• Мое избранное
Внимание! Документ утратил силу с 17.04.2014 г

Отправить по почте

Жол жүрiсi қауiпсiздiгi туралы Қазақстан Республикасының 1996 жылғы 15 шiлдедегi N 29 Заңы

Осы Заң күшін жойды 19.10.2014 жылдан бастап ҚР 17.04.2014 жылғы № 194-V Заңына сәйкес
Редакция 13.01.2014 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен 
Осы Заң жол жүрiсi қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету саласындағы мемлекеттiк басқару жүйесiн ұйымдастырудың негiзгi принциптерiн белгiлеп, қоғамдық қатынастарды реттейдi.
Мәтiнде "тарау" деген сөздiң алдындағы "I - IV" деген цифрлар тиiсiнше "1 - 4" деген цифрлармен өзгертілді ҚР  20.12.2004 жылғы № 13 Заңымен ( 10.06.2003 ж. редакциясын қараңыз) (2005 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді)
1 тарау
Жалпы ережелер
1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негiзгi ұғымдар
1-бап өзгертілді ҚР 08.01.2013 жылғы №  64-V  Заңымен (  24.12.2012 ж. редакциясын қараңыз) (2013.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі)
Осы Заңда мынадай негiзгi ұғымдар пайдаланылады:
1) автомагистраль бiр-бiрiнен бөлiп тұратын жолақпен, ал ол болмаған жағдайда, жол қоршауымен бөлiнген, жүрiстiң әрбiр бағыты үшiн жүру бөлiктерi бар, басқа жолдарды, темiржолдарды немесе трамвай жолдарын, жаяу немесе велосипедпен жүретiн жолдарды бiр деңгейде кесiп өтпейтiн жол;
2) жол - мемлекеттiк есепке алуға жататын және көлiк құралдарының жүруiне арналған инженерлiк құрылыс кешенi болып табылатын жалпы пайдаланудағы автомобиль жолы, шаруашылық автомобиль жолы, елдi мекен көшесi. Жол бiр немесе бiрнеше жүрiс бөлiгiн, сондай-ақ трамвай жолдарын, тротуарларды, жол жиектерiн және бөлу жолақтары болған жағдайда - соларды қамтиды;
3) жол жүрiсi - адамдар мен жүктердiң жолдармен көлiк құралдарын пайдаланып не оларсыз (жүргiншiлер) жүрiсi кезiнде, сондай-ақ осы жүрiс ережелерiн реттеу процесiнде туындайтын қоғамдық қатынастар жиынтығы;
4) жол жүрiсi қауiпсiздiгi – жол-көлiк оқиғалары мен олардың зардаптарынан жол жүрiсiне қатысушылар мен мемлекеттiң қорғалу дәрежесiн көрсететiн жол жүрiсiнiң жай-күйi;
5) жол жүрiсi қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету – жол-көлiк оқиғаларының туындауын болғызбауға, олардың зардаптарының ауырлығын азайтуға бағытталған қызмет;
6) жол жүрiсiне қатысушы – жүргiзушi, жүргiншi, көлiк құралының жолаушысы, мал айдаушы ретiнде жүрiс процесiне тiкелей қатысатын адам;
7) жол жүрiсiн реттеудiң техникалық құралдары – жол белгiлерi, жол таңбалары, бағдаршамдар (олардың жұмыс бағдарламасын айқындайтын жабдықтарды қоса алғанда), темiр жол өткелдерiндегi реттегiш құрылғылар, сондай-ақ жол қоршаулары мен бағыттаушы құрылғылар;
8) жол жүрiсiн ұйымдастыру – жолдардағы жүрiстi басқару жөнiндегi ұйымдық-техникалық іс-шаралар мен өкiммен жүргiзілетiн iс-қимылдар кешенi;
9) жол-көлiк оқиғасы – көлiк құралының жол бойында жүрiсi процесiнде және оның қатысуымен туындаған, адамдар қаза тапқан немесе жарақаттанған, көлiк құралдары, ғимараттар, жүк бүлiнген не өзге де материалдық залал келтiрген оқиға;
10) көлік және коммуникация саласындағы уәкілетті орган – автомобиль көлігі саласындағы басшылықты, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген шекте салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;
10-1) көлік құралдарын және олардың тіркемелерін мемлекеттік тіркеудің бірыңғай ақпараттық жүйесі – көлік құралдарының және олардың тіркемелерінің иелері, көлік құралының сәйкестендіру нөмірі міндетті түрде қамтылған көлік құралдары және олардың тіркемелері туралы, сондай-ақ көлік құралдарын тіркеу туралы берілген куәліктер, мемлекеттік тіркеу нөмірі белгілері туралы мәліметтерді орталықтандырылған есепке алуды қамтамасыз ететін мемлекеттік ақпараттық жүйе;
11) көлiк құралы - адамдарды, жүктi немесе үстiне орнатылған жабдықтарды жолдармен тасымалдауға арналған қондырғы;
11-1) көлік құралының сәйкестендіру нөмірі – көлік құралдарын және олардың тіркемелерін мемлекеттік тіркеудің бірыңғай ақпараттық жүйесінде көлік құралын сәйкестендіруді жүргізуге мүмкіндік беретін, көлік құралын шығарушы берген, тізбектелген әріптік-цифрлық белгілер түрінде көрсетілген көлік құралының жеке сериялық нөмірі;
11-1-тармақшамен толықтырылды ҚР 27.04.2012 жылғы № 15-V Заңына сәйкес ( 15.07.2011 ж. редакциясын қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі)
12) қызмет өңірі – тіркелген механикалық көлік құралдарын және олардың тіркемелерін бөлу принципі бойынша көлік және коммуникация саласындағы уәкілетті орган айқындаған аумақ;
13) мемлекеттік техникалық байқау – тракторларды және олардың базасында жасалған өздiгiнен жүретiн шассилер мен механизмдердiң, монтаждалған арнаулы жабдығы бар тiркемелердi қоса алғанда, олардың тіркемелерінің, өздiгiнен жүретiн ауыл шаруашылық, мелиорациялық және жол-құрылыс машиналары мен механизмдерiнің, сондай-ақ жүрiп өту мүмкiндiгi жоғары арнайы машиналардың техникалық жай-күйінің Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген талаптарға сәйкестігін диагностикалаудың мерзімді процесі;
14) механикалық көлік құралдарын және олардың тіркемелерін міндетті техникалық байқаудың бірыңғай ақпараттық жүйесі – механикалық көлік құралдарының және олардың тіркемелерінің иелері, механикалық көлік құралдары және олардың тіркемелері, міндетті техникалық байқауды өткізудің нәтижелері, берілген міндетті техникалық байқаудан өткені туралы куәліктер мен халықаралық техникалық байқау сертификаттары туралы мәліметтерді қамтитын электрондық деректер базасы;
15) механикалық көлiк құралы - мопедтен басқа, қозғалтқыш арқылы жүретiн көлiк құралы. Бұл ұғым тракторлар мен өздiгiнен жүретiн машиналарға да қолданылады;
16) міндетті техникалық байқау – механикалық көлік құралдары мен олардың тіркемелерінің техникалық жай-күйінің Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген талаптарға сәйкестігін диагностикалаудың мерзімді процесі;
17) міндетті техникалық байқаудан өткені туралы куәлік – қатаң есептілік бланкісі болып табылатын және міндетті техникалық байқаудан өту фактісін растайтын, оның нәтижелері бойынша механикалық көлік құралдарының және олардың тіркемелерінің техникалық жай-күйінің Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген талаптарға сәйкестігі белгіленген құжат;
18) техникалық байқаудың диагностикалық картасы – механикалық көлік құралының және оның тіркемелерінің техникалық жай-күйі параметрлерінің тізбесі бар, иесі мен механикалық көлік құралы және оның тіркемелері туралы және міндетті техникалық байқау нәтижелері туралы мәліметтерді қамтитын құжат;
19) техникалық байқаудың стационарлық желісі – міндетті техникалық байқаудан өткізу үшін көлік құралдарын техникалық диагностикалау құралдарымен жарақтандырылған, ғимаратта немесе құрылыста орналасқан кешен;
20) техникалық байқаудың ұтқыр желісі – көлік құралдарын міндетті техникалық байқаудан өткізуге арналған техникалық диагностикалау құралдарымен жарақтандырылған, арнайы көлік құралынан тұратын жылжымалы кешен;
20-1) техникалық байқау операторы – міндетті техникалық байқаудан өткізу жөніндегі қызметті жүзеге асыратын және техникалық байқау операторларының тізіліміне енгізілген дара кәсіпкер немесе заңды тұлға;
20-1-тармақшамен толықтырылды ҚР 24.01.2011 жылғы №  399-IV Заңына сәйкес(алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі)
21) техникалық байқау орталығы – механикалық көлік құралдары мен олардың тіркемелерінің техникалық жай-күйін диагностикалау жұмыстарын орындауға арналған, осы мақсаттар үшін стационарлық және (немесе) ұтқыр техникалық байқау желісі бар кешен;
22) техникалық байқау операторларының тізілімі – техникалық байқау операторларының бірыңғай тізбесі, оны жүргізуді көлік және коммуникация саласындағы уәкілетті орган жүзеге асырады;
23) тiркеме қозғалтқышпен жабдықталмаған және механикалық көлiк құралының құрамында жүруге арналған көлiк құралы. Бұл ұғым жартылай тiркемелер мен ұзартылмалы тiркемелерге де қолданылады;
24) халықаралық техникалық байқау сертификаты – қатаң есептіліктегі бланк болып табылатын және халықаралық автомобиль қатынасында пайдаланылатын, салмағы 3,5 тоннадан асатын механикалық көлік құралының және оның тіркемелерінің міндетті техникалық байқаудан өту фактісін және Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарда белгіленген талаптарға сәйкестігін растайтын құжат.
