Toggle Dropdown
15
Қазақстан Республикасының ұлттық қауiпсiздiк органдары туралы
Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 21 желтоқсандағы N 2710 Заңы
Toggle Dropdown
Редакция 20.11.2025 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
Toggle Dropdown
Осы Заң Қазақстан Республикасы ұлттық қауiпсiздiк органдары мәртебесiн, өкiлеттiктерiн және қызметiнiң ұйымдастырылуын айқындайды.
Toggle Dropdown
1-тарау. Жалпы ережелер
Toggle Dropdown
1-бап. Қазақстан Республикасының ұлттық қауiпсiздiк органдары
Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасының ұлттық қауiпсiздiк органдары (бұдан әрi – ұлттық қауiпсiздiк органдары) – Қазақстан Республикасының Президентiне тiкелей бағынатын және есеп беретiн, Қазақстан Республикасының қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету жүйесiнiң құрамдас бөлiгi болып табылатын арнаулы мемлекеттiк органдар, олардың қызметінің мақсаттары мыналар болып табылады:
Toggle Dropdown
1) жеке адамның және қоғамның қауiпсiздiгiн, елдiң конституциялық құрылысын, мемлекеттiк егемендiгiн, аумақтық тұтастығын, экономикалық, ғылыми-техникалық және қорғаныс әлеуетiн қорғауды қамтамасыз ету;
Toggle Dropdown
2) Қазақстан Республикасының Президентін, Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің Төрағасын, Қазақстан Республикасының Парламентін, Қазақстан Республикасының Үкіметін және басқа да мемлекеттік органдар мен ұйымдарды шешімдер қабылдау үшін барлау ақпаратымен қамтамасыз ету мақсатында барлау қызметін жүзеге асыру және үйлестіру, сондай-ақ мемлекет басшылығының саяси, қаржылық-экономикалық, әскери-саяси, ғылыми-техникалық, гуманитарлық, экологиялық және Қазақстанның ұлттық мүдделерін қозғайтын өзге де салалардағы саясатын іске асыруға жәрдемдесу.
Toggle Dropdown
1-1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар
Toggle Dropdown
Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
Toggle Dropdown
1) астыртын әрекет ету – құпия ақпарат көздерін жедел шифрлау және оларға қолжетімділікті жабу арқылы қарсы барлау, барлау күштерін, құралдарын, іс-қимылдарын, жоспарлары мен ниеттерін жасыру, қадағалаудың ерекше тәртібін белгілеу;
Toggle Dropdown
2) тармақша алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
Toggle Dropdown
3) техникалық барлауға қарсы іс-қимыл – мемлекеттік құпияларды құрайтын мәліметтердің техникалық арналар бойынша таралып кетуін, бағдарламалық және аппараттық-бағдарламалық құралдарды қоса алғанда, оларға техникалық құралдармен әдейі әсер етуді болғызбауға бағытталған ақпараттық қауіпсіздік саласындағы қызмет;
Toggle Dropdown
4) ұлттық қауіпсіздік органдарының Қазақстан Республикасының шет елдердегi мекемелеріндегі ресми өкілі, оның көмекшілері – ұлттық қауіпсіздік органдарының штатында тұратын және ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі міндеттерді орындау үшін Қазақстан Республикасының шет елдердегі мекемелеріне жіберілген қызметкерлер, әскери қызметшілер.
Toggle Dropdown
2-бап. Ұлттық қауiпсiздiк органдарының мiндеттерi
Toggle Dropdown
1. Ұлттық қауiпсiздiк органдарының мiндеттерi:
Toggle Dropdown
1) жеке адамның, қоғам мен мемлекеттiң қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету саласындағы мемлекеттiк саясатты әзiрлеу мен iске асыруға қатысу;
Toggle Dropdown
2) «Сыртқы барлау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының мүддесі үшін барлау ақпаратын іздеп табу;
Toggle Dropdown
3) қарсы барлау қызметін жүзеге асыру;
Toggle Dropdown
3-1) мемлекеттік құпияларды құрайтын мәліметтерге қатысты техникалық барлауға қарсы іс-қимыл жөніндегі қызметті үйлестіру және жүзеге асыру;
Toggle Dropdown
4) Қазақстан Республикасының Конституциялық құрылысын күшпен өзгертуге, тұтастығын бұзуға және қауiпсiздiгiн әлсiретуге бағытталған терроризм және өзге де қызметтi анықтау, алдын алу және тыю;
Toggle Dropdown
4-1) Қазақстан Республикасында терроризмге және экстремизмге қарсы іс-қимыл саласындағы қызметті үйлестіру;
Toggle Dropdown
5) заңмен Ұлттық қауiпсiздiк комитетi органдарының жүргiзуiне жатқызылған қылмыстық құқық бұзушылықтарды анықтау, тыю, ашу және тергеу;
Toggle Dropdown
6) Қазақстан Республикасының Президентiн, Қазақстан Республикасының мемлекеттiк органдарын, Қарулы Күштерiн, басқа да әскерлерi мен әскери құрамаларын бейбiт кезде және соғыс уақытында үкiметтiк байланыспен қамтамасыз ету;
Toggle Dropdown
7) Қазақстан Республикасының уәкілетті мемлекеттік органдарында, әскери басқару, ұлттық қауіпсіздік және ішкі істер органдарында шифрлау жұмысын ұйымдастыру;
Toggle Dropdown
8) Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын қорғауды және күзетуді қамтамасыз ету;
Toggle Dropdown
9) Қазақстан Республикасының шет елдердегі мекемелерін физикалық қорғауды қамтамасыз ету болып табылады.
