Осы Заңда мынадай негiзгi ұғымдар пайдаланылады:
Отправить по почте
Жылжымалы мүлiк кепiлiн тiркеу туралы Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 30 маусымдағы N 254-I Заңы
Құжат мәтініндегі «жылжымайтын мүлік орталықтарының», «жылжымайтын мүлік орталығының», «жылжымайтын мүлік орталықтары», «жылжымайтын мүлік орталығына», «жылжымайтын мүлік орталығын», «Жылжымайтын мүлік орталықтары» сөздері «жылжымайтын мүлік орталықтарының және олардың филиалдарының», «жылжымайтын мүлік орталығының және оның филиалының», «жылжымайтын мүлік орталықтары және олардың филиалдары», «жылжымайтын мүлік орталығына және олардың филиалына», «жылжымайтын мүлік орталығын және оның филиалын», «Жылжымайтын мүлік орталықтары және олардың филиалдары» сөздерімен ауыстырылды ҚР 29.09.2014 жылғы № 239-V Заңы бойынша (10.06.2014 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 02.10.2014 жылы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
1-тарау. Жалпы ережелер
1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар
Осы Заңда мынадай негiзгi ұғымдар пайдаланылады:
1) «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтерді көрсету үшін, «бір терезе» қағидаты бойынша мемлекеттік қызметтер көрсетуге өтініштерді қабылдау және көрсетілетін қызметті алушыға олардың нәтижелерін беру жөніндегі жұмысты ұйымдастыру, мемлекеттік қызметтерді электрондық нысанда көрсетуді қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылған заңды тұлға;
1-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР 29.03.2016 жылғы № 479-V Заңына сәйкес (17.11.2015 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 21 (жиырма бір) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 31.03.2016 жылы № 60 (28788) „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды 1-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР 24.05.2018 жылғы № 156-VІ Заңына сәйкес (27.02.2017 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 28.05.2018 жылы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды 1-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР 23.12.2023 жылғы № 50-VIII Заңына сәйкес (29.06.2020 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 24.02.2024 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1-1) жылжымалы мүлiк – көлiк құралдарын, айналымдағы тауарларды, бағалы қағаздарды, ақшаны, мүлiктiк құқықтарды, оның iшiнде болашақтағы өнiмге және өзге де мүлiкке құқықты қоса алғанда, жылжымайтын мүлiкке жатпайтын мүлік;
1-тармақ 1-1-тармақшамен толықтырылды ҚР 24.05.2018 жылғы № 156-VІ Заңына сәйкес (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 28.05.2018 жылы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
2) жылжымалы мүлiк кепiлiн тiркеу – жылжымалы мүлiк кепiлiн тiркеу кезiнде туындайтын қатынастарға қатысушылардың кепіл туралы шарттағы немесе кепiл талаптары бар өзге де шарттағы мәлiметтердi жылжымалы мүлiк кепiлiнiң тiзiлiмiне енгiзу, жылжымалы мүлiк кепiлiн тiркеу туралы куәлiк беру, кепіл шартына өзгерістер, толықтырулар енгізу, сондай-ақ тіркелген кепілді тоқтату жөнiндегі iс-қимылдарының жиынтығын және тiркеушi органдардың және (немесе) «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының осы Заңда және Қазақстан Республикасының өзге де заңнамалық актiлерінде белгiленген тәртiппен жасалатын өзге де iс-қимылдарын бiлдiретiн, тiркеушi органның және (немесе) «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының жылжымалы мүлiк кепiлiн есепке алу рәсiмi;
2-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР 17.11.2015 жылғы № 408-V Заңына сәйкес (29.10.2015 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту қолданысқа енгізіледі 01.03.2016 жылдан бастап) 2-тармақша өзгертілді ҚР 27.02.2017 жылғы № 49-VI Заңымен (29.03.2016 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 01.03.2017 жылы № 42 (29023) „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды 2-тармақша өзгертілді ҚР 02.04.2019 жылғы № 241-VІ Заңымен (24.05.2018 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 14.04.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
3) жылжымалы мүлiк кепiлiн тiркеу органдары (тiркеушi органдар) – мемлекеттік тіркеуге жататын жылжымалы мүліктің жекелеген түрлерін және осы мүліктің кепілдерін тіркеуге Қазақстан Республикасының заңнамалық актілермен уәкілеттік берілген мемлекеттік органдар мен заңды тұлғалар;
4) жылжымалы мүлiк кепiлiн тiркеу туралы куәлiк – тiркеушi орган және (немесе) «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының өтiнiш иесiне беретiн және жылжымалы мүлiк кепiлiн тiркеу фактiсiн растайтын құжат;
4-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР 17.11.2015 жылғы № 408-V Заңына сәйкес (29.10.2015 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту қолданысқа енгізіледі 01.03.2016 жылдан бастап)
4-1) жылжымалы мүлік кепілінің бірыңғай тізілімі – жылжымалы мүлік кепілі бойынша ақпаратқа қол жеткізудің, жылжымалы мүлік кепілін тіркеуге электрондық нысанда өтініш жіберудің және тіркеуші органдардың және (немесе) «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының осы Заңда және Қазақстан Республикасының өзге де заңнамалық актілерінде белгіленген тәртіппен жасалатын өзге де әрекеттерінің бірыңғай терезесін білдіретін ақпараттық жүйе;
1-бап 4-1-тармақшамен толықтырылды ҚР 27.02.2017 жылғы № 49-VI Заңына сәйкес (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 01.03.2017 жылы № 42 (29023) „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
5) жылжымалы мүлiк кепiлiнiң тiзiлiмi (кепiл тiзiлiмi) – тiркеушi органдар және (немесе) «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен жүзеге асыратын ақпаратты есепке алу және сақтау жүйесi;
5-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР 17.11.2015 жылғы № 408-V Заңына сәйкес (29.10.2015 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту қолданысқа енгізіледі 01.03.2016 жылдан бастап)
5-1) кепілді электрондық тіркеу – жылжымалы мүлік кепілінің бірыңғай тізілімі арқылы электрондық нысандағы өтініш негізінде жүзеге асырылатын жылжымалы мүлік кепілін тіркеу;
1-тармақ 5-1-тармақшамен толықтырылды ҚР 24.05.2018 жылғы № 156-VІ Заңына сәйкес (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 28.05.2018 жылы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
6) өтiнiш берушi – тiркеушi органға және (немесе) «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясына кепiлдi тiркеу туралы өтiнiш беретiн адам; кепiл мiндеттемесi тараптарының келiсуi бойынша кепiл берушi де, кепiл ұстаушы да өтiнiш берушi бола алады;
6-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР 17.11.2015 жылғы № 408-V Заңына сәйкес (29.10.2015 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту қолданысқа енгізіледі 01.03.2016 жылдан бастап)
7) тiркелген кепiл - осы Заңда белгiленген тәртiппен тiркелген жылжымалы мүлiк кепiлi;
8) уәкілетті орган – жылжымалы мүлік кепілін тіркеу саласында мемлекеттік саясатты іске асыратын уәкілетті орган;
8-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР 29.10.2015 жылғы № 376-V Заңына сәйкес (27.04.2015 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 03.11.2015 жылы № 210 (28688) „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды 8-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР 17.11.2015 жылғы № 408-V Заңына сәйкес (29.10.2015 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту қолданысқа енгізіледі 01.03.2016 жылдан бастап)
9) тармақша алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
1-бап 9-тармақшамен толықтырылды ҚР 17.11.2015 жылғы № 408-V Заңына сәйкес (өзгерту қолданысқа енгізіледі 01.03.2016 жылдан бастап) 9-тармақша алынып тасталды ҚР 24.05.2018 жылғы № 156-VІ Заңына сәйкес (27.02.2017 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 28.05.2018 жылы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
2-бап. Қазақстан Республикасының жылжымалы мүлiк кепiлiн тiркеу туралы заңдары
Қазақстан Республикасының жылжымалы мүлiк кепiлiн тiркеу туралы заңдары Қазақстан Республикасының Конституциясына, Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шарттардың нормаларына негiзделедi және осы Заң мен Қазақстан Республикасының басқа да нормативтiк құқықтық актiлерiнен тұрады.
2-1-бап. Жылжымалы мүлік кепілін тіркеу саласын реттеудің негізгі мақсаттары, міндеттері, қағидаттары
1-тарау 2-1-баппен толықтырылды ҚР 05.07.2024 жылғы № 115-VIII Заңына сәйкес (өзгерту 17.07.2024 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1. Жеке және заңды тұлғалардың жылжымалы мүлік кепілін тіркеу саласындағы құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін қамтамасыз ету осы Заңның негізгі мақсаты болып табылады.
2. Жылжымалы мүлік кепілін тіркеу саласындағы ақпараттық жүйелерді қолдап отыру, сондай-ақ оларға қол жеткізуді қамтамасыз ету осы Заңның негізгі міндеттері болып табылады.
3. Осы Заңның негізгі қағидаттары:
1) заңдылық;
2) мемлекеттік органдар қызметінің ашықтығы.
3-бап. Жылжымалы мүлiк кепiлiн тiркеу кезiнде пайда болатын қатынастарға қатысушылар
1. Жылжымалы мүлiк кепiлiн тiркеу кезiнде пайда болатын қатынастарға қатысушылар:
1) кепiл берушi, кепiл ұстаушы;
2) тiркеушi органдар;
2-1) Мемлекеттік корпорация;
2-1-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР 17.11.2015 жылғы № 408-V Заңына сәйкес (29.10.2015 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту қолданысқа енгізіледі 01.03.2016 жылдан бастап)
3) үшiншi тұлғалар.
2. Тiркеушi органдардың қызметiне жалпы басшылықты және бақылауды – тиісті мемлекеттiк органдар, ал жылжымалы мүлiктiң жекелеген түрлерiмен кепiлдi тiркеудi жүзеге асыратын заңды тұлғалардың қызметiне жалпы басшылықты және бақылауды Қазақстан Республикасының заңнамасымен уәкiлеттiк берiлген мемлекеттiк орган жүзеге асырады.
2-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР 17.11.2015 жылғы № 408-V Заңына сәйкес (29.10.2015 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту қолданысқа енгізіледі 01.03.2016 жылдан бастап) 2-тармақ өзгертілді ҚР 24.05.2018 жылғы № 156-VІ Заңымен (27.02.2017 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 28.05.2018 жылы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
3-1-бап. Уәкілетті органның құзыреті
1-тарау 3-1-баппен толықтырылды ҚР 17.11.2015 жылғы № 408-V Заңына сәйкес (өзгерту қолданысқа енгізіледі 01.03.2016 жылдан бастап)
Уәкілетті орган:
1) құзыреті шегінде Мемлекеттік корпорацияның қызметін тексеруді жүзеге асырады;
2) жылжымалы мүлік кепілін тіркеу саласында ақпараттық жүйелерді қолдауға қойылатын талаптарды әзірлейді және бекітеді;
3) жылжымалы мүлік кепілі саласында ақпараттық жүйелер мен дерекқорларға қол жеткізу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
4) Мемлекеттік корпорацияның жылжымалы мүлік кепілінің статистикалық және өзге де есептік ақпаратын ұсыну қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
5) Қазақстан Республикасының заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
4-бап. Мiндеттi мемлекеттiк тiркеуге жататын жылжымалы мүлiк кепiлiн тiркеу
1. Мiндеттi мемлекеттiк тiркеуге жататын жылжымалы мүлiк кепiлiн тiркеудi заңдарға сәйкес осы мүлiктi тiркеудi жүзеге асыруға уәкiлеттiк берiлген орган жүзеге асырады.
2. Мемлекеттiк тiркеуге жататын жылжымалы мүлiк кепiлiн тiркеу тәртiбiн уәкілетті орган белгiлейдi.
2-тармақ өзгертілді ҚР 29.09.2014 жылғы № 239-V Заңымен (10.06.2014 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 02.10.2014 жылы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
3. Кепiлдерi мiндеттi түрде тiркелуге жататын мүлiк түрлерi, меншiкқұқығы мен басқа да құқықтар, сондай-ақ оны тiркеудi жүзеге асыратын органдар Қазақстан Республикасының заң актiлерiмен белгiленедi.
5-бап. Міндетті мемлекеттік тіркеуге жатпайтын жылжымалы мүлік кепілін тіркеу
5-баптың тақырыбы жаңа редакцияда жазылды ҚР 17.11.2015 жылғы № 408-V Заңына сәйкес (29.10.2015 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту қолданысқа енгізіледі 01.03.2016 жылдан бастап)
1. Міндетті мемлекеттік тіркеуге жатпайтын жылжымалы мүлік кепілін тіркеу, жылжымалы мүлік кепілінің тізілімінен үзінді көшірме беру түрінде ақпараттық қызмет көрсету, өтініш берушінің кінәсінен жіберілген тіркеу құжаттарындағы қателерді түзету жөніндегі қызмет мемлекеттік монополияға жатады және оны Мемлекеттік корпорация жүзеге асырады.
1-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР 17.11.2015 жылғы № 408-V Заңына сәйкес (29.10.2015 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту қолданысқа енгізіледі 01.03.2016 жылдан бастап)
1-1. Міндетті мемлекеттік тіркеуге жатпайтын жылжымалы мүлік кепілі:
1) кепіл туралы шарт немесе кепіл туралы шарт қамтылған өзге де шарт тараптарының бірінің талап етуі бойынша;
2) егер кепіл туралы шартта немесе кепіл туралы шарт қамтылған өзге де шартта кепілдегі мүлікті кейіннен кепілге салуға (қайталама кепілге) тыйым салынған болса, тіркелуге тиіс.
2. Мiндеттi тiркеуге жатпайтын жылжымалы мүлiк кепiлiн тiркеу жеке және заңды тұлғалардың өтініш жасау жері бойынша жүзеге асырылады.
2-тармақ өзгертілді ҚР 27.04.2012 жылғы № 15-V Заңымен ( 10.02.2011 ж. редакцияны қараңыз) 2-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР 24.05.2018 жылғы № 156-VІ Заңына сәйкес (27.02.2017 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 28.05.2018 жылы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
3. Мемлекеттік корпорация міндетті мемлекеттік тіркеуге жатпайтын тіркелген жылжымалы мүлік кепілінің тізілімін жүргізуге міндетті.
3-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР 17.11.2015 жылғы № 408-V Заңына сәйкес (29.10.2015 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту қолданысқа енгізіледі 01.03.2016 жылдан бастап)
4. Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгi, сондай-ақ Заңда берiлген өкiлеттiк шегiнде жылжымалы мүлiк кепiлiнiң жекелеген түрлерiн тiркеуге уәкiлеттi мемлекеттiк органдар жылжымалы мүлiк кепiлiн тiркеудi жүргiзу ережелерi мен рәсiмдерiн белгiлейтiн ведомстволық актiлер шығаруға құқылы.
5. Мемлекеттік корпорация өндіретін және (немесе) өткізетін тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) бағаларын монополияға қарсы органмен және уәкілетті органмен келісу бойынша орталық мемлекеттік органдар арасынан Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімімен айқындалатын уәкілетті орган белгілейді.
5-тармақ өзгертілді ҚР 29.09.2014 жылғы № 239-V Заңымен (10.06.2014 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 02.10.2014 жылы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды 5-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР 17.11.2015 жылғы № 408-V Заңына сәйкес (29.10.2015 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту қолданысқа енгізіледі 01.03.2016 жылдан бастап)
6-бап. Жылжымалы мүлiктiң жекелеген түрлерiнiң кепiлiн тiркеудiң ерекшелiктерi
1. Эмиссиялық бағалы қағаздар кепiлiн тiркеу, оның ішінде жылжымалы мүлік кепілінің бірыңғай тізілімі арқылы тіркеу бағалы қағаздармен жасалатын мәмiлелердi тiркеу туралы Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жүргiзiледi. Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жүзеге асырылған бағалы қағаздар кепiлiн тiркеуге осы Заңның 8-бабының ережелерi қолданылады.
1-тармақ өзгертілді ҚР 03.06.2003 жылғы № 427-ІІ Заңымен (30.06.1998 ж. редакцияны қараңыз) 1-тармақ өзгертілді ҚР 27.02.2017 жылғы № 49-VI Заңымен (29.03.2016 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 01.03.2017 жылы № 42 (29023) „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
1-1. Ипотекалық облигациялар бойынша қамтамасыз ету болып табылатын мүлiк кепiлiн тiркеу Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жүргiзiледi.
6-бап 1-1-тармақпен толықтырылды ҚР 03.06.2003 жылғы № 427-ІІ Заңымен (30.06.1998 ж. редакцияны қараңыз)
2. Қоғам үшiн елеулi тарихи (оның iшiнде археологиялық), көркемдiк немесе мәдени құндылығы бар мүлiк кепiлiн тiркеу заңдарға сәйкес жүзеге асырылады.
2-тармақ өзгертілді ҚР 06.04.2024 жылғы № 71-VIII Заңымен (23.12.2023 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 08.06.2024 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
3. Ипотекалық облигациялар бойынша қамтамасыз ету болып табылатын мүлiк кепiлi Қазақстан Республикасының заң актiлерiне сәйкес мiндеттi мемлекеттiк тiркеуге жатады.
6-бап 3-тармақпен толықтырылды ҚР 03.06.2003 жылғы № 427-ІІ Заңымен ( 30.06.1998 ж. редакцияны қараңыз) 3-тармақ өзгертілді ҚР 13.12.2004 жылғы № 11 Заңымен ( 03.06.2003 ж. редакцияны қараңыз)
4. Ипотекалық облигацияларды қамтамасыз ету болып табылатын мүлiк кепiлiн тiркеудi тiркеушi орган алғашқы өтiнiш жасаған кезде бiр рет қана жүргiзедi. Бұл ретте, тiркеушi орган кепiл тізілімін жүргізуді жүзеге асырады.
6-бап 4-тармақпен толықтырылды ҚР 03.06.2003 жылғы № 427-ІІ Заңымен (30.06.1998 ж. редакцияны қараңыз)
7-бап. Жеке кәсiпкерлердiң, жеке және заңды тұлғалардың жылжымалы мүлiк кепiлiн тiркеу құқықтары
Жылжымалы мүлiктiң кепiлi кезiнде жеке кәсiпкер, жеке немесе заңды тұлға кепiлдi кепiл берушi ретiнде де, кепiл ұстаушысы ретiнде де тiркей алады.
8-бап. Жылжымалы мүлiк кепiлiн тiркеудiң құқықтық маңызы
1. Жылжымалы мүлiк кепiлiн тiркеу кепiл берушiнiң аталған мүлкiне үмiткер кепiл ұстаушылардың талаптарына қатысты кепiл ұстаушының талаптарын қанағаттандырудың кезектiлiгiн (күнiн) Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексiнiң және басқа да заң актiлерiнiң ережелерiне сәйкес белгiлейдi.
Әрбiр алдыңғы тiркелген кепiл ұстаушы барлық өзiнен кейiн тiркелген кепiл ұстаушылардың алдында, сондай-ақ осы мүлiктiң тiркелмеген барлық кепiл ұстаушыларының алдында мiндеттеменiң орындалуын қамтамасыз ету кезiнде басымдыққа ие болады.
2. Мiндеттi мемлекеттiк тiркеуге жататын жылжымалы мүлiк кепiлi құқығы, егер кепiл туралы шартта (кепiл талаптары бар өзге шартта) немесе заң актiлерiнде неғұрлым кеш мерзiм көзделмесе, аталған мүлiктi тiркеудi жүзеге асыратын органда жылжымалы мүлiк кепiлi тiркелген сәттен бастап пайда болады.
2-тарау. Жылжымалы мүлiк кепiлiн тiркеу тәртiбi
9-бап. Жылжымалы мүлiк кепiлiн тiркеу туралы өтiнiш
9-бап өзгертілді өзгертілді ҚР 13.12.2004 жылғы № 11 Заңымен ( 03.06.2003 ж. редакцияны қараңыз) 9-бап өзгертілді ҚР 08.01.2013 жылғы № 64-V Заңымен ( 10.07.2012 ж. редакциясын қараңыз) (2013.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі)
1. Жылжымалы мүлiк кепiлiн тiркеу үшiн өтiнiш беруші не оның өкiлi тiркеушi органға және (немесе) Мемлекеттік корпорацияға өтiнiштiң толтырылған бланкiсiн бередi немесе өтінішті жылжымалы мүлiк кепiлiнің бірыңғай тізілімі арқылы электрондық түрде жібереді.
1-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР 17.11.2015 жылғы № 408-V Заңына сәйкес (29.10.2015 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту қолданысқа енгізіледі 01.03.2016 жылдан бастап) 1-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР 27.02.2017 жылғы № 49-VI Заңына сәйкес (29.03.2016 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 01.03.2017 жылы № 42 (29023) „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
2. Өтініште:
1) тiркеушi органның және (немесе) Мемлекеттік корпорацияның атауы;
1-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР 17.11.2015 жылғы № 408-V Заңына сәйкес (29.10.2015 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту қолданысқа енгізіледі 01.03.2016 жылдан бастап)
2) кепiл берушi мен кепiл ұстаушының атауы, орналасқан жерi (заңды тұлға үшiн) немесе тегi, аты, әкесiнiң аты (бар болған жағдайда), тұрғылықты жерi (жеке тұлға үшiн);
3) кепiл туралы шарттың немесе кепiл туралы талаптар қамтылған өзге шарттың жасалған күнi мен орны;
4) кепiл нысанасы болып табылатын мүлiктiң тiзбесi және сипаттамасы немесе кепіл туралы шартта тараптардың келісімімен көзделген кепілмен қамтамасыз етудің нақты сипаттамасы талап етілместен, кепіл нысанасының жалпы сипаттамасы;
4-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР 29.03.2016 жылғы № 479-V Заңына сәйкес (17.11.2015 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 21 (жиырма бір) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 31.03.2016 жылы № 60 (28788) „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
5) кепiлмен қамтамасыз етiлген мiндеттеменiң ақшалай баламасы;
6) кепiлмен қамтамасыз етiлген мiндеттеменiң қолданылу мерзiмi;
7) өтiнiш берушiнiң немесе оның өкiлiнiң қолтаңбасы және заңды тұлға үшiн мөрi (ол болған кезде);
7-тармақша өзгертілді ҚР 29.12.2014 жылғы № 269-V Заңымен (29.09.2014 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту қолданысқа енгізіледі 01.01.2015 жылдан бастап)
8) кепiлге салынған мүлiк қай тарапта екенi туралы нұсқау, оны пайдалануға болатыны және қайталама кепiл туралы мәліметтер;
9) өтініш берушінің электрондық почта мекенжайы (бар болған жағдайда) қамтылуы тиіс.
Өтінішті жылжымалы мүлiк кепiлiнің бірыңғай тізілімі арқылы электрондық түрде жіберген жағдайда «электронды үкіметтің» төлем шлюзі арқылы төлеуді қоспағанда, өтiнiшке жылжымалы мүлiк кепiлiн мемлекеттiк тiркеу үшiн алымның бюджетке төленгенiн растайтын құжат қоса берiлуге тиiс.
2-тармақтың екінші бөлігі жаңа редакцияда жазылды ҚР 27.02.2017 жылғы № 49-VI Заңына сәйкес (29.03.2016 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 01.03.2017 жылы № 42 (29023) „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
Өтінішті тiркеушi органға және (немесе) Мемлекеттік корпорацияға берген кезде өтініш беруші – жеке басын куәландыратын құжатты, ал тұлғаның өкілі өзінің өкілеттіліктерін растайтын құжатты, сондай-ақ жеке басын куәландыратын құжатты ұсынуға міндетті.
2-тармақтың үшінші бөлігі жаңа редакцияда жазылды ҚР 17.11.2015 жылғы № 408-V Заңына сәйкес (29.10.2015 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту қолданысқа енгізіледі 01.03.2016 жылдан бастап)
3. Өтінішті тіркеуші органға және (немесе) Мемлекеттік корпорацияға берген кезде және өтінішті жылжымалы мүлік кепілінің бірыңғай тізілімі арқылы электрондық нысанда жіберген кезде, мәміле тараптары қол қойған өтініш кепіл шарты туралы мәліметтер, сондай-ақ осы баптың 2-тармағына сәйкес мәліметтер көрсетіле отырып, кепіл туралы шарт немесе кепіл шарты қамтылатын өзге де құжат ұсынылмастан, хабарлама нысанында беріледі.
3-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР 17.11.2015 жылғы № 408-V Заңына сәйкес (29.10.2015 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту қолданысқа енгізіледі 01.03.2016 жылдан бастап) 3-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР 27.02.2017 жылғы № 49-VI Заңына сәйкес (29.03.2016 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 01.03.2017 жылы № 42 (29023) „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды 3-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР 24.05.2018 жылғы № 156-VІ Заңына сәйкес (27.02.2017 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 28.05.2018 жылы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
3-1. Тармақ алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
9-бап 3-1-тармақпен толықтырылды ҚР 27.02.2017 жылғы № 49-VI Заңына сәйкес (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 01.03.2017 жылы № 42 (29023) „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды 3-1-тармақ алынып тасталды ҚР 24.05.2018 жылғы № 156-VІ Заңына сәйкес (27.02.2017 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 28.05.2018 жылы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
4. Осы Заңда көзделгеннен басқа қандай да бір өзге құжаттар мен мәлiметтерді талап етуге жол берiлмейдi.
5. Өтініште қамтылған мәліметтерді тексеруді және жылжымалы мүлік кепілін тіркеуді тіркеуші орган және (немесе) Мемлекеттік корпорация өтініш келіп түскен кезден бастап екі жұмыс күні ішінде жүзеге асырады.
5-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР 17.11.2015 жылғы № 408-V Заңына сәйкес (29.10.2015 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту қолданысқа енгізіледі 01.03.2016 жылдан бастап)
9-1-бап. Жылжымалы мүлiк кепiлiн, тіркелген кепілдің өзгерістерін, толықтыруларын және тоқтатылуын мемлекеттiк тiркегенi үшiн алынатын алым
Жылжымалы мүлiк кепiлiн, тіркелген кепілдің өзгерістерін, толықтыруларын және тоқтатылуын мемлекеттiк тiркегенi үшiн Қазақстан Республикасының Салық кодексiнде айқындалған тәртiппен алым алынады.
9-2-бап. Ақпараттық көрсетілетін қызметтер және өтiнiш берушiнiң кiнәсiнен жіберілген тiркеу құжаттарындағы қателердi түзету үшiн төлемақы
9-2-баппен толықтырылды ҚР 08.01.2013 жылғы № 64-V Заңына сәйкес (10.07.2012 ж. редакциясын қараңыз) (2013.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі) 9-2-бап жаңа редакцияда жазылды ҚР 17.11.2015 жылғы № 408-V Заңына сәйкес (29.10.2015 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту қолданысқа енгізіледі 01.03.2016 жылдан бастап)
Ақпараттық көрсетілетін қызметтерді ұсынғаны үшiн, сондай-ақ өтiнiш берушiнiң кiнәсiнен жіберілген тiркеу құжаттарындағы қателердi түзеткенi үшiн тiркеушi орган және (немесе) Мемлекеттік корпорация Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес төлемақы алады.
9-3-бап. Тіркеуші органға және (немесе) Мемлекеттік корпорацияға келіп түскен өтініш негізінде жылжымалы мүлік кепілін тіркеу тәртібі
9-3-баппен толықтырылды ҚР 08.01.2013 жылғы № 64-V Заңына сәйкес (10.07.2012 ж. редакциясын қараңыз) (2013.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі) 9-3-баптың тақырыбы жаңа редакцияда жазылды ҚР 24.05.2018 жылғы № 156-VІ Заңына сәйкес (27.02.2017 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 28.05.2018 жылы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
1. Толтырылған өтініш бланкісі тіркеуші органға және (немесе) Мемлекеттік корпорацияға берілген жағдайда, өтініш келіп түскен күннен кейінгі бір жұмыс күнінен кешіктірмей тіркеуші орган және (немесе) Мемлекеттік корпорация өтініштің негізінде жылжымалы мүлік кепілінің бірыңғай тізіліміне кепіл туралы мәліметтерді енгізеді, оның нәтижелері бойынша жылжымалы мүлік кепілін тіркеу туралы куәлік не тіркеуден бас тарту туралы уәжді жауап беріледі.
1-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР 27.02.2017 жылғы № 49-VI Заңына сәйкес (29.03.2016 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 01.03.2017 жылы № 42 (29023) „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды 1-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР 24.05.2018 жылғы № 156-VІ Заңына сәйкес (27.02.2017 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 28.05.2018 жылы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
2. Жүргізілген тіркеу туралы ақпарат екінші деңгейдегі банктің және тіркеуші органның ақпараттық жүйелерінде сақталады және құжаттамалық растауды талап етпейді.
9-4-бап. Жылжымалы мүлік кепілінің бірыңғай тізілімі арқылы келіп түскен өтініш негізінде жылжымалы мүлік кепілін электрондық тіркеу тәртібі
2-тарау 9-4-баппен толықтырылды ҚР 27.02.2017 жылғы № 49-VI Заңына сәйкес (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 01.03.2017 жылы № 42 (29023) „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды 9-4-баптың тақырыбы жаңа редакцияда жазылды ҚР 24.05.2018 жылғы № 156-VІ Заңына сәйкес (27.02.2017 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 28.05.2018 жылы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
1. Өтініш жылжымалы мүлік кепілінің бірыңғай тізілімі арқылы электрондық нысанда жылжымалы мүлік кепілін электрондық тіркеуге жіберілген жағдайда, жылжымалы мүлік кепілін тіркегені үшін алымның төленгенін немесе алым төлеуден босатылғаны туралы растама жылжымалы мүлік кепілінің бірыңғай тізіліміне келіп түскен күннен кейінгі бір жұмыс күнінен кешіктірмей тіркеуші орган және (немесе) Мемлекеттік корпорация өтініштің негізінде жылжымалы мүлік кепілінің бірыңғай тізіліміне кепіл туралы мәліметтерді енгізеді, оның нәтижелері бойынша тіркеуші органның және (немесе) Мемлекеттік корпорацияның электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған, жылжымалы мүлік кепілін тіркеу туралы куәлік не туралы тіркеуден бас тарту уәжді жауап электрондық нысанда беріледі.
1-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР 24.05.2018 жылғы № 156-VІ Заңына сәйкес (27.02.2017 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 28.05.2018 жылы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
2. Тіркеуші орган және (немесе) Мемлекеттік корпорация өтінішті алғаннан кейін бір жұмыс күні ішінде кепіл ұстаушының ақпараттық жүйесіне және жылжымалы мүлік кепілінің бірыңғай тізіліміне тіркеуші органның және (немесе) Мемлекеттік корпорацияның электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған жылжымалы мүлік кепілін электрондық құжат нысанында тіркеу туралы куәлікті не электрондық құжат нысанында тіркеуден бас тарту туралы уәжді жауапты жібереді.
3. Жүргізілген электрондық тіркеу туралы ақпарат кепіл ұстаушының, тіркеуші органның және (немесе) Мемлекеттік корпорацияның ақпараттық жүйелерінде сақталады және құжаттамалық растауды талап етпейді.
10-бап. Тiркеушi органның, Мемлекеттік корпорацияның және кепіл ұстаушылардың мiндеттерi
10-бап өзгертілді ҚР 08.01.2013 жылғы № 64-V Заңымен ( 10.07.2012 ж. редакциясын қараңыз) (2013.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі) 10-баптың тақырыбы жаңа редакцияда жазылды ҚР 17.11.2015 жылғы № 408-V Заңына сәйкес (29.10.2015 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту қолданысқа енгізіледі 01.03.2016 жылдан бастап) 10-баптың тақырыбы жаңа редакцияда жазылды ҚР 27.02.2017 жылғы № 49-VI Заңына сәйкес (29.03.2016 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 01.03.2017 жылы № 42 (29023) „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
1. Қажеттi құжаттарды алған кезден бастап тіркеуші орган және (немесе) Мемлекеттік корпорация:
1-тармақтың бірінші абзацы жаңа редакцияда жазылды ҚР 17.11.2015 жылғы № 408-V Заңына сәйкес (29.10.2015 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту қолданысқа енгізіледі 01.03.2016 жылдан бастап)
1) өтiнiш берушiге табыс етiлген құжаттарды алғандығын растайтын, күнi, уақыты (сағаты, минуты) көрсетiлген қолхат беруге;
2) жылжымалы мүлiк кепiлiнiң тiзiлiмiне (оның iшiнде деректердiң компьютерлiк базасына) кепiлдi тiркеу туралы өтiнiштегi деректердi енгiзуге;
3) өтiнiш берген адамға жылжымалы мүлiк кепiлiн тiркеу туралы куәлiк беруге;
3-тармақша өзгертілді ҚР 28.08.2009 жылғы № 192-ІV Заңымен ( 11.12.2006 ж. редакцияны қараңыз)
4) қаржы мониторингі жөніндегі уәкілетті органға «Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес мәліметтерді хабарлауға міндетті.
1-тармақ 4-тармақшамен толықтырылды ҚР 28.08.2009 жылғы № 192-ІV Заңына сәйкес 4-тармақша өзгертілді ҚР 10.06.2014 жылғы № 206-V Заңымен (08.01.2013 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 14.06.2014 жылы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
2. Осы Заңның 6, 9-3 және 9-4-баптарында көрсетілген жағдайларды қоспағанда, жылжымалы мүлiк кепiлiн тіркеу өтініш қабылданған кезден бастап екі жұмыс күні iшiнде жүргiзiлуге тиiс.
2-тармақ өзгертілді ҚР 10.02.2011 жылғы № 406-IV Заңымен ( 30.12.2009 ж. редакцияны қараңыз) 2-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР 27.02.2017 жылғы № 49-VI Заңына сәйкес (29.03.2016 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 01.03.2017 жылы № 42 (29023) „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
2-1. Жылжымалы мүлік кепілінің бірыңғай тізілімі арқылы келіп түскен өтініш негізінде жылжымалы мүлік кепілін электрондық тіркеу жылжымалы мүлік кепілін тіркегені үшін алымның төленгені немесе алым төлеуден босатылғаны туралы растама жылжымайтын мүлік кепілінің бірыңғай тізіліміне келіп түскен күннен кейінгі бір жұмыс күнінен кешіктірілмей жүргізілуге тиіс.
10-бап 2-1-тармақпен толықтырылды ҚР 08.01.2013 жылғы № 64-V Заңына сәйкес (10.07.2012 ж. редакциясын қараңыз) (2013.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі) 2-1-тармақ өзгертілді ҚР 27.02.2017 жылғы № 49-VI Заңымен (29.03.2016 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 01.03.2017 жылы № 42 (29023) „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды 2-1-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР 24.05.2018 жылғы № 156-VІ Заңына сәйкес (27.02.2017 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 28.05.2018 жылы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
3. Тiркеушi орган және (немесе) Мемлекеттік корпорация жылжымалы мүлік кепілінің бірыңғай тізіліміндегі кепіл туралы мәліметтердің өтініштегі толтырылу толықтығын тексередi.
3-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР 17.11.2015 жылғы № 408-V Заңына сәйкес (29.10.2015 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту қолданысқа енгізіледі 01.03.2016 жылдан бастап) 3-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР 24.05.2018 жылғы № 156-VІ Заңына сәйкес (27.02.2017 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 28.05.2018 жылы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
4. Тіркеуші орган және (немесе) Мемлекеттік корпорация, үшінші тұлғаларды қоспағанда, осы Заңның 3-бабында көрсетілген, жылжымалы мүлік кепілін тіркеу кезінде туындайтын қатынастардың барлық қатысушыларына тиісті қолжетімділік болған кезде жазбаша нысанда немесе жылжымалы мүлік кепілінің бірыңғай тізілімі арқылы электрондық нысанда жылжымалы мүлік кепілі бойынша ақпарат беруді қамтамасыз етуге міндетті. Үшінші тұлғалар жылжымалы мүлік кепілінің бірыңғай тізілімінен ақпаратты кепіл беруші және (немесе) кепіл ұстаушы осындай сұрау салуды растаған жағдайда алуы мүмкін.
10-бап 4-тармақпен толықтырылды ҚР 27.02.2017 жылғы № 49-VI Заңына сәйкес (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 01.03.2017 жылы № 42 (29023) „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
Бұл ретте жылжымалы мүлік кепілі бойынша ақпаратта жылжымалы мүлік кепілі туралы және кепіл туралы шарттың тараптары немесе кепіл шарттарын қамтитын өзге де құжаттар туралы мынадай деректер:
1) кепіл беруші мен кепіл ұстаушы туралы деректер, олардың деректемелері, оның ішінде мекенжайлары, банктік деректемелері, телефон нөмірлері, сондай-ақ электрондық мекенжайы (бар болған кезде);
2) негізінде кепiлдiк құқық қатынастары туындағын құжат туралы мәлiметтер;
3) кепiл туралы шарттың немесе кепiл талаптары қамтылған өзге де құжаттың жасалған күнi мен орны;
4) кепiл нысанасы болып табылатын мүлiктiң тiзбесi және (немесе) жалпы сипаттамасы;
5) кепiлмен қамтамасыз етiлген мiндеттеменiң орындалу мерзiмi қамтылуға тиіс.
5. Егер кепіл міндеттемесі тараптарының келісімі бойынша жылжымалы мүлік кепілін тіркеуден шығару бойынша өтініш иесі кепіл ұстаушы болып табылса, онда соңғысы кепілмен қамтамасыз етілген міндеттемені кепіл беруші орындағаннан кейін жылжымалы мүлік кепілін тіркеуден шығаруға арналған өтінішті тіркеуші органға және (немесе) Мемлекеттік корпорацияға міндеттеме орындалғаннан кейін екі жұмыс күнінен кешіктірмей жібереді.
10-бап 5-тармақпен толықтырылды ҚР 27.02.2017 жылғы № 49-VI Заңына сәйкес (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 01.03.2017 жылы № 42 (29023) „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды 5-тармақтың бірінші бөлігі жаңа редакцияда жазылды ҚР 24.05.2018 жылғы № 156-VІ Заңына сәйкес (27.02.2017 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 28.05.2018 жылы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды 5-тармақтың бірініші бөлігі өзгертілді ҚР 02.04.2019 жылғы № 241-VІ Заңымен (24.05.2018 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 14.04.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Өтініш жылжымалы мүлік кепілінің бірыңғай тізілімі арқылы жіберілуі мүмкін.
6. Тіркеуші орган және (немесе) Мемлекеттік корпорация кепіл ұстаушы өтініш берген күннен кейінгі бір жұмыс күні ішінде кепілді тіркеуден шығаруды жүргізеді және жылжымалы мүлік кепілінің бірыңғай тізілімі арқылы кепіл ұстаушыға және кепіл берушіге тіркеуші органның және (немесе) Мемлекеттік корпорацияның электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған электрондық құжат түрінде жылжымалы мүлік кепілін тіркеуден шығарғаны туралы хабарлама не электрондық құжат түрінде тіркеуден бас тарту туралы уәжді жауап жібереді.
10-бап 6-тармақпен толықтырылды ҚР 27.02.2017 жылғы № 49-VI Заңына сәйкес (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 01.03.2017 жылы № 42 (29023) „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
11-бап. Жылжымалы мүлiк кепiлiн тiркеуден бас тарту
1. Тiркеушi орган және (немесе) Мемлекеттік корпорация:
1-тармақтың бірінші абзацы жаңа редакцияда жазылды ҚР 17.11.2015 жылғы № 408-V Заңына сәйкес (29.10.2015 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту қолданысқа енгізіледі 01.03.2016 жылдан бастап)
1) кепілді тіркеу туралы өтінішті толтыру толық болмаған;
1-тармақша өзгертілді ҚР 27.04.2012 жылғы № 15-V Заңымен ( 10.02.2011 ж. редакцияны қараңыз) 1-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР 24.05.2018 жылғы № 156-VІ Заңына сәйкес (27.02.2017 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 28.05.2018 жылы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
2) егер кепiлдi тiркеу туралы өтiнiш осы Заңның 9-бабының талаптарына сәйкес келмеген;
2-тармақша өзгертілді ҚР 27.04.2012 жылғы № 15-V Заңымен ( 10.02.2011 ж. редакцияны қараңыз)
3) егер кепiлдi тiркеу туралы өтiнiштi тиiстi тұлға жасамаған;
3-тармақша өзгертілді ҚР 27.04.2012 жылғы № 15-V Заңымен ( 10.02.2011 ж. редакцияны қараңыз)
4) егер жылжымалы мүлiк кепiлiн және кеменiң немесе жасалып жатқан кеменiң ипотекасын мемлекеттiк тiркегенi үшiн алынатын алымның бюджетке төленгенiн растайтын құжат болмаған жағдайларда, кепiлдi тiркеуден бас тартады.
4-тармаша өзгертілді ҚР 13.12.2004 жылғы № 11 Заңымен ( 03.06.2003 ж. редакцияны қараңыз) 4-тармақ өзгертілді ҚР 11.12.2006 жылғы № 201 Заңымен ( 13.12.2004 ж. редакцияны қараңыз) 4-тармақша өзгертілді ҚР 27.04.2012 жылғы № 15-V Заңымен ( 10.02.2011 ж. редакцияны қараңыз)
2. Осы Заңның 9-3 және 9-4-баптарында көрсетілген жағдайларды қоспағанда, тiркеуден бас тартылған жағдайда тiркеушi орган және (немесе) Мемлекеттік корпорация өтініш қабылданған кезден бастап екі жұмыс күнi iшiнде Қазақстан Республикасының заңнамасы талаптарының бұзылғанына сiлтеме жасай отырып, өтiнiш берушіге жазбаша уәжді бас тартуды жібереді.
2-тармақ өзгертілді ҚР 10.02.2011 жылғы № 406-IV Заңымен ( 30.12.2009 ж. редакцияны қараңыз) 2-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР 17.11.2015 жылғы № 408-V Заңына сәйкес (29.10.2015 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту қолданысқа енгізіледі 01.03.2016 жылдан бастап) 2-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР 27.02.2017 жылғы № 49-VI Заңына сәйкес (29.03.2016 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 01.03.2017 жылы № 42 (29023) „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
3. Мүдделi тұлға жылжымалы мүлiк кепiлiн тiркеуден бас тартуға не тiркеуден жалтаруға Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен шағым жасауы мүмкін.
3-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР 29.06.2020 жылғы № 351-VI Заңына сәйкес (02.04.2019 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 01.07.2021 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
4. Алып тасталды.
12-бап. Тiркелген жылжымалы мүлiк кепiлiнiң тiзiлiмi
1. Тiркелген жылжымалы мүлiк кепiлiнiң тiзiлiмiне жылжымалы мүлiк кепiлi және кепiл туралы шарттың тараптары туралы мынадай деректер кiредi:
1) жылжымалы мүлiк кепiлiн тiркеу күнi, уақыты (сағаты мен минуты);
2) кепiл берушi мен кепiл ұстаушы туралы деректер, олардың мекен-жайлары (деректемелерi);
3) құжаттардың тiркеу нөмiрлерi;
4) негiзiнде кепiлдiк құқық қатынастары пайда болған құжат туралы мәлiметтер;
5) кепiл туралы шарт немесе кепiл талаптары бар өзге де шарттың жасалған күнi мен орны;
6) кепiл нысанасы болып табылатын мүлiктiң тiзбесi және сипаттамасы немесе кепіл туралы шартта тараптардың келісімімен көзделген кепілмен қамтамасыз етудің нақты сипаттамасы талап етілместен, кепіл нысанасының жалпы сипаттамасы;
6-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР 29.03.2016 жылғы № 479-V Заңына сәйкес (17.11.2015 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 21 (жиырма бір) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 31.03.2016 жылы № 60 (28788) „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
7) кепiлмен қамтамасыз етiлген мiндеттеменiң ақшалай баламасы;
8) кепiлмен қамтамасыз етiлген мiндеттеменiң орындалу мерзiмi.
2. Жылжымалы мүлiк кепiлi тiзбесiне осы кепiл туралы өзге де мәлiметтер енгiзiлуi мүмкiн.
3. Ипотекалық облигациялар бойынша қамтамасыз ету болып табылатын кепiлдi тiркеу кезiнде кепiл тiзiлiмiне кепiл берушi мен аталған облигацияларды ұстаушылардың өкiлi туралы деректер енгiзiледi. Кепiл ұстаушылар туралы деректер бағалы қағаздарды ұстаушылардың тізілімінде көрсетiледi.
12-бап 3-тармақпен толықтырылды ҚР 03.06.2003 жылғы № 427-ІІ Заңымен (30.06.1998 ж. редакцияны қараңыз)
13-бап. Жылжымалы мүлiк кепiлiн тiркеу туралы куәлiк
1. Жылжымалы мүлiк кепiлiн тiркеу оны тiркеу жөнiндегi куәлiкпен куәландырылады, онда мыналар болады:
1) тiркеушi органның және (немесе) Мемлекеттік корпорацияның атауы;
1-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР 17.11.2015 жылғы № 408-V Заңына сәйкес (29.10.2015 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту қолданысқа енгізіледі 01.03.2016 жылдан бастап)
2) кепiл берушi мен кепiл ұстаушының атауы, орналасқан жерi (заңды тұлға үшiн) немесе тегi, аты, әкесiнiң аты, тұрғылықты жерi (жеке адам үшiн);
3) кепiл туралы шартты немесе кепiл талаптары бар өзге де шарттың жасалған күнi мен орны және оның нөмiрi;
4) кепiлмен қамтамасыз етiлген мiндеттеменiң ақшалай баламасы;
5) кепiл нысанасы болып табылатын мүлiктiң тiзбесi және сипаттамасы немесе кепіл туралы шартта тараптардың келісімімен көзделген кепілмен қамтамасыз етудің нақты сипаттамасы талап етілместен, кепіл нысанасының жалпы сипаттамасы;
5-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР 29.03.2016 жылғы № 479-V Заңына сәйкес (17.11.2015 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 21 (жиырма бір) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 31.03.2016 жылы № 60 (28788) „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
6) тiркеушi орган және (немесе) Мемлекеттік корпорация берген жылжымалы мүлiк кепiлiнiң тiркеу нөмiрi;
6-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР 17.11.2015 жылғы № 408-V Заңына сәйкес (29.10.2015 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту қолданысқа енгізіледі 01.03.2016 жылдан бастап)
7) жылжымалы мүлiк кепiлiн тiркеу күнi.
2. Кепілді тiркеу туралы куәлiкке уәкiлетті лауазымды адам қол қояды және ол тiркеушi органның және (немесе) Мемлекеттік корпорацияның электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылады.
2-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР 17.11.2015 жылғы № 408-V Заңына сәйкес (29.10.2015 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту қолданысқа енгізіледі 01.03.2016 жылдан бастап) 2-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР 24.05.2018 жылғы № 156-VІ Заңына сәйкес (27.02.2017 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 28.05.2018 жылы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
3. Кепiл берушiнiң немесе кепiл ұстаушының өтiнiшi бойынша тіркеуші орган және (немесе) Мемлекеттік корпорация өздері берген куәліктерге қатысты өтініш келіп түскен күннен кейінгі бір жұмыс күнінен кешіктірмей жылжымалы мүлiк кепiлiн тіркеу туралы жоғалған куәліктің орнына оның телнұсқасын беруді жүргізеді.
3-тармақ өзгертілді ҚР 27.04.2012 жылғы № 15-V Заңымен ( 10.02.2011 ж. редакцияны қараңыз) 3-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР 17.11.2015 жылғы № 408-V Заңына сәйкес (29.10.2015 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту қолданысқа енгізіледі 01.03.2016 жылдан бастап) 3-тармақ өзгертілді ҚР 24.05.2018 жылғы № 156-VІ Заңымен (27.02.2017 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 28.05.2018 жылы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
4. Тiркеу туралы куәлiк Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптары бұзылған жағдайда, Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен жарамсыз деп танылуы мүмкiн.
4-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР 29.06.2020 жылғы № 351-VI Заңына сәйкес (02.04.2019 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 01.07.2021 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
14-бап. Жылжымалы мүлiк кепiлiн тiркеудiң күшiнде болу мерзiмi
1. Жылжымалы мүлiк кепiлiнiң тiркелуi кепiл тоқтатылғанға дейiн қолданылады.
2. Кепiлмен қамтамасыз етiлген мiндеттеменi орындаған кепiл берушi жылжымалы мүлiк кепiлiнiң тiзiлiмiндегi кепiл туралы жазбаны жоюды талап етуге құқылы. Кепiл берушiнiң талабы бойынша кепiл ұстаушы тіркеуші органға немесе Мемлекеттік корпорацияға жазбаша өтiнiш пен кепiл берушiнiң кепiлмен қамтамасыз етiлген мiндеттемелердi орындағанын растайтын қажеттi құжаттарды ұсынуға мiндеттi. Кепiл ұстаушы осы мiндеттердi орындамаған немесе уақтылы орындамаған жағдайда, кепiл берушi өзiне келтiрiлген залалдың өтелуiн талап етуге құқылы.
2-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР 17.11.2015 жылғы № 408-V Заңына сәйкес (29.10.2015 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту қолданысқа енгізіледі 01.03.2016 жылдан бастап)
15-бап. Тiркеу кезiнде жiберiлген қателердi түзеу
1. Тiркеу кезiнде жiберiлген техникалық қателердi түзеу жылжымалы мүлiк кепiлi тiзiлiмiне, сондай-ақ кепiлдi тiркеу туралы куәлiкке қосымша жазба енгiзу арқылы мүдделi тараптың өтiнiшi бойынша жасалады.
2. Тармақ алынып тасталды (ескертуді қараныз)
16-бап. Өзгерiстердi, толықтыруларды тiркеу және тiркелген кепiлдiң тоқтатылу тәртiбi
1. Өтiнiш берушi тiркеушi органға және (немесе) Мемлекеттік корпорацияға өтiнiш беру немесе жылжымалы мүлік кепілінің бірыңғай тізілімі арқылы электрондық нысандағы өтініш жіберу арқылы тiркелген кепiлдiң өзгерiстер мен толықтыруларын (оның iшiнде, меншiк құқығының басқа адамға ауысуын, талап ету құқығын басқаға беруді) және қолданысын тоқтатуды тiркейдi.
1-тармақ өзгертілді ҚР 17.11.2015 жылғы № 408-V Заңымен (29.10.2015 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту қолданысқа енгізіледі 01.03.2016 жылдан бастап) 1-тармақ өзгертілді ҚР 24.05.2018 жылғы № 156-VІ Заңымен (27.02.2017 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 28.05.2018 жылы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды 1-тармақ өзгертілді ҚР 19.06.2024 жылғы № 97-VIII Заңымен (06.04.2024 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту қолданысқа енгізіледі 01.07.2024 жылдан бастап)
Осы баптың бірінші бөлігінің күші «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 34-бабы 3-2-тармағының бірінші бөлігінде, «Микроқаржылық қызмет туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабы 2-тармағы 11-2) тармақшасының бірінші бөлігінде, «Коллекторлық қызмет туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-1-бабы 2-тармағының екінші бөлігінде көзделген жағдайларға қолданылмайды.
Өзгерiстер мен толықтыруларды тiркеу тәртiбi заңдармен белгiленедi.
17-бап. Тiркелген кепiлге өзгерiстердi, толықтыруларды тiркеу туралы және оны тоқтату туралы өтiнiш
1. Жылжымалы мүлiктiң тiркелген кепiлiне өзгерiстердi, толықтыруларды тiркеу туралы және оны тоқтату туралы өтiнiште бастапқы тiркелген кепiлге сiлтеме, кепiл туралы шартқа жасалған өзгерiстер мен толықтырулардың сипаттамасы (меншiк құқығының басқа адамға ауысуы, талап ету құқығын басқаға беру және т.б.), тiркелген кепiлдi тоқтатудың негiздерi болуға тиiс.
1-1. Кепіл беруші тіркелген кепілді тоқтату туралы өтінішті жылжымалы мүлік кепілінің бірыңғай тізілімі арқылы берген кезде кепілдің тоқтатылуын тіркеу кепіл берушінің кепілмен қамтамасыз етілген міндеттемелерді орындағанын растайтын кепіл ұстаушының өтініші негізінде жүзеге асырылады. Бұл ретте кепіл ұстаушы тіркелген кепілді тоқтату туралы өтінішті кепіл беруші берген кезден бастап екі жұмыс күнінен кешіктірмей, осы өтінішті жылжымалы мүлік кепілінің бірыңғай тізілімі арқылы жіберуге міндетті.
17-бап 1-1-тармақпен толықтырылды ҚР 02.04.2019 жылғы № 241-VІ Заңына сәйкес (өзгерту 14.04.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
2. Осы баптың 1-тармағында көрсетілген мәліметтерге қоса, өзгерістер мен толықтыруларды енгізуді тіркеу туралы өтініште:
2-тармақ өзгертілді ҚР 27.04.2015 жылғы № 311-V Заңымен (29.12.2014 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 29.04.2015 жылы № 79 (28557) „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
1) кепіл талаптарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы шартқа не кепіл бойынша құқықтарды (талаптарды) басқаға беру туралы шартқа (оның ішінде активтер мен міндеттемелерді бір мезгілде беру туралы шартқа) қол қой
2) активтер мен міндеттемелерді бір мезгілде беру туралы шарттың негізінде өзгерістер мен толықтыруларды тіркеу жағдайларын қоспағанда, тіркеуші орган немесе Мемлекеттік корпорация берген жылжымалы мүлік кепілінің тіркеу нөмірі;
2-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР 17.11.2015 жылғы № 408-V Заңына сәйкес (29.10.2015 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту қолданысқа енгізіледі 01.03.2016 жылдан бастап)
3) енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың сипаттамасы;
4) кепіл беруші мен кепіл ұстаушының (олардың өкілдерінің) қолтаңбасы, ал кепіл шарттары бойынша құқықтар (талаптар) басқаға берілген кезде – жаңа кепіл ұстаушының ғана қолтаңбасы, сондай-ақ құқықтарын (талаптарын) басқаға берген кепіл ұстаушы қол қойған келісім қамтылуға тиіс.
3. Өтініште осы баптың 2-тармағына сәйкес өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы мәліметтер қамтылуға тиіс.
