• Мое избранное
Қазақстан Республикасындағы көлік туралы

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца

Қазақстан Республикасындағы көлiк туралы Қазақстан Республикасының 1994 жылғы 21 қыркүйектегі № 156-XIII Заңы

ҚР Президентiнiң 23.03.1995 жылғы N 2147 заң күшi бар Жарлығын қараңыз
Редакция 23.11.2024 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен 
Осы Заң Қазақстан Республикасы көлiгiнiң құқықтық экономикалық және ұйымдық қызметiнiң негiздерiн айқындайды.
1 бөлiм. Жалпы ережелер
1-бап. Заңда пайдаланылатын негiзгi ұғымдар
1-бап өзгертілді ҚР 28.12.1998 жылғы № 338-I Заңына сәйкес
1-бап өзгертілді ҚР 29.12.2006  жылғы № 209 Заңымен (07.07.2006 ж. редакцияны қараңыз)
1-бап өзгертілді ҚР 17.07.2009 жылғы № 188-IV Заңымен (29.12.2006 ж. редакцияны қараңыз)
1-бап өзгертілді ҚР 04.07.2013 жылғы № 132-V Заңымен (03.07.2013 ж. редакцияны караңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он)  күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) 11.07.2013 жылғы "Егемен Қазақстан" Республикалық газетінде жарияланды
1-бап өзгертілді ҚР 21.05.2024 жылғы № 86-VIII Заңымен (06.04.2024 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 23.11.2024 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) жеңіл рельстi көлiк – жеке бөлінген жолдар бойынша жолаушыларды және багажды әлеуметтік маңызы бар тұрақты тасымалдауды жүзеге асыратын және метрополитен мен темір жолға қарағанда габариттерінің, жүк көтергіштігінің және қатынас жылдамдығының аздығымен сипатталатын қалалық рельстік көлік түрі;
1-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР 27.10.2015 жылғы № 364-V Заңына сәйкес (27.04.2015 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 29.10.2015 жылы № 207 (28685) „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
1-1) жолаушыларды әлеуметтiк маңызы бар тасымалдау – тарифтердiң қолжетiмдi деңгейiн және Қазақстан Республикасының аумағы бойынша халықтың еркiн жүрiп-тұру мүмкiндiгiн қамтамасыз ету мақсатында ұйымдастырылатын жолаушыларды тасымалдау;
1-бап 1-1-тармақшамен толықтырылды ҚР 27.10.2015 жылғы № 364-V Заңына сәйкес (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 29.10.2015 жылы № 207 (28685) „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
1-2) аралас тасымал – бірыңғай тауар-көлік жүкқұжатымен (бірыңғай коносаментпен) көліктің екі немесе одан да көп түрімен тасымалдау;
1-бап 1-2-тармақшамен толықтырылды ҚР 27.10.2015 жылғы № 363-V Заңына сәйкес (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 29.10.2015 жылы № 207 (28685) „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
1-3) аралас тасымалдар кезіндегі өзара іс-қимыл шарты – аралас тасымалдар операторы мен әртүрлі көлік түрлерімен тасымалдаушылар арасында жасалған шарт;
1-бап 1-3-тармақшамен толықтырылды ҚР 27.10.2015 жылғы № 363-V Заңына сәйкес (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 29.10.2015 жылы № 207 (28685) „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
1-4) аралас тасымалдар операторы – аралас тасымалды ұйымдастыруды жүзеге асыратын жеке немесе заңды тұлға;
1-бап 1-4-тармақшамен толықтырылды ҚР 27.10.2015 жылғы № 363-V Заңына сәйкес (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 29.10.2015 жылы № 207 (28685) „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
1-5) аралас тасымалдар шарты – аралас тасымалды жүзеге асыру үшін аралас тасымалдар операторы мен клиент (жүк жөнелтушi, жүк алушы, жолаушы, кемемен жалданушы) арасында жасалған шарт;
1-бап 1-5-тармақшамен толықтырылды ҚР 27.10.2015 жылғы № 363-V Заңына сәйкес (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 29.10.2015 жылы № 207 (28685) „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
1-6) тармақша алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
1-бап 1-6-тармақшамен толықтырылды ҚР 27.10.2015 жылғы № 363-V Заңына сәйкес (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 29.10.2015 жылы № 207 (28685) „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
1-6-тармақша алынып тасталды ҚР 13.06.2017 жылғы № 69-VІ Заңымен (10.05.2017 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 15.06.2017 жылы № 113 (28492) „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
1-7) əскери жолаушылар – əскери қызметшілер мен олардың отбасы мүшелері, сондай-ақ тиісті мемлекеттік органның бірінші басшысының тізбесімен айқындалған адамдар;
