• Мое избранное
Биоотын өндірісін және айналымын мемлекеттік реттеу туралы

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца
  • 4

Биоотын өндірісін және айналымын мемлекеттік реттеу туралы Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 15 қарашадағы № 351-IV Заңы

Осы Заңды іске асыру мақсатында қабылдануы қажет нормативтік құқықтық актілердің тізбесін қараңыз
Редакция 08.06.2024 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен 
Осы Заң биоотын өндірісі және айналымы саласында туындайтын қоғамдық қатынастарды реттейді.
1-тарау. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР
  • 2
1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар
Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) биологиялық туынды шикізат – биологиялық туынды, оның ішінде биохимиялық құрамдас бөліктерге ыдырайтын және биоотын өндіру үшін пайдаланылатын өнімдер;
2) биоотын – биологиялық туынды шикізатты қайта өңдеу арқылы алынған отын, оның ішінде биоэтанол;
2-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР 28.10.2019 жылғы № 268-VІ Заңына сәйкес (24.05.2018 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 16.11.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
3) биоотын айналымы – биоотынды әкелуді (импорт) және әкетуді (экспорт) қоса алғанда, биоотынды өткізу (сату немесе беру) процестері (кезеңдері), сондай-ақ олармен байланысты құю, таңбалау, сақтау және тасымалдау процестері;
4) биоотын айналымы саласындағы уәкілетті орган – биоотын айналымын мемлекеттік реттеу саласындағы басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік орган;
5) биоотынды кәдеге жарату – арналған мақсаты бойынша пайдалануға жарамсыз биоотынды және биоотын өндірісінің қосалқы өнімдерін қажетті сападағы биоотынға немесе басқа өнімге айналдыратын технологиялық өңдеу;
6) биоотын өндіретін зауыт – шикізатты биоотын етіп қайта өңдеуге арналған мамандандырылған ғимарат;
7) биоотын өндіру – биоотын алуды қамтамасыз ететін шикізатты қайта өңдеу жөніндегі жұмыстар кешені;
8) биоотын өндіруші – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес биоотын өндірісін және айналымын жүзеге асыратын заңды тұлға;
9) биоотын өндірісі саласындағы уәкілетті орган – биоотын өндірісін мемлекеттік реттеу саласындағы басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік орган;
10) биоэтанол – биологиялық туынды шикізаттан өндірілген, міндетті түрде мұнай өнімдерімен араластыруға немесе отын құрамдастарын, октан арттырғыш қосындыларды, отын қоспаларын, эфирлерді, сондай-ақ биоотынның басқа түрін өндіру мақсатында пайдалануға немесе химиялық және онымен байланысты өнеркәсіп салаларының өнімдерін өндіру мақсатында пайдалануға арналған дегидратталған этил спирті;
10-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР 28.10.2019 жылғы № 268-VІ Заңына сәйкес (24.05.2018 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 16.11.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
10-тармақша өзгертілді ҚР 10.10.2022 жылғы № 144-VII Заңымен (05.01.2021 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 11.12.2022 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
11) дегидратталған этил спирті – сусыздандыру процесінен өткізілген, құрамындағы су үлесі бір пайыздан аспайтын этил спирті;
12) денатуратталған биоэтанол – тамақ өнімі немесе тамақ өніміне қоспа ретінде пайдалануға мүмкіндік бермейтін қасиеттер беру мақсатында химиялық заттармен араластыру процесінен өткізілген дегидратталған этил спирті;
13) өндіріс паспорты – биоотын өндіретін зауыттың өндірістік қуаттарының көрсеткіштерін, оның негізгі сипаттамаларын көрсететін, биоотын өндірісінің технологиялық процесінің сақталуы үшін қолда бар жабдықтардың пайдаланылуын регламенттейтін, белгіленген нысандағы құжат;
14) тамақ шикізаты – тамақ өнімдерін және биоотынды өндіру үшін жарамды биологиялық туынды шикізат түрі;
15) тауарларға ілеспе жүкқұжат – биоотынды босату мен қабылдау жөніндегі операцияларды ресімдеу үшін қажетті біріздендірілген құжат.