3-тармақ өзгертілді ҚР 27.04.2015 жылғы № 311-V Заңымен (29.12.2014 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 29.04.2015 жылы № 79 (28557) „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды 3-тармақтың бірінші бөлігі жаңа редакцияда жазылды ҚР 17.11.2015 жылғы № 408-V Заңына сәйкес (29.10.2015 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту қолданысқа енгізіледі 01.03.2016 жылдан бастап) 3-тармақтың бірінші бөлігі өзгертілді ҚР 27.02.2017 жылғы № 49-VI Заңымен (29.03.2016 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 01.03.2017 жылы № 42 (29023) „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды 3-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР 24.05.2018 жылғы № 156-VІ Заңына сәйкес (27.02.2017 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 28.05.2018 жылы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
18-бап. Жылжымалы мүлiк кепiлiн тiркеу туралы деректердiң ашықтығы
1. Егер Қазақстан Республикасының заң актiлерiнде өзгеше көзделмесе, жылжымалы мүлiк кепiлiн тiркеу туралы мәлiметтер барлық заңды және жеке тұлғалар үшiн ашық болып табылады.
Ақпарат беру «Дербес деректер және оларды қорғау туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген нормалар сақтала отырып жүзеге асырылады
1-тармақ екінші бөлікпен толықтырылды ҚР 02.04.2019 жылғы № 241-VІ Заңына сәйкес (өзгерту 14.04.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
2. Осы Заңның 3-бабында көрсетілген жылжымалы мүлік кепілін тіркеу кезінде туындайтын қатынастарға кез келген қатысушының өтiнiшi бойынша тiркеушi орган және (немесе) Мемлекеттік корпорация осы Заңның 10-бабының 4-тармағын ескере отырып, жылжымалы мүлiк кепiлiнің бірыңғай тiзiлiмiнен үзінді көшiрме нысанында ақпарат беруге мiндеттi, ол:
2-тармақ өзгертілді ҚР 17.11.2015 жылғы № 408-V Заңымен (29.10.2015 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту қолданысқа енгізіледі 01.03.2016 жылдан бастап) 2-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР 24.05.2018 жылғы № 156-VІ Заңына сәйкес (27.02.2017 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 28.05.2018 жылы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды 2-тармақ өзгертілді ҚР 02.04.2019 жылғы № 241-VІ Заңымен (24.05.2018 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 14.04.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1) кепiл туралы мәлiметтер үзінді көшiрме берiлген күннiң алдындағы жұмыс күнiнiң соңында берiлгенiне нұсқауды қамтуға;
2) тiркеушi органның уәкілетті лауазымды адамының қолы қойылуға және тiркеушi органның және (немесе) Мемлекеттік корпорацияның мөрiмен куәландырылуға тиiс.
3. Белгiлi бiр жылжымалы мүлiкке қатысты кепiл туралы қандай да бiр жазбалар болмаған жағдайда көшiрмеде осыған тиiстi сiлтеме болуға тиiс.
4. Тармақ алынып тасталды (ескертуді қараңыз).
4-тармақ алынып татсалды ҚР 13.12.2004 жылғы № 11 Заңымен ( 03.06.2003 ж. редакцияны қараңыз)
5. Тармақ алынып тасталды (ескертуді қараңыз).
5-тармақ алынып тасталды ҚР 13.12.2004 жылғы № 11 Заңымен ( 03.06.2003 ж. редакцияны қараңыз)
19-бап. Сот шешiмi негiзiнде кепiлдiң тiркелуiн тоқтату
19-бап жаңа редакцияда жазылды ҚР 17.11.2015 жылғы № 408-V Заңына сәйкес (29.10.2015 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту қолданысқа енгізіледі 01.03.2016 жылдан бастап)
Мүдделi тұлғаның кепiлдi немесе оның тiркелуiн жарамсыз деп тану туралы сот шешiмiнiң негiзiнде кепiлдiң тiркелуiнің күшін жою туралы тiркеушi органға немесе Мемлекеттік корпорацияға өтiнiш беруге құқығы бар.
3-тарау. Дауларды шешу және тiркеу тәртiбiнiң бұзылуы үшiн жауапкершiлiк
20-бап. Дауларды шешу тәртiбi
20-бап жаңа редакцияда жазылды ҚР 29.06.2020 жылғы № 351-VI Заңына сәйкес (02.04.2019 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 01.07.2021 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Жылжымалы мүлiк кепiлiн тiркеуге және оны тiркеу туралы ақпаратты беруге байланысты даулар Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен шешіледi.
21-бап. Тiркеу тәртiбiн бұзғаны және тiркеу туралы ақпарат бергенi үшiн жауапкершiлiк
1. Тiркеушi орган немесе Мемлекеттік корпорация:
1-тармақтың бірінші абзацы жаңа редакцияда жазылды ҚР 17.11.2015 жылғы № 408-V Заңына сәйкес (29.10.2015 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту қолданысқа енгізіледі 01.03.2016 жылдан бастап)
2) жылжымалы мүлiк кепiлiн тiркеу және тiзiлiмге енгiзу үшiн өзiне берiлген жылжымалы мүлiк кепiлiн ақпараттың дәл болмауы, олардың толық енгiзiлмегенi және ақпараттың бұрмаланғаны;
3) мүдделi тұлғалардың сұратуы бойынша жылжымалы мүлiк кепiлi тiзiлiмiнен көшiрме беруден бас тартқаны;
4) тiркеу үшiн берiлген құжаттар мен ақпаратты, сондай-ақ жылжымалы мүлiк кепiлiнiң тiзiлiмiне енгiзiлген ақпаратты сақтау тәртiбiн бұзғаны;
5) коммерциялық құпия болып табылатын ақпаратты жария еткенi;
5-тармақша өзгертілді ҚР 13.12.2004 жылғы № 11 Заңымен ( 03.06.2003 ж. редакцияны қараңыз)
6) жылжымалы мүлiк кепiлiн және кеменiң немесе жасалып жатқан кеменiң ипотекасын мемлекеттiк тiркегенi үшiн алынатын алымның толықтығы үшiн Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жауаптылықта болады.
6-тармақшамен толықтырылды ҚР 13.12.2004 жылғы № 11 Заңына сәйкес6-тармақ өзгертілді ҚР 11.12.2006 жылғы № 201 Заңымен ( 13.12.2004 ж. редакцияны қараңыз)
2. Тiркеу, ақпарат беру тәртiбiн бұзу, ақпараттың мазмұнын бұрмалау арқылы келтiрiлген залалдарды тiркеушi орган және (немесе) Мемлекеттік корпорация өтеуге тиiс. Мәлiметтердi қасақана бұрмалау және заң бойынша беруге болатын және берiлуге тиiс ақпаратты жасыруға ықпал жасайтын өзге де әрекеттер заңда белгiленген тәртiппен қудаланады.
2-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР 17.11.2015 жылғы № 408-V Заңына сәйкес (29.10.2015 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту қолданысқа енгізіледі 01.03.2016 жылдан бастап)
4-тарау. Қорытынды және өтпелi ережелер
22-бап. Заңның күшiне енгiзiлуi
Осы Заң ресми жарияланған күнiнен бастап күшiне енгiзiледi және ол күшiне енгiзiлгеннен кейiн туындаған құқық қатынастарына осы Заңның 23-бабының ережелерi ескерiле отырып қолданылады.
23-бап. Өтпелi ережелер
1. Осы Заң күшiне енгiзiлгеннен кейiн 60 күн iшiнде мiндеттi мемлекеттiк тiркеуге жатпайтын жылжымалы мүлiк кепiлiнiң белгiлi бiр мәнi жөнiндегi басымдыққа оны тiркеу кезiнде осы Заң күшiне енгiзiлгенге дейiн кепiл туралы шарт жасасқан кепiл ұстаушылар ғана ие болады.
Мұндай кепiлдердi тiркеу осы Заңның ережелерiне сәйкес жүзеге асырылады.
2. Осы бапқа сәйкес тiркелген кепiлдердiң басымдығы кепiл туралы шарт жасалған күнмен айқындалады.
Қазақстан Республикасының Президентi
Эта возможность доступна только для зарегистрированных пользователей. Пожалуйста, войдите или зарегистрируйтесь. |
|
Регистрация |