1-бап 1-7-тармақшамен толықтырылды ҚР 13.06.2017 жылғы № 69-VІ Заңына сәйкес (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 15.06.2017 жылы № 113 (28492) „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
1-8) əскери жүктер – уəкілетті мемлекеттік орган айқындайтын тəртіппен тасымалданатын қару-жарақтың, əскери техниканың, оқ-дəрінің жəне басқа да материалдық-техникалық мүліктің барлық түрі;
1-бап 1-8-тармақшамен толықтырылды ҚР 13.06.2017 жылғы № 69-VІ Заңына сәйкес (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 15.06.2017 жылы № 113 (28492) „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
1-9) əскери тариф – əскери жүктерді республикаішілік тасымалдауға қолданылатын, Қазақстан Республикасының заңнамасына сəйкес бекітілетін тариф;
1-бап 1-9-тармақшамен толықтырылды ҚР 13.06.2017 жылғы № 69-VІ Заңына сәйкес (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 15.06.2017 жылы № 113 (28492) „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
1-10) əскери тасымалдар – уəкілетті мемлекеттік орган айқындайтын тəртіппен меншік нысандарына қарамастан тасымалдаушылар орындайтын, əскерлерді, əскери жүктерді жəне əскери жолаушыларды тасымалдау;
1-бап 1-10-тармақшамен толықтырылды ҚР 13.06.2017 жылғы № 69-VІ Заңына сәйкес (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 15.06.2017 жылы № 113 (28492) „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
1-11) бірыңғай тауар-көлік жүкқұжаты (бірыңғай коносамент) – жүкті межелі пунктке дейін жеткізу үшін аралас тасымалдар операторының жүкті өз иелігіне қабылдағанын куəландыратын құжат;
1-бап 1-11-тармақшамен толықтырылды ҚР 13.06.2017 жылғы № 69-VІ Заңына сәйкес (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 15.06.2017 жылы № 113 (28492) „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
2) клиент (жүк жөнелтушi, жүк алушы, жолаушы, кемемен жалданушы) – тасымалдаушымен жасалған шартқа сәйкес, ал аралас тасымалдар кезінде жасалған аралас тасымалдар шартына сәйкес көлiктi пайдаланатын жеке немесе заңды тұлға;
2-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР 27.10.2015 жылғы № 363-V Заңына сәйкес (10.01.2015 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 29.10.2015 жылы № 207 (28685) „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
3) көлік инфрақұрылымы объектілері теміржол, трамвай, жеңілрельс, монорельс және ішкі су жолдарын, автомобиль жолдарын, тоннельдерді, эстакадаларды, көпірлерді, вокзалдар мен станцияларды, жолаушыларға қызмет көрсету пункттерін, метрополитен желілерін, порттарды, порттағы құралдарды, кеме қатынайтын гидротехникалық құрылыстарды (шлюздерді), әуеайлақтарды, әуежайларды, көлік-логистика орталықтарын, байланыс, навигация және көлік құралдарының жүрісін басқару жүйелерінің объектілерін, магистральдық құбыржолдарды, сондай-ақ көлік кешенінің жұмыс істеуін қамтамасыз ететін өзге де ғимараттарды, құрылыстарды, құрылғылар мен жабдықтарды қамтитын технологиялық кешен;
3-тармақша өзгертілді ҚР 10.11.2014 жылғы № 249-V Заңымен (29.09.2014 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 90 (тоқсан) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 13.11.2014 жылы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
3-тармақша өзгертілді ҚР 29.12.2022 жылғы № 174-VII Заңымен (27.06.2022 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту қолданысқа енгізіледі 01.03.2023 жылдан бастап)
4) көлiк кәсiпорны – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес iс-әрекет жасайтын, жүктердi, жолаушыларды, багажды тасымалдау, көлiк құралдарын сақтау, оларға техникалық қызмет көрсету және оларды жөндеу жөнiндегі қызметпен айналысатын заңды тұлға;
5) көліктік логистика – тасымалдың (тасымалдаудың) әрбір кезеңінде жүктер қозғалысының мониторингін қамтитын, әртүрлі көлік түрлерін (теміржол, автомобиль, теңіз, ішкі су, әуе) пайдалана отырып, оңтайлы маршрут бойынша жүк жөнелтушіден (өндірушіден) жүк алушыға дейінгі тасымалды (тасымалдауды) жоспарлау және басқару жөніндегі тасымалдау процесіне қатысушылардың өзара байланысты іс-қимылдарының жиынтығы;
5-1) көлік-логистика орталығы бұл құрылыстар орналастырылған арнайы бөлінген учаскені қамтитын, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес кедендік және шекаралық операцияларды қоса алғанда, тасымалдаумен қатар жүргізілетін, жүктермен және көлік құралдарымен жасалатын дайындау, бөлу және қорытындылау технологиялық операцияларын орындауға, оның ішінде қарап-тексеруге арналған көлік инфрақұрылымы объектісі;