15-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР 05.01.2021 жылғы № 407-VI Заңына сәйкес (28.10.2019 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 01.01.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
2-бап. Биоотын өндірісін және айналымын мемлекеттік реттеу туралы Қазақстан Республикасының заңнамасы
1. Биоотын өндірісін және айналымын мемлекеттік реттеу туралы Қазақстан Республикасының заңнамасы Қазақстан Республикасының Конституциясына негізделеді, осы Заңнан және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерінен тұрады.
2. Егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шартта осы Заңда көзделгендегіден өзгеше ережелер белгіленсе, онда халықаралық шарттың ережелері қолданылады.
2-тарау. БИООТЫН ӨНДІРІСІН ЖӘНЕ АЙНАЛЫМЫН МЕМЛЕКЕТТІК РЕТТЕУ ЖӘНЕ ҚОЛДАУ
3-бап. Биоотын өндірісін және айналымын мемлекеттік реттеу
1. Биоотын өндірісін және айналымын мемлекеттік реттеуді биоотын өндірісі мен айналымы саласындағы уәкілетті органдар және облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергілікті атқарушы органдары жүзеге асырады.
1-тармақ өзгертілді ҚР 29.09.2014 жылғы № 239-V Заңымен (13.01.2014 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 02.10.2014 жылы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
1-тармақ өзгертілді ҚР 10.10.2022 жылғы № 144-VII Заңымен (05.01.2021 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 11.12.2022 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1-тармақтың бірінші бөлігі жаңа редакцияда жазылды ҚР 19.04.2023 жылғы № 223-VII Заңына сәйкес (10.10.2022 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 01.05.2023 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Өзге мемлекеттік органдар биоотын өндірісінің және (немесе) айналымының осы Заңда көзделген жекелеген мәселелерін өзге де заңдарда, Қазақстан Республикасы Президенті мен Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде белгіленген өз құзыреті шегінде реттейді.
2. Биоотын өндірісін және айналымын мемлекеттік реттеудің негізгі міндеттері:
1) ластағыш заттардың атмосфераға шығарылу деңгейін азайту;
2) биоотын өндірісін және айналымын дамыту;
3) биоотын өндірісін және айналымын мемлекеттік реттеу туралы Қазақстан Республикасы заңнамасының сақталуын қамтамасыз ету болып табылады.
3. Биоотын өндірісін және айналымын мемлекеттік реттеу:
1) биоотын өндірісі бойынша өндірістік қуаттардың шекті көлемдерін айқындауды;
2) биоотын өндірісі және айналымы саласында мемлекеттік бақылауды жүзеге асыруды;
3) азық-түлік қауіпсіздігіне қатер төнген жағдайда кейіннен биоотын етіп қайта өңдеу үшін пайдаланатын тамақ шикізатына квоталарды белгілеуді қамтиды.
4-бап. Биоотын өндірісін және айналымын мемлекеттік қолдау
Биоотын нарығын дамытуды қамтамасыз ету мақсатында мемлекет биоотын өндірісін және айналымын биоотын нарығын дамытудың басым бағыттарын зерделеу жөніндегі зерттеулерді қаржыландыру арқылы қолдауды жүзеге асырады.
5-бап. Бап алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
5-бап өзгертілді ҚР 10.07.2012 жылғы № 36-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі)
5-бап алынып тасталды ҚР 29.09.2014 жылғы № 239-V Заңымен (13.01.2014 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 02.10.2014 жылы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
6-бап. Биоотын өндірісі саласындағы уәкілетті органның құзыреті
Биоотын өндірісі саласындағы уәкілетті орган:
1) тармақша алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
1-тармақша алынып тасталды ҚР 29.09.2014 жылғы № 239-V Заңымен (13.01.2014 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 02.10.2014 жылы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
1-1) биоотын өндірісін және айналымын мемлекеттік реттеу және қолдау саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастырады және іске асырады;
6-бап 1-1-тармақшамен толықтырылды ҚР 29.09.2014 жылғы № 239-V Заңына сәйкес (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 02.10.2014 жылы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
1-1-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР 19.04.2023 жылғы № 223-VII Заңына сәйкес (10.10.2022 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 01.05.2023 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
2) өз құзыреті шегінде биоотын өндірісін мемлекеттік реттеу саласындағы нормативтік құқықтық актілерді әзірлейді және бекітеді;
3) тармақша алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
3-тармақша алынып тасталды ҚР 29.09.2014 жылғы № 239-V Заңымен (13.01.2014 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 02.10.2014 жылы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
4) өндіріс паспортын бекіту үшін қажетті мәліметтер тізбесін әзірлейді және бекітеді;
5) Тармақша алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
5-тармақша алынып тасталды ҚР 13.01.2014 жылғы № 159-V Заңымен (26.12.2012 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 16.01.2014 жылғы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
6) техникалық регламенттерді әзірлейді;
7) Тармақша алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
7-тармақша алынып тасталды ҚР 10.07.2012 № 36-V Заңына сәйкес (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі)
8) тармақша алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
8-тармақша алынып тасталды ҚР 29.09.2014 жылғы № 239-V Заңымен (13.01.2014 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 02.10.2014 жылы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
9) Тармақша алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
9-тармақша алынып тасталды ҚР 13.01.2014 жылғы № 159-V Заңымен (26.12.2012 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 16.01.2014 жылғы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
10) тармақша алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
10-тармақша алынып тасталды ҚР 29.09.2014 жылғы № 239-V Заңымен (13.01.2014 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 02.10.2014 жылы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
11) биоотын өндірісінің көлемі туралы ақпараттың автоматтандырылған түрде берілуін қамтамасыз ететін есептегіш бақылау аспаптарын қолдану қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
  • 1
12) азық-түлік қауіпсіздігі қатері болған жағдайда, биоотынды кейіннен өңдеу үшін пайдаланылатын тамақ шикізатына квота белгілеу тәртібін әзірлейді және бекітеді;
12-тармақша өзгертілді ҚР 29.09.2014 жылғы № 239-V Заңымен (13.01.2014 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 02.10.2014 жылы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
13) тармақша алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
13-тармақша алынып тасталды ҚР 29.12.2014 жылғы № 269-V Заңымен (29.09.2014 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту қолданысқа енгізіледі 01.01.2015 жылдан бастап)
  • 1
13-1) биоотын өндірісі бойынша өндірістік қуаттардың шекті көлемдерін айқындайды;
6-бап 13-1-тармақшамен толықтырылды ҚР 29.09.2014 жылғы № 239-V Заңына сәйкес (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 02.10.2014 жылы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
  • 3
13-2) биоотын өндірушілердің биоотын өндірісінің мониторингін жүзеге асыру үшін қажетті есептердің нысандары мен оларды облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың жергілікті атқарушы органына ұсыну тәртібін бекітеді;
6-бап 13-2-тармақшамен толықтырылды ҚР 29.09.2014 жылғы № 239-V Заңына сәйкес (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 02.10.2014 жылы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
13-2-тармақша өзгертілді ҚР 28.10.2019 жылғы № 268-VІ Заңымен (24.05.2018 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 16.11.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
13-3) тармақша алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
6-бап 13-3-тармақшамен толықтырылды ҚР 29.09.2014 жылғы № 239-V Заңына сәйкес (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 02.10.2014 жылы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
13-3-тармақша алынып тасталды ҚР 28.10.2019 жылғы № 268-VІ Заңына сәйкес (24.05.2018 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 16.11.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
14) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
7-бап. Биоотын айналымы саласындағы уәкілетті органның құзыреті
Биоотын айналымы саласындағы уәкілетті орган:
1) өз құзыреті шегінде биоотын айналымын мемлекеттік реттеу саласындағы мемлекеттік саясатты іске асырады;
2) өз құзыреті шегінде биоотын айналымын мемлекеттік реттеу саласындағы нормативтік құқықтық актілерді әзірлейді және бекітеді;
3) биоотын айналымына камералдық бақылауды жүзеге асырады;
  • 1
4) биоотын айналымы бойынша декларациялардың нысанын, оларды ұсыну тәртібі мен мерзімдерін әзірлейді және бекітеді;
4-тармақша өзгертілді ҚР 29.09.2014 жылғы № 239-V Заңымен (13.01.2014 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 02.10.2014 жылы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
5) хабарлама нысанын әзірлейді және бекітеді ;
6) биоотын айналымы саласында мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;
  • 1
7) тармақша алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
7-тармақша өзгертілді ҚР 29.09.2014 жылғы № 239-V Заңымен (13.01.2014 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 02.10.2014 жылы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
7-тармақша алынып тасталды ҚР 05.01.2021 жылғы № 407-VI Заңына сәйкес (28.10.2019 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 01.01.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
8) тармақша алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
8-тармақша алынып тасталды ҚР 29.12.2014 жылғы № 269-V Заңымен (29.09.2014 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту қолданысқа енгізіледі 01.01.2015 жылдан бастап)
9) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
7-1-бап. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергілікті атқарушы органдарының құзыреті
2-тарау 7-1-баппен толықтырылды ҚР 29.09.2014 жылғы № 239-V Заңына сәйкес (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 02.10.2014 жылы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың жергілікті атқарушы органы:
1) биоотын өндірісін мемлекеттік реттеу саласындағы мемлекеттік саясатты өз құзыреті шегінде іске асырады;
2) биоотын өндірісі саласында мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;
3) тармақша алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
3-тармақша алынып тасталды ҚР 28.10.2019 жылғы № 268-VІ Заңына сәйкес (24.05.2018 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 16.11.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
4) биоотын өндірісінің мониторингін жүргізеді;
5) биоотын өндірісі саласындағы уәкілетті органға биоотын өндірісі бойынша өндірістік қуаттардың шекті көлемдерін айқындау жөнінде ұсыныстар енгізеді.
8-бап. Биоотын өндірісін ұйымдастыру
Бап алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
8-бап алынып тасталды ҚР 10.07.2012 36-V Заңына сәйкес (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі)
  • 1
9-бап. Биоотын өндірісінің және айналымының шарттары
1. Биоотын өндірісі:
1) өндіріс паспорты және биоотын өндірісі саласындағы уәкілетті органға, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың жергілікті атқарушы органына биоотын өндірісінің көлемі туралы ақпараттың автоматтандырылған түрде берілуін қамтамасыз ететін есепке алатын бақылау аспаптары болғанда;
1-тармақша өзгертілді ҚР 10.10.2022 жылғы № 144-VII Заңымен (05.01.2021 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 11.12.2022 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
2) биоотын өндірушінің жеке меншік құқығындағы немесе өзге де заттай құқығындағы биоотын өндіретін зауытта жүзеге асырылады.
2. Биоотынды өткізу тауарларға ілеспе жүкқұжаттарды ресімдей отырып жүзеге асырылуға тиіс.
2-тармақ өзгертілді ҚР 28.10.2019 жылғы № 268-VІ Заңымен (24.05.2018 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 16.11.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
2-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР 05.01.2021 жылғы № 407-VI Заңына сәйкес (28.10.2019 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 01.01.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
3. Биоотынды тасымалдауға оның бүкіл жүру жолында тауарларға ілеспе жүкқұжаттар болған кезде жол беріледі.
3-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР 05.01.2021 жылғы № 407-VI Заңына сәйкес (28.10.2019 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 01.01.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
4. Биоотынды сақтау биоотын өндірушілердің және құрамында биоотын бар мұнай өнімдерін өндірушілердің, химиялық және онымен байланысты өнеркәсіп салаларының өнімдерін өндірушілердің меншік құқығына немесе өзге де заттай құқығына жататын үй-жайларда жүзеге асырылады.
4-тармақ өзгертілді ҚР 10.10.2022 жылғы № 144-VII Заңымен (05.01.2021 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 11.12.2022 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
  • 1
10-бап. Биоотын өндірушінің және құрамында биоотын бар мұнай өнімдерін өндірушінің құқықтары мен міндеттері
1. Биоотын өндіруші және құрамында биоотын бар мұнай өнімдерін өндіруші:
1) өндіретін өнімін дербес, оның ішінде экспортқа өткізуге;
2) биоотын нарығын дамытуға бағытталған мемлекеттік қолдауға ие болуға;
3) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес өзге де құқықтарды иеленуге құқылы.
  • 1
2. Биоотын өндіруші:
1) биоотын өндірісі мониторингін жүзеге асыру үшін қажетті есептерді облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың жергілікті атқарушы органына табыс етуге;
1-тармақша өзгертілді ҚР 28.10.2019 жылғы № 268-VІ Заңымен (24.05.2018 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 16.11.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
2) өндірілген биоотынның әрбір партиясының Қазақстан Республикасының техникалық реттеу саласындағы заңнамасына сәйкес белгіленген талаптарға сәйкестігін растауды қамтамасыз етуге;
2-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР 28.10.2019 жылғы № 268-VІ Заңына сәйкес (24.05.2018 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 16.11.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
3) биоотын құрамына сәйкес келмеген жағдайда оны кәдеге жаратуды (жоюды) жүргізуге;
3-тармақша өзгертілді ҚР 28.10.2019 жылғы № 268-VІ Заңымен (24.05.2018 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 16.11.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
4) биоотын айналымы саласындағы уәкілетті орган белгілеген нысанға, тәртіпке және мерзімге сәйкес биоотын айналымы бойынша декларацияларды биоотын айналымы саласындағы уәкілетті органға табыс етуге;
5) «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексінде (Салық кодексі) белгіленген тәртіппен тауарларға ілеспе жүкқұжаттарды ресімдеуге және биоотын айналымы саласындағы уәкілетті органға ұсынуға;
5-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР 05.01.2021 жылғы № 407-VI Заңына сәйкес (28.10.2019 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 01.01.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
6) осы Заңның 3-тарауында белгіленген, биоотынға және оның өмірлік циклінің процестеріне қойылатын жалпы қауіпсіздік талаптарын сақтауға;
7) биоотын өндірісі саласындағы уәкілетті орган белгіленген тәртіппен өндіріс паспортын әзірлеуге және бекітуге;
8) өндіріс паспортында көрсетілген мерзімге сәйкес жөндеу және қалпына келтіру жұмыстарын жүргізуге;
9) биоотын өндірісі саласындағы уәкілетті орган айқындаған тәртіппен биоотын өндірісі саласындағы уәкілетті органға, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың жергілікті атқарушы органына биоотын өндірісінің көлемі туралы ақпараттың автоматтандырылған түрде берілуін қамтамасыз ететін есепке алатын бақылау аспаптарын орнатуға міндетті.
9-тармақша өзгертілді ҚР 10.10.2022 жылғы № 144-VII Заңымен (05.01.2021 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 11.12.2022 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
3. Құрамында биоотыны бар мұнай өнімдерін өндіруші биоотын айналымы саласындағы уәкілетті орган бекіткен тәртіпке, нысанға және мерзімге сәйкес:
1) биоотын айналымы бойынша декларацияларды тапсыруға;
2) биоотын айналымы кезінде тауарларға ілеспе жүкқұжаттарды ресімдеуге және ұсынуға міндетті.
2-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР 05.01.2021 жылғы № 407-VI Заңына сәйкес (28.10.2019 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 01.01.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
11-бап. Биоотын өндірісі және айналымы саласындағы шектеулер
1. Биоотын өндірісі және айналымы кезінде мыналарға:
1) биоотын етіп кейіннен өңдеу үшін тамақ шикізатын биоотын өндірісі саласындағы уәкілетті орган белгілеген квотадан асатын көлемде пайдалануға;
1-тармақша өзгертілді ҚР 29.09.2014 жылғы № 239-V Заңымен (13.01.2014 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 02.10.2014 жылы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
2) 1 және 2-сыныпты бидайды тамақ шикізаты ретінде пайдалануға;
3) құрамына сәйкес келмейтін биоотынды өткізуді жүзеге асыруға;
3-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР 28.10.2019 жылғы № 268-VІ Заңына сәйкес (24.05.2018 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 16.11.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
4) денатуратталмаған биоэтанолды, оны биоотын өндіретін зауытқа немесе отын құрамдастарын, октан арттырғыш қосындыларды, отын қоспаларын, эфирлерді өндіретін кәсіпорынға жеткізу үшін немесе биоотынның басқа түрлеріне қайта өңдеу үшін мұнай өңдеу зауытына жеткізу жағдайларын қоспағанда, айналымға шығаруға;
4-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР 28.10.2019 жылғы № 268-VІ Заңына сәйкес (24.05.2018 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 16.11.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
5) алкогольді өнімдер шығаруға және айналымын жүзеге асыруға;
6) қайта өңдеуге генетикалық түрлендірілген көз (объект) болып табылатын немесе генетикалық түрлендірілген көздерді (объектілерді) құрайтын шикізатты олардың қауіпсіздігін ғылыми негіздемелік растаусыз және мемлекеттік тіркеуден өтпей қабылдауға;
7) биоотын өндіретін бір зауытта екі және одан да көп биоотын өндірушілердің биоотын өндіруін жүзеге асыруына;
8) биоотын өндірісінің паспортынсыз, оның көлемін есепке алуды бақылау аспаптарынсыз не олардың бұзылып тұрған уақытында биоотын өндірісін жүзеге асыруға;
9) егер осы Заңда өзгеше көзделмесе, тиісті құжаттары болған кезде биоотын экспортын қоспағанда, биоотын өндіруді және (немесе) мұнай өнімдерін компаундирлеуді және (немесе) химиялық және онымен байланысты өнеркәсіп салаларының өнімдерін өндіруді жүзеге асырмайтын тұлғаларға биоотынды өткізуге;
9-тармақша өзгертілді ҚР 28.10.2019 жылғы № 268-VІ Заңымен (24.05.2018 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 16.11.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
9-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР 10.10.2022 жылғы № 144-VII Заңына сәйкес (05.01.2021 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 11.12.2022 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
10) тиісті құжаттары бар кезде биоотынды экспорттауды қоспағанда, өндірілген биоотынды биоотын нарығының қатысушылары мен химиялық және онымен байланысты өнеркәсіп салаларының өнімдерін өндірушілер болып табылмайтын тұлғаларға оны сақтау үшін беруге;
10-тармақша өзгертілді ҚР 10.10.2022 жылғы № 144-VII Заңымен (05.01.2021 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 11.12.2022 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
11) биоотынды тауарларға ілеспе жүкқұжаттарды ресімдемей өткізуге тыйым салынады.
11-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР 05.01.2021 жылғы № 407-VI Заңына сәйкес (28.10.2019 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 01.01.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
11-тармақшаның орыс тіліндегі мәтініне өзгеріс енгізілді, қазақ тіліндегі мәтін өзгеріссіз қалды ҚР 10.10.2022 жылғы № 144-VII Заңына сәйкес
2. Тиісті құжаттары бар кезде биоотынды экспорттауды қоспағанда, биоотын өндіруді және (немесе) мұнай өнімдерін компаундирлеуді және (немесе) химиялық және онымен байланысты өнеркәсіп салаларының өнімдерін өндіруді жүзеге асырмайтын тұлғаларға биоотынды сақтауға тыйым салынады.
2-тармақ өзгертілді ҚР 28.10.2019 жылғы № 268-VІ Заңымен (24.05.2018 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 16.11.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
2-тармақ өзгертілді ҚР 10.10.2022 жылғы № 144-VII Заңымен (05.01.2021 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 11.12.2022 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
3-тарау. БИООТЫНҒА ЖӘНЕ ОНЫҢ ӨМІРЛІК ЦИКЛІНІҢ ПРОЦЕСТЕРІНЕ ҚОЙЫЛАТЫН ЖАЛПЫ ҚАУІПСІЗДІК ТАЛАПТАРЫ
12-бап. Техникалық реттеу объектілері
Биоотын және оның өмірлік циклінің процестері техникалық реттеу объектілері болып табылады.
13-бап. Биоотынның сәйкестігін растау
13-бап өзгертілді ҚР 28.10.2019 жылғы № 268-VІ Заңымен (24.05.2018 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 16.11.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Биоотынның Қазақстан Республикасының техникалық реттеу саласындағы заңнамасында белгіленген талаптарға сәйкестігін растау Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.
14-бап. Биоотынның қауіпсіздігі мен сапасы туралы ақпаратқа қойылатын талаптар
Тұтынушылардың биоотынның қауіпсіздігі мен сапасына қатысты жаңылысуына әкеп соқтыратын іс-әрекеттердің алдын алу мақсатында биоотын өндірушілер сатып алушыларға және тұтынушыларға Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен биоотынның қауіпсіздігі мен сапасының көрсеткіштері туралы толық және дұрыс ақпарат береді.
15-бап. Биоотынға және оның өмірлік циклінің процестеріне қойылатын қауіпсіздік талаптары
15-бап жаңа редакцияда жазылды ҚР 28.10.2019 жылғы № 268-VІ Заңына сәйкес (24.05.2018 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 16.11.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Биоотын және оның өмірлік циклінің процестері адамның өмірі мен денсаулығы және қоршаған ортаны қорғау үшін қауіпсіз болуға, Қазақстан Республикасының техникалық реттеу саласындағы заңнамасында белгіленген талаптарға сай келуге тиіс.
16-бап. Биоотынды сақтау кезіндегі қауіпсіздік талаптары
1. Биоотынды сақтау Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қауіпсіздік талаптарына сай келетін арнайы қойма үй-жайларында жүзеге асырылады.
2. Биоотынды сақтау кезіндегі қауіпсіздік талаптары тәуекелдерге қарай Қазақстан Республикасының техникалық реттеу саласындағы заңнамасына сәйкес белгіленеді.
2-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР 28.10.2019 жылғы № 268-VІ Заңына сәйкес (24.05.2018 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 16.11.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
17-бап. Биоотынды тасымалдау кезіндегі қауіпсіздік талаптары
1. Биоотынды арнайы жабдықталған және қауіпті жүктерді тасымалдауға қойылатын талаптарға әрі техникалық пайдалану қағидаларына сәйкес жүк тасымалдауға рұқсат етілген көлікпен тасымалдауға жол беріледі.
2. Биоотынды тасымалдауға қатысты құжаттар қауіпті жүктерді тасымалдауға арналған әрбір көлік түрі үшін Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген талаптарға сәйкес келуге тиіс.
3. Биоотынды тасымалдау биоотынның қауіпсіздігін, сапасын және сақталуын қамтамасыз етуге тиіс.
18-бап. Биоотынды кәдеге жарату және жою кезіндегі қауіпсіздік талаптары
18-бап өзгертілді ҚР 28.10.2019 жылғы № 268-VІ Заңымен (24.05.2018 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 16.11.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Зертханалық зерттеу нәтижелері бойынша мақсатына қарай пайдалануға жарамсыз деп танылған биоотынға Қазақстан Республикасының техникалық реттеу саласындағы заңнамасына сәйкес одан әрі пайдалану немесе жою (кәдеге жарату) тұрғысында сараптама жасалуға тиіс.
4-тарау. БИООТЫН ӨНДІРІСІ ЖӘНЕ АЙНАЛЫМЫ САЛАСЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК БАҚЫЛАУ
19-бап. Биоотын өндірісі және айналымы саласындағы мемлекеттік бақылау
19-бап өзгертілді ҚР 06.01.2011 № 378-IV Заңымен ( 15.11.2010 ж. редакциясын қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі)
1. Биоотын өндірісі және айналымы саласындағы мемлекеттік бақылау Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес жоспардан тыс тексеру, бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау нысанында жүзеге асырылады.
1-тармақ өзгертілді ҚР 29.10.2015 жылғы № 376-V Заңымен (29.12.2014 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту қолданысқа енгізіледі 01.01.2016 жылдан бастап)
1-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР 24.05.2018 жылғы № 156-VІ Заңына сәйкес (29.10.2015 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 28.05.2018 жылы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
1-тармақ өзгертілді ҚР 06.04.2024 жылғы № 71-VIII Заңымен (19.04.2023 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 08.06.2024 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
2. Биоотын өндірісі және айналымы саласында сол сияқты камералдық бақылау жүзеге асырылады.
  • 1
20-бап. Биоотын өндірісі саласындағы камералдық бақылау
20-бап өзгертілді ҚР 29.09.2014 жылғы № 239-V Заңымен (13.01.2014 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 02.10.2014 жылы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
Биоотын өндірісі саласындағы камералдық бақылауды биоотын өндірушілер ұсынатын ведомстволық есептілікті, тексеру парақтарын, тәуекел дәрежесін бағалау критерийлерін, бақылау аспаптарының көрсеткіштерін зерделеу және талдау негізінде облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың жергілікті атқарушы органы жүзеге асырады.
21-бап. Биоотын айналымы саласындағы камералдық бақылау
21-бап өзгертілді ҚР 05.01.2021 жылғы № 407-VI Заңымен (28.10.2019 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 01.01.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Биоотын айналымы саласындағы камералдық бақылауды биоотын нарығына қатысушылар табыс ететін биоотын айналымы жөніндегі декларацияларды, тауарларға ілеспе жүкқұжаттарды зерделеу және талдау негізінде биоотын айналымы саласындағы уәкілетті орган жүзеге асырады.
22-бап. Биоотын өндірісі және айналымы саласында камералдық бақылауды жүргізу тәртібі
1. Бұзушылықтар анықталған (биоотын нарығына қатысушылар осы Заңның 20 және 21-баптарында көрсетілген құжаттарды ұсынбаған не оларды зерделеу және талдау кезінде бұзушылықтар анықталған) жағдайларда, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың жергілікті атқарушы органы, биоотын айналымы саласындағы уәкілетті орган мұндай бұзушылық анықталған кезден бастап бес жұмыс күні ішінде биоотын нарығына қатысушыға хабарламаны табыс етеді.
1-тармақ өзгертілді ҚР 29.09.2014 жылғы № 239-V Заңымен (13.01.2014 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 02.10.2014 жылы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
1-тармақ өзгертілді ҚР 10.10.2022 жылғы № 144-VII Заңымен (05.01.2021 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 11.12.2022 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
2. Почта бойынша хабарламасы бар тапсырыс хатпен не хабарларды кепілді жеткізуді қамтамасыз ететін электрондық байланыс арналары арқылы жіберілген электронды түрдегі хабарлама почта немесе өзге байланыс ұйымынан жауап алған күннен бастап не хабарламаны электронды түрде жіберген күннен бастап бес жұмыс күні өткеннен кейін тапсырылды деп есептеледі.
Камералдық бақылау нәтижесі бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы хабарламаны орындау оны тапсырған (алған) күннен бастап күнтізбелік отыз күн ішінде жүзеге асырылады.
5-тарау. ҚОРЫТЫНДЫ ЕРЕЖЕЛЕР
23-бап. Қазақстан Республикасының биоотын өндірісін және айналымын мемлекеттік реттеу туралы заңнамасын бұзғаны үшін жауаптылық
Қазақстан Республикасының биоотын өндірісін және айналымын мемлекеттік реттеу туралы заңнамасын бұзу Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жауаптылыққа әкеп соғады.
24-бап. Осы Заңды қолданысқа енгізу тәртібі
Осы Заң алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Президенті Н. Назарбаев