4) тұрғын үй қорларының сақталуы мен жөнделуiнiң қамтамасыз етiлуiне;
-
Өнімдер:
Судебная практика










Судебная практика
Отправить по почте

Тұрғын үй қатынастары туралы Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуiрдегi № 94-1 Заңы
Құжат мәтініндегі "бөлiм" деген сөздiң алдындағы "I - VІ" деген цифрлар тиiсiнше "1 - 6" деген цифрлармен ауыстырылды ҚР 20.12.2004 жылғы № 13 Заңы бойынша (09.07.2004 ж. редакцияны қараңыз) Құжат мәтініндегі «тұрғын жай» сөздері «тұрғынжай» сөзімен ауыстырылды ҚР 29.12.2014 жылғы № 270-V Заңы бойынша (29.09.2014 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 31.12.2014 жылғы № 255 (28478) „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды Осы Заңда бүкіл мәтін бойынша «оралман» деген сөздер «қандас» деген сөздермен ауыстырылды ҚР 13.05.2020 жылғы № 327-VI Заңына сәйкес (06.05.2020 ж. редакцияны қараңыз) Осы Заңға өзгеріс енгізу қарастырады - ҚР 24.06.2025 жылғы № 196-VIII Заңына сәйкес (өзгерту 01.01.2026 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1 Бөлiм
1-тарау. Жалпы ережелер
1-бап. Қазақстан Республикасының тұрғын үй заңнамасы
1-бап өзгертілді ҚР 22.07.2011 жылғы № 479-IV Заңымен (05.07.2011 ж. редакцияны қараңыз) (алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізіледі)
1. Қазақстан Республикасының тұрғын үй заңнамасы азаматтардың, заңды тұлғалардың, мемлекеттiк органдардың қатысуымен:
1) тұрғын үйлерге меншiк құқығының және оларды пайдалану құқығының пайда болуы мен тоқтатылу негiздерiне;
2) пәтерлерді, тұрғын емес үй-жайларды, орынтұрақ орындарын, қоймаларды пайдалану құқығының жүзеге асырылуына және коммуналдық көрсетілетін қызметтерді алуға;
2-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР 26.12.2019 жылғы № 284-VІ Заңына сәйкес (25.11.2019 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 07.01.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі) 2-тармақша өзгертілді ҚР 15.03.2023 № 207-VII Заңымен (05.11.2022 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 16.05.2023 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
3) жеке және көппәтерлі тұрғын үйлерге қойылатын талаптарға;
3-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР 26.12.2019 жылғы № 284-VІ Заңына сәйкес (25.11.2019 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 07.01.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
4) тұрғын үй қорларының сақталуы мен жөнделуiнiң қамтамасыз етiлуiне;
5) азаматтардың тұрғын үй саласындағы құқықтарының сақталуын және тұрғын үй қорының пайдаланылуын мемлекеттiк органдардың бақылауына;
6) құқық қорғау органының, арнаулы мемлекеттік органның, азаматтық қорғау органының қызметкерін (курсантты және (немесе) тыңдаушыны қоспағанда) және әскери қызметшіні (мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшіні, резервтегі әскери қызметті өткеріп жүрген әскери қызметшіні, курсант пен кадетті, әскери жиындарға шақырылған әскери міндетті адамды қоспағанда) тұрғын үймен қамтамасыз ету ерекшеліктеріне;
6-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР 13.06.2017 жылғы № 69-VІ Заңына сәйкес (18.04.2017 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 15.06.2017 жылы № 113 (28492) „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды 6-тармақша өзгертілді ҚР 06.10.2020 жылғы № 365-VI Заңымен (29.06.2020 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 18.10.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі) 6-тармақша өзгертілді ҚР 01.04.2021 жылғы № 26-VII Заңымен (02.01.2021 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 01.01.2021 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі) 6-тармақша өзгертілді ҚР 24.06.2025 жылғы № 196-VIII Заңымен (18.03.2025 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 30.05.2025 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі) 6-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР 30.06.2025 жылғы № 203-VIII Заңына сәйкес (24.06.2025 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 01.07.2025 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі) 6-тармақша өзгертілді ҚР 17.07.2025 жылғы № 213-VIII Заңымен (15.07.2025 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 29.07.2025 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
7) энергетикалық және коммуналдық секторларды жаңғырту жөніндегі ұлттық жобаны іске асыруға байланысты қатынастарды реттейді.
1-тармақ 7-тармақшамен толықтырылды ҚР 17.07.2025 жылғы № 213-VIII Заңына сәйкес (өзгерту 29.07.2025 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
2. Қазақстан Республикасында тұрғын үй қатынастары осы Заңмен, Азаматтық кодекс нормаларымен және соларға сәйкес шығарылатын өзге де Қазақстан Республикасының заңнамасымен реттеледi.
3. Тұрғын үй құрылысын қаржыландыруға, тұрғын үй қорының дамытылуы мен ұлғайтылуына байланысты қатынастар осы Заңда белгiленген талаптарды ескере отырып, тиiстi Қазақстан Республикасының заңнамасымен реттеледi.
4. Қонақүйлерде, пансионаттарда, интернаттарда, медициналық-әлеуметтік мекемелерде (ұйымдарда) және ұқсас мақсаттағы басқа да объектілерде тұру (болу) Қазақстан Республикасының заңнамасымен реттеледі.
4-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР 26.12.2019 жылғы № 284-VІ Заңына сәйкес (25.11.2019 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 07.01.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі) 4-тармақ өзгертілді ҚР 27.06.2022 жылғы № 129-VII ҚРЗ Заңымен (03.05.2022 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 09.07.2022 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
5. Егер пәтерлердің, тұрғын емес үй-жайлардың, орынтұрақ орындарының, қоймалардың меншік иесі мемлекет қатысатын ұйым болып табылса, мыналарды:
1-бап 5-тармақпен толықтырылды ҚР 15.03.2023 № 207-VII Заңына сәйкес (өзгерту 16.05.2023 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі) 5-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР 15.07.2025 жылғы № 207-VIII Заңына сәйкес (30.06.2025 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 15.09.2025 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1) ағымдағы жарналарды;
2) жинақтаушы жарналарды;
3) нысаналы жарналарды;
2-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар
Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
2-бап өзгертілді ҚР 07.07.2006 жылғы № 182 Заңы бойынша (20.12.2004 ж. редакцияны қараңыз) 2-бап өзгертілді ҚР 15.05.2007 жылғы № 253 Заңымен (07.07.2006 ж. редакцияны қараңыз) (алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) 2-бап өзгертілді ҚР 22.05.2007 жылғы № 255 Заңымен (15.05.2007 ж. редакцияны қараңыз) 2-бап өзгертілді ҚР 06.07.2007 жылғы № 276 Заңымен (22.05.2007 ж. редакцияны қараңыз) 2-бап өзгертілді ҚР 26.07.2007 жылғы № 311 Заңымен (06.07.2007 ж. редакцияны қараңыз) (алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) 2-бап өзгертілді ҚР 08.06.2009 жылғы № 163-IV Заңымен (26.07.2007 ж. редакцияны қараңыз) (алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізіледі)
1) авариялық көппәтерлі тұрғын үй – негізгі тіреуіш конструкциялары (іргетастары, бағаналары, тіреуіш қабырғалары, арқалықтары, жабындылары) тіреуіш қабілетін жоғалтқан және одан әрі пайдалану тұратын (болатын) адамдардың өміріне қауіп төндіретін, ғимараттар мен құрылысжайлардың беріктігін және орнықтылығын техникалық қадағалауды және техникалық зерттеп-қарауды жүзеге асыруға аккредиттелген заңды тұлғаның қорытындысымен қалпына келтіруге жатпайды деп танылған көппәтерлі тұрғын үй;
1-тармақша өзгертілді ҚР 22.07.2011 жылғы № 479-IV Заңымен (05.07.2011 ж. редакцияны қараңыз) (алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) 1-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР 26.12.2019 жылғы № 284-VІ Заңына сәйкес (25.11.2019 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 07.01.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1-1) ағымдағы жарналар – пәтерлер, тұрғын емес үй-жайлар меншік иелерінің кондоминиум объектісін басқару бойынша шығыстарды жабуға арналған ай сайынғы міндетті жарналары;
1-1-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР 26.12.2019 жылғы № 284-VІ Заңына сәйкес (25.11.2019 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 07.01.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі) 1-1-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР 15.07.2025 жылғы № 207-VIII Заңына сәйкес (30.06.2025 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 15.09.2025 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1-2) аз қамтылған отбасылар (азаматтар) – Қазақстан Республикасының тұрғын үй заңнамасына сәйкес тұрғын үй көмегін алуға құқығы бар адамдар;
2-бап 1-2-тармақшамен толықтырылды ҚР 29.12.2014 жылғы № 270-V Заңына сәйкес (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 31.12.2014 жылғы № 255 (28478) „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды 1-2-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР 26.12.2019 жылғы № 284-VІ Заңына сәйкес (25.11.2019 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 07.01.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі) 1-2-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР 15.07.2025 жылғы № 207-VIII Заңына сәйкес (30.06.2025 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 15.09.2025 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1-3) әскери қызметшілер – Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде, басқа да әскерлері мен әскери құрылымдарында әскери қызметте тұрған Қазақстан Республикасының азаматтары;
2-бап 1-3-тармақшамен толықтырылды ҚР 26.12.2019 жылғы № 284-VІ Заңына сәйкес (өзгерту 07.01.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі) 1-3-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР 15.07.2025 жылғы № 207-VIII Заңына сәйкес (30.06.2025 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 15.09.2025 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1-4) басқарушы компания – кондоминиум объектісін басқарудың жасалған шартының немесе көппәтерлі тұрғын үй пәтерлері, тұрғын емес үй-жайлары меншік иелерінің жиналысы хаттамасының негізінде кондоминиум объектісін басқару бойынша қызметтер көрсететін кәсіпкерлік субъектісі;
2-бап 1-4-тармақшамен толықтырылды ҚР 26.12.2019 жылғы № 284-VІ Заңына сәйкес (өзгерту 07.01.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі) 1-4-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР 22.11.2024 жылғы № 138-VIII Заңына сәйкес (19.06.2024 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 24.05.2025 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі) 1-4-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР 15.07.2025 жылғы № 207-VIII Заңына сәйкес (30.06.2025 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 15.09.2025 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1-5) бірыңғай республикалық электрондық база – осы Заңға сәйкес жергілікті атқарушы органдар тұрғынжайға мұқтаждар есебіне қойған Қазақстан Республикасының азаматтары, қандастар туралы мәліметтерді қамтитын электрондық дерекқор;
2-бап 1-5-тармақшамен толықтырылды ҚР 26.12.2019 жылғы № 284-VІ Заңына сәйкес (өзгерту 07.01.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі) 1-5-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР 22.11.2024 жылғы № 138-VIII Заңына сәйкес (19.06.2024 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 24.05.2025 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі) 1-5-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР 15.07.2025 жылғы № 207-VIII Заңына сәйкес (30.06.2025 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 15.09.2025 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1-6) бюджеттік ұйымдар – мемлекеттік мекемелер және қазыналық кәсіпорындар;
2-бап 1-6-тармақшамен толықтырылды ҚР 22.11.2024 жылғы № 138-VIII Заңына сәйкес (өзгерту 24.05.2025 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі) 1-6-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР 15.07.2025 жылғы № 207-VIII Заңына сәйкес (30.06.2025 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 15.09.2025 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1-7) ведомстволық тұрғын үй қоры – мемлекеттік мекемелердің балансында тұрған, лауазымға ротациялау тәртібімен тағайындалатын мемлекеттік қызметшілерге тұрғын үй комиссиясының шешімі бойынша лауазымдық міндеттерін атқару кезеңінде тұру үшін одан әрі жекешелендіру құқығынсыз беруге арналған қызметтік тұрғынжайлар;
2-бап 1-7-тармақшамен толықтырылды ҚР 15.07.2025 жылғы № 207-VIII Заңына сәйкес (өзгерту 15.09.2025 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1-8) бірыңғай есеп айырысу орталығы – уәкілетті орган айқындайтын жұмыс істеу талаптары мен тәртібіне сәйкес келетін, бірыңғай төлем құжатын қалыптастыруды жүзеге асыратын және ақпараттық жүйелер негізінде коммуналдық көрсетілетін қызметтерді берушілер мен коммуналдық көрсетілетін қызметтерді тұтынушылар арасындағы өзара іс-қимылды қамтамасыз ететін заңды тұлғалар;
2-бап 1-8-тармақшамен толықтырылды ҚР 17.07.2025 жылғы № 213-VIII Заңына сәйкес (өзгерту 29.07.2025 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1-9) бірыңғай төлем құжаты – қағаз жеткізгіште жасалған не электрондық нысанда қалыптастырылған, оның негізінде немесе оның көмегімен төлем және (немесе) ақша аудару жүзеге асырылатын, коммуналдық және қосымша көрсетілетін қызметтерге ақы төлеуді жүзеге асыру үшін жасалған құжат;
2-бап 1-9-тармақшамен толықтырылды ҚР 17.07.2025 жылғы № 213-VIII Заңына сәйкес (өзгерту 29.07.2025 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
2) дара (бөлек) меншік – азаматтардың, заңды тұлғалардың, мемлекеттің пәтерге, тұрғын емес үй-жайға, орынтұрақ орнына, қоймаға меншігі;
2-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР 26.12.2019 жылғы № 284-VІ Заңына сәйкес (25.11.2019 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 07.01.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі) 2-тармақша өзгертілді ҚР 15.03.2023 № 207-VII Заңымен (05.11.2022 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 16.05.2023 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
3) дауыс беру – пәтерлердің, тұрғын емес үй-жайлардың, орынтұрақ орындарының, қоймалардың меншік иелері кондоминиум объектісін басқаруға байланысты мәселелер бойынша шешім қабылдау үшін дауыстарды санау арқылы өз пікірлерін білдіретін рәсім;
3-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР 26.12.2019 жылғы № 284-VІ Заңына сәйкес (25.11.2019 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 07.01.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі) 3-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР 15.03.2023 № 207-VII Заңына сәйкес (05.11.2022 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 16.05.2023 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі) 3-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР 15.07.2025 жылғы № 207-VIII Заңына сәйкес (30.06.2025 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 15.09.2025 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
4) жалдамалы үй – жеке немесе заңды тұлғаға меншік құқығымен тиесілі, пәтерлері жалдауға беруге арналған көппәтерлі тұрғын үй;
4-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР 26.12.2019 жылғы № 284-VІ Заңына сәйкес (25.11.2019 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 07.01.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
5) жалдауға беруші – тұрғынжайды жалдау шартындағы тұрғынжайдың меншік иесі немесе тұрғын үйді жалдауға беруге меншік иесі уәкілеттік берген адам болып табылатын тарап;
5-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР 26.12.2019 жылғы № 284-VІ Заңына сәйкес (25.11.2019 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 07.01.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
6) жалдаушы – тұрғынжайды жалдау шартындағы тұрғынжайды немесе оның бір бөлігін пайдалануға алушы тарап;
6-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР 26.12.2019 жылғы № 284-VІ Заңына сәйкес (25.11.2019 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 07.01.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
7) жатақхана - еңбек шарты бойынша жұмыс істейтін адамдардың, оқу кезеңінде студенттер (курсанттар, аспиранттар) мен оқушылардың, сондай-ақ жатақхананың меншік иесімен немесе иесімен еңбек шарты бар басқа да адамдардың тұруы үшін арнайы салынған немесе қайта жабдықталған тұрғын ғимарат;
7-1) жеке арнайы шот – тұрғын үй төлемдерін алушылар тұрғын үй төлемдерін есепке жатқызу және белгіленген мақсаттарға төлемдерді жүзеге асыру үшін екінші деңгейдегі банкте ашатын ағымдағы банктік шот;
7-1-тармақша өзгертілді ҚР 10.01.2015 жылғы № 275-V Заңымен (29.12.2014 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 14.01.2015 жылы № 5(28483) „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды 7-1-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР 12.12.2017 жылғы № 114-VI Заңына сәйкес (13.06.2017 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту қолданысқа енгізіледі 01.01.2018 жылдан бастап) 7-1-тармақша өзгертілді ҚР 06.10.2020 жылғы № 365-VI Заңымен (29.06.2020 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 18.10.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі) 7-1-тармақша өзгертілді ҚР 01.04.2021 жылғы № 26-VII Заңымен (02.01.2021 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 01.01.2021 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі) 7-1-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР 15.04.2022 жылғы № 114- VII Заңына сәйкес (03.01.2022 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту қолданысқа енгізіледі 29.04.2022 жылдан бастап)
8) жеке тұрғын үй қоры - жеке немесе мемлекеттік емес заңды тұлғаларға меншік құқығымен тиесілі тұрғынжай;
8-тармақша өзгертілді ҚР 26.12.2019 жылғы № 284-VІ Заңымен (25.11.2019 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 07.01.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
9) жер учаскесі - тұрғын үйге (тұрғын ғимаратқа) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен бекітіліп берілген жер аумағы;
9-1) жинақтаушы жарналар – пәтерлер, тұрғын емес үй-жайлар, орынтұрақ орындары, қоймалар меншік иелерінің кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін немесе оның жекелеген бөліктерін күрделі жөндеуге арналған ай сайынғы міндетті жарналары;
2-бап 9-1-тармақшамен толықтырылды ҚР 15.07.2025 жылғы № 207-VIII Заңына сәйкес (өзгерту 15.09.2025 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
10) коммуналдық көрсетілетін қызметтер – тұтынушыға ұсынылатын, қауіпсіз және жайлы тұру (болу) жағдайларын қамтамасыз ету үшін сумен жабдықтауды, су бұруды, газбен жабдықтауды, электрмен жабдықтауды, жылумен жабдықтауды, қоқыс әкетуді, лифтілерге қызмет көрсетуді қамтитын қызметтер;
10-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР 26.12.2019 жылғы № 284-VІ Заңына сәйкес (25.11.2019 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 07.01.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
10-1) коммуналдық тұрғын үй қоры – тұрғын үйлерді пайдалануға беру жөніндегі арнайы мемлекеттік мекемеге бекітілген, жергілікті атқарушы органдардың қарауындағы тұрғын үйлер;
2-бап 10-1-тармақшамен толықтырылды ҚР 27.06.2011 жылғы № 444-IV Заңымен (25.03.2011 ж. редакцияны қараңыз) (алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізіледі)
11) кондоминиум объектісі – дара (бөлек) меншіктегі пәтерлерден, тұрғын емес үй-жайлардан, орынтұрақ орындарынан, қоймалардан және дара (бөлек) меншікте болмайтын және пәтерлердің, тұрғын емес үй-жайлардың, орынтұрақ орындарының, қоймалардың меншік иелеріне көппәтерлі тұрғын үй тұрған біртұтас бөлінбейтін жер учаскесін және (немесе) үй жанындағы жер учаскесін қоса алғанда, ортақ үлестік меншік құқығымен тиесілі ортақ мүліктен тұратын біртұтас мүліктік кешен;
11-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР 26.12.2019 жылғы № 284-VІ Заңына сәйкес (25.11.2019 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 07.01.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі) 11-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР 15.03.2023 № 207-VII Заңына сәйкес (05.11.2022 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 16.05.2023 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
12) кондоминиум объектісін басқару – пәтерлер, тұрғын емес үй-жайлар, орынтұрақ орындары, қоймалар меншік иелерінің қауіпсіз және жайлы тұру (болу) жағдайларын қамтамасыз етуге, сондай-ақ кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін тиісінше күтіп-ұстауға, оны пайдалану тәртібін реттеуге, коммуналдық көрсетілетін қызметтерді ұсынуды ұйымдастыруға бағытталған іс-шаралар кешені;
12-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР 26.12.2019 жылғы № 284-VІ Заңына сәйкес (25.11.2019 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 07.01.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі) 12-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР 15.07.2025 жылғы № 207-VIII Заңына сәйкес (30.06.2025 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 15.09.2025 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
13) кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға арналған шығыстар – кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға арналған шығыстар сметасын есептеу әдістемесіне, сондай-ақ кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға арналған шығыстардың ең аз мөлшерін есептеу әдістемесіне сәйкес жиналыс шешімімен белгіленген, пәтерлер, тұрғын емес үй-жайлар меншік иелерінің міндетті жарналары;
13-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР 26.12.2019 жылғы № 284-VІ Заңына сәйкес (25.11.2019 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 07.01.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі) 13-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР 15.03.2023 № 207-VII Заңына сәйкес (05.11.2022 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 16.05.2023 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
14) кондоминиум объектісінің ортақ мүлкі – дара (бөлек) меншіктегі пәтерлерден, тұрғын емес үй-жайлардан, орынтұрақ орындарынан, қоймалардан басқа, кондоминиум объектісінің бөліктері (қасбеттер, кіреберістер, вестибюльдер, холдар, дәліздер, баспалдақ марштары мен баспалдақ алаңдары, лифтілер, шатырлар, кіреберіс жерлердегі қорғауыштар (қалқалар), шатырастылар, техникалық қабаттар, жертөлелер, үйге ортақ инженерлік жүйелер мен жабдықтар, абоненттік пошта жәшіктері, көппәтерлі тұрғын үй тұрған жер учаскесі және (немесе) үй жанындағы жер учаскесі, абаттандыру элементтері және ортақ пайдаланылатын басқа да мүлік);
14-тармақша өзгертілді ҚР 22.07.2011 жылғы № 479-IV Заңымен (05.07.2011 ж. редакцияны қараңыз) (алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) 14-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР 26.12.2019 жылғы № 284-VІ Заңына сәйкес (25.11.2019 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 07.01.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі) 14-тармақша өзгертілді ҚР 15.03.2023 № 207-VII Заңымен (05.04.2023 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 16.05.2023 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі) 14-тармақша өзгертілді ҚР 21.05.2024 № 86-VIII Заңымен (15.04.2024 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 22.07.2024 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі) 14-тармақша өзгертілді ҚР 15.07.2025 жылғы № 207-VIII Заңымен (30.06.2025 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 15.09.2025 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
15) кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін ағымдағы жөндеу –мерзімінен бұрын тозуын болғызбау және ақауларын жою мақсатында жүргізілетін, көппәтерлі тұрғын үйдің нормативтік және техникалық құжаттамада белгіленген құрама бөліктері мен инженерлік жабдықтарын ауыстыру немесе қалпына келтіру жөніндегі уақтылы техникалық іс-шаралар мен жұмыстар кешені;
15-тармақша өзгертілді ҚР 22.07.2011 жылғы № 479-IV Заңымен (05.07.2011 ж. редакцияны қараңыз) (алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) 15-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР 26.12.2019 жылғы № 284-VІ Заңына сәйкес (25.11.2019 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 07.01.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
15-1) кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеу – көппәтерлі тұрғын үйдің ресурсын қалпына келтіру мақсатында жүргізілетін, көппәтерлі тұрғын үйдің тозған конструкцияларын, бөлшектерін және инженерлік жабдықтарын жаңа немесе анағұрлым мықты және үнемді, жөнделетін объектілердің пайдалану көрсеткіштерін жақсартатын түрлеріне ауыстыру жөніндегі іс-шаралар мен жұмыстар кешені;
2-бап 15-1-тармақшамен толықтырылды ҚР 29.12.2014 жылғы № 270-V Заңына сәйкес (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 31.12.2014 жылғы № 255 (28478) „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды 15-1-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР 26.12.2019 жылғы № 284-VІ Заңына сәйкес (25.11.2019 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 07.01.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)

Бұл мүмкіндік тек қана тіркелген пайдаланушыларға беріледі. Өтініш, кіріңіз немесе тіркеліңіз. |
|
| Тіркелу | |