• Мое избранное
Мұнай өнiмдерiнiң жекелеген түрлерiн өндiрудi және олардың айналымын мемлекеттiк реттеу туралы

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца
  • 14

Мұнай өнiмдерiнiң жекелеген түрлерiн өндiрудi және олардың айналымын мемлекеттiк реттеу туралы Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 20 шілдедегі № 463-IV Заңы

Редакция 08.06.2024 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен 
Осы Заң мұнай өнiмдерiнiң жекелеген түрлерiн: бензинді, авиация және дизель отынын, мазутты, жол битумын өндіру және олардың айналымы үдерісiнде туындайтын қоғамдық қатынастарды реттейдi.
Кіріспе өзгертілді ҚР 30.12.2021 жылғы № 96-VII Заңымен (05.01.2021 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 02.03.2022 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар
Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) автожанармай құю станциясы – мұнай өнімдерін сақтауды және бөлшек сауда арқылы өткізуді қамтамасыз ететін, есепке алатын бақылау аспаптарымен жарақтандырылған технологиялық кешен және жабдық.
1-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР 09.04.2016 жылғы № 500-V Заңына сәйкес (03.12.2015 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 21.04.2016 жылы № 75 (28803) „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
Автожанармай құю станциялары мынадай түрлерге бөлінеді:
тұрақты – жерасты немесе жерүсті ыдыстары бар, отын тарату бағандары арқылы көлік құралдарына мұнай өнімдерін құюға арналған түрі;
контейнерлік – мұнай өнімдерін сақтауға арналған ыдыстары жер үстінде орналасқан, технологиялық жүйесі отын тарату бағандарының біртұтас зауыт бұйымы ретінде жасалған мұнай өнімдерін сақтау контейнерінде орналасуымен сипатталатын түрі;
жылжымалы – автомобиль шассиіне, тіркемеге, жартылай тіркемеге біртұтас зауыт бұйымы ретінде жасалған ыдыс пен отын тарату бағандары орнатылған түрі;
2) Тармақша алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
2-тармақша алынып тасталды ҚР 10.07.2012 жылғы № 36-V Заңымен(22.06.2012 ж. редакцияны қараңыз)(алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi)
3) дербес сәйкестендіру нөмір-коды – тауарларға ілеспе жүкқұжатта және мұнай өнімдерінің айналымы жөніндегі декларацияда мұнай өнімдерінің түрін, маркасын көрсету үшін қажетті, мұнай өнімдерін өндірушілерге, мұнай өнімдерінің импортын жүзеге асыратын мұнай өнімдерін көтерме сауда арқылы берушілерге және Қазақстан Республикасында өндірілетін немесе Қазақстан Республикасының аумағына әкелінетін мұнай өнімдерінің әрбір атауына берілетін тұрақты сәйкестендіру нөмірі;
3-тармақша өзгертілді ҚР 05.01.2021 жылғы № 407-VI Заңымен (02.01.2021 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 01.01.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
4) есепке алатын бақылау аспаптары – мұнай өнімдерін өндірушілердің өндірістік объектілерінде, мұнай өнімдері базаларында және автожанармай құю станцияларында (жылжымалы үлгідегі автожанармай құю станцияларынан басқа) орнатылған, Қазақстан Республикасының өлшем бірлігін қамтамасыз ету саласындағы заңнамасына сәйкес қолдануға рұқсат етілген, мұнай өнімдерін өндіру және олардың айналымы саласындағы есепке алатын бақылау аспаптарының деректерін оператор арқылы нақты уақыт режимінде мұнай өнімдерінің айналымы саласындағы уәкілетті органға, сондай-ақ мұнай өнімдерін өндіру саласындағы уәкілетті органға кейіннен беру мақсатында есепке алуды жүргізуге арналған, мұнай өнімдерінің сандық және сапалық сипаттамаларын айқындайтын техникалық құрылғылар;
4-тармақша өзгертілді ҚР 28.11.2014 жылғы № 257-V Заңымен (ҚР 03.12.2015 жылғы № 432-V Заңының өзгерісімен) (07.11.2014 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту қолданысқа енгізіледі 01.01.2015 жылдан бастап)
4-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР 03.12.2015 жылғы № 432-V Заңына сәйкес (29.10.2015 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту қолданысқа енгізіледі 01.01.2016 жылдан бастап)
4-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР 09.04.2016 жылғы № 500-V Заңына сәйкес (03.12.2015 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 21.04.2016 жылы № 75 (28803) „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
4-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР 30.11.2016 жылғы № 26-VІ Заңына сәйкес (09.04.2016 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту қолданысқа енгізіледі 01.01.2017 жылдан бастап)
