• Мое избранное

Отправить по почте

Бағалы қағаздар рыногы туралы Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 2 шілдедегі N 461-II Заңы

Құжат мәтініндегі "брокерлiк-дилерлік", "Брокерлiк-дилерлiк" сөздері "брокерлiк және дилерлiк", "Брокерлiк және дилерлiк" сөздерімен;
"брокер-дилер", "Брокер-дилер", "брокер-дилердiң", "Брокер-дилердiң" сөздері "брокер және (немесе) дилер", "Брокер және (немесе) дилер", "брокердiң және (немесе) дилердiң", "Брокердiң және (немесе) дилердiң" сөздерімен ауыстырылды ҚР 08.07.2005 жылғы № 72 Заңымен (21.04.2005 ж. редакцияны қараңыз)
Құжат мәтініндегі «өзін-өзі реттейтін», «Өзін-өзі реттейтін» сөздері «кәсіптік», «Кәсіптік» сөздерімен ауыстырылды ҚР 12.11.2015 жылғы № 391-V Заңы бойынша (31.10.2015 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін 6 (алты) ай өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 14.11.2015 жылы № 219 (28697) „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
Құжат мәтініндегі «аффилиирленген» деген сөз «үлестес» деген сөзбен ауыстырылды ҚР 12.07.2022 жылғы № 138-VII Заңына сәйкес (02.01.2021 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 12.09.2022 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Редакция 20.08.2024 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен 
Осы Заң эмиссиялық бағалы қағаздардың және өзге де қаржы құралдарының шығарылуы, орналастырылуы, айналысы және өтелуi процесiнде туындайтын қоғамдық қатынастарды, бағалы қағаздар нарығы субъектiлерiнiң құрылуы мен олардың қызметiнің ерекшелiктерiн реттейдi, бағалы қағаздар нарығының қауiпсiз, ашық және тиiмдi жұмыс iстеуiн, инвесторлардың және бағалы қағаздарды ұстаушылардың құқықтарының қорғалуын, бағалы қағаздар нарығына қатысушылардың адал бәсекелестігін қамтамасыз ету мақсатында бағалы қағаздар нарығын реттеу, бақылау және қадағалау тәртiбiн айқындайды.
1-тарау. Жалпы ережелер
1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негiзгi ұғымдар
1-бап өзгертілді ҚР 07.07.2004 жылғы № 577 Заңымен (02.07.2003 ж. редакцияны қараңыз)
1-бап өзгертілді ҚР 20.12.2004 жылғы № 13 Заңымен (07.07.2004 ж. редакцияны қараңыз)
1-бап өзгертілді ҚР 08.07.2005 жылғы № 72 Заңымен (21.04.2005 ж. редакцияны қараңыз)
1-бап өзгертілді ҚР 05.06.2006 жылғы № 146 Заңымен (20.02.2006 ж. редакцияны қараңыз)
1-бап өзгертілді ҚР 05.07.2008 жылғы № 66-IV Заңымен (21.07.2007 ж. редакцияны қараңыз)
1-бап өзгертілді ҚР 23.10.2008 жылғы № 72-IV Заңымен (05.07.2008 ж. редакцияны қараңыз)
1-бап өзгертілді ҚР 20.11.2008 жылғы № 88-IV Заңымен (23.03.2008 ж. редакцияны қараңыз)
1-бап өзгертілді ҚР 10.12.20008 жылғы № 101-IV Заңымен (04.12.2008 ж. редакцияны қараңыз)
1-бап өзгертілді ҚР 12.02.2009 жылғы № 133-IV Заңымен (10.12.2008 ж. редакцияны қараңыз)
1-бап өзгертілді ҚР 13.02.2009 жылғы № 135-IV Заңымен (12.02.2009 ж. редакцияны қараңыз)
Осы Заңның мақсаттары үшiн мынадай негiзгi ұғымдар пайдаланылады:
1) агенттік облигация – эмитенті қаржы агенттігі немесе кәсіпкерлік қызметпен байланысты емес жеке тұлғалардың ипотекалық қарыздарын сатып алуды жүзеге асыратын, акцияларының жүз пайызы Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне тиесілі заңды тұлға болып табылатын облигация;
1-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР 02.07.2018 жылғы № 168-VІ Заңына сәйкес (27.02.2017 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 05.07.2018 жылы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
2) айырбасталатын бағалы қағаз – акционерлiк қоғамның шығару проспектiсiнде айқындалатын шарттармен және тәртiппен оның басқа түрдегi бағалы қағазына алмастыруға жататын бағалы қағазы;
3) андеррайтер – брокерлiк және дилерлiк қызметтi жүзеге асыруға лицензиясы бар және эмитентке эмиссиялық бағалы қағаздарды шығару мен орналастыру жөнiнде қызметтер көрсететiн бағалы қағаздар рыногына кәсiби қатысушы;
3-1) ашық сауда-саттық әдісі – сауда-саттыққа қатысушының өзі өтініш берген және сауда-саттыққа ықтимал шектеусіз қатысушылар саны арасында болжалды бәсеке болатын сауда-саттық әдісі;
1-бап 3-1-тармақпен толықтырылды ҚР 24.11.2015 жылғы № 422-V Заңына сәйкес (өзгерту қолданысқа енгізіледі 01.01.2016 жылдан бастап)
3-2) әлеуметтік облигациялар – орналастырудан түскен қаражаты әлеуметтік проблемаларды шешуге және (немесе) оң әлеуметтік өзгерістерге қол жеткізуге бағытталған жаңа және (немесе) қолданыстағы жобаларды ішінара немесе толық қаржыландыруға (қайта қаржыландыруға) бағытталатын облигациялар;
1-бап 3-2-тармақшамен толықтырылды ҚР 12.07.2022 № 138-VII Заңына сәйкес (өзгерту 12.09.2022 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
4) бағалы қағаз – мүлiктiк құқықтарды куәландыратын белгiлi бiр жазбалар мен басқа да белгiлеулердiң жиынтығы;
5) бағалы қағаздарды номиналды ұстау – номиналды ұстау шартына не осы Заңға сәйкес бағалы қағаздарды ұстаушылар атынан және есебiнен белгiлi бiр заңды iс-әрекеттердi жасау, сондай-ақ бағалы қағаздар бойынша құқықтарды есепке алу мен растау және осындай ұстаушылардың бағалы қағаздарымен жасалатын мәмiлелерді тiркеу;
6) бағалы қағаздардың бағасын белгiлеу – ұйымдастырылған бағалы қағаздар рыногында белгiлi бiр уақыт кезiнде бағалы қағаз бойынша сұраныстың және (немесе) ұсыныстың жарияланған бағасы;
7) бағалы қағаздардың бастапқы рыногы – эмитенттiң бағалы қағаздардың қайталама рыногында өзi бұрын сатып алған эмиссиялық бағалы қағаздарын бұдан әрi орналастыруын қоспағанда, эмитенттiң (андеррайтердiң немесе эмиссиялық консорциумның) жарияланған эмиссиялық бағалы қағаздарды орналастыруы;
7-1) бағалы қағаздардың биржалық нарығының интеграцияланған ақпараттық жүйесі – қор биржасының материалдық-техникалық құралдары мен ішкі құжаттарының кешені, оларды пайдалана отырып оның пайдаланушылары арасында белгіленімдермен алмасуға қолдау көрсетіледі және мәмілелер жасасу мүмкіндігі қамтамасыз етіледі;
1-бап 7-1-тармақшамен толықтырылды ҚР 02.07.2018 жылғы № 166-VІ Заңына сәйкес (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 04.07.2018 жылы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
8) бағалы қағаздардың қайталама рыногы – орналастырылған бағалы қағаздардың айналысы процесiнде бағалы қағаздар рыногының субъектiлерi арасында қалыптасатын құқықтық қатынастар;
8-1) бағалы қағаздарды шығару шарттары – эмитент, сатылымға болжанатын эмиссиялық бағалы қағаздар, шығарылымның көлемi, шығарылымдағы бағалы қағаздардың саны, олардың шығарылу, орналастырылу, айналыста болу, дивидендтер (сыйақы) төлеу, өтеу рәсiмi мен тәртiбi туралы мәлiметтерді және инвестордың бағалы қағаздар сатып алу туралы шешiмiне ықпал етуi мүмкiн басқа да ақпаратты қамтитын құжат (бағалы қағаздар шығарылымының проспектісі, жеке меморандум, айналыс мерзімі он екі айдан аспайтын облигациялардың шығарылымы туралы мәліметтер, шығарылым талаптарын айқындайтын өзге құжат);
1-бап 8-1-тармақшамен толықтырылды ҚР 02.01.2021 жылғы № 399- VI Заңына сәйкес (өзгерту 16.01.2021 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
9) бағалы қағаздарды ұстаушылар тiзiлiмдерiнің жүйесi – белгiлi бiр уақыт кезiнде эмиссиялық бағалы қағаздар бойынша құқық ұстаушыларды сәйкестендiрудi, бағалы қағаздармен жасалатын мәмiлелердi тiркеудi қамтамасыз ететін эмитент, эмиссиялық бағалы қағаздар және оларды ұстаушылар туралы мәлiметтердiң жиынтығы, сондай-ақ осы бағалы қағаздар бойынша айналымға немесе құқықтарды жүзеге асыруға арналып тiркелген шектеулердiң сипаты және қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкiлеттi органның нормативтiк құқықтық актiсiне сәйкес өзге де мәлiметтер;
9-тармақша өзгертілді ҚР 03.07.2019 жылғы № 262-VІ Заңымен (02.04.2019 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 01.01.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
9-1) бағалы қағаздар нарығына кәсіби қатысушы – өз қызметін бағалы қағаздар нарығында лицензия негізінде не Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жүзеге асыратын заңды тұлға, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкінің филиалы;
1-бап 9-1-тармақшамен толықтырылды ҚР 02.01.2021 жылғы № 399- VI Заңына сәйкес (өзгерту 16.12.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
10) бағалы қағаздар нарығында айла-шарғы жасау – бағалы қағаздар нарығы субъектілерінің және өзге тұлғалардың бағалы қағаздарға және өзге де қаржы құралдарына, оның ішінде шетелдік валюталар мен туынды қаржы құралдарына ұсыныс пен сұраныстың объективтi арақатынасы нәтижесiнде орныққан бағалардан (бағамдардан) жоғары немесе төмен бағаларды (бағамдарды) белгiлеуге және (немесе) ұстап тұруға, бағалы қағазбен немесе өзге де қаржы құралымен сауда көрiнiсiн жасауға бағытталған әрекеттерi;
10-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР 24.11.2015 жылғы № 422-V Заңымен (18.11.2015 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту қолданысқа енгізіледі 01.01.2016 жылдан бастап)
10-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР 12.07.2022 № 138-VII Заңына сәйкес (02.01.2021 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 12.09.2022 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
11) тармақша алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
11-тармақша алынып тасталды ҚР 02.01.2021 жылғы № 399- VI Заңына сәйкес (29.06.2020 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 16.12.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
12) бағалы қағазды ұстаушы – бағалы қағаздарды ұстаушылар тiзiлiмдерiнің жүйесiнде немесе номиналды ұстауды есепке алу жүйесiнде тiркелген, бағалы қағаздар бойынша құқықтарға ие тұлға, сондай-ақ пайларын ұстаушылар ортақ үлестiк меншiк құқығында инвестициялық пай қоры активтерiнiң құрамына кiретiн бағалы қағаздар бойынша құқықтарды иеленетiн инвестициялық пай қоры;
13) базалық актив – стандартталған тауарлар партиясы, бағалы қағаздар, валюта, қаржы құралдары және сауда-саттықты ұйымдастырушының iшкi құжаттарында айқындалған өзге де көрсеткiштер;
13-1) бас қаржылық келісім – талаптарымен туынды қаржы құралдарымен мәмілелер, репо операциялар және (немесе) объектісі бағалы қағаздар, валюта және (немесе) өзге де қаржы құралдары болып табылатын өзге де мәмілелер жасалатын, үлгілік талаптарын кәсіптік ұйым немесе осы Заңда белгіленген жағдайларда шетелдік кәсіптік ұйым әзірлеген келісім;
1-бап 13-1-тармақшамен толықтырылды ҚР 12.07.2022 № 138-VII Заңына сәйкес (өзгерту 12.09.2022 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
14) тармақша алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
14-тармақша алынып тасталды ҚР 02.07.2018 жылғы № 166-VІ Заңына сәйкес (27.02.2017 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 01.07.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
15) тармақша алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
15-тармақша алынып тасталды ҚР 02.07.2018 жылғы № 166-VІ Заңына сәйкес (27.02.2017 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 01.07.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
15-1) биржадан тыс бағалы қағаздар нарығының интеграцияланған ақпараттық жүйесі – орталық депозитарийдің материалдық-техникалық құралдары мен ішкі құжаттарының кешені, оларды пайдалана отырып ұйымдастырылмаған бағалы қағаздар нарығында белгіленімдермен алмасуға қолдау көрсетіледі және мәмілелер жасасу мүмкіндігі қамтамасыз етіледі;
1-бап 15-1-тармақшамен толықтырылды ҚР 02.07.2018 жылғы № 166-VІ Заңына сәйкес (өзгерту 01.07.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
16) брокер – клиенттiң тапсырмасы бойынша, оның есебiнен және мүдделерiн көздеп, эмиссиялық бағалы қағаздармен және өзге де қаржы құралдарымен мәмiлелер жасайтын бағалы қағаздар рыногына кәсiби қатысушы;
17) бұйрық – қаржы құралдарын ұстаушы (сатып алушы) өзiне тиесiлi қаржы құралдарына немесе қаржы құралдарын сатып алуға арналған ақшаға қатысты белгiлi бiр iс-әрекеттi жүзеге асыруды көрсете отырып, бағалы қағаздар рыногына кәсiби қатысушыға табыс ететiн құжат;
17-1) бірыңғай оператор – Қазақстан Республикасының мемлекеттік мүлік туралы заңнамасына сәйкес айқындалған мемлекеттік мүлікті есепке алу саласындағы бірыңғай оператор;
1-тармақ 17-1-тармақшамен толықтырылды ҚР 02.07.2018 жылғы № 166-VІ Заңына сәйкес (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 04.07.2018 жылы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
18) тармақша алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
18-тармақша алынып тасталды ҚР 02.07.2018 жылғы № 166-VІ Заңына сәйкес (27.02.2017 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 01.01.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
19) дара инвестор – институционалдық инвестор болып табылмайтын инвестор;
20) делистинг – бағалы қағаздарды сауда-саттық ұйымдастырушының ресми тiзiмiнен шығарып тастау;
20-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР 02.01.2021 жылғы № 399- VI Заңына сәйкес (29.06.2020 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 16.01.2021 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
21) депозитарийлiк қолхат – осы депозитарийлiк қолхаттың базалық активi болып табылатын эмиссиялық бағалы қағаздардың белгiлi бiр санына меншiк құқығын растайтын туынды эмиссиялық бағалы қағаз;
22) депозитарийлiк қызмет – басқа номиналды ұстаушылар, орталық депозитарийдің клиенттері болып табылатын ұйымдар үшiн бағалы қағаздарды номиналды ұстау қызметтерiн көрсету және қаржы құралдарымен мәмiлелер бойынша есеп айырысуды жүзеге асыру жөнiндегi қызмет;
22-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР 24.11.2015 жылғы № 422-V Заңымен (18.11.2015 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту қолданысқа енгізіледі 01.01.2016 жылдан бастап)
22-тармақша өзгертілді ҚР 02.07.2018 жылғы № 166-VІ Заңымен (27.02.2017 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 04.07.2018 жылы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
23) тармақша алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
23-тармақша алынып тасталды ҚР 02.07.2018 жылғы № 166-VІ Заңына сәйкес (27.02.2017 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 04.07.2018 жылы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
24) депонент – орталық депозитарийдiң осы Заңның 59-бабының 1-тармағында айқындалған функцияларды жүзеге асыратын клиентi;
24-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР 02.07.2018 жылғы № 166-VІ Заңына сәйкес (27.02.2017 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 01.01.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
25) дефолт – эмиссиялық бағалы қағаздар және өзге де қаржы құралдары бойынша мiндеттемелердiң орындалмауы;
26) дилер – ұйымдастырылмаған бағалы қағаздар рыногында және ұйымдастырылған бағалы қағаздар рыногында оған тiкелей кiру құқығымен өз мүдделерiн көздеп және өз есебiнен эмиссиялық бағалы қағаздармен және өзге де қаржы құралдарымен мәмiлелер жасайтын бағалы қағаздар рыногына кәсiби қатысушы;
26-1) ерікті жинақтаушы зейнетақы қоры – қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкiлеттi органның лицензиясы негізінде ерікті зейнетақы жарналарын тарту құқығымен инвестициялық портфельді басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыратын бағалы қағаздар нарығына кәсіби қатысушы;
1-бап 26-1-тармақшамен толықтырылды ҚР 21.06.2013 жылғы № 106-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін 30 (он) күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 22.06.2013 жылғы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
26-1-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР 03.07.2019 жылғы № 262-VІ Заңына сәйкес (02.04.2019 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 01.01.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
27) жарияланған эмиссиялық бағалы қағаздар – шығарылуын қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкiлеттi орган тiркеген бағалы қағаздар;
27-тармақша өзгертілді ҚР 03.07.2019 жылғы № 262-VІ Заңымен (02.04.2019 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 01.01.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
27-1) «жасыл» облигациялар – орналастырудан түскен қаражаты жаңа және (немесе) қолданыстағы «жасыл» жобаларды ішінара немесе толық қаржыландыруға (қайта қаржыландыруға) бағытталатын облигациялар;
1-бап 27-1-тармақшамен толықтырылды ҚР 12.07.2022 № 138-VII Заңына сәйкес (өзгерту 12.09.2022 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
28) жеке шот – бағалы қағаздарды ұстаушылар тiзiлiмдері жүйесiнде немесе номиналды ұстауды есепке алу жүйесiнде қамтылатын, эмиссиялық бағалы қағаздар мен өзге де қаржы құралдары бойынша мәмiлелердi тiркеу және құқықтарды есепке алу мақсатында тiркелген тұлғаны бiржақты сәйкестендiруге мүмкiндiк беретiн жазбалар жиынтығы;
29) жеке шоттан үзiндi – орталық депозитарий немесе номиналды ұстаушы беретiн және белгiлi бiр уақыт кезiнде қаржы құралдары бойынша тiркелген тұлғаның құқықтарын растайтын, бағалы қағаз болып табылмайтын құжат;
29-тармақша өзгертілді ҚР 02.07.2018 жылғы № 166-VІ Заңымен (27.02.2017 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 01.01.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
30) жеке шоттардың бiрыңғай жүйесi – жүргiзiлуiн тiркеушiлер жүзеге асыратын бағалы қағаздарды ұстаушылар тiзiлiмдерiнің жүйелерiндегi мәлiметтер жиынтығын көрсететiн, орталық депозитарий қалыптастырған деректер базасы;
31) инвестициялық жоба – инвестициялаудан белгiлi бiр нәтижелерге қол жеткiзуге бағытталған және инвестицияларды көздейтiн, сондай-ақ белгiлi бiр уақыт мерзiмi iшiнде iске асырылатын және аяқталған сипаты бар iс-шаралар кешенi;
32) инвестициялық комитет – бағалы қағаздар нарығына кәсіби қатысушының меншікті активтеріне және (немесе) инвестициялық портфельді басқарушыға инвестициялық басқаруға берілген активтерге қатысты инвестициялық шешімдерді қабылдауды жүзеге асыратын бағалы қағаздар нарығына кәсіби қатысушының (трансфер-агентті қоспағанда) алқалы органы;
32-тармақша өзгертілді  ҚР 21.06.2013 жылғы № 106-V Заңымен (24.12.2012  ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін 30 (он) күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 22.06.2013 жылғы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
32-тармақша өзгертілді ҚР 02.07.2018 жылғы № 166-VІ Заңымен (27.02.2017 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 01.01.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
33) инвестициялық портфель – бағалы қағаздар рыногы субъектiсiнiң меншiгiндегi немесе басқаруындағы әртүрлi қаржы құралдарының не Қазақстан Республикасының инвестициялық және венчурлік қорлар туралы заңнамасында белгiленген талаптарға сәйкес инвестициялық қор мүлкiнiң жиынтығы;
33-тармақша өзгертілді ҚР 04.07.2018 жылғы № 174-VІ Заңымен (02.07.2018 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 10.07.2018 жылы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
34) инвестициялық портфельдi басқарушы – азаматтық құқықтар объектiлерiн басқару жөнiндегi қызметтi клиенттiң мүдделерiн көздеп және соның есебiнен өз атынан жүзеге асыратын бағалы қағаздар нарығына кәсiби қатысушы;
34-тармақша өзгертілді  ҚР 21.06.2013 жылғы № 106-V Заңымен (24.12.2012  ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін 30 (он) күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 22.06.2013 жылғы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды