Ocы Заң Қазақстан Республикасы iшкi iстер органдарының мәртебесiн, құрылымын, өкiлеттiктерiн және қызметiн ұйымдастыруды айқындайды.
Отправить по почте
Қазақстан Республикасының ішкi iстер органдары туралы Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 21 желтоқсандағы N 2707 Заңы
Осы Заң күшін жойды 05.05.2014 жылдан бастап ҚР 23.04.2014 жылғы № 199-V Заңына сәйкес
Редакция 07.03.2014 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
Ocы Заң Қазақстан Республикасы iшкi iстер органдарының мәртебесiн, құрылымын, өкiлеттiктерiн және қызметiн ұйымдастыруды айқындайды.
1 Тарау. Жалпы ережелер
1-бап. Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының мәртебесі
Қазақстан Республикасының iшкi iстер органдары (бұдан әрi – iшкi iстер органдары) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес анықтауды, алдын ала тергеуді және жедел-iздестiру қызметiн, сондай-ақ қоғамдық тәртiптi сақтау және қоғамдық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету, адамның және азаматтың құқықтары мен бостандығына, қоғам мен мемлекеттiң мүдделерiне қылмыстық және өзге де заңсыз қол сұғушылықтардың алдын алу және жолын кесу жөнiндегі атқарушылық және өкiмдік функцияларды жүзеге асыратын мемлекеттiк органдар болып табылады.
2-бап. Iшкi iстер органдарының мiндеттерi
1. Iшкi iстер органдарының мiндеттерi:
1) қоғамдық тәртiптi сақтау және қоғамдық қауiпсiздiктi, соның iшiнде төтенше немесе соғыс жағдайы ахуалында қамтамасыз ету;
2) қылмыстар мен әкiмшiлiк құқық бұзушылықтардың алдын алу, анықтау, жолын кесу, қылмыстарды ашу және тергеу, сондай-ақ қылмыскерлерді іздестіру;
3) құқық бұзушылық профилактикасы;
4) заңнамада белгiленген өздерiнiң құзыретi шегiнде алдын ала тергеу, анықтау мен әкiмшiлiк iс жүргiзудi жүзеге асыру;
5) қылмыстық жазаларды және әкiмшiлiк жазалауларды орындау;
6) сотталған адамдарды қылмыстық-атқару жүйесiнің органдары мен мекемелерінде және әкімшілік жолмен қамауға алынғандарды ұстау орындарында заңдылықты, құқық тәртібін қамтамасыз ету және ұстау режимін сақтап тұру;
7) күдіктiлердiң, айыпталушылардың және сотталған адамдардың, сондай-ақ Қазақстан Республикасы қылмыстық-атқару жүйесiндегi азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерiн қамтамасыз ету;
8) сотталған адамдардың түзелуiн ұйымдастыру;
9) мемлекеттік және өзге объектілерді, жеке тұлғаларды күзету, қамауға алынған және сотталған адамдарды алып жүру, кепілге алынған адамдарды босатуға қатысу;
10) қажет болған жағдайларда мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарына өрт қауіпсіздігін қамтамасыз етуде жәрдем көрсету;
11) жол қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз етуді мемлекеттік бақылау;
12) есiрткi құралдарының, психотроптық заттардың, прекурсорлардың айналымын мемлекеттiк бақылау;
13) азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондарының, азаматтық пиротехникалық заттар мен оларды қолданып жасалған бұйымдардың айналымы саласында жұмыспен қамтылған жеке және заңды тұлғалардың қызметін мемлекеттiк бақылау;
14) күзет қызметiн, сондай-ақ күзет дабылы құралдарын монтаждауды, орнатуды және оларға техникалық қызмет көрсетудi жүзеге асыратын субъектiлердiң қызметiн мемлекеттiк бақылау;
15) мемлекеттік және өзге де объектілерді күзету, қамауға алынған және сотталған адамдарды айдап апару, кепілге алынған адамдарды босатуға қатысу;
16) виза жұмысын жүргiзу, шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың Қазақстан Республикасының аумағында болу қағидаларын сақтауын бақылау;
17) Қазақстан Республикасының азаматтарына жеке куәлiктер мен паспорттар құжаттамалауды, дайындауды және берудi жүзеге асыру;
18) Қазақстан Республикасының Үкiметi айқындайтын тәртiппен азаматтарды есепке алуды және тiркеудi жүзеге асыру;
18-1) Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен көлік құралының сәйкестендіру нөмірі бойынша көлік құралдарының жекелеген түрлерін мемлекеттік тіркеуді және есепке алуды жүзеге асыру;
19) босқындар мәселелері бойынша мемлекеттік саясатты іске асыру;
20) соғыс уақытында Қазақстан Республикасының аумақтық қорғаныс жүйесiнде жекелеген мiндеттердi орындау;
21) өзге мемлекеттік органдармен бірлесіп, оның ішінде төтенше жағдайлар кезінде карантиндік, санитариялық және табиғат қорғау шараларын жүргізуге қатысу, табиғат қорғау органдарына браконьерлікке қарсы күресуде жәрдем көрсету;
22) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес лицензиялық және рұқсат етушілік қызметті жүзеге асыру;
23) Қазақстан Республикасының айрықша маңызды және айрықша режимді объектілерінде, аумақтарында режимдік және күзет шараларын жүзеге асыру;
24) iшкi iстер органдарының қарауына жатқызылған мәселелер бойынша халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асыру;
25) есiрткi құралдары, психотроптық заттар, прекурсорлар айналымы және олардың заңсыз айналымы мен оларды терiс пайдалануға қарсы iс-қимыл саласындағы мемлекеттiк саясатты жүзеге асыру;
26) «Терроризмге қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген шаралар мен уақытша шектеулерді қолдану құқығымен терроризмге қарсы операция жүргізуге және терроризмге қарсы операцияның құқықтық режимін қамтамасыз етуге қатысу болып табылады.
2. Өзге мiндеттер iшкi iстер органдарына тек заңмен ғана жүктелуi мүмкiн.
3-бап. Iшкi iстер органдары қызметiнiң принциптерi
Iшкi iстер органдарының қызметi заңдылық, дара басшылық, iшкi iстер органдары жүйесiнiң бiрлiгi, жариялылық, құқық қорғау және басқа да мемлекеттiк органдармен, лауазымды тұлғалармен, ұйымдармен және азаматтармен өзара iс-қимыл жасау принциптерiне негiзделiп құрылады.
4-бап. Ішкі істер органдарының жүйесі
Ішкі істер органдарының біртұтас жүйесін Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі (бұдан әрі – Ішкі істер министрлігі), оның құрамына кіретін департаменттер мен өзге де құрылымдық бөлімшелер, облыстардың, республикалық маңызы бар қала мен Республика астанасының, көліктегі оған бағынатын ішкі істер департаменттерi, қалалық, аудандық, қалалардағы аудандық, кенттік, желілік ішкі істер органдары және қылмыстық-атқару жүйесінің органдары мен мекемелері, ішкі әскерлер, білім беру ұйымдары, мекемелер және өзге де ұйымдар құрайды.
Ішкі істер органдарының құрамында криминалдық полиция, әкімшілік полиция және полицияның өзге де қызметтері, сондай-ақ Ішкі істер министрлігінің әскери құрылымдар мәртебесі бар әскери-тергеу органдары мен әскери полициясы құрылады.
Криминалдық, әкімшілік және өзге де полиция қызметтерінің бөлімшелерін, сондай-ақ Ішкі істер министрлігінің әскери-тергеу органдары мен әскери полициясын құруды, қайта құруды және таратуды Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрі жүзеге асырады.
Iшкi істер органдары жүйесінің штат саны лимитін Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді.
4-1-бап. Криминалдық полиция
Криминалдық полицияның негізгі міндеттері қылмыстарды анықтау, оның алдын алу, жолын кесу, оны ашу және тергеу, ішкі істер органдарының жүргізуіне жататын қылмыстар туралы істер бойынша анықтама ісін жүргізу, тергеуден, анықтамадан және соттан жасырынған, қылмыстық жазаны атқарудан және өтеуден жалтарған, хабарсыз кеткен және Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген өзге де жағдайларда адамдарды іздестіруді ұйымдастыру және жүзеге асыру болып табылады.
Криминалдық полицияны жедел-іздестіру, тергеу, ғылыми-техникалық және Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігіне тікелей бағынатын, оның алдында тұрған міндеттерді шешу үшін қажетті өзге де бөлімшелер құрайды.
4-2-бап. Әкімшілік полиция
Әкімшілік полицияның негізгі міндеттері қоғамдық тәртіпті сақтау, қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, қылмыстар мен әкімшілік құқық бұзушылықтарды анықтау, оның алдын алу және жолын кесу, қылмыстарды ашу, Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген құзыретінің шегінде анықтама мен әкімшілік іс жүргізуді жүзеге асыру, ұсталған және қамауға алынған адамдар, оның ішінде белгілі бір тұратын жері, құжаттары жоқ адамдар ұсталатын жерлерде құқық тәртібін қамтамасыз ету, кәмелетке толмағандар арасындағы қадағалаусыздық пен құқық бұзушылықтарды анықтау және жолын кесу, жол қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз етуге мемлекеттік қадағалау және бақылау жасау, Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес ішкі істер органдарына жүктелген лицензиялау мен рұқсат ету қызметiн жүзеге асыру болып табылады.
Әкімшілік полицияны полицияның учаскелік инспекторлары мен кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі учаскелік инспекторлар қызметтері, сақшылық қызмет, лицензиялық және рұқсат ету жүйесі, табиғат қорғау және ветеринариялық, көші-қон және жол полициясы бөлімшелері, ішкі істер органдарының арнаулы мекемелері және әкімшілік полицияның алдында тұрған міндеттерді шешу үшін қажетті өзге де бөлімшелер құрайды.
4-3-бап. Әскери-тергеу органдары
Эта возможность доступна только для зарегистрированных пользователей. Пожалуйста, войдите или зарегистрируйтесь. |
|
Регистрация |