• Мое избранное
Внимание! Документ утратил силу с 01.07.2021 г

Отправить по почте

Әкімшілік рәсімдер туралы Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 27 қарашадағы N 107 Заңы

Осы Заң күшін жойды 2021 жылғы 1 шілдеден бастап ҚР 29.06.2020 жылғы № 350-VI Заңына сәйкес 
Редакция 16.01.2021 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен 
Осы Заң басқару қызметiн ұйымдастыруды жетiлдiруге, мемлекеттiк органдардың iркiлiссiз жұмыс iстеуiн қамтамасыз етуге, басқарушылық шешiмдердi жедел қабылдауға, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын сақтауға, мемлекеттік мүдделердi қорғауға, мемлекеттiк қызметшiлердiң лауазымдық өкілеттікті қызметтен тыс мақсаттарда пайдалануына жол бермеуге, сондай-ақ мемлекеттік қызметтер көрсету жөніндегі қызметке жәрдемдесетiн әкiмшiлiк рәсiмдердi белгiлеуге бағытталған.
Кіріспе өзгертілді ҚР 15.04.2013 жылғы № 89-V Заңымен (08.01.2013 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 30 (отыз) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 20.04.2013 жылғы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
1-тарау. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР
1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негiзгi ұғымдар
1. Әкiмшiлiк рәсiмдер деп:
1) мемлекеттiк органдар мен лауазымды адамдардың мемлекеттiк функциялар мен лауазымдық өкiлеттiктердi жүзеге асыру кезiнде шешiмдер қабылдау мен орындау тәртiбi және оларды ресiмдеу, оның ішінде электрондық нысанда ресімдеу;
1-тармақша өзгертілді ҚР 15.04.2013 жылғы № 89-V Заңымен (08.01.2013 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 30 (отыз) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 20.04.2013 жылғы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
2) мемлекеттiк аппараттың жұмысын ұйымдастыру рәсiмi;
3) азаматтардың өз құқықтарын iске асыру жөнiндегi өтiніштерiн қарау рәсiмдерi, сондай-ақ азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерiн әкiмшiлiк қорғау рәсiмдерi;
4) экономика саласындағы шешiмдер қабылдау рәсiмдерiнiң негiзгi бастаулары ұғынылады.
1-1. Қызметтік ақпарат деп меншік иесі, иеленушісі немесе пайдаланушысы мемлекет болып табылатын, мемлекеттік функцияларды орындау кезінде жасалатын, өңделетін және берілетін ақпарат түсініледі.
1-бап 1-1-тармақпен толықтырылды ҚР 16.11.2015 жылғы № 404-V Заңына сәйкес (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 19.11.2015 жылы № 222 (28700) „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
2. Мемлекеттiк органдар деп мемлекет атынан Конституция, заңдар, өзге де нормативтік құқықтық актiлер арқылы:
1) жалпыға бiрдей мiндетті мiнез-құлық ережелерiн белгілейтiн актiлер шығару;
2) әлеуметтiк мәнi бар қоғамдық қатынастарды басқару мен реттеп отыру;
3) мемлекет белгiлеген жалпыға бiрдей мiндеттi мiнез-құлық ережелерiнiң сақталуына бақылау жасау жөнiндегі функцияларды жүзеге асыруға уәкiлеттік берiлген мемлекеттiк мекемелер ұғынылады.
2-1. Мемлекеттiк органның құзыретi деп мемлекеттiк орган қызметiнiң нысанасын айқындайтын оның белгiленген өкiлеттiктерiнiң жиынтығы ұғынылады;
1-бап 2-1-тармақпен толықтырылды ҚР 12.03.2004 жылғы № 536-II Заңына сәйкес
мемлекеттiк органның өкiлеттiктерi деп мемлекеттiк органның құқықтары мен мiндеттерi ұғынылады;
мемлекеттiк органның құқықтары деп белгiлi бiр iс-әрекеттi жасау, басқа тұлғадан (басқа тұлғалардан) белгiлi бiр мiнез-құлықты (ic-әрекеттi немесе iс-әрекет жасаудан тартынуды) талап ету мүмкiндiгi ұғынылады;
мемлекеттiк органның мiндеттемелерi деп мемлекеттiк орган орындауға мiндеттi iс-әрекет шеңберi ұғынылады;
мемлекеттiк органның мiндеттерi деп мемлекеттiк орган қызметiнiң негiзгi бағыттары ұғынылады;
мемлекеттiк органның функциялары деп мемлекеттiк органның қызметтi өз құзыреті шегiнде жүзеге асыруы ұғынылады.
Мемлекеттік органның құзыреті, өкілеттігі, функциялары мен міндеттері Конституцияда, заңдарда және Президент, Үкімет, өзінен жоғары тұрған орталық мемлекеттік орган қабылдайтын өзге де нормативтік құқықтық актілерде белгіленеді.
2-2. Тармақ алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
2-2 тармақ алынып тасталды ҚР 15.04.2013 жылғы № 89-V Заңымен (08.01.2013 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 30 (отыз) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 20.04.2013 жылғы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
2-3.Тармақ алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
2-3 тармақ алынып тасталды ҚР 15.04.2013 жылғы № 89-V Заңымен (08.01.2013 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 30 (отыз) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 20.04.2013 жылғы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
2-4. Тармақ алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
2-4-тармақ алынып тасталды ҚР 04.12.2008 жылғы № 97-IV Заңымен (27.07.2007 ж. редакцияны қараңыз)
2-5. Тармақ алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
2-5 тармақ алынып тасталды ҚР 15.04.2013 жылғы № 89-V Заңымен (08.01.2013 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 30 (отыз) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 20.04.2013 жылғы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
2-6. Мемлекеттiк қызмет көрсету регламентi – мемлекеттiк қызмет көрсету стандартының сақталуын қамтамасыз етуге қойылатын талаптарды белгiлейтiн және орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдардың, олардың ведомстволық бағыныстағы ұйымдарының, лауазымды адамдардың, сондай-ақ жеке және заңды тұлғалардың мемлекеттiк қызмет көрсету жөніндегі қызмет тәртiбiн айқындайтын нормативтiк құқықтық акт.
2-6-тармақпен толықтырылды ҚР 02.04.2010  жылғы № 263-IV Заңына сәйкес2-6-тармақ өзгертілді  ҚР 27.04.2012 жылғы № 15-V Заңымен (15.07.2011 ж. редакцияны қараңыз)
2-7. Тармақ алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
2-7 тармақ алынып тасталды ҚР 15.04.2013 № 89-V Заңына сәйкес (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік отыз күн өткен соң қолданысқа енгізіледі)
2-8. Тармақ алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
2-8 тармақ алынып тасталды ҚР 15.04.2013 жылғы № 89-V Заңымен (08.01.2013 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 30 (отыз) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 20.04.2013 жылғы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
2-9. Тармақ алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
2-9 тармақ алынып тасталды ҚР 15.04.2013 жылғы № 89-V Заңымен (08.01.2013 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 30 (отыз) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 20.04.2013 жылғы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
2-10. Тармақ алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
2-10 тармақ алынып тасталды ҚР 15.04.2013 жылғы № 89-V Заңымен (08.01.2013 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 30 (отыз) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 20.04.2013 жылғы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
Әлеуметтік маңызы бар қызметтер көрсету тізбесі мен өлшемдерін Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейді.
2-11. Мәліметтер нысаны - мемлекеттік қызметтер көрсету кезінде қойылатын талаптарға сәйкес келетіні туралы ақпаратты қамтитын, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген электрондық немесе өзге де нысандағы құжат.
2-12. Ішкі бақылау – мемлекеттік орган өз құрылымдық және аумақтық бөлімшелерінің, ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік органдар мен ұйымдардың, лауазымды адамдардың мемлекеттік орган қабылдаған шешімдерді, сондай-ақ Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын орындауына жүзеге асыратын бақылау.
1-бап 2-12-тармақпен толықтырылды ҚР 29.10.2015 жылғы № 376-V Заңына сәйкес (өзгерту қолданысқа енгізіледі 01.01.2016 жылдан бастап)
2-13. Бәсекелес орта деп квазимемлекеттік сектор субъектілерін қоспағанда, нарық субъектілері түсініледі.
1-бап 2-13-тармақпен толықтырылды ҚР 19.04.2019 жылғы № 250-VІ Заңына сәйкес (өзгерту 04.05.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
2-14. Мемлекеттік басқару жүйесін дамыту саласындағы уәкілетті орган деп орталық және (немесе) жергілікті атқарушы органдардың функцияларын бәсекелес ортаға беру бойынша басшылықты және салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган түсініледі.
1-бап 2-14-тармақпен толықтырылды ҚР 19.04.2019 жылғы № 250-VІ Заңына сәйкес (өзгерту 04.05.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
2-15. Орталық және (немесе) жергілікті атқарушы органдардың функцияларын орындаушылар (бұдан әрі – орындаушылар) деп орталық және (немесе) жергілікті атқарушы органдардың функцияларын осы Заңда белгіленген тәртіппен жүзеге асыратын кәсіпкерлік субъектілері мен олардың бірлестіктері, өзін-өзі реттейтін және үкіметтік емес ұйымдар түсініледі.
1-бап 2-15-тармақпен толықтырылды ҚР 19.04.2019 жылғы № 250-VІ Заңына сәйкес (өзгерту 04.05.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
2-16. Орталық және (немесе) жергілікті атқарушы органдардың функцияларын пайдаланушылар (бұдан әрі – пайдаланушылар) деп жеке және заңды тұлғалар түсініледі.
1-бап 2-16-тармақпен толықтырылды ҚР 19.04.2019 жылғы № 250-VІ Заңына сәйкес (өзгерту 04.05.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
2-17. Орталық және (немесе) жергілікті атқарушы органдар функцияларының аутсорсингі (бұдан әрі – аутсорсинг) деп орталық және (немесе) жергілікті атқарушы органдардың функцияларын шарттар жасасу арқылы жүзеге асыру үшін оларды бәсекелес ортаға беру түсініледі.
1-бап 2-17-тармақпен толықтырылды ҚР 19.04.2019 жылғы № 250-VІ Заңына сәйкес (өзгерту 04.05.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
2-18. Орталық және (немесе) жергілікті атқарушы органдардың берілген функцияларының мониторингі (бұдан әрі – мониторинг) деп орталық және (немесе) жергілікті атқарушы органдардың бәсекелес ортаға берілген функцияларын жүзеге асыру жөніндегі деректерді жүйелі түрде және үздіксіз жинауға, өңдеуге, талдауға және бағалауға бағытталған іс-шаралар жиынтығы түсініледі.
1-бап 2-18-тармақпен толықтырылды ҚР 19.04.2019 жылғы № 250-VІ Заңына сәйкес (өзгерту 04.05.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
2-19. Мүдделі тұлғалар деп құқықтары мен міндеттері осы Заңда қозғалатын және орталық және (немесе) жергілікті атқарушы органдардың пікірі бойынша олардың функцияларын бәсекелес ортаға беру мәселелері бойынша жәрдем көрсете алатын кәсіпкерлік субъектілері мен олардың бірлестіктері, өзін-өзі реттейтін және үкіметтік емес ұйымдар түсініледі.
1-бап 2-19-тармақпен толықтырылды ҚР 19.04.2019 жылғы № 250-VІ Заңына сәйкес (өзгерту 04.05.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
2-20. Орталық және (немесе) жергілікті атқарушы органдардың функцияларын толық беру деп орталық және (немесе) жергілікті атқарушы органдардың құзыретінен функцияларды алып тастау және олардың жүзеге асырылуын міндетті мүшелікке (қатысуға) негізделген өзін-өзі реттеу арқылы немесе пайдаланушылар есебінен бәсекелес ортаға беру түсініледі.
1-бап 2-20-тармақпен толықтырылды ҚР 19.04.2019 жылғы № 250-VІ Заңына сәйкес (өзгерту 04.05.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Орталық және (немесе) жергілікті атқарушы органдардың функцияларын ішінара беру деп орталық және (немесе) жергілікті атқарушы органдардың функцияларын аутсорсинг, мемлекеттік тапсырма және (немесе) мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс арқылы жүзеге асыру түсініледі. Бұл ретте, функция орталық және (немесе) жергілікті атқарушы органдардың құзыретінен алып тасталмайды.
2-20-тармақ екінші бөлікпен толықтырылды ҚР 25.11.2019 жылғы № 272-VІ Заңына сәйкес (өзгерту 08.12.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
2-21. Оңтайландыру деп орталық және (немесе) жергілікті атқарушы органдардың штат санын қысқартуға, шығыстарын қысқартуға және (немесе) қайта бөлуге бағытталған, оның ішінде функцияларын бәсекелес ортаға беруге байланысты шаралар кешені түсініледі.
1-бап 2-21-тармақпен толықтырылды ҚР 19.04.2019 жылғы № 250-VІ Заңына сәйкес (өзгерту 04.05.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
3. Лауазымды адамдар деп осы Заңда мемлекеттiк функцияларды (өкiмет өкiлiнiң функцияларын) тұрақты, уақытша немесе арнайы өкiлеттiк бойынша жүзеге асыратын не мемлекеттiк органдарда ұйымдастырушылық-өкiмдiк немесе әкiмшілiк-шаруашылық функцияларын орындайтын адамдар ұғынылады.
Конституцияның, заңдардың және өзге де нормативтiк құқықтық актiлердiң талаптарына байланысты лауазымды адамдар өздерiне жүктелген функцияларды:
1) жеке-дара өкiм жүргiзу тәртiбiмен мемлекеттiң нақты лауазымды адамының атынан;
2) нақты мемлекеттiк органда шешiмдер қабылдаудың заңдарда көзделген тәртiбiне байланысты жеке-дара өкiм жүргiзу тәртiбiмен не алқалық тәртiппен нақты мемлекеттiк органның және оның құрылымдық бөлiмшелерiнiң атынан жүзеге асыра алады.
4. Тармақ алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
4-тармақ алынып тасталды ҚР 16.05.2014 жылғы № 203-V Заңымен (03.07.2013 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін 6 (алты) ай өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 20.05.2014 жылы № 97 (28321) „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
5. Тармақ алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
5-тармақ алынып тасталды ҚР 16.05.2014 жылғы № 203-V Заңымен (03.07.2013 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін 6 (алты) ай өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 20.05.2014 жылы № 97 (28321) „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
5-тармақ өзгертілді ҚР 29.09.2014 жылғы № 239-V Заңымен (16.05.2014 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 02.10.2014 жылы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды