу ережелеріне сәйкес қалыптастырылған, желі объектісіне атаулы жолданымға арналған және белгілі бір желілік мекенжайға сәйкес келетін нышандық (әріптік-цифрлық) белгі;
Toggle Dropdown
19) интерактивтік қызмет көрсету – өзара ақпарат алмасуды қажет ететін, пайдаланушыларға олардың сұраулары бойынша немесе тараптардың келісімі бойынша электрондық ақпараттық ресурстарды ұсыну жөнінде қызмет көрсету;
Toggle Dropdown
20) интернет-ресурс – ашық ақпараттық-коммуникациялық желіде жұмыс істейтін электрондық ақпараттық ресурс, оны жүргізу және (немесе) пайдалану технологиясы, сондай-ақ ақпараттық өзара іс-қимылды қамтамасыз ететін ұйымдық құрылым;
Toggle Dropdown
21) интернет-ресурстың меншік иесі – интернет-ресурсты иелену, пайдалану және оған билік ету құқықтарын толық көлемде іске асыратын субъект;
Toggle Dropdown
22) компьютерлік оқиға – ақпараттық жүйелердің, ақпараттық ресурстардың, ақпараттық-коммуникациялық желілердің тиісінше жұмыс істеуіне қауіп төндіретін және (немесе) олардың айналысындағы ақпаратты заңсыз алу, көшірмесін түсіру, тарату, бұрмалау, түрлендіру, жою немесе бұғаттау үшін жағдай жасайтын, олардың жұмысында жекелеген немесе сериялы түрде туындайтын олқылықтар;
Toggle Dropdown
23) Қазақстан Республикасының ақпараттандыру саласындағы жұмыстарды үйлестіру жөніндегі ведомствоаралық комиссиясы – «электрондық үкіметті» қалыптастыруды және мемлекеттік органдарды ақпараттандыру саласындағы жұмыстарды үйлестіруді жүзеге асыратын, Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы консультативтік-кеңесші орган;
Toggle Dropdown
24) құжатталған ақпарат – материалдық жеткізгіште тіркелген, өзін сәйкестендіруге мүмкіндік беретін деректемелері бар ақпарат;
Toggle Dropdown
25) құпиялы электрондық ақпараттық ресурстар – мемлекеттік құпияларды қамтымайтын электрондық ақпараттық ресурстар, оларға қол жеткізу Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес шектеледі немесе оны Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда олардың меншік иесі не иемденушісі шектейді;
Toggle Dropdown
26) «Мекенжай тіркелімі» ақпараттық жүйесі – мекенжайлар және олардың құрамдас бөліктері туралы мәліметтерді жасауға, жинақтау мен өңдеуге және Қазақстан Республикасының мекенжай алаңын біріздендіруге арналған аппараттық-бағдарламалық кешен;
Toggle Dropdown
27) мемлекеттiк органдардың бiрыңғай көлiк ортасы - Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан, ведомствоаралық ақпараттық-коммуникациялық желiден тұратын, басқару және ұйымдастыру мақсаттарын iске асыруға және жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарының, аумақтық бөлімшелері мен ведомстволық бағыныстағы ұйымдарын қоса алғанда, мемлекеттiк органдардың өзара іс-әрекетіне арналған, сондай-ақ «электрондық үкiметтiң» электрондық ақпараттық ресурстары мен ақпараттық жүйелерiнiң өзара iс-әрекетін қамтамасыз етуге арналған телекоммуникациялар желiсi;
Toggle Dropdown
1
28) мемлекеттiк органдардың бiрыңғай көлiк ортасының операторы - мемлекеттiк органдардың бiрыңғай көлiк ортасының аппараттық-бағдарламалық кешенi бар және мемлекеттiк органдарға, аумақтық бөлiмшелер мен ведомстволық бағыныстағы ұйымдарға байланыс қызметiн көрсететiн, Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын заңды тұлға;
Toggle Dropdown
28-1) мемлекеттік техникалық қызмет - Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылған, шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорын;
Toggle Dropdown
29) пайдаланушы – өзіне қажетті электрондық ақпараттық ресурстарды алу үшін ақпараттық жүйеге жүгінетін және оларды пайдаланатын субъект;
Toggle Dropdown
30) транзакциялық қызмет көрсету – электрондық цифрлық қолтаңбаны қолдана отырып, өзара ақпарат алмасуды талап ететін, пайдаланушыларға электрондық ақпараттық ресурстарды ұсыну жөнінде қызмет көрсету;
Toggle Dropdown
31) электрондық ақпараттық ресурстар – электрондық түрде сақталатын (ақпараттық дерекқорлар), ақпараттық жүйелердегі ақпарат;
Toggle Dropdown
32) электрондық ақпараттық ресурстарды, ақпараттық жүйелерді иемденуші – аталған объектілерді олардың меншік иесі айқындаған шекте және тәртіппен иелену, пайдалану және оларға билік ету құқықтарын іске асыратын субъект;
Toggle Dropdown
33) электрондық ақпараттық ресурстарды, ақпараттық жүйелерді қорғау – ақпаратты алу, көшірмесін түсіру, тарату, бұрмалау, жою немесе бұғаттау жөніндегі заңсыз іс-әрекеттерді қоса алғанда, электрондық ақпараттық ресурстарды, ақпараттық жүйелерді сақтауға, оларға заңсыз қол жеткізуді болғызбауға бағытталған құқықтық, ұйымдастырушылық және техникалық іс-шаралар кешені;
Toggle Dropdown
34) электрондық ақпараттық ресурстардың, ақпараттық жүйелердің меншік иесі – электрондық ақпараттық ресурстар мен ақпараттық жүйелерді иемдену, пайдалану және оларға билік ету құқықтарын толық көлемде іске асыратын субъект;
Toggle Dropdown
35) электрондық ақпараттық ресурстар мен ақпараттық жүйелердің мемлекеттік тіркелімі – электрондық ақпараттық ресурстар мен ақпараттық жүйелер сипаттамаларының жиынтығын қамтитын жүйеленген тізбе;
Toggle Dropdown
36) «электрондық әкімдік» – жергілікті атқарушы органдардың функцияларын оралымды және сапалы орындауға бағытталған, ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылым негізінде өңірлік мемлекеттік басқару жүйесі;
Toggle Dropdown
37) электрондық қызмет көрсету – ақпараттық технологияларды қолдана отырып, жеке және заңды тұлғаларға ақпараттық, интерактивтік және транзакциялық қызмет көрсетуді ұсыну;
Toggle Dropdown
38) Тармақша алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
Toggle Dropdown
39) электрондық нысанда көрсетілетін мемлекеттiк қызметтер – ақпараттық технологиялар қолданыла отырып көрсетілетін мемлекеттiк қызметтер;
Toggle Dropdown
40) Тармақша алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
Toggle Dropdown
41) «электрондық үкімет» – мемлекеттік функцияларды уақтылы және сапалы орындауға бағытталған, ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылым негізінде мемлекеттік басқару жүйесі;