2-бап. Қазақстан Республикасының жол жүрiсi қауiпсiздiгi туралы заңдары
Қазақстан Республикасының жол жүрiсi қауiпсiздiгi туралы заңдары Қазақстан Республикасының Конституциясына негiзделедi, осы Заңнан, Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк құқықтық актiлерiнен тұрады.
3-бап. Жол жүрiсi қауiпсiздiгiн қамтамасыз етудiң негiзгi принциптерi
3-бап өзгертілді 20.12.2004 жылғы №  13 Заңымен ( 10.06.2003 ж. редакциясын қараңыз) (2005 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді)
Жол жүрiсi қауiпсiздiгiн қамтамасыз етудiң негiзгi принциптерi мыналар болып табылады:
- жол жүрiсiне қатысушы азаматтардың өмiрi мен денсаулығының шаруашылық қызметтiң экономикалық нәтижелерiнен басымдығы;
- жол жүрiсi қауiпсiздiгiн қамтамасыз етуде мемлекет жауапкершiлiгiнiң жол жүрiсiне қатысушы азаматтардың жауапкершiлiгiнен басымдығы;
- жол жүрiсi қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету кезiнде азаматтар мен мемлекет мүдделерiнiң сақталуы;
- жол жүрiсi қауiпсiздiгiн қамтамасыз етуге жүйелi көзқарас.
4-бап. Жол жүрiсi қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету жүйесi
Жол жүрiсi қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету жүйесi мемлекеттiк саясатты iске асыру құралы болып табылады және ол жол жүрiсi қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету саласындағы қатынастарды айқындайтын құқықтық нормаларды, орталық және жергiлiктi атқарушы органдардың, меншiк нысанына қарамастан, заңды тұлғалардың, жол жүрiсiне қатысушылардың, жол жүрiсi қауiпсiздiгiн және жол-көлiк оқиғаларының зардаптарын жоюды қамтамасыз ететiн құралдар мен шаралардың жиынтығын қамтиды.
2 тарау
Жол жүрiсi қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету саласындағы мемлекеттiк басқару жүйесi
5-бап. Жол жүрiсi қауiпсiздiгiн қамтамасыз етудiң негiзгi бағыттары
5-бап өзгертілді ҚР 20.12.2004 жылғы № 13 Заңымен ( 10.06.2003 ж. редакцисын қараңыз) (2005 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді)
5-бап өзгертілді  ҚР 29.12.2006 жылғы № 209 Заңымен ( 10.01.2006 ж. редакциясын қараңыз)
5-бап өзгертілді ҚР 12.01.2007 жылғы № 222 Заңымен ( 29.12.2006 ж. редакциясын қараңыз) (ресми жарияланған күнінен бастап алты ай өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі)
5-бап өзгертілді ҚР 04.07.2013 жылғы № 132-V Заңымен (03.07.2013 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 11.07.2013 жылғы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
Жол жүрiсi қауiпсiздiгi мыналар арқылы қамтамасыз етiледi:
- Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң, орталық және жергiлiктi атқарушы органдарының жол жүрiсi қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету саласындағы өкiлеттiгi мен жауапкершiлiгiн белгiлеу;
- жол-көлiк оқиғаларының алдын алу және олардың зардаптарының ауырлығын азайту мақсатымен орталық және жергiлiктi атқарушы органдардың, заңды және жеке тұлғалардың қызметiн үйлестiру;