4-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР 27.12.2017 жылғы № 126-VІ Заңына сәйкес (25.12.2017 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту қолданысқа енгізіледі 01.01.2018 жылдан бастап)
4-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР 14.07.2022 № 141-VII Заңына сәйкес (30.12.2021 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту қолданысқа енгізіледі 14.09.2022 жылдан бастап)
5) тармақша алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
5-тармақша алынып тасталды ҚР 30.12.2021 жылғы № 96-VII Заңымен (05.01.2021 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 02.03.2022 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
6) компаундтеу – белгіленген сапада мұнай өнімін алу мақсатында екі немесе бірнеше құрауыштарды араластыру, оның ішінде қосындылар, қоспалар енгізу;
6-1) қайта өңдеу өнімдері – мұнай өнімдерін өндіруші (қуаты аз мұнай өнімдерін өндірушіні қоспағанда) кейіннен қайта өңдеуі үшін жарамды болатын шикi мұнайды және (немесе) газ конденсатын қайта өңдеу өнімдері;
1-бап 6-1-тармақшамен толықтырылды ҚР 09.04.2016 жылғы № 500-V Заңына сәйкес (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 21.04.2016 жылы № 75 (28803) „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
7) қанықпаған мұнай өнімі – нормативтік техникалық құжаттардың және стандарттау жөніндегі құжаттардың талаптарына сәйкес келмейтін мұнай өнімі;
7-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР 29.10.2015 жылғы № 376-V Заңына сәйкес (05.05.2015 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту қолданысқа енгізіледі 01.01.2016 жылдан бастап)
7-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР 05.10.2018 жылғы № 184-VІ Заңына сәйкес (24.05.2018 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 11.04.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
8) қуаты аз мұнай өнімдерін өндіруші – жобалық қуаты жылына сегіз жүз мың тоннадан кем шикі мұнайды және (немесе) газ конденсатын өңдеу көлемін көздейтін технологиялық қондырғыларда мұнай өнімдерін өндіруді жүзеге асыратын мұнай өнімдерін өндіруші;
9) тармақша алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
9-тармақша өзгертілді ҚР 22.06.2012 жылғы № 21-V Заңымен ( 12.01.2012 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi)
9-тармақша алынып тасталды ҚР 30.12.2022 № 177-VII ҚРЗ Заңына сәйкес (14.07.2022 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту қолданысқа енгізіледі 12.01.2023 жылдан бастап)
10) мұнай өнімдері – мұнай өнiмдерiнiң жекелеген түрлерi: бензин, авиация және дизель отыны, мазут, жол битумы;
10-тармақша өзгертілді ҚР 30.12.2021 жылғы № 96-VII Заңымен (05.01.2021 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 02.03.2022 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
10-1) мұнай өнімдері базаларының өндірістік объектісі – Қазақстан Республикасының техникалық реттеу саласындағы заңнамасының талаптарына сәйкес келетін, мұнай өнімдерін қабылдауға, сақтауға, тиеп-жөнелтуге және өткізуге арналған технологиялық жабдық, резервуарлық парк, техникалық құрылғылар мен коммуникациялар;
1-бап 10-тармақшамен толықтырылды ҚР 14.07.2022 № 141-VII Заңына сәйкес (өзгерту қолданысқа енгізіледі 14.09.2022 жылдан бастап)
11) мұнай өнімдерін беру жоспары – Қазақстан Республикасында өндірілетін мұнай өнімдерін облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың ай сайынғы қажетсіну көлемі;
11-тармақша өзгертілді ҚР 03.04.2019 жылғы № 243-VІ Заңымен (05.10.2018 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 16.04.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
11-1) мұнай өнімдерін беру жөніндегі бірыңғай оператор – мұнай өнімдерін өндіру саласындағы уәкілетті орган айқындайтын, қызметінің негізгі нысанасы Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерін, Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметін, Қазақстан Республикасының Ұлттық ұланын, азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті органды, мемлекеттік материалдық резерв саласындағы уәкілетті органды мұнай өнімдерімен қамтамасыз ету, сондай-ақ оларға мұнай өнімдерін сақтау және жеткізу жөніндегі қызметтер ұсыну болып табылатын заңды тұлға;
1-бап 11-1-тармақшамен толықтырылды ҚР 11.04.2014 жылғы № 189-V Заңына сәйкес (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 15.04.2014 жылғы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
11-1-тармақша өзгертілді ҚР 29.09.2014 жылғы № 239-V Заңымен (04.07.2014 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 02.10.2014 жылы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
11-1-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР 19.04.2023 жылғы № 223-VII Заңына сәйкес (30.12.2022 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 01.05.2023 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
12) мұнай өнімдерін бөлшек сауда арқылы өткізу – мұнай өнімдерін одан әрі өткізу мақсатынсыз, өз мұқтаждары үшін жеке және заңды тұлғаларға өткізу жөніндегі кәсіпкерлік қызмет;
13) мұнай өнімдерін бөлшек сауда арқылы өткізуші – мұнай өнімдерін одан әрі бөлшек сауда арқылы өткізу мақсаттары үшін сатып алуды жүзеге асыратын дара кәсіпкер немесе заңды тұлға;
13-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР 09.04.2016 жылғы № 500-V Заңына сәйкес (03.12.2015 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 21.04.2016 жылы № 75 (28803) „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
14) мұнай өнімдерін көтерме сауда арқылы беруші – мұнай өнімдерін өндірушілерден, мұнай берушілерден және (немесе) импорттаушылардан одан әрі өткізу мақсаттары үшін мұнай өнімдерін сатып алуды жүзеге асыратын дара кәсіпкер немесе заңды тұлға;
14-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР 09.04.2016 жылғы № 500-V Заңына сәйкес (03.12.2015 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 21.04.2016 жылы № 75 (28803) „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
14-1) импорттаушы – Қазақстан Республикасының аумағына меншікті мұнай өнімдерін одан әрі өткізу мақсаттары үшін әкелуді (оның ішінде импортты) жүзеге асыратын дара кәсіпкер немесе заңды тұлға;
1-бап 14-1-тармақшамен толықтырылды ҚР 09.04.2016 жылғы № 500-V Заңына сәйкес (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 21.04.2016 жылы № 75 (28803) „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
15) мұнай өнімдерін көтерме сауда арқылы өткізу – мұнай өнімдерін өндірушілердің, мұнай берушілердің, мұнай өнімдерін көтерме сауда арқылы берушілердің, импорттаушылардың мұнай өнімдерін одан әрі өткізу мақсаттары үшін өткізуі жөніндегі кәсіпкерлік қызмет;
15-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР 03.12.2015 жылғы № 432-V Заңына сәйкес (29.10.2015 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту қолданысқа енгізіледі 01.01.2016 жылдан бастап)
15-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР 09.04.2016 жылғы № 500-V Заңына сәйкес (03.12.2015 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 21.04.2016 жылы № 75 (28803) „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
16) мұнай өнімдерін өндіру – мұнай өнімдерін алуды қамтамасыз ететін, шикі мұнайды және (немесе) газ конденсатын және (немесе) оларды қайта өңдеу өнімдерін қайта өңдеу, сондай-ақ компаундтеу жөніндегі жұмыстар кешені;
16-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР 29.10.2015 жылғы № 376-V Заңына сәйкес (05.05.2015 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту қолданысқа енгізіледі 01.01.2016 жылдан бастап)
16-тармақша өзгертілді ҚР 09.04.2016 жылғы № 500-V Заңымен (03.12.2015 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 21.04.2016 жылы № 75 (28803) „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
16-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР 05.10.2018 жылғы № 184-VІ Заңына сәйкес (24.05.2018 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 11.04.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
16-тармақша өзгертілді ҚР 30.12.2021 жылғы № 96-VII Заңымен (05.01.2021 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 02.03.2022 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Мұнай өнімдерінің физикалық-химиялық қасиеттерін өзгерту мақсатында мұнай өнімдері базаларының резервуарында және (немесе) автожанармай құю станцияларының ыдыстарында жүзеге асырылатын компаундирлеу мұнай өнімдерін өндіруге жатпайды;
17) тармақша алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
17-тармақша алынып тасталды ҚР 30.12.2021 жылғы № 96-VII Заңымен (05.01.2021 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 02.03.2022 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
18) мұнай өнімдерін өндіру және өткізу мониторингі – мұнай өнімдеріне қажеттілікті, оларды өндіру, өткізу, тасымалдау үдерістерін, сондай-ақ бөлшек сауда және көтерме сауда бағаларының серпінін талдау;
19) мұнай өнімдерін өндіру саласындағы уәкілетті орган – мұнай өнімдерін өндіруді мемлекеттік реттеу саласында басшылықты жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;
20) мұнай өнімдерін өндіруші – меншік құқығында және (немесе) өзге де заңды негіздерде мұнай өңдеу зауыты бар және өндіріс паспортына сәйкес мұнай өнімдерін өндіруді, сондай-ақ өндірілген меншікті мұнай өнімдерін өткізуді және (немесе) алыс-беріс шикізатын қайта өңдеу өнімі болып табылатын мұнай өнімдерін беруді жүзеге асыратын заңды тұлға;
20-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР 09.04.2016 жылғы № 500-V Заңына сәйкес (03.12.2015 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 21.04.2016 жылы № 75 (28803) „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
21) мұнай өнімдерінің айналымы – мұнай өнімдерін сатып алу, сақтау, көтерме сауда және бөлшек сауда арқылы өткізу, жөнелту, тасымалдау, олардың экспорты мен импорты;
22) мұнай өнімдерінің айналымы саласындағы уәкілетті орган – мұнай өнімдерінің айналымын мемлекеттік реттеу саласында басшылықты жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;
23) мұнай өнімдерінің базасы – мұнай өнімдерін қабылдауға, сақтауға, тиеп-жөнелтуге және өткізуге арналған технологиялық жабдықты, резервуар паркін, техникалық құрылғылар мен коммуникацияларды қамтитын ғимараттар мен құрылысжайлар кешені;
23-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР 29.10.2015 жылғы № 376-V Заңына сәйкес (05.05.2015 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту қолданысқа енгізіледі 01.01.2016 жылдан бастап)
23-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР 05.10.2018 жылғы № 184-VІ Заңына сәйкес (24.05.2018 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 11.04.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
24) мұнай өнiмдерiн өндiру және олардың айналымы жөніндегі бірыңғай дерекқор – өз құзыреті шегінде мұнай өнімдерін өндіруді және олардың айналымын мемлекеттік реттеуді жүзеге асыратын мемлекеттік органдардың әкімшілік деректері негізінде қалыптастырылатын, мұнай өнімдерін өндіру және олардың айналымы жөніндегі электронды дерекқор;
24-1) мұнай өнімдерінің өндірісі мен айналымы саласындағы есепке алатын бақылау аспаптарының деректері – мұнай өнімдерінің өндірісі мен айналымының көлемдері туралы деректер;
1-бап 24-1-тармақшамен толықтырылды ҚР 03.12.2015 жылғы № 432-V Заңына сәйкес (өзгерту қолданысқа енгізіледі 01.01.2016 жылдан бастап)
24-2) мұнай өнімдерін өндіру және олардың айналымы саласындағы есепке алатын бақылау аспаптары деректерінің операторы – мұнай өнімдерінің айналымы саласындағы уәкілетті органға, оның аумақтық бөлімшелеріне, сондай-ақ мұнай өнімдерін өндіру саласындағы уәкілетті органға есепке алатын бақылау аспаптары деректерінің автоматтандырылған онлайн-берілуін қамтамасыз ететін, Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған заңды тұлға;
1-бап 24-2-тармақшамен толықтырылды ҚР 03.12.2015 жылғы № 432-V Заңына сәйкес (өзгерту қолданысқа енгізіледі 01.01.2016 жылдан бастап)
24-2-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР 14.07.2022 № 141-VII Заңына сәйкес (30.12.2021 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту қолданысқа енгізіледі 14.09.2022 жылдан бастап)
24-3) мұнай өнімдерін өндірушінің өндірістік объектісі – технологиялық жабдықты, резервуар паркін, мұнай өнімдерін құю эстакадасын, техникалық құрылғылар мен коммуникацияларды қамтитын, шикі мұнайды және (немесе) газ конденсатын қабылдауға, мұнай өнімдерін өндіруге, сақтауға, ағызуға, құюға, айдауға, тасымалдауға, тиеп-жөнелтуге және өткізуге арналған, Қазақстан Республикасының техникалық реттеу саласындағы заңнамасының талаптарына сәйкес келетін ғимараттар мен құрылыстар кешені;
1-бап 24-3-тармақшамен толықтырылды ҚР 09.04.2016 жылғы № 500-V Заңына сәйкес (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 21.04.2016 жылы № 75 (28803) „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
25) өндіріс паспорты – мұнай өнімдерін өндірушінің өндірістік қуаттарының көрсеткіштерін, оның негізгі сипаттамаларын көрсететін, өндірістің технологиялық үдерісін сақтау үшін қолда бар жабдықтың пайдаланылуын регламенттейтін, белгіленген нысандағы құжат;
  • 1
26) резервуар – мұнай өнімдері базасындағы не мұнай өнімдерін өндірушінің өндірістік объектісіндегі сақтауға арналған ыдыс;
26-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР 09.04.2016 жылғы № 500-V Заңына сәйкес (03.12.2015 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 21.04.2016 жылы № 75 (28803) „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
26-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР 27.12.2017 жылғы № 126-VІ Заңына сәйкес (25.12.2017 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту қолданысқа енгізіледі 01.01.2018 жылдан бастап)
26-1) технологиялық қажеттіліктер – технологиялық отынды және (немесе) мұнай өнімдерін жылу энергиясын алуға және мұнай өнімдерін өндірушінің жабдықтарды пайдалану режиміне және олардың технологиялық сипаттамаларына байланысты өзге де технологиялық процестеріне пайдаланудың өндірістік процесі;
1-бап 26-1-тармақшамен толықтырылды ҚР 02.01.2021 жылғы № 399- VI Заңына сәйкес (өзгерту 01.01.2021 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
26-2) технологиялық отын – шикі мұнайды және (немесе) газ конденсатын және (немесе) қайта өңдеу өнімдерін қайта өңдеу процесінде бөлінетін және мұнай өнімдерін өндіруші жылу энергиясын алуға және мұнай өнімдерін өндірушінің жабдықтарды пайдалану режиміне және олардың технологиялық сипаттамаларына байланысты өзге де технологиялық процестеріне жіберген ауыспалы құрамдағы газ тәрізді, сұйық және (немесе) қатты отын;
1-бап 26-2-тармақшамен толықтырылды ҚР 02.01.2021 жылғы № 399- VI Заңына сәйкес (өзгерту 01.01.2021 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
27) мұнай өнімдерінің айналымы саласындағы уәкілетті органның хабарламасы – мұнай өнімдерінің айналымы саласындағы уәкілетті орган және (немесе) оның аумақтық бөлімшелері мұнай өнімдерін өндірушіге, мұнай берушіге, импорттаушыға, мұнай өнімдерін көтерме сауда арқылы берушіге немесе мұнай өнімдерін бөлшек сауда арқылы өткізушіге мұнай өнімдерін өндіру және олардың айналымын мемлекеттік реттеу саласындағы камералдық бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы қағаз түріндегі немесе электрондық түрде жіберген жазбаша хабар;
27-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР 09.04.2016 жылғы № 500-V Заңына сәйкес (03.12.2015 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 21.04.2016 жылы № 75 (28803) „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
28) тауарларға ілеспе жүкқұжат – мұнай өнімдерінің айналымын бақылауға арналған және мұнай өнімдерін босату мен қабылдап алу жөніндегі операцияларды, сондай-ақ мұнай берушілерге мұнай өнімдерін беру жөніндегі операцияларды ресімдеу үшін қажетті құжат;
28-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР 05.01.2021 жылғы № 407-VI Заңына сәйкес (02.01.2021 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 01.01.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
29) түпкі тұтынушы – мұнай өнімдерін одан әрі өткізу мақсатынсыз сатып алатын жеке және заңды тұлғалар;
1-бап 28-тармақшамен толықтырылды ҚР 09.04.2016 жылғы № 500-V Заңына сәйкес (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 21.04.2016 жылы № 75 (28803) „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
29-тармақша өзгертілді ҚР 05.01.2021 жылғы № 407-VI Заңымен (02.01.2021 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 01.01.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
2-бап. Қазақстан Республикасының мұнай өнімдерінің жекелеген түрлерін өндіруді және олардың айналымын мемлекеттік реттеу туралы заңнамасы
2-баптың тақырыбы өзгертілді ҚР 29.10.2015 жылғы № 376-V Заңымен (05.05.2015 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту қолданысқа енгізіледі 01.01.2016 жылдан бастап)
1. Қазақстан Республикасының мұнай өнімдерінің жекелеген түрлерін өндіруді және олардың айналымын мемлекеттік реттеу туралы заңнамасы Қазақстан Республикасының Конституциясына негізделеді және осы Заң мен Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерінен тұрады.
1-тармақ өзгертілді ҚР 29.10.2015 жылғы № 376-V Заңымен (05.05.2015 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту қолданысқа енгізіледі 01.01.2016 жылдан бастап)