1-бап 5-1-тармақшамен толықтырылды ҚР 10.11.2014 жылғы № 249-V Заңына сәйкес (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 90 (тоқсан) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 13.11.2014 жылы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
5-2) қадағалау объектісі – Еуразиялық экономикалық одақ шеңберінде жасалған, Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарға, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес айқындалатын тауарлар (өнімдер) мен көлік құралдары;
1-бап 5-2-тармақшамен толықтырылды ҚР 21.05.2024 жылғы № 86-VIII Заңына сәйкес (өзгерту 23.11.2024 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
6) Қазақстан Республикасының көлігі – Қазақстан Республикасының аумағында тіркелген теміржол, автомобиль, теңіз, ішкі су, әуе көлігі, қалалық рельстік көлік, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағындағы магистральдық құбыр көлігі;
7) қалалық рельсті көлік - қала шекарасындағы және қала маңы аймағындағы жолдармен жолаушыларды тасымалдауға арналған көлік түрі (метрополитен, трамвай, жеңіл рельсті, монорельсті көлік);
7-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР 05.05.2017 жылғы № 59-VI Заңына сәйкес (09.04.2016 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 11.05.2017 жылы № 88 (28467) „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
8) метрополитен – көліктің өзге түрлерінің желілерінен және жаяу жүргіншілердің оларға өту жолынан оқшауланған (бөлінген, бір деңгейдегі қиылыстары жоқ) жолдар бойынша жолаушылар мен багажды әлеуметтік маңызы бар тұрақты тасымалдауды жүзеге асыратын қалалық рельстік көлік түрі;
8-1) навигациялық пломба – пломбалау элементі мен электрондық блоктан тұратын, навигациялық спутниктік жүйелер технологиялары негізінде жұмыс істейтін және қадағалау объектісіне қатысы бар ақпаратты беруді қамтамасыз ететін, Еуразиялық экономикалық одақ құқығында белгіленген талаптарға жауап беретін техникалық құрылғы;
1-бап 8-1-тармақшамен толықтырылды ҚР 21.05.2024 жылғы № 86-VIII Заңына сәйкес (өзгерту 23.11.2024 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
8-2) навигациялық пломбаларды пайдаланып тасымалдарды қадағалау – навигациялық пломбаны іске қосуды, қадағалау объектісін бақылап отыруды, навигациялық пломбаны істен шығаруды және қадағалау объектісін бақылап отыру процесінде алынған деректерді беруді қамтитын процесс;
1-бап 8-2-тармақшамен толықтырылды ҚР 21.05.2024 жылғы № 86-VIII Заңына сәйкес (өзгерту 23.11.2024 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
8-3) тасымалдарды қадағалаудың ақпараттық жүйесі – навигациялық спутниктік жүйелердің технологиялары мен навигациялық пломба негізінде жұмыс істейтін аппараттық-бағдарламалық кешенді қоса алғандағы ақпараттық жүйе;
1-бап 8-3-тармақшамен толықтырылды ҚР 21.05.2024 жылғы № 86-VIII Заңына сәйкес (өзгерту 23.11.2024 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
8-4) тасымалдарды қадағалаудың ақпараттық жүйесінің ұлттық операторы – навигациялық пломбаларды пайдаланып тасымалдарды қадағалауды қамтамасыз ететін заңды тұлға;
1-бап 8-4-тармақшамен толықтырылды ҚР 21.05.2024 жылғы № 86-VIII Заңына сәйкес (өзгерту 23.11.2024 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
9) тасымалдаушы – ақыға немесе жалданып жолаушыларды, багажды, жүктердi және почта жөнелтiлiмдерiн тасымалдау жөнiнде қызметтер көрсететiн және осыған белгiленген тәртiппен берiлген тиісті рұқсаты бар, меншiк құқығымен немесе өзге де заңды негiздерде көлiк құралын иеленушi жеке немесе заңды тұлға;
9-тармақша өзгертілді ҚР 16.05.2014 жылғы № 203-V Заңымен (11.04.2014 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін 6 (алты) ай өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 20.05.2014 жылы № 97 (28321) „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
10) тармақша алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
10-тармақша алынып тасталды ҚР 27.10.2015 жылғы № 363-V Заңымен (10.01.2015 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 29.10.2015 жылы № 207 (28685) „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
11) уәкiлеттi мемлекеттiк орган – көлiк саласындағы мемлекеттiк саясатты iске асыруды, Қазақстан Республикасы көлiк кешенiнiң қызметiн үйлестiру мен реттеудi жүзеге асыратын орталық атқарушы орган.
Осы Заңда пайдаланылатын өзге де ұғымдар навигациялық пломбаларды пайдаланып, тасымалдарды қадағалау мақсатында Еуразиялық экономикалық одақ шеңберінде жасалған, Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарда, Қазақстан Республикасының заңнамасында пайдаланылатын мағынада қолданылады.
2-бап. Көлiк туралы заңдар
2-бап өзгертілді ҚР 28.12.1998 жылғы № 338-I Заңына сәйкес
2-бап өзгертілді ҚР 20.12.2004 жылғы № 13 Заңымен (09.07.2004 ж. редакцияны қараңыз)
2-бап өзгертілді ҚР 29.12.2006 жылғы № 209 Заңымен (07.07.2006 ж. редакцияны қараңыз)
Қазақстан Республикасының көлiк туралы заңдары Қазақстан Республикасының Конституциясына негiзделедi, осы Заңнан және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк құқықтық актiлерiнен тұрады.
Егер Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шартта осы Заңдағыдан өзгеше ережелер белгiленсе, онда халықаралық шарттың ережелерi қолданылады.
Егер Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шартта осы Заңдағыдан өзгеше ережелер белгiленсе, онда халықаралық шарттың ережелерi қолданылады.
Труба-құбыр көлiгi қызметiне байланысты қатынастар Қазақстан Республикасының тиiстi заңдарымен реттеледi.
Тасымалдау шарттары, көлiк құралдарын пайдалану, адам өмiрi мен денсаулығы және қоршаған орта үшiн көлiк құралдары мен олардың өмiрлiк циклiнiң процестерiн техникалық реттеу саласындағы қауiпсiздiктi (бұдан әрi - қауiпсiздiк) қамтамасыз ету тәртiбi тиiстi көлiк түрлерiнде қолданылатын, белгiленген тәртiппен бекiтiлетiн және көлiк қатынастарының барлық қатысушылары үшiн мiндеттi болып табылатын нормативтiк актiлерде айқындалады.
2-1-бап. Көліктік логистика қағидаттары
Заң 2-1-баппен толықтырылды ҚР 04.07.2013 жылғы № 132-V Заңына сәйкес (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он)  күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) 11.07.2013 жылғы "Егемен Қазақстан" Республикалық газетінде жарияланды
Көліктік логистика қағидаттары мыналар болып табылады:
1) заңдылық;
2) клиенттердің қажеттіліктеріне бағдарлану;
3) қауіпсіздік;
4) сақталу;
5) рәсімдердің тұтастығы;
6) тең қолжетімділік;
7) жаһандық көлік-логистика жүйесіне кірігу.
3-бап. Көлiк құралдарына меншiк туралы
3-бап  өзгертілді ҚР 28.12.1998 жылғы № 338-I Заңына сәйкес
3-бап өзгертілді ҚР 09.07.2004 жылғы № 596 Заңымен (08.05.2003 ж. редакцияны қараңыз)
3-бап өзгертілді ҚР  07.07.2006 жылғы № 168  Заңымен (31.01.2006 ж. редакцияны қараңыз)
3-бап өзгертілді ҚР 15.07.2010 жылғы № 340-IV  Заңымен (17.07.2009 ж. редакцияны қараңыз)
3-бап өзгертілді ҚР 01.03.2011 жылғы № 414-IV Заңымен (06.01.2011 ж. редакцияны қараңыз)
3-бап өзгертілді ҚР 12.01.2012 жылғы № 538-IV Заңымен (15.07.2011  ж. редакцияны қараңыз)
3-бап өзгертілді ҚР 04.07.2013 жылғы № 132-V Заңымен (03.07.2013 ж. редакцияны караңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он)  күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) 11.07.2013 жылғы "Егемен Қазақстан" Республикалық газетінде жарияланды
3-бап өзгертілді ҚР 24.11.2015 жылғы № 422-V Заңымен (29.10.2015 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту қолданысқа енгізіледі 01.01.2016 жылдан бастап)
3-бап жаңа редакцияда жазылды ҚР 19.04.2023 жылғы № 223-VII Заңына сәйкес (29.12.2022 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 01.05.2023 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)