Bestprofi Logo

Қаулы № 70 от 2008-01-25г./Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинеті

Өнімді Қазақстан Республикасының кеден аумағынан тыс жерде қайта өңдеуге рұқсат беру ережесін бекіту туралы

Отправить на почту


Языки документа

Внимание! Документ утратил силу с 10.12.2015 г.

Документ на казахском языке

Өнімді Қазақстан Республикасының аумағынан тыс жерде қайта өңдеуге рұқсат беру ережесін бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 25 қаңтардағы N 70 Қаулысы

Тақырып өзгертілді ҚР № 379 қаулысымен 19.04.2013 жылғы ( 25.01.2008 ж редакциясын қараңыз ) Осы Қаулы күшін жойды 2015 жылғы 10 желтоқсаннан бастап ҚР Үкіметінің 24.11.2015 жылғы № 941 Қаулысына сәйкес «Өнiмді Қазақстан Республикасының аумағынан тыс жерде өңдеуге рұқсат беру қағидаларын бекіту туралы» ҚР Инвестициялар және даму министрінің 31.03.2015 жылғы № 419 Бұйрығын қараңыз

"Экспорттық бақылау туралы" Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 21 шілдедегі Заңын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қоса беріліп отырған Өнімді Қазақстан Республикасының аумағынан тыс жерде қайта өңдеуге рұқсат беру ережесі бекітілсін

1-тармақ өзгертілді ҚР № 379 қаулысымен 19.04.2013 жылғы ( 25.01.2008 ж редакциясын қараңыз )

2. Осы қаулы 2008 жылғы 9 ақпаннан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 25 қаңтардағы N 70 қаулысымен бекітілген

Өнімді Қазақстан Республикасының аумағынан тыс жерде қайта өңдеуге рұқсат беру ережесі

Тақырып өзгертілді ҚР № 379 қаулысымен 19.04.2013 жылғы ( 25.01.2008 ж редакциясын қараңыз )

1.Осы Өнімді Қазақстан Республикасының аумағынан тыс жерде қайта өңдеуге рұқсат беру ережесі (бұдан әрі - Ереже) өнімді (бұдан әрі - өнім) Қазақстан Республикасының аумағынан тыс жерде қайта өңдеуге рұқсат беру тәртібін айқындайды

1-тармақ өзгертілді ҚР № 379 қаулысымен 19.04.2013 жылғы ( 25.01.2008 ж редакциясын қараңыз )

2. Өнімді Қазақстан Республикасының аумағынан тыс жерде қайта өңдеуге рұқсат беруді (бұдан әрі - рұқсат) экспорттық бақылау саласындағы мемлекеттік реттеуді жүзеге асыратын уәкілетті орган (бұдан әрі - уәкілетті орган) жүзеге асырады.

2-тармақ өзгертілді ҚР № 379 қаулысымен 19.04.2013 жылғы ( 25.01.2008 ж редакциясын қараңыз )

3. Қазақстан Республикасының жеке және заңды тұлғалары, шетелдіктер, азаматтығы жоқ адамдар, шетелдік заңды тұлғалар және халықаралық ұйымдар (бұдан әрі - өтініш беруші) рұқсат алудың субъектілері болып табылады.

4. Егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шартта осы Ережеде белгіленгеннен өзге ережелер белгіленген болса, онда халықаралық шарттың ережелері қолданылады.

5. Рұқсат 1-қосымшаға сәйкес белгіленген нысандағы бланкіде ресімделеді.

6. Рұқсат алу үшін мынадай құжаттар қажет:

1) осы Ережеге 2-қосымшаға сәйкес белгіленген үлгідегі рұқсат алуға өтініш;

2) заңды тұлға үшін - заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәліктің* немесе анықтаманың нотариалды куәландырылған көшірмесі;

2-тармақша өзгертілді ҚР Үкіметінің 05.06.2013 жылғы № 574 Қаулысымен (19.04.2013 ж. редакцияны қараңыз)

ескертпе: * «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2012 жылғы 24 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы қолданысқа енгізілгенге дейін берілген заңды тұлғаны (филиалды, өкілдікті) мемлекеттік (есептік) тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәлік заңды тұлғаның қызметі тоқтатылғанға дейін жарамды болып табылады.

3) жеке тұлға үшін - жеке басын куәландыратын құжат;

4) дара кәсіпкер үшін - өтініш берушінің дара кәсіпкер ретінде мемлекеттік тіркелгені туралы куәлік;

5) өтініш берушінің салық органында есепке тұрғаны туралы куәлік;

6) салыстыра тексеру үшін түпнұсқаны бере отырып, өнімді қайта өңдеуге арналған шарттың (келісімшарттың) көшірмесі;

7) салыстыра тексеру үшін түпнұсқаны бере отырып, «Тауарларды кедендік аумақта/аумақтан тыс қайта өңдеудің және ішкі тұтыну үшін қайта өңдеудің шарттары туралы құжаттың нысанын және оны беру, оған өзгерістер немесе толықтырулар енгізу, сондай-ақ оны кері қайтарып алу (жою) қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2012 жылғы 16 қаңтардағы № 73 қаулысына сәйкес тиісті құзыретті уәкілетті мемлекеттік органның тауарларды аумақтан тыс жерде және ішкі тұтыну үшін қайта өңдеу шарттары туралы құжаттың көшірмесі. Егер қайта өңдеу мақсаты жөндеу болып табылса, көрсетілген құжатты ұсыну талап етілмейді;

8) осы Ережеге 3-қосымшаға сәйкес өнімді Қазақстан Республикасының аумағынан тыс жерде қайта өңдеуге рұқсат алуға арналған құжат туралы мәліметтер нысаны.

6-тармақ өзгертілді ҚР № 379 қаулысымен 19.04.2013 жылғы ( 25.01.2008 ж редакциясын қараңыз )

Осы тармақтың 6) және 7) тармақшаларында көрсетілген құжаттардың көшірмелері заңды тұлғалар үшін өтініш берушінің мөрімен және бірінші басшысының немесе оны алмастыратын адамның қолымен, жеке тұлғалар үшін өтініш берушінің қолымен расталуы тиіс.

7. Рұқсат беру үшін уәкілетті органға берілген барлық құжаттар тізілім бойынша қабылданады, оның көшірмесі көрсетілген органның құжаттарды қабылдаған күні туралы белгі соғылып, өтініш берушіге жіберіледі.

8. Рұқсатты осы Ереженің 6-тармағында көрсетілген құжаттар келіп түскен күнінен бастап он бес жұмыс күнінен кешіктірмей уәкілетті орган береді. Уәкілетті орган осы Ережеде белгіленген мерзім ішінде рұқсат береді не бас тарту себептері туралы дәлелді жауап береді. Егер уәкілетті орган осы Ережеде белгіленген мерзімде өтініш берушіге рұқсат бермеген не рұқсат беруден дәлелді бас тартуды ұсынбаған жағдайда, онда оларды беру мерзімдері өткен күнінен бастап рұқсат берілді деп есептеледі. Уәкілетті орган рұқсат беру мерзімі өткен сәттен бастап 5 жұмыс күнінен кешіктірмей өтініш берушіге тиісті рұқсат береді

8-тармақ өзгертілді ҚР № 379 қаулысымен 19.04.2013 жылғы ( 25.01.2008 ж редакциясын қараңыз )

1) өтініш берушілердің осы санаты үшін қызмет түрімен айналысуға Қазақстан Республикасының заңдарыментыйым салынған;

2) осы Ережеге сәйкес талап етілетін барлық құжаттар берілмеген. Өтініш беруші көрсетілген кедергілерді жойған кезде өтініш жалпыға бірдей негізде қаралады;

3) өтініш берушіге қатысты оған жекелеген қызмет түрімен айналысуға тыйым салатын соттың шешімі заңды күшіне енген;

3-тармақша өзгертілді ҚР № 379 қаулысымен 19.04.2013 жылғы ( 25.01.2008 ж редакциясын қараңыз )

4) өтініш беруші мәліметтер нысанында дұрыс емес және (немесе) толық емес ақпаратты көрсеткен жағдайларда рұқсат беруден бас тартылады.

4-тармақша толықтырылды ҚР № 379 қаулысымен 19.04.2013 жылғы ( 25.01.2008 ж редакциясын қараңыз )

10. Егер рұқсат осы Ережеде белгіленген мерзімде берілмесе немесе рұқсат беруден бас тарту өтініш берушіге дәлелсіз болып көрінсе, ол Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен бұл әрекеттерге шағым жасауға құқылы.

11. Рұқсат өтініш берушіге әрбір жекелеген мәміле бойынша екі жылдан аспайтын кезеңге беріледі.

Рұқсат келісім-шартқа (шартқа) енгізілген тауарлар атауларының санына қарамастан, он таңбалы кодты көрсете отырып, Қазақстан Республикасының сыртқы экономикалық қызметінің тауар номенклатурасына сәйкес тауардың бір атауына ресімделеді.

12. Рұқсат берілгеннен кейін берілген рұқсат туралы ақпарат мемлекеттік ақпараттық ресурстарда ресімделеді.

12-тармақ өзгертілді ҚР № 379 қаулысымен 19.04.2013 жылғы ( 25.01.2008 ж редакциясын қараңыз )

Уәкілетті орган рұқсатты куәландыратын уәкілетті адамдар қолтаңбаларының және мөр бедерлерінің үлгілерін кеден органдарының назарына жеткізеді.

13. Рұқсат бланкілері қатаң есептілік құжаттары болып табылады. Рұқсат бланкілерінің берілуі арнайы журналда есепке алынады.

14. Рұқсаттар тізілімін жүргізуді уәкілетті орган жүзеге асырады.

Өнімді Қазақстан Республикасының аумағынан тыс жерде қайта өңдеуге рұқсат беру ережесіне 1-қосымша

1-қосымша өзгертілді ҚР № 379 қаулысымен 19.04.2013 жылғы ( 25.01.2008 ж редакциясын қараңыз )

Өнімді Қазақстан Республикасының кеден аумағынан тыс жерде қайта өңдеуге РҰҚСАТ

1. РҰҚСАТ N№
2. Өтініш беруші, оның заңды (іс жүзіндегі) мекен-жайы, телефоны
3. Қайта өңдеуші, оның заңды (іс жүзіндегі) мекен-жайы, телефоны
4. Баратын елі
5. Қолданылу мерзімі
6. Қайта өңдеу сипаты
7. Кеден органы
8. Өнімнің атауы және тауардың толық сипат- тамасы 9. Тауардың СЭҚ ТН бой- ынша коды 10. Тауар- дың бақылау тізімдері бойынша коды 11. Өл- шем бір- лігі 12. Саны 13. Жал- пы құны (мың)
14. Қайта өңдеу өнім- дерінің атауы және тауардың толық сипаттамасы 15. Тауар- дың СЭҚ ТН бойынша коды 16. Тауар- дың бақылау тізімдері бойынша коды 17. Өл- шем бір- лігі 18. Саны 19. Жал- пы құны (мың)
20. Рұқсат сұрау үшін негіз (қайта өңдеу шартының (келісім-шартының) нөмірі және күні) 21. Келісілді
22. Өтініш берушіден Т.А.Ә Лауазымы 23. Уәкілетті орган Т.А.Ә. Лауазымы қолы, МО күні
24. Рұқсаттың ерекше шарттары

Өнімді Қазақстан Республикасының кеден аумағынан тыс жерде қайта өңдеуге рұқсат беру ережесіне 2-қосымша

Өнімді Қазақстан Республикасының аумағынан тыс жерде қайта өңдеуге рұқсат

Тақырып өзгертілді ҚР № 379 қаулысымен 19.04.2013 жылғы ( 25.01.2008 ж редакциясын қараңыз )

1. РҰҚСАТ N№
2. Өтініш беруші, оның заңды (іс жүзіндегі) мекен-жайы, телефоны
3. Қайта өңдеуші, оның заңды (іс жүзіндегі) мекен-жайы, телефоны
4. Баратын елі
5. Қолданылу мерзімі
6. Қайта өңдеу сипаты
7. Кеден органы
8. Өнімнің атауы және тауардың толық сипат- тамасы 9. Тауардың СЭҚ ТН бой- ынша коды 10. Тауар- дың бақылау тізімдері бойынша коды 11. Өл- шем бір- лігі 12. Саны 13. Жал- пы құны (мың)
14. Қайта өңдеу өнім- дерінің атауы және тауардың толық сипаттамасы 15. Тауар- дың СЭҚ ТН бойынша коды 16. Тауар- дың бақылау тізімдері бойынша коды 17. Өл- шем бір- лігі 18. Саны 19. Жал- пы құны (мың)
20. Рұқсат сұрау үшін негіз (қайта өңдеу шартының (келісім-шартының) нөмірі және күні) 21. Келісілді
22. Өтініш берушіден Т.А.Ә Лауазымы қолы, МО күні 23. Уәкілетті орган Өтініш 200 ж. " " қарауға қабылданды
24. Рұқсаттың ерекше шарттары

Ссылка на абзац скопирована в буфер обмена

Комментарий успешно добавлен

Ссылка на документ скопирована в буфер обмена

Документ добавлен в избранное

Комментарий удален

Закладка успешно добавлена

Закладка удалена

Закладка изменена

Функция доступна только для подписчиков системы

Содержание