Toggle Dropdown
2. Ұлттық қауiпсiздiк органдарына осы Заңмен, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарымен және Қазақстан Республикасы Президентінің актілерімен өзге де мiндеттер жүктелуi мүмкiн.
Toggle Dropdown
3-бап. Ұлттық қауiпсiздiк органдары қызметiнiң құқықтық негiзi
Toggle Dropdown
Ұлттық қауiпсiздiк органдары қызметiнiң құқықтық негiзiн:
Toggle Dropdown
1) Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдары;
Toggle Dropdown
2) осы Заң;
Toggle Dropdown
3) Қазақстан Республикасының осы Заңға қайшы келмейтiн және онымен реттелмеген бөлiгiндегi басқа да нормативтiк құқықтық актiлерi;
Toggle Dropdown
4) Қазақстан Республикасының халықаралық шарттық және өзге де мiндеттемелерi;
Toggle Dropdown
5) Қазақстан Республикасы Конституциялық Соты мен Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының нормативтiк қаулылары;
Toggle Dropdown
1
6) Қазақстан Республикасының Президентi бекiтетiн Ұлттық қауiпсiздiк комитетi туралы Ереже құрайды.
Toggle Dropdown
4-бап. Ұлттық қауіпсіздік органдары қызметінің негізгі қағидаттары
Toggle Dropdown
Ұлттық қауiпсiздiк органдарының қызметi заңдылық, құпиялылық, астыртын әрекет ету, дара басшылық, баршаның заң алдындағы теңдiгi, адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарын құрметтеу және сақтау, саяси партиялар мен өзге де қоғамдық бiрлестiктер қызметiнен тәуелсіз болу қағидаттарына негізделіп құрылады.
Toggle Dropdown
5-бап. Ұлттық қауiпсiздiк органдары қызметiнде адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарының сақталуы
Toggle Dropdown
1. Ұлттық қауiпсiздiк органдары өз қызметiн жүзеге асырған кезде мемлекет адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарына кепiлдiк бередi.
Toggle Dropdown
2. Адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтары заңда тiкелей көзделген ерекше жағдайларда және тәртiппен ғана шектелуi мүмкiн.
Toggle Dropdown
3. Ұлттық қауiпсiздiк органдары заңмен белгiленген шектерде әрбiр азаматқа оның құқықтары мен мүдделерiн қозғайтын құжаттармен, шешiмдермен танысу мүмкiндiгiн қамтамасыз етуге мiндеттi.
Toggle Dropdown
4. Ұлттық қауiпсiздiк органдарының, олардың қызметкерлерінің, әскери қызметшiлерінiң және жұмыскерлерінің әрекеттерiне (әрекетсіздігіне) жоғары тұрған ұлттық қауiпсiздiк органдарына, прокуратураға, сотқа Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен шағым жасалуы мүмкін.
Toggle Dropdown
6-бап. Ұлттық қауiпсiздiк органдарының республиканың мемлекеттiк органдарымен және ұйымдарымен, шет мемлекеттердiң арнаулы қызметтерiмен өзара iс-қимылы және ынтымақтастығы
Toggle Dropdown
1. Ұлттық қауiпсiздiк органдары өз қызметiн Қазақстан Республикасының мемлекеттiк органдарымен және ұйымдарымен өзара iс-қимыл жасай отырып жүзеге асырады. Мемлекеттiк органдардың, ұйымдардың лауазымды адамдары, әскери құрамалардың және бөлiмдердiң қолбасшылығы ұлттық қауiпсiздiк органдарына оларға жүктелген мiндеттердi шешуде жәрдем жасауға мiндеттi.
Toggle Dropdown
2. Ұлттық қауiпсiздiк органдарының шет мемлекеттердiң арнаулы қызметтерiмен және үкiметтiк байланыс органдарымен, халықаралық құқық қорғау ұйымдарымен ынтымақтастығы Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары негiзiнде жүзеге асырылады.
Toggle Dropdown
2-тарау. Ұлттық қауiпсiздiк органдарының жүйесi және олардың қызметiн ұйымдастыру
Toggle Dropdown
7-бап. Ұлттық қауiпсiздiк органдарының жүйесi
Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасының ұлттық қауiпсiздiк органдарының бiрыңғай жүйесiн Қазақстан Республикасының Ұлттық қауiпсiздiк комитетi (бұдан әрi – Ұлттық қауiпсiздiк комитетi), оның ведомстволары, ұлттық қауiпсiздiктiң аумақтық және өзге де органдары, арнаулы мақсаттағы бөлiмшелер, оқу орындары, ғылыми-зерттеу мекемелерi және басқа да ведомстволық бағыныстағы ұйымдар құрайды.
Toggle Dropdown
Ұлттық қауіпсіздік комитеті, оның ведомстволары, ұлттық қауіпсіздіктің аумақтық және өзге де органдары өздері тұрған жерден тыс жерлерде уәкілетті органда есептік тіркелуге жатпайтын өзге де оқшауланған құрылымдық бөлімшелер